Мемлекеттік бюджет туралы мәлімет


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ: КІРІСПЕ
3: 3
КІРІСПЕ:
3:
КІРІСПЕ: 1. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
3:
КІРІСПЕ: 1. 1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен маңызы.
3: 6
КІРІСПЕ: 1. 2. Бюджет жүйесінің принциптері
3: 11
КІРІСПЕ: 1. 3 Әртүрлі деңгейдегі бюджетті жоспарлау негіздері және бекіту
3: 12
КІРІСПЕ:
3:
КІРІСПЕ: 2. ӘРТҮРЛІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БЮДЖЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУЫ
3:
КІРІСПЕ: 2. 1 Республикалық бюджеттің атқарылуын талдау
3: 23
КІРІСПЕ: 2. 2 Облыстық және аудандық бюджеттердің атқарылуын талдау
3: 36
КІРІСПЕ: 2. 3 Бюджеттің атқарылуындағы қазынашылықтың ролі
3: 42
КІРІСПЕ: 3. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТІ ПРОЦЕСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3:
КІРІСПЕ: 3. 1. Бюджетті құрудың проблемалары.
3: 49
КІРІСПЕ: 3. 2. Қазірігі кездегі бюджетті жоспарлауды жетілдіру жолдары.
3: 51
КІРІСПЕ:
3:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
3: 53
КІРІСПЕ:
3:
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3: 55
КІРІСПЕ:
3:
КІРІСПЕ:
3:

КІРІСПЕ

Мемлекеттік реттеу қажеттілігінің объективті негіздерін қарастыруға кіріспестен бүрын, ең алдымен осы түсініктің өзіне ғылыми анықтама беру қажет. Себебі білімнің кез келген саласы "оның тәжірибемен дәлелденген бастапқы аксиомалары жасалып, құрастырылғаннан кейін ғана ғылым саласына айналады" . Біздің ойымызша, экономиканы мемлекеттік реттеу әлеуметтік-шаруашылық процестеріне олардың тиімді теңгермешілігі мен макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің әкімшілік-экономикалық және ұйымдық-құқықтық негізде араласуын білдіреді.

Адамзат тарихы мемлекеттердің пайда болуы мен даму барысы, сондай-ақ, олардың арақатынасы бейбіт іс-әрекеттермен қатар, күштеу жолымен де анықталатындығын айқын көрсетіп отыр. Соңғы жағдай, яғни күштеу іс-әрекеттері объективті түрде белгілі бір материалдық-техникалық және интеллектуалдық қорларды елдің қорғаныс кабілетін қажетті деңгейде қамтамасыз ету үшін бөлуіне мемлекетті мәжбүр етті. Оған қоғамның барлық мүшесі де мүдделі. Сондықтан олар мемлекет тарапынан шетелдік қол сұғушылықтан қорғау жөніндегі шараларға бірыңғай ие бола отырып, жоғарыда аталған қорларды жасауға (пайдалануға) арналған мажбүрлі салықты төлеуге түсіністікпен қарайды. Өйткені бұл қорларды түтыну, жекелеген сүраныс жиынтығын анықтау арқылы емес, ұжымдық түрде жүзеге асырылады, ал бұл нарықтық механизмді шектейді және қоғамдық тауар (қызмет) көрсеткіштерін қалыптастырады. Мұндай тауарлар қатарына мемлекетті басқару ісін, азаматтардың занды құқын қорғау мен қоғамдық тәртіпті сақтауды, күрделі ғылыми зерттеулер жүргізу мен нәтижелерін қолдануды ұйымдастыруды тұтастай энергетикалық жүйені құру мен пайдалануды, экономикалық жүйені құру мен пайдалануды, жалпы-мемлекеттік табиғатты қорғау шараларының әсерін, төтенше жағдайларды алдын ала ескертуді және т. б. жатқызуға болады.

Мемлекеттік бюджет үкімет қолындағы ақша ресурстарының орталықтанған қоры. Бұл қаражат мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді қаржыландыруға және әлеуметтік-экономикалық қызметтерді атқаруға жұмсалады. Қазіргі жағдайда бюджет экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық коньюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың аса күшті құралы. Қазіргі мемлекеттік бюджет оның сан түрлі қызметін көрсететін күрделі де көп қырлы құжат. Ең алдымен бюджетте мемлекеттің кірісі мен шығысының құрылымы бейнеленеді.

Мемлекеттік бюджет - ол өте күрделі механизм болып саналады. Бюджет деп- мемлекеттің өз міндеттерін жүзеге асыруға арналған және тиісті заңдарға сәйкес белгіленген салықтар мен өзгеде кіріс көздерінің және түсімдерінің есебінен құрылатын орталықтандырылған қаржы бөлігін айтады. Қысқаша айтқанда мемлекеттік бюджет деп - қаржылау жоспары бойынша құрылған және мемлекет тарапынан жұмсауға, пайдалануға арналған ақша қоры. Жалпы алғанда мемлекеттік бюджет бұл ақша түрінде қоғамдық өнімнің бөлінуін және оның экономика салаларымен халықты қамтамасыз ету үшін қолданылатын ақша бөлігі. Қоғамызда мемлекет бюджет республикалық және жергілікті бюджет болып бөлінеді.

Жергілікті бюджет - облыстық, қалалық әкімшіліктен тұрады. Ал республикалық бюджет мұнда негізінен жалпы мемлекеттік салықтар есебінен қалыптастырылады және Қазақстан Республика Үкіметінен парламентінің актілерінен жүктелген міндеттерді атқаруға бөлінген және жалпы бағдарды, шараларды қамтамасыз ету үшін арнайы орталықтандырылған түрде ақша қоырының бөлінуі жатады. Бұл жалпы ішкі өнімнің өзгеруіне байланысты өзгеретіндігі. Яғни мемлекеттіміз бойынша жалпы ішкі өнім өскен сайын мемлекеттік бюджеттің де артатындығы.

Тақырыптың өзектілігі: қазіргі кезде мемлекеттік бюджеттің керектігін мынадан көруге болады. Өнім өндіру үшін орталықтандырылған ресурстарының құрылуы тиіс және сол арқылы экономика салалары тоқтаусыз жұмыс атқарулары керек. Мемлекетке орталықтандырылған түрде қаржының керектігі және сол арқылы халыққа қызмет көрсету, әлеуметтік мәдени жұмыстарды жүргізу, қоғанысты күшейту білім саласын көтеру, халықтың денсаулығын сақтау мәдениет пен өнерді дамыту, ақпарат көздерін және оның сапалылығын арттыру болып табылады. Яғни халықтың тұрмыстық әл-ауқатының артқы мемлекеттік бюджетке тікелей байланысты, яғни оның атқаратын рөлі өте жоғары.

Жұмыстың мақсаты бюджет туралы түсінікке тоқталып деректер менен сандар бойынша оның экономикадағы маңыздылығын дәлелдеу болып табылады. Ол үшін мынадай міндеттемелер алға қойылып тұр:

  • мемлекеттік бюджет туралы түсінік
  • мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызын белгілеу
  • бюдет принциптеріне сипаттама беру
  • бюджеттің атқарылу тәртібін анықтау
  • бюджеттің қазынашылық ролін сипаттау
  • Маңғыстау облысының бюджеттік кірістер мен шығыстар материалдары бойынша талдау жүргізу
  • Бюджеттің орындалу жөнінде ұсыныстар мен дамыту жолдарын ұсыну

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші тарауда мемлекеттік бюджеттің экономикалық мән ашылып оның мемлекеттік маңызы ашылады. Бюджет жүйесінің мәні мен оның принциптеріне жеке-жеке тоқталып бюджеттің қалай жоспарланып қалай бекітілетіні талданады.

Екінші тарауда әртүрлі деңгейдегі бюджеттің экономикалық талдауы орын алып республикалық бюджеттің атқарылуына жеке тоқталамыз. Сонымен бірге облыстық және аудандық бюджетке көшіп оны сандық көрсеткіштер көмегімен талқылаймыз. Маңғыстау облысының бюджеттің шығыстары мен табыстарына жеке тоқталып оны жан-жақты талдаймыз. Бюджеттің атқарылуындағы қазынашылықтың ролі өте зор, сондықтан оның маңызын атап көрсетуді осы тарауда жөн көрдік.

Үшінші тарауда республикалық және жергілікті бюджет процестерін жетілдіру жолдары қарастырылып, бюджетті құрудағы негізгі проблемаларға назар аударылады. Сонымен бірге бюджетті жоспарлаудың жетілдіру жолдары ұсынылады

1. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

1. 1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен маңызы.

Мемлекеттік қаржы жүйесінің бел ортасында мемлекеттік бюджет тұрады. Бюджеттік жүйе өте күрделі механизм. Ол сол елдің ерекшелігін, оның әлеуметтік-экономикалық құрылысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді.

Ел бюджетінің құрылымы сол елдің мемлекеттік құрылымымен байланысты, Унитарлық мемлекеттердің бюджеттік жүйесі екі деңгейден - мемлекеттік және жергілікті бюджеттерден тұрады. Федеративтік мемлекеттерде штаттардың, (АҚШ) жерлердің (ФРГ) өз бюджеттері болады, соған сәйкес әкімшілік ұйымдары қызмет етеді.

Мемлекет қызметтерінің ұлғаюы мемлекеттік шығындардың қаркынын ЖҰӨ өсуі карқынан едәуір асырып жібереді. Мысалы АҚШ-та XX ғасырда мемлекеттік шығындар 350 есе артты. Тек 1980-1989 жылдар арасында федералдық бюджет шығындары 2 еседен астам өсті (433, 5 млрд. долл. 872 млрд. долл. жетті)

Мемлекет шығындарының басты тармағына экономиканың өндірістік секторының қызмет істеуін қамтамасыз етуге байланысты шығындар жатады. Әлеуметтік инфрақұрылымдарға білім беру мен денсаулық сақтауға бөлінетін шығындардың да үлесі айтарлықтай.

Әскери шығындардың да үлесі қомақты. Әскери шығындарды айтқанда тек тікелей шығындарды ғана көрсетіп қоймай, жанама шығындарды да ескеру керек. Оларға әскери қарыздар бойынша пайыздық төлемдер, зейнетақы, соғыс мүгедектеріне, ардагерлерге және т. б. көмек түрлері жатады. Мемлекет бюджетінің басты құрамды бөлігі жергілікті бюджеттер. Олар арқылы ең алдымен коммуналдық меншік объектілері, жол, мектеп, байланыс құралдарын дамыту және тұрғын үй құрылысы қаржыландырылады. Жергілікті бюджетті жергілікті әкімшілік, полиция, сот пен прокуратура пайдаланады. Жергілікті бюджеттің үлкен бөлігі әлеуметтік-мәдени қажеттілікті өтеу, денсаулық объектілерін, экологиялық тепе-теңдікті сақтауға кеткен шығындардан тұрады. /6/

Мемлекеттік бюджеттің кірістері біріншіден орталық және жергілікті органдар жинайтын салықтардан, мемлекеттік заемдардан, бюджеттен тыс немесе мақсатты қорлардың төлемдерінен құралады. Мұндай қорлардың құрылуы ірі қаржы ресурстарын нақты мақсаттарға, ең алдымен әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мақсаттарға шоғырлаңдыру қызметінен туады. Бұлардың қатарына әлеуметтік қамсыздаңдыру, жол құрылысы, қоршаған ортаны қорғау, жұмыс күшін даярлау, қайта даярлау және т. б. жатады. /17/

Мемлекеттік табыстың жалпы материалдық негізін ұлттық табыс құрайды, мүны бөлу және қайта бөлу негізінде бірқатар шаралар жүзеге асырылады. Мұндай қайта бөлу механизмінің негізгі және тұрақты буындары - салықтар, мемлекеттік заем, бюджеттен тыс қорлардан алынған төлемдер.

Мемлекеттік бюджет түсімдерінің ең басты көзі - салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90 процент. Салықтың негізгі түрлеріне табыс салығы, одан басқа қоғамның құқықты мүшелерінің табыстарьша, корпорация пайдаларына салынатын салықтар. Өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар, капитал иелері өздері жариялаған мәлімдемелері бойьшша салық төлейді. Номиналдық табыстың ұлғаюына сәйкес табыс салығын есірудің базасы жасалады, салық телеушілердің саны артады, мемлекеттің шоғырландырылған жалпы қаржы-қаражаттары көбейеді.

Салық салу тарихында жоғары пайдаға салық салу деген де бар. Ол пайданың белгілі мелшерден артық болуына байланысты салынады. Мұндай шара әдетте төтенше жагдайларда, соғыс, экономикалық күйзеліс кездерінде қолданылады. Табыс салығының қатарына мулік салығы және капиталды пайдаланумен байланысты аткарылған істер салығы да жатады. Бірінші жағдайда салық мүліктің құнына қарай (жер, құрылыс) әрбір адамнан және заңды тұлғалардан алынады. /15/

Капитал ісінен алынатын салық корпорациялардың бағалы қағаздарды сату, сатып алуынан түскен табыстардан алынады. Тікелей табыс салықтарымен қатар жанама салықтар да маңызды рөл атқарады. Олар тауарлар немесе қызмет керсету бағаларына қосылады. Бұл салықты тауарды тұтынушылар (сатып алушылар) телейді. Қаржы ресурстарын бюджетке шоғырландырудың басты құралы тікелей салықтар, алайда жанама салықтардың да рөлі кеміген жоқ.

Жанама салықтар бүгінде үш түрде көрінеді: акциздер, фискалды, монопольді салықтар және кеден салығы. Бұлардын ішіндегі ең бастысы - акциздер. Олар тауар бағаларына немесе қызмет көрсету тарифтеріне қосылады. Әрбір еддің ерекшеліктеріне қарай акциздер халық түтынатын тауарларға, транспорт, байланыс, түрмыстық қызмет көрсету түрлеріне салынады. Қазіргі кезде акциздің бір түрі - қосымша кұнға салық салу кеңінен дамуда. Бұл жағдайда салық тауарды өткізгеннен түскен барлық түсімге салынбай, тек осы кезеңдегі өндірістік қызметтік нәтижесінде қосылған құнға салынады /15/.

Жергілікті әкімшіліктің қажеттіктерін өтеуге өз салықтары жетіспегендіктен кептеген елдерде орталық үкіметтің жергілікті органдарға субвенция (көмек) беруі үшін белгілі сомалар бөлінеді. Жалпы өзінің табиғаты жағынан субвенция дегеніміз орталық үкіметке түсетін салықтың бір бөлігі, ол жергілікті бюджетке бөлініп беріледі.

Қазіргі кездегі салықтардың маңызы мен рөлі мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық шешуі рөлі артып келеді, мұны ЖҰӨ-нің көлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан көруге болады. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өңдіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде жаңа сипатқа ие болуда. Мұндай ықпал көп бағытта жүргізілуде. Пайдаға салық салу арқылы манипуляция жасап, мемлекет капиталдың қорлану процесіне айтар-лықтай әсер етеді. Оның мысалы ретінде жеделденген амортизация деп аталатын салық механизмін келтіруге болады. Мұнда мемлекеттік қаржы органдары компанияларға амортизация қорына негізгі капиталдың іс жүзіндегі тозуы құнынан айтарлықтай артық соманы жіберуге рұқсат етеді. Нәтижесінде пайданың салық алынатын мөлшері едәуір кеміп, төленген салықтың көлемі де азаяды. Сан алуан қаржы байланыстарында, жекелеген ерекшеліктері бедерленетін айрықша салалар бар. /14/ Мәселен, мемлекеттің кәсіпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен және халық пен қалыптасатын қаржы қатынастары қоғамдық өнімді құндық бөледің айрықша саласын құрайды. Бұл қатынастарға бөлу процесінде туындайтын ортақ белгілерге тән және олар қоғамдық қажеттерді өтеуге арналған, орталықтандырылған қаражат қорын құрып, пайдалануға байланысты. Бұл процесс мемлекеттің тікелей қатысуымен жүзеге асырылып отырады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы ‘’Мемлекетік бюджет‘’ деп аталған ұғымның экономикалық мазмұны құрайды.

Мемлекеттік бюджет экономикалық қатынастарының жиынтығы ретінде объективтік сипатқа ие. Оны бөлудің дербес салысы ретінде өмір сүруін қоғамдық өндірістің өзі айқындайды. Оны жоспарлы дамыту орталықтандырылған ресурстрады қажет етеді. Қаражатты орталықтандыру бүкіл халық шаруашылығы ауқымында қорлардың үздіксіз айналымының ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет. Арнайы бюджет саласының құндық бөлінісі мемлекеттің табиғаты мен қызметінен туындайды. Мемлекет қаржыландыруға; бүкіл қоғам ауқымында әлеуметтік мәдени шаралар өткізуге; қорғаныс міндеттерін шешуге, мемлекеттік басқарудың жалпы шығындарын жабуға орталықтандырылған қаржыны қажет етеді. /30/.

Сөйтіп мемлекеттік бюджет ұдайы өндірістің қажеттіліктерін мемлекеттің табиғатынан объективті қажеттілік туындайтын болып табылады.

Экономика қазіргі жағдайда орталықтандырыған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндіріс қарқынымен қамтамасыз ететін салалық және аумақтық құрылымдар құрылып, ірі әлеуметтік өзгерістер жүргізуге мүмкіндік береді. Орталықтан бөлінетін қаржының көмегімен қаражат экономиканың басты учаскелерінде шоғырландырылып, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асыруға жағдай жасайды.

Сөйтіп, құндық бөліністің айрықша бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықша қоғамдық арналымда жалпы мемлекеттік қажеттерді қанағаттандыруға қызмет етеді. Қаржы қатынастарының жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетте қаржы категориясына тән сипаттар бар; бюджет қатынастары бөлістік сипатта мақсатты ақша қорларын құрап, пайдалану арқылы жүреді. Сонымен қатар бюджеттік қатынастардың бөлігі бір ерекшелігі болады. Бірақ ол ерекшелік қаржыға тән сипат

шегінен шықпайды. Мемлекеттік бюджет құн бөлінісінің айрықша саласы ретінде мыналармен сипатталады;

- Жиынтық қоғамдық өнімінің мемлекеттің қолында жинақталып, қоғамдық қажеттерді өтеуінен байланысты бөліс қатынастарының айрықша экономикалық формасы болып табылады.

- Құнды жасап, оны тұтыну процесін бедерлейтін материалдық өндіріс қаржысы мен құнжы тұтынуға қажет ететін өндірістен тыс сала қаржысынан айырмашылығы бюджет халық шаруашылығы салалары аумақтар, экономика секторлары, қоғамдық қызмет салары арасында құнды қайта бөліске салуға арналған.

- Қоғамдық өнімнің тауар формадағы қозғалысымен тікелей байланысы жоқ құнды бөлісін, одан алшақтау жүзеге асырылады, ал материалдық өндіріс пен өндірістен тыс салаларды қаржы қатынастары тауар-ақша қатынастарымен астамы жатады /18/.

Кез-келген басқа экономикалық категория сияқты мемлекеттік бюджет өндірістік қатынастарды бейнелеп, соған лайықты материалдық заттық көрініс табады. Бюджет қатынастары мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорында бюджет қорында заттанады. Нәтижесінде қоғамда жүріп жатқан нақты экономикалық процестерді мемлекет жұмылдырылып, пайдаланып қаражат тасқынынан көрінеді. Бюджет қоры қоғамдыққ өнім ҰТ-ң құндық бөлінісінің тиісті кезеңдерінен өтіп, ұдайы өндірісті ұлғайту, халыққа әлеуметтік-мәдени қажет көрсету, қорғаныс, басқару жөнінде қажеттерді қанағаттандыру үшін мемлекет қарамағына түскен бөлігінің объективті аалғышарты бар экономикалық формасы. Бюджет қоырн қалыптастыру мен пайдалану бөлу және қайта бөлуге байланысты болатын құн қозғалысының процесін білдіреді.

Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет қоғамдық өнім құнының мемлекеттің орталықтандырылған қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесінде және оны ұдайы өндірісті ұлғайту, қоғамдық қажеттерді қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндіріске басқа да қатысушылардың қалыптасқан ақша қатынастарын бейнелейді. Бюджет экономикға бюджет механизмі арқылы ықпал етеді. Мұнда бюджеттің бүкіл экономика ықпал құралы ретіндегі рөлі көрінеді. Бюджет механизм мемлекеттің ақшалай қаражатының орталықтандырылған қорын құру және пайдалану формалары мен әдістерінің жиынтығы. Экономиканы реттеу орталықтандырылған қаражат қорының көлемін белгілеу, оны құру пайдалану формалары мен әдістерін реттеу, бюджетті құру және орындау процесінде қаржы ресурстарын қайта бөліске салу жолымен жүзеге асырылады. Өндіріс құрал-жабдықтаушыларына мемлекеттік меншіктің әсіресе басым болуы шаруашылықты үйлестіре жүргізуді қажет етеді. Мұның өзі бюджет қатынастарының жұмыс істеуінің жоспарлы мақсатын алдын ала айқындайды. Бюджет байланысының мақсаты сипаты, мемлекеттің ақшалай қаражатының орталықтандырылған қоры қозғалысының осыған ұқсас формасы бюджет байланыстарын тиісті қаржы құжаты елдің негізгі қаржы жоспарында бейнелейтіндігіне жеткізеді. Онда бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын бөліс процестері қарастырылады; кірістер және шығыстардың баптары мемлекеттік ақшалай қаражатының орталықтандырылған қорын қалыптастыру көздері мен жұмсалу бағыттарын көрсетеді. Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің жоспары қызметінің нәтижесі, онда қоғамдық барлық мүшелерінің мүдделерін бейнелейтін мемлекет еркі көрінеді/31/.

Қоғамдық ұдайы өндірістегі мемлекеттік бюджеттің рөлі, ең алдымен өндірілген ҰТ-ң 39%-нің жалпы қоғамдық өнімнің 18%-ң бөлуге және қайта бөлуге түсуінен көрінеді. Ол жағдайда атап өтелгендей қаражатты елдің халық шаруашылығы салалары, қоғамдық қызмет саласы, өндіріс секторлары, экономикалық аударымдары мен аймақтары арасында бөледі.

Бүкіл халық шаруашылығының бюджеті болғанда мемлекеттік бюджет экономикаға тұтас ықпал жасайды.

Мемлекеттік бюджет материалдық өндіріс саласында оның өсуінің стимуляторы ретінде зор рөль атқарады. Бюджет қаржысы жеке және қоғамдық қорлар қозғалысының қамтамасыз ету үшін пайдаланады. Кәсіпорындардағы күрделі жұмсалымдары мен айналым қаржысын бюджеттен қаржыландыру, операциялық және басқа шығындарын жабу бюджетке жеке кәсіпорындардың өзіндік айналым қорларына қосылып, оның іркіліксіз бірқалыпты жүруіне мемлекеттік береді.

Өндірістен тыс саладағы бюджет қаржысы олардың қызметінің одан әрі дамуының басты көзі. Бұл салалардағы мекемелер мен ұйымдардың басым көпшілігі өздерінің табыс көздері жоқ болғандықтан мемлекеттік бююжеттен қаржыландырылады. Білім беру; денсаулық сақтау, әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру, ғылым, мәдениет, әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттің шығындары жалпы мемлекеттік ауқымындағы әлеуметтік мәдени шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қаржы базасы. Өндірістік емес салалар құрылымын ұтымды құруда бюджеттің маңызы орсан зор. Өндірістк емес салалардың қызметін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ете отырып, мемлекет бюджет арқылы тұтыну қорының нақты көлемін қалыптастыруға, оны пайдалану да аумақтың пропорцияға әсер етуі мүмкін.

1. 2. Бюджет жүйесінің принциптері

Мемлекеттік бюджет біртұтастық толықтық, нақтылық, жариялылық принциптеріне негізделеді /31/.

Біртұтастық принципі бюджет жүйесінің ұйымдық, экономикалық орталықтандыру дәрежесін білдіреді. Бұл прицип бұрыңғы КСРО бюджет жүйесінде неғұрлым айқын аңғарылатын. Қазіргі уақытта жергілікті органдардың дербестік алып, оларға қаржы ресурстарын пайдалану жөнінде біршама құқықтар берілуіне байланысты әлсіреп отыр.

Біртұтастық мемлекетте біріңғай бюджет жүйесінің, елдің аумағында әрекет ететін мемлекеттік табыстардың жалпы жүйесінің өмір сүруіне, мемлекеттік шығындардың біркелкілігінде қаржы құжаттың, бюджет жіктемесінің бірлігінде көрінеді. Бұл принцип бюджетті жоспарлаудың әдістері мен ұйымдастыруының біріңғайлылығын, оның әлеуметтік экономикалық болжаммен өзара байланысыны қамтамасыз етеді. бюджеттің біртұтастығы принципінің міндеті парламент тарапынан бюджет қаржысы қозғалысына бақылау орнату.

Толықтық приципі үкіметтің барлық қаржы операцияның барлық жиналатын кірістер мен жұмсалатын шығындардың бюджетте шоғырландырып, мемлекеттің барлық түсімдері мен шығындары әрбір бапта ескерілетін білдіреді. Қазіріг толықта бұл принцип іс жүзінде қолданбайды. Өйткені бюджетті арнайы шығыстармен былықтыру жөнсіз деп саналады. Сондықтан соңғы кезде мемлекеттік бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың дербес бюджеті бөліп шығарылды. Қаржының едәуір бөлігі арнайы бюджеттен тыс қорлар бойынша жүреді. (зейнетақы, жұмыспен қамту, жәрдемдесу, жол, әлеуметтік сақтандыру және т. б. ) . бұдан басқа “Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі туралы” заңға сәйкес бюджетте қарастырылмаған аса маңызды шараларды қаржыландыру үшін немесе белгілі бір мақсаттарға қаржы жетпесе, ағымдағы бюджеттің орындалуы ескеріліп, қосымша бюджет құрылады. Оны мемлекеттік өкімет пен басқарудың жоғарғы органдарына қарап бекітіледі.

Нақтылық принципі бюджет жазбаларының жалғандығын болдырмау үшін қажет, ол бюджетте мемлекеттің қаржы операцияларының нақты көрінуін, бекітілген солардың сәйкес келуін қарастырылады. Мұнда нақтылық даму болжамдары, бағдарламаларды көрсетуіне негізделіп, бюджет резервтерімен нығайтылған барлық кірістер көздері мен шығыстар бағыттары есептеулерінің негіздемелеріне қарай анықталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті бюджеттің табыстарын қалыптастыру
Салық тексерулерінің қатысушылары болып салық қызметі органдарының өкілетті тұлғалары және салық тексеруінен өтетін салық төлеушілер
Мәдени ұйымдардың қаржыландыру жоспарын әзірлеу
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарызы және оны басқару
Еңбекпен қамту органы және азаматтарды жұмыспен орналастыру кепілдіктері
Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарыз
Мемлекеттік бюджеттің орындалу рәсімінде Қазынашылықтың ролі. ( Сандықтау Қазынашылық органы мысалында )
Қазынашылық жүйе
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есептің қазіргі жағдайын зерттеу, бюджеттік ұйымдардың бухгалтерлік есебінің басымды объектілерін анықтау
Бюджеттік құқықтық қатынастар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz