Банк өнімдерінің қызметтері және мәні мен мағынасы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 6
1 БАНК ӨНІМДЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ МӘНІ МЕН МАҒЫНАСЫ . . . 8
- Банктік өнімдер мен қызметтердің мәні мен түрлері . . . 8
- Жаңа банктік өнімдер мен қызметтердің негізгі түрлерінің сипаттамасы . . . 14
- Қазақстан нарығында жаңа банктік өнімдер мен қызметтерді енгізу тәжірибесі . . . 23
2 АҚ ”ТЕМІРБАНК ҚАЗАҚСТАН” ЖАҢА БАНКТІК ӨНІМДЕР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІ ТАЛДАУ . . . 30
- Темірбанкі АҚ қызмет түрлерін талдау . . . 30
- АҚ “ Темірбанкінде” қызметтердің қаржылық көрсеткіштерін талдау . . . 41
3 ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА БАНКТІК ӨНІМДЕР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІ ЕҢГІЗУДІҢ БОЛАШАҒЫ . . . 46
3. 1 Қазақстан нарығында жаңа банктік өнімдер мен қызметтердің даму мәселелері . . . 46
3. 2 Жаңа банктік өнімдер мен қызметтерді жетілдіру жолдары . . . 50
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 54
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 56
КІРІСПЕ
Бірінші бағыт іс жүзіндегі операциялармен қызметтердің түрлерін сапалы түрде жетілдірумен байланысты болды. Осылайша, несиелендіру аясында көптеген банктер қарыздардың жаңа түрлерін енгізді, соның ішінде кедесідей жеке клиенттер үшін де,
- қарыз алушы өзінің ескі үйін сатқанға дейін жаңа үйді сатып алуға жеке тұлғаға берілетін қарыз;
- өзі иелік ететін үйді қайта құруға, жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырған үй иесіне ұсынылатын үйді жақсартуға берілетін қарыз;
- өзі иелік ететін қайта құруға, жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырған үй иесіне ұсынылатын үйді жақсартуға берілетін қарыз;
- тұтынушылық мақсаттарға, жеке несиелік жоспардың жасалуына берілетін қарыз;
- уақыт өте өтелуге берілетін қарыз;
- шартталмаған мақсаттар мен т. басқаға жеке тұлғаға берілетін қарыз.
Банктік қызметтер нарығын дамытудың екінші бағыты клиенттер үшін ертеректе жүргізілмеген, потенциалды түрде жаңа операцияларды банктердің іздестіруі мен дамытуына негізделді.
Бұл бағыт, уақыт өте, көптеген банктердің жүргізетін саясаттарының негізгі буынына айналды.
80-ші жылдардың басында коммерциялық банктер мағыналы түрде клиенттерге қызмет көрсетудің әртүрлі формаларының дамуына артықшылық бере отырып, операциялардың санын кеңейтті. Операциялардың дәстүрлі түрлерімен қатар жаңа қызметтер де дами бастаған банктік қызметтердің жаңаландырылған нарығының құрылуы басталды.
Елде жүргізілген экономикалық реформа банктік істің дамуындағы жаңа сатыны ашты. Нарыққа өту шарттарындағы ерекше өзектілікті біздің елде банктік қызметтер мен өнімдердің даму болашағының сұрақтары алды.
Кең клиентурасы бар банктік операциялардың тиімді түрдегі икемді жүйесі ішкі жинақтардың мобилизациясына ықпал ете алады. Және де ықпал етуге тиіс. Бұл байланыста маңызды мағынаға өзгермелі экономикалық қалыптасқан қажеттіліктеріне әсер ете алатын икемді банктік қызмет көрсету иелік етеді. Банктік операциялар нарығындағы бәсекелестік, сондай-ақ банктік қызмет көрсетудің сандық және сапалық сипаттамаларына әсер етеді.
Тұрғылықты халыққа дәстүрлі банктік қызметтерді көрсетумен қатар-депозиттерге құралдарды тарту, қарызды ұсыну және де тұрғылықты халыққа есепті- кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асырумен қатар-біздің елде қазіргі заман талабынасай банктік институттар банктік операциялардың жаңа түрлерінде орындай бастады: электронды қызметтер, клиенттердің тапсырмасы бойынша маркетингтік зерттеу жұмыстары, валюталық операциялар мен т. б қызметтер, соның ішінде тростық, форфейтингтік, лизингтік, кеңестік және т. б.
Осы және бірқатар басқа да операциялар өнімдері және қызметтер дипломдық жұмыс барысында дәлірек сипатталады.
Аталған мәселенің маңыздылығы мен өзектілігі банктердің нарықтық экономикада қаржылық, делдалдар болып табылатындықтарын да бекітіледі. Қызмет көрсету барысында олар, ақша нарығында тауанға айналатын жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасап шығады. Осылайша, клиенттердің салымдарын ала отырып, банк жаңа міндеттеме-депозит, ол қарызбере отырып-қарыз алушаға жаңа талап жасап шығарды. Жаңа міндеттемелер мен жаңа талаптарды құрудың бұл процессі қаржылық делдалдылықтың негізі б. т. Тұрғылықты халыққа қызмет көрсететін банктердің ролін белсендету мәні банктік қызмет көрсету клиенттерінің қажеттіліктерін аса толығырақ қанағаттандыруға максималды әсер етуге, жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсету сапасын жақсартуға, банктік операциялар секторын кеңейтуге және олардың өзіндік құнын төмендетуге ең аз шығындар жасау жолы арқылы әрекеттесуде болады. Жоғарыда аталған фактінің өзі менің дипломдық жұмысының тақырыбының нарыққа өту шерттарында жаңалығын және өзектілігін айқындайды.
Берілген жұмыстың теоретикалық және тәжірбиелікнегізі болып біздің ел мен шетелдегі қосарлы мәселелер бойынша экономистердің зерттеу материалдары, Қазақстанның және Батыс елдерінің коммерциялық банктерінің жұмыстарын талдау процессінде алынған материалдар, және де кезеңдік әдебиеттер басылымдарының статистикалық материалдары мен мәліметтері алынған. Осылайша, банктік қызметтердің ролі өте маңызды, олар нақты түрде қоғамның барлық қаржылық капиталын басқарады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі болып екінші деңгейлі банктер ұсынатын қызметтер мен өнімдердің тікелей жаңа түрлері табылады. Банктік қызметтер мен өнімдердің, олардың формалары мен түрлерінің ұсынылуы мысалы ретінде банктердің бірі, АҚ Қазақстан ТемірБанкі алынған.
Берілген дипломдық жұмыстың мақсаты ҚР-ның коммерциялық банктердің клиенттерге ұсынатын жаңа өнімдері мен қызметтерінің мәні мен мағынасын ашып көрсету.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- Банктің өнімдері мен қызметтерінің мән-мағынасын анықтау, Қазақстанда және шетелде қазіргі кезде қолданылатын жаңа қызметтер мен өнімдермен оларды салыстыру;
- Белгілі бір банктің мысалында жаңа банктік өнімдер мен қызметтердің қолданылуын қадағалау;
- Жаңа өнімдер мен қызметтердің даму мәселелерін анықтау және де өнімдер мен қызметтердің мәселелері мен артықшылықтарының арасында паралель жүргізу және де соның негізінде оларды жетілдіру жолдарын анықтау.
Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен қолданылған әдебиеттерден тұрады.
1 . БАНК ӨНІМДЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ МӘНІ МЕН МАҒЫНАСЫ
1. 1. Банктік өнімдер мен қызметтердің мәні мен түрлері
Банктік қызмет болып клиенттің белгілі-бір қажеттілігін қанағаттандыратын банктің бір немесе бірнеше операциялары табылады.
1995 ж 31 тамыз «ҚР-дағы банктер мен банктік қызмет туралың номері 2443 Заңының 30-шы бабына сәйкес банктік қызметтер санына келесі операциялардың жүзеге асырылуы жатқызылады:
- заңды және жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау;
- банктік операциялардың бөлек түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу мен жүргізу;
- кассалық операциялар;
- аударма операциялары;
- есептік операциялар;
- жеке және заңды тұлғалардың, соның ішінде олардың банктік шоттары бойынша банк
- корреспонденттердің тапсырыстары бойынша есептемелерді жүргізу;
- сенімділік (трасттық) операциялар;
- клирингтік (есептілік) операциялар;
- сейфтік операциялар;
- ломбардтық операциялар;
- төлемдік карточкалардың шығарылуы;
- банкноталар, монеталар және ;
- шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру.
Аталған операциялар банкнермен ҚР ҰБ-мен берілетін лицензия кезінде жүзеге асырыла алады. Жоғарыда аталған операциялардан басқа, банктер ҚР ҰБ-нің арнайы лицензиясын алған кезде, келесідей операцияларды орындай алады:
- депозиттік сертификаттарды шығару;
- кепілдемелік операциялары;
- келісім-шарттық (лизингтің) әрекет етуінің бүкіл мерзіміне жалға берілетін мүлікке жалға берушінің меншік құқығының сақталуымен мүлікті жалға беру;
- меншіктік құнды қағаздардың (акциялардан басқаларының) эмиссиясы;
- факторингтік операциялар;
- фордейтингтік операциялар.
Көрсетілген тізімде “банктік операциялар” мен “банктік қызметтер” туралы түсінік өзара байланыстырылған. Әдетте, банктік операцияларды орындау нәтижесінде ақша құралдарының қандай да бір өзгерісі болады деп болжамдалады, мысалға, несиелік операцияларды алуға болады - қарыз алушы банктен несие алады және де ақша құралдары қарыз алушының есептік шотына аударылады және оның бұйрығы бойынша оның жабдықтаушысының шотына аударылады. Соңғы вариантта есептік операция- сатып алушы несиенің көлемін жеткізуімен өнімдер, көрсетілген қызеттер немесе орындалған жұмыс үшін өз жабдықтаушысымен есептесу біруақытылы жүзеге асырылады. Ақша құралдары бір субъектіден екіншіге өтеді. Ақша құралдарының бұндай қозғалысы аталмыш сейфтік операциялар орындалған кезде немесе банктік аппарат күштерімен құндылықтарды инкассациялау немесе орнын ауыстыру кезінде, айырбас операцияларын жүзеге асыру кезінде орындалмайды. Бұл жағдайлардың барлығында, біріншіден, төленетін комиссиондықтардың сомаларын санамасақ бақыланатын, орны ауыстырылатын немесе айырбасталатын құндылықтардың көлемі өзгермейді (ұлғаймайды немесе кемімейді) . Және де, екіншіден, әрдайымға және бір уақытқа меншік иеленуші өзгермейді. Аталғандардың негізінде банктік операциялардың банктік қызметтерден ерекшеленетіндігін атап айтуға болады және де оларды бөлек қарастырған жөн. Бірақ та, банктік істі толығымен коммерцияландыру кезінде бұндай бөлудің белгілі-бір қиындықтары бар екені түсінікті. Бірақ бұл кезде “массалық операциялар” ретіндегі банктік қызметтер түсінігі кеңінен тараған.
Одан басқа, коммерциялық банктердің қызметтерін белгілі-бір төлем үшін клиенттің пайдасына оның тапсырысы бойынша банктік операцияларды орындау ретінде анықтауға болады.
Банктік қызметтерді, ең алдымен, спецификалық және спецификалық емес қызметтерге бөлуге болады. Спецификалық қызметтер болып ерекше кәсіпорын түріндегі банк қызметінің спецификасынан шығатындардың барлығы саналады. Оларға банктермен орындалатын операциялардың үш түрі жатады.
- банкке клиенттердің ақша құралдарын салымдарға орналастырумен байланысты депозиттік операциялар;
- несиелік операциялар;
- есептік операциялар-клиенттердің тапсырыстары бойынша банктер әртүрлі шоттар аша алады. Олардан тауарлы-материалдық құндылықтарды сату немесе сатып алумен, еңбек ақыны төлеумен, салықтар мен жинақтардың және т. б. маңызды төлемдердің аударылуымен байланысты төлемдер орындалады. Қарастырылған банктік операциялардың үш типі дәстүрлі деп аталады. Дәстүрлі операциялар қатарына кассалық операцияларды да жатқызуға болады.
Дәстүрлі емес банктік қызметтер құрамына басқа қызметтердің барлығы жатады, соның ішінде;
- делдалдық қызметтер;
- кәсіпорынды дамытуға бағытталған қызметтер (биржаға енгізу, акцияларды орналастыру, заңдық көмек, ақпараттық қызметтер),
- кепілдер мен кепілдемелердің ұсынылуы;
- сенімділік операциялары (кеңес пен клиент тапсырысы бойынша меншікті басқарудағы көмекті қоса алғанда) ;
- кәсіпорындарға буғалтерлік көмек;
- соттық мекемелерде клиенттің мүдделерін ұсыну;
- сейфтерді ұсыну бойынша қызметтер
- туристтік қызметтер және т. б.
Қарастырылған сараптамаға сәйкес және де қызметтерді алу субъектілеріне байланысты қызметтер заңды және жеке тұлғаларға ұсынылады. Тәжірибелі түрде бұл тұлғаларға қандай да бір банкте ұсынылатын қызметтер брдей болуы мүмкін. Тек олардың көлемі ғана бірдей болмауы мүмкін.
Банктер мұқтаж болатын шаруашылық ұйымдарға қайтарымдылық негізінде бос ақша құралдарын қайта бөліп, бағыттайтындықтан банктік қызметтер белсенді және белсенді емес операциялар түріндегі формада жүзеге асырылуы мүмкін.
Пассивті операциялар көмегімен банктер өз ресурстарын қалыптастырады (мысалы, депозиттер, басқа банктерден алынған сертификаттар мен несиелерді сату есебінен) .
Белсенді (активті) операцияларды жүзеге асыра отырып банктер тартылған және меншіктік ресурстарды тұрғылықты Темірпен әртүрлі ұйымдардың қажеттіліктеріне орналастырады.
Ұсыну үшін төлемге байланысты банктік қызметтер ақылы және ақысыз болып бөлінеді. Көп жағдайда, банктік табыс әкелетін және әкелмейтін, қымбат және арзан қызметтерге бөлінеді. Осылайша активті операциялардың көпшілігі банкке табас алу мүмкіндігін береді, ол оның пассивті операциялары салымдардың белгілі-бір түрлері бойынша пайыздардың төленүін болжамдайды кейбір банктік операциялар еңбектің көп мөлшерде жұмсалуын талап етеді. Сондықтан да, олардың босағасы қымбатырақ болады.
Материалды өнімнің қозғалысынының байласына қарай банктік қызметтер екі түрге бөлінеді:оның қозғалысымен байланыстық қызметтер және таза қызметтер. Банктер өзінің оңшалы операцияларымен, басты түрде, материалды өнім қозғалысына қызмет ететіндіктен, олардың негізгі бөлігі қызметтердің бірінші түріне жатады. Тауарлардың жылжуына ықпал ете отырып, банктердің берілген қызметтері жаңа қосымша құнды құрады. Таза қызметтер тікелей материалды өндіріспен айналысатын ұйымдарға, сонымен бірге олардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, бөлек азаматтарға ұсынылады.
Банктік қызметтердің негізгі сипаттамалары:
- қызметтердің материалды емес болмысы;
- өнім қоймаланбайды, бірақ та банктерде банкир басқаратын ақшалы құралдардың қордалары құрылады;
- банктік операциялармен қызметтерді жүргізу заңды тәртіпте шектеледі;
- жаңа банктік қызметтің авторы авторлық құқыққы иелік ете алмайды;
- өткізу жүйесі (банктік операциялар мен қызметтерді ұсыну) эксклюзивті және интеграцияланған, өйткені бір банктің барлық филиалдары банктік операциялар мен қызметтердің біркелкі таңдамасын орындайды.
Банктік операциялар мен қызметтердің жалпы ерекшеліктері болып табылатындар: олардың уақытқа созылатын сипаты, сенімділік қасиеті, заңдық немесе банктік тәртіптер мен дәстүрлерге сәйкес стандартты тәртіптер бойынша жүзеге асырылуы.
ХХ ғасырдың соңына коммерциялық банк клиентке банктік өнімдер мен қызметтердің 200-ге дейінгі әртүрлі түрлерін ұсынуға қабілетті. Операциялардың кең диверсификациясы банктерге клиенттерді сақтауға және де тиімсіз нарықтық конъюнктура кезінде аса рентабельді болып қалуға мүмкіндік береді. Бірақ та банктік операциялардың барлығы дерлік нақты банктің тәжірибесінде күн сайын қолданылмайды (мысалы, халықаралық есептесулердің орындалуы немесе тросттық операциялар) .
Банктік қызметтердің негізгі түрлеріне жататындар:
- валюталық айырбас. Банктермен ұсынылған ең алғашқы қызметтердің бірі валюта айырбас операциялары болғанын тарих куәландырып отыр. Қазіргі заман талабына сай банктік қызметке бұл операциялар өте үлкен маңыздылыққа иелік етеді, өйткені шаруашылық жүргізу субьекетілерінің экономикалық байланыстары әрдайым кеңеюде және глобализациялауда, яғни әлемдік деңгейге шығуда.
- коммерциялық вексельдердің есебі мен кәсіпорын-дарға несие ұсыну. Ежелгі кезеңдердің өзінде банкирлер коммерциялық вексельдерді есепке ала бастады, сол арқылы құралдардың тездетілген мобилизациясы мақсатында өздерінің сатып алушыларының мерзімдік міндеттемелерін банктерге сататын жергілікті саудагерлерге қарыздарды ұсынып отырды. Коммерциялық вексельдердің есебінен жаңа кеңселік немесе өндірістік ғимараттарды салу үшін немесе тауарларды сатып алу үшін іскерлік кәсіпорындардың коммерциялық несиелендірілуіне қанық емес жол ашты.
- несиедегі делдалдық коммерциялық банктің маңызды қызметтерінің біріне айналды. Бұл делдалдық заңды тұлғалар ақша қорлары мен жеке тұлғалардың ақшалы табыстарының айналым процесінде уақытша босатылатын оңаша құралдарының қайта бөлінуі жолы арқылы
- жүзеге асырылады. Ресурстарды қайта бөлудің басты белгісі ретінде олардың қарыз алушымен қолданылуындағы табыстылығы шығады.
- Жинақтық салымдар. Қарыздарды ұсынудың пайдалы болғаны сонша, банктердің өзі де осы мақсатта қосымша құралдарды мобилизациялау (тарту) тәсілдерін іздестіруге кірісті. Банктер, кейбір кезде бірнеше аптадан бірнеше жылдарға дейінгі салыстырмалы түрде өте жоғары пайыз астына алатын, осындай тәсілдердің біріне жинақтық салымдар айналды.
- Құндылықтарды сақтау. Ортағасыр дәуірінде меншіктік сенімді қоймаларында өздерінің клиенттерінің алтын, бағалы қағаздар және басқа да құндылықтарды сақтауға тәжірбиелей бастады. Бүгінгі таңда клиенттердің құндылықтарын қауіпсіз сақтаумен, оларға өз меншігі керек болғанға дейін құлып астында ұсталатын банктік сейфтерді жалға беру бөлімі айналысады.
- Есепті-кассалық қызмет көрсету. Банк төлемдердің инкасациясын және де клиент операциялары бойынша төлемдерді жүзеге асыруды өз мойнына алады, сонымен қатар қысқа мерзімді бағалы қағаздар мен несиелерге нақты ақша артықшылықтарын қаржыландыруды жүзеге асырады.
- Қаржылық кеңес беру. Мамандандырылған финансистер жұмыс істейтін банктер несиені, жинақтарды, құралдарды инвестициялауды оптималды түрде қолдану туралы сұрақ туған жағдайда мамандандырылған кеңес бере алады.
- Құрал-жабдықтар лизингі. Банк өз клиентіне құрал-жабдықтарды, ең алдымен өздері оларды сатып алып және оны өз клиенттеріне жалға беретін лизингтік келісім-шартты қолдана отырып алуды ұсына алады.
- Бағалы қағаздармен операциялар. Бағалы қағаздар нарығының қалыптасуына байланысты бағалы қағаздармен операциялардағы делдалдық ретіндегі банк қызметтері өз дамуын алуда. Банктер келесілер ретінде қызмет ете алады:
1) делдал ретінде бағалы қағаздао нарығында қызметті жүзеге асыра алатын инвестициялық институттар;
2) инвестициялық консультант (кеңес беруші) ;
3) инвестициялық компания;
4) инвестициялық қор.
Қаржылық брокер ретінде шыға отырып, банк бағалы қағаздарды шығару мен айналысқа жіберу бойынша өз клиенттеріне кеңес беру қызметтерін көрсетеді.
Егер де банк өзіне инвестициялық компания ролін алса, онда ол келесілермен айналысады:
- бағалы қағаздардың шығарылуын ұйымдастыру мен үшінші тұлға пайдасына оларды орналастыру бойынша кепілдемелерді беру;
- өз атынан және өз есебінен бағалы қағаздарды алып-сату, соның ішінде бағалы қағаздарды котировкалау жолымен, яғни ол бағалы қазағдарды сатуға немесе сатып алуға міндетті болатын белгілі-бір қағаздарға «сатушы бағасың мен «сатып алушы бағасынң жариялайды.
Банк өз атынан бағалы қағаздарға өз ресурстарын орналстырған кезде инвестициялық қор ретінде шығады.
- трасттық (сенімділік) қызметтері. Банк белгілі-бір төлем үшін фирмалар мен жеке тұлғалардың меншігін және қаржылық істерін басқара алады. Меншікті басқару қызметі трасттық қызметтер атымен белгілі. Трастық бөлімшелер арқылы банктер өз клиенттерінің бағалы қағаздар портфельдерін басқарады, акциялар мен облигациялар шығаратын корпорацияларға агенттік қызметтер ұсынады.
Банктік өнім ретінде банктің қызметтің материалды рәсімделген бөлігі түсіндіріледі (карта, жинақтық кітапша, жолдық чек, электронды амиен)
Банктің нарықтары тиімді жұмысы мен оның бәсеке қабілеттелегі, көп жағдайда жаңа банктік өнімдер мен қызметтерді енгізуге тәуелді. Нарықта өткізілетін жаңа банктік өнімдер мен қызметтер банктік инковация ретінде көрініс табады. Банктік инновация-бұл жаңа банктік өнім немесе қызмет ретінде өткізілген банктік инновациялық қызметінің соңғы нәтижесі.
Жаңа банктік өнімдер:
- бірлік
- массалық болады.
Бірлік өнім-бұл индивидалды өнім. Зат ретінде, ол оның басқа банктік өнімдер арасында ерекшелендіретін тек оған ғана тән қасиеттерге иелік етеді. Мысалы, белгілі бір массасы бар нақты құнды металдан жасалған нақты монета. Бірлік банктік өнім өз сатып алушыларының нақты анықталған шеңберіне иелік етеді. Сонда да ол нақты тұтынушылар есебіне шығарылады.
Массалық банктік өнім бұл индивидуалдығы тез арада көрініс таппайтын өнім. Оның ерекше сипаттық қасиеттері жоқ. Ол тек өнім немесе қаржылық актив түрлері бойынша ғана бөлектенеді, мысалы, банктік депозит, банктік шот. Массалық банктік өнім тұтынушылар мен инвесторлардың кең аумағының есебінен шығарылады.
Жаңа банктік өнім:
- шектелген
- шектелмеген балоды.
Шектелген өнім- бұл шығарылу көлемі немесе саны қатаң квотталатын өнім. Бұл көлем өнімді шығару кезінде бекітіледі. Көлем мөлшері көптеген факторлармен анықталады: акционерлі банктің жарғылық капиталының мөлшерімен тұтынушылар сұранысымен және т. б. Шектелетін банктік өнімдерге акциялар, облигациялар, несиелік келісім түрлері және т. б. жатады. Берілген өнім нақты тұтынушы есебіне шығарылады.
Шектелмеген банктік өнім-шығарылу көлемі ешқандай квоталармен шыктелмеген өнім ретінде көрініс табады. Бұл өнім мүмкін болатын потенциалды сатып алушы есебіне шығарылады. Сатып алушылар саны белгісіз шама. Сондықтан да шектелмейтін өнім шығару көлемі сатып алушы сұранысы факторынан басқа, ешқандай нормалар және шарттармен шектелмейді. Бұндай өнімдерге: пластикалық карточкалар, банктік шоттар жатады.
Жаңа банктік өнім:
- мүліктік
- мүліктік құқық формасында болуы мүмкін.
Мүлік меншіктің материалды объектісі ретінде көрініс табады. Мүліктік құқық белгілі-бір мүлікке иелік ету, қолдану және онымен әрекет жасау құқығын білдіреді. Мүліктік құқық формасындағы банктік өнімге банктік шот келісім-шарты, несиелік келісім-шарттар сияқты құжаттар жатады.
Жаңа өнім ретінде банктік инковация қаржылық нарықта немесе банктің ішінде өткізу процесінде ғана көрініс табады. Сатып алушымен банктік өнімге немесе қызметке ұсынылатын сұраныс жаңа енгізулердің бұл түрлерінің жаңалық деңгейін анықтайды. Нарықта пайда болған жаңа өнім сатылса, ол сұранысқа иелік етеді және де өз сатып алушысына иелік етеді дегенді білдіреді. Жаңа өнімге сұраныс деңгейі оның пайдалылық деңгейі яғни оның жаңалық деңгейін анықтайды.
Қандайда болмасы жаңа құбылыс уақытпен байланысты. ”Уақыт ” катогориясы қандай да болмасын құбылыстың соның ішінде экономикалық құбылыстың өмір категория болып табылады.
Уақыттағы жалғасуына қарай қандай да болмасын жаңа құбылыс массалық, дәстүрлі құбылысқа айналады. Банктік иновация уақыт қызметі. Ол берелген инновацияның өмірлік цикілінің бастапқы және соңғы нүктелерімен бекітілген уақыт шекарасында ғана әрекет етеді. Ал бұл тек берілген банк үшін ғана жаңа банк табылатын, бірақта басқа банктерді іс жүзіне асырылып қойылған банктік өнімдер мен қызметтер банктік инновация болып санала алмайтындығын білдіреді.
Осыны есепек ала отырып, банктік инновация мазмұны бойынша өзіне келесілерді жатқызады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz