Алматы облысында 2007-2011 жылдарға арналған туризм даму бағдарламасының анализі


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Алматы облысында 2007-2011 жылдарға арналған

туризм даму бағдарламасының анализі

МАзмұны

КІРІСПЕ . . . 3

  1. ТУРИСТІК САЛАНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ЖӘНЕ ДАМУЫН ТАЛДАУАлматы облысында туристік саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру қорытындысы … 5«Туризм» кластерін құру және дамыту шараларын жүзеге асыру 6Аудандар мен қалалардағы туризм дамуының жай күйі ………. 7Туризмнің инфрақұрылымы . . 8

2. БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ІСКЕ АСЫРУ МЕХАНИЗМІ

2. 1. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері 11

2. 2. Туристік қызметті мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесін дамыту 11

2. 3. Маркетинг және туристік өнімді ұсыну . . . 12

2. 4. Экологиялық туризм - тұрақты даму факторы 13

2. 5. Балалар мен жасөспірімдер туризмі - туристік мәдениетті тәрбиелеу мен ішкі туризмді дамытудың негізгі факторы 14

2. 6. Туристік саланы ақпараттық және ғылыми - әдістемелік қамтамасыз ету . . 17

2. 7. Туристік саланы кластерлік дамыту . 18

ҚОРЫТЫНДЫ . 20

БАҒДАРЛАМАҒА ҚОСЫМШАЛАР . . . 21

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .

КІРІСПЕ

Алматы облысында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» № 211 Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына жолдауының «Қазақстанның елу бәсекеге қабілетті елдер құрамына ену стратегиясын» жүзеге асыру шараларын орындаудағы жалпыұлттық жүйелік кестесінің 16 тармағына, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 Әлеуметтік-экономикалық орта мерзімді жоспарына сәйкес әзірленді.

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стартегиясына сәйкес туризм мемлекеттің 2010 жылға дейінгі экономикалық дамуының басымдылығы болып белгіленді.

Өткен кезеңде Алматы облысында туризм саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы жүзеге асырылды, мемлекетаралық туристік байланыстар кеңейтілді. Сонымен қатар, 2003-2015 жылдарға арналған индустриялдық-инновациялық даму стартегиясының негізгі параметрлерін ескере отырып, туристік саланы дамыту жөніндегі шараларды іске асыруға көп көңіл бөлінді.

Туристік индустрияның дамуына экономика саласының басым секторларының бірі, соның ішінде жеті пилоттық кластерді тануға түрткі болды. Осы жағдай қызмет көрсету саласында, оның ішінде туризмге жақын: ауыл шаруашылығы, ұлттық табиғи парктер, мәдениет, көлік және коммуникациялық инфрақұрылымда және т. б. салаларда халықты жұмыспен қамтамасыз ету арқылы экономикалық өсуге ықпал жасау мақсатында мемлекеттің бәсекелестікке қабілетті туристік индустриясын дамыту жөніндегі мақсатты айқындау және міндеттерді шешу үшін алғышарттар жасады.

Қалыптасқан жағымды бастамалар туризм саласының бастапқы міндеттерін ғана емес, сонымен қатар оның ұзақ мерзімге қойылған даму келешегін есепке алуды да көздейді. Басты міндеттердің бірі - Қазақстанның 2011 жылға дейін Орталық Азия аумағының туризм орталығына айналу -Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясымен анықталды.

Бағдарлама экономиканың басым секторы ретінде саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етудің негізгі мәселелерін қамтиды. Алматы облысының өзгеше табиғи және мәдени әлеуетіне негізделген қазіргі туристік индустрия - капитал сыйымдылығына қарамастан салынған қаржыны өтеу бойынша серпінді дамудағы және тиімді салаға туризмнің ықпалдастануына жүйе құраушы фактор болып табылады.

Туризмге жақын салалардың (көлік-коммуникациялық инфрақұрылым, қызмет көрсету, мәдениет, құрылыс, сақтандыру және де басқа) дамуына негізделген турөнімнің кешенді өткізу және инвестициялық белсенділікті ынталандыру халықтық жұмыспен қамтылуын және кірісінің тұрақты өсуін қамтамасыз етеді.

1. туристік саланың қазіргі

жай-күйін жӘне дамуын талдау

1. 1. Алматы облысында туристік саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру қорытындысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы № 1415 қаулысымен бекітілген Туристік саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес Алматы облысындағы туризмді дамыту мәдени-тарихи және табиғи рекреациялық ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалануға, туризмнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, туризм инфрақұрылымын дамытуға, аумақтың туристік имиджін қалыптастыру және маркетингке, халықаралық және меншікті жобаларды іске асыруға бағытталды.

Талданып отырған аралықта Қазақстан қатысқан халықаралық туристік шаралардың бәрінде Берлин қ. (Германия), Утрехт қ. (Нидерланд), Мадрид қ. (Испания), Москва қ. (Ресей) және Лондон қ. (Ұлыбритания) облыс көрсетілді.

Алматы және Астана қалаларында өтетін қазақстандық халықаралық туристік көрмелер облыстың туристік рыногының субъектілерінің дәстүрлі қатысатын шаралары болды.

Жыл сайын облыста туризмді дамыту мақсатында әр түрлі туристтік шаралар өткізіледі - Дүниежүзілік Туризм күніне арналған облыстық туристер слеті, авторлық (бардтық) әндер фестивалдері, «Джунгария» туриадасы, «Бұрқан-Бұлақ» туристік фестивалі, туристік көпсайыс, жаяу, тау туризмі бойынша сайыстар, ақпараттық және тұсау кесер турлары.

Шетелде тұратын қазақ диаспорасы үшін «Ата жұртқа саяхат» атты туристтік бағыт әзірленді, Ш. Үәлиханұлы экспедициясының бағыты бойынша экспедициялар өткізіледі.

Облыста Орталық Азияда аналогы жоқ экологиялық туризм жөніндегі халықаралық жоба - Іле-Балқаш регатасы жүзеге асуда.

Отандық және әлемдік туристік қызмет көрстеу рыноктарында облыстың туристік мүмкіндіктерімен таныстыратын жолсілтеме, облыстың туристік, сыртқы саясаттық және инвестициялық мүмкіндіктері туралы буклеттер, плакаттар, өзгеше табиғат нысаналары және көруге тұратын орындардың көріністері бар ашық хаттар, сонымен қатар қағаз және электронды ұстамдарда басқа жарнамалық-ақпараттық өнімдер жарық көрді.

Алматы облысы бойынша арнайы туристтік карталар жарық көрді. «Алматы облысындағы туризм мен демалыс» атты сайт құрылып қызмет көрсетуде.

Орталық Азия университеті, Облыстық спорт туризмі федерациясы, «Тұран» унивеститетімен бірігіп туризм саласындағы мамандарды дайындау және кәсіби біліктілігін арттыру жөніндегі жұмыс атқарылуда.

2003 жылдан бастап аумақтың туристік жай-күйін, туризмнің материалды базасын және т. б. көрсететін материалдар жинақталды. Жұмыстың қорытындысы бойынша облыстың аудандары мен қалаларындағы туризмді дамытудың басымды бағыттары анықталды. Алматы облысының туристік маршруттарының реестрі дайындалды. Оның ішінде танымдық, экологиялық, орнитологиялық, саяжай-сауықтыру, этнографиялық және т. б. туризм түрлерін қамтитын жүзге дейін маршруттар енгізілді.

Туристік саладағы көрсеткіштердің мониторингін жасау және Алматы облысында қазіргі жағдайға сай туризм индустриясын құру мүмкіндіктерін талдау қажеттілігін ескере отырып, аудандар мен қалалар бөлінісіндегі туристік-сауықтыру қызметінен түсетін ақылы қызметтің көлемін есепке алу жүргізіледі. 2005 жылда туристік-сауықтыру қызметінен түсетін ақылы қызметтің көлемі 1297, 6 млн. теңгені құрады, бұл 2003 жылмен салыстырғанда 119 %-ке өсуді көрсетеді (қосымша-А) .

Алматы облысының туристік қызмет рыногында лицензиялық негізде 47 фирма және 1 жеке кәсіпкер қызмет көрсетеді.

Облыста туризммен айналасатын ұйымдар жұмысшыларының саны 3-тен 10-ға дейін болатын шағын кәсіпорындармен көрсетілген. Туристтерді қабылдаумен айналысатын туроператорлар облыстың туристік фирмаларының жалпы санының 60 %-тен астамын құрайды.

Алматы облысының статистика жөніндегі басқармасының мәліметі бойынша 2005 жылда 153 527 келушіге қызмет көрсетілді, оның ішінде туристік фирмалармен - 41 369. Есепті мерзімде аумаққа келуші резиденттер еместердің саны 971 адам болды, 32 285 облыстың тұрғындары басқа мемлекеттерге туристік мақсатпен барып келді, ішкі туризм көлемі 120 271 адамды құрады. Атқарылған жұмыстың (көрсетілген қызметтің) көлемі 426, 2 млн. теңгені құрады.

1. 2. «Туризм» кластерін құру және дамыту жөніндегі шараларды жүзеге асыру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы «Экономиканың басым секторларында пилоттық жобалардың жоспарларын бекіту туралы» № 633 қаулысымен Алматы қаласы мен Алматы облысында «Туризм» пилоттық кластерін құру және дамыту жөніндегі жоспар бекітілді.

Бекітілген Жоспарда туристік кластердің сегменттері белгіленді:

- аймақтың ланшафттарын қолданатын экологиялық туризм;

- тарихи-археологиялық әлеует пен мәдени мұраны ашуға бағытталған тарихи-танымдық туризм;

- іскерлік туризм.

«Туризм» кластерін құру және дамыту жөніндегі жоспарда қойылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында облыстың туристік имиджін құру бойынша жұмыстар үнемі жүргізілуде. Туристік қызметтің тұтынушыларына тура бағытталған және біздің туристік өнімнің әлемдік рынокта ілгері басуына ықпал ететін халықаралық туристік көрмелерге облыстың қатысуына облыстық бюджеттен қаражат бөлінді.

Аумақтың туристік-рекреациялық әлеуетін көрсететін жарнамалық-ақпараттық материалдар, соның ішінде Алматы облысы бойынша арнайы туристік карталардың сериясы әзірленіп, шығарылды, «Алматы облысындағы туризм және демалыс» сайты құрылды, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және туристік фирмалардың басшыларының қатысуымен ақпараттық турлар өткізілді.

Орталық Азия Университетімен бірігіп аудандық және қалалық әкімдіктердің мамандары үшін «Экологиялық туризм Алматы облысының туристік кластері буындарының бірі ретінде» тақырыбында семинар өткізілді.

Облыстың Ұйғыр, Райымбек, Панфилов аудандарында қолданыстағы келешегі жарқын туристік маршруттарына және «Алтын Емел», «Шарын» ұлттық парктеріне баға берілді. Облыстың көлік, автомобиль жолдары, байланыс, ақпараттық қамтамасыз ету, кадрлар дайындау жөніндегі мәселелер енгізілді, олар Іс-шаралар жоспарына енгізілді.

«Алтын Емел» ұлттық табиғи паркінде мемлекеттік ұлттық парктер мен қорықтарды кластерлік дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізілді. Қазіргі уақытта «Алтын Емел» МҰТП жоспарлануының пилоттық жобасы әзірленуде.

Қапшағай су қоймасы, Балхаш және Алакөл көлдерінің жағалауында демалыс орындарын ашудың негізгі жоспарын әзірлеуге жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді.

Облыстағы туризмнің дамуын тежейтін негізгі проблемалардың бірі - тартымды туристік объектілерге және әдемі ландшафттарға апаратын автомобиль жолдардың жоқтығы немесе олардың нашар жағдайы болып табылады.

Облыстағы туристік объектілерге апаратын жергілікті маңызы бар жалпы қолданыстағы жолдар бойынша Тамғалы Тас ескерткішіне баратын қара жол жөндеуден өтті, Алакөл көліне апаратын жол - 4, 433 млн. теңгеге, Бескөл-Жайпақ - 3, 546 млн. теңгеге жөндеуі басталды.

«Көшпенділер» фильміне декорациялар экскурсиялық объект ретінде қолдану үшін Қапшағай қаласының «Туризм және демалыс орны» МККП мен Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық компаниясы арасында 3 жыл мерзіміне жалға беру туралы шарт жасалынды.

1. 3. Аудандар мен қалалар кесігіндегі туризм дамуының жай-күйі

Талдау бойынша, облыстың аудандары мен қалаларындағы туристік индустрияның дамуын тежейтін факторлардың бірі - осы саланың экономикалық өсуін қамтамасыз ететін басымдылықтардың бірі ретінде қалыптасуына әкімдіктердің жеткілікті көңіл бөлмеуі.

2005 жылғы туристік-сауықтыру бойынша көрсетілген ақылы қызмет көлеміне талдау жасай отырып, облыс бойынша туристік-сауықтыру қызметі саласынан түсетін пайданың өсу үрдісі сақталғанын атап өту қажет.

Облыстағы туризмнің материалдық базасы бар және жергілікті атқарушы органдар жағынан қолдау көрстілетін аудандар мен қалалары тұрақты жұмыс жасауда: Еңбекшіқазақ, Қарасай, Талғар, Панфилов аудандары, Қапшағай қаласы. Ақсу, Ұйғыр, Ескелді аулдандарында, Текелі қаласында туризм дамуы ілгері басуда.

Жамбыл, Талғар аудандарында - мәдени-танымдық; Еңбекшіқазақ, Қарасай, Кербұлақ аудандарында, Текелі қаласында - экологиялық; Ақсу, Алакөл, Панфилов аударында, Қапшағай қаласында - емдік-сауықтыру туризмнің даму бағыттары анықталды.

Дамыған елдерде сұранысқа ие туризм түрлерінің бірі - ауылдық туризм болып табылады.

Облыста ауылдық туризмнің дамуының жақсы үлгілерін Алакөл ауданының Лепсі ауылындағы туризм көрсетуде. Ауылға келген туристерге киіз үйлерде немесе арнайы қонақтарға тігілген қазақ үйлерде, яғни жанұяда тұру ұсынылады. Жанұяда тұру кезінде турист бал жасау процесімен танысу үшін омартаға барады; фермада жемді әзірлеу мен сақтаумен, сиыр мен ешкі сауумен танысады; сүт өнімін, яғни ірімшік, май және қаймақ жеп көреді. Еңбекшіқазақ ауданындағы африкандық түйеқұс өсіретін «Фауна» фермер шаруашылығына және форель өсіретін форель шаруашылығына экскурсиялар өте танымал. Осы экскурсияларда түйеқұстарды, форельдерді бақылап қана қоймай, сондай-ақ түйеқұс жұмыртқасын, қанатын алып, форель ұстауға болады.

Бірақ, Райымбек, Сарқан, Балхаш, Қаратал, Ескелді, Көксу аудандары бар табиғи жағдайлар мен туристік индустрияны дамытуға мүмкіндіктерді жеткілікті түрде қолданбайтынын атап кеткен жөн. Талдықорған қаласында да туризмді дамыту мәселесіне жеткілікті көңіл бөлінбейді. Қалада және оның маңында туризмді дамытуға қолайлы жағдайлар бар.

Дұрыс ұйымдастырылып, қолайлы жағдайлар жасалынған жағдайда туризм саласы тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін шешуге, бюджетке түсетін түсімнің өсуіне ықпал етеді.

Аймақтардағы туризмді дамыту бойынша жұмыстарды жеделдету мақсатында туристік индустрияны дамыту саласындағы әкімдіктердің қызметін рейтингтік бағалау тәжірибесін қолдану жоспарланып отыр.

1. 4. Туризмнің инфрақұрылымы

Облыстағы туризмнің даму шарттары Қазақстанның басқа өңірлерінен ерекшелінеді, себебі аймақтың туристерді қабылдау мүмкіндігі үлкен. Облыста қабылдайтын 316 объекті бар: 46 - қонақ үй, 58 - кішігірім қонақ үй, 15 - шипажай мен сауықтыру орны, 159 - демалыс орны, 14 - демалыс үй, 10 - сауықтыру лагері, 10 - аңшылық үй. Облыс аумағында «Тамғалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі, бір спорттық-сауықтыру кешені, үш кесене, екі аквапарк бар ( қосымша Б) .

Облыс бюджетіне туризмнен түсетін негізгі қаражаттың қайнар көзі емдік-шипажай объектілерінен болып табылады. Бүгінгі таңда, 200-ден астам емдік-шипажай объектілері жұмыс істеп жатыр. Аса әйгілі емханаларға: «Алатау» (Қарасай ауданы), «Қапал-Арасан» (Ақсу ауданы), «Көктем» (Талғар ауданы), «Жаркент-Арасан», «Керім-Ағаш» (Панфилов ауданы) жатады. Халықаралық стандарттарға сай жоғары сапалы қызмет көрсететін «Старая крепость» және «Freedom» демалыс орындары, «Табаған» кешені, «Қапал-Арасан» шипажайы сияқты қабылдау объектілері бар.

Капшағай су қоймасындағы туризм инфрақұрылымының нысаналары ең қарқынды дамуда. Соңғы жылдарда су қоймасында орналасқан демалыс орындарында туристерді қабылдау және оларға қызмет көрсету сапасының жақсару тендециясы белгіленді.

Әлемдік рынокта туристік қызмет көрсету саласында жайлы табиғи-климаттық және бальнеологиялық ресурстары бар, санаторий-курорттық жүйесі дамыған елдерге пайда әкелетін арнайы сауықтыру және емдік турлар берік бекінді. Алматы облысының емделу және демалу үшін тек қана жергілікті емес, сонымен қатар шетелдік туристерді тартарлық табиғи-климаттық әлеуеті зор. Бірақ, жалғыз ғана ресурстар жеткіліксіз. Осы өнімді жүзеге асыру үшін тиісті инфроқұрылым, яғни әртүрлі бағыттағы, баға белгілейтін қызмет көрсететін шипажайлар мен курорттар жүйесі қажет.

Рекреацияның емдік емес түрлерін және туризмді дамыту үшін қаражат пен кәсіби кадрлар қажет, ал олар шипажайларда жоқ, әсіресе жоғары деңгейдегі қызметті талап ететін қызмет түрлері үшін қажет қаражат пен кәсіби кадрлар.

Облыстағы туристік объектілерді пайдалунадан түскен пайда 2005 жылы барлығы 238, 2 млн. теңгені құрады, соның ішінде мейрамханалары бар қонақ үйлер - 58, 5 млн. теңге, мейрамханалары жоқ қонақ үйлер - 172, 1 млн. теңге, кемпингтер - 5, 0 млн. теңге, басқа да тұрғын орындар - 2, 7 млн. теңге (қосымша-В) .

Талдықорған қаласында шағын тұрғылықты орындар жүйесі құрылды. Оның ішінде: «Құс жолы», «Ирбис» қонақ үй кешендері, «Денсаулық» емдік-сауықтыру орталығы, «Талдықорған» қонақ үйі. Тағы бір жаңа қонақ үйдің құрылысы жүріп жатыр.

Табиғатты қорғау мекемелері. Облыс аумағында «Алтын Емел», «Іле-Алатау» және «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, Алматы және Алакөл қорықтары орналасқан. Табиғи-қорықтағы қор объектілерінің барлығында рекреациялық және экологиялық туризмді дамыту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Олардың аумағында 40-тан аса экологиялық туризм объектілері бар, 25 туристік маршруттар әзірленді.

Табиғатты қорғау мекемелерінің экскурсиялық қызмет көрсету, спорттың аң аулау және балық аулау сияқты түрлерін өткізуден түсірген пайдасы туристік қызметтен түскен барлық түсімдердің 5 пайызын құрайды.

Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы» Заңына сәйкес қорықтар, әсіресе ұлттық парктер алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі - реттемелі туризм және демалыс үшін жағдайлар жасау болып табылады (33) .

Автокөлік саласында. Соңғы жылдары туристік мақсаттарда автокөлік кеңінен пайдаланылуда, себебі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 1809 қаулысына сәйкес республикалық маңызы бар жолдардың тізіміне ірі туристік объектілерге апаратын және туризмді ары қарай дамыту үшін қажет:

1. Ташкент - Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас;

2. Алматы - Қараганды - Астана- Петропавл жолдары енгізілді.

Статистика мәліметі бойынша, 2005 жылы тасымалдау құралдарымен көрсетілетін қызметін 41 369 турист пайдаланылды, оның ішінде: әуе көлігі - 892, теміржол көлігі - 163, қала аралық автобустар - 28 098, басқа да құрлықтық тасымалдау құралдары - 12 216.

2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдайына республикалық маңызы бар жалпыға бірдей қолданылатын автомобиль жолдарының бойындағы алаптарында мына объектілер орналасқан: АЗС - 210, СТО - 24, қонақ үй -15, тамақтану және сауда орындары - 199, автотұрақ - 1.

Ұлы Жібек жолындағы туризмді дамыту

Ұлы Жібек жолы шегінде туристік инфроқұрылымды дамыту мақсатында 2003 жылы Алматы облысы бойынша Мемлекеттік бағдарламаның объектілеріне тексерулер жүргізді. Мемлекеттік бағдарламадағы объектілерге жүргізілген тексерулердің нәтижесі 1-ші кезең жартылай орындалғанын көрсетті. Алматы облысының аумағының бағдарлама он жыл ішіндегі туризмнің дамуын, экономикалық қажеттілікті және объектілерді қаржыландыру мүмкіндіктерін есепке ала отырып тыңғылықты редакциялауды қажет етеді.

Өкінішке орай, бағдарламаға енген көптеген объектілерді қазіргі күйінде туристерге көрсету мүмкін емес, оларды қайта жөндеуден өткізу, тарихи-мәдени құндылығын зерттеу қажет.

Біздің халықтың құнсыз мұрасы болып табылатын Талхиз, Қоялық қалашықтары және басқа археологиялық ескерткіштеріне ерекше көңіл бөлу қажет. Ал Іле өзенінің жағалауындағы «Писаные скалы» атты өзгеше ескерткіш бұзылу үстінде. Бұл мәселе «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде шешілуді қажет етеді.

2. Бағдарламаның негізгі бағыттары және оны іске асыру тетігі

2. 1. бАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Бағдарламаның мақсаты - Алматы облысында бәсекеге қабілетті туристтік индустрияны тұрақты өсуін қамтамасыз ете отырып, ішкі және келу туризмдерінің көлемдерін ұлғайту арқылы тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету және табыстарын арттыру.

Қойылған мақсатқа сәйкес Бағдарламаның негізгі міндеттері:

- Алматы облысының туризм инфрақұрылымын дамыту;

- туристік қызмет көрсету салаласында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін шаралар қолдану;

- туристік қызмет көрсету рыногы және көліктік инфрақұрылымды дамыту;

- сауықтыру индустриясымен бірге, туристік индустрияға жаңа технологиялар мен инновациялар енгізу;

- туризм жөніндегі серпінді жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру;

- облыстың жағымды туристік имиджін қалыптастыру;

- ішкі және келу туризмдерін басымды дамыту.

2. 2. Туристік қызметті мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесін дамыту

Бұл бағытта төмендегі шаралар жүзеге асыуы қажет:

туризм саласын мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету мәселелері жөнінде нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге қатысу;

техникалық реттеу жүйесімен белгіленген талаптарға сәйкес туристтік және қонақ үйлердің қызмет көрсету сапасын арттыру;

қалалық және аудандық әкімдердің қызметтеріне рейтингтік бағалау жүргізу арқылы туристік сала субъектілеріне қолдау көрсетудің деңгейін көтеру;

туризмді дамытудың мазмұнды негізі ретінде Алматы облысындағы туризм және демалыстың табиғи, археологиялық және тарихи-мәдени нысаналар мен ресурстарды түгендеу, сақтау, қайта құру және жабдықтауды жүргізу;

«WTO Ted Qual» туристтік білім беру сапасының сертификатын енгізу арқылы туризм саласындағы мамандарды дайындау және кәсіби біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру;

мүдделі мемлекеттік органдар, сондай-ақ мемлекеттік мен жеке меншік секторлар арасында туризм саласындағы қызметті үйлестірудің ең жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету.

Келешекте ішкі және келу туризмдерін дамыту мақсатында:

жеке меншік және мемлекеттік менеджменттің тиісті деңгейін қамтамасыз ету;

туристтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жергілікті атқару органдардың қызметін үйлестіру және мемлекеттік қолдау көрсету;

жеке бастамалардың дамуына жердемдесу (35) .

2. 3. Маркетинг және туристік өнімнің алға жылжуы

Туристтік өнімінің маркетингі және алға жылжуын қамтамасыз ету үшін Алматы облысы бүкіл әлемге танымал халықаралық көрмелерге қатысады және туристтік қызмет көрсететін субъектілердің республикалық шараларға жыл сайын қатысуын ұйымдастырады. Облыстық туристтік ұйымдардың өкілеттілігі жылдан-жылға ұлғайюда, ұсынылатын ақпарат- жарнамалық өнімдердің сапасы артуда.

Отандық және әлемдік туристік рынокта облыстың ілгері басуы үшін келешекте жағымды туристік имиджін құру жөніндегі шараларды әрі қарай іске асыру қажет.

Қазақстанды туристтік ел ретінде алға жылжыту аясында Алматы облысында келесі шараларды қабылдау қажет:

туризмнің экономикалық көрсеткіштерінің өсуін қамтамасыз ететін және оған жан-жақты мемлекеттік қолдау көрсететін жаңа бағыттарды құру;

серпінді халықаралық жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру;

көліктік инфрақұрылым және туристтік қызмет көрсету рыногын дамыту;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР туристік саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірудің жолдарын ұсыну
Туризм дамуының қазiргi жай-күйiне талдау
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ 2009-2011 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ
ҚР туризм түрлерінің бағдарламалық түрде ұйымдасуы мен жүргізілуін теориялық және тәжірибелік тұрғыда қарастыру
Қазақстан Республикасында туристік бизнесті ұйымдастыру
Қазақстан мен таиландтағы туризм дамуының қазіргі жағдайы.
Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесі мен оның қажеттілігін, маңыздылығын көрсету
Туризм – бұл халықтың рекрациялық қажеттіліктерін тиімді түрде қанағаттандыратын экономиканың өндірістік емес саласы
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК - РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ДЕМАЛУ ЖЕРЛЕР ПОТЕНЦИАЛЫН ЗЕРТТЕУ
Қазақ елінің мәдени мұрасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz