ҚҚС: қызмет ету және даму мәселелері


Қосылған құн салығын төлушілер және салық салу объектілері
Бұл бөлімде біз тұтынуға салынатын салықтарға жататын қосылған құн салығы және акциз салықтары жөнінде баяндаймыз. Қазіргі кезде халықаралық стандартқа сәйкес және экономикалық терминге ретінде «тұтыну салығы» деп аталып жүр . Кейбір дамыған мемлекеттерде «тұтыну салығы» десе, ал бірқатар елдерде «жанама салықтар» деп аталады. Қалай айтсақта бұл салықтардың мағынасы мен мазмұны өзгермейді. Сондықтан кейде қатар аталып, күнделікті тұрмыста қолдануда.
Қсылған құнға салынатын салықты 1954жылы М. Лоре (Франция) негізіп, айналымға салынатын салықты алмастыруға қабілетті салық ретінде белгілейді. Бұл салық Франция жерінде 1968жылытолығымен енгізіліп болды. Кейін келе Еуропалық одаққа мүше болғысы келетін мемлекетке қойылатын алғы шарттардың бірі болып саналады.
Қосылған құнға салынатын салықтарды есептеу үшін негізінен 4 әдіс қолданады.
- Тікелей аддитивті немесе бухгалтерлік
- Жанама аддитивті
- Тікелей шегерім жасау әдісі
- Жанама шегерім жасау әдісі мен шоттар бойынша есепке жатқызу.
Аддитивті - қосу жолымен алынатын шама.
Бірінші және екінші әдістер балансқа негізделген, анығын айтқанда ол пайданы анықтау негізінде есептеледі. Бірақ компаняның балансында жасалған мәмілелер жалпылама түрде көрсетіліп, тауарлар түрлері бойынша жіктелмейді.
Үшінші әдіс өндірілген өнім құнынан жасалған шығындарды шегеріп тастағаннан кейін ғана салық сомасы есептеледі. Бұл үш әдісті біттұтас салық ставкасын қолданған жағдайда ғана пайдаланады. Ал, тәжірибеде негізінен төртінші әдіс кеңінен тараған.
Бұл әдіс арқылы дифференцияланған салық ставкасы мәміле жасаған сәтте бірден қолданады. Сондай -ақ шот фактураны толтыру арқылы жасалған мәміле туралы, компанияның салық міндеттемелері туралы, ақпарат алып отыруға мүмкіндік береді. Көптеген елдерде қосылған құнға салынатын салықтан экспорттық операциялар, азық - түлік тауарлары, дәрі - дәрмек, кітап, газет -журнал өнімдері, пошта, сақтандыру, жолаушы тасымалдау қызметтері босатылады.
Тұтынуға салынатын салықтардың - Ішіндегі ең күрделісі 1992 жылы енгізілген қосылған құнға салынатын салық. Қазіргі кезде қосылған құнға салынатын салық Қазақстан Республикасының бюджет кірістерінің ең негізгі көздерінің қатарынан саналады. Мемлекеттік бюджет кірістерінің 27, 1 пайызын құрайды.
Салық төлеуші мелекетке осы салықты төлеу нәтижесінде шеккен шығынның орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады және салық төлеуді сатыпалушыға аударады.
Бұл - салықтың ерекшелігі мынада;
Оның салық салынатын объектісі сатудан түскен бүкіл түсім сома емес, тек салық салынатын айналым мен салынатын импортты қамтитын қосылған құн болып табылады. Қосылған құн салығы дүние жүзінің 40- астам елдерінде, соның ішінде еуропа экономикалық одағының 17 - мемлекетінде қолданылады.
Бұл салықтардың артықшылығы:
- біріншіден ол, жаңа құн жасалынған орын бойынша салық төлеушілердің үлкен тобынан алынады.
- төлеушілер үшінде есептеудің салыстырмалы қарапаймдылығымен ерекшеленеді.
- үшіншіден бағалардың өзгеруіне, төлеушінің қаржылық ахуалына, инфляция деңгейіне қарамастан мемлекет бюджетінің кірістерін қалыптастырудың сенімді және тұрақты базасын қамтамасыз етеді.
Қосылған құн салығы дегеніміз- тауарларды ( жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аудару, сондай - ақ Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар импорты кезінде аударым. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығы тауарлар үшін есептелеген құн салығының сомасы мен алынған тауарлар үшін төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған мынадай тұлғалар қосылған құн салығын төлейді:
- Жеке кәсіпкерлер
- Заңды тұлғалар (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда)
- Қызметін Қазақстан Респуубликасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер
- заңдық тұлғаның құрылымдық бөлімшелері
- Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес тауарларды Қазақстан Республикасына импорттайтын тұлғалар.
Қосылған құн салығының негізгі салық салу объектілері
- салық салынатын айналым
- салық салынатын импорт
Салық салынатын айналым және салық салынатын импорт.
- Тауарларды өткізу бойынша айналым
Тауарға қатысты өткізу бойынша айналым
- тауарға меншік құқығын беруді, оның ішінде ; тауарды сатудытауарды тиеп, жөнелтуді, оның ішінде басқа тауарларға алмастырудытауар экспортынтауарды тегін берудіжарғылық капиталға жарна берудіжұмыс берушінің жалдамалықызметтерге жалақыесебінен тауар беру
2. тауарды төлем мерзімін ұзарту шартымен тиеп жөнелтуді және мүлікті қаржы лизингіне беруді
3. комиссия шарттары бойынша тауарды тиеп жөнелту
4. қарызды төлемеген жағдайда кепіл берушінің кепіл ұстаушыға кепілге қойылған мүлкінберуін.
5. кәсіпкерлік қызмет мақсатыүшін сатып алынған тауарды кәсіпкерлік қызметке жатпайтын шараларды өткізу үшін, сондай - ақ қосылған құн салығыныңтөлеушінің не оның жалдамалы қызметкерлерінің, қатысушылардың немесе басқа да тұлғалардың жеке тұтынуы үшін пайдалануы ;
6. бір зңды тұлғаның қосылған құн салығын дербес төлеушілері болып табылатын бір құрылымдық бөлімшесінің екінші құрылымдық бөлімшесіне тауар жөнелтуі;
7. бұрын экспорт режимінде шығарылған тауарды кері импорт режимінде қайтаруды білдіреді.
2. Жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым кез - келген жұмыстар орындауды немесе қызмет көрсетудің, соның ішінде олардың тегін орындалуын, сондай - ақ тауарды өткізуіне өзге сыйақы үшін кез - келген қызметті . оның ішінінде;
1) мүлікті уақытша иелікке беруді және мүлікті жалдау шартымен пайдалану ;
2) санаткерлік меншік объектілеріне, соның ішінде жарғылық капиталға салым ретінде берілетін құқықтар беруді;
3) жұмыс берушішің жалдамалы қызмекерге жалақы есебінен жұмыстар орындауын, қызмет көрсетуін;
4) қосылған құн салығын дербестөлеушілкр табылатын бір заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері арасында жұмыстар орындауын, қызметтер көрсетуін білдіреді;
3 . мыналар өткізу бойынша айналымға жатпайды:
1) бірлігінің құны екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын тауарды жарнамалық мақсатта беру не сыйлау;
2) тапсырысшының мердігерге дайын өнімді мердігерге дайындауы, ұқсатуы, құрастыруы, жөндеуі және объектілерсалуы үшін алыс - беріс тауарларын тиеп жөнелту . Аталған тауарлар Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердедайындалған, ұқсатылған, құрастырылған, жөнделген жағдайда, егер оларды алып кету Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес «тауарларды кеден аймағынан тыс жерлердеұқсату» режимімен жүзеге асырылса аталған тауарлардың тиеп - жөнелуі өткізу бойынша айналым болып табылмайды.
3) қайтарылатын ыдысты тиеп жөнелту . Құны онымен жіберілетінөнімді өткізу құнына кірмейтін және осы өнімді беру жөніндегі шартта белгіленген талаптармен және мерзімді, бірақ ұзақтығы алты айдан аспайтынмерзімде өнім беруші қайтарылуға тиіс ыдыс болып табылады. Егер ыдыс белгіленген мерзімде қайтарылмаса, мұндай ыдыс өткізу бойынша айналымға енгізіледі;
4) бұрын экспорт режимінде шығарылған тауарды кері импорт режимінде қайтаруды қоспағанда, тауарды қайтару;
5) шартта белгіленген талаптар мен мерзімдер мен қайта әкелуге жататын тауарларды көрмелер, басқада мәдени және спорт шараларын өткізу үшін Қазақстан Республикасы шегінентыс жерлерге әкету, егер бұл кеден заңдарына сәйкес «тауарларды уақытша әкету» кеден режимімен ресімделсе;
6) жер қойнауын пайдаланушы жаңадан құрған және сатып алған, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды орындау үшінт пайдаланатын және Қазақстан Республикасының берілугн тиіс мүлікті жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарт талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының меншігіне берілуі;
Салық салынатын айналымды анықтау
Қосылған құн салығын төлеушінің тауарларды өткізу бойынша жасалғанайналымы салық салынатын айналым болып табылады, оған;
- Қосылған құн салығынан босатылған;
- өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтынайналым қосылмайды;
Қазақстан Республикасының кеден заңдарына байланысты, Қазақстан Республикасының аумағына әкелетін немесе әкелінген тауарлар салық салынатын тауарлар болып табылады.
Тапсырма шарттары бойынша жүзеге асырылатын өткізу бойынша айналымдар. Сенім білдірген адамның сенім білдірушінің атынан және соның есебінен тауарды тиеп жөнелту, жұмыстарды орындауы немесе қызметтер көрсетуі сенім білдірген адамның өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.
Осы ережелер:
- сенім білдірген адамның сенім білдірушіге орындаған жұмыстарына;
- Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын резидент емес сенім білдірушіден алынған тауарға қатысты қолданылмайды. Мұндай жағдайда тауарды тиеп - жөнелту сенім білдірген адамның өткізу бойынша айналымы болып табылады;
Салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт мөлшерін анықтау.
Салық салынатын айналым мөлшері
Егер осы және трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, салық салынатын салым мөлшері, оған қосылған құн салығын енгізбей мәміле жасаған тараптар қолданатын бағалар мен тарифтерді негізге ала отырып, өткізілетін тауарлар құны негізінде анықталады. Тауарларды тегін берілген кезде, сондай - ақ, тұлғаны қосылған құн салығы бойынша есептеп шығару кезінде олар бойынша қосылғакн құн салығы есепке алуға жатқызылған оның тауарларыныңқалдығы, салық салынатын айналым мөлшері, қосылған құн салығын енгізбей, өткізу бойынша айналым жасау күні қалыптасқан бағалар деңгейі негізге ала отырып тауарлар құны негізінде анықталады. Тауарларды тегін берген кезде сондай - ақ тұлғаны қосылған құн салығы бойынша есептен шығару кезінде олар бойынша қосылған құн салығы есепке алуға жатқызылған оның тауарларының қалдығы, салық салынатынайналым мөлшері, қосылған құн салығын енгізбей, өткізу бойынша айналым жасау күні қалыптасқан бағалар деңгейі негізге алына отырып анықталады, бірақ бұл олардың баланстық құнынан кем болмауы керек.
Қосылған құн салығының ставкалары
1992 жылы қосылған құн салығына салынатын салықты төлеу мемлекеттердің - Тәуелсіз мемлекеттер достастығы мүшелерінің территориясында қолданылатын біріңғай нарық бойынша 28 пайыз мөлшерінде жүргізілген.
1995 жылы 28 сәуірдегі «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес қосылған құн салығының ставкасы:
- салық салынатын айналым мөлшерінен 20 пайыз;
- нөлдік ставка бойынша
- салық салынатын импорт мөлшерінен 20 пайыз;
... жалғасыҚазақстан Республикасы 1999 жылы 16 шілдеде ғ440-1 заңына сәйкес қосылған құн салығының ставкасы:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz