Ақпараттық қамтама



АҚПАРАТТЫҚ ҚАМТАМА
Ақпараттық массивтер
Ақпарат мөлшерінің өлшемі
Мәліметтер банкі
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ақпараттық қамтама деп басқарудың және ақпаратты өңдеудің компьютерлік жүйелерінде (БАӨКЖ) қолданылатын классификациялау мен техника-экономикалық ақпаратты кодтаудың, құжаттаудың унификацияланған жүйелерінің және ақпараттар массивінің бірыңғай жүйесінің жиынтығын айтамыз.
БАӨКЖ ақпараттық қамтамасы мәліметтердің, мәліметтерді сипаттау тілдерінің, ақпараттық массивтерді өңдеудің программалық құрылғыларының, сондай-ақ оларды ұйымдастыру, сақтау, жинақтау әдістерінің жиынтығы болып табылады. Осы орайда, қолданушыға жүйенің функционалды есептерін және анықтамалық ақпаратын шешу процессінде барлық керекті ақпарат шығысы қамтамасыз етіледі.
БАӨКЖ – де жүйенің толығымен тиімділігі мәліметтерді ұйымдастыру мәселелерін тиімді шешуінен туындайды. Бірақ, жүйенің күрделілігіне, жүйеде шешілетін есептер санының өсуіне, техникалық және программалық құрылғылардың жетілуіне байланысты жүйеде мәліметтерді ұйымдастыру мәселесі күрделіне түседі.
Мәліметтерді формалды сипаттау әдістері мен құрылғыларының жиынтығы, программалық құрылғылар, мәліметтер массивтерін құрастыру мен іске асырудың ұйымдастырылған принциптері ақпараттық қамтаманы (АҚ) құрайды. АҚ құрамына:
- БАӨКЖ функционалды көмекші жүйелерінде (подсистемы) есептер жиынтығын шешуде қолданылатын ақпарат құрамы, яғни ақпараттық бірліктер (хабарламалар) тізімі;
- ақпарат құрылымы және оны түрлендіру заңдылықтары, яғни хабарламаны «кіріс-жүйе-шығыс» тізбегі түріне түрлендіру ережелері;
- ақпарат қозғалысының сипаттамалары, яғни ақпараттық ағындар көлемінің және интенсивтілігінің сапалық бағалары, құжаттар маршруттары, құжаталмасу сұлбалары, хабарламаларды түрлендірудің ықтималдық-уақыттық сипаттамалары;
- ақпаратты түрлендіру әдістері, оның құрамына іріктеуді, есептер жиынтығын және функционалды АБЖ-нің ерекше есептерін ақпаратпен қамтамасыздандыратын сұлбалар жатады.
Толығымен қарастырғанда, БАӨКЖ АҚ функционалды, құрылымды, трансформаторлы және методологиялық аспектілермен сипатталуы мүмкін.
1. Волобуева О.П. Теоретические основы компьютерных систем. Алматы, КазНТУ, 2002

Техникалык кибернетика кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Ақпараттық қамтама

АҚПАРАТТЫҚ ҚАМТАМА

Ақпараттық қамтама деп басқарудың және ақпаратты өңдеудің
компьютерлік жүйелерінде (БАӨКЖ) қолданылатын классификациялау мен
техника-экономикалық ақпаратты кодтаудың, құжаттаудың унификацияланған
жүйелерінің және ақпараттар массивінің бірыңғай жүйесінің жиынтығын
айтамыз.
БАӨКЖ ақпараттық қамтамасы мәліметтердің, мәліметтерді сипаттау
тілдерінің, ақпараттық массивтерді өңдеудің программалық
құрылғыларының, сондай-ақ оларды ұйымдастыру, сақтау, жинақтау
әдістерінің жиынтығы болып табылады. Осы орайда, қолданушыға жүйенің
функционалды есептерін және анықтамалық ақпаратын шешу процессінде
барлық керекті ақпарат шығысы қамтамасыз етіледі.
БАӨКЖ – де жүйенің толығымен тиімділігі мәліметтерді ұйымдастыру
мәселелерін тиімді шешуінен туындайды. Бірақ, жүйенің күрделілігіне,
жүйеде шешілетін есептер санының өсуіне, техникалық және
программалық құрылғылардың жетілуіне байланысты жүйеде мәліметтерді
ұйымдастыру мәселесі күрделіне түседі.
Мәліметтерді формалды сипаттау әдістері мен құрылғыларының
жиынтығы, программалық құрылғылар, мәліметтер массивтерін құрастыру мен
іске асырудың ұйымдастырылған принциптері ақпараттық қамтаманы (АҚ)
құрайды. АҚ құрамына:
- БАӨКЖ функционалды көмекші жүйелерінде (подсистемы) есептер
жиынтығын шешуде қолданылатын ақпарат құрамы, яғни ақпараттық
бірліктер (хабарламалар) тізімі;
- ақпарат құрылымы және оны түрлендіру заңдылықтары, яғни
хабарламаны кіріс-жүйе-шығыс тізбегі түріне түрлендіру
ережелері;
- ақпарат қозғалысының сипаттамалары, яғни ақпараттық ағындар
көлемінің және интенсивтілігінің сапалық бағалары, құжаттар
маршруттары, құжаталмасу сұлбалары, хабарламаларды түрлендірудің
ықтималдық-уақыттық сипаттамалары;
- ақпаратты түрлендіру әдістері, оның құрамына іріктеуді, есептер
жиынтығын және функционалды АБЖ-нің ерекше есептерін ақпаратпен
қамтамасыздандыратын сұлбалар жатады.
Толығымен қарастырғанда, БАӨКЖ АҚ функционалды, құрылымды,
трансформаторлы және методологиялық аспектілермен сипатталуы мүмкін.
Функционалды аспект. АҚ сипаттаудың функционалды аспектісі БАӨКЖ
әртүрлі есептерін шешуде ереулі орын алады. АҚ келесідей
функцияларын ажыратады: аңду (функция слежения), өңдеу жадысы және
ақпаратты үйлестіру (распределение). Аңду функциясы объектіні басқару
үшін іріктеу, ақпаратты қабылдау және жіберу қызметтерін атқарады.
Аңду тұрақты, периодты, оперативті, кешігулі, болжаулы болуы мүмкін.
Жады функциясы жүйеде ақпаратты сақтау, іріктеу, сорттау, орналастыру,
жаңарту, іздестіру және ақпаратты ұсыну қызметтерін атқарады. Өңдеу
функциясы ақпаратты логикалық түрлендіру қызметімен, ал үйлестіру
функциясы басқару иерархиясы деңгейлері бойынша ақпаратты жеткізу
қызметімен қамтылған.
Құрылымды аспект. АҚ сипаттаудың құрылымды аспектісі сақтау
құрылымының формасын зерттеу және ақпаратты АБЖ-не түрлендіру,
ақпарат классификациясына, қолданушылар жүйесіне, ақпараттық тілге,
құжаттамаға, ақпараттық массивтер құрылымына, ақпараттық жүйемен қарым-
қатынас жасау тілдеріне қосу қызметтерін қамтиды.
Трансформаторлы аспект. АҚ сипаттаудың трансформаторлы аспектісі
экономикалық басқару тілін түрлендіруді басқару деңгейлері және
кірістен шығысқа бағытталған ақпарат қозғалысы этаптары бойынша
қарастырады.
Методологиялық аспект. АҚ сипаттаудың методологиялық аспектісі БАӨКЖ
жобалау кезеңінде пайда болатын келесі принциптерді қамтиды:
- АҚ-ның методологиялық бірлігі, яғни бірыңғай әдістер негізінде
әртүрлі функционалды көмекші жүйелердің АҚ-н құрастыру;
- АҚ-ның ақпараттық сәйкестілігі, яғни құжаттарды,
классификаторларды, кодтар мен шифрларды жүйенің барлық
көмекші жүйелеріне құрудың бірыңғай жүйесі;
- АҚ блоктарының типизациясы, яғни бірыңғай типтік ережелер
негізінде, бір тілде, функционалды және мазмұнды қатынаста
бірдей болып табылатын АҚ бөліктерін құрастыру;
- ақпаратты өңдеу интеграциясы, яғни жүйенің көпретті қолдануы
кезінде ақпаратты бірретті енгізу;
- ақпарат алмасу унификациясы, яғни құжаттар формаларын және
машина жұмысын қысқарту.
Ақпаратты өңдеу мен басқарудың кез-келген жүйесінің АҚ-сы
құрамына:
- жүйенің ақпараттық базисін құрайтын нормативті және
анықтамалық мәліметтер;
- сыртқы орта мен басқару объектісінің ағымдағы жағдайы туралы
мәліметтерді қамтитын оперативті ақпарат;
- жүйенің дамуы мен жұмысы үшін есептік және архивтік
мәліметтер жатады.
Кез-келген ақпарат жинақтаушы құрылғыларда (носители) орналасуы
керек, яғни АҚ құрастыруда тек ақпараттық ағындар құрамын анықтап
қана қоймай, сонымен қатар ақпаратты сақтау жүйелерін жинақтаушы
құрылғыларда құруды қарастырамыз. АҚ жобалау кезеңінде нақты жүйені
шешу үшін ақпараттың қажетті және жеткілікті мөлшері, кіріс және
шығыс нәтижелердің құрамы анықталады, ЭЕМ жадысында мәліметтерді
ұйымдастыру және орналастыру орындалады. Ағымдағы уақыт (АУ)
режиміндегі шешілетін есептердің маңызды факторы - ақпараттың түрлену
уақыты болып саналады. Жүйенің сапасын ақпараттың уақытылы жеткізілу
көрсеткіші арқылы есептейді, себебі басқару тұрғысынан қарағанда
ескірген ақпарат өз құндылығын жоғалтады.
Кіріс құжаттардың реттелген тізімділігі және унификациясы, оның
машиналық түрде өңдеуінің қамтылуы, машиналық жинақтауыш құрылғыларды
таңдау, өзгерістер енгізу жүйелері және ақпаратты қайта өңдеу
рационалды техникалық сұлбалары АҚ құрастыру кезінде алдын ала
қарастырылады. АҚ жобалау кезеңінде методологиялық аспектімен қатар,
технологиялық аспектіні қарастырамыз. Методология құрамына мәселелерді
зерттеу (АҚ жобалау кезінде кездеседі) және оларды шешу әдістерінің
жиынтығы жатады. Технология - ақпаратты қайта өңдеу әдістерінің
жиынтығын құрап, өзінің құрамына жұмыс қатарындағы әдістемелерді
кіргізеді.
Жүйедегі ақпаратты өңдеудің барлық этаптарының айналымына қатысты
бір-бірімен байлынысты операциялар жиынтығы ақпараттық процесс деп
аталады.
БАӨКЖ-гі ақпаратты қайта өңдеу процессінің құрамына жүйенің
функционалды көмекші жүйелерінің есептерін шешу кезінде жиі
кездесетін жалпылама қайталатын элементтері бар құрамдас бөліктер
жатады. Сондықтан, БАӨКЖ-гі ақпаратты қайта өңдеудің негізгі
сфераларын атап көрсетуіміз керек. Олар жүйеге тікелей қатысы бар
адамдық, адам-машиналық және машиналық болып бөлінеді. Олай болса,
ақпарат көздері мен тұтынушылары арасындағы айналым процессі
кезіндегі ақпаратты түрлендірудің блок-сұлбасын сұлба түрінде
көрсетуге болады (1-сурет).

1-сурет. Ақпаратты түрлендіру сұлбасы

Мұндағы,
КАА – кіріс ақпаратын алу;
АДҚ - ақпаратты дайындау және құру;
ММЕ – машина мәліметтерін енгізу;
МЖҚҚ – машина жинақтаушы құрылғыларын құру;
ҚСҚ – каталог және сілтемелерді құру;
AІТ – ақпараттың ішкі түрленуі;
АЖҚҚ – ақпараттың жинақтаушы құрылғыларын құру;
ҚМҚ – қолданушының мәліметтерді қолдануы;
ШМБ – шығыс мәліметтерін беру;
ШНД – шығыс үшін нәтижелерді дайындау;
МӨС – мәліметтерді өңдеу және дайындау.
АҚ құрамы өзімізге белгілі, ішкі және сыртқы АҚ болып
ажыратылады. Сыртқы АҚ жобалау кезінде идентификация және объектілер
мен жағдайлардың сипаттары, ақпаратты құру, құжаттарда мәліметтерді
кескіндеу және т.б. сұрауларға шешімдер табылуы тиіс.
Сыртқы АҚ негізгі элементтеріне мыналар жатады:
- ақпарат ағыны – хабарламаның көзі және тұтынушысы бар болған
жағдайда кеңістікте және уақыт аралығында бір бағытта
қозғалатын хабарламалар тобы;
- реквизит – қарапайым хабарлама, оның тарамдарға бөлінуі
хабарламаның семантикалық мағынасын жоймай іске аспайды;
реквизиттің белгісі және негізі болады;
- белгі - сипатталып отырған объектінің сапалық сипатамасында
қолданылатын хабарламаның бір бөлігі; белгі көмегімен
хабарламаның белгіленген жиынында идентификация жүргізуге
мүмкіндік бар;
- негіз - сипатталып отырған объектінің мөлшерлік (количественная)
сипатамасында қолданылатын хабарламаның бір бөлігі; физикалық
түрдегі негіз – бақылау, өлшеу және есептеу негізінде алынған
сандық өлшем бірлік;
- номенклатура – біртипті реквизитердің өлшемдерін біріктіретін
ақпараттық жиынтық;
- кодтау – дискретті хабарламаның анықталған символдар түріндегі
көрінісі;
- шифр – берілген номенклатурадағы әр атаудың шартты белгіленуі;
- құжат – жағдайлар, жайттар, адамның қозғалысы жайлы ақпараттың
арнайы материалдарда әртүрлі әдістермен бекіту тәсілдерінің
құралы;
- құжат айналымы – құжаттардың пайда болу немесе алу кезеңінен
бастап оны аяқтау немесе жіберу кезеңіне дейінгі айналым;
- құжаттау жүйесі – басқарудың бір функциясын орындау процессінде
құрылатын құжаттар жиынтығы.
Ішкі АҚ жобалау кезінде мәліметтердің сыртқы көрінісін
машиналық тілге (және керісінше) түрлендіру, ЭЕМ жадысында ақпаратты
ұйымдастыру, керекті мәліметтерді іздестіру және шығару және т.б.
сұрауларға жауаптар алынады.
ЭЕМ жадысындағы жүйенің функционалды көмекші жүйелерінің
комплексті есептерін шешу үшін қолданылатын, үнемі жаңарып отыратын
мәліметтер жиынтығы - жүйенің ақпараттық базасы, мәліметтер базасы
(МБ) деп аталады. МБ-ның басқару жүйесімен (МББЖ) жиынтығы мәліметтер
банкін тудырады. АҚ-ның ішкі элементтері агрегаттарға біріктіріліп,
иерархиялық құрылымды құрайды. АҚ-ның ішкі элементтерінің негізгі
элементі ақпараттық массив (АқМ) болып табылады. АқМ – біртекті
объектілер тобы жайлы мәліметтер жиынтығы.

Ақпараттық массивтер
Ақпараттық массивтердің негізгі санаттық (классификационные)
белгілеріне - ақпараттық массивтердің семантикалық құрамы, қолдану
технологиясы, ақпаратты жинақтаушы және ақпаратты массивтердің
техникалық сипаттамалары жатады.
АқМ семантикалық (мағыналық) құрамы келесі ақпараттар бойынша
ажыратылады:
- ЭЕМ-нің берілген эксплуатациялық сипаттамаларын қолдауға
негізделген ақпарат;
- жекелеген программаларда қолданылатын ақпарат;
- стандартты программалар кітапханасына (СПК) енгізілген ақпарат;
- ЭЕМ-де өңделетін және жүйенің функционалдау процессінде
қолданылатын ақпарат.
Ақпараттың бірінші 3 түрі БАӨКЖ программалық қамтамасы құрамына
кіретіндіктен, АҚ тек ақпараттың соңғы түрін қамтиды.
АқМ қолдану технологиясы деп:
- ЭЕМ-де мәліметерді өңдеу технологиясын (АқМ құру процессін
ұйымдастыру, енгізу, жинау, жаңарту, түзету процестері);
- жүйеде нақтыланатын объектіні басқару процедурасында
мәліметтерді қолдану технологиясын (мәліметтер тізімі және
өңдеу уақыты, есептің нақты шешімдерінің қажеттілігі және
т.б.) айтамыз.
АқМ келесі түрлерін ажыратамыз:
- жүйенің жұмыс істеуінен бұрын пайда болатын тұрақты түрі
(директивті, нормативті, анықтамалық және басқа да өзгеріске
сирек түсетін мәліметтер);
- логикалық түрлендірулер (сорттау, біріктіру, бөліп алу және т.б.)
нәтижесінде алынатын және тұрақты түрдегі ақпаратты массивтер
құрамдастары болып табылатын көмекші түрі;
- алдыңғы есептеулер нәтижесі және келесі есептеулердің ақпарат
көзі болып табылатын аралық түрі;
- уақыт бойынша басқару объектісінің жағдайы жайлы
айнымалы ақпаратты құрайтын
ағымды түрі;
- қарастырылған АқМ (ЭЕМ программалары, АқМ каталогтары,
трансляторлар, анықтамалар және т.б.) үшін қажетті ақпаратты
құрайтын іскерлік түрі.
АқМ-ді жинақтаушы құрылғылар түрі бойынша машинада сақталатын
және машинада сақталмайтын жинақтаушы құрылғылар деп бөлеміз.
Машиналық жинақтаушы құрылғыларға сыртқы (иілгіш дисктер, лазерлік
дисктер және т.б.) және ішкі (ферриттер, интегралды сұлбалар және
т.б.) жинақтаушы құрылғылар жатады. Машиналық еместерге әртүрлі
жазбалы кітаптар, журналдар, картотекалар, микрофильмдер және т.б.
жатады.
Әрбір АқМ-ң өзі баяндайтын объектілер тобының атымен сәйкес
келетін аты бар болады. АқМ-ң жазбасы деп бір объектіні баяндайтын
мәліметтер жиынын айтамыз. АқМ құрамына біртипті жазбалар жиыны
кіреді.
Реквизит жазба элементі болып табылады. Ол объектінің белгісін
(қасиетін) сипаттап, объектінің ақпараттық өрісін физикалық түрде
алып отырады.
АқМ жанұясы деп бір-бірімен тығыз байланыста болатын АқМ жиынын
айтамыз (бір жанұяға кіретін ақпаратты өзгерткен жағдайда сол
жанұяның құрамдас жанұяларының ақпараты өзгеріске ұшырайды).АқМ
жанұясының біреуі негізгісі, ал қалғаны құрамдастары болып табылады.

АқМ комплексі – біртипті есептер тобын (ӨАБЖ функционалды көмекші
жүйесінің барлық есептерін) шешу барысында пайдаланылатын АқМ жиыны.
Сонымен, ішкі АҚ келесідей элементтерден құралады: ақпараттық база
– АқМ комплексі -АқМ жанұясы – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Οқушылардың инфοрматика пəніне деген қызығушылығын арттыру мақсатында сандық білім беру ресурстарын пайдалану əдістемесін жасау
Мектеп оқушыларының Информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру мақсатында оқу стратегияларының цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеу
Ақпаратты өңдеу жүйесіндегі программалық қамтамасыз ету
Бағдарламалық қамтаманы жобалау
Жетісу қонақ үйі
Қонақ үй жұмысы
Linux операциялық жүйесімен танысу
Құрылыстық конструкцияларын пайдалану
Мәліметтер базасының жалған аты параметрлерінің терезесі
Банк филиалы клиенттері бойынша есептерді шешуде ақпараттарды өңдеуге арналған бағдарламалық қамтама құрастыру
Пәндер