Араб-қазақ поэзияларындағы ғазал жанры


Тақырыбы: Араб әдебиетiндегi ғазал жанры және оның қазақ әдебиетiнде көрiнiс алуы.
Жоспар
- Кiрiспе. 3
- Негiзгi бөлiмАраб-қазақ поэзияларындағы ғазал жанры, олардың ұқсас жақтары мен айырмашылықтары6Ғазал жанрын жырлаған шайырлар. . 9Араб әдебиетiндегi ғазал жанрының даму кезеңдерi. 15
- Қорытынды. . 25
- Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi. . 26
Кiрiспе
Әрбiр халықтың рухани байлығы-ғасырлар бойы даму тарихында жасалған, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын мирас.
Бiздiң заманымызға дейiн дамып, кейiн басқа елдерге ықпалын тигiзген көне халықтар жасаған мәдениет ежелгi кезден басталады. Бұл тұрғыда өшпес мұра, ескiрмес өнердiң бiрi -поэзия, халық шығармашылығы. Әдебиет-халықпен үнемi бiрге жасайды.
Поэзия-адамның жан серiгi, жүрек қуаты, дертiне ем, бойына дем беретiн рухани күш. Олай болса, қайел, қандай халық болса да-өзiнiң жасаған дәуiрiнде әдебиетсiз, поэзиясыз, өнерсiз өмiр сүрген емес.
Араб, парсы, түркi әдеби тiлдерiн -деп жазады Е. Бертельс, - Орта Азияда бөлек- бөлек жасаған жоқ. Олар, керiсiнше, түркi жүйелi тiлдерге ортақ бiртұтас әдебиет жасады.
Талай ғасырлар жасап, тарих тағдырын басынан кешiрген халықтардың өсу кезеңдерi, өнегелi өнерге қол жету жолдары даңғыл соқпақ емес. Бұл орайда небiр қилы сүрлеулерден, қияли шатқалдардан өтуге тура келедi. Ел жұртымен бiрге өмiр сүрiп, олардың басына түскен ауыртпашылықтарға ортақтасып, қайғы қасiреттерiн, мұңды-сазды әуендерiмен толғап, ойнақы, ойлы термелерiмен төгiлте, төндiре айтып, тыңдаушыларын қызыққа бөлеп, қуантатын, кейде салмақты, салқын сарын мен тамаша ақыл- нақыл сөздер термелеп, үлгi- негелер ұсынатын -ақындар, ақындар поэзиясы.
Көшпендi бәдәуилер арасында өлең шығару өнерi батырлықтан кем саналмаған. Өз тайпасының, руының даңқын шығарған ақындар болғандықтан, өлең өнерiн бiлетiндерге қоғамы өз төрiнен үлкен орын берген. Бұл жағынан олар қазақ табиғатына жақын.
Әдебиет пен мәдениеттiң Мекке мен Медине атырауына алыста жатқан Сирия мен Месопотамияға қоныс аударуы Арабия шонжарларының рухани жағдайын бiршама мүшкiл етке. Бiрақ Сирияда патшалық құрып бақталастарымен ұдайы күрес жүргiзiп жатқан умаийаттық халифалар меккелiктердi саясаттан аулақ ұстау мақсатымен жорық кезiнде қолға түскен әскери олжалардың көпшiлiк бөлiгiн Арабияға жөнелтедi.
Осындай шалқыған байлық, қамсыз көңiл, хиджаз өлкесiне қой үстiне боз торғай жұмыртқалаған тыныш заман әкеледi. Егер тақ қорғап тартысқа түскен умаийадтарды жырлаған ақындар поэзиясы Сирия мен Иракты қанатын кең жая гүлденiп шешек атса, ал дiни орталық дәрежесiнде қалған Арабияда лирикалық поэзия жандана бастайды. Күрес, тартыстан, яғни, саясаттан тыс қалған Хиджаз ақындары ендi жеке бастың көңiл- күйiн шертетiн поэзияны дамытады.
Бiрте-бiрте Недм бен Хиджаз даласына елiнен қуылғандар мен умаийад үкiметiнiң саясатына наразылар, қайырымдылық пен үлкен адамдарды мұрат тұтқан кедей- кепшiк топтары жинала бастайды, бақ- дәулетi сары уайым әкеледi . . . Ал Медина жастары ән салу, музыкамен айналысқан.
Бәдәуи поэзиясында лирикалық өлеңдер әдетте қасында кiрiспесiнiң қызметiн атқарып, өзiнiң жеке дара мазмұны болмайтын. Умаийаттар тұсында лирикалық шығармалар жеке жанрға айналған. Сондай эанрлардың бiрi газал жанры. Газал жанрында шайырлардың махаббаты, ғашықтықты, махаббаттың адам көкiрегiнде тудыратын қайғы - мұңын, үмiт, төзiм секiлдi сезiмдерi жырланады.
Сондықтан ендiгi ғазал жанрының бұрынғы лирикалық кiрiспесiне қарағанда рухани жағынан бай, мазмұнды, терең бола түседi. Ақындар жырларында көңiл-күйлерiн қоса бастайды. Сондай-ақ лирикалық өлеңдер ән ретiнде айтылатын болғандықтан да оның тiлi де жалпыға бiрдей түсiнiктi әрi қарапайымдана түседi. Поэзияның бұл түрi нағыз халықтық поэзияға айналады.
Ғазал жанры әсiресе, Меккеде қажылық маусым басталған тұста көбiрек айтылған. Сондай- ақ әншiлердiң өздерiнде әндерiн Мекке, Медине секiлдi шаһарлармен қатар ел қыдырып жүрiп көшпелi немесе отырықшы бәдәуилер арасына да таратқан.
ІІ. Негiзгi бөлiм
2. 1. Араб-қазақ поэзияларындағы ғазал жанры, олардың ұқсас жақтары мен айырмашылықтары.
Дүние жүзiлiк аңызға айналып кеткен Жүсiп Зылиханыңң сюжетi бiздiң жыл санауымыздан бұрын IV ғасырда болған екен. Сонан берi мыңдаған жылдар жасап, келе жатқан бұл дастанда сұлулық пен махаббат оқиғаға желi болып тартылған. Жүсiп-Зылихаң дастанының ауыз әдебиет нұсқаларымен қатар жазба варианттары сирия, араб, парсы әдебиеттерiнде, түрiк тiлдес халықтардың әдебиеттерiнде өте көп жойылған. Жырдың ең көне қолжазбалары Британия музейi мен Будлин кiтапханасында сақтаулы. Е. Э. Бертельстiң еңбектерiнде Фирдоуси өзiнiң аты шулы Шаһ-немең эпоэсынан кейiн, сексен жасқа келiп қартайған шағында Жүсiп-Зылиханың жырлағаны сөз болады. Ал, Жүсiп-Зылихаң поэмасын Фирдоуси жазған ба, әлде жазбаған ба?- деген мәселенiң төңiрегiнде осы күнге дейiн талас пiкiрлер бар.
Фирдоусиден кейiн Жүсiп- Зылиханыңң сюжетiне қалам тартқан ақын-жазушылар Абдаллах Аңсари, Рукнеддин Масуд бин Мұхаммед, Шахин Ширази, Әли, Шайяд Ғамза, Мұстафа Зарири, Сули Фагих, Дурбек, Нұрмұхаммед-Ғариб Андалиб, Н. Харави, Дж. Хазиг, Ш. Гульпайғани, Ш. Торшизи, Л. Азер, Х. Челеби, И. Камал, Губари, С. Чакери, Яхиябек тағы басқалар. Халық арасына кең тараған, әрi кемелденген нұсқасы - Әбдiрахман Жәми 1483 жылы жырлаған. 77 тараудан, төрт мың бейiттен тұратын Жүсiп-Зылихаң дастаны. Шығыс әдебиетiнде ежелден жырланып келе жатқан Жүсiп - Зылихаң хикаясы Жәми шабытының құдiретiмен поэзия биiгiнен орын алып, мәңгi өшпейтiн көркем туындыға айналған. Жәмидiң көзi тiрiсiнде әлемге әйгiлi болған Жүсiп - Зылихаң жырын ақынның замандасы Моинеддин Мұхаммед Земчи тамаша сыр шертiлген поэзиялық шығармаң деп мақтаған екен. Жүсiп - Зылихаң һхалықтың ғасырлар бойына сүйiп оқыған, шын ықыласпен тыңдаған дастандарының қатарына жатады. Әр дәуiрдiң ақын-жазушылары жырға қайта оралып, кейбiреуi тыңнан толғап отырған.
Қазақ арасына Жүсiп - Зылихаң дастаны ерте кезден-ақ мол жайылған, ел iшiнде ауызша айтылуымен қатар, қолжазба нұсқалары да кеңiнен тараған.
Революциядан бұрын жырдың Жүсiпбек Шайхулисламұлы жазған нұсқасы Қисса-и хазiрет Жүсiп ғәләйһиссалам мен Зылиханың мәселесiң деген тақырыппен 1893, 1901, 1904, 1907 жылдары Университет баспасында, 1913 жылы Орталықң баспаханада Ш. Хусаинов мұрагерлерi басып шығарған нұсқасы алынды. Бұл дастанның ұзақ кiрiспесiнде, жырдың ұзын- ырғасында ислам дiнiн, құдайды, пайғамбарларды мадақтайтын шумақтар берiлiп, араб - парсы сөздерi, сөз тiзбектерi көп қолданылса да, поэманың негiзгi идеясы адамгершiлiктi, гуманизмдi уағыздайды және ғашықтық жеңбейтiн кедергi жоқ деген ұғымды Зылиханың Жүсiпке деген махаббаты арқылы суреттейдi. Жырдың қысқаша мазмұны мынадай Жүсiп бала кезiнде түсiнде толған ай мен күн, олардың қасында сәжде етiп тұрған он бiр жұлдыз көргенiн айтып, шешуiн әкесi Жақып пайғамбардан сұрайды. Iштарлықпен өштескен мейiрiмсiз ағалары Жүсiптiң көзiн жою үшiн айдаладагы құдыққа апарып тастайды да, әкесiне қасқыр жедi деп өтiрiк айтады. Кейiн баланы Мысыр саудагерiне құлдыққа сатып жiбередi. Сүйiктиi баласынан айрылған ата қайғыдан қартайып, жылаудан екi көзiнен айырылып, көп мехнат шегедi, сонда да баласынан үмiтiн үзбейдi. Жүсiп көп жылдардан кейiн Мысыр патшасының әйелi Зылихаға қызметшi болады. Зылиха сұлу Жүсiпке қырық жыл бойына ғашық болып, уайымнан өңi солып, шашы ағарып, көзiнiң нұры тайып, қартаяды. Ақыры Жүсiп Мысыр елiне патша болып, Зылиханы алады. Жүсiпке қосылған Зылиха жасарып, баяғы сұлу қалпына түседi. Жақып баласының көйлегiнiң исiнен Жүсiптiң тiрi екенiн бiлiп, екi көзiне нұр бiтедi.
Жүсiп - Зылихаң - гуманистiк идеяға толы, поэтикалық образдары қарапайым, көркем шығарма.
Шығыста бiр ақын жырлаған тақырыпты келесi буында тағы бiр ақын қайталап әңгiмелеу, тың дастандар шығару ертеден келе жатқан дәстүр. Бұл туралы академик- жазушы М. О. Әуезов Олар бiреуiнiң тақырыбы бiреуi алуды заңды жол еткен. Тек алдыңғыеың өлеңiн алмай, және көбiнше алдыңғы айтқан оқиғаларды негiзiнде пайдаланса да көп жерде өз еркiмен өзгертiп отырып, тыңнан жырлап шығаратыны болады. Бұлайша бiр тақырыптың әр ақында қайталауын еш уақытта аударма деп танымау керек. Ол өзiнше бiр қайта жырлау, тыңнан толғау, немесе ақындық шабыт-шалым сынасып, жырмен жарысу есептi бiр салт едiң - дейдi.
2. 2. Ғазал жанрын жырлаған шайырлар
Қазақ арасына мол ренжiп жазған өлеңдi де бiздiң жоғарыда жазған пiкiрiмiздi қуаттай түседi.
Қазақ арасына мол тараған бұл нұсқада араб-парсы сөздерi көбiрек қолданылғанымен, жырдың компазициясы көркем, әсерлi құрылған әрi көлемдi жазылған. Радлов басылымымен сюжет ұқсастығы болмаса, бұл нұсқаның көркемдiк дәрежесi де, стилi де басқаша.
Жалпы, Сейфулмәлiк дастаны қазақ халқының ауыз әдебиетiмен орайласып, үйлесiп келетiн, өмiрдi қиялдап, әсiрелей көрсетудiң алуан түрлi тәсiлдерiн, тамаша көркем фантастиканың үлгiлерiн танытатын айрықша құнды шығарма.
Әбъят ғақдия. Ұшбу әбъятлар Алтай жерiнде Қерей елiнде молла Ақит Ұлымжыұлы ұғлының тасниф-ойларынан-дүр. Бастырған Ш. Хусаинов мұрагерлерi. Қазан, Домбровский баспасы, 1909.
Батыстың „Ромео мен Джульеттасы”, шығыстың „Ләйлi-Мәжнүнiмен” үндесiп жатқан, махаббат мұңын шертетiн „Таһир-Зүһра” аңызының сюжетi араб, үндi елдерiне ерте кезден-ақ белгiлi-тiн. Сонан берi ғасырлар бойына ұмытылмай келе жатқан бұл шығарманың әр түрлi ауызша нұсқалары мен қолжазбалары Орта Азия халықтарының арасында, Азербайжанда, Түркияда, Шыңжанда мол тараған. „Таһир-Зүһра” аңызын алғаш өңдеп, жырлаған ХVII ғасырда өмiр сүрген өзбек ақыны Сайяди. Ал, түрiк мен әдебиетiнiң классигi Молланепес (1810-1862) „Таһир-Зүһраны” өзiнше жазып, лирикалық дастан дәрежесiне жеткiзiлген. Қазақ арасында. „Таһир-Зүһра” дастанының екi нұсқасы бар. Бiрi-Оразаев жазған, ол ревалюциядан бұрын Қазанда жетi-сегiз рет кiтап болып басылып шыққан. Бұлардың тiлi шұбар, татар тiлiнiң элементерi, араб-парсы сөздерi көп қолданылған; кейiпкерлердiң ғашықтық сезiмi, ойы, мұны өлен тұрiнде берiлiп, мазмұны негiзiнен қара сөзбен баяндаоған. Екiншiсi-XIX ғасырдың аяғында, XX ғасырдың басында өмiр сүрген, отыз шақты қисса-хиқаят жазған, белгiлi ақын Ақылбек Сабалұлы нұсқасы. Бұл басынан аяғына дейiн өлеңмен жазылған, оқиғасы қызық құрылған көркем шығарма.
Дастанда Таһир мен Зуһра бiрiн-бiрi шын сүйген, ғашығы жолында жақын қиған асыл жандар. „Таһир”-араб тiлiнде „мiнсiз”, „бұзылмаған” деген ұғымды, „зүһра”-„жарқын”, „Шолпан жұлдызы” деген ұғымды бiлдiредi. Зуһра-сүйгенiмен қосылу жолында толып жатқан тосқаауыл азап көрсе де сертiнен таймайды. Ақыры керi кеткен әдет-ғұрып пен күштiлер билеген кезенiң құрбаны болған таһирдың артынан ол да қаза табады. Зүһраның қабырыны үстiнде ақ гүл өседi, Таһирдың қабырының үстiне қызыл гүл өседi. Ал, бұларды көре алмай күндеген арам пиғыл адам Ғараб қабырының үстiне қара тiкенек өсiп, ақ гүл мен қызыл гүл қослайын деген шақта, әрқашан бөгет болады. Қара тiкенектi балтамен қанша шауып тастаса да, ол қайта өсе бередi-мыс деген аңыз осыдан қалған екен. Екi жастың қайғылы махаббаты жыр болған бұл дастанда өмiрдегi ең аяулы нәрсе -жан сұлулығы; достыққа, ғашықтыққа берiк болу; арманына жету үшiн қара күш иелерiмен, қиындықпен күресе бiлу, көңлi сүйгенiн кiршiксiз сақтай бiлу керектiгi жырланады.
Шығыс сюжетiне құрылған, бiрақ қазақ әдебиетiне еңiстi болып қазақ фальклорының дәстүрлерi мен ұштасып, төл шығарма сипаттас болып кеткен және бiр шығарма- „Мұнлық - Зарлық” дастаны.
Жырдың өте танымал болып, мол тарауына көп еңбек сiңiрген белгiлi қиссашыл ақын Жүсiпбек шайхулисламов. Ол өлең мен қара сөз аралас нұсқаның 1895 жылы жазып революциядан бұрын он шақты рет жеке кiтап етiп жариялаған болатын. Осы нұсқа, кейiн 1964, 1967 жылдары қайталап басылып шықты.
Жырдың сюжет желiсi қаззақтың ертегi-аңыздармен сарындас. Онда батырлар жырында кездесетiн сөз оралымдары мен бейнелеу тәсiлдерi кеңiнен қолданылған.
Он сан ноғайлы Шаншар деген хан алпыс әйел алса да „бiр перзентке зар болып” қайғыдан қанғырып айдалаға кетедi. Ақыры Жаудыр деген кедей балықшы шалдың жалғыз қызы Қаншайымға үйленедi. қыз екiқабат болып егiз бала -бур ұл, бiр қыз табады. қаншайымның күндестерi алпыс қатын мыстан кемпiрге егiз туған балалардың көзiн құрт деп есепсiз алтын, күмiс бередi.
Жылаған даусын есiтiп,
Бiреу келiп қалар деп,
Қол -аяғын берiк ұстап,
Баланы суға атты ендi.
Ғайып ерен қырық шiлтен
Түсiрмей судан алады.
Шөгiрлiнiң тауына,
Адам бармас жерiне
Көтерiп алып барады.
Тастан қалап үй қылып,
Пана қылып бередi
Екеуiне бiр киiк,
Ана қылып бередi.
Ол киiкке егiздi
Бала қылып бередi
Киiкиiктi ана дегiзiп.
Киiк жүрдi үш мезгiл
Баласындай емiзiп
Мыстан кемпiрдiң азғыруымен Күлмес ханың елiн iздеп шыққын Зарлықтың жорығы басқа да батырлар жырларындағыдай шебер суреттелген:
Қарсақ жортпас қалыңнан
Қарғып өтiп барады.
Түлкi жортпас барады.
Жапалақ ұшпас жапаннан,
Жалғыз кетiп барады.
Ит татпаған ащы көл,
Онан да өтiп барады . . .
Мiне, осындай тек қана қазақтың ауыз әдебиетiне тән тамаша шумақтар оқушыны әсерлендiре түседi.
„Мұнлық-Зарлық” қазақ топырағына шығыстан келген ұзын-ырғақ оқиғалардың iшiндегi ең бiр тандаулы, көркем де қызықты шығармалар тобынан орые алады.
Патша шаһ Ғаббас еке бiлсең атын,
Ауызбен айтып болмас салтанатын.
Өзiне мың шаһары қараса қараса да
Бермеген бала тауып бiр де қатын . . . -
Мiне осылай бала зарымен басталатын дастан Иранғайып шаһ Ғаббасң деп аталады. Бұл шығарманың да арқауы Мың бiр түнң мен Шаһ-намеденң алынған таңғажайып оқиғаларға толы.
Қанша әйел алса да бала сүймеген шаһ Ғаббас iш құса болып, жиi-жиi ел аралап тұрады екен. Осындай бiр сапарының кезiнде аиыршы бiр шалдың қызын ұнатып, үйленедi. Бес айдан кейiн үйiне қайтады. Екi қабат қалған әйелiне: Қыз туса қандай есiм берсең де өз еркiң, ал егер ұл туса атын Иранғайып қойғайсыңң деп тапсырады және мынаны мойнына тағарсың, жолықсам содан танып алармындеп алтын медалiн қалдырып кетедi.
Арада тоғыз ай, тоғыз күн өткесiн әйелi аман-есен босанып ұл табады. Атын Иранғайып қояды. Қиссаның негiзгi шым-шытырық оқиғасы осыдан-Иранғайыптың ержетiп әкесiн iздеп шығуынан басталады. Содан-ақ оқушы таң-тамаша қаларлық оқиғаның куәсi болады . . . Ақырында Иранғайып әкесi шаһ Ғаббаспен және сүйген жарымен аман-сау қауышып, мұратына жеедi.
Иранғайып шаһ Ғаббастаң тек батырлық пен адалдық қана дәрiптелiп қоймайды. Жiгiттiң қызға, баланың әкеге деген сүйiспеншiлiгi де ойдағыдай баяндалады, достыққа шақырады, махаббатқа үндейдi.
Бұл шығарманы өзiнше жырлап шыққан ақын Мұқамедғали Өндiрұлы. Өзiнiң айтуынша, ол Қарқаралы жақтың қазағы көрiнедi.
2. 3. Араб әдебиетiндегi ғазал жанрының даму кезеңдерi.
Шығыс халықтары әдебиеттерiнiң өзара байланысы және бiр- бiрiне жасаған игi әсерi әр түрлi. Солардың бiрi-көркем шығармалардың адамгершiлiк мазмұн-мағынасын, оқиға желiсiн, жазу-өрнек тәсiлдерiн түсiне, өрбiте, өсiре қабылдау болып табылады. Соның айқын дәлелi ретiнде Рудаки, Фирдоуси, Низами, Физули, Новаи, Сади, Хафиз, Жәми шығармаларын қазақ ақындары өзiнше дамыта жырлап, тыңнан толғап, нәзира дәстүрiмен, халық арасына таратқан нұсқаларын айтуымыз ләзiм. Атақты Абайдың өзi шығыстық желiске Масғұтң, Ескендiрң, Әзiмң дастандарын жазған болатын. Шығыстың жетi жұлдызыныңң бiрi - Фирдоусидiң жер жүзi мәдениетiнiң алтын қорына, асыл қазынасына айналған Шаһ-наменiңң қазақ арасына тарау жолы әрi ұзақ, әрi қызық емес пе Сондай-ақ, араб, парсы, үндi аңыз - ертегiлерiнен келген Мың бiр түнң, Тотонамең, Жүсiп-Зылихаң, Сейфүлмәлiкң, Атымтай Жомартң, Мұңлық-Зарлықң, Бозжiгiтң, Шәкiр-Шәкiратң, Иранғайып шаһ Ғаббасң сияқты лирикалық, батырлық, ғашықтық дастандардың, хикаялардың қазақ топырағында қайта түлеп, жаңарып, бай ауыз әдебиетiмiзбен тамырласып, тоғысуы да жоғарыда түйiндеген пiкiрiмiзге дәлел.
Осы арада бiз В. И. Лениннiң әдеби мұра жайындаПролетарлық мәдениет ғайыптан пайда болған нәрсе емес, өздерiн пролетарлық мәдениеттiң маманымыз дейтiн адамдардың ойлап шығарған нәрсесi де емес. Оның бәрi өңкей бос сөз. Пролетарлық мәденит адам баласының, капиталистiк қоғамның, помещниктiк қоғаның, чиновниктiк қоғамның езгiсiнде жүрiп жасап шығарған бiлiм қорларының заңды дамуы болып табылуға тиiс . . . ң деген қағидасын еске алуымыз керек. Олай болса, қазақ әдебиетiне әсер ықпалын тигiзiп, оның өсiп-өркендеуiне елеулi үлес қосқан шығыс әдебиетiмен байланысты зерттеу - игiлiктi мiндеттерiмiздiң бiрi.
Шығыс елдерiнен келген туындылардың көпшiлiгi әлi күнге дейiн жарық көрмей, жөндi зерттелмей келдi. Ендiгi жерде бұл саладағы көптеген нұсқаларды терең зерттей отырып, олардың көркем де құнды үлгiлерiн жариялап, халқымыздың асыл қазынасына айналдыру керектiгi бұрыннан - ақ айтылып келе жатқан болатын.
О басында Дештi Қыпшақты кең тараған, кейiн қазақ, башқұрт, татар, өзбек халықтарына мирас болып қалған, сюжетi шығыс халықтарының көбiне ортақ дастандардың бiрi - Бозжiгiтң. Жырдың қазақ арасына өте көп жайылған және ең көне нұсқасы - 1842 жылы жазылып алынып, 1870 жылы академик В. В. Радловтың жинағында жарияланған. Мұнан кейiн „Бозжiгiт” он үш-он төрт рет жеке кiтап болып басылып шыққан. Шығыс зерттеушiсi, ғалым Н. Ф. Катановтың қазақ кiтаптары жайында сол кездiң өзiнде жариялаған бiр мақаласында „Бозжiгiт” дастанының 1896 жылғы басылымы 10 мың дана болып шыққаны хабарланады.
Қазақ фольклорының жинаушы А. В. Васильев „Бозжiгiт” жырын „Дала уалаяты газетiнде”, „Тургаиская газетада” бастырып, 1901 жылы орыс, қазақ тiлдерiнде қатар жариялады.
Шығыс әдебиет үлгiлерiн жинап, өңдеп бастырған қисашыл ақындардың бiрi-Ақылбек Сабалұлы. Ол „Бозжiгiт” жырын 1911 жылы өңдеп, Қазанда қайта жариялаған. Басылып шыққан түрiнiң ең көнесi және ең толығы-1842 жылы жазылып алынып, 1870 жылы Радлов бастырған нұсқасы. Бұларға кiрiспе ретiнде берiлген мақалада: „Бозжiгiт” кiтабын Уфа шаһарына барғанда бiр қатар көрiп едiм . . . Жыры көп екен, сөзi мұңды екен. Жiгiттiң аты Бозжiгiт екен, қыздың аты Қарашаш екен. Бозжiгiттiң досының аты белгiсiз екен. Берiппiн деп жазып едiм. Және шаһардың аты жоқ едi. Бұл кiтапты жазарда бiзге қиын болды.
Өзiмiздiң көңлiмiз қайғылы күнде Бозжiгiтң кiтабын 1842 жылда жазып едiк. Әуелi жазғанда қисса деп жаздық сөзiн жазып жырлап едiк, оқушыларымыз Бозжiгiтң кiтабы бәрi өлеңмен жазылсын деген себептi, өлеңмен жаздық. Бiздiң мұңды адамдардың көңiлi ашылсын деп, кiтапты өлеңмен жазбаққа рұқсат барң дейдi.
Бiз осыдан көп жылдар бұрын жазылған мақаланың тiлiнiң ала-
құлалығына, сөз тiркестерiнiң ауырлығна қарамастан, Бозжiгiтң туралы, аз да болса, сол кезде баспа бетiнде жарияланған дерек ретiнде мақұл көрдiк.
Бозжiгiтң жыры Қозы Көрпеш - Баян сұлуң жырымен ұқсас, сарындас болып отырады. Оқиғасы да Қозы мен Баянның қайғылы өмiрiн, өкiнiштi махаббатын еске түұсiргендей.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz