Жаңа технологиямен өсірілген күздік бидайдың морфо – анатомиялық құрылымына экологиялық факторлардың әсері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА УНИВЕРСИТЕТІ
Жаратылыстану-география факультеті
Экология кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Жаңа технологиямен өсірілген күздік бидайдың морфо - анатомиялық құрылымына экологиялық факторлардың әсері
Орындаған: Сарқытбаева А. К.
050608-«Экология» мамандығын
бітіруші
Ғылыми жетекшісі: б. ғ. к., доцент м. а. Қапасова М. С.
Норма бақылаушы: б. ғ. к., аға оқытушы Кіршібаев Е. А
Бітіру жұмысы кафедра мәжілісінде
талқыланып, қорғауға жіберілді:
Хаттама № 7 «25» 03 2009 ж.
Экология кафедрасының
меңгерушісі: п. ғ. к. Мухамединова Н. А.
Алматы - 2009
РЕФЕРАТ
Диплом жұмысы:
___57___ беттен, 10___ кестеден, 12___ фотосуреттен, 2___ қосымшадан, _27 әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кілттік сөздер: Жалдап егу, Мексика технологиясы, эпидерма, склеренхима, паренхима, хлоренхима, үлкен және кіші өткізгіш шоқтар, ксилема, флоэма.
Жұмыстың орындалуы: Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті, экология кафедрасы.
Зерттеу аймақтары: Зерттеуге Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығында өсірілген күздік бидайдың Алмалы сорты алынды.
Әдістері: Зерттеу нысандарын фиксациялау спирт, су, глицерин (1:1:1) қатынасында жүргізілді, анатомиялық құрылысы жалпыға бірдей қолданылатын әдіс (Страсбургер әдісі) арқылы зерттелді, сабақтың және жапырақтың көлденең кесіндісінен уақытша препараттар жасалды. Фото суреттер сандық фотоаппаратпен түсірілді.
Жұмыстың мақсаты: Жаңа мексика технологиясы бойынша өсірілген күздік бидайдың әртүрлі өсу жағдайында морфо-анатомиялық құрылысын өнімділік мүмкіншілігімен байланыстырып зерттеу.
Жұмыстың міндеті: 1. Жалға себу әдісімен өсірілген, жыртылмаған жерге егілген күздік бидай сорттарының морфологиялық-анатомиялық құрылысын айқындау; 2. Мексика технологиясымен өсірілген, жыртылған жерге егілген күздік бидайдың морфологиялық-анатомиялық құрылысы ерекшеліктерін анықтау; 3. Күздік бидайдың өнімділік мүмкіншілігін бақылау вариантымен салыстырмалы түрде зерттеу. Ғылыми жаңалығы: Жаңа технологиямен өсірілген күздік бидайдың морфологиялық-анатомиялық көрсеткіштері өнімділікпен байланыстырылып Қазақстанда бірінші рет зерттеліп отыр.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . . 7
I. КҮЗДІК бидай өнімділігіне және морфо-
анатомиялық құрылысына
экологиялық факторлардың әсері. . . . 7
1. 1 Күздік бидайға жалпы сипаттама . . . 7
1. 2 Күздік бидайдың морфологиялық құрылысы . . . 16
1. 3 Күздік бидайдың анатомиялық құрылысы . . . 24
1. 4 Күздік бидай өнімділігіне экологиялық
факторлардың әсері . . . 26
II. ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ . . . 32
2. 1 Зерттеу объектілері . . . 32
2. 2 Зерттеу әдістері . . . 33
III. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ . . . 36
3. 1 Жалға себу әдісімен өсірілген, жыртылмаған жерге
егілген күздік бидай сорттарының
морфологиялық-анатомиялық құрылысы . . . 36
3. 2 Мексика технологиясымен өсірілген, жыртылған
жерге егілген күздік бидайдың морфологиялық-анатомиялық
құрылысы ерекшеліктері . . . 42
3. 3 Күздік бидайдың өнімділік мүмкіншілігін
бақылау вариантымен салыстырмалы
түрде зерттеу нәтижесі . . . 47
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 56
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі : Ғасырлар бойы дақылдардың ауыспалы егісін қолдану арқылы, көң немесе компост ендіру және жабындық дақылдар өсіру жолдарын қолдану арқылы топырақтың органикалық заттарының жоғары құрамы сақталып отырған. Кейіннен бұл практика жарамайтын болып, оның орнына тез әсер ететін химиялық тыңайтқыш қолданыла бастады, бірақ ол топырақ гумусының бұзылуына әкеліп соқты. Топырақ құрылымы да бұзылып, өсімдіктер әлсізденіп және химиялық тыңайтқышқа толық тәуелді болды. Жаңа жүйе адам және ауылшаруашылығы жануарларының еңбек шығынын азайтуды компенсациялау үшін топырақтың құнарлық резервін аямай пайдалануда.
Бүгін химиялық әдісті ұзақ уақыт қолданудың қауіптілігін көпшіліктің қабылдауына орай, егіншіліктің альтернативті әдістеріне қайтадан қызығушылық тууда. Химиялық тыңайтқышты қолдану және жерді үнемі жырту салдарынан топырақтың құнарлығы жойылып барады. Химиялық тыңайтқыштар- өсімдік және жер үшін өте зиян. Олар өсімдікті ауруға шалдықтырады және топырақтағы барлық микроорганизмдерді жояды. Үздіксіз жыртылған жердің құнарлығының төмендеуінің бірінші себебі жоғарғы гумус қабатының ұсақ бөлшектері жыртылған уақытта шаң болып ауаға көтерілуінде, зерттеулер барысында жыртылған аудандардың үстінде жиналған қалың қара қабат бақыланған. Сондықтан, топырақты бастапқы қалпына келтіру үшін, қазіргі уақытта жыртылмаған жерге егін егудің тиімділігі қайтадан қарастырылуда. Бір жағынан жер жырту үшін кететін шығын үнемделсе, екіншіден, топырақ құнарлығын қалпына келтіруге ықпалын тигізеді және қоршаған ортаның ауасындағы шаң тозаңның азаюына мүмкіндік туады.
Жоғары өнім алу үшін егістікті жасыл тыңайтқышпен тыңайту керек. Жоңышқаны жинап алған соң, тамырын жерде қалдыру керек, ол топырақты азотпен байыта отырып, шіріген соң микроорганизмдер үшін өте жақсы азық болады. Келесі жылы жерді жыртпай күздік бидай егіледі. Бидайды еккенде арнайы агрегатпен грунтты 10см тереңдікке дейін дискілейді. Топырақтың жоғарғы қабатындағы аэробты бактерияларға оттегі қажет, төменгі қабаттағы анаэробты бактерияларды ауа өлтіреді, сондықтан жыртқан кезде грунт қабаты аударылып, барлық микроорганизмдер жойылады. Синтетикалық тыңайтқыштан бас тартып, орнына биопрепарат қолдану экологиялық таза продукт алуға мүмкіндік туғызады [1] .
Бірнеше жыл жерді жыртпай өңдеу нәтижесінде топырақтың жоғарғы бетінде арамшөптер тұқымы мүлдем жойылған. Егінді жинап алғанннан кейін, дискатормен өңдеу жүргізіледі, ол арамшөптерді құртады және жерді дән егу тереңдігінде қопсытады, мұнда топырақтың табиғи дренажы сақталады және топырақтың жоғарғы қабатына түскен аз мөлшердегі судың өзі топырақты ылғалдайды. Топырақ бетіндегі үгітілген, шашылған өсімдік қалдықтары топырақты құрғап кетуден, жарылып кетуден сақтайды, ал шіріген масса топырақ құнарлығын арттырады. Он жыл ішінде гумус мөлшері 3, 5 тен 4, 9 бірлікке жеткен [2] .
Жүгері және бидайды жақсартудың Халықаралық орталығының (СИММИТ) мүшесі, бүкіл әлемге танымал Мексикалық ғалым Кен Сайре жетекшілігімен Қазақстанда 2000- жылдан бері «жалға себу» (гребневой метод) әдісі қолданылып келеді. Бүгінде көптеген аудандарда бидайды осы әдіспен өсіру шаруашылықтарға ендірілуде. Бұл технологияның ерекшелігі бидай өнімділігін айтарлықтай арттырады. Мексикада 25 жылдан бері бидай жалға себу әдісімен өсіріледі, жерді жыртқанда арық және жал қалыптасады. Себу тек жалға жүргізіледі, суғару арық арқылы жүзеге асады. Климаттық жағдайына байланысты, Мексиканың бидай плантациясының 95%-ы осы әдісті қолдану нәтижесінде гектарына 120 центнер алуда. Егіншілікте жоғары өнім басты болса да, жоғары өнімділікпен ғана шектеліп қоймай, бұл технология тұқымды және тыңайтқышты үнемдейді, гербицидті қажет етпейді. Себебі культивация көмегімен бидай өзі арамшөпті жойып жібереді. Сондай-ақ, су арықпен жүргізілетін болғандықтан 30 пайызға дейін үнемделеді.
Қоршаған ортаның экологиялық жағдайына зиян келтірмей, топырақтың құнарлығын сақтап, суды үнемдеп, экологиялық таза, сапасы және өнімділігі жоғары бидай өсіру егін шаруашылығының алдына қойған мақсаты.
Ғылыми-зерттеу жұмыстың мақсаты -жаңа мексика технологиясы бойынша өсірілген күздік бидайдың әртүрлі өсу жағдайында морфо-анатомиялық құрылысын өнімділік мүмкіншілігімен байланыстырып зерттеу.
Міндеттер: 1. Жалға себу әдісімен өсірілген, жыртылмаған жерге егілген күздік бидайдың сортының морфологиялық-анатомиялық құрылысын айқындау;
2. Мексика технологиясымен өсірілген, жыртылған жерге егілген күздік бидайдың морфологиялық-анатомиялық құрылысы ерекшеліктерін анықтау;
3. Күздік бидайдың өнімділік мүмкіншілігін бақылау вариантымен салыстырмалы түрде зерттеу.
Ғылыми жаңалығы: Жаңа технологиямен өсірілген күздік бидайдың морфологиялық-анатомиялық көрсеткіштері өнімділікпен байланыстырылып Қазақстанда бірінші рет зерттеліп отыр.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І КҮЗДІК БИДАЙДЫҢ ӨНІМДІЛІГІНЕ ЖӘНЕ МОРФО-АНАТОМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІ
- Күздік бидайға жалпы сипаттама
Бидай (Triticum) - астық тұқымдасына жататын аса маңызды дәнді дақыл [3] .
Бидай - бүкіл әлемде 148 елдің негізгі азық-түлігі болып табылады және көптеген елдердің экономикасында ерекше орын алады. Бүкіл дәнді дақылдардың 60% мөлшері бидайдан алынады [4] .
Жер жүзінде бидай 235 млн гектар жерге себіледі. Бидай егісінің көлемі жөнінін біздің еліміз әлемде бірінші орын алады, қазір біздің республикамыз астық өндіруде еліміздің ірі орталығына айналып отыр.
Ал, бидайды көп себетін елдер қатарына Қытай Халық Республикасы, АҚШ, Үндістан, Канада, Франция, Аргентина жатады. Европа елдерінде және АҚШ-та күздік бидай көбірек себіледі. Аса бағалы бидайға, қатты және күшті бидай түрлері жатады [5] .
Өткен жылы Қазақстанда рекордтық астық жиналды. Экспорттық көрсеткіш те жоғары. Әрине, оның ішінде Қостанай облысының үлесі қомақты [6-9] .
Қазір біздің республикамыз астық өндіруде еліміздің ірі орталығына айналып отыр. Соңғы жылдары жүзеге асырылған ірі-ірі шаралардың нәтижесінде ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігі жылма-жыл артуда. Астық өндірісі интенсивті жүргізіліп, астықтың жалпы түсімі әр гектардан алынатын өнім молая түсуде [7-12] .
Қазіргі таңда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі Үкіметтің кезек күттірмес міндетінің біріне айналды. Бұл әлемдік азық-түлік рыногында қалыптасқан жағдайдан туындап отыр. Соңғы уақытта дүние жүзінде бұл мәселе өте ушығып, азық-түлік тапшылығы қатты сезілуде. Өткен жылы әлемдік ірі астық экспортаушы елдерде болған қуаңшылық пен табиғи апаттардың салдары күрделі проблемаларға ұрындырар түрі бар. Астықтың бағасы күн сайын шарықтап өсуде. Халықаралық негізгі астық биржасында бір тонна бидайдың бағасы 400 доллар [8] .
Бидайдың вегетациялық кезеңдерге бөлу, өсімдіктің өсу және даму ерекшеліетерін және оларға сыртқы экологиялық факторлардың әсерін білуге мүмкіншілік туғызады.
Тұқымның бөртуі және өнуі. Егістік жағдайында вегетацияның бірінші кезеңі, қолайлы жағдайда, егілген соң бірден басталады. Топыраққа түскен тұқымды ылғал сіңірген соң күрделі физиологиялық және биохимиялық процестер басталады. Ұрықта өзгерістер тез басталып, өскін мен тамыршалардың өсуіне әкеледі. Дәнде болып жатқан өзгерістерге және жеке мүшелердің қалыптасуына байланысты бөрту және өну кезеңі 5-ке бөлінеді: суды сіңіруі, бөртуі, желімденуі, алғашқы ұрық тамырдың өнуі, өркеннің өнуі, өскіннің өсіп шығуы. Тұқымның қарқынды бөртуі ең алдымен температуралық режимге және топырақтағы ылғалдың мөлшеріне байланысты [9] . Егер ылғал жеткіліксіз болса, бөрткен дәннің солып қалуы ықтимал [10] . Тұқымның бөртуі мен өнуі үшін дәннің құрғақ салмағының 45-55%-дей су сіңірлуі керек [11] .
Қолайлы жағдайда, ылғал жеткілікті, температура қолайлы болғанда дәнде биохимиялық және физиологиялық процестер жүре бастайды. Ферменттер әсерінен суда ерімейтін күрделі органикалық қосылымдар (крахмал, белок, майлар) суда еритін жәй заттарға ыдырайды да қалқанша арқылы ұрыққа өтеді [12] . Эндоспермнен ұрықа келіп түскен қоректік заттардың арқасында ұрықтағы тамыршаның ұшы және өркен (колеоптильден, бірінші және екінші жапырақтардан және бүршіктен тұратын) көлемі ұлғайып, алдымен тамырша, одан кейін өркен дәннің төменгі жақ қабығын жарып шығады. Бұл жағдай бөртудің аяқталуы, өнудің басы. Ұрық тамыр тұқым қабығын жарып топыраққа тереңдейді, ал өркен қарама-қарсы жаққа, демек жоғары жаққа қарай өседі. Біраз уақыт өткен соң алғашқы жұп ұрық тамыр, одан кейін келесі жұп ұрық тамыр пайда болады, көбінесе бидайда 5 ұрық тамыр дамыса, кей жағдайларда 3 тен 7-ге дейін жетеді. Ұрық тамырлар өсуі мен қатар өркенде өсе бастайды, бірақ тамырға қарағанда баяу өседі. Олардың қарқынды өсуіне топырақтың ылғалдылығы, температура, тұқымдағы қоректік заттар қоры және басқа да факторлар әсер етеді. Бөрту және өну кезеңінің аяқталғанын өркен біз тәрізді болып топырақ бетіне көрінгенінен байқауға болады. Бұл уақытта ұрықтық тамыр 10-15 см тереңдікке енеді [10-15, 16] .
Топырақ бетіне колеоптиль және алғашқы жапырақ шыққаннан соң өскін кезеңі басталады. Колеоптиль жапырақты топырақ бетіне шыққанша, механикалық зақымданудан сақтайды. Топырақ бетіне шыққан соң колеоптиль өнуін тоқтатып, оның түтігінен біз тәрізді, ширатылған жарық көрінеді. Колеоптильден айырмашылығы алғашқы жапырақ хлорофилл әсерінен жасыл түке боялған [13] .
Қолайлы жағдайда, алғашқы жапырақ пайда болғаннан бастап 7-15 күнде өзінің өсуін тоқтатады. Алғашқы жапырақ жазылып жайылған соң 3-7 күннен кейін оның қойнауынан екінші жапырақ, содан кейін 3-6 күн өткен соң үшінші жапырақ пайда болады. Қалыпты жағдайда әрбір жапырақ ізінен бұрын пайда болған жапыраққа қарағанда көлемі ұлғая береді [14] .
Жапырақ өсуі мен қатар тамыр жүйесі де дами түседі: ұзарып, жуандап, тармақтала бастайды. Осы кезде түптену түйіні қалыптасады. Алғашқы жапырақ топырақа бетіне шыққаннан бастап ұрықтың бүршігі тамырлық буынаралық арқасында ұрықтың негізінен және колеоптильден жоғары көтеріле бастайды. Бұл процес екінші және үшінші жапырақ өсу барысында қарқынды жүреді. Төртінші жапырақ пайда болғанда тамырлық буынаралық өсуін тоқтатып, оның жоғарғы жағында орналасқан бүршіктер жайлап ұлғая береді, бұл үлейген түйін-түптену түйіні. Түптену түйіні пайда болғанда, колеоптиль түгелімен құрайды [15] .
Үшінші жапырақтың өсуі кезенде және тамырлық буынаралықтың қарқынды дамуында, бүйірлік өркендердің өсу нүктелері дамуын бастайды. Кейбір зерттеушілер бұл кезді өз алдына бір кезең- үшінші жапырақтың пайда болу кезеңі деп қарайды. Жалпы өскін кезеңінің ұзақтығы 15-25 күнге созылады [16] .
Түптену кезеңінің басталғанын төменгі жапырақ қойнауынан алғашқы бүйірлік өркен көрінуінен байқауға болады. Ол негізгі сабақтың алғашқы жапырағының қынапшасында жатқан бүршіктен пайда болады. Алғашында бүйірлік өркен түтікше тәрізді ширатылған жапырақ түрінде көрінеді, оның ішінде бүйірлік өркеннің жапырағы өскеннен кейін, негізгі өркеннің екінші жапырағының қойнауында жатқан бүршіктен екінші бүйірлік өркен шығады. Қолайлы жағдайда, күздік бидай негізгі өркеннің жапырақтарындағы бүршіктерден ғана емес бүйірлік өркендердегі бүршіктерден бүйірлік өркендер шығара алады. Бұл бүршіктерден екінші реттегі бүйірлік өркендер дамиды. Ал, осы екінші реттегі бүйірлік өркендердегі бүршіктен үшінші реттегі бүйірлік өркендер, кейін төртінші реттік өркендер шығуына мүмкіншілік бар. Жасанды жағдайда 300 сабаққа дейін алуға болады. Егістік жағдайында, әдете 5-7 өркен қалыптасады, ал геркеш егілсе үшеу, кейін біреу ғана болуы мүмкін [17] .
Бүйірлік өркендер өздерінің түптену түйіндерінің негізгі сабақтың түптену түйініне жақын салады, сондықтан оларды ажырату қиын. Бір өсімдікте қалыптасқан сабақтар саны түптену коэффициенті деп атайды. Түптену кезінде бүйірлік өркендер қалыптасуымен қатар тамыр жүйесінің даму қарқынды жүреді. Қысқа дейін ұрықтық тамырлар 100 см-ге тереңдеп, 30-40 см-ге тармақталып тарайды [18] .
Түптену кезеңінде жанама тамыр жүйесі қалыптасады. Алғашқы тамырдан өзгешелігі жанама тамыр жүйесі түптену түйінінен дамиды. Олар алғашқы тамыр жүйесімен қосылып, өркенді ылғалмен және қореқтік заттармен қамтамасыз етеді. Соңғы, қосалқы тамыр жүйесі кейінірек дамыса да қолайлы жағдайда, тез тармақталып, алғашқы ұрық тамыр жүйесімен бірге шашақ тамыр жүйесін құрайды [10-16] .
Түптену немесе сабақтану кезеңі. Түптену кезеңінде бүйірлік өркендер қалыптасумен, алғашқы және жанама тамыр жүйесі және жапырақтардың дамуымен қатар негізгі өркен және бүйірлік өркендер қалыптасады. Түптену кезеңінің соңына қарай болашақ өркеннің барлық мүшесі қалыптасып өсімдікте пластикалық заттар қоры жеткілікті болса, сабақ өсе алады. Өркеннің өсуі төменгі буынаралықтың ұзаруынан басталады. Ол түптену түйінінен жоғарырақ орналасқан. Алдымен негізгі сабақ, кейінірек бүйірлік өркен сабақтары өседі. Бірінші буынаралықтың төменгі және жоғарғы буындарының меристемалық клеткалары бөлінуі және олардың созылуы нәтижесінде бірінші буынаралық қалыптасады. Оның ұзындығы, әдете 3-4 см, кейде 7-10 см-ге жетеді, қарқынды өсуі 5-6 күн, 10-15-ші күндері өсуі тоқтайды.
Бірнеше күн өткен соң, бірінші буынаралық қалыптасқаннан кейін, екінші буынаралық өсе бастайды. Бірақ, оның қарқынды өсуі, тек бірінші буынаралықтың өсуі бәсеңдегенде ғана, 4-6 күнге созылады. Осыдан кейін келесі буынаралықтар қалыптасады. Өркен 5-6 буынаралық құрайды. Бүйірлік өркенде көбіне 3-4 буынаралық болса, негізгі өркенде 5-7 буынаралық түзіледі. Аса қолайлы жағдайда, күздік бидай 10 буынаралық түзуі мүмкін [10-16] .
Түтіктену кезеңінің аяқталуын соңғы, яғни ең жоғарғы жапырақ қойнауынан масақтың көрінуінен білуге болады. Бірақ, өркен қарқынды түрде өсе отырып, гүлдеу кезеңінде ғана максималды шегіне жетеді. Бұл кезеңде өркеннің өсу қарқындылығы әр түрлі, бірінші буынаралықтың тәуліктік өсуі 0, 5-1, 5 см болса соңғы буынаралықтар күніне 5-6 см-ге дейін өсе алады. Буынаралықтың ұзындығы төменнен жоғарыға қарай арта береді. Соңғы буынаралық ең ұзын және көбінесе басқа барлық буынаралықтарды қосқанда, оның ұзындығы артық болады. Сабақ ұзындығы өсу жағдайына және сорттық ерекшеліктерге байланысты 50-ден 150см-ге дейін ауытқиды. Бүйірлік өркендер сабағының ұзындығы негізгі өркендер сабағынан қысқа [15-17] .
Сабақтың ұзаруымен, масақтың дамуы қатар жүреді де, түптену кезеңі аяқтала масақтағы масақшалардың бүкіл мүшелері толық түзіледі. Түтіктену кезеңінде өркен жапырақтарының өсуі нәтижесінде олардың ассимиляциялық көлемі артады. Жапырақтың үлкен қынапшалары сабақты, буынды тығыз қоршап, механикалық зақымдардан және зиянкестерден сақтайды. Жапырақ тақтасы бүкіл түтіктену кезеңінде үлкейіп, гүлдер кезеңінде тоқтайды. Түтіктену кезеңі алғашқы және соңғы тамыр жүйесінің қарқынды өсуімен сипатталады. Тәуліктік өсу бұл кезде 2-3 см, кезең соңында алғашқы тамырлар 1, 5-2, 5 см, ал қосалқы тамырлар 7-100 см-ге тереңдейді. Түптену кезеңіне қарағанда, түтіктену кезеңі ұзаққа созылады, өсу жағдайына байланысты 20-25 күннен 30-35 күнге дейін созылады. Күздік бидайдың түтіктену кезеңінде қарқынды өсуі көптеген факторларға, әсіресе температуралық режимге тәуелді [15-17] .
Масақтану кезеңі соңғы жапырақ қолтығынан масақтың көрінуінен басталады. Масақтар негізгі өркенде бірінші пайда болып 1-3 күннен соң жанама (бүйірлік) өркенде байқалады. Бір өсімдіктің өзінде масақтану 3-4 күнге созылса, егісте 5-6 күнде өтеді. Егер егіс сирек және өсімдікте 3-4 өнімді өркен болса, масақтану 7-8 күнге созылуы мүмкін [18] .
Гүлдеу және ұрықтану кезеңі күздік бидайда гүлдеу масақтанғаннан кейін 2-3 күннен соң басталады. Гүлдеу масақың төменгі масақшаларынан басталып, жоғарға қарай масақ бойынша таралады. Бір масақтың гүлдеу ұзақтығы 3-5 күнге, егісте 6-7 күнге созылады. Көпшілік гүл гүлдеу басталғаннан соң 2-3 күн өткен соң ашылады. Қолайлы кезде бидай күні бойы гүлдейді, бірақ, әсіресе нағыз гүлдеуі таңертеңгі 7-ден 11-ге дейін, кешке 17-ден 22-ға дейін [18] .
Бидай өздігінен тозаңданатын өсімдікке жатады, бірақ, кейде айқас тозаңдануы да мүмкін. Масақта гүлдер ашық гүлдік қауашақта гүлдейді. Бидайдың тозаңы аналық аузына түспеген кезде өмір сүру қабілетін тез жояды, ал аналық аузы аталықты қабылдау қабілетін 6-8 күн сақтайды. Ауа-райына байланысты қауашақтың айрылатын бұрышы 25-40º болады, одан кейін аталық жібі өсе отырып, тозаңдықты көтере гүл қауашағының жоғарғы шегі деңгейіне жеткенде, олар жарылады. Аталық тозаңдардың үштен бір бөлігі гүлдің ішіне түсіп, қалғаны маңайына шашылады. Гүлдің ішінде қалған тозаңдар аналық аузына түсіп, ол желім тәрізді сұйықтықта өсе бастайды [19] .
Н. Н. Кулешов гүлдеу және ұрықтану кезеңіне сипаттама бере отыра, осы кезеңде тіршілік циклы екі периодқа вегетативті және репродуктивті бөлінеді деп санайды [20] . Бидай өсімдігінде өтетін, ұрықтанғаннан кейінгі барлық процестер-ұрпақ құруға бағытталған; ұрықтың қалыптасуы, дәннің толысуы және пісуі. Вегетативті массаның өсуі тоқтайды, тамырлық және төменгі сабақтық жапырақтардың қурауы нәтижесінен, вегетативті салмақтың жалпы мөлшері төмендейді және де нашар дамыған бүйірлік өркендер қурайды. Тамырлар сүттеніп пісуге дейін дамуын жалғастырады, дегенмен ұрықтанғаннан кейін олардың өсуі, алғашқы кезеңдермен салыстырғанда, күрт төмендейді [14-15, 21] . Масақтану, гүлдеу және ұрықтану кезеңдерінің жалпы ұзақтығы 5-12 күнге созылады. Ауа-райының салқын, бұлтты және жауынды болуы кезеңді ұзартса, ал құрғақ және ыстық болғанда қысқарады.
Дәннің қалыптасуы ұрықтанғаннан кейін бірден басталып, алдымен дәннің қабығы мен эндосперм түзіледі. Жапырақтар мен сабақтан келген пластикалық заттардың дәнге түсуінен оның көлемі ұлғаяды. Қолайлы жағдайда, ұрықтанғаннан кейін 10-12 күн өткенде қабықтардың және эндоспермнің қалыптасуы аяқталады, дән қалпына келіп, жетілген дән сияқты, бірақ ені үлкенірек болады. Кезеңнің басында қалыптасып жатқан дән - оған келіп түскен ерітінділердегі хлорофилл дәндері арқасында, жасыл түске ие. Кезеңнің соңына қарай ол жасыл түсін жоғалтып, сүт сияқты ақ түске ие болады. Әдетте, осы көрсеткішке байланысты дәннің қалыптасу кезеңінің аяқталғанын анықтауға болады [13-20] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz