Жаңа технологиямен өсірілген күздік бидайдың морфо – анатомиялық құрылымына экологиялық факторлардың әсері туралы ақпарат


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА УНИВЕРСИТЕТІ
Жаратылыстану-география факультеті
Экология кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Жаңа технологиямен өсірілген күздік бидайдың морфо - анатомиялық құрылымына экологиялық факторлардың әсері
Орындаған: Сарқытбаева А. К.
050608-«Экология» мамандығын
бітіруші
Ғылыми жетекшісі: б. ғ. к., доцент. м. а. Қапасова М. С.
Норма бақылаушы: б. ғ. к., аға оқытушы Кіршібаев Е. А
Бітіру жұмысы кафедра мәжілісінде
талқыланып, қорғауға жіберілді:
Хаттама № 10 «10» 06 2009 ж.
Экология кафедрасының
меңгерушісі: п. ғ. к. Мухамединова Н. А.
Алматы - 2009
РЕФЕРАТ
Диплом жұмысы:
___62___ беттен, кестеден, 10___ фотосуреттен, әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кілттік сөздер: Жалдап егу, Мексика технологиясы, эпидерма, склеренхима, паренхима, хлоренхима, үлкен және кіші өткізгіш шоқтар, ксилема, флоэма.
Жұмыстың орындалуы: Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті, экология кафедрасы.
Зерттеу аймақтары: Зерттеуге Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығында өсірілген күздік бидайдың Алмалы сорты алынды.
Әдістері: Зерттеу нысандарын фиксациялау спирт, су, глицерин (1:1:1) қатынасында жүргізілді, анатомиялық құрылысы жалпыға бірдей қолданылатын әдіс (Страсбургер әдісі) арқылы зерттелді, сабақтың және жапырақтың көлденең кесіндісінен уақытша препараттар жасалды. Фото суреттер сандық фотоаппаратпен түсірілді.
Жұмыстың мақсаты: Жаңа мексика технологиясы бойынша өсірілген күздік бидайдың әртүрлі өсу жағдайында морфо-анатомиялық құрылысын өнімділік мүмкіншілігімен байланыстырып зерттеу.
Жұмыстың міндеті: 1. Жалға себу әдісімен өсірілген, жыртылмаған жерге егілген күздік бидай сорттарының морфологиялық-анатомиялық құрылысын айқындау; 2. Мексика технологиясымен өсірілген, жыртылған жерге егілген күздік бидайдың морфологиялық-анатомиялық құрылысы ерекшеліктерін анықтау; 3. Күздік бидайдың өнімділік мүмкіншілігін бақылау вариантымен салыстырмалы түрде зерттеу. Ғылыми жаңалығы: Жаңа технологиямен өсірілген күздік бидайдың морфологиялық-анатомиялық көрсеткіштері өнімділікпен байланыстырылып Қазақстанда бірінші рет зерттеліп отыр.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . . 7
I. КҮЗДІК бидай өнімділігіне және морфо-
анатомиялық құрылысына
экологиялық факторлардың әсері. . . . 7
1. 1 Күздік бидайға жалпы сипаттама . . . 7
1. 2 Күздік бидайдың морфологиялық құрылысы . . . 11
1. 3 Күздік бидайдың анатомиялық құрылысы . . . 22
1. 4 Күздік бидай өнімділігіне экологиялық
факторлардың әсері . . . 24
II. ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ . . . 32
2. 1 Зерттеу объектілері . . . 32
2. 2 Зерттеу әдістері . . . 34
III. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ . . . 37
3. 1 Жалға себу әдісімен өсірілген, жыртылмаған жерге
егілген күздік бидай сорттарының
морфологиялық-анатомиялық құрылысы . . . 37
3. 2 Мексика технологиясымен өсірілген, жыртылған
жерге егілген күздік бидайдың морфологиялық-анатомиялық
құрылысы ерекшеліктері . . . 40
3. 3 Күздік бидайдың өнімділік мүмкіншілігін
бақылау вариантымен салыстырмалы
түрде зерттеу нәтижесі . . . 43
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 44
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 46
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі : Ғасырлар бойы дақылдардың ауыспалы егісін қолдану арқылы, көң немесе компост ендіру және жабындық дақылдар өсіру жолдарын қолдану арқылы топырақтың органикалық заттарының жоғары құрамы сақталып отырған. Кейіннен бұл практика жарамайтын болып, оның орнына тез әсер ететін химиялық тыңайтқыш қолданыла бастады, бірақ ол топырақ гумусының бұзылуына әкеліп соқты. Топырақ құрылымы да бұзылып, өсімдіктер әлсізденіп және химиялық тыңайтқышқа толық тәуелді болды. Жаңа жүйе адам және ауылшаруашылығы жануарларының еңбек шығынын азайтуды компенсациялау үшін топырақтың құнарлық резервін аямай пайдалануда.
Бүгін химиялық әдісті ұзақ уақыт қолданудың қауіптілігін көпшіліктің қабылдауына орай, егіншіліктің альтернативті әдістеріне қайтадан қызығушылық тууда. Химиялық тыңайтқышты қолдану және жерді үнемі жырту салдарынан топырақтың құнарлығы жойылып барады. Химиялық тыңайтқыштар- өсімдік және жер үшін өте зиян. Олар өсімдікті ауруға шалдықтырады және топырақтағы барлық микроорганизмдерді жояды. Үздіксіз жыртылған жердің құнарлығының төмендеуінің бірінші себебі жоғарғы гумус қабатының ұсақ бөлшектері жыртылған уақытта шаң болып ауаға көтерілуінде, зерттеулер барысында жыртылған аудандардың үстінде жиналған қалың қара қабат бақыланған. Сондықтан, топырақты бастапқы қалпына келтіру үшін, қазіргі уақытта жыртылмаған жерге егін егудің тиімділігі қайтадан қарастырылуда. Бір жағынан жер жырту үшін кететін шығын үнемделсе, екіншіден, топырақ құнарлығын қалпына келтіруге ықпалын тигізеді және қоршаған ортаның ауасындағы шаң тозаңның азаюына мүмкіндік туады.
Жоғары өнім алу үшін егістікті жасыл тыңайтқышпен тыңайту керек. Жоңышқаны жинап алған соң, тамырын жерде қалдыру керек, ол топырақты азотпен байыта отырып, шіріген соң микроорганизмдер үшін өте жақсы азық болады. Келесі жылы жерді жыртпай күздік бидай егіледі. Бидайды еккенде арнайы агрегатпен грунтты 10см тереңдікке дейін дискілейді. Топырақтың жоғарғы қабатындағы аэробты бактерияларға оттегі қажет, төменгі қабаттағы анаэробты бактерияларды ауа өлтіреді, сондықтан жыртқан кезде грунт қабаты аударылып, барлық микроорганизмдер жойылады. Синтетикалық тыңайтқыштан бас тартып, орнына биопрепарат қолдану экологиялық таза продукт алуға мүмкіндік туғызады [1] .
Бірнеше жыл жерді жыртпай өңдеу нәтижесінде топырақтың жоғарғы бетінде арамшөптер тұқымы мүлдем жойылған. Егінді жинап алғанннан кейін, дискатормен өңдеу жүргізіледі, ол арамшөптерді құртады және жерді дән егу тереңдігінде қопсытады, мұнда топырақтың табиғи дренажы сақталады және топырақтың жоғарғы қабатына түскен аз мөлшердегі судың өзі топырақты ылғалдайды. Топырақ бетіндегі үгітілген, шашылған өсімдік қалдықтары топырақты құрғап кетуден, жарылып кетуден сақтайды, ал шіріген масса топырақ құнарлығын арттырады. Он жыл ішінде гумус мөлшері 3, 5 тен 4, 9 бірлікке жеткен[2] .
Жүгері және бидайды жақсартудың Халықаралық орталығының (СИММИТ) мүшесі, бүкіләлемге танымал Мексикалық ғалым Кен Сайре жетекшілігімен Қазақстанда 2000- жылдан бері «жалға себу» (гребневой метод) әдісі қолданылып келеді. Бүгінде көптеген аудандарда бидайды осы әдіспен өсіру шаруашылықтарға ендірілуде. Бұл технологияның ерекшелігі бидай өнімділігін айтарлықтай арттырады. Мексикада 25 жылдан бері бидай жалға себу әдісімен өсіріледі, жерді жыртқанда арық және жал қалыптасады. Себу тек жалға жүргізіледі, суғару арық арқылы жүзеге асады. Климаттық жағдайына байланысты, Мексиканың бидай плантациясының 95%-ы осы әдісті қолдану нәтижесінде гектарына 120 центнер алуда. Егіншілікте жоғары өнім басты болса да, жоғары өнімділікпен ғана шектеліп қоймай, бұл технология тұқымды және тыңайтқышты үнемдейді, гербицидті қажет етпейді. Себебі культивация көмегімен бидай өзі арамшөпті жойып жібереді. Сондай-ақ, су арықпен жүргізілетін болғандықтан 30 пайызға дейін үнемделеді.
Қоршаған ортаның экологиялық жағдайына зиян келтірмей, топырақтың құнарлығын сақтап, суды үнемдеп, экологиялық таза, сапасы және өнімділігі жоғары бидай өсіру егін шаруашылығының алдына қойған мақсаты.
Ғылыми-зерттеу жұмыстың мақсаты -жаңа мексика технологиясы бойынша өсірілген күздік бидайдың әртүрлі өсу жағдайында морфо-анатомиялық құрылысын өнімділік мүмкіншілігімен байланыстырып зерттеу.
Міндеттер: 1. Жалға себу әдісімен өсірілген, жыртылмаған жерге егілген күздік бидайдың сортының морфологиялық-анатомиялық құрылысын айқындау;
2. Мексика технологиясымен өсірілген, жыртылған жерге егілген күздік бидайдың морфологиялық-анатомиялық құрылысы ерекшеліктерін анықтау;
3. Күздік бидайдың өнімділік мүмкіншілігін бақылау вариантымен салыстырмалы түрде зерттеу.
Ғылыми жаңалығы: Жаңа технологиямен өсірілген күздік бидайдың морфологиялық-анатомиялық көрсеткіштері өнімділікпен байланыстырылып Қазақстанда бірінші рет зерттеліп отыр.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І КҮЗДІК БИДАЙДЫҢ ӨНІМДІЛІГІНЕ ЖӘНЕ МОРФО-АНАТОМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІ
1. 1 Күздік бидайға жалпы сипаттама
Бидай Қазақстанда мәдени өсімдіктер ішінде ең маңыздысы, ол Қазақстан Республикасындағы дәнді дақылдар баланс көлемінің 20%-ын құрайды. Қазіргі кезде Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығысында суарылатын жерлерде бидай өсірудің жаңа тәсілдерін қолдану жаңа сорттардың потенциалдық қабілетін толық көрсетуді қамтамасыз етіп, жер және су ресурстарын рационалды қолдануға, топырақтың құнарлығын арттыруға, оны сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға үлесін тигізуде [3, 4] .
Бидай - әлемдегі ең кеңінен таралған дақыл, 148 елдің негізгі азық - түлігі болып табылады. Бүкіл дақылдар өнімінің 60%-ы бидайдан алынады. Адам организміне қажетті белоктар мен көмірсулар, витаминдер А, В, В
, В
, РР, С, Е, минералды тұздар және басқа да заттар бидай дәні құрамында бар. Бидай белогындағы амин қышқылдары құрамы үйлесімді және организмге сіңімді [5] .
Бидай (Triticum) - астық тұқымдасына жататын аса маңызды дәнді дақыл. Қазақстанда 6 түрі (Еділ бидайы, Польша бидайы, көже бидайы, жұмсақ бидай, қатты бидай, көбен бидай) өседі, жабайы түрлері сирек кездеседі. Биіктігі 40-130 см, тамыр жүйесі - шашақты, тарамданған. Сабағы қуыс, жұмыр, жапырағы таспа тәрізді, сағағы сабағын орай орналасқан. Гүл шоғыры - күрделі масақ, оның қынабында 2 масақша қабыршығынан тұратын масақтар орналасқан, ал олардың аралығында 3-5 гүлдері болады. Масақтың пішіні ұршық тәрізді, түсі ақ, қызғылт, кейде қара, ішінде қылтанағы болады. Тұқымы - ұзына бойына тартылған сызаты бар, беті жылтыр дән. Бидайдың түрлері түршелерге бөлінеді, ал әрбір түрше сорттардан тұрады. Қазақстанда негізіне жұмсақ және қатты бидай өсіріледі. Жұмсақ бидайдың (T. aestivum) масағы да жұмсақ, дәні жұмыр әрі жылтыр, сабағы қуыс. Оның ұнынан көбіне нан пісіріледі, ол нәрлі және жоғары сапалы болып саналады, құрамында 16%-дай белок болады, жылтырлығы 70%, дән уызы серпімді әрі созылмалы келеді. Жұмсақ бидай Қазақстанда егіс көлемінің негізгі бөлігін алып жатыр. Табиғаттың әр түрлі жағдайына ыңғайлы, өсу қабілеті жоғары болуына байланысты оны көптеген аймақтарда өсіреді. Бидайдың дәнінен жарма, ұнынан нан, макарон, кеспе жасайды, кондитер өнеркәсібінде кең пайдаланады. Әсіресе, Қазақстанның Батыс, Орталық, Шығыс аудандарында өсетін жұмсақ бидай өте құнды болып есептеледі. Қатты бидайдың (T. durum) дәні ірі, сопақша, жылтыр. Оның дәнінде 24% белок бар, ұнының сапасы жақсы, одан кеспе және макарон жасайды, бірақ жұмсақ бидайға қарағанда наны онша көтерілмейді. Жұмсақ және қатты бидайлардың жаздық және күздік сорттары бар. Жаздық бидай көктемде, күздік бидай күзде егіледі. Егіс көлемі, түсімі, дәнінің сапасы жағынан күздік бидай бірінші орын алады. Ол көбінесе, Қазақстанның солтүстік, солтүстік-шығыс, орталық облыстарында өсіріледі, оның тұқымы 12-14° С жылылықта бітік шығады. Түптену және сабақтану кезеңінде суды көп қажет етеді, әрі топырақтың құнарлығын қалайды. Әсіресе, қызыл-қоңыр, құнарлы, саздау топырақтарда, тың жерлерде жақсы өседі. Қазақстанда күздік бидайдың көп тараған сорттары ерте пісетін “Қазақстан- 15”, “Қазақстан-19”, “Қазақстан-25”, “Қарабалықтық-90”, “Лютесценс-32”, “Саратовтық-29”, т. б. жатады. Жаздық және күздік бидайдан мол өнім алу үшін олардың тұқымы ылғалы аз, қуаң аймақтардағы ауыспалы егістен кейін, немесе таза сүдігерге (парға) егілген жөн. Бұл әдісті қолданған кезде бір жыл бидай, келесі жылы бір жылдық немесе көп жылдық шөп егіледі [6] .
Бидай өнімдері тек адам үшін ғана емес, сонымен қатар мал үшін де бағалы азық. Ол құрама жем өнеркәсібі үшін негізгі компонент болып табылады [7] .
Барлық дәнді дақылдардың ішінде біздің елімізде маңыздысы және ең көп тарағаны күздік бидай, 1965 жылы оның егіс көлемі 50, 4 млн гектарға жетіп, дәнді дақылдардың егіс көлемінің 39, 4 пайыз болды. Күздік бидайдың әсіресе шығыс аудандарында егілетіндердің дәні белокқа бай келеді (20 пайызға дейін және одан да көп) және оның ұзындығы жоғары сорттылығымен ерекшеленеді.
Күздік бидай біздің еліміздің барлық территориясында дерлік өсіріледі. Дүние жүзі егіншілігіндегі сияқты, ТМД-ның негізгі астықты аудандарында да күздік бидайдың екі түрі - жұмсақ және кәдімгі қатты бидай егіледі. Қатты бидай өзінің дәнінің жоғары сапалығымен, оның құрамындағы белоктың көптігімен ерекшеленеді. Ең жақсы сорт - Совет сортының дәнінде 24, 5% белок болады, ол мөлдір, шыны тәрізді болып келеді. Қатты бидай жоғары сортты жарма мен макарон дайындауға кеңінен пайдаланады, сондай-ақ ұн дайындау мен нан пісіру өндірісінде жұмсақ бидайдың ұнымен араластыру үшін қолданылады.
Қатты бидайдың зор артықшылығы - ол піскенде төгіліп кетпейді және аурулар мен зиянкестерге (датқа, ақ ұнтаққа, тозаңды қаракүйеге, гессен шыбынына) қарсы жақсы күресе алады. Жұмсақ бидаймен салыстырғанда қатты күздік бидай топырақ пен климатқа, әсіресе ылғалдану жағдайларына едәуір талғамдырақ келеді. Ол топырақтың құрғақтығына онша төзімді емес, бірақ ауаның құрғақшылығы мен жоғары температураға төзімді келеді. Күздік бидай, арпа және сұлы жылуды аз керек ететін қысқы суыққа төзімділігімен ылғалды көп мөлшерде қажет ететіндігімен белгілі. Ерте пісетін күздік дақылдар тұқымы - 1-3°-та өнеді, ал 4-5°-та көктері көріне бастайды, 6-8°-қа дейінгі суыққа жақсы төзімді келеді. Өніп-өсу кезеңінде аязға төзімділігі төмендейді, гүлдену және дәнінің пісу уақтысында бұл дақылға 2-3° суықтықтың өзі де қауіпті болады. Ерте пісетін күздік егін біршама ылғал сүйгіш. Өнімнің құрғақ массасының (дән мен сабан) бір центнерін жасау үшін вегетатциялық кезеңінде оған өздерінің тамыр жүйелерімен топырақтан ылғал алу арқылы 400-500 ц су жұмсалады. Бұл топыраққа ылғал мен оны сақтауға бағытталған барлық агротехникалық әдістердің өте тиімді екенін дәлелдейді [8] .
Суармалы егіске егілген күздік бидай минералдық тыңайтқышты күздік дақылдан гөрі кебірек пайдаланады. Қазақстанның сұр және қоңыр топырақты егісінде минералдық тыңайтқыштар дұрыс қолданылса күздік бидайдың астық өнімі әр гектарға 5 центнерден 14 центнерге дейін артады [9] .
Жұмсақ бидай экологиялық тұрғыдан неғұрлым икемді, бейімделгіш түр болып табылады. Ол алуан түрлі климат жағдайларына бейімделе алады, сондықтан да жер шарының барлық континенттерінде өсіріледі [10, 11] .
Егіс көлемі, жалпы өнімінің мөлшері жағынан және дәнінің сапалығы жөнінен басқа дақылдардан басым түседі. Еліміздің басты астықты аудандары - Сібір, Орал, Оңтүстік-Шығыс, Қазақстан аймақтарында күздік бидай егісі 95%, ол ТМД бойынша 39, 9 млн га жерге егіледі.
Шет елдердегі күздік бидай егістігінің көпшілігі Канадада (10 млн гектардан артық) және АҚШ-та (4 млн гектар) егіледі. Жаздық бидайдың негізгі ерекшелігі - оның әлсіз түптенетіндігі, тамырларының, әсірісе негізгі тамырларының жай өсетіндігі. Сондықтан егістікті баптаудағы негізгі мақсат оның тамыр жүйесінің өсуіне қолайлы жағдай жасау болып саналады.
Күздік жұмсақ бидай дәнінде орташа есеппен 12% белок (ең көп алғанда 25, 8%), қатты бидайда - 13, 8% углевод және 1, 7% шамасында өсімдік майы болады. Оңтүстік-Шығыс, Сібір және Қазақстанда өсірілетін астық дәндердегі белок көрсеткіші 17-18% дейін көтеріліп, құрғақшылық жылдары 20-21%, кейде одан да жоғары болады.
Еліміз бойынша күздік бидайдың әр гектарынан алынатын орташа өнім - 12, 2 ц болса, Харьковская 46 қатты бидайынан Қорған облысының Ақкөл сынау учаскесінде - 53 ц, Бурят ТМД-ның Биручин сорт сынау учаскесінде Мичурин ерте пісетін сортының жұмсақ бидайынан 46, 6 ц өнім алынып отыр. Сондықтан қара және күлгін-қоңыр сортаңдау топырақтарға егілгенде, күлгін топырақта минералды тыңайтқыш сіңірілгенде күздік бидайдан тұрақты және жоғары өнім алынады. Оралдың Сібір мен Қазақстанның далалы аймақтарында, жел әсерінен бұзылғыш топырақтарда, егін сабақтарын сақтап, аудармай жырту арқылы, ал механикалық құрамы жеңіл топырақты жерлерді - жеңіл аудармай айдап, тұрақты өнім алуға болады [12] .
Азық-түлік өнім ретінде бидайдың көптеген аса бағалы қасиеттері бар. Бидай дәні - аса құнарлы да қуатты азық, оны сақтау да қиын емес, бір жерден екінші жерге тасып жеткізу де оңай және оны өңдеп алуан түрлі өнім алуға болады.
Европадағы елдерде және ТМД елдерінде адамға қажетті барлық калорияның 35% бидайдан алынады. Адам организмі үшін қажетті белоктар мен углеводтардың жарымына жуығын, минеральдық тұздарды және басқа қажетті заттарды бидай өнімі береді [13, 14] .
- Күздік бидайдың морфологиялық құрылысы
Астық тұқымдасы (Poaceae) ішінде басқа туыстарға қарағанда бидай (Triticum L. ) ерекше айрықшаланады. Ол көптеген түрлерден, түршелерден, экологиялық типтер мен формалардан құралған. Бидайдың барлық түрлері біржылдық шөптесін өсімдіктер. Тамыр жүйесі мейлінше тармақталған шашақ тамырлы. Ұрықтан дамыған алғашқы тамырлар және түптену түйінінен дамыған қосалқы тамырлар шашақ тамыр жүйесін құрайды. Әртүрлі экологиялық жағдайларға байланысты бидай тамыр 1, 5-2м-ден аса тереңдікте дамуы мүмкін[15, 16] .
Бидайдың толық қалыптасқан сабағы түзу, иілімді, жұмыр пішінді, ортасы қуыс. Бидайдың сабағы 5-7 буынаралықтан тұрады. Сабағының ұзындығы түрге, сортқа, өсу жағдайына байланысты әртүрлі, 50-ден 200 см. Бидай өсімдігі бірнеше сабақ түзуге қабілетті: түптену түйініндегі бүршіктен көптеген қосымша сабақтар дамиды[17, 18] .
Бидай жапырағы қынаптан және жапырақ тақтасынан тұрады. Қынаптан тақтаға өтетін жерде жұқа түссіз қабықша-тілше деп аталады. Тілше сабаққа тығыз қабысады да, қынапшаға судың өтуіне кедергі жасайды. Жапырақ қынабының негізінде түтікті құлақша орналасқан, ол сабақты орай орналасады. Бидай жапырағының тілшесі қысқа, құлақшасы онша үлкен емес, түктері жиі. Бидай өсімдігі түп жапырақтарын және сабақтық жапырақтар түзеді. Түптенген өсімдік вегетация кезеңінде 7-ден 12-ге дейін жапырақ түзеді. Түптенуі өте жоғары өсімдік вегетация кезеңінде 100 жапыраққа дейін түзуі мүмкін[19, 20] .
Гүл шоғыры - масақ, ол өзектен және масақшалардан тұрады. Масақ өзегі буынды, әрбір буынында бір-бірден масақша орналасқан. Масақша екі масақшалық қабыршақтан, бір немесе бірнеше гүлден тұрады. Әр гүлде екі гүлдік қабыршақ болады - төменгі (сыртқы) және жоғары (ішкі) . Төменгі масақшалық қабыршақтан қылтанағы бар сорттарда қылтанақ шығады. Гүл қабыршағында түйін екі қауырсынды аналықтан және үш аталықтан тұрады. Түйінде екі түссіз қабық-лодикула орналасады[21] .
Бидай жемісі - дәнек, әдетте дән деп аталады Дәннің мөлшері түрге, сортқа және өсіп жетілуіне байланысты: ұзындығы 4-8 мм-ге дейін, ені 1-2, 2 мм-ге, қалыңдығы 1, 5-3, 5 мм-ге дейін ауытқиды. Бір дәннің салмағы өсу жағдайына және сортық ерекшеліктерге байланысты 15-тен 88 мг-ға дейін болуы мүмкін. Жетілген күздік бидайдың дәні ұрықтан, эндоспермнен және қабықтан тұрады. Дәннің 77-84%-н эндосперм, 2-4%-н ұрық, 14-20%-н алейронды қабық қабаты құрайды /5-10/. Бидайдың дәні екі қабықпен (жемістік және тұқымдық) қапталған. Жемістік қабық аналықтың қабырғасынан дамыған үш қабықттан тұрады - ұзын, көлденең және түтікті. Ұзын қабатындағы ұзарған клеткалардан, яғни дәннің ұшынан кішкене айдарша дамиды.
Тұқымдық қабық тұқым бүршік қабырғасынан дамып, жемістік қабықтың астында орналасады. Ол да үш қабықтан тұрады: сыртқы (су өткізбейтін), ішкі (пигментті) және гиалинді (бөртетін) . Жемістік және тұқымдық қабықтар дәннің ішіндегі заттарды сыртқы экологиялық факторлар әсерінен, зақымданудан сақтайды[22] .
Қабық астында, дәннің төменгі бөлігінде ұрық орналасқан. Кейбір жағдайда дәнде ұрық болмайды, ол астық тұқымдастарға тән қосарлы ұрықтанудың бұзылуы нәтижесінен[23] .
Ұрық-алғашқы ұрық тамырлардан, ұрықтық өркеннен, колеоптильден, эпибластан және эндоспермді ұрықтан бөліп тұратын қалқаншадан тұрады. Қалқанша астық тұқымдастардағы жалғыз тұқымжарнақ. Бидай дәнінің 95% қоректік заттары эндоспермде жиналған. Эндосперм құрылысы жағынан біркелкі емес, сыртқы қабаты қабыққа қабыса орналасқан - алейронды, ішкі бөлігі - ұнтақты. Алейронды қабат бір қатар ірі клеткадан тұрады, қалыңдығы 20-70 мкм-ге дейін өзгереді. Алейронды қабаттан кейін эндоспермнің ұнтақты бөлігі орналасқан, оның клеткалары ірі, өте жұқа қабықты[24] .
Егіске бидайдың жұмсақ және қатты түрлері қолданылады. Екі түрдің де жаздық, жартылай күздік және күздік формалары бар. Бір туыстықта болғанымен қатты және жұмсақ бидайлар арасында бірнеше морфологиялық белгілері бойынша айырмашылықтар бар. Жұмсақ бидай экологиялық жағынан бейімділік қасиеті басым түрге жатады. Ол әртүрлі климаттық жағдайларға бейімделгендіктен бүкіл жер шарының барлық континенттерінде өсірледі. Жұмсақ бидай үлкен экологиялық мүмкіншілікке ие[25, 26] . Қатты бидай еліміздің тек солтүстік аудандарында егілетін болса, ал жұмсақ бидай барлық аудандарда кең таралған. Күздік бидай қар жабыны тұрақты болатын, қысы жылы оңтүстік аудандарға тән болса, жаздық бидай континентальды климатты барлық жерлерде өндіріледі. Көбінесе егіске жұмсақ бидайдың күздік сорттары алынады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz