Семей силикат зауыты ЖШС-ның негізгі құралдарының есебі
КІРІСПЕ
І. ШАРУАШЫЛЫҚ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ .
1.1 Негізгі құралдардың экономикалық мәні мен ерекшеліктері
1.2 Негізгі құралдарды жіктеу және бағалау
ІІ. «СЕМЕЙ СИЛИКАТ ЗАУЫТЫ » ЖШС.НЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ЕСЕБІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУЫ ТАЛДАУ
2.1 «Семей Силикат Зауыты» ЖШС.ның негізгі эконгмикалық сипаттамасы
2.2 «Семей Силикат Зауыты» ЖШС.нің негізгі құралдарын тиімді пайдалануды талдау
ІІІ. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ТИІМДІ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ӘСЕРІ
3.1 Негізгі құралдардың тозу түсінігі
3.2 Амортизацияның әдістері
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

“Негізгі құралдар” бабы бойынша қолданыстағы, консервациядағы немесе запастағы негізгі құралдар бойынша мәліметтер көрсетілед. Бұл бап бойынша заңдарға сәйкес кәсіпорыннң меншігіне сатып алынған жер учаскелерінің құны да көрсетіледі. Аталған бап бойынша негізгі құралдардың бастапқы құны және тозуы және қалдық құны жеке–жеке көрініс табады. Негізгі құралдар баланс валютасына қалдық құнымен енгізіледі. Негізгі құралдардың түгендеу нәтижесі бойынша анықталған бастапқы құны мен қайта есептеу коэффициенттері негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған алғашқы деректер болып табылады. Негізгі құралдар олардың бастапқы құнын тиісті коэффициентке көбейту жолымен қалпына келтіруқұнына дейін қайта бағаланады. Негізгі құралдар қайта бағалағаннан кейін негізгі құралдардың бастапқы құны қалпына келтіру құнына алмастырылады (яғни қалпына келтіру құны баланстық құнға айналады).
Есеп беруде негізгі құралдардың тозуы жекелей көрсетіледі.Сонымен, баланстық “Негізгі құралдар“-ды толтыру үшін мынадай жинақтамалы шоттардың ақпараты қажет: “Жер”, “Үйлер мен ғимараттар”, “Машиналар мен жабдықтар, беріліс құрылғылар”, “Көлік құралдары”, “Басқалар“, “Аяқталмаған құрылыс”, “Үйлер мен ғимараттардың тозуы”, “Машиналар мен жабдықтардың, беріліс құрылғылардың тозуы“, “Көлік құралдарының тозуы“, “Басқалардың тозуы“.

1. Дюсембаев К.Ш ,Егембердиев С.К, Дюсембаев З.К, Аудит и анализ
финансовой Отчетности, А, Каржы - каражат. 1998ж.
2. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаев З.Н., Құдайбергенов Н.А. ЖантаеваҚаржылық есеп, А., Экономика. 200ІЖ-400 бет
3. Козлова Г.Н, Бухгалтерский учет в организациях, М., Дело. 1999г-520
4. Артеменко В.Г., Белленир М.В. Финансовый анализ. – М.: Издательство «ДИС», НГАЭиУ, 2001.
5. Кеулимжаев К.К. "Финансовый учет на предприятии" Алматы, Экономика 2003
6. Радастовец В.К., Даулетбеков А.Д. «Бухгалтерский учет на предприятии» – Алматы, 1994г.
7. Кәсіпорындағы қаржылық есепті жүргізу. Кезмемтаев К.К, Алматы. Экономика, 2003 ж
8. Ә. Әбдіманапов. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері (халықаралық стандарт) Алматы 2006 ж.
9. Төлегенов Ә.Т, Бухгалтерлік ақпарат жүйелері, А., Экономика.
2001ж-200б.
10. Тасмағамбетов Т.А, Омаров А.Ш, Әлібеков Б.А, Рабатов О.Ж,Байболтаев Н.Ә, Родостовец В. К, Қаржы есебі, А., Дәуір 1998ж-390 б.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І. ШАРУАШЫЛЫҚ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ .
1.1 Негізгі құралдардың экономикалық мәні мен ерекшеліктері
1.2 Негізгі құралдарды жіктеу және бағалау
ІІ. СЕМЕЙ СИЛИКАТ ЗАУЫТЫ ЖШС-НЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ЕСЕБІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУЫ ТАЛДАУ
2.1 Семей Силикат Зауыты ЖШС-ның негізгі эконгмикалық сипаттамасы
2.2 Семей Силикат Зауыты ЖШС-нің негізгі құралдарын тиімді пайдалануды талдау
ІІІ. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ТИІМДІ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ӘСЕРІ
3.1 Негізгі құралдардың тозу түсінігі
3.2 Амортизацияның әдістері
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
"Негізгі құралдар" бабы бойынша қолданыстағы, консервациядағы немесе запастағы негізгі құралдар бойынша мәліметтер көрсетілед. Бұл бап бойынша заңдарға сәйкес кәсіпорыннң меншігіне сатып алынған жер учаскелерінің құны да көрсетіледі. Аталған бап бойынша негізгі құралдардың бастапқы құны және тозуы және қалдық құны жеке - жеке көрініс табады. Негізгі құралдар баланс валютасына қалдық құнымен енгізіледі. Негізгі құралдардың түгендеу нәтижесі бойынша анықталған бастапқы құны мен қайта есептеу коэффициенттері негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған алғашқы деректер болып табылады. Негізгі құралдар олардың бастапқы құнын тиісті коэффициентке көбейту жолымен қалпына келтіруқұнына дейін қайта бағаланады. Негізгі құралдар қайта бағалағаннан кейін негізгі құралдардың бастапқы құны қалпына келтіру құнына алмастырылады (яғни қалпына келтіру құны баланстық құнға айналады).
Есеп беруде негізгі құралдардың тозуы жекелей көрсетіледі.Сонымен, баланстық "Негізгі құралдар"-ды толтыру үшін мынадай жинақтамалы шоттардың ақпараты қажет: "Жер", "Үйлер мен ғимараттар", "Машиналар мен жабдықтар, беріліс құрылғылар", "Көлік құралдары", "Басқалар", "Аяқталмаған құрылыс", "Үйлер мен ғимараттардың тозуы", "Машиналар мен жабдықтардың, беріліс құрылғылардың тозуы", "Көлік құралдарының тозуы", "Басқалардың тозуы".

Курстық жұмыстың мақсаты: ұйымда негізгі құралдардыңи құрылымын, өзгерісін және жағдайын, олардың есебін білуге ерекше көңіл бөлінеді. Себебі, бұлар қоғамның ұзақ мерзімді активінің үлес салмағының көп бөлігін алады.
Негізгі құралдар кез-келген өндірістің маңызды факторларының бірі болып табылады. Олардың жағдайы мен тиімді пайдалануы қоғамның шаруашылық қызметінің нәтижелеріне тікелей әсер етеді.
Осы мақсатқа байланысты мынадай міндеттер қойылады:
* Негізгі құралдарды жіктеп бағалау;
* Негізгі құралдар қозғалысының есебін жүргізу;
* Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу;
* Негізгі құралдарды түгендеу;
* Негізгі құралдардың құрамы мен қамтамасыз етілуін талдау;
* Негізгі құралдардың тиімді пайдалануын талдау;
Жұмыстың тақырыбы бойынша қарастырылған зерттеу обьектісі Семей Силикат Зауыты ЖШС қарастырылады
Қурстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш тараудан және қорытындылар мен ұсыныстардан тұрады.

Өнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттыру бойынша шаралар жүйесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламасымен негізгі қорларды пайдалану деңгейін едәуір арттыру, ұлттық экономика салалары бойынша кәсіпорындарда және ұйымдарда қор қайтарымын арттыруға бағытталған шаралар кешенін ұдайы өндірістегі, өнеркәсіп жұмысының көрсеткіштерін жақсартуға және оның тиімділігін арттырудағы рөлі мен экономикалық мәнімен алғышартталған.
Негізгі қорлардың әлеуметтік-экономикалық маңызы, ең алдымен , еңбек құралдарының қоғамдық өндірістің дамуындағы үлесімен анықталады. Еңбек құралдары, олардың материалдық құрамы көп жағдайда кез-келген қоғамның материалды-техникалық сипатын анықтайды. Экононмикалық дәуірлер не өндіретіндігін емес, қалай еңбек құралдарымен өндірілетіндігін өзгешелейді. К.Маркс Еңбек құралдары тек қана адамдық жұмыс күнінің дамуының өлшеуіші емес, сондай-ақ ол - еңбек жүзеге асырылатын қоғамдық қатынастардың көрсеткіші, - деп жазған.
Кәсіпорын скерлігіне авансталған барлық құралдарды капитал деп атауға болады.
Кәсіпорынның бухгалтерлік балансын құру кезінде онын шаруашылық құралдары актив, ал олардың қаржыландыру көздері - меншікті капитал және кәсіпорынның міндеттемелері деп аталады.
Шаруашылық субъектілері өзінің қызметін жүзеге есыру үшін материалдық- техникалық қор (МТҚ) құру керек. МТҚ-дың негізін негізгі қорлар құрайды.
Кәсіпорынның шарушылық өндірістік іскерлігінің аса маңызды құраушысы болып негізгі қорлар болып табылады.
Негізгі қорлар өзінің натуралдық түрін сақтай отырып, көптеген өндірістік кезеңдерге қатысып, ал құндары дайындалатын өнімге бөліктермен ауыстырылатын еңбек құралы.
Өндіріс процессінде қатысатын барлық еңбек қорлары (машина, жабдық, т.б.) наық жүзеге асырылуына жағдай жасайды (өндірістік ғимараттар, гидротехникалық құралдар, плотиналар, арналар, эстакадалар, көлік құралдары, жолдар, тунельдер, электр жүйелері, құбырлар), еңбек заттары мен өнімдерін сақтау мен қозғалту үшін қызмет ететін өндірістік негізгі қорлар болып табылады. Негізгі өндірістік қорлар құрамына тек өнімнің тұтыну құнын құруға ғана емес, сондай-ақ, оның құнын құруда қатысатын өндіріс құралдары да кіреді.
Негізгі құралдар есебі Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес, негізгі құралдар - бұл ұзақ уақыт бойы (1 жылдан астам) материалдық өндірісті де, өндірістік емес салада да әрекет ететін материалдық активтер.
Негізгі қорлардың ерекше өзгешеліктері мыналар:
а) олардың шаруашылық қызметте көп дүркінді қатысуы;
б) натуралды - заттық үлгісін сақтауы;
в) өзінің құнын дайын өнімге (жұмысқа, қызметке) қызмет кезеңі барысында біртіндеп аударады.
Соңғы тармақ негізгі құрал-жабдыққа амортизациялық төлемді есептеу арқылы асырылады, ал оларға төмендегілер: жер, аяқталмаған күрделі құрылыс, резервте, қорда және консервацияда тұрған объектілер енбейді.
Сонымен қатар кітапханалық қорларға, өнім малына, енеге (буйвол), бұғыларға және өгіздерге амортизациялық есептеулер жүргізілмейді.
Амортизация - негізгі қорлардың (ғимараттардың, машиналардың, жабдықтың) тозуы есепті оның құндылығының бірте-бірте төмендеуі сондай-ақ негізгі қорларды жаңарту үшін қаражатты қорландыру мақсатымен осы қорлар құнынан өндірілетін өнімге бірте-бірте көшуі.
Амортизациялық өтелім - негізгі қорлардың тозығын толтыру үшін, яғни оны ұдайы өндіру үшін осы қорлар құнының бір бөлігін аударып отыру.
Тозу - негізгі құралдар объектілерінің физикалық және моральдік қасиеттерінің жоғалуы.
Салық салу мақсатында негізгі құралдарға құны 40 айлық есептік көрсеткіштен асатын және Жарлықтың 20 бабына сәйкес амортизацияға жататын қызмет мерзімі 1 жылдан асатын активтер жатады. Осыған сәйкес негізгі құралдар, олардың қалдық құнынан 7-ден 30%-ке дейінгі амортизация нормасымен топтарға топтастырылады.
Негізгі қорлар, тек ең алдымен олардың экономикалық зерттелуі мен жалпылауы үшін негізгі қорлар жіктелуі деп аталатын натуралды заттай құрамы бойынша топталуы аса маңызды. Негізгі қорлардың бухгалтерлік есебінің дұрыс ұйымдастырылуының негізі болып қорлар бекітілген типтік жіктелуі мен оларды есепте бағалаудың ортақ принципі табылады.
Бухгалтерияда негізгі құралдар есебі инвентарлық объектілер арасында жіктелу топтары бойынша жүргізіледі. Осылайша инвентарлық объекті негізгі құралдар есебінің бірлігі болып табылады. Әрбір объектіге серпялық - кезектік кодтау жүйесі бойынша инвентарлық нөмір беріледі, ол нөмір оның ұйымда, бірлестікте, пайда болған барлық уақыт бойы сақталады. Инвентарлы нөмір қабылдау - беру актілерінде, жою туралы актілерде және т.б. инвентарлық нөмірді әрбір объектіде белгіленеді.
Қазіргі уақытта негізгі қорларға келесі типтік жіктелуі қабылданған:
1. Жер - субъект меншік құқығында алған жердің мөлшері мен құны. Жерге меншік құқығы "Жер учаскесіне меншік құқығына актісімен" расталуы тиіс. Инвентарлық объект болып жер учаскесіне меншік құқына акт берілген әрбір жер учаскесі табылады.
2. Ғимараттар тағайындау - тұрғындар еңбегі, тұрғындар жайы, әлеуметтік -- мәдени қызмет көрсету үшін және материалдық құндылықтардың сақталуы үшін жағдайлар жасауда айқындалатын архитектуралық-құрылыстық объектілер. Инвентарлық объект болып әрбір жеке тұрған ғимарат саналады.
3. Құрылғылар - еңбек құралдарының өзгеруіне байланысты емес қандай-да болсын қызметтерді орындау жолымен өндіріс процессін жүзеге асыруға тағайныдалған инженерлік -құрылыстық объектілер (шахталар, мұнай мен газ скважинасы, эстакада, көмірлер). Инвентарлық объкет болып барлық мүлік -жайымен бірге бір тұтасты құрайтын әр жеке құрылғы.
4. Беріліс қондырғылары - электрлік, жылу және механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу жүйелері, жылу жүйелері, құбырлар).
5. Машиналар мен жабдықтар, инвентарлы объект болып басқа бір инвентарлық объектісінің бөлігі болып табылмайтын құрама құралдар, фундамент, қоршауларды, қажет заттарды қоспағандағы әрбір машина табылады.
Негізгі құралдар, бұл 5 топшадан тұрады:
өлшегіштер және реттеуші құралдар мен қондырғылар, лабораториялық жабдық; технологиялық процесстерді реттеу, өлшеу және бақылау үшін, лабораториялық тәжірибелер мен зерттеулер жүргізу үшін тағайындалған;
есептегіш техника: процестерді жеделдету мен автоматтандыруға арналған машина, қондырғы құралдар (электр, есептегіш, басқарушы және т.б. есептегіш машиналар);
өзге де машиналар мен жабдықтар: машина, аппарат және басқа жабдықтар (телефон станцияларының жабдықтары, өрт сөндіргіш машиналар).
6. Көлік құралдары - адамдар мен жүктердің орнын ауыстыру үшін тағайындалған қозғалыс құралдары (автомобиль, теміржол және су көліктерінің қозғалмалы құралы). Инвентарлы объектісі болып оған жататын бүкіл керектер;
7. Құрал - қол еңбегінің механикаландырылған және механикаланды-рылмаған құралдары немесе машиналарға тіркелінген металл, ағаш және т.б. өңдеу құралдары ғана табылады;
8. Өндірістік инвентарь - өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдетуге арналған өндірістік тағайындаудағы құралдар -- жұмыс үстелдері, верстактар, шкафтар;
9. Шаруашылық инвентарь - кеңселік және шаруашылық инвентарь (үстел, щкаф, кілем);
10. Еңбек және өнім малы, еңбек малы -- жылқы, түйе және т.б. жұмыс малдары. Өнім малы - ірі қара мал жылқы, түйе және т.б. инвентарлық объект -- әрбір ересек жануар.
11. көп жылық екпе ағаштар.
12. Жерді жаңарту бойынша күрделі шығындар (құрылғыларсыз) -- шаруашылықта қолдану үшін жерді жақсарту бойынша шараларға инвентарлық сипаттағы шығындар (алаңдарды тастардан тазарту , жер учаскесінің планировкасы).
13. Басқа да негізгі қорлар - кітапхана сөрелері, спорттық инвентарь, мұражайлық құндылықтар.
Иеленуі бойынша негізгі құралдар жеке меншік және жалға алынған болып бөлінеді. Алғашқылары кәсіпорынның иелігінде болады және оның балансында тіркеледі; екіншілері басқа кәсіпорын мен ұйымдардан уақытша пайдалануға ақыға алынған.
Өндірістік процеске қатысу сипаты бойынша істегі және тұрған (запаста немесе консервацияда тұрған негізгі құралдар).
Негізгі құралдарды пайдалану сипаты бойынша былай жіктеледі: (Қосымша 1)
Негізгі қызметке қатысу сипаты мен құнынан өндіріс және айналым шығындарына ауыстыру тәсілі бойынша негізгі құралдар былай бөлінеді:
Белсенді (олардың қатысу жұмыс сағаттарының мөлшерімен, жұмыстар көлемімен өлшене алады);
Бәсең (ғимарат, құрылыс). Олардың негізгі қызметке қатысуын қандай да бір көрсеткіштерде өлшеу мүмкін емес. Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің басты міндеттері:
o алынуынан бастап шығуы сәтіне дейін олардың бар болуы және сақтығын бақылау;
o амортизацияны дұрыс және уақытылы есептеу;
o бюджетке аударылатын мүлік салығын дұрыс есептеу үшін мәліметтер алу;
o реконструкцияға, модернизацияға және жөндеуге қаражаттардың дұрыс және тиімді пайдалануын бақылау;
o негізгі құралдардың уақыт және қуаттылығы бойынша пайдалану тиімділігін бақылау бақылау;
o негізгі құралдардың бар болуы және қозғалысы жөнінде есеп беруді құру үшін мәліметтер алу.
Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптің негізгі құралдар Қазақстанның ұлттық байлығының аса маңызды бөлігін құрайды. 2002 жылы 1 қаңтарына негізгі өндірістік қорларға инвестиция нақты бағаларда 114969 млн. теңгені құрады. Аз мөлшердегі кәсіпорын мен ұйымдарды есептемегенде негізгі капиталға бүкіл инвестициялар нақты бағаларда 2002 жылы 114969 млн. теңгені құрады (1994ж.80945 млн.теңге).
Негізгі қорлар және негізгі құралдарға ұзақ мерзімді инвестициялар
кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен қызметі нәтижесінде жан-жақты әсертигізеді.
Негізгі құралдар қоғамның материалдық қорын жоспарлы қалыптасуына және оларды өнім өндірісі мен тұрғындардың мәдени тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыру үшін біздің экономикамыздың салаларында қолданылуы бойынша өзіндік экономикалық категорияны анықтайды.
Негізгі құралдардың мөлшерінен, сапасынан және тиімді пайдалануынан табыстың өсу қарқыны, өндірістің дамуы және кәсіпорынның тұтынушыларының еңбек және тұрмыс жағдайларының жақсаруы тәуелді.
Себебі, негізгі құралдар кәсіпорынның экономикалық потенциалын айқындайды:
Ғылыми-техникалық прогресс негізінде өнеркәсіпте өндірістік негізгі қорлардың жаңаруы мен сапалық жетілуінің интенсивті процессі орын алды. Бұл 2 жолмен орындалады:
жаңа кәсіпорын құрылысы, сондай-ақ кәсіпорын реконструкциясымен кеңейтілуі кезінде аса жоғары техникалық деңгейдегі негізгі құралдар құрумен;
негізгі құралдарды модернизациялау, сапалық жетілдіру мен және оларды жаңа техника түрлерімен ауыстыруыменен.
Негізгі құралдар құрамында абсолютті және салыстырмалы түрде техникалық алдыңғы қатарлы, жаңа еңбек құралдары артуда. Жаңа негізгі қорлардың, әсіресе өндіріс құралдарының өсуі еңбекті қарулануды арттырады, ал бұл еңбек өнімділігінің өсуінің басты факторы болып табылады.

Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары және еңбек құралдары болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады.
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойы қызмет етеді.
Оларға: қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары мен қондырғылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық екпе ағаштар, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалары жатқызылады.
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі №6 БЕС сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі қү-ралдардың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.
Инвентарлық объектілер негізгі құралдардың есеп бірлігі болып табылады. Инвентарлық объект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады.
Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек материалдық жағдайын жасайды. Негізгі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші қорқайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.
Өндірістік емес негізгі құрал жабдықтар- тұтынуға арналған құрал жабдықтар. Олар ұжымның мәдени тұрмыстық қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.
Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді.
Меншікті дегеніміз - субъектігі тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгілінген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады. Оларды жалға берушінің балансында есептейді.
Негізгі құралдардың жіктелу сызбасы.(Қосымша 2)
Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар - бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі құрал жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.
Мүлікке көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары жатады.
Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын қызметтеріне қарай мынандай түрлерге бөлінеді: Жер, үйлер, ғимараттар, өткізгіштер, машиналар және құрал жабдықтар күш беретін машиналар және жабдықтар, жұмысшы машиналар, өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар, есептеу техникасы, басқа машиналар мен құрал жабдық, көлік құралдары, құрал сайман, өндірістік мөлік және жабдықтар, шаруашылық мүлкі, жұмысшы және өнім беретін мал, көп жылдық екпе ағаштар, жемді жақсартуға шыққан күрделі шығын, басқадай негізгі құралдар.
Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсысының кұрамына енетіндер:
Жер - субъект меншігіне сатып алған жердің көлемімен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісі мен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, ондай жер учаскілері мүліктік объекті болып саналады.
Үйлер - халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметтік құрылыс объектілері. Әр бір түрғын үй мүліктік объект болып табылады.
Ғимараттар - еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгелі бір қызметтерді орындау жолдымен өндіріс процессін жүзеге асыруға арнаған инженерлік құрылыс объектілер. Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады.
Қондырғылар - электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары. Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор клемаларынан бөлу
қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынан және трансформатор жайына дейін мүліктік объекті бола алады.
Машиналар мен жабдықтар - күш беретін машиналар және жабдықтар, жұмысшы машиналар және жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар, әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті заттарды, аспаптарды, қоршауды, фундаменті қоса алғанда, мүліктік объекті болып саналды. Негізгі құралдардың бұл тобы бес топтан тұрады:
Күш беретін машиналар және жабдықтар - жылу және электр энергиясын өндіретін генератор машиналар, түрлі энергияны механикалық энергияға, яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель машиналары.
Жұмыс машиналары мен жабдықтар - еңбек өнімдерін жасау процессінде еңбек затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал жабдық.
Өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабораториялық жабдықтар - өлшеуге, өндірістік процесстерді реттеуге арналған аспаптар мен қондырғылар, сондай-ақ лабораторияларда пайдаланылатын приборлар мен аппаратуралар.
Есептеу техникасы - процесстерлі жылдамдату және автоматтандыруға арналған машиналар, қондырғылар, аспапта.
Басқадай машиналармен жабдықтар - машиналар, аппараттар және басқа құрал жабдық.
Көлік құралдары - адамдар мен жұктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары. Әрбір объект өзіне тиісті барлық беімдегіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады.
Құрал-сайман - қол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған құралдары немесе металдарды, ағашты және т.б. өндеу үшін машиналарға бекітілген кесетін, соғатын және нығыз жайтын
еңбек құралдары. Басқа мүлік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады.
Өндірістік мүлік және соған жататын заттар - өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар; еңбекті қорғауға көмектесетін жабдықтар; сұйық, сусымиалы және басқа материалды сақтауға арналған сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар басқа да заттар. Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар заттарда мүліктік объекті бола алады;
Шаруашылық мүлік - кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары орындықтар, шкафтар, кілемдер. Дербес мәні бар әрбір объект - мүліктік объекті бола алады;
Жұмысқа пайдаланылатып өнім беретін мал - ат, өгіз, түйе және басқа жұмысқа пайдаланыатын малдар; өнім беретін мал - мүйізді ірі қара мал; асыл тұқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер; бұғылар, маралдар, еркек шошқлар мен мегежіндер, ешкілер, саулық қой мен қошқарлар. Әрбір ересек малмүліктік объект болып табылады;
Көп жылдық өсімдіктер - қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер. Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген өсімдіктерден бөлек есепке алынады;
Жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар - ауыл шаруашылық мақсатта пайдалану үшін ауыл шаруашылығына пайдалану үшін жер қыртысын жақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы;
Басқа да негізгі құралдар - кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі: негізгі құралдардың келіп түсуін, кәсіпорын ішінде орын ауыстыруын және шығуын, дұрыс құжаттық рәсімделуін және бухгалтерлік есепке уақытылы көрсетілуін, олардың материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен үлымды пайдаланылуын бақылайды; негізгі құралдарды есептелген амортизациясы мен тозу самасының есепие дұрыс көрсетілуін, сондай-ақ есптелген амортизация сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, негізгі құралдардың қор
қайтарымың анықтауды, жаңа техниканың және оны қолданудың жаңа әдістерінің тиімділігін; негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындардың сенімі есебін; негізгі ұралдарды түгелдеуді және қайта бағалауды мезгіліне жасауын және олардың нәтижесін есепке көрсетілуін; негізгі құралдарды сату және олардың басқаша шығу нәтижелерін еспеке нақты көрсетілуін қамтамасыз етуі керек.
Жалпы негізгі құралдар - деп өндірісте ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп есептелген амортизациялық аударым мөлшерінде ауыстыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдардың есебі №6 Негізгі қорлар есебі - деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес жүргізіледі.
Негізгі құралдарға - қозғалмайтын мүлік, жер учаскілері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құрлдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың программалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары,аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы тағы да басқалары жатады.
Көлемінің үлкенді кішілігіне, бағасының азды көптілігіне қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына шаруашылық субъектісінің қоймаларындағы дайын бұйымдар болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамыңда есептелетін монтаждауды қажет ететін жабдықтар, жасалып біткен, бірақ әлі пайдалануға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамыңда қаралған қосымша шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдері де жатпайды.
Негізгі құралдарды халық шаруашылығының салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.
Егер шаруашылық субъектідегі негізгі құралдардың бәрі тек қана субъектінің негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін болса, онда бұл субъектідегі негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол шаруашылық субъектінің атқаратын қызметі саласындағы топқа жатады.
Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай меншіктік, яғни шаруашылық субъектінің өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге бөлінеді. Шаруашылық субъектісі уақытша жалға алынған негізгі құралдарды баланс сыртындағы
Материалдық активтер сатылып алыну мақсатына қарай төмендегідей үш топқа бөлініп есептелінеді:
а) негізгі құралдар;
ә) тауарлы-материалдық қорлар;
б) қаржылық инвестициялар.
Мысалы: субъектінің шаруашылық қызметін атқару барысында қажет болып табылатын өзінің пайдалануы мақсатында сатып алынған көлік құралы негізгі құралдар құрамыңда есептелінсе, ал сату үшін сатып алынған көлік құралдары тауарлы-материалдық қорлар құрамыңда есептеледі.
Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты оларды бағалаудың қабылданған принципі болып табылады. Негізгі құралдарды ақшалай өлшеммен бағалау олардың көлемін, құрылымын, тозуын анықтап, қайта өндіруді жоспарлауға мүмкіндік береді. №6 БЕС бойынша бастапқы, ағымдағы, баланстық қүндарды, сату құнын және жою құнын ажыратуға болады.
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды бағалау принципі үлкен роль атқарады.
Негізгі құралдарды бағалаудың түрлері (Қосымша 3)
ІІ. СЕМЕЙ СИЛИКАТ ЗАУЫТЫ ЖШС-НЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ЕСЕБІ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz