Қаржылық жоспарлау, болжау



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ, БОЛЖАУ
ЖӘНЕ ҰЙЫМДАРДА ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1Қаржылық жоспарлау, болжау мәні, әдістері мен қағидаттары ... ..5
1.2Қаржылық бақылаудың мәні мен қағидаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1. 3Қаржылық жоспарлаудың , Қаржылық бақылау.қаржыжүйесі ... 13
ІІ. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ҚАРЖЫНЫ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.1 Жоспарлауда қолданылатын қаржылық көрсеткіштер ... ... ... ... ..21
2.2 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.3 Қаржы секторын тұрақтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымша
Қаржылық жоспарлау мен болжау бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық заттай элементтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.
Қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал ету көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашылықты жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процесс тәртіпті (реттілік) анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогррессивті нысандарын қолдауды қажет етеді.
Қаржылық көрсеткіштерді, белгіленетін қаржы операцияларын негіздеп дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелілігі сияқты, қаржылық жоспарлау мен болжау процесінде қол жетті. Бұл өте ұқсас ұғымдар экономикалық әдебиет пен практикада жиі теңестіріледі. Іс жүзінде қаржылық болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды бағалауды жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро және микродеңгейлерде қаржы ресурстарының қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтауы тиіс).
Қаржылық жоспарлаудың көмегімен белгіленетін болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай ақ таңдалынған мақсатқа жетуге көмектесетін әдістер анықталады.
Қаржылық жоспарлау бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған поцесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.
Қаржылық жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен жеке мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады.
1. Жолдасбаева Г.Ө. «Кәсіпорын экономикасы» Оқу құралы Алматы «экономика» - 2003, 5 бет
2. Кеулімжанов Қ.К., Әжібаев З.Н., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп принциптері: Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2003-360 бет.
3. Көшенова А.М. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары. Оқу құралы.-Алматы: Экономика, 2000.-328 бет.
4. Шеденов Ө.Қ., Сағындықов Е.Н., Жүнісов Б.А. ж/е т.б. «Жалпы экономикалық теория», Ақтөбе, 2004ж.
5. Ілиясов Қ.К., Құлпыбаев С. Қаржы.
6. Өмірзақов К.Ө. «Кәсіпорын экономикасы» Оқу құралы Орал – 2003, 5 бет

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І. ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ, БОЛЖАУ
ЖӘНЕ ҰЙЫМДАРДА ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1Қаржылық жоспарлау, болжау мәні, әдістері мен қағидаттары ... ..5
1.2Қаржылық бақылаудың мәні мен қағидаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1. 3Қаржылық жоспарлаудың , Қаржылық бақылау-қаржыжүйесі ... 13
ІІ. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ҚАРЖЫНЫ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.1 Жоспарлауда қолданылатын қаржылық көрсеткіштер ... ... ... ... ..21
2.2 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.3 Қаржы секторын тұрақтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымша

КІРІСПЕ
Қаржылық жоспарлау мен болжау бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық заттай элементтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.
Қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал ету көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашылықты жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процесс тәртіпті (реттілік) анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогррессивті нысандарын қолдауды қажет етеді.
Қаржылық көрсеткіштерді, белгіленетін қаржы операцияларын негіздеп дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелілігі сияқты, қаржылық жоспарлау мен болжау процесінде қол жетті. Бұл өте ұқсас ұғымдар экономикалық әдебиет пен практикада жиі теңестіріледі. Іс жүзінде қаржылық болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды бағалауды жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро және микродеңгейлерде қаржы ресурстарының қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтауы тиіс).
Қаржылық жоспарлаудың көмегімен белгіленетін болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай ақ таңдалынған мақсатқа жетуге көмектесетін әдістер анықталады.
Қаржылық жоспарлау бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған поцесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.
Қаржылық жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен жеке мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады.
Нарықтық экономикасы жағдайында қаржылық бақылаудың дамуы шаруашылық субектілерінің бюджеттік, қарыздық және өзіне тиесілі қаржыларын заңды, тиімді және мақсатты пайдалануына ерекше көңіл
бөледі. Осыған байланысты Қазақстан Республикасында мемлекеттік, қоғамдық және әр түрлі жеке салалардың шаруашылық қызметтерін қаржылық бақылаудың жүйесін реформалау үшін бірнеше нормативтік - құқықтық актілер қабылданды.
Қаржылық бақылаудың негізгі міндеті- елдегі экономикалық мақсаттың тиімді жүзеге асуына және елдегі, аймақтағы, секторлардағы, шаруашылық жүйелерінің өндірістік салаларының өркендеп дамуына ықпал ету. Бұрынғы әміршілдік - әкімшілдік басқару тәсілінен гөрі ұлттық экономиканың әр түрлі салаларын нарықтық әдістермен реттеу, қаржылық бақылау органдарының қайта құрылуы- уақыт талап еткен қажеттілік болады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қаржылық жоспарлау мен болжамдаудың мәні, әдістері мен қағидалары; қаржылық жоспарлар жүйесі. Кәсіпорынның негізгі қаржылық көрсеткіштері. Жалпы нарықтық жағдайдағы қаржылық жоспарлау, болжау мен қаржылық бақылаудың тиімділігін талдау.
Бұл қурстық жұмыстың теориялық негізін Қазақстан Республикасының Коммерциялық банктерінің жетілдіру жолдары, оларды тиімді пайдалану, сонымен бірге коммерциялық банктердің болашақтағы дамуын, нарықта алатын орының ерекшлігін қарастырылады.

І. КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ, БОЛЖАУ ЖӘНЕ
ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАРДА ҚАРЖЫЛЫҚ
ЖОСПАРЛАУ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

0.1. Қаржылық жоспарлау, болжау мәні, әдістері мен қағидаттары

Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы саясатымен айқындалады. Бұл: жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның көлемі мен олардын көздерін анықтау; крістерді өсірудің, шыығындарды үнемдеудің резервтерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу және басқалары.
Жоспарлау:
1) экстенсивтілігімен (әлеуметтік саяси және экономикалық құбылыстардың кең шеңберін қамтиды)
2) қарқындылығымен (кәміл техника мен әдістерді қолдануды түсінеді);
3) тиімділігімен (қорытындысында қаржыны басқару қойған міндеттерге жетудің қажеттілігін білдіреді) сипатталады.
Қаржылық жоспарлаудың мына тәсілдемелер пайдаланылады:
а) автоматтық (өткен жылдың деректері келесі жылға көшіріледі). Инфляция кезінде деректер инфляцияның коэффициенттеріне көбейтіледі. Бұл әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және, әдеттегідей, уақыт жетіспеушілігі кезінде пайдаланылады;
ә) статистикалық (өткен жылдардың шығыстарын қосып, өткен жылдардың санына бөледі);
б) нөлдік база тәсілдемесі (барлық айқындамалар қайта есептелуі тиіс бұл әдіс нақтылы қажеттіліктерді есепке алады және оларды мүмкіндіктерімен үйлестіріледі).
Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау басқарудың функциясы ретінде экономикалық және әлеуметтік қызметтің барлық жақтарын жалпыға бірдей қамту нысанын алуы тиіс. Егер жоспарлау экономикада қаржы жоспарлауда сүйеніш бөлгіштік процестерге жасалынса, нарықтық экономикада айырбас сферасына сүйенеді, бұл сфера арқылы тауарлар мен қызметтерді өткізу және оларды өндіру мен өткізу кезінде қоғамдық қажетті шығындарды тану (мойындау) жүзеге асырылады.
Демек, нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өндіру мен өткізу процесіндегі байланыстың үстемдік және айқындаушы әдісі ақшаны, бағаны, құн заңын, сұраным мен ұсыным заңын кіріктіретін өзінің механизмі бар рынок болады. Нарықтық механизмінің мұндай табиғаты өндіріс пен айырбас нәтижелерін анықтаудың әдісі ретінде, бірақ жоспарлаудың элементтері болатын болжаудың қажеттігін анықтайды.
Қаржылық жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлу экономикалық процестермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандырылманған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.
Қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса маңызды функциясы болып табылады. Оны мемлекеттік билік пен басқарудың органдары, мекемелері және олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге асырады.
Шаруашылықты жүргізудің нарықтық жағдайында қаржылық жоспарлау шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпклікті нәтижелеріне ықпал етуші көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты көбінесе болжау ретінде жүргізіледі.
Қаржылық болжау мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу (дәлелдеу). Болжамдар орташа мерзімді ( жыл) және ұзақ мерзімді (жылдан астам) болуы мүмкін. Қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасау стадияларынан бұрын болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне арналған қаржы саясатның тұжырымын жасайды. Қаржылық болжаудың мақсаты болжанған кезеңдегі қаржы ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың көздерін және пайдалануды анықтау болып табылады. Болжамдар қаржы жүйесінің органдарына қаржы жүйесін (құрамын) дамыту мен жетілдірудің түрлі нұсқауларын, қаржы саясатын іске асырудың нысандары мен әдістерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық болжау әр түрлі әдістерді қолдануды қажет етеді:
* экономикалық процестерді анықтайтын факторларға қарай қаржы жоспарлары көрсеткіштерін динамикасын бейнелеп көрсететін экономикалық үлгілерді жасау;
* корреляциялық регрессиялық талдау;
* тікелей сараптамалық бағалау әдісі.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесінде сонымен бірге индикативтік, яғни ұсынбалы (нұсқамалық) жоспарлау пайдаланылады; ол ақпараттық үйлестіруші рөлді орындайды және қарды қызметінің субъектілеріне эконмикалық реттеушілер арқылы жанама түрде ықпал етеді. Индикативтік жоспарлау нарықтық экономиканы мемлекеттік теттеуде және экономиканы ойдағыдай дамытудың бүкіл шегі анықталды.
Қазақстанда индикативтік жоспарлау 1993 жылдан бері қолданылады. Оны жасау барысында батыс Еуропа және шығыс Азия елдерінің тәжірибелері негізге алынып келеді. 1996 жылдан бері ағымдағы индикативті (жылдық) жоспарлау негізінде мемлекеттік бюджетті жасау жұмыстары қалыптасады.
Индикативтік жоспарлаудың қазіргі кезеңдегі басты ерекшелігі зерттемелік қасиеті. Яғни қоғамдағы тенденцияларға терең және жан жақты сараптама жасау арқылы әлеуметтік экономикалық дамудың нысандары көзделінеді, әрі алда тұрған небір өзекті мәселелер нақтылы белгіленеді. Арналған индикативтік жоспардың басты мақсаты экономикада бәсекелестікті арттыру.
Индикативтік жоспардың ажырағысыз бөлігі индикативтік қаржылық жоспарлау болып табылады, бұл жоспарлаудың басты мақсаты болжанған дамуды қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарының шамаланған ауқымын және олардың бағытын анықтау.
Индикативтік қаржы жоспарларының мемлекеттік секторда ғана міндетті сипаты, ал меншіктің басқа нысандарының секторлары үшін кепілдемелік сипаты болады. Соңғыға экономикалық тетіктерді реттелетін бағаны, субсидияларды, кредиттрді, салық мөлшерлемелері мен жеңілдіктерін, жеделдетілген аморизацияны және басқаларды пайдалану арқылы жетеді. Аса маңызды индикаторларға мыналар жатады: валюта бағамы, инфляяцияның болжанған деңгейі, Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдарлың нормалары.
Әлеуметтік экономикалық болжау жүйесінде қаржылық жоспарлау белсенді рөл атқарады. Қаржы жоспарлаудың әзірлеу кезінде өндірістік тапсырмалардың қауырттылығының дәрежесі тексеріледі, өнім өндіру мен оның сапасын жақсарту бойынша өндірістік қуаттылықтарды неғұрлым толық пайдалану есебінен, шығындарды төмендету және өнімсіз шығасыларды қарастыру резервтері есебінен қаржы ресурстарын көбейтудің мүмкіндіктері анықталады. өндіріске қолда бар материалдық ресурстарды таратуды, айналым қаражаттарының айналымдылығын тездетуді, құрылыстың сметалық құнын төмендетуді, басқару аппаратын ұстау шығындырын қарастыруды және т.б. ескере отырып, сондай-ақ ақшаға деген қажеттілікті азайтудың жолдары қарастырылады. Сөйтіп қаржылық жоспарлау, бір жағынан, қаржыны басқарудың құралы, басқа жағынан қоғамдық өндірістің процесіне ықпал жасаудың белсенді құралы болып табылады.
Қаржылық жоспарлаудың әдістемелігі аса маңызды мына қағидаттарға негізделеді:
Орталықтандарылған және орталықтандырылмаған тәсілдемелердің үйлесуі. Бұл қаржы жоспарларының жасағанда екі негіздің (бастаудың) орталықтандырылған қаржылық жоспарлаудың жергілікті (төменгі) бастаманы барынша дамытумен етене ұштасуын білдіреді. Орталықтандырылған қаржылық жоспарлау мемлекетке бірыңғай қаржы саясатын жүргізуге, мемлекет ауқымында қаржы ресурстарын бөлуді және қайта бөлуді нысаналы басқаруға мүмкіндік береді. Қаржылық жоспарлаудағы децентрализм өндірістік бөліністер мен биліктің жергілікті органдардың нақтылы жоспарлар жасап, оларды орындаудағы, өндірісті өркендеудің және оның нәтижелілігін арттырудың резервтерін іздестірудегі шығармашылық белсенділігін дамытуға жәрдемдеседі.
Биліктің жергілікті органдары бюджеттерінің олардың аумағында орналасқан шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің нәтижесіне тәуелділігінің белгілейтін ұзақ мерзімді нормативтердің негізінде аймақтардың қаржыларын басқарудың экономикалық әдістеріне көшу үлкен
маңызға ие болып келеді. сонымен бір мезгілде жалпымемлекеттік қаржыларды жүйелі түрде нығайту, мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің тұрақтылығын, қоғамдық өндіріс дамуының әлеуметтік бағдарлануын күшейтуде, тиімділікті арттыруда оның рөлін арттыру қажет;
Бірлік қағидаты қаржылық жоспарлаудың экономикалық және әлеуметтік жоспарлаумен тығыз өзара байланысы мен өзара тәуелділігінде көрініп білінеді. Қаржы жоспарларының негізінде экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен болжамдарының көрсеткіштері жатыр. Сонымен бірге қаржылық жоспарлаудың барысында объектінің дамуының белгіленген параметрлері дәлелденіп анықталады, экономикалық және әлеуметтік жоспардың жеке элементтері мен бөлімдерінің баланстық байланыстары тексеріледі. Қаржылық жоспарлаудың бірлігі сонымен бірге қаржы жоспарларының барлық түрлерінің тығыз өзара байланысын білдіреді. Жоғарғы ұйымдардың қаржы жоспарларының көрсеткіштері оған қатысты субъектілердің жоспарлы жобаламаларын кіріктіреді. Мемлекеттік деңгейде жасалынатын қаржы жоспары (мемлекеттік бюджет) басқарудың жергілікті органдарының кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржы жоспарларының көрсеткіштерін тірек етеді;
Жоспарлаудың үздіксіздік қағидаты перспективалық және жылдық қаржы жоспарларының тығыз үйлесуін шамалайды, бұған перспективалық жоспарлаудың іс-қимылының мезгілін ұзартумен және жылдық жоспарлауда олардың міндеттерін нақтылаумен қол жетеді. Қаржыны жоспарлаудың бұл қағидаты ағымдағы және перспективалық жоспарлаудың арасында үзілісті болдырмауға, шаруашылық жүргізуші субъектілерді, олардың нақтылы даму перспективаларын анықтай отырып, дұрыс бағыттауға мүмкіндік береді. Бұл қағидат шығыстардың көпшілігі үшін, әсіресе мемлекет қаржысын бөлуді есептеу кезінде қолданылады. Бұл жоспарлаудың жүйелік түрлендірме әдісі жоспарлау, бағдарламалау және бюджет жасау:
* жоспарлау өзіне мақсаттар мен міндеттерді қалыптастыруды және баяндауды кіріктіреді.
* бағдарламалау деп мақсаттарға жету үшін пацдаланылатын құралдардың қолда барын іріктеуді және жаңаларын табуды түсіндіреді;
* бюджет жасау жалпы көпжылдық бағдарламаларды қаржы жылдары бойынша жылдық бюджеттік цифрлар тіліне аудару процесі. Бұл дәстүрлі бюджеттік топтастыру бойынша сан жағынан тұлғаланған операциялардың бүкіл жиынтығын бөлу процесі.
Қаржыны жоспарлау (болжау) белгілі әдістердің көмегімен жүзеге асырылады, олардың қатарына жататын ең маңыздылары мыналар:
1. Экстрополяция (немесе коэффициенттер) әдісі. Оның мағынасы қаржылық көрсеткіштерді олардың динамикасын белгілеу негізінде анықтауда болады. Есеп қисаптар есепті кезеңнің жетістіктері және оларды өсудің немесе төмендеудің салыстырмалы тұрақты қарөынына түзету негізінде жүргізіледі.
Мұндай тәртіптің айтарлықтай кемшіліктері бар :
* мүмкін болатын ішкі шаруашылық резервтер анықтауды есепке алмайды;
* материалдық және ақша ресурстарын пайдалануға теріс әсер етеді, өйткені жоспарланатын кезеңге олардың көлемі қол жеткен деңгейге қарай анықталады.
2. Нормативтік әдіске сәйкес жоспарлы қаржылық көрсеткіштер белгіленген нормалар мен нормативтердің негізінде есепке шығарылады.
3. Матеметикалық үзгалеу әдісі: процестің құру және оны қаржы саласына көшіру.
4. Баланстық әдіс шығындардың оларды жабу көздерімен
үйлесушілігін, қаржы жоспарларының барлық бөлімдерінің, сонымен бірге өндірістік жоспарларының барлық бөлімшелерінің , сонымен бірге өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің өзара үйесушін қарастырады. Қаржы балансының талаптарын сақтау үшін кәсіпорынның, саланың, бюджеттің, бұкіл ұлттық шаруашылықтың шығындары мен табыстарының арасында үйлесімсіздіктің пайда болуынан сақтандыруға; ұлттық шаруашылықты дамытудың қажетті қарқындары мен үйлесімдарін анықтауға; ішкі резервтерді жұмылдыруды ескере отырып оларды жан жақты негңздеуге мұмкіндік берді.
5. Сараптық бағалаулар әдісі жоспарлау объектісінің жай-күйінің параметрлерін анықтау үшін аса біліһті мамандардың тәжірибесін пайдалануды қажет етеді.
Объективті талаптарға жауап беретін қаржылық жоспарлауды ұйымдастыру оның негізгі қағидаттарын саналы есепке алуды қажет етеді. Отандық экономикалық әдебиеттерде қаржылық жоспарлаудың қағидаттарын анықтауда әр түрлі көзқарас бар. Алайда қағидаттар басқарудың бұл стадиясының негізгі ережелері ретінде дамудың барлық дәуірі, кезеңдері үшін бірдей болады. Өзгеретін жоспарлаудың қағидаттары емес, тек оларды іске асырудың механизмі, өндіргіш күштерідің, ғылымның және көптеген басқа факторлардың даму деңгейіне байланысты оның әдістері өзгереді.
Қаржылық жоспарлауда тарихи мына ұйымдық қағидаттар қалыптасты: ведомстволық, салалық, аумақтық және предметтік мақсатты. Ведомстволық және салалық қағидаттар экономиканы бір орталықтан басқарудың (оның қатаң, әміршіл әдістерімен) кезеңіне сипатты болды.
Нарықтық қатынастар жағдайында аумақтық және предметтік мақсатты қағидаттар кеңінен қолданылатын болды. Аумақтық қаржылық жоспарлау әміршіл аумақтық бөліністердің қаржы ресурстарын анықтауға мүмкіндік береді; ресурстар ауқымын шаруашылық қызметтің нәтижелеріне тәуелді ғып қоюға көмектеседі; объектиті себептер бойынша ресурстардың тапшылығы жағдайында аймақтың қолайлы әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету үшін оларды орталықтандырылған қорлар арқылы қайта бөлу мүмкін.
Қаржылық жоспарлаудағы предметтік мақсатты қағидат белгілі бір экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, мәдени және басқа бағдарламаларды қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарын нақтылы қалыптастыруға және пайдалануға бағытталған.
Қаржы жоспарларын жасау негізінен үш кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде есеп беріліп отырылған мезгілдің қаржылық көрсеткіштердің орындалуына экономикалық талдау жасалады. Қаржылық көрсеткіштерді талдау өндірістік мәліметтермен өзара байланысты жүргізіледі. Мұның өзі қаржыларды толық жұмылдырудың себептерін ашуға, оларды пайдаланудың тиімділігі дәрежесін анықтауға, ішкі шаруашылықты резервтерді табуға мүмкіндік бреді.
Екінші кезеңде әлеуметтік және экономикалық даму жоспарлары мен бағдарламаларының көрсеткіштері негізінде кірістер мен шығыстардың нақтылы түрлерінің есеп қисаптары жасалады.
Үшінші кезеңде сметедағы тапсырмалар және кірістердің баптары үйлестіріліп, теңестіріледі. Егер қарастырылған шаралар мен жоспарлы тапсырмалар ақша ресурстарымен сәйкес келмеген жағдайда табыстар мен қорланымдарды көбейтудің көздері іздестіріледі, оларды аса тиімді пайдаланудың жолдары анықталады, ал кейбір жағдайда шығындардың жеке түрлерін тікелей қысқарту қарастырылады.

1.2 Қаржылық бақылаудың мәні мен қағидаттары

Қаржылық бақылаудың мәні, міндеттері және қағидалары
Қаржылық бақылау жалпы қоғамдық өнімнің ақшалай қорлар бойынша және оның белгілі бір мақсаттарға сәйкес пайдаланылуын бақылауды айтамыз.
Қаржылық бақылау - бұл заңдылықты және атқарушы билік органдарының барлық деңгейінің және арнайы құрылған мекемелердің экономикалық субъектлердің қаржылық қызметіне бақылау жүргізуі.
Бақылаушылық функцияның нәтижесінде қаржылық ресурстарды қалыптастыру, бөлістіру және пайдалану бойынша кемшіліктер анықталады.
Осыған сәйкес қаржылық бақылаудың ерекшелігіне - оның ақша нысанында жүзеге асырылуы жатады. Осыған сәйкес тексеру нысанына- кәсіпорындағы пайда, кірістер, рентабельділік, өзіндік құн, айналыс шығындары жатады..
Бақылаушылық функцияның міндеттеріне келесілер жатады:
- ақшалай қорлардың қалыптасуы, бөлістірілуі мен пайдаланылуына негізделген арақатынастың сақталуы;
- мемлекет тарапынан өндіріс, айналыс және материалдық игіліктерді тұтыну үрдістеріне әсер ету мүмкіндіктерін қалыптастыру.
Қаржылық бақылау келесі міндеттерді атқарады:
1. Қаржылық міндеттемелердің орындалуын тексеру
2. Ақшалай қаржаттардың дұрыс пайдаланылуын тексеру
3. Қаржылық операциялардың және ақшалай қаражаттарды сақтаудың дұрыс жүзеге асырылуын тексеру
4. Өндірістің ішкі резервтерінің - еңбек өнімділігін, айналым қаржаттарының айналымдылығының жеделдігін, ақшалай және материалдық қаражаттарды тиімді пайдлану жолдарын анықтау.
5. Қаржылық тәртіптің бұзылуын ескерту мен жою.
Қаржылық бақылаудың негізгі қағидаларына келесілер жатады:
(Қосымша 1)
-реттілік, жаппай қамтушылық, әмбебаптығы;
-алдын ала ескертушілік сипаты;
-әрекеттілік, нақтылық, жариялылық;
-бақылауда алаламаушылық (бөлмеушілік) сипаты;
- бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі
Қаржылық бақылау өткізілуі мерзіміне байланысты нысандары бойынша былай сыныпталады:
-алдын ала ( шығындалуға дейін жүргізіліп, профилактикалық шара қолданылады );
-ағымдағы ( шығындалу кезінде жүргізіліп , жоспар немесе сметамен салыстырылады);
-кейінге ( есеп материалдары негізінде шығыннан кейін жүргізіледі. Алдын ала және ағымдағы бақылау үшін тұжырым жасалады).
Қаржылық бақылаудың әдістері (өткізілуі тәсілдері):
-ревизия( барлық құжаттар бойынша барлық бөлімшелердің қызметтері тексеріледі);
-инспекция (кәсіпорынның қаржылық жағдайы үнемі тексеріліп отырады);
-зерттеу (кемшіліктерін зерделеу);
Қазақстан Республикасында бұрын болған қаржылық бақылау жүйесі экономиканы басқаруда әміршілдік- әкімшілік әдістеріне негізделген еді. Сондықтан қаржылық бақылау жүйесінің құрылуы мен тиімді атқарылымы мәселелері нарықтық экономикаға сәйкес жоғары дәрежеде көкейкесті болып қала берді.
Қаржылық бақылаудың тиімділігі көп жағдайда ұтымды ұйымдастырылуымен, яғни субьектіні, обьектіні нақты белгілеумен, бақылаудың компонентерімен, олардың құқықтары мен міндеттерімен, бақылау шараларын өткізудегі әдістері мен нысандарының
ұштастырылуымен анықталады. Жоғарыда айтылған бақылау жүйесінің ең жалпы мойындалған тиімділікке ықпал ететін факторы болып мыналар саналады:
1. Бақылауды жүзеге асыратын мамандар- бақылау субьектілері. Олардың кәсіптік шеберлігі мен турашылдығы жоғары болған сайын, олардың бақылау нәтижесі де жоғары болады.
2. Бақылау обьектісі. Ол күрделі болған сайын, оны тексеруге шығарылатын шығын сонша көп болады. Бақылау обьектісінің күрделілігі толық анық ақпараттарды жинауды талап етеді.
3. Бақылаудың әдістемесі, яғни бақылау тәсілдерінің жиынтығы және ноы қолдану тәртібі. Бақылау құралдарын таңдай білу, яғни, бақылаудың тепе- теңдігін есепке алып, турашылдығын, сенімділігін, жеделдігін және бақылаудың сапасын қамтамасыз ету өте маңызды.
Нарықтық экономикалы дамығаң елдердің қаржылық бақылау органдарының тәжірибесін талдаудың көрсетуі бойынша, ревизиялық- бақылау жұмыстарының тиімділігін қөрсету үшін мыналар ең маңызды бағыт болып саналады:
а) бақылауды жүзеге асыратын (мамандармен қамтамасыз ету) мамандардың жоғары дәрежелі болуы;
б) бақылау обьектісі туралы бастапқы толық және анық деректері (ақпараттық қамтамасыз ету);
в) пайдаланатын әдістер мен техниканың жетілдірілуімен қамтамасыз етілген бақылаудың турашыл, сапалы, жедел және кешенді түрлері (ғылыми- әдістемелік және техникалық қамтамасыз ету.)г) бақылау атқарылымының орындалуына құқықтық кепілдеме беретін нормативтік- құқықтық қамтамасыз ету.
Жоғарыда келтірілген бақылау қызметінің тиімділік факторларын ресурстық- әлеуметтік келуімен, яғни, бақылаушы органдардың әлеуметтігін пайдалану денгейімен анықтауға болады.
Бақылаушы органның әлеуметтігі өндіріс күшін, әдіснамалық және материялдық- техникалық қамтамасыз етіп, әртүрлі жақтарын белгілейтін бірнеше компоненттерден тұрады:
Шебер, төселген компонент (басшылар, мамандар мен қосымша қызметкерлер), санатты.
1. Ақпараттық- технологиялық компанент (деректер қөзі, техника, жинау құралы және ақпаратты өндеу).
2. Ғылыми- құқықтық компонент (теория, әдіснама және бақылау технологиясы).
3. Ұйымдастырушылық құқықтық компонент (құрылым, атқарылым, нормативтік акті және бақылау органдарының қызметін қамтамасыз етуші стандарттар).
Бақылаушы органдарының жұмысының тиімділігін үнемі зерттеп, кемшіліктерді анықтап, олардың құрылымы мен компоненттерін жетілдіріп, белгіленген талап деңгейінен және бақылау обьектісінің атқарылымының белгілі бір мөлшерінен ауытқуды ескертіп, рогандардың әлеуметтігін көтерудегі қиындықтарды жеңу қажет.

1.3 Қаржылық жоспарлаудың , қаржылық бақылау-қаржы жүйесі

Қаржылық жоспарлаудың негізгі құжаты болып келетін қаржы жоспары шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, аймақтардың және жалпы мемлекеттің ақшалай табыстары (кірістері) мен қорланымдарын құрудың және пайдаланудың жоспары болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың ресурстармен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Басқарудың барлық деңгейлеріндегі жасалынатын саны көп қаржы жоспарларын бір жүйеге келтіру үшін оларды көптеген белгілері бойынша сыныптаған орындар. Экономикалық әдебиеттерде олар негізгі екі топқа бөлінеді: жиынтық және бастапқы қаржы жоспарлары.
Жиынтық қаржы жоспарлары жалпымемлекеттік қаржы ресурстарының қозғалысын негіздейді, мемлекеттің қаржы жүйесі жүзеге асыратын қайта бөлу процестерін белгілейді.
Нысаны бойынша олар әрқашан жиынтық жоспарлар болып табылады, бірақ бұл оның жалғыз ғана белгісі емес. Сонымен бірге министрліктердің, ведомстволардың қаржы жоспарларының да құрамалық сипаты болады, бірақ олар қаржы ресурстарының қозғалысын тек нақтылы саланың, ведомствоның шегінде ғана жобалайтындықтан, олар бастапқы жоспарларға жатады. Жиынтық қаржы жоспарлары ең алдымен өзінің мазмұнымен, ресурстардың объектісімен және сферасымен, жоспарлау әдістерімен және арналымымен ерекшеленеді.
Қазіргі кезде жиынтық қаржы жоспарлары жалпымемлекеттік, салалық, аумақтық жоспарларды кіріктіреді. Мыналар жалпымемлекеттік болып табылады: мемлекеттің жиынтық қаржы балансы, мемлекеттік бюджет, республикалық бюджет, бюджеттен тыс қорлар.
Жиынтық қаржы балансы деп орта мерзімді (бесжылдық) кезеңге арналған дамудың жалпымемлекеттік болжамының қаржылық бағдарламасын айтады. Оны жасаумен Қаржы министрлігінің, Ұлттық банктің белсенді қатысуымен экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі айналысады. Аймақтарда баланстын есеп қисаптарын аймақтық органдар жүргізуі тиіс. Жиынтық қаржы балансында мемлекеттің, меншіктің барлық нысанының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын қалыптастырудың құрамы мен көздері және ұдайы өндіріс пен қоғамдық , қажеттерге (әлеуметтік мәдени шараларға, қорғанысқа, басқаруға) оларды пайдалану қамтып көрсетіледі.
Баланстың кіріс бөлігі мыналарды кіріктіреді: таза табыс, тұтынуға салынатын салықтар (қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден баждары), амортизациялық аударымдар, сыртқы сауда операцияяларының түсетін түсімдер, салықтар мен алымдар, қысқа мерзімді несиелендірудің ресурстары, ұзақ мерзімді несиелендірудің көздері.
Шығыстар бөлігінің аса маңызды көрсеткіштері: экономиканы дамытуға жұмсалатын шығыстар (күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру, айналым қаражаттарының өсіміне жұмсалатын шығындар, мемлекеттік субвенциялар); сыртқы экономикалық операциялар жөніндегі шығыстар; әлеуметтік мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар; басқару мен қорғаныс шығыстары; қысқа мерзімді кредит салымдарының және ұзақ мерзімді кредит беруге арналған қаражаттардың өсімі.
Жиынтық қаржы балансы сөйтіп ұлттық шаруашылықтын қаржы ресурстарын сипаттайтын қаржылық көрсеткіштердің жүйесі болып табылады. Жиынтық қаржы балансына қамтылатын көрсеткіштердің құрамы оның елдің әлеуметтік экономикалық даму жоспарының материалдық және қаржылық үйласімдерінің теңгерімділігін қамтамасыз етудің тетігі болып табылатындығын көрсетеді. Бесжылдық мерзімге (жылдарға бөле отырып) жасаған кезде бұл баланс қаржы және ақша кердеит қатынастарын дамытудың ауқымы мен сипатын алдын ала айқындайды. Жиынтық қаржы балансы ірілендірілген көрсеткіштер бойынша оларды министраліктер мен ведомстволарға нақтылы бекітусіз жасалынадын. Мәселен, онда қарастырылған таза табыстың сомасы субъектілер, яғни мекен жайлары бойынша бөлінбейді. Шығыстардада сондай. Бұл баланстың көмегімен мемлекеттік бюджет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы жоспарларын жасау процесінде жүзеге асырылатын атаулы қаржылық жоспарлау үшін негіз қаланады.
Дүние жүзінің барлық елдерінде оперативтік қаржы жоспары мемлекеттік бюджет болып табылады. Оны жасаудың керектігі мемлекеттің ақша ресурстарының көздері мен ауқымын анықтаудың және жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін оларды ұтымды бөлудің қажеттігімен туындайды.
Мемлекеттік бюджет қаржы жоспарлары мен болжамдары мен жүйесінде бастысы болып келеді, өйткені олардың қалыптасуы мен орындалуына ол белсенді ықпал етеді, мемлекеттің түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері мен және халықпен өзара қатынастарын айқындай отырып оларды үлестіреді. Бюджет белгіленетін жалпы мемлекеттік экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды орындауда, демек, мемлекеттің функциялары оның ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады.
Бюджет баланс нысанында жасалады, онда ағымдағы кезеңде арналған елдің, оның аумақтарының экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларына сәйкес бүкіл кірістері мен шығыстары жоспарланады. Сонымен бірге түсім көздерінің толық жиналуына бюджет қаражаттарының ұтымды бөлінуіне және бюджеттің тапшылықсыз теңестірілуіне баса назар аударылады.
Аса маңызды оперативтік қаржы жоспары болып табылатын мемлекеттік бюджеттің жиынтық қаржы балансының бірқатар елеулі айырмашылықтары бар. Онда мемлекеттің барлық кірістері емес тек оның орталықтандырылатын бөлігі қамтып көрсетіледі. Жиынтық қаржы балансында мемлекеттің кірістері мен шығыстары туралы мәліметтер ірілендірілген түрде бүкіл ұлттық шаруашылық бойынша келтіріледі, ал мемлекеттік бюджетте олар тәптіштелініп (нақтыланып) көрсетіледі. Бюджетте оған түсетін төлемдерінің нақты атаулары мен оларды төлеушілер, арналымы және оларды алушылар көрсетілген.
Шаруашылық жүргізудің социалистік жүйесі мен қаржы жүйесі барлық буындарын мемлекеттендірудің жоғары дәрежесі жағдайында мемлекеттік сақтандырудың жиынтық қаржы жоспарлары мен әлеуметтік сақтандырудың бюджеті сияқты орталықтандырылған қаржы жоспарлары да жасалды.
Мемлекеттік сақтандырудың жиынтық қаржы жоспары бұл ұйымның барлық ақша түсімдері мен тиісінше стихиялық апараттарды ескерту мен және оның зардаптарын жою мен байланысты ұйғарылған шығындарды анықтайтын. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың бюджеті әлеуметтік сақтандыру қаражаттарын жасау мен бөлуді жоспарлайтын.
Кей жылдары бүкіл ұлттық шаруашылықтың, жеке республикалардың жиынтық қаржы жоспарлары да жасалады. Оларда бюджет ресурстарынан, мемлекеттік сақтандырудың қаражаттарының басқа мемлекеттік кәсіпорындардың қаражаттары есепке алынады.
Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде бюджеттен басқа жалпы мемлекеттік бағдарламаларды қаржымен қамтамасыз ету, сондай-ақ барлық бюджеттен тыс қорлардың бюджеттері түрінде басқа да орталыұтандырылған қаржы жоспарлары жасалады.
Көптеген елдерде әлеуметтік, табиғатты қорғау сипатындағы немесе басқа арнлымдардың маңызды шараларын қаржыландырудың арнаулы көздері ретінде қалыптастырылады. Бюджеттен тыс қорлар, әдеттегідей, жалпымемлекеттік қаржы жүйесінің дербес буыны болып табылады. Айрықша көздер есебінен құрылады және өзінің ресурстарын функциялық міндеттерді орындауға жұмсайды. Сондықтан олардың қаржы жоспарлары ағымдағы жылға түсетін барлық түсімдер мен шығындарды анықтайтын құндық баланстар болып келеді.
Жиынтық қаржы жоспарлары тек қаржы жүйесінің буындары бойынша емес, сонымен бірге қаржы ресурстары қозғалысының деңгейі бойынша да: жалпымемлекеттік немесе жеке аймақтардың (республикалық және жергілікті) жоспарлыры болып ажыратылады.
Салалық (ведомтволық) қаржы жоспарларының жүйесі материалдық өндіріс салалары министрліктерінің (ведомстволарының) кірістері мен шығыстарының балансын, өндірістік емес салалар министрліктерінің шығындарының құрама сметаларын, қоғамдық ұйымдардың және т.б. қаржы жоспарларын кіріктіреді.
Аумақтық қаржы жоспарларына мыналар жатады: аймақтардың жиынтық қаржы баланстары, жергілікті бюджеттер, тиісті аумақтағы қоғамдық ұйымдардың және тағы басқа жоспарлары жатады.
Болжау және жоспарлау жүйесі(Қосымша 2)
Қаржы жоспарларының барлық түрлері өзара байланысты: мәселен, салалық жоспарлар ведомстволар қарасты ұйымдардың жоспарларын біріктіреді; аумақтық, әдеттегідей, жалпымемлекеттік немесе салалық жоспарлардың бөлігі болып келеді.
Мезгіліне қарай қаржылық жоспарлау жылдық, ортамерзімді (үшжылдық, бесжылдық) және перспективалық болып бөлінеді. Қазіргі кезде жоспарлардың жоғарыда аталған барлық түрлері бір және бесжылдық мерзімге жасалынады.
Шаруашылық баланстар мен экономика теңдестігінің бұзылуына, дағдарыстан туған шаруашылық органдарының іс-әрекет ету факторларының екі ұштылығына байланысты бес жылдық және перспективалық жоспарлау нарыққа өтпелі кезеңде қатаң шектелінген. Арналымына байланысты бес жылға жиынтық қаржы балансы, бірқатар басқа жиынтық жоспарлар жасалуы тиіс, мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының негізгі көрсеткіштері бойынша есеп-қисаптар жүргізілуі тиіс.
Бастапқы қаржы жоспарларының саны жиынтық қаржы жоспарларына қарағанда едәуір көп және нысаны мен мазмұны әр түрлі. Бұл толып жатқан, өзінң қызметі, ұйымдастыру типі, басқару әдістері мен қаржыландырылуы әр алуан шаруашылық жүргізуші субъектілердің, ведомстволардың қаржы жоспарлары. Бастапқы қаржы жоспарларының ортақтығы (бірлігі) олардың шаруашылық жүргізудің нақты субъектісінің ақша қаражаттарының жеке дара айналымын негіздеу қабілетінде болып келетіндігі, осыдар барып олардың айрықша арналымын бұл объектінің кірістер мен шығыстарын, оның қызметінің қаржылық нәтижелерін және қаржы ресурстары қозғалысын ортақтастыратын тиісті қатынастарды анықтау.
Бастапқы қаржы жоспарларын топтастырудың негізіне кірістердің, шығыстардың құрамы мен оларды есептеудің әдістемесіне, сондай ақ мемлекетпен және ұдайы өндірістік процестің барлық қатысушыларымен қаржылық өзара қатынастардың қалыптасуына ықпал жасайтын түрлі белгілер қойылуы мүмкін. Оларға ең алдымен меншік нысандарын жатқызуға болады. Мәселен, мемлекеттік, жалгарлік, кооперативтік кәсіорындардың, акционерлік қоғамдардың, бірлескен шетелдік кәсіпорындардың, жеке меншік фирмалардың, қоғамдық ұйымдардың қаржы жоспарлары болып ажыратылады.
Бұл топтардың әрқайсысының кәсіпорындарының бірқатар ортақтығымен қатар жеке субъектілердің қаржы жоспарлары салалық ерекшеліктеріне, өндіріс өзгешелігіне, кәсіпорынның қызмет сферасына, типі мен көлеміне байланысты нысаны мен мазмұны жағынан айырмашылықтары болады. Шаруашылық саласы, қызмет түрі, басқару әдісі (коммерциялық есеп немесе бюджеттік қаржыландыру) қаржыландыру көздеріне, кірістер мен шығыстардың құрамына, құрылымына айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан оларды салалық, ведомстволық белгісі бойынша, басқару нысаны, сондай ақ кәсіпорындардың түрлері бойынша да (бірлестіктер, концернер, ірі, орта, шағын кәсіпорындар) топтастырылған орынды.
Қаржы жүйесінің барлық сфераларын, буындарының қаржы жоспарлары болады және қаржы жоспарларының нысаны, оның көрсеткіштерінің құрамы қаржы жүйесінің тиісті буынының өзгешелігін бейнелейді.
Бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің қаржы жоспарлары смета деп аталады және негізінен олардың шығындары анықталады, ал кірістердің қосымша көздері болған жағдайда шаруашылық қызмет бойынша барлық түсімдер мен шығындарды қызмет бойынша барлық түсімдер мен шығындарды негіздейтін кіріс-шығыс сметалары жасалынады. Ұжымшылар, кооперативтік ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер және сақтық компаниялары қаржы жоспарларын, мемлекеттік биліктің органдары түрлі деңгейлері бюджеттерді жасайды. Коммерциялық есепте жұмыс істейтін кәсіпорындар мен ұйымдар қаржы жоспарларын бұрын кірістер мен шығыстардың балансы түрінде жасайтын. Бұл жоспарлардың құрылымы негізінен кәсіпорындар үшін де, сондай-ақ бірлестіктер үшін де бірдей болады. Олардың кіріс бөлігінде табыстар мен қаражаттардың түсімі,шығыс бөлігінде осы түсімдер есебінен жасалатын шығындар анықталады. Баланстың Кәсіпорындардың бюджетпен өзара қарым қатынастары бөлігі бюджетке түсетін түсімдердін және бюджеттен қаржыландыруды көрсетеді.
Қаражаттарының айналымы үлкен емес шаруашылық - жүргізуші субъектілер екі бөлімнен: кірістер мен шығыстардан тұратын қаржы жоспарларын жасайды, оларда бюджеттен төленетін төлемдер шығыстардың құрамына кіріктіріледі.
Кәсіпорынның кірістер мен шығыстары балансының ерекшелігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоспарлау мен болжаудың түсінігі
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың қағидалары
Қаржылық жоспарлау және болжау
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың объектісі
Индикативтік жоспарлаудың қазіргі кездегі басты ерекшелігі зерттемелік қасиеті
Қазақстан Республикасында бюджеттік жоспарлау жүйесін қарастыру
Қаржылық жоспарлаудың объектісі
Қаржылық жоспарлаудың мәні
Есіл ЖШС-нің қаржылық-экономикалық жағдайын талдау. Кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау мен болжау бойынша ұсыныстар
Қаржылық жоспарлаудың мазмұны міндеттері, қағидаттары мен әдістер
Пәндер