Мемлекеттік қызметтің түсінігі


Жоспар:
- Мемлекет қызмет түсінігі мен түрлері
- ҚР-да мемлекеттік қызметті реттеу
- Мемлекеттік қызметшілердің түсінігі мен түрлері
- Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық мәртебесі
- Бос әкімшілік лауазымдардың алу тәртібі
- Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің аттестация өту тәртібі
- Саяси және әкімшілік мемлекет қызметкерлерін жауаптылыққа тарту тәртібі
Мемлекеттік қызмет түсінігі
Кеңес өкіметінде мемлекеттік қызметке арнайы арналған заңнама болмады. Ол кезде мемлекеттік қызмет адамдардың еңбек ету қызметі нысандарының бірі ретінде түсінілді, оның ерекшелігі тікелей қол еңбегімен материалдық құндылықтар жасау немесе қандай да бір өндірістік - шаруашылық қызмет көрсету емес, әкімшілік, әлеуметтік - мәдени және тәрбиелеу функцияларын жүзеге асыру болып саналды.
Мемлекеттік қызмет осындай кең мағыналы ұғымында кез келген мемлекеттік ұйымдағы, яғни тек қана мемлекеттік кәсіпорындардағы да, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердегі де жұмыс түсінілді. Егер нақты бір адам мемлекет құрған лауазымға орналасқан болса, ол мемлекеттік қызметшілер қатарына жататын болды.
Қандай да болмасын бір қызметкерді мемлекеттік қызметшілер қатарына жатқызудың ең маңызды белгісі оған еңбек ақы төлеудің көзі болды мемлекеттік қызмет өзінің барлық көрінісінде мемлекеттік бюджет қаржысының есебінен қамтамасыз етілді.
Мемлекеттік қызметті соншалықты кең ұғынумен қатар оны тар мағынада түсіну де болды. Соған сәйкес мемлекеттік қызмет болып қандай да бір мемлекеттік ұйымда кез келген өндірістік емес функцияларды орындау емес, тек мемлекеттік органдардың аппаратында, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемклер әкімшілігінің құрамына кіретін адамдардың қызметі танылатын. Мемлекеттік басқару аясына орай мемлекеттік қызмет деп мемлекеттік ұйымдардың әкімшілік-басқару қызметін атқаратын қызметкерлердің, яғни атқарушы-өкім етушілік сипаты бар функцияларды жүзеге асыру процесіне қандай да бір нысанда тікелей қатысушылары болатын адамдардың қызметі саналды.
Әкімшілік басқарушы адамдар тобын құрайтын мемлекеттік қызметшілердің қызметі әкімшілік құқықтың нормаларымен реттелінді, ал мемлекеттік қызметшілердің басқа санаттарының қызметі, яғни жұмысшылардың жұмысы сияқты көбінесе еңбек құқығы нормаларының реттейтін объектісі болды.
1995 жылға дейін жағдай осылай болды. 1995 жылы 26 желтоқсанда қР-сы Президентінің «Мемлекеттік қызмет туралы» заң күші бар жарлығы шықты - бұ л шындығында мемлекеттік қызметке арнайы арналған бірінші нормативтік құқықтық акт еді. Ол қазіргі кездегі қолданыстағы 1999жылы 23 шілдеде қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы» заңмен және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдармен одан әрі дамытылып, ауыстырылды.
Мемлекеттік қызметтің маңыздылығы мемлекеттің шешетін барлық мәселелерінің ішінде кадрлар, ең алдымен басшылар туралы мәселе негізгі болып табылатындығымен айқындалады.
ҚР-да мемлекеттік қызметті реттеу
Мемлекеттік қызметті құқықтық реттеуде ҚР-ң Конституциясы маңызды рөл атқарды. Онда мемлекеттік басшы лауазымдарға адамдарды қызметке тағайындау сайлау және қызметтен босату туралы Президенттің, Парламенттің, оның палаталарының және Үкіметтің құзыреттері белгіленген.
«Мемлекеттік қызмет туралы» заң мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың құықытық негіздерін, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайының негіздерін және мемлекеттік қызметті өткерудің тәртібін белгілейді. Заңның негізгі мақсаты - мемлекеттік қызметтің бірыңғай жалпы мемлекеттік құқықтық негізін жасау, оған кәсібилік сипат беру. Заң төрешілдікпен, сыбайлас жемқорлықпен, төрешілдік зорлық-зомбылықпен, жеке адамға берілгендік принципі бойынша кадр іріктеп алу практикасымен күресу үшін құқықтық негіді дамытуға мүмкіндік туғызады.
Заңда көп жаңа маңызды ұғымдар бар : мемлекеттік лауазым, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметші, біліктілік дәреже деген не екендігі және басқалар туралы.
Мемлекетік қызметтің көптеген мәселелері тәртіптік жарғылармен және ережелермен, нақтылы органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелермен, Үкіметтің, министрліктер мен агенттіктердің өзге де нормативтік актілермен реттелінеді.
Жеклеген мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерін реттейтін бірнеше заңдар бар. Оларға, мысалы, «ҚР-ң ішкі істер органдары туралы» 1995 жылығ 21 желтоқсандағы, «Авариялық құтқару және құтқарушылардың мәртебесі туралы» 1997жылы 27 наурызыедағы, «ҚР-Ң дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурызындағы, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі, т. б. Заңдар жатады.
Мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі мен түрлері
«Мемлекеттік қызмет туралы» заң бойынша мемлекеттік қызметші болып мемлекеттік органда заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджетттен не ҚР-сы Ұлттық Банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын ҚР-ның азаматы болып табылады.
Мемлекеттік қызметшілер лауазымына және құқықтық жағдайына қарай екі топқа: мемлееттік саяси қызметшілерге және мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бөлінеді. Мемлекеттік саяси қызметші-тағайындалуы, босатылуы және қызметі саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін беретін мемлекеттік қызметші. Мемлекеттік әкімшілік қызметші - мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші.
Техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін адамдар мемлекеттік қызметші болып табылмайды. Үкіметтің 1999ж. 30-желтоқсандағы қаулысымен бекітілген. Оларға мысалы, мұрағаттардың, кітапханалардың меңгерушісі, диспетчер, нұсқаушы, инспектор, комендант, лаборант, методист, машинистка, редактор, хатшы, техник, экспедитор және басқалар жатқызылған.
Бірақ мемлекеттік қызметшілердің құрамы бірыңғай емес, олардың мемлекеттік органдардың өкілеттерін іске асыру жөніндегі атқаратын қызметтері әр түрлі және олар бір-біріне ұқсас емес жағдайларда жұмыс істейді.
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі
Мемлекеттік қызметшінің әкімшілік құқықтық мәртебесі оны құрайтын мына элементтерді қамтиды: құқықтарын, негізгі міндеттерін, шектеулерді, кепілдіктерді, көтермелеуді, еңбек ақы төлеуді, зейнетақымен қамсыздандыруды, жауапкершілікті.
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары, біріншіден, оларға ҚР-ның азаматы ретінде Конституциямен және заңдармен берілген; екіншіден, олардың мемлекеттік қызметтің мемлекеттік лауазымына орналасу фактісімен туындайтын ; үшіншіден, мемлекеттік-қызметтік жұмыстың жекелеген түрлерінің ерекшеліктерімен айқындалатын құқықтық мүмкіндіктердің кешені болып табылады.
Мемлекеттік қызмет туралы заңның 8-бабында қызметшілердің едәуір көлемде қызметтік құқықтарын бекіткен. Олардың ішінде ең маңыздылары мыналар:
- өз өкілеттігі шегінде мәселерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға қатычуға, тиісті органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;
- белгіленген тәртіппен лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдар алуға;
- лауазымдық міндеттерді атқару үшін белгіленген тәртіппен ұйымдарад, олардың меншік нысанына қарамастан болуға;
- басшыдан мемлекеттік қызметшінің атқаратын лауазымына сәйкес міндеттерін және қызметтік өкілеттерінің көлемін дәлдеп белгілеуді талап етуге;
- тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлануға және біліктілігін арттыруға;
- өзінің мемлекеттік қызмет өткеруіне қатысты материалдармен кедергісіз танысуға, қажет болған жағдайда жеке түсініктеме беруге; қызметшінің пікірінше негізсіз айып тағылған жағдайда қызметтік тексеру жүргізілуін талап етуге.
Мемлекеттік қызметшінің негізгі міндеттері:
- Республиканың Конституциясы мен заңдарын сақтау;
- Азаматтар мен заңды тұлғалар құқықытарының, бостандықтарының, заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету, заңдарда белгіленген тәртіп пен мерзімде азаматтардың өтініштерін қарау, олар бойынша қажетті шаралар қолдану;
- Мемлекеттік тәртіп пен еңбек тәртібін сақтау;
- Басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкілеттігі шегінде шығарған шешімдері мен нұсқауларын орындау;
- Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтау.
Мемлекеттік қызметшілердің заңда белгіленген негізгі міндеттерінен туындайтын нақты міндеттері үлгі біліктілік талаптар негізінде айқындалады және тиісті мемлекеттік органдардың басшылары бекітетін мемлекеттік нұсқаулықтарда көрсетіледі.
Бос әкімшілік лаузымдарды алу тәртібі
Мемлкеттік әкімшілік лауазымға орналасу «Мемлекеттік қызмет туралы» заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық негізде жүзеге асырылады. Конкурс азаматтардың мемлекеттік қызметке бірдей кіру мүмкіндігінің конституциялық құқықғын қамтамасыз етеді. Бос лауазымдарға орналасудың конкурстық тәртібін енгізу мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жоғары кәсібилік корпусын құру жолындағы маңызды қадам болып табылады.
Мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуы ол тиісті бос тұрған лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сай келетін жағдайда мемлекеттік қызметшінің және уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келісімен конкурстық іріктеусіз ауыстыру тәртібімен жүзеге асыралады.
Конкурсты бос лауазымдар бар мемлекеттік орган не Президент шешімі бойынша Мемлекеттік қызмет қызмет істері жөніндегі өкілетті орган конкурс өткізу туралы мемлекеттік тілде және орыс тілінде хабарландыру жариялағаннан кейін өткізеді.
Конкурсқа жасы 18-ден төмен емес, қажетті білімі, кәсіби даярлық деңгейі бар және белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес ҚР-ның барлық азаматтары қатысуға құқықлы.
Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткердің ҚР-ның заңнамаларын білетіндігіне және логикалық ойлау қабілеттігіне әділ баға беру мақсаты үшін тестілеу өткізіледі. Оны өткізудің тәртібі ҚР-сы мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2003ж. 30-сәуірдегі бұйрығымен бекітілген Ережеде белгіленген және оның жаңа редакциясы 2005ж. 19-мпамырдағы бұйрығымен бекітілген. Тестілеуді Агенттіктің және оның аумақтық бөлімшелерінің тестілеу администраторлары өткізеді. Тестілеудің нәтижелері тиісті мемлекеттік органның конкурс комиссиясына беріледі.
Мемлекеттік органның басщысы конкурс Комиссиясының оң қорытындысын алғанг конкурсқа қатысушыны қабылдап алуға міндетті. Бқл жағдайда мемлекеттік қызметке кіру үшін заңдарда қаралған талаптар сақталуға тиіс. Мемлекеттік әкімшілік лауазымға тағайындау туралы бұйрық шығарылады. Сонда көрсетілген күннен бастап азамат мемлекеттік қызметте болып саналады.
Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің аттестация өту тәртібі
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер оқтын-оқтын аттестациялаудан өтеді. Оның мақсаты - қызметшілердің кәсіби даярлығы деңгейін, құқықтық мәдениетін және азаматтармен жұмыс істеу қабілетін айқындау болып табылады. Аттестациялау кезінде негізгі бағалау өлшеміне қызметшілердің өздеріне жүктелген міндеттерді орындау қабілеті жатады.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациялаудан жүргізудің тәртібі мен талаптары Президенттің 2000 жылғы 21 қаңтардағы Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу» ережелерімен айқындалады.
Аттестациялауға жүкті әйелдерден басқа барлық қызметшілер жатады. Қызметшілер мемлекеттік қызметте болудың әрбір кезекті 3 жыл өткен сайын алты айдың ішінде аттестациядан өтуге тиіс. Мемлекеттік қызметке тұңғыш рет немесе мемлекеттік қызмет стажындағы үзіліспен кірген қызметшілер, мемлекеттік қызметке үзіліссіз болудың 3 жылы өткен мерзімде, осы Ережелердің 4 тармағында белгіленгендей аттестациялаудан өтеді.
Аттестация комиссиясын мемлекеттік органның басшысы құрады. Аттестация комиссиясы табыс етілген материалдарды зерделеп және сынақтан өту кезінде лауазымдардың осы санаты үшін уәкілетті орган белгілеген шекті мәннен төмен емес баға алған қызметшімен әңгіме жүргізіп мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
- Атқаратын лауазымына сәйкес және жоғары санаттағы лауазымға орналасу үшін кадрлар резервіне ұсынылады;
- Атқаратын лауазымына сәйкес;
- Қайтадан аттестациялануға тиіс;
- Атқаратын лауазымына сәйкес келмейді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz