Ұйым экономикасы



Мен,……….., кәсіптік тәжірибемді «Басқарушы компания Доминанта» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өттім. Бұл практиканың мақсаты колледжде теориялық оқу кезінде алынған теориялық білімді бекіту, тереңдету, есеп-талдаушылық және аудиторлық жұмыста практикалық жаттығуларды алу болып табылады.
Бұл мақсаттарды орындау үшін келесідей міндеттерді орындау керек:
• кәсіпорынның ұйымдастырылуымен, оның құрылымы, сала бағыты және кәсіпорынның басқарушылық және өндірістік құрылымының негізгі қызметімен танысуға;
• кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп, талдау, аудиттің ұйымдастырылуын оқып білу. Оның ішінде: есеп саясатын, бухгалтерлік есеп формаларын, есеп автоматизациясын, бастапқы құжаттар мен құжат айналымын, аналитикалық есеп формаларын; қаржылық есептіліктің құрамы мен мазмұнын; жүргізіліп отырған есеп беруді ұйымдастырудың қысқаша сипаттамасын;
• тәжірибені міндетті түрде кәсіпорын бухгалтериясында немесе экономикалық талдау және ішкі аудит бөлімдерінде келесідей бөлімшелерде белгілі бір жұмыс орнын ала отырып өту қажет: материалдық құндылықтар, негізгі фондтар, еңбек ақы есебі мен талдауы;
• бухгалтерлік операцияларға, аналитикалық көрсеткіштер есебіне, инвентаризация жүргізу мен тексеруге байланысты құжаттарды өңдеу мен қалыптастыруға қатысуға;
• кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін, бухгалтерлік есбін ұйымдастыру сұрақтарын шешуге бағытталған жиналыстарға қатысуға міндеттімін.
Қазіргі таңда қаржылық, басқару есебінің жүйесін қалыптастыратын нақты, уақытылы берілген экономикалық ақпаратсыз шаруашылықты басқару, оны жетілдіру үшін қандай да бір тиімді шешім қабылдау, ұйымдастыру мүмкін емес.
Есеп мәліметтерін кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын жедел басқару үшін, қаржылық есебін құру үшін, қолданады.
Қазіргі таңда елімізде бухгалтерлік есепті одан әрі дамыту мен жетілдіру бойынша, бухгалтерлік есеп жөніндегі құқықтық актілерді дайындау мен қабылдау бойынша, халықаралық есеп стандарттарына көшу бойынша көптеген үлкен жұмыстар жүргізілуде.
Бухгалтерлік есепте капиталдың айналым сатысы деп шаруашылықтың өндіріс, жабдықтау және өткізу процесін айтады.
Бұл қызметтердің қаржылық нәтижесі барлық өндірістік ресурстар, шаруашылық операциялар, өндірістік циклдің элементтері, капиталдың айналым сатылары қаншалықты есепке алынуы, тіркелуі және өлшенуі бойынша анықталады. Бұндай аса маңызды міндетті бухгалтерлік есеп орындайды.
Кәсіпорынның тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету оның атқаратын қызметін білікті экономикалық басқаруды талап етеді. Ал ол өз кезегінде оны талдай білумен анықталады.
Талдаудың арқасында даму тенденциясы игеріледі, қызмет нәтижесінің өзгеру факторлары терең әрі жүйелі зерттеледі, жоспарлар мен басқару шешімдері негізделеді. Олардың орындалуына бақылау жүргізіледі. өндірістің тиімділігін көтеру резервтері анықталады, кәсіпорын қызметінің нәтижесі бағаланады. Оны дамытудың экономикалық стратегиясы дайындалады.
Сондықтан, білікті бухгалтерлер, аудиторлар және экономикалық саланың басқа да мамандары экономикалық зерттеу әдістерін жақсы білуі керек.
Аудит – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық есептiлiк жасау және өзге де ақпарат туралы тәуелсiз пiкiр бiлдiру мақсатымен тексеру болып табылады

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 105 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Мен, ... ... ..., кәсіптік тәжірибемді Басқарушы компания Доминанта
жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өттім. Бұл практиканың мақсаты
колледжде теориялық оқу кезінде алынған теориялық білімді бекіту,
тереңдету, есеп-талдаушылық және аудиторлық жұмыста практикалық
жаттығуларды алу болып табылады.
Бұл мақсаттарды орындау үшін келесідей міндеттерді орындау керек:
• кәсіпорынның ұйымдастырылуымен, оның құрылымы, сала бағыты және
кәсіпорынның басқарушылық және өндірістік құрылымының негізгі қызметімен
танысуға;
• кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп, талдау, аудиттің
ұйымдастырылуын оқып білу. Оның ішінде: есеп саясатын, бухгалтерлік есеп
формаларын, есеп автоматизациясын, бастапқы құжаттар мен құжат айналымын,
аналитикалық есеп формаларын; қаржылық есептіліктің құрамы мен мазмұнын;
жүргізіліп отырған есеп беруді ұйымдастырудың қысқаша сипаттамасын;
• тәжірибені міндетті түрде кәсіпорын бухгалтериясында немесе
экономикалық талдау және ішкі аудит бөлімдерінде келесідей бөлімшелерде
белгілі бір жұмыс орнын ала отырып өту қажет: материалдық құндылықтар,
негізгі фондтар, еңбек ақы есебі мен талдауы;
• бухгалтерлік операцияларға, аналитикалық көрсеткіштер есебіне,
инвентаризация жүргізу мен тексеруге байланысты құжаттарды өңдеу мен
қалыптастыруға қатысуға;
• кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін, бухгалтерлік есбін
ұйымдастыру сұрақтарын шешуге бағытталған жиналыстарға қатысуға
міндеттімін.
Қазіргі таңда қаржылық, басқару есебінің жүйесін қалыптастыратын
нақты, уақытылы берілген экономикалық ақпаратсыз шаруашылықты басқару, оны
жетілдіру үшін қандай да бір тиімді шешім қабылдау, ұйымдастыру мүмкін
емес.
Есеп мәліметтерін кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің
жұмысын жедел басқару үшін, қаржылық есебін құру үшін, қолданады.
Қазіргі таңда елімізде бухгалтерлік есепті одан әрі дамыту мен
жетілдіру бойынша, бухгалтерлік есеп жөніндегі құқықтық актілерді дайындау
мен қабылдау бойынша, халықаралық есеп стандарттарына көшу бойынша көптеген
үлкен жұмыстар жүргізілуде.
Бухгалтерлік есепте капиталдың айналым сатысы деп шаруашылықтың
өндіріс, жабдықтау және өткізу процесін айтады.
Бұл қызметтердің қаржылық нәтижесі барлық өндірістік ресурстар,
шаруашылық операциялар, өндірістік циклдің элементтері, капиталдың айналым
сатылары қаншалықты есепке алынуы, тіркелуі және өлшенуі бойынша
анықталады. Бұндай аса маңызды міндетті бухгалтерлік есеп орындайды.
Кәсіпорынның тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету оның атқаратын
қызметін білікті экономикалық басқаруды талап етеді. Ал ол өз кезегінде оны
талдай білумен анықталады.
Талдаудың арқасында даму тенденциясы игеріледі, қызмет нәтижесінің
өзгеру факторлары терең әрі жүйелі зерттеледі, жоспарлар мен басқару
шешімдері негізделеді. Олардың орындалуына бақылау жүргізіледі. өндірістің
тиімділігін көтеру резервтері анықталады, кәсіпорын қызметінің нәтижесі
бағаланады. Оны дамытудың экономикалық стратегиясы дайындалады.
Сондықтан, білікті бухгалтерлер, аудиторлар және экономикалық
саланың басқа да мамандары экономикалық зерттеу әдістерін жақсы білуі
керек.
Аудит – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық
есептiлiк жасау және өзге де ақпарат туралы тәуелсiз пiкiр бiлдiру
мақсатымен тексеру болып табылады.

Модуль 1. Ұйым экономикасы

Блок 1.1 Ұйымдарда экономикалық жұмыстарды ұйымдастырудың негізі

Тақырып 1.1.1. Ұйымның құрылымымен танысу. Жұмыс орнында еңбекті қорғау
және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау

ЖШС Басқарушы компания Доминанта 2005 жылы наурыз айында
негізделген.Серіктестіктің құрылтайшысы Тян Наталья Борисовна . Компанияның
мекен-жайы Алматы қаласы,Райымбек даңғылы 162А .Бұл кәсіпорын 10 жылдан
бері Қазақстандағы жоғарғы дәрежеде жұмыс істейтін құрылыс компанияларының
бірі.Алматы қаласының 12 ірі жобасын іске асырған.Бұл фирма қысқа мерзім
ішінде өндірісте үлкен тәжірибе жинаған ,құрылыс-монтаж жұмыстарын жетік
меңгерген .Ойын –сауық орталықтары мен сауда орталықтарын тұрғызуда үлкен
тәжірибеге ие. Серіктестік заңды тұлға болып табылады, өзінің жеке балансы,
есеп және де банк мекемелерінде басқа да несие - қаржы мекемелерінде есеп
шоттары, дөңгелек мөрі, фирмалық бланкісі, логотипі бар.
ЖШС Басқарушы компания Доминанта тапсырысшылардың түрлі талаптарын
ескере отырып,заманауи технологиямен жұмыс жасауда.
Серіктестік өз қойған мақсаттарына сәйкес өз қызмет түрлерін мынадай
бағыттарда жүзеге асырады:
құрылыс-монтаж жұмыстары
құрылыс алаңын дайындау
жер жұмыстары
ғимараттар мен құрылыстардың құрылымдарына көтергіш және қоршау тұрғызу;
объектілерді жөндеу және қайта құру, оның ішінде ғимараттар мен
құрылыстарды салу,нығайту
әрлеу жұмыстары
сыртқы және ішкі инженерлік желілер мен құрылыстарды құру жұмыстары
бас мердігер қызметтері
құрылыс техникасын жалға беру
ЖШС олармен басқа заңдарымен тыйым салынбаған басқа да қызметтерді
жүзеге асыра алады.
Тізімі заң актілерімен белгіленген, басқа да қызмет түрлерімен
серіктестікке берілген лицензия негізінде жүзеге асырады.Компания
меншігінде құрылыс машиналары паркі мен механизмдері бар.
ЖШС-ң басты клиенттері METRO Cash&Carry, Mega Development, Астана
Моторсю,Metako сынды компаниялар.
ЖШС Басқарушы компания Доминанта ұжымы-азаматтық және өнеркәсіптік
құрылыс алаңында кең әрі көпжылдық тәжірибеге ие мамандардың ұйымшыл
командасы.ЖШС-ң қазірге дейін жасаған ірі жобаларының бірнешеуі:

2009

 Көтерме сауда орталығы METRO Cash&Carry
Тапсырыс беруші:  ЖШС МЕТРО Казахстан, Астана қ,.
Орындалған жұмыс көлемі: 11 000м²
Бас мердігер

2007 - 2008 
 
Сауда комплексі Арзан
Тапсырыс беруші: ЖШС Оптовый клуб
Жасалған жұмыс көлемі: 21 660м²
Бас мердігер

2006
 
Тапсырыс беруші: ЖШС Mega Centre Development
Жасалған жұмыс көлемі: 5 100 м²
Құрылыс –монтаж және әрлеу жұмыстары

BABYLON балалар алаңы 
Тапсырыс беруші: ЖШС AGAT Asia
Жасалған жұмыс көлемі: 6 650 м²

8-залды кинотеатр
Тапсырыс беруші: ЖШС Star Cinema
Жасалған жұмыс көлемі: 4 382 м² 
Құрылыс –монтаж және әрлеу жұмыстары

BAMBOO боулинг орталығы
Тапсырыс беруші: ЖШС BBSS
Жасалған жұмыс көлемі: 2 542 м²
Құрылыс –монтаж және әрлеу жұмыстары 

Тапсырыс беруші: ЖШС Кокмайса
Жасалған жұмыс көлемі :25 798 м²
Құрылыс –монтаж және әрлеу жұмыстары

2005
 

City Plus
Тапсырыс беруші: INTERFOOD
Жасалған жұмыс көлемі: 6 800 м²
 4 залды кинотеатрЖалпы көлемі: 1 650 м²

Директор

Хатшы

Механизация бойынша дир.орынбасары
Қаржылық директор
Коммерциялық директор

Бас инженер

Бас механик бөлімі
Логистика бөлімі
Өндіру бөлімі

Бас экономист

Негізгі клиенттермен жұмыс жасайтын менеджер
Технология бөлімі

Бухгалтерия

АХО

Құрылыс алаңы

Бас энергетик

Кәсіорынның құрылымы

Кәсіпорында барлығы 47 жұмысшы бар.Оның ішінде ,есепшіні қоса алғанда
12 кісі басқару бөлімінде жұмыс жасайды.Компанияның пікірінше,құрылыс
процесі барлық күрделі әрі ерекше жұмыстарды бір-бірімен
байланыстырады.Жұмыс барысын жұмыс күшінің әрекетсіздігі ,жұмыстағы
қиындықтар мен үзілістер бұзбау үшін бас мердігердің болуы басты шешім
болып табылады.``Тәжірибеміз көрсеткендей,барлық жұмыс процесін өз
басқаруына алып,бөлімшелердің ынтымақтастығына жауап бере алатын білікті
серіктестер табу компания үшін де клиенттер үшін де оңтайлы шешім екені
анық``-дейді компания ұжымы.Осылайша барлық жұмысты өз уақытында әрі сапалы
етіп орындау мүмкіндігіне ие болады.

Тақырып 1.1.2. Ұйымның экономикалық қызметінің негізгі есеп беру
құжаттарымен танысу

Есеп беру термині деп есептік мәліметтердің жиынтығын түсінеміз, олар
бойынша шаруашылық субъектінің көп жақты қызметін бақылауға болады. Есеп
беру – сонымен қатар, бұл – құрамында есептің әр түрінің негізінде
құрастырылған мәтіндік түсіндірмелердің және сандық сипаттамалардың
жүйелері бар – дәлелдеуші құжаттар. Есептің және есеп берудің арасындағы
байланыс, есепте алынатын жиынтқы мәліметтер синтезделген көрсеткіштер
түріндегі есеп берудің сәйкесінше түрлеріне қойылған кезде, орнатылады.
Бүгінгі күндегі есеп беру – негізгі ақпараттық құжат, оның мәліметтері
кәсіпорынмен бірігіп жұмыс етудің мақсаттылығын және мүмкіндігін
дәлелдейді, бұл бизнессті жемісті жүргізудің негізгі факторы болып
табылады. Соныме қатар, ол, бірігіп жұмыс істеу туралы алдағы болатын
келіссөздерге әріптестерді тартатын, фирманың қызметінің жарнамалаудың
ерекше әдісі болып саналады.
Есеп беруді құрастырудың алдыңда елеулі дайындық жұмыстар жасалады,
олар арнайы алдын-ала жасалған график бойынша жүзеге асады. Негізінде
бухгалтерлік есеп жатқан, есеп беруге бұл жағдайлар ерекше мән береді.
Осыған байланысты, қазіргі уақыттағы бухгалтерлердің функционалдық рөлі тек
қана шаруашылық операцияларды бекіту емес, сонымен қатар өзінің
кәсіпорынның қызметін жақсарту бойынша экономикалық шешімдерді жоспарлау,
бақылау, дайындау және қалыптастыру.
Қаржылық есеп беруде субъектінің қаржылық және мүліктік жағдайы, және
де есеп беру кезеңі үшін шаруашылық қызметтің нәтижелері бейнеленеді,
Бухгалтерлік есептің стандарттарына әдістемелік нұсқауларды бекіту
туралы 1997 жылдың 27 шілдесіндегі ҚР-ның Өкіметінің қаулысында қаржылық
есеп беруді жасау туралы әдістемелік нұсқаулар келтіріледі. Осы құжатқа
сай субъектінің қаржылық есеп беруі келесілерден тұрады:
бухгалтерлік баланстан;
қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп беруден;
ақша құралдарының қозғалысы туралы есеп беруден
түсіндірме жазбадан
кіріс шығыстар есебі

Блок 1.2. Жарғылық капитал. Оперативті экономикалық жұмыс

Тақырып 1.2.1. Ұйымның жарғылық капиталы, құрылтай құжаттары

Кәсіпорынның жарғылық капиталы қызметті бастауды қамтамасыз ету
үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып
саналады. Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын
салудың, мемлекеттің қаражаттарының, материалдық емес активтердің және
басқа да мүліктердің немесе мүліктік құқықтарының есебінен құрылады.
Жарғылық капиталдың есебі 5000-ші Жарғылық капитал деген шоттар
бөлімшесінде жүргізіледі. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өтпес бұрын,
алдымен жарияланған жарғылық капиталының толық төленуі қарастырылады.
Жарияланған жарғылық капиталының минималды көлемі жабық қоғам үшін – жүз
минималды есептік көрсеткішін құрайды. Акцияны шығарудың жағдайы, мерзімі,
саны директорлар кеңесінің шешімімен белгіленеді. Қоғамның шығарылған
жарғылық капиталының деңгейі шығарылатын акцияның номиналдық құнына тең
болады. Жарғылық капиталдың көлемі жаңадан шығарылған немесе сатып алынған
және жойылған акцияларға сәйкес өзгеруі мүмкін. Жарғылық капиталды ұлғайту
және азайту туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады және
минималды деңгейден төмендеуге болмайды.
Басқарушы компания Доминанта ЖШС Жарғылық капиталы.
Серіктестікті құру және оның қызметін қамтамасыз ету үшін
Серіктестіктің Жарғылық капиталы құрылады.Шаруашылық серіктестіктің
жарғылық капиталына салым ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік
құқықтар, оның ішінде жер пайдалану құқығы мен интеллектуалдық қызмет
нәтижелеріне құқықтық және өзге де мүлік болуы мүмкін.
Салымды жеке мүліктік емес құқықтар және өзге де материалдық емес
игіліктер түрінде салуға жол берілмейді.
Серіктестікке салым ретінде мүлікті пайдалану құқығы берілген
жағдайларда бұл салымның мөлшері құрылтайшы құжаттарда көрсетілген бүкіл
мерзімге есептелген пайдалану төлемімен айқындалады.
Серіктестіктің пайдалануына берілген мүліктің кездейсоқ құрып кетуіне
немесе бүлінуіне тәуекелдік, осы мүлікті берген қатысушыға
жүктеледі.Жарғылық капиталға құрылтайшылардың (қатысушылардың) заттай
нысандағы немесе мүліктік құқықтар түріндегі салымдары барлық
қатысушылардың келісімі бойынша немесе серіктестіктің барлық
қатысушыларының жалпы жиналысының шешімі бойынша ақшалай нысанда
бағаланады.Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептік
көрсеткіштен асып кетсе, оны бағалауды тәуелсіз сарапшы растауға тиіс.
Жарғылық капиталдың мөлшері 430 410 000 (төрт жүз отыз миллион төрт
жүз он мың) теңгені құрайды, Жарғы мемлекеттік тіркеу сәтінде толығымен
құрылған.
Серіктестіктің Жарғылық капиталы Қазақстан Республикасының
Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер
туралы Заңының 24 бабына сәйкес құрылады.
Серіктестіктің қатысушысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес Жарғылық қорды
көбейту немесе азайту туралы шешім қабылдауға құқылы.
Барлық кредиторлар жеке-жеке жазбаша хабардар етілгеннен кейін ғана
шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталын азайтуға жол беріледі.
Құрылтай құжаттары.  Қазақстан Республикасының Жауапкершiлiгi шектеулi
және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы заңына сәйкес
жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң серiктестiк атауын, сондай- ақ
"жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк" деген сөздердi немесе "ЖШС" деген
аббревиатураны қамтуға тиiс фирмалық атауы болады.Қосымша жауапкершiлiгi
бар серiктестiктiң  фирмалық атауында тиiсiнше "қосымша  жауапкершiлiгi бар
серiктестiк" деген сөздер немесе "ҚЖС" деген аббревиатура болуға
тиiс.Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк коммерциялық ұйым болып табылады,
азаматтық құқықтары  болады. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң 
орналасқан жерi деп оның тұрақты  жұмыс iстейтiн органының орналасқан жерi
танылады. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк өзi орналасқан жерден
тыс жерлерде филиалдар құрып, өкiлдiктер ашуға құқылы. Жауапкершiлiгi
шектеулi серiктестiктi құру оның құрылтайшыларының  құрылтай шартын
жасасуынан басталып, серiктестiктi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк
тiркеуден өткiзумен аяқталады.Құрылтай  шарты.Жауапкершiлiгi шектеулi
серiктестiктiң құрылтай шарты: жазбаша нысанда,әрбiр құрылтайшының немесе
оның уәкiлеттi өкiлiнiң шартқа қол қоюы арқылы жасалады.құрылтай шартын
нотариат куәландыруға тиiс.Құрылтайшылар қатарына кiретiн заңды тұлғаларды
олардың тиiстi заңды тұлға атынан сенiмхатсыз әрекет етуге құқылы
басшылары ұсынуы мүмкiн. Шартқа қол  қоюдан бас тарту серiктестiкке 
кiруден бас тартуды бiлдiредi. Шартқа ескертпелер жасай отырып қол қоюға
жол берiлмейдi. Серiктестiктiң жекелеген қатысушылары мәртебесiнiң
ерекшелiктерi барлық құрылтайшылар қол қойған шарттың мәтiнiнде көрсетiлуге
тиiс. Құрылтай шартын нотариат куәландыруға тиiс Жауапкершiлiгi шектеулi
серiктестiктiң жарғысы.Жауапкершiлiгi шектеулi
серiктестiктiң жарғысы серiктестiкт iң  заңды тұлға ретiндегi құқықтық
мәртебесiн  белгiлейтiн құжат болып табылады.   Серiктестiктi
мемлекеттiк тiркеу кезiнде оның жарғысы  құрылтай құжаты ретiнде қаралады.
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғысында:серiктестiктiң фирмалық
атауы, орналасқан жерi мен мекен-жайы;серiктестiкке қатысушылардың
(серiктестiкке қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын
серiктестiктердi қоспағанда) олардың атауы, орналасқан жерi, мекен-жайы,
банк реквизиттерi (eгep құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөнi,
тұратын жерi және жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi (eгep
құрылтайшы жеке тұлға болса) көрсетiлген тiзбесi;серiктестiктiң жарғылық
капиталының мөлшерi туралы мәлiметтер;серiктестiк органдарын құру тәртiбi
мен олардың құзыретi;серiктестiктi қайта ұйымдастыру және оның қызметiн
тоқтату ережелерi;серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi
жүзеге асыратын жағдайда серiктестiктiң таза кiрiсiн бөлудiң
тәртiбi;серiктестiкке қатысушыларға және үлестердi сатып алушыларға
серiктестiктiң қызметi туралы ақпаратты ұсыну тәртiбi және
мерзiмi;серiктестiкке қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi болуға
тиiс.Жарғыда Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа
ережелер де болуы мүмкiн.Серiктестiктiң  жарғысында оның қызметiнiң мәнi
мен  мақсаттары көзделуi мүмкiн.Серiктестiктiң  нотариат куәландырған
жарғысында даналары, сондай-ақ оның кейiнгi өзгерiстерi туралы барлық
құжаттар серiктестiктi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырған органда
сақталады.
Блок 1.3. Инвестициялық қызмет. Негізгі қорлар мен айналымнан тыс активтер

Тақырып 1.3.1. Ұйымның бизнес-жоспары

Бизнес-жоспар – бұл кәсіпкерлік жобаның негізгі формасы болып табылады.
Бизнес-жоспар негізгі мақсаты берілген бизнестің негізін салу және нақты
кезеңге нәтижелерді бағалау. Осы тұрғыда бизнес -жоспар табысқа жету жолы
болып табылады; Бизнес-жоспар бизнесті басқару және іс-әрекеттер бағытын
анықтайтын құжат болып табылады. Бұл аспектіде бизнес-жоспар стратегиялық
жоспардың және басқарудың орындалуы мен бақылаудың қажетті элементі.
Бизнес-жоспарды жоспарлау процесі және фирманың ішкі басқару инструменті
ретінде қарастыруға болады. Сондықтан да бизнес-жоспар ылғи да өзгеріп
отыратын құжат, ол фирманың жаңа еңгізулерге бағыттайды.
Бизнес-жоспар өзін-өзі үйрету құралы. Бұл аспектіде бизнес-жоспар бұл
үзіліссіз тану мен өзін-өзін тану процессі құралы. Осыдан бизнес-жоспар
шығармашылық процесс деп бекітуге болады.
Нарықтық экономикада бизнес-жоспардың құрылымы, формасы, мәні бойынша әр
түрлі типте қолдануы мүмкін. Бизнес-жоспар келесідей жіктеледі:
-            Коммерциялық сана және инвесторлық жобаның толық бизнес-
жоспары;
-            Коммерциялық сана және инвесторлық жобаның толық бизнес-
жоспары және тұжырымдамасы;
-            Құрылымдық бөлімдердің бизнес-жоспары;
-            Бизнес-жоспар несиеге сұраныс;
-            Бизнес-жоспар – грантқа сұраныс;
-            Аумақтық даму бизнес-жоспары;
Берілген технология бойынша бизнес-жоспар әртүрлі қолдануына байланысты
атқарылады.
Бизнес-жоспар құжат ретінде кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік
дамуының перспективаның жоспарын алмастыруға қабілетті. Сондықтан, бизнес-
жоспар – бұл кәсіпорынның өндірістік-қаржылық қызметінің рентабельдігін
арттырудағы статистикалық даму бағдарламасы.
Бизнес-жоспар – коммерциялық  iс-шаралардың зерттеп-дайындалған негiзгi
аспектiлерiн, туындаған мәселелердi, мүмкiн болған кедергiлердi сараптау
және оны жоюдың әдiстерiн көрсететiн фирмаiшiлiк құжат. Несие беру үшiн
негiз болады, коммерциялық жобаның шынайылығын және тиiмдiлiгiн сараптау
құралы болып табылады.Бизнес-жоспар қазақстандық кәсіпкерлікті стратегиялық
жоспарлау құралы ретінде кірді, сондай-ақ инвесторлармен, кредиторлармен
және мемлекеттік басқару органдармен келіссөздерді жүргізу үшін қажетті
құжат болып табылады. Бизнес-жоспар мен стратегиялық жоспар арасында
бірқатар айырмашылықтар бар.Стратегиялық жоспарды жалпы кәсіпорын бойынша
құрастырады және барлық мақсаттар мен міндеттерді қамтиды. Бизнес-жоспар
негізінде жаңа бизнесті құру мен дамыту үшін нақты мақсаттар мен міндеттер
бейімделеді.Бизнес-жоспар қатаң горизонтальдық жоспар болса, стратегиялық
жоспарда кең ауқымды болып келеді. Осыдан бизнес-жоспар бұл стратегиялық
жоспардың нақты бір мәселесінің қарастырылуын көрсететінін көреміз.Бизнес-
жоспарға ұқсас құжат болып техника-экономикалық негіз болып табылады,
өйткені мұның бағыты бизнес-жоспардағыдай, бірақ технико-экономикалық негіз
шағын негіз болып келеді. Бизнес-жоспар – бұл кәсіпкерлік жобаның негізгі
формасы болып табылады.
Бизнес-жоспар негізгі мақсаты берілген бизнестің негізін салу және нақты
кезеңге нәтижелерді бағалау. Осы тұрғыда бизнес -жоспар табысқа жету жолы
болып табылады; Бизнес-жоспар бизнесті басқару және іс-әрекеттер бағытын
анықтайтын құжат болып табылады.

Тақырып 1.3.2. Ұйымдағы жоспарлау және болжау

Жоспарлау – атқарылатын іске бағытталған, ақпаратты саналы түрде талдау
процесі. Кез-келген шаруашылық қызметтің мақсатқа жетуі, ғылыми немесе
логикалық тұрғыдан нәтежиесін болжаудың әсерінен болады. Болжау болашақта
туындауы мүмкін қиындықтар мен жағдайларды алдын-ала қарастыруға мүмкіндік
береді. Сонымен, болжаудың екі түрі болады: теориялық-танымдылық және
басқарушылық болжау.
Жоспарлау мен болжау – бұл, Экономиканың обьективті тәуелділігі мен себеп-
салдар нәтежиесінде, әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогрессте, қоғамдық
өнімділіктің дамуы мен нәтежиесін алдын-ала ғылыми тұрғыдан көре білу.
Болжау мен жоспарлаудың әдістеріне негізінен экономикалық заңдардың толық
есебі, ғылыми тұжырымдар, әртүрлі жағдайлар, жоспарлау мен болжаудың
мақсатқа сай жасалуы, жүйелер, құрылымдар, логика және ұйымдастыру жатады.
Болжаудың негізгі принципі – жоспарлық есептің ғылыми негізделуі және нақты
шама болуы.Бұл барлық экономикалық заңдылықтарды, ғылымның жаңа
жетістіктерін қолдануды, техника мен технологиялық жетістіктерді меңгеруді
өнімділікті ұйымдастыра білу мен басқарудан құралады.
Экономикалық тепе теңдікті сактау және талдау жасай білу керек. Яғни,
нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың көрсеткіштерін толық зерттеу. Соған сай
жоспар мен болжамды икемдеу керек.
Жоспарлаудың тағы да бір маңызды принципі бұл – мемлекеттің, қоғамның,
шаруашылық субьектілерінің, салааралық, аймақтық ұйымдардың көзқарастары
мен мүдделерін де қарастыру.
Жоспар жасауда ең бірінші айналысатын саладағы тиімді және ұтымды
шешімдерді қарастыру керек. Бұл болашақта әр кәсіпорынның, әр саланың,
шаруашылықтың дұрыс дамуына мүмкіндік жасайды.
Жоспар жасалу барысында, тексеріле отырып, түзетулер мен толықтырулар
енгізілуі мүмкін.
Тақырып 1.3.3. Инвестицияның тиімділігін есептеу

Инвестициялық жобаларды бағалау мына көрсеткіштер негізінде жүзеге
асырылады:
* Таза дисконттық табыс(ТДТ);
* Табыстылық индексі(ТИ);
* Табыстылықтың ішкі нормасы(ТІН);
* Жұмыс мерзімі(ЖМ);

Таза дисконтталған табыс .Егер есеп мерзімінде инфляциялық өзгерістер
болмаса не есеп базалық бағада жасалатын болса,онда тұрақты дисконтты
норма үшін ТДТ :
∑∑ьььт
ТДТ= ∑(Rt- Зt)*1( 1+E)t
Ппппt=0
Rt - есептің t- адымында жететін нәтижелер;
Зt - осы адымдағы шығындар;
Т- объектіні жою адымының номеріне тең есеп тегі;
Е – дисконт нормасы.
Егер ТДТ 0 болса ,инвестициялық жоба тиімді.
Табыс индексі келтірілген залалдар сомасының күрделі салым көлеміне
қатынасын айтады және келесі формуламен есептеледі:
ииииииииит
ТИ = 1К* ∑ (Rt- Зt)*1( 1+E)t
ммммммі t=0
К –инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін жұмсалатын күрделі салымның
сомасы;
Rt - есептің t- адымында жететін нәтижелер;
Зt - осы адымдағы шығындар;
Т- объектіні жою адымының номеріне тең есеп тегі;
Е – дисконт нормасы.
Егер ТИ1,жоба тиімді.
Табыстың ішкі нормасы келтірілген залалдар көлемі келтірілген күрделі
салымға тең болған жағдайдағы дисконт нормасын көрсетеді:

Ит т
∑ (Rt- Зt)*1( 1+E)t = ∑ (Кt( 1+Eвн)t
t=0 t=0

ТІН инвестордың капиталдан талап ететін табыс нормасына тең не одан
көп болған жағдайда инвестициялық жоба салымы тиімді.
Қайтарым уақыты –бұл инвестициялық жобамен байланысты алғашқы
салымдардың және басқа шығындардың орнын толтыру салымының нәтижесі
жүзеге асатын мерзім:
Тқай =ИШТААорж
ИШ –жобаны жүзеге асыру үшін қажетті инвестициялық шығындар сомасы.
ТААорж –жобаны қолдану мерзіміндегі таза ақшалай орташа жылдық сомасы.

Кәсіпорынның инвестициялық қызметі.

Нақты инвестициялар –тауар өндіру және қызмет көрсетуден пайда табу
үшін қаражаттың нақтылы активтерге жұмсалымы.
Қаржы инвестициялары мемелекеттен,басқа да кәсіпорындардан
,инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға
бағытталған.
Венчурлік инвестициялар-бұл тәуекелді жұмсалымдар.Олар акциялардың
жаңа кәсіпорындарға не жоғары қауіп –қатермен байланысты бизнестің
жаңа саласында қызмеи атұаратын кәсіпорындарға жұмсалымын көрсетеді.
Аннуитет-тұрақты уақыт аралығында салымшыға белгілі табыс әкелетін
инвестициялар.

Инвестициялар-кәсіпорын капиталын жаңарту не толықтыруға арналған
жұмсалымдары,яғни кәсіпкерлік қызметтің нәтижесінде пайда табу
мақсатымен не әлеуметтік тиімділікке жұмсалған мүліктік және
теориялық құндылықтардың барлық түрлері,капиталдың ел ішіндегі және
шетелдегі ұзақ мерзімді жұмсалымы.

Инвестициялық жоба - халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму
жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму
жоспарының құрамдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба
инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол инвестициялық жоба деп
аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да,
инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба –
бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы
арнайы ұсыныс.

Тақырып 1.3.4. Ұйымның негізгі өндірістік қорлар құрамы, құрылымы мен
қозғалысы

Негізгі құралдар – материалдық өндірісте және өндірістік емес ортада
ұзақ мерзім уақыт (бір жылдан астам) әрекет ететін материалды активтер.
Өндіріс процесінде көп рет қолдану, ұзақ мерзімді уақытта бастапқы
түрін сақтау (табиғи – заттай түрі) негізгі құралдардың ерекшелігі болып
табылады. Өндіріс процесі және сыртқы орта әсерлерінен бірте-бірте тозады
және белгіленген нормалар бойынша амортизацияны есептеу жолымен нормативті
қызметінің мерзімі бойында бастапқы құнын өндіріс шығындарына өткізеді.
Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар
өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын
объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек
құралдарына (машина, құрал-жабдық, құрал-саймандар, т.б.) әсер ету жүзеге
асады және өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды
(ғимараттар, құрал-жабдық, өткізгіш қондырғылар). Негізгі өндірістік
құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші – қор
қайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы
өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.
Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар – тұтынуға арналған құрал-
жабдықтар. Ол ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын үй-коммуналдық,
денсаулық сақтау мүлкі, т.б.) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге
арналған.
Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып
бөлінеді. Менің қарастырылып отырған Басқарушы компания Доминанта ЖШС-де
негізгі құралдар жалға беріледі.
Машиналар мен жабдықтар – күш беретін машиналар мен жабдықтар; жұмысшы
машиналар мен жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен
лабораториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің
бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті
заттарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментті қоса алғанда, мүліктік объекті
болып саналады.
Басқа да негізгі құралдар – кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа
да салымдар.
Басқарушы компания Доминанта ЖШС-дегі негізгі құралдардың
бухгалтерлік есебі: негізгі құралдардың келіп түсуін, оның ішінде орын
ауыстыруы мен шығуын, дұрыс құжаттық рәсімделуін және бухгалтерлік есепте
уақытылы көрсетілуін; олардың материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және
сақталуы мен ұтымды пайдаланылуын бақылайды; негізгі құралдардың есептелген
амортизациясы мен тозу сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, негізгі
құралдардың қор қайтарымын анықтауды, жаңа техниканың және оны қолданудың
жаңа әдістерінің тиімділігін; негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындардың
сенімді есебін; негізгі құралдарды түгелдеуді және қайта бағалауды
мезгелінде жасауын және олардың нәтижесін есепте көрсетілуін; негізгі
құралдарды сату және олардың басқаша шығу нәтижелерін есепте нақты
көрсетілуін қамтамсыз ету керек.

Кесте №1. Басқарушы компания Доминанта ЖШС-ның негізгі қорларының
қозғалыс көрсеткіштерінің талдауы негізгі құралдарының құрамы

№ Көрсеткіштер Нег.құрал-дың Енгізілуі(жыІстен
бастапқы құны л ішінде) шығуы(жыл
ішінде)
1 Lexus LX 570 - 2 073 265 -
автокөлігі
2 Lexus LX 570 VİN - 19 672 500 -
JTJHY00W204113566
автокөлігі
3 Toyota Avensis - 4 736 408 -
автокөлігі
4 Toyota Land Cruiser - 886 735
100 Gx7 2003
автокөлігі
5 Toyota Land Cruiser - 93000 -
Prado автокөлігі
6 Жер -0,0998 га 14 880 642 - -
Қалқаман -2
7 Жер- № 434,Қалақаман - 29 076 004,4-
-3,1га
8 Жер- № 435,Қалақаман 44 938 395,6 - -
-3,1га
9 Жер- № 436,Қалақаман 44 938 395,6 - -
-3,1га
10 Жер 0,1530 га 633 570
11 Касса аппараты Миника19 000
1102 Ф
12 МФУ HP Laser JetM1132- 24 910 -
MFP A4 print ,scan
13 Ғимарат - 124 895 277,-
69
14 Ноутбук Dell Inspiron- 145 863 -
5720 Core i5 3210M
2.5 Ghz6 Gb
15 Системный блок 36500 - -
16 Телефон iPhone 16гб 145000 - -

ЖШС Басқарушы компания Доминанта-ның негізгі құралдарының құрамын
талдай отырып кәсіпорынның негізгі құралдарының 60 % пассивті ,40% активті
екеніне көз жеткіздім.

Негізгі қорлардың орта жылдық баланстық құнынан басқа негізгі қорлардың
орта жылдық құны ортажылдық бағада есептелуі мүмкін. Негізгі қорлардың
ортажылдық құнын келесі формуламен есетеуге болады.
= Н+ –
(1)
Мұндағы, – негізгі қорлардың жылдық орташа құны;
Н - негізгі қорлардың бастапқы құны;
– негізгі қорлардың орта жылдық кіріс құны;
– негізгі қорлардың орта жылдық шығыс құны;;

= Н*12 (2)
Мұндағы, Н - негізгі қорлардың кіріс құны;
- пайдалану ұзақтығы.
= Н*12
(3)
Мұндағы, Н - негізгі қорлардың кіріс құны;
- пайдалану ұзақтығы.
Ұйымның негізгі өндірістік қорлар қозғалысы:
Негізгі құралдар құрылымының қозғалысын сипаттайтын көрсеткіштеріне:
- негізгі құралдардың өсу коэффициенті(1);
- негізгі құралдардың жаңару коэффициенті(2);
- негізгі құралдардың істен шығу коэффициенті(3);
- негізгі құралдардың тозу коэффициенті(4);
- негізгі құралдардың жарамдылық (5) коэффициенті жатқызылады.
НҚ өсу = НҚ қ. енг. НҚк.б.б.қ
(4)
Мұндағы: НҚ қ. енг. – кезең ішінде қайтадан енгізілген негізгі құралдардың
құны;
НҚк.б.б.қ – кезең басындағы негізгі құралдардың бастапқы құны;

Кжаңару = НҚ енг. НҚк.с.б.қ.
(5)

Мұндағы: НҚ енг. – белгілі бір кезеңдегі енгізілген негізгі құралдардың
құны;
НҚк.с.б.қ. – кезең соңындағы негізгі құралдардың бастапқы құны.

НҚ шығу = НҚ і.ш. НҚ к.б.
(6)
Мұндағы: НҚ і.ш. – есепті кезеңде істен шыққан негізгі құралдардың қ ны;
НҚ к.б. – кезең басындағы негізгі құралдар құны.
НҚ жарамдылық = НҚ қ.қ. НҚ б.қ.
(7)
Мұндағы: НҚ қ.қ. - негізгі құралдардың қалдық құны;
НҚ б.қ. - негізгі құралдардың бастапқы құны.
НҚ тозу = НҚ т.с. НҚб.қ.
(8)
Мұндағы: НҚ т.с. - негізгі құралдардың тозу сомасы;
НҚб.қ. - негізгі құралдардың бастапқы құны.

Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері:
Негізгі қорларды пайдаланудың жалылама көрсеткіштеріне қор қайтарымдылығы,
қор сиымдылығы және қормен қарулану жатады. Осы көрсеткіштер арқылы
кәсіпорындағы негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін сипаттауға қол
жеткізуге болады.
Қор қайтарымдылығы – белгілі бір кезең ішінде өндірілген өнім,
орындалған жұмыс немесе көрсетілген қызмет құнының негізгі құралдардың
орташа жылдық құнына қатынасымен анықталады.
Ол мына формула бойынша есептеледі:
Ққ = ҚөНҚо.қ.
(9)
Мұндағы: Қө – кезең ішінде өндірілген өнім, орындалған жұмыс не
көрсетілген қызмет құны;
НҚо.қ. – негізгі құралдардың орташа жылдық құны.
Қор сыйымдылығы - бұл қор қайтарымдылығының кері шамасы болып
табылады, яғни негізгі құралдардың орташа жылдық құнының өнім, жұмыс немесе
қызмет көлеміне қатынасымен анықталады. Мұны формула түрінде көрсететін
болсақ:

Қс = НҚо.қ.Қө
(10)

Мұндағы: НҚо.қ. - негiзгi құралдардың орташа жылдық құны;
Қө - кезең ішінде өндірілген өнім, орындалған жұмыс немесе көрсетілген
қызмет құны;
НҚ жыл соңындағы құны= Жыл бас.құн+енгізілген құн-шығыс құны

Бұл көрсеткіштерді өндірілген өнім, орындалған жұмыс, көрсетілген
қызмет көлемімен ғана емес сату көлемі немесе сатудан түскен табыс арқылы
да есептелуі мүмкін. Қор қайтарымдылығы негізгі құралдардың әрбір теңгесіне
қанша өнім өндірілгенін, жұмыс орындалғанын немесе қызмет
көрсетілгенінкөрсетеді. Ал қор қайтарымдылығы көрсеткіші негізінен жұмыс
істеп тұрған негізгі құралдарды пайдалану деңгейін талдау үшін
пайдаланылса, қор сыйымдылығы негізгі құралдарға деген қажеттілікті
жоспарлау үшін қажет болады.
Кәсіпорындағы негізгі құралдардың жағдайын талдағанда қормен қарулану
көрсеткішін есепптеудің мәні жоғары. Ол – негізгі құралдардың пайдаланудың
тиімділігін сипаттайды және негізгі құралдардың орташа жылдық құнының
персоналдардың орташа тізімдік санына қатынасымен анықталады. Яғни, мынадай
формуламен есептеледі:
Ққ = НҚо.қПо.т.с.
(11)
Мұндағы: НҚ о.қ – негізгі құралдардың орташа жылдық құны;
По.т.с – персоналдың орташа тізімдік саны.

Кесте №2. Басқарушы компания Доминанта ЖШС-ның негізгі
қорларының қозғалыс көрсеткіштерінің талдауы

Көрсеткіштер Өлшем 2013 2014 (+-)
бірлігі
НҚ жыл басындағы Тг 107 394 185 105 395 244 -1998941
құны
НҚ жыл соңындағы Тг 105 395 244 291727085 186 331841
құны
Жыл ішінде Тг 0 186 331 841186 331841
енгізілген НӨҚ
құны
Жыл ішінде істен Тг 1998941 0 -1998941
шыққан НӨҚ құны
Талдау нәтижесі
Көрсеткіштер 2013 2014 (+-)
НҚ жыл соңындағы құны 105 395 244 291727085 186 331841
НҚ орташа жылдық құны 106 394 714,198561164,5
5
НҚ жаңару коэффициенті 0 63 63
НҚ істен шығу 0.02 0 -0.02
коэффициенті
НҚ жарамдылық коэффициенті0.98 2.81 1.83

Тозу және жарамдылық коэффициенті жыл басына және жыл аяғына
есептелінеді.Өндірістік есептеулерден көріп отырғанымыздай тозу
коэффициенті 0-ге тең.Ал тозу коэффициенті неғұрлым төмен болса жарамдылық
коэффициенті жоғары болады және негізгі қорлардың техникалық жағдайы
соғұрлым жақсарады. Негізгі қорларды  жаңарту коэффициенті есептік кезең
аяғына оның жаңару дәрежесін сипаттайды.Зерттеліп отырған кәсіпорында
жаңару коэффициенті төмен,яғни ешқандай негізгі қорлар енгізілмеген.

Тақырып 1.3.5. Негізгі өндірістік қорлардың жылдық орта құнын және
пайдалану тиімділігін анықтау

Кесте №3. Басқарушы компания Доминанта ЖШС-ның негізгі қорларының орташа
жылдық құнын анықтау

Айдың бір Негізгі қорлар
күніне
2013 2014
Кіргізілуі Шығарылуы Кіргізілуі Шығарылуы
Ақпан 0 96 331 841
Мамыр 1 098 941 0
Тамыз
Қараша 0 90 000 90 000 000 0

Негізгі қорлардың жылдық орташа құны Қо= НҚ баст.+Қо кіріс.- Қо шығыс
формуласымен анықталады,яғни жылдық орташа құнын анықтау үшін негізгі
қорлардың бастапқы құнын,кірістелген қорларының жылдық орташа құнын,шығыс
қорларының жылдық орташа құнын бөлу керек.
НӨҚ орта жылдық кіріс құны мынадай формуламен анықталады:
Қо кіріс = НҚк.қ * nм12=96331841*1012 + 90 000 000*112=189 60716,8
(12)
Қо шығыс = НҚш.қ*mм12=1098941 *712+ 90000*112=556670,5
(13)

Кесте №4. Басқарушы компания Доминанта ЖШС-ның негізгі құралдарды тиімді
пайдалану көрсеткіштерінің талдауы

Көрсеткіштер Өлшем 2013 2014 Ауытқуы(+-)
бірлігі
Өнімді сатудан түскен мың тг 1 174 814,6 449 976,3 -1 129816899
түсім
НҚ орташа жылдық құны мың тг 106394,7 198561,2 92166,5
Жұмысшылыр саны адам 43 47 4
1.Қор қайтар 11,04 2,3 -8,8
2.Қор сыйымд. 0,09 0,44 0,35
3.Қормен жабдықталу 2474,3 4224,7 1750,4

Қор қайтарымдылық коэффициенті 2013 жылы 2014 жылмен салыстырғанда 4
есе кеміген.Қор қайтарым нәтижелерін салыстырғанда базистік жылға қарағанда
есептік жылы қор қайтарым көрсеткіштері айтарлықтай кеміген. Қор қайтарым
көрсеткішінің кемуін 2 негізгі фактордың әсерінен деп түсіндіреміз,
біріншіден негізгі қорлардың көлемінің кему есебінен және екіншіден
кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларын пайдалануды қадағаламауынан.
Өнімнің қор сыйымдылығын былтырғы жылға қарағанда өсуі қорлардың
салыстырмалы үнемдеу мөлшерінің жоқ екенін көрсетеді.

Тақырып 1.3.6. Негізгі қорлардың тозуы мен амортизациясы. Жөндеу
жұмыстарының кестесін жасау

Басқарушы компания Доминанта ЖШС-дегі негізгі құралдарға амортизация
есептеу қарапайым әдіспен жүргізіледі. Бұл әдістен бұрын бухгалтерлік
есептегі амортизация есептеу тәсілдерінің түрлеріне тоқтала кетейік.
Негізгі құралдар өндіріс процесіне қатысумен, жылдар мерзімінің әсерімен,
табиғат күшінің әсер етуімен пайдалану процесінде біртіндеп тозады. Тозудың
екі түрі бар: табиғи және сапалы (моральдық) (заман талабына сай келмеуі).
Негізгі құралдардың амортизациясының есептеудің әртүрлі әдістері бар.
Шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтерлік есеп стандартына сай дербес
тұрғыда, өздерінің есеп саясатында амортизацияны есептеудің тәсілі бойынша
жасалынады, олар:
құнын бірқалыпты (түзу сызықты) жолмен есептен шығару;
құнын орындалған жұмыстың көлеміне пропорционалды (немесе пара-пар) етіп
есептен шығару (өндірістік тәсіл);
қалдығын азайту жолымен есептен шығару;
құнын сандардың жиынтығы бойынша (кумулятивтік әдіс) есептен шығару.
Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бірқалыпты (түзу
сызықты) жолмен есептеу әдісі, яғни объектінің құны, оның қызмет ету
мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелкі норма бойынша жатқызылады. Бұл
әдіс негізгі құралдардың тозуына, оның қызмет ету мерзімінің ұзақтығына
байланысты болып келеді.
Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бірқалыпты (түзу
сызықты) жолмен есептеу әдісі мына формула бойынша есептелінеді:
Бастақы құн – жойылу құны
Пайдалану мерзімі
Амортизацияны (тозуды) орындалған жұмыстардың көлеміне пропорционалды
түрде есептеу әдісі (өндірістік тәсіл) негізгі құраолдардың тозуы тек
олардың пайдалану дәрежесі болып табылады және оны есептеу процессінде
уақыт кесіндісі ешқандай рөл атқармайды.
Ол келесі формуламен есептелінеді:
Бастапқы құн – жойылу құны .
Орындалатын жұмыстың болжамды мөлшері

Амортизацияны (тозуды) есептеудің жеделдетілген әдістері:
а) Кумулятивтік әдісі – латын тілінен аударғанда - өсу, жиналу деген
мағынаны білдіреді, яғни сандарды қосудың көмегімен тозудың сомасы
есептелінеді, демек объектінің қызмет ету мерзіміндегі жылдар санын қосу
арқылы анықталады.
ә) Азайып отыратын қалдық әдісі – бұл әдіс те кумулятивтік әдістің
принциптеріне негізделген. Оны екі еселенген амортизациялау нормасын
қолдану арқылы азайып отырған қалдық әдісі деп те атайды. Мысалы,
автокөлікті пайдалану мерзімі 5 жыл. Бірқалыпты үлестіру әдісінде
амортизациялау нормасы 20 пайыз болады (1005).
Екі еселенген нормасымен есептелініп, азайып отыратын қалдық әдісінде
амортизациялау нормасы 40 пайызға тең (20*2).
ЖШС Бк Доминанта-да өндірісте қолдануға арналған мынадай негізгі құрал
түрлері бар: жер, ғимарат,құрал жабдықтар және тағы да басқа. Ал негізгі
құралдар 2410 Негізгі құралдар шотында есепке алынады. Амортизациясы
Негізгі құралдардың амортизациясы 2420 есеп шотында есепке
алынады.Негізгі құралдың амортизацияның уақыты оны актив ретінде тану
негізінде анықталады.Тауардың уақыты болжамдалып белгілі бір уақыт арасында
есептен шығарылып амортизацияға ұшырайды.Оның қызмет ету мерзімін
техникалық бөлімнің мамандары анықтайды. Іс-тәжірибе өткен кәсіпорында
амортизацияны есептеудің қарапайым әдісі қолданады, бас бухгалтердің
түсіндіруі бойынша мұның бірнеше қомақты себептері бар,соның ішінде:
бұл әдіс ҚР-ның Салық кодексінің ережелеріне ең жақын болып табылады,
себебі онда амортизацияның шекті нормалары көрсетіледі;
сатып алынатын негізгі құралдардың жиі жағдайда өте қымбат болып табылады,
сондықтан амортизацияны есептеудің жеделтілген әдісін қолдану кәсіпорын
үшін қиынға түседі.

Кесте №5. Басқарушы компания Доминанта ЖШС-ның негізгі құралдарына
амортизация есептеу

Амортиза- НҚ бастапқы Жылдық Амортиза- Амортиза- Баланстық
циялық құны амортизацициялық циялық қор құн
негізігі я нормасы аударым
қорлар (%)
Жер 104 757 433,2 10 10475743,3220951486,6483805946,5 6
Ғимарат 126 895 277,6910 12689527,8 2537915,6 124357362,0
9
Көлік 9 756 908 15 1463536,2 2927072,4 6829835,6
құралдары
Компьютерлер 145863 40 58345,2 116690,4 29172,6
Құрал 36500 40 14600 29200 7300
жабдықтар
Кеңсе 164 000 25 41000 82000 82000
жиһаздары

Амортизация есептеу жылына 1 рет жүргізіледі.

Блок 1.4. Айналым қаржылар. Айналым қаржыларының қажеттілігін анықтау

Тақырып 1.4.1. Айналым қаржыларының құрамы, құрылымы мен пайдалану
тиімділігін анықтау

Айналым қаражаты – өнімді өндіру және өткізу процесі үзіліссіз болуын
қамтамасыз ету үшін қолданылатын өндірістік айналым қорлары мен айналыс
қорларының қаражат жиынтығы.

Ерекшеліктері

Өндірістік айналым қорлары деп еңбек затын айтады(шикізат,негізгі
материалдар,көмекші материалдар,т.б)Өндірістік айналым қорлары өндірісте
өзінің табиғи нысанында толығымен өнімді дайындау процесінде
қолданылады.Олар өзінің құнын өндірілетін өнімге көшіреді.

* Өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларының қозғалысы бңрдей
сипатталып,біртұтас процесті құрады.Бұл өндірістік айналым қорларының
бірыңғай түсінікті-айналым қорлары дегенді білдіреді.
* Өндірістік кезеңнің аяқталуымен айналым қаражатының құны өнімді
өткізуден тапқан табыстың құрамында қайтарылады..Кәсіпорын қаражатының
үзіліссіз ауыспалы айналымы өндіру процесін әрдайым жаңартып отыру
мүмкіндігін туғызады.
Айналыс қорлары бұл кәсіпорынның дайын өнімінің босалқы қоры,босатылған
бірақ төленбеген тауарлар,кассадағы және шоттағы ақша қаражаты.Айналым
қорлары тауардың айналыс процесіне қызмет көрсетумен байланысты.

Кесте №6. Басқарушы компания Доминанта ЖШС-ның айналым қаржыларының
пайдалану тиімділігін анықтау

Көрсеткіштер 2013 2014 (+-)
Өнімді сатудан 449 976 287 1 174 814 586 724 838 299
түскен түсім
Айналым 449115821,5 556784226 107668404,5
қаражатының
орт.жылдық құны
Айналымдылық 1 2,1 1,1
коэффициенті
Бір айналым 360 171,43 -188,57
ұзақтығы( күнмен)
Айналымдылық 1 0,5 -0,5
бекіту
коэффициенті

Жоғарыдағы кесте мәліметтері бойынша айналымдылық коэффициенті есепті
жылы 2,1-ге ,өткен жылы 1-ге тең болған.Ауытқуы 1,1 құрады.Бір айналымның
күнмен есептегендегі ұзақтығы өткен жылға қарағанда есепті жылы
кеміген,яғни тауар айналымының жылдамдығы артты.Бұл жағдай алдағы уақыттағы
қосымша айналымдылық көрсеткішін есептеуді керек етпейді.Көрсеткіштер
бойынша компания жағдайы жақсы деуге болады.

Тақырып 1.4.2. Айналым қаржыларын мөлшерлеу

МөлшерНорма – относительная величина, соответствующая объёму запаса
каждого элемента оборотных средств.
МөлшерлеуНорматив – өндіріс үшін қажетті айналым қорларының нақты
мөлшерін көрсетеді.
Өндіріс үшін қажетті айналым қаражатының нақты көлемін немесе өнім
бірлігінікөлемін көрсетеді.
Айналым қаражатының жалпы нормативі жеке нормативтер сомаларынан
тұрады:

Н жалпы=Нөқ+Наө+Ндө+Нбш
(14)

Мұндағы:
Нөқ-өндірістік қорлар нормативі;
Наө-аяқталмаған өндіріс нормативі;
Ндө-дайын өнім нормативі;
Нбш-болашақ шығындар нормативі
Өндірістік запастардың негізгі элементтері бойынша, ақша нысанындағы,
айналым құралдарының мөлшері мына формуламен есептеледі:

Д=Т+С+М+Ф+П.
(15)

Айналым капиталының орташа запас мөлшері (Д), біртекті немесе әр түрлі
материалдар үшін ағымдағы уақытты (Т), сақтандыру (С), транспорттық (М),
технологиялық (Ф) запастар, және жеткізу, түсіру, қоймаға апару (П).

Ағымдағы қор. Өндірісті материалдық ресурстармен қамтамасыз етуге
арналған.

ТЗ = Рсут * Ип
(16)

Мұндағы: Рсут – материалдық ресурстардың орташа тәуліктік шығыны.
Ип – тасымал арасындағы интервал (күн)
Сақтандыру қоры. Материалмен жабдықтау уақыты жабдықтаушылар тарапынан
бұзылған жағдайда құрылады:

СЗ = ТЗ* 0,5 (17)

Көлік қоры. Жабдықтау уақытының бұзылуы көлік ұйымымен байланысты
болған жағдайда құрылады. Нақты көрсеткіш сақтандыру қорына сәйкес
анықталынады.

Қкөл=Қмо*Қкүн
(18)

Қмо – материалдардың орташа тәуліктік қажеттілігі;
Қкүн-жүк айналымы мен құжат айналымының арасындағы күндер саны.
Қмо=Нш*qТн
Нш-шығын нормасы, көлем, Тн-360
Технологилық қор. Материалдық құндылықтар технологиялық процесс
талаптарына жауап бермеген жағдайда құрылады.

Тех з = (ТЗ + СЗ + ТРз) * Ктех
(19)

Мұндағы:Ктех – технологиялық қор коэффициенті.

Тақырып 1.4.3. Айналым қаржыларының қажеттілігін анықтау

Айналым активтері кәсіпорынның мүлкінің бір бөлігі ретінде қаралады.
Айналым активтері – бұл өндірістік ақша қорларын құру, пайдалану және
үздіксіз өндірістік процесстер мен өнімді өткізудің қамтамасыз ету үшін
авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым қаражаттарының мәні –
ұдайы өндірістік процесстердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық
ролімен анықталады. Айналым қаражаттары өндірістік процесске бірнеше рет
қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана
өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз
өзінің құнын тікелей дайын өнімге алып барады. Кәсіпорын қызметінің негізгі
шарттарының бірі – ол тиімді пайдалану. Ұйымның жаңа шарттарын анықтауға
нарықтың дамуы байланысты. Олардың жағдайы және тиімді пайдалану –
кәсіпорын әрекетінің басты жағдайы болып есептелінеді. Нарықтық қатынастың
дамуы кәсіпорындарға жаңа жағдайларды талап етуде. Жоғарғы инфляция, төлем
қабілеттігінің нашарлауы және басқадай дағдарыстық құбылыстар
кәсіпорындардың айналым активтеріне деген саясатын өзгертуге ықпал етті,
оны толықтырудың жаңа көздерін іздестіру проблемаларын қарастыруда.
Кәсіпорынның айналым активтерін ұйымдастыру кәсіпорынның жалпы
тиімділігін арттыру проблемасының негізі болып есептелінеді. Оған мыналар
жатады:
- айналым қаражатының құрамын және құрылымын анықтау;
- кәсіпорынның айналым қаражатына қажеттілігін анықтау;
- айналым қаражаттарын қалыптастыру көздерін анықтау;
- айналым қаражаттарын пайдалану туралы өкім және ептілік жасау;
- айналым қаражаттарын сақтау және тиімді пайдалануға жауапкершілік
ету.
Айналым қаражаттарының құрамына көптеген элементтер кіреді.
Өндірістік айналым активтерінің негізгі бөлігі – шикізат,
негізгі және қосымша материалдар, жартылай фабрикаттар, жанар және жағар
майлар, ыдыстар және т.б. құрылады.
Мысалы, машина жасау өндірісінде, өндірістік цикл ұзақ болады,
осыған байланысты аяқталмаған өндірістің үсесті салмағы жоғары. Ал жеңіл
және тамақ өнеркәсібінде басты орынды шикізат, материалдар алады. Сонымен
қатар тамақ өнеркәсібінде қосалқы материалдардың қоры әлбетте жоғары
болады.
Материалдық өндіріске кәсіпорын құралдарына қаржы салымдары
айналым ұзақтығына тәуелді, олар негізгі және айналым құралдарына бөлінеді.
Айналым құралдарының функционалдық ролі өндіріс процессінің түп тамырында
негізгі капиталдан айырмашылығы бар. Айналым құралдары өндіріс процессінің
үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
Кәсіпорындардың іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт –
қолда бар айналым капиталының болуы. Айналым капиталы – бұл өндірістік
айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен
өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының
жиынтығы. Айналым капиталының мәні – ұдайы өндірістік процестердің
қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық ролімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын экономикалық стратегиясы мен бағдарламасын әзірлеу
Ұйымға мүше мемлекеттер
Негізгі құралдар объектісінің жылдармен пайдалы пайдалану мерзімі
Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні және маңызы
Басқару ғылымының пәні мен әдістері
Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірибесі туралы ақпарат
Арбитражды процесстік құқық құрылымы
Бизнес-жоспар және оны жасау жолдары
Ұйымда өнім сапасын басқару
Менеджменттің Классикалық мектебі
Пәндер