Еңбекақы түрлері



1. Еңбекақы түрлері
2. Уақытша еңбекке жарамсыз бойынша жәрдемақы
3. Түнгі уақыттағы жұмыс және оның еңбекақысы
4. Демалыс пен мереке күндеріндегі жұмыс және оның еңбекақысы
5. Мереке күндеріндегі еңбекақы
6. Мезгілден тыс жұмыс және оның еңбекақысы
7. Бос тұрып қалу уақытының төлемақысы
8. Еңбекақыға қосымша және үстеме ақы түрлері
9. Кәсіпорын жұмысшыларына сыйлыақы төлеу
10. Қосымша жалақы бойынша есептеуді ұйымдастыру
11. Еңбекақы төлемі.
Еңбекақы негізгі және қосымша болып бөлінеді:
Негізгі еңбекақы бойынша есептеуді ұйымдастыру

Негізгі еңбекақы – бұл қызметкерлерге нақты жұмыс істеген уақыты, орындаған жұмысының немесе өндірген өнімінің саны мен сапасы үшін белгіленген бағалау немесе қызметақы бойынша есептелетін еңбекақы.
Негізгі еңбекақы құрамына мыналар кіреді:
- жұмыс істелген уақыт үшін тарифтік мөлшерлеме, қызметақы, кесімді бағалау бойынша немесе орташа еңбекақы бойынша есептелетін еңбекақы;
- еңбек сіңірген жылдары үшін үстеме ақы;
- жұмыс жағдайының өзгеруіне байланысты кесімді еңбекақыдағыларға қосымша ақы (материалдардың сәйкессіздігі, аспаптар мен жабдықтардың бейімсіздігі, жұмыспен өтеудің қиындықтары (сложности отработки);
- үдемелі бағалау бойынша кесімді еңбекақыдағыларға қосымша ақы;
- кәсіпорын жүйесіндегі ұдайы қолданыс тәртібімен бекітілген ақшалай және заттай сыйлықтар, сыйлықақылы үстемелер;
- мезгілден тыс жұмыс үшін қосымша ақы;
- түнгі уақыттағы жұмыс үшін қосымша ақы;
- жұмысшының кінәсінен болмайтын жұмыссыз бос тұрып қалған уақытқа төлемақы;

Мерзімдік еңбекақыда жұмыс істеуші тұлғаға бір айдағы барлық жұмыс күндерін істегені үшін толық төленетін қызметақы тағайындалады; егер жұмыс күндерін толық істемесе, оған еңбекақы нақты істеген уақыты бойынша төленеді. Бұл жүйе негізінде қызметкерлердің еңбекақысында қолданылады.
Назарова В.Л. Бухгалтерлік есеп ( оқулық)
Темірбекова А.Б Экономикалық теория

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

1. Еңбекақы түрлері
2. Уақытша еңбекке жарамсыз бойынша жәрдемақы
3. Түнгі уақыттағы жұмыс және оның еңбекақысы
4. Демалыс пен мереке күндеріндегі жұмыс және оның еңбекақысы
5. Мереке күндеріндегі еңбекақы
6. Мезгілден тыс жұмыс және оның еңбекақысы
7. Бос тұрып қалу уақытының төлемақысы
8. Еңбекақыға қосымша және үстеме ақы түрлері
9. Кәсіпорын жұмысшыларына сыйлыақы төлеу
10. Қосымша жалақы бойынша есептеуді ұйымдастыру
11. Еңбекақы төлемі.

Есептеу және еңбекақы төлеу есебі
Еңбекақы негізгі және қосымша болып бөлінеді:
Негізгі еңбекақы бойынша есептеуді ұйымдастыру

Негізгі еңбекақы – бұл қызметкерлерге нақты жұмыс істеген уақыты,
орындаған жұмысының немесе өндірген өнімінің саны мен сапасы үшін
белгіленген бағалау немесе қызметақы бойынша есептелетін еңбекақы.
Негізгі еңбекақы құрамына мыналар кіреді:
- жұмыс істелген уақыт үшін тарифтік мөлшерлеме, қызметақы, кесімді
бағалау бойынша немесе орташа еңбекақы бойынша есептелетін
еңбекақы;
- еңбек сіңірген жылдары үшін үстеме ақы;
- жұмыс жағдайының өзгеруіне байланысты кесімді еңбекақыдағыларға
қосымша ақы (материалдардың сәйкессіздігі, аспаптар мен
жабдықтардың бейімсіздігі, жұмыспен өтеудің қиындықтары (сложности
отработки);
- үдемелі бағалау бойынша кесімді еңбекақыдағыларға қосымша ақы;
- кәсіпорын жүйесіндегі ұдайы қолданыс тәртібімен бекітілген ақшалай
және заттай сыйлықтар, сыйлықақылы үстемелер;
- мезгілден тыс жұмыс үшін қосымша ақы;
- түнгі уақыттағы жұмыс үшін қосымша ақы;
- жұмысшының кінәсінен болмайтын жұмыссыз бос тұрып қалған уақытқа
төлемақы;

Мерзімдік еңбекақыда жұмыс істеуші тұлғаға бір айдағы барлық жұмыс
күндерін істегені үшін толық төленетін қызметақы тағайындалады; егер жұмыс
күндерін толық істемесе, оған еңбекақы нақты істеген уақыты бойынша
төленеді. Бұл жүйе негізінде қызметкерлердің еңбекақысында қолданылады.
Егер мезгілдік еңбекақыдағы жұмысшы техникалық процеске қатыспаса
немесе жабдықты жөндеумен айналысса, оның еңбегі кесімді еңбекақыдағы
жұмысшылардың тарифтік мөлшерлемесі бойынша төленуі мүмкін.
Өнеркәсіптерде еңбектің саны мен сапасы ескерілетін мерзімдік-
сыйақылық еңбекақы жүйесі кеңінен тараған. Бұл жүйені қолдану барысында
жұмысшының жауапкершілігі мен жеке материалдық мүдделігі артады. Жұмысшыға
сыйлықақы уақытты үнемдегені үшін, жұмысшылардың және жабдықтардың жұмыс
істемей бос тұрып қалғанын азайтқаны және жойғаны үшін, машиналарды,
агрегаттарды, цехтарды апатқа ұрындырмағаны үшін, материалдарды үнемдегені
үшін беріледі. Сыйлық пен сыйлықақы көлемі кәсіпорындарда әзірленген
сыйлықақы беру туралы Ережемен анықталады.
Сондай-ақ, бұл жүйеде жұмысшыларға нақты істеген уақыты үшін жай
мерзімдік еңбекақы төленеді. Алайда, жұмысшыларға нақты істеген уақыттары
үшін есептелетін еңбекақыларына процентінде белгіленетін қосымша сыйлықақы
беріледі.
Сыйлықақы көлемі жұмыстың маңыздылығы мен күрделілігіне қарай
жұмысшылардың сараланған мамагндықтары мен топтары бойынша белгіленеді.

Тікелей кесімді еңбекақы жүйесінде жалақы дайындалатын өнімнің кез
келген санына белгіленген кесімді баға бойынша орындалған жұмыс үшін
есептеледі. Еңбекақы жұмысшының дайындаған өнім санына арналған белгіленген
бағаларға көбейту жолымен анықталады. Сонымен бірге еңбекақы әрбір
өндірілген бұйым бірлігі үшін бір ғана сол боғалау бойынша төленеді.

Сыйлықақы кесімді еңбекақы жүйесінде жұмысшының жалақысы нақты
өнімділік үшін есептелетін негізгі кесімді бағалау бойынша еңбекақыдан
құралады және белгіленген сыйлықақы көрсеткіштерін (өндірістік жоспарды,
нормаланған тапсырманы және өнімділік нормиасын орындау және асыра орындау;
өнімнің сапасын көтеру; шикізатты, отынды, энергияны, материалды үнемдеу;
жабдықтау жұмысының технологиялық тәртіптемесін сақтағаны үшін есептелетін
сыйлықақы төленеді.

Үдемелі-кесімді еңбекақыда жалақы өнімдердің жоспарлы саны үшін –
тікелей кесімді бағалау бойынша емес, өнімді нормадан тыс өндіргені үшін –
үдемелі өсу бағасы бойынша есептеледі.

Жанама-кесімді еңбекақыда қосалқы және басқа өндірістегі жұмысшылардың
еңбекақы көлемі олардың негізгі өндіріс жұмысшыларына қызмет етудегі
жұмысқа жанама әсерін тигізетін еңбек нәтижесіне байланысты есептеледі.

Көтеріңкі еңбекақы жүйесі әр түрлі мамандықтағы жұмысшылардан
құралатын бригаданың жөндеу және басқа жұмыстарды орындау барысында
қолданылады. Бұл жүйеде жалақы алдын ала белгіленген нормаланған тапсырма
бойынша барлық жұмыс көлемінің орындалуымен анықталады. Еңбекақы жұмыстың
ең жоғары мерзімде орындалуы қоса көрсетілетін түпкілікті өнімнің өлшеу
бірлігіндегі белгіленген бағалау бойынша барлық жұмыс көлемі үшін
жүргізіледі. Бухгалтерия нақты еңбекақыны жұмыс істелген әрбір уақыт
ішіндегі сағат санына және жұмысшылардың разрядына сәйкес бригада
мүшелеріне бөледі. Бұл жағдайда сыйлықақы сапаны сақтау барысындағы жұмысты
орындау уақытын қысқарту үшін жүргізіледі. Көтеріңкі еңбекақы жүйесі
материалдық мүдделілікті тудыру және жұмысты орындау мерзімін қысқарту
мақсатында жеке жұмысшылар тобына енгізілуі керек. Көтеріңкі еңбекақы
жүктеліммен (нарядпен) ресімделеді. Бригада мүшелерінің өтініші бойынша
көтеріңкі еңбекақы оларға тең бөлінуі мүмкін.

Уақытша еңбекке жарамсыз бойынша жәрдемақы
Уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы жалпы
ауруларға (сынық, жүктілікті жасанды жолмен тоқтату, туберкулез ауруына
немесе кәсіби сырқатқа байланысты басқа жұмысқа уақытша ауыстырудағы
карантин) байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық жағдайында және заңда
қарастырылған басқа жағдайларда тағайындалады және төленеді.
Жүктілік және туу бойынша әлеуметтік жәрдемақы, сондай-ақ нәрестені
перзентханадан тікелей асырап алған әйелге (еркекке) әлеуметтік жәрдемақы
жүктілік және туу бойынша барлық демалыс уақытына тағайындалады. Сонымен
қатар нәрестені асырап алған күннен басталатын демалысқа да әлеуметтік
жәрдемақы тағайындалады және бала туған күннен 56 күн өткенше орташа бір
айлық еңбекақы есебінен (бір айлық есеп көрсеткішінің он есе шамасынан көп
болмауы керек) жәрдемақы беріледі.
Егер уақытша еңбекақы жарамсыздық еңбек жарақатымен немесе кәсіби
аурумен байланысты болса, онда әлеуметтік жәрдемақыны жұмыс беруші еңбекке
жарамсыз боп қалған бірінші күннен бастап жұмысқа шыққанша немесе
мүгедектігі белгіленген 100% орташа еңбекақы көлемінде төлейді.

Түнгі уақыттағы жұмыс және оның еңбекақысы
Қазақстан Республикасы Еңбек туралы Заңының 48, 73-баптарына сәйкес
сағат 22-ден сағат таңғы 6-ға дейінгі уақыт түнгі уақыт болып табылады.
Аяғы ауыр (жүкті) әйелдер түнгі уақыттағы жұмысқа тек олардың келісімімен
ғана жіберіледі.
Түнгі уақыттағы жұмысқа он сегіз жастан кіші тұлғалар және медициналық
анықтамасында түнгі уақытта жұмыс істеуге тыйым салынған кейбір тұлғалар
жіберілмейді.
Түнгі жұмыс уақытындағы әр сағат үшін бір жарым мөлшерден кем
төленбеуі керек.

Демалыс пен мереке күндеріндегі жұмыс және оның еңбекақысы
Қазақстан Республикасы Еңбек туралы Заңының 56,57,58,59-баптарына
сәйкес:
- қызметкерлерге демалыс күндері (апта сайын үзіліссіз демалыс
уақыты) беріледі;
- бес күндік жұмыс аптасында қызметкерлерге аптасына демалуға екі күн
беріледі, ал алты күндік жұмыс аптасына – бір күн;
- жексенбі жалпы демалыс күні болып табылады. Бес күндік жұмыс
аптасының екінші демалыс күні жұмыс берушінің актісінде немесе
жұмыс кестесінде бекітіледі. Екі демалыс күні, тәртіп бойынша,
қатар беріледі;
- жұмыс күндері мереке күндерімен қатар келген жағдайда және жұмыс
уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі
демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыра алады;
Қазақстан Республикасы Еңбек туралы Заңының 73-бабына сәйкес мереке
және демалыс күндерінде істелген жұмыстың еңбекақысы әдеттегі жұмыс күнінің
еңбекақысы мөлшерінен екі есе жоғары болуы керек.
Мереке және демалыс күндерінде жұмыс істеген жұмысшы өтемақыны
қосымша демалыс күнімен ауыстыра алады. Яғни, өтемақыны алмай, жұмыс
уақытында сол өтемақы мөлшеріндегі еңбекақы есебінен демалыс алуы мүмкін.

Мереке күндеріндегі еңбекақы барлық қызметкерлерге мереке күндеріндегі
істеген сағаттарына қарай төленеді. Жұмыс ауысым сағаты мереке күндеріне
дәл келсе, мереке күндерінде істелінген сағаттарға екі есе мөлшерде
төленеді (0-ден 24 сағатқа дейін).
Бөлімше басшысының еңбекақы мәселесін қарастырғанда демалыс
күндерінде мыналарды есте ұстауы аса қажет: бастық өзінің қызмет міндетіне
сәйкес жұмыстың ұйымдастырылуы мен оған сеніп тапсырылған бөлімшенің қызмет
етуіне толық жауапты. Оған әдеттегіше нормадан тыс жұмыс күні белгіленеді
және оған басқалардан гөрі көп еңбектенгені үшін айлығы жоғары қызметақы
төленеді.
Түнгі уақыттағы жұмыс, мезгілден тыс жұмыс, демалыс және мереке
күндеріндегі жұмыс үшін өтемақы төлеу Қазақстан Республикасы Еңбек туралы
Заңының 73-бабында рет-ретімен баяндалған және қосымша ақы түрінде нақты
істелген ауқыт үшлін мына мөлшерде төленеді:
- мезгілден тыс, түнгі жұмыс уақыты ( сағат 22-ден 6-ға дейін) -
әрбір жұмыс сағаты үшін бір жарым күндік еңбекақы мөлшерінен кем
болмауы керек;
- демалыс және мерекелік жұмыс уақыты - әдеттегі еңбекақының екі есе
мөлшерінен кем болмауы керек;

Мезгілден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбекақыдан ұсталымдар мен аударымдар есебі
Еңбекақы формалары
Жұмыскерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі
Еңбекақы бойынша есеп айырысулар аудиті
Еңбекақы төлеу. Еңбекақы есебі
«Шымкент май» ақ еңбек ақы бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру ерекшеліктері мен оны хқес -на сай жүргізу
Қазақстан Республикасында еңбекақы төлеуді ұйымдастыру
ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жалақыны мөлшерлеу, оны анықтау тәртібі
МЗЖ есептеуде кірістерді анықтау
Пәндер