Адвокатураның мақсаттары мен қызметінің нысандары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Заң факультеті

Сот билігі және қылмыстық іс жүргізу кафедрасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Адвокатураның мақсаттары мен қызметінің нысандары

Орындаған: 4 курс студенті .

Ғылыми жетекшісі, з. ғ. д.

профессор:

Норма бақылаушы

аға оқытушы:

Кафедра меңгерушісінің

з. ғ. д., проф. .

рұқсатымен қорғауға жіберілді.

« » 2010 ж.

Алматы, 2010

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. АДВОКАТУРАНЫҢ ҰҒЫМЫ, МӘНІ, МІНДІТТЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ САТЫЛАРЫ . . . 7

1. 1. Адвокатураның ұғымы, мәні мен міндеттері . . . 7

1. 2. Адвокаттық қызметті реттейтің заңнама . . . 8

1. 3. Адвокатураның құрылуы мен даму сатылары . . . 10

2. АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ҰЙЫМДЫҚ НЕГІЗІ ЖӘНЕ АДВОКАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ . . . 20

2. 1. Адвокаттық қызметтің ұйымдық негізі . . . 20

2. 2. Адвокаттың құқықтық жағдайы . . . 23

2. 3. Адвокат еңбегіне ақы төлеу . . . 30

3. АДВОКАТТЫҢ СОТ ІСІНЕ ҚАТЫСУЫ . . . 32

3. 1. Адвокаттың қылмыстық іске қатысуы . . . …. 32

3. 2. Адвокаттың азаматтық іске қатысуы . . . 46

3. 3. Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша адвокаттың қызметі . . . 50

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 52

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР тізімі . . . 56

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл дипломдық жұмыста адвокатура, оның мақсаттары мен қызметінің нысандары зерттелінген.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет орнату үшін азаматтардың құқықтарына, бостандығына және заңды мүдделеріне кепілдіктерді күшейту керек. Айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз ету және тараптардың бәсекелестігі және тең құқықылығы қағидасын дамыту қылмыстық іс жүргізутің барлық сатыларында күшті кәсіби қорғаудың болуын талап етеді. Қазіргі кезде адвокат-қорғаушының қылмыстық іс жүргізуге қатысу мүмкіндігі көбейді.

Демократияның аса маңызды сипатты белгісі мынада, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары жарияланып қана қоймай, оларға әртүрлі кепілдіктерде беріледі. олар экономикалық, әлеуметтік, саяси және заңдық кепілдіктер болып бөлінеді. Осылардың ішінен заң кепілдігіне тоқталатын болсақ, алдымен кепілдік дегеніміз - қамтамасыз ету деген мағынаны білдіретінін білеміз. Ал заң кепілдігі дегеніміз қолданылып жүрген заңдар арқылы мемлекеттің субъективтік құқықтардың жүзеге асырылуын қамтамасыздандыру құралдары мен тәсілдері. Бұл ең алдымен әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау, білікті заң көмегін алу құқықтары т. б.

Бұзылған құқықты қорғау үшін өкімет билігі немесе басқару органына өтініш жасау, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, құқық қорғау туралы талап қойып сотқа жолдануға кедергі жасалмайды. Ол үшін әрбір адам заң тұжырымдарын біліп қана қоймай, оны қолдана алатын болуы қажет. өкінішке орай әзірше азаматтардың құқық сауаттылығы жоққа тән.

Сондықтан адвокаттардың (қорғаушылардың, өкілдердің) көмегіне жүгінуге әкеп соқтырады.

Конституциясының 13-бабында: «Әркiмнiң бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегi тегiн көрсетiледi» - деп жазылуы кепiлдiктiң тағы да бiр көрiнiсi.

Көмектiң түрi әртүрлi. Ол - конституция (заңдарды түсiндiру) ретiнде, не адвокаттардың қылмыстық, азаматтық, әкімшілік iстерге байланысты сот iстерiне қатысып, заң көмегiн беруi ретiнде болуы мүмкiн. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбiр адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының ) көмегiн пайдалануға құқылы.

Адвокатураның қызметi көмек сұраған азаматтар мен ұйымдарды бiлiктi заң көмегiн көрсету жолымен құқықтық қорғауды қамтамасыз етуге тиiс, ондай көмек, мысалы, сотта қылмыстық, азаматтық және өзге де iстер бойынша олардың мүдделерiн бiлдiру, негiзсiз қылмыстық қудалаудан қорғау және т. б. арқылы көрiнуi мүмкiн.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зерттеу кезінде С. Л. Ария, К. К. Арсеньев, М. О. Баев, Б. Т. Безлепкин, А. Д. Бойков, Е. В. Васьковский, Д. П. Ватман, Л. В. Владимиров, А. А Власов, Е. П. Данилов, Н. И. Капинус, Е. Г. Тарло, Н. М. Кипнис, А. Ф. Кони, В. Л. Кудрявцев, В. Ю. Львова, П. А. Лупинская, Е. А. Матвиенко, В. В. Мельник, Г. М. Резник, В. П. Рыжаков, А. Ф. Романенков, И. Д. Перлов, И. Л. Петрухин, Н. Н. Полянский, Е. В. Семеняко, Б. Саломов, И. Л. Трунов және тағы басқа революцияға дейінгі, Кеңестік кезеңдегі және бүгінгі Ресей ғалымдарымен зерттелінген.

Қазақстанда мұндай тақырып А. Н. Ахпанов, Е. О. Алауханов, К. Беков,
Л. Ш. Берсүгірова, Т. К. Биятов, М. А. Джанабаев, А. А. Исаев, К. Ж. Капсалямов, М. Ч. Қоғамов, Д. Н. Канафин, Ш. К. Құсайынов, Е. Я. Лопушной, С. С. Молдабаев, Г. М. Нам, К. И. Нұржаубаева, А. С. Нұралиева, С. Д. Оспанов, Т. Е. Сәрсенбаев, Б. Х. Төлеубекова, А. К. Түгел, А. Ж. Тукеев, С. Т. Тыныбеков, Ш. М. Шарипов, Б. К. Шынарбаев, Р. Н. Юрченко және тағы басқа ғалымдардың еңбегінен көрініс тапқан.

Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Бұл зерттеуді адвокатура институтын зерттеу және соның нәтижесінде осы институтты жетілдіруге және адамдарды қорғауда пайдаланатын құралдар мен тәсілдерді жетілдіруге бағытталған ғылыми негізі бар ұсыныстар даярлау мақсаты қойылған.

Зерттеу жұмысының мақсатына жету үшін келесідегідей міндеттерді орындау қажет:

  • адвокатураның ұғымын, мәнін және міндеттерін ашып беру;
  • адвокаттық қызметті реттейтің заңнаманы талдау және оны жетілдіруге бағытталған ұсыныстар жасау;
  • адвокаттың құқықтық жағдайын талдау;
  • адвокат еңбегіне ақы төлеу проблемаларын зерттеу;
  • адвокаттың сот ісіне қатысу проблемаларын талдау.

Зерттеу объектісі және пәні. Адвокатура өз мақсаттарына жету және қызметінің нысандарын жүзеге асыру барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар, зерттеудің объектісі болып табылады.

Қорғанушының қорғану құқығын қамтамасыз ету жөніндегі қылмыстық іс жүргізу қызметінің мәні мен мазмұны және де айыпталушыны қорғау жөніндегі адвокат-қорғаушының қылмыстық іс жүргізу қызметінің мәні мен мазмұны, сол қызметті реттейтін конституциялық және қылмыстық іс жүргізу нормаларының жиынтығы зерттеудің пәні болады.

Зерттеудің әдістемелік негіздерін танымның қазіргі әдістері, оның ішінде жалпы ғылыми да (диалектикалық, жүйелік-құрылымдық, институционалдық өлшеу, құрылымдық-функционалдық, социологиялық және т. б. ), арнайы да (тарихи-заңдық, формальды-заңдық) әдістер зерттеудің методологиялық негізін құрады.

Автор жүйелік тәсілдің, сондай-ақ талдау мен синтездің, индукция мен дедукция, статистикалық және салыстырмалы-құқықтық әдістердің мүмкіндігіне сүйенді. Зерттеудің эмпирикалық негізін құраған материалдарды зерделеу үшін автор талдау, сұрау және сараптық баға беру түріндегі нақты-социологиялық әдістерді пайдаланды.

Зерттеудің нормативтік базасын Халықаралық-құқықтық актілер, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары, ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары, сонымен қатар бірқатар шет елдердің (АҚШ, Англия, Италия және т. б. ) заңдары құрады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығына осы проблеманы зерттеудегі тәсілдің өзін жатқызуға болады. Адамның қорғану құқығын қамтамасыз ету проблемасының ғылыми негізінде адам құқығының, бостандығының және заңды мүдделерінің басымдығы, әлеуметтік маңыздылығы мен құндылығы, олардың мемлекеттік және қоғамдық құндылықтармен арақатынасы жатыр, бұлар Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан.

Дипломдық жұмыста адвокат-қорғаушы мен айыпталушы арасындағы өзара қатынасты, олардың әрқайсысының іс жүргізудегі жағдайына және оларға берілген құқықтар мен міндеттерге сүйеніп, соттағы қылмыстық іс жүргізуге қатысушы бұл адамдардың психологиялық ерекшеліктері мен күйін ескеріп, қылмыстық іс жүргізу тұрғысынан зерттеуге талпыныс жасалды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы қорғауға шығарылатын мынадай негізгі тұжырымдардан нақты көрініс тапқан:

1. Қылмыстық қудалау органдарының (осы органдарының лауазымды тұлғаларының) кінәсімен ақтау дәлелдемелерді жинау барысында қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптары бұзылған жағдайда, қорғаушы жақ мұндай дәлелдемелерді пайдалана алмайды («дәлелдемелер ретінде рұқсат ету ережелерінің асиметрияланғаны»), себебі, заң талаптары бұзылып алынған дәлелдемелездің заңи күші болмайды, бұл жағдайда процесуалды нысан бұзылады, ал ҚІЖК 116 бабына сәйкес ондай деректер дәлелдемелер ретінде рұқсат етілмейді.

2. Қылмыстық іс жүргізудегі тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтылығы қағидасы бұзылмас үшін және айыпталушы мен айыпталушының құқықтырынын шектелуіне және бұзылуына жол бермес үшін ҚІЖК 102 баптың 4 бөлімінің редакциясын, қазіргісінен, келесідегідейге өзгерту керек:

«Өтініш мәлімделгеннен кейін, оның қабылдануы, қаралуы және тікелей шешілуі міндетті болып табылады»

3. Қылмыстық іс жүргізуде адвокат-қорғаушы дәлелдемелерді жинау субъектісіне жатпайды. Адвокат-қорғаушының жинаған материалдар, тек қылмыстық іс жүргізу органдарынын лауазымды тұлғаларының тиісті бағасын алғаннан кейін ғана дәлелдемелер бола алады. Яғни, ол материалдар тергеушімен, анықтаушымен, прокурормен іс бойынша маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін пайдасы бар деп танылса, онда аталған лауазымды тұлғалар, адвокат-қорғаушымен жиналған материалдарды қылмыстық іске дәлелдемелер ретінде қосу туралы қаулы шығарулары тиіс.

4. Алдын-ала тергеу біткеннен кейін адвокат-қорғаушы өзінің қорғау қорытындысын дайындау керектігін ұсынамыз. Қорғау қорытындыснда адвокат-қорғаушының, қылмыстық іс бойынша айыпталушыні, айыпталушыны және сотталушыны қорғауға бағытталған барлық материалдар бекітілуі тиіс.

5. Айыпталушының мүліктік жағынан дәрменсіздігі себебімен, адвокат жалдауға мүмкіншілгі болмаған жағдайда, тергеуші, анықтаушы, прокурор, оларға адвокатты тағайындайды (әрине, егер де заң бойынша адвокаттын қатысуы міндетті болса (ҚІЖК 71 бабы) ) . Біз айыпталушынің, айыпталушының, сотталушының от басының орта жан басына шаққандығы, адвокаттың тағайындалғанға дейін соңғы үш айдын табысы туралы анықтамамен қылмыстық істі тергеу барысында расталуы тиіс - деп есептйміз. Бұл шара тағайындалған адвокаттардың еңбек ақысын мемлекет есебіннен негізсіз төленгеніне жол бермеді.

6. Қылмыстық іс жүргізуге тағайындау тәртібімен қатысатын адвокат-қорғаушылардың тәжірибесінде, өз еңбектеріне алуға тиіс ақысын уақытылы алу үшін, біз ондай адвокатардың еңбек ақысын арнайы қорларда жиналатын қаражаттан жүзеге асыру керектігін ұсынамыз.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мазмұнынан, кіріспеден, үш бөлімнен, тоғыз бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.

1. АДВОКАТУРАНЫҢ ҰҒЫМЫ, МӘНІ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ САТЫЛАРЫ

  1. Адвокатураның ұғымы, мәні мен міндеттері

Дамудың демократиялық қағидаттарын қамтамасыз етуде адвокатураның алатын орны ерекше. Ол ең алдымен қоғамның әртүрлі салаларында жиі-жиі кездесіп тұратын заңсыздықтарды болдырмау үшін күреседі. Ал қазіргідей өтпелі кезеңде, орын алып отырған келеңсіздіктермен қатар күні кеше ауылшаруашылығында жүргізілген жекешелендіру барысында туындаған проблемалар және әртүрлі жеке фирмалар мен ЖШС-тер өмір сүріп жатқан қазіргі кезеңде орын алып жатқан заңсыздықтардан аяқ алып жүре алмайсың. Сонымен қоса тергеу, тексеру, жауап алу барысында құқық қорғау орындары тарапынан жіберіліп жатқан заңсыздықтар да аз емес.

Сотта өз істерін табысты жүргізу үшін заңдарды жақсы біліп және сот өндірісінің формальдылығын жете сезініп түсінумен қатар, өз ойын анық бір-бірімен байланыстыра жеткізе білуі керек. Бірақ кез-келген азамат мұндай білімдер мен қасиеттерге ие емес. Осылардың негізінде қажетті заң көмегін алуда сот істерінде тек қана кеңестер беріп қоймай, сот ісін де өзінің сөзімен, сөйлеу өнерімен алып шығатын адамның қажеттігі туады. Сот ісіне қатысып отырған заң көмегін беруші тараптың әрекетіне қосымша оның атынан іс жүргізу құжаттарын толтырып, сот жарыссөзінде азаматтың құқығымен мүддесін қорғап сөйлеуін құқық қорғау деп атайды.

Шынында, құқық қорғау соттағы өкілдіктің жеке оқиғасы іспеттес. Бірақ, егер өкіл негізінен өкілдік берушіні толық сотта ауыстырады, ол юрист-консульт, яғни заң кеңесшісі құқық қорғаушы өкіл берушіні ауыстырмай-ақ бірақ оған іс жүргізуде көмектесе отырып, сот өндірісінде жеке маңызды рөлге ие болады. Құқық қорғау қажеттілігі арқасында адвокатура атты кәсіби мамандық пайда болды. Бұл термин «advokatus» атты латын сөзінен шыққан, яғни шақыру деген мағынаны білдірген. Сонымен римдіктер, өздерін сот ісіне ертіп апарып, сот отырысында кеңестер берген достары мен туыстарын осылай атады. Империя кезінде бұл сөз қандай мағынаға ие боса, қазіргі кезде де сондай-ақ көптеген тілдерде де сол кездегі мағынаға ие болған қалпында сақталып қалды. Яғни Адвокат - бұл маман-заңгер және оратор-шешен болсын, кез-келген істе тараптармен бірге болсын, яғни тараптарсыз болсын, олардың ісін жүргізуші, көмектесуші болып табылады.

«Ғалым-эксперттен құқық пен сот ораторы ретінде таза құқық қорғау қасиетінен қандай болмасын адвокат заң жағынан маклер, көпшілік арасында құрметке ие, практика іскері ретінде өзінің клиенттерінің мүддесін материалдық тұрғыда биік қоятын кәсіби маман» [1, 13 б. ] .

Қазіргі кезде Қазақстанда өкілдік пен құқық қорғау бағыттары бір-бірінен бөлінген.

Өкілдікті адвокаттар да басқа да тұлғаларға да белгіленген. Ал құқық қорғау бағыттарын сотта прокуратура органдары мен мемлекеттік басқару органдары, сондай-ақ басқа тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін сотта қорғау үшін қатысатын қоғамдық ұйымдар мен азаматтар болады.

Сонымен, «адвокатура» ұғымы бірнеше анықтамаға ие, соның ішінде:

1. Адвокатура - сотта басқа адамдардың мүдделерін жүргізуге қатысатын белгілі маман адвокаттардың іс әрекеті.

2. Адвокатура - бұл соттағы өкілдікке қарама-қарсы құқық қорғау.

3. Адвокатура - адвокаттар құрамы, яғни өздерін осы кәсіпке арнаған тұлғалар класы.

Осыларға қарап адвокатураға толық ұғымды былай беруге болады.

Адвокатура - елді мекендер мен заңды және жеке тұлғаларға заң негізінде юридикалық көмек көрсететін кәсіби ұйым [2, 67 б. ] .

Адвокатураның қызметі, сөз жоқ құқық қорғауға жатады. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясымен 1997 жылғы 5 желтоқсандағы «Адвокаттық қызмет туралы» Заңның негізінде жүзеге асырылады, кәсіпкерлікке жатпайды, өйткені негізгі мақсаты ретінде пайда табуды көздемейді және міндеттері мыналар болып табылады.

1. Қылмыстық істер бойынша қорғауды;

2. Азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және басқа да істер бойынша өкілдікті;

3. Сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғаларға өзге де заңгерлік көмек көрсетуді алға қояды.

Адвокатура мемлекет кепілдік берген және Конституциямен бекітілген адамның өзінің құқықтарын, бостандықтарын сот арқылы қорғау және білгірлік көмек алу құқығын жүзеге асыруға көмектесуге міндетті [3, 15 б. ] .

Адвокаттың өз өкілеттігін жүзеге асырарлықтай жеткілікті құқықтары бар.

Сонымен, барша адамдар заң көмегiн, сондай-ақ ол көмектi адвокаттың қатысуымен алуға құқығы туралы конституциялық ереженi сақтау, сотта тараптардың бәсекелестiгi және тең құқықтылығы негiзiнде жүзеге асыруға, iс бойынша ақиқатты анықтап, заңды да негiздi сот шешiмiн шығаруға ықпал етедi.

  1. Адвокаттық қызметті реттейтің заңнама

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыра отырып, адам және азаматтың өмірі, құқықтары мен бостандықтарын ең басты қазынасы ретінде қарастырады.

Қазақстан Республикасындағы Ата Заңымыз адам және азаматтық құқықтары мен бостандықтарын қорғауды басты мақсатқа қояды және оларға кепілдік береді. Қазақстан республикасының Конституциясында адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына арналған 32 бап бар.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 13 бабының 3 тармағында «әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген жағдайда заң көмегі тегін көрсетіледі» делінген.

Осыған орай 1997 жылы 5 желтоқсанда «ҚР Адвокаттық қызмет туралы» заңы қабылданды. Бұл заңның негізгі мақсаты- адамның өз құқықтарын бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және ҚР Конституциясымен баянды етілген құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған.

Адвокатура адвокаттардың азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және басқа да істер бойынша қорғау және өкілдік ету жөніндегі, сондай-ақ азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және оның іске асырылуына заңгерлік көмек көрсету мақсатындағы қызметін ұйымдастырады. Адвокаттардың адвокаттық қызмет аясында жүзеге асыратын заңгерлік көмек кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды.

«Адвокаттық қызмет туралы» ҚР. Заңының мазмұнын құрайтын барлық нормативті материалдар 4 тарау 34-бапқа жүйеленген.

Баптар өз кезегінде бөлімдерден, пункттерден, пункт ішіндегілерден тұрады. Олар нормативтік құқықтық актінің құрылымына байланысты:

- жалпы бөлім;

- адвокаттар мәртебесі;

- қорытынды және өтпелі кезеңдерден тұрады.

Адвокаттық қызметтiң құқықтық негiздерi «Адвокаттық қызмет туралы» Заңның 2 бабында бекiтiлген. Адвокаттық қызмет туралы заңдар осы заңнан және адвокаттық қызметтi реттейтiн өзге де заңдардан тұрады (ҚIЖК, АIЖК «Сот орындаушыларының мәртебесi және атқарушылық iсiн жүргiзу туралы» Заң және т. б. ) .

Негізінде, адвокаттық қызметті реттейтін заңдардың тізімін келтіретін болсақ, ол былай шығар еді:

  1. ҚР Конституциясы 1995. 30. 08. 7. 10. 1998 жылы өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлген.
  1. ҚР «Адвокаттық қызмет туралы» заңы 5. 12. 1995 жылы.
  2. Қазақстан Республикасының Президентінің 1994 жылғы 12 ақпандағы "Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы туралы" қаулысы
  3. Қазақстан Республикасының Президентінің "Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы" 2004 жыл қаңтар.
  4. Қазақстан Республикасындағы Азаматтық Iс Жүргізу Кодексі 1999 жылы 13 шiлде. .
  5. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Iс Жүргізу Кодексі 13. 12. 1997ж.
  6. Қазақстан Республикасындағы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі 30 қаңтар 2001 жыл.
  7. Общий кодекс правил для адвокатов. Европейского сообщество. «Адвокат» 1995. №10.
  8. ҚР Президентiнiң лицензиялау туралы заң күшi бар Жарлығы. 17 сәуiр 1995 жыл.
  9. «Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру тәртiбi туралы Ереже»ҚР Әдiлет Министрiнiң 1998 жыл 21 қаңтар №19 бұйрығымен бекiтiлген.

Адвокаттық қызметтің кәсіби стандарты - бұл қолданыстағы заңдар мен халықаралық актілерде көрсетілген, адвокаттардың тиімді негіздерде жалпы және нақты бір істер бойынша адвокаттар қызметінің ұйымдастыру құралдары мен адвокаттық практикамен пісіп-жетілген тәсілдерді адвокаттардың іс жүргізуде қолданудағы сапасына қойылатын талаптарды айтамыз.

Адвокаттар қызметінің кәсіби сапасына қойылатын ең маңызды және жалпы талаптар Нью-Иоркте 1990 жылы тамыз айында өткен қылмыстарға ескертпелер негізінде БҰҰ-ның сегізінші конгресінде қабылданған Адвокаттар ролінің Негізгі Ережелерінде бекітілген.

Бірақ бұл Ережелер адвокаттардвң қылмыстық және әкімшілік істерге қатысуы бойынша қарастырылса да ол адвокаттардың азаматтық және басқа да істерге қатысуына қолданылады.

Қазақстан мемлекетi өз азаматтарының белгiлi бiр iс әрекетiнiң заң жүзiндегi мүмкiндiктерiн таниды және оларға кепiлдiк бередi. Адам мен азамат құқығы - Қазақстан Республикасы Конституциясының iргелi категориясы, ол адамды қазақстандық қоғамның ең жоғарғы құндылығы ретiнде орнықтырады.

Жақсы адвокат болу оңай емес. Ол үшін білімді, білікті, жоғары мәдениетті болумен бірге ҚР заңдарын терең білу қажет. Сонда ғана оның беделі өсіп, мәртебесі биіктей түседі, азаматтар құқығының нағыз қорғаушысы, тағдырымыздың арашашысы бола алады. Сонда ғана адвокатқа деген адамдардың сенімі артады.

1. 3. Адвокатураның құрылуы мен даму сатылары

1. 1917 жылғы октябрь төңкерісіне дейінгі Ресейде адвокатура институтының құрылуы Қазақстандағы адвокатура институтының пайда болуы мен дамуының алғышарты.

Қазақстандағы адвокатура институтын қарап ұғыну үшін оның ең алдымен құрылу, даму тарихын зерттемей, қоғамдық-құқықтық институт болып саналатын адвокатураның маңызы мен міндетін білу мүмкін емес. ¤йткені соңғы қорытындыда бұл бізге құқықтық-демократиялық мемлекетте адвокатураның орны, ролі және маңызы қандай екенін анықтаумызға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Қазақстандағы адвокатура институтын зерттеу үшін алдымен Ресейдегі адвокатура институтының дамуы мен қатар отырып зерттеу керек. Адвокатураның қызметінің бағыты, құқықтық қатынастары жүйесіндегі жағдайы әр кезеңдерде қоғамның саяси жүйесінің, экономикалық жағдайы, құқықтық мәдениеті мен азаматтардың құқықтық сана-сезімін өзгеруіне байланысты ол да өзгеріп дамып отырады.

Адвокатураның құрылу жолы қиын болды және әрқашан әр кезеңдерде қоғамның дамуы адвокаттық қызметтің құрылу, дамуының құралдары мен әдістерін іздестіріп отырды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР адвокатура қызметінің құқықтық негізі
Адвокатура мен адвокаттық қызметтің түсінігі мен маңызы
ҚР адвокатура қызметінің құқықтық негіздері
Адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі
Ежелгі замандағы адвокатура институтының қалыптасуы мен даму тарихы
Адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтық жағдайы
Қоғамдық өкіл ретінде
Адвокаттық қызмет пәнінен лекция тезистері
ҚР әділет органдарының қызметі: құрылымы, маңызы, мақсаттары мен міндеттері
Адвокатура институтының даму тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz