Windows 98


WINDOWS жүйесіндегі жұмыс істеу негіздері

Windows туралы жалпы мағлұматтар

Бұрынғы компьютерлерде кең тараған MS-DOS операциялық жүйесі болатын. MS-DOS операциялық жүйесінің бір адамның жұмыс істеуіне арналғанын және бір мезетте тек бір мақсатты ғана шешетінін, оның үстіне MS-DOS операциялық жүйесі компьютердің тек 640 Кб жедел жадын ғана пайдалана алатынын білетін боларсыздар.

Әрине, MS-DOS операциялық жүйесі соңғы версиялары қолданбалы программаларға 1 Мб-тан артық жедел жадын қолдану және программалардың бірінен екіншісіне ауысу мүмкіндігін беретін, кейініректе шыққан сервистік программалармен толықтырылған болатын.

Адам мен компьютер арасындағы байланысты ұйымдастырушы қызметін, яғни пайдаланылатын негізгі интерфейс рөлін MS-DOS жүйесінде командалық жол атқарады. Бұл жол арқылы MS-DOS жүйесі мен адам арасындағы сұқбат ыңғайсыз жүргізіледі, ЭЕМ-ді басқаруға арналған қажет жүзден аса командалар пернелерден енгізіліп барып орындалады. Командаларды жазу тәртібі өте күрделі деуге болады, кейде бір команданы орындау үшін ондаған символдарды теруге тура келеді. Осы операциялық жүйемен негізінен тек маман пограммалаушылар ғана тікелей жұмыс істейді де, көптеген адамдар ондай дәрежеге көтеріле алмайды.

Осыдан барып, адам мен операциялық жүйе арасындағы байланысты жеңілдету үшін әртүрлі жүйелік қоршаулар қарастырыла бастады. Бірақ олар негізінен мәтіндік режимде (ең кең таралғандарының бірі - Norton Commander) жұмыс істейтін еді. Бұларда бір-екі пернені қатар басу арқылы күрделі де қиын командаларды термей-ақ, тікелей орындау жүзеге асырылды.

Жүйелік программалық қоршаулар негізінен компьютердің файлдық жүйесімен жұмыс істеуді жеңілдетті, яғни қажет информацияны жылдам әрі жеңіл тауып, оның мазмұнын қарауға және онымен жұмыс істеуге өз септігін тигізді.

DEC фирмасы кмпьютерлерінің операциялық жүйесі ретінде UNIX қолданылды, олар үлкен және орташа ЭЕМ-дерде жұмыс істеген болатын. UNIX операциялық жүйесінің MS-DOS жүйесінен негізгі артықшылығы - оның бір мезетте бірнеше мақсатты шешу мүмкіндігі, яғни бірнеше программаларды параллель орындау қасиеті.

80-ші жылдардың ортасында MS-DOS - тың мұндай кемшілігінен арылу үшін, Microsoft фирмасы IBM тәрізді компьютерлерге арналған көп мақсатты операциялық жүйелер даярлау жұмысын қолға алды, солардың бірі WINDOWS жүйесі болатын. Алайда, осы уақытқа дейін олардың онша көп таралмауын дербес компьютерлердің есептеу мүмкіндіктерінің төмендігімен түсіндіруге болады.

80386 сериялы микропроцессорлардың пайда болуымен қатар іске қосыла бастаған WINDOWS графикалық ортасының жаңа версиясы Windows 3. 1 бірте - бірте бұрынғы мәтіндік пограммалық қоршауларды қатардан ығыстырып шығара бастады. 80486 сериялы процессорлардың шығуына байланысты дербес компьютерлердің көптеген жаңа түрлеріне графикалық мүмкіндігі мол Windows 3. 1 немесе одан кейінгі Windows 3. 11 версиялы MS-DOS операциялық жүйесі тағайындала бастады.

Microsoft корпорациясының ОС даярлау жолындағы келесі елеулі қадамы болып ондағы графикалық интерфейс қондырма прграмма күйінде емес, сол жүйенің ажырамас бөлігі болатын операциялық жүйені даярлау болып саналады. Осылайша Windows 95, Windows 98 және Windows NT операциялық жүйелері пайда болды. Windows 95 жүйесінің, сондай-ақ Windows NT жүйесінің соңғы версияларының графиктік интерфейс стандарттары Windows 3. 1 жүйесінің стандартынан өзгеше түрге енді, бірақ негізгі идеологиясы бұрынғыша сақталған болатын. Windows 3. 1-ден Windows 95-ке өту әрине MS-DOS-тан бірден Windows 95-ке өтуге қарағанда біршама жеңіл екені түсінікті.

Қазіргі операциялық жүйелердің адамға беретін жеңілдіктері MS-DOS жүйесінің мүмкіндіктеріне қарағанда өте жоғары, ал графиктік интерфейс солардың тек бір қыры ғана.

Бұдан былай WINDOWS жүйесі деген сөзді Windows 3. 1x (кез келген сан) және Windows 95, Windows 98 операциялық жүйелері деп ұққан жөн.

WINDOWS жүйесінің негізгі функциялары

Кез келген операциялық жүйе сияқты WINDOWS мынадай мәселелердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:

  • компьютердің барлық аппараттық құрал-жабдықтарын басқару;
  • файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;
  • қолданбалы программаларды іске қосу. Бұған қосаWINDOWSжүйесі:
  • бір уақытта бірнеше программалардың жұмы істеуін;
  • әртүрлі программалар арасында мәліметтермен алмасуды;
  • масштабталатын қаріптерді қолдауды;
  • мультимедия мүмкіндіктерін пайдалануды;
  • біріңғай анықтамалық жүйе жұмысын қолдануды қамтамасыз ете алады.

BIOS деңгейінде Plug and Play-ді қолдау

Plug and Play (PnP) компьютердің аппараттық жүйесін ең қарапайым тәсілмен құрастыруын қамтамасыз етеді. PnP ерекше жаңалық болып табылмайды. Аппараттық жүйені қолдайтын Plug and Play, алдындағы версияларға қарағанда Windows 98 осы мүмкіндіктерді шынында да жақсы қолданылатын бірден-бір мүмкіндік болып табылады.

Өткенді еске түсірейік. PnP - дің қажеттілігі үшін, ең бірінші микроканалды архитектуралы компьютерде (Microchannel architecture - MCA) операциялық жүйеден басқаның барлығы болды. Дәл осы сияқты EISA машиналары туралы да айтуға болады.

Операциялық жүйенің міндеттері кейбір қарапайым емес мүмкіндіктерді қосумен болды. Осыны операциялық жүйенің әрбір элементтеріне қосу қажет болды; мұндай мүмкіндіктерді сапасы төмен болатындай етіп енгізуге болмайды. Сол сияқты, құрылымдардың арасында пайда болған конфликтерді шешу үшін белгілі бір портты кіргізу/шығару немесе үзілу жарыспалы процедуралары қажет болды. BIOS жүйесі стандартты интерфейсті қамтамасыз ету керек; бұрынырақ стандарттан басқа барлығы ұсынылған.

Өзара үш жүйелі компонентттердің бір-бірімен қарым-қатынастарының шешімі PnP болды: аппаратпен қамтамасыз ету, BIOS және операциялық жүйе. BIOS - ты жүктеу кезінде барлық жүйелік компоненттері қатты диск пен дисплей адаптер жұмысын тездетуді сұрайды. Қалғандары операциялық жүйе жүктелгенше шетте қалады. Жүктеу процессінде операциялық жүйе тапсырма бойынша әрбір жүйелік компоненттер үшін порт адрестерін кіргізу/шығару және үзілу жұмысын аяқтайды. Сол сияқты BIOS - тан жоғарыда көрсетілген тізімдерді сұрайды, осылай операциялық жүйе тапсырманы қайта қолданбайды.

EISA BIOS және MCA BIOS операциялық жүйемен қарым-қатынас жасауға арналмаған. Сол себептен PnP BIOS қажеттілігі пайда болды. Бұл жүйе тек Microsoft-тың ғана емес, сол сияқты Compaq Computer Corporation, Phoenix Technologies Ltd. және Intel Corporation компанияларының қатысуымен пайда болды.

Операциялық жүйемен қарым-қатынастан басқа, PnP BIOS, EISA BIOS және MCA BIOS - та жоқ, ең маңызды режимді қорғайтын процедуралармен қамтамасыз етеді. BIOS - тың ағымдық қажеттіліктері: қорғау режимінде орындалатын 16-разрядтық процедуралармен қамтамасыз етуді ғана талап етеді.

Сол себепті Windows 98 32-разрядтық режимде емес, 16-разрядтық режимде жүктеледі. Себебі, нақты режимдегі MS DOS қолдауы жеке құрылымға бөлінді. Нақты режимде MS DOS версиясы мен Windows 98, AUTOEXEC. BAT және CONFIG. SYS файлдарын орындайды. Нақты режимде жұмыс істеу үшін, BIOS - қа алдын ала жиналған ақпарат қажет. Онсыз қорғау режимінің процедураларын қолдануға болмайды.

Windows реестрі

Іске жарамды реестрсіз Windows 98 жүктеле алмайды. Кез келген реестр файлының ақаулығы көптеген қолайсыздықты туғызады, Windows 98 жүктеле берсе де. Windows реестрі INI - файлына қарағанда қарапайымдау болса да, ол система туралы информациямен орталық қойманы қамтамасыз етуді, осының өзі қиындықтар туғызады.

Егер реестрді ұқыптырақ қарастырсақ, Windows жүйесінің бір бірімен қарым-қатынасының толық түсініктемесі және компьютердің аппараттық жабдықтарымен қамтамасыз ететіндігін көреміз. Windows реестрі аппараттық түзету мен программамен қамтамасыз етуден басқа, компьютер туралы кез келген информацияны сақтайды. Windows туралы көп нәрсені берілген базадағы информацияға жай қарау арқылы білуге болады. Мысалы, сіз Windows 98-де бірнеше жұмыс столын қолдануға болатындығын білесіз бе? Әрине бұл басқа да қолайсыздықтарға әкеледі: осы жекеленген жұмыс столдарын қолдайды. Реестр редакторындағы форматта көрсетілген реестр администраторға жұмыс столындағы түзетулер арасындағы айырмашылықты анықтау және оларды жөндеуге мүмкіндік береді. Реестрді түзету үшін ең жақсысы мәтіндік редакторды қолдануды қажет етпейді. Администратор реестрде сақталатын түзетулерді өзгерту үшін, Windows арнайы графикалық интерфейс редакторын иемденеді.

Windows реестрі көп информацияны сақтайды және оны жай түзету қолданушыға қажетсіз. Қатты дисктің құрамын қарау үшін проводник (Explorer) жиі қолдана ма? Мен оны жиі қолданамын, себебі ол арқылы ең қажетті информацияны ең қарапайым тәсілмен табуға болады. Реестр Explorer-ді қолайлы қолдануға көмектеседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Wіndows 98 операциялық жүйесі туралы ақпарат
WІNDOWS 98 жүйесінің негізгі функциялары
Операциялық жүйелер, оның дамуы және түрлері туралы ақпарат
Программаны қосу және жою
Windows 2000 файлдық жүйесіне шолу
Windows 95, Windows 98, Windows 2000 тарихы
Windows 95/98 бен Windows 2000 — ды салыстыру
Операциялық жүйелердің көбісінде
Windows жүйесінің негізгі ұғымдары
Windows 2000
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz