Ғұндар мемлекеті



КІРІСПЕ 3
1. Ғұндар мемлекеті 4
2. Ғұндардың экономикалық қатынастары 10
3. Ғұндардың шаруашылығы. 14
4. Ғұндардың саудасы. 15
5. Ғұндардың қоғамы. 16
6. Ғұндардың мәдениеті 18
ҚОРЫТЫНДЫ 20
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 22
Ғұндар (ғұндар)-ежелгі замандағы еліміздің батыс өңіріндегі көшпенді ұлыстың бірі. 24 тайпадан біріккен көшпенді ғұндардың одағы б. ж. с. дейінгі 2-ғасырда дәуірлеп заманымыздың І-ғасырында ыдырады. ғұндар өзінің басшысы Мөте тәңіркұт тұсында төңірегіндегі толып жатқан ұлыстарды өзіне бағындырып, шығыста Лиаухы өзенінен батыста Памир тауына дейінгі, солтүстікте Байкал көлінен оңтүстікте ұлы қорғанға дейінгі ұлан-байтақ өңірге үстемдік еткен.
Тарихи деректердің дәлелдеуіне қарағанда, осы ғұндердің бір бөлегі ежелгі замандағы қазақ ұлыстарымен тоғысып, қазақ халқын құрған қайнардың біріне айналған.
Үйсін ұлысы Хыши тілігінде көшіп-қонып журген кезде, іргелес көрші ұлы иозылардың шапқыншылығына ұшырап, халқы азып-тозып, ғұндарғе барып паналаған. Осы жаугершілікте үйсін күнбиі Нәнді би жау қолынан қаза тапқанда, оның жаңа туып, жетім қалған баласы Елжау биді һұн тәңірқұты асырап ер жеткізіп, азып-тозып ғұндарғе келген үйсін халқын жинап өз қолына беріп, әкесінің тағына отырғызған. Үйсіндер ғұн елінде 20 жылдай тұрып, аралас-құралас өмір өткізді. ғұн тайпалары мен үйсін тайпаларының тоғысуы осы кезден басталған.
Онан соң үйсін ұлысы Іле өңіріне қоныс аударып, іргелі елге айналды. Б. ж. с. дейінгі 71-жылы үйсін билеушілері хан патшалығымен тізе қоса отырып, қазіргі Баркөл ауданында ғұндердің оң қанат ордасына тұтқиылдан шабуыл жасап ойсырата жеңді. Осы бір соғыста үйсін күнбиі Оңқай би ғұндердің 40 мың адамын қолға түсіріп өзіне қосып алды. Бұдан кейінгі соғыстарда үйсіндер ғұндардың қыруар адамын қолға түсірді. Олар үйсін ұлысына сіңісіп, олардың жан саны мен күш-қуатын молайта түсті.
Б. ж. с. дейінгі І-ғасырдың орта шенінде ғұндер одағы өз ішінен оңтүстік һұн (яки шығыс ғұн) және солтүстік ғұн (яки батыс ғұн) деп екіге бөлінді де, оңтүстік ғұндар хан патшалығына бағынды, солтүстік ғұндар батысқа қарай қоныс аударды. Осы батысқа қарай қоныс аударған солтүстік ғұндар Алтай тауы мен Іле өзені алқабы, Жетісу өңірі мен Сырдария бойына келіп, бір мезгіл қазақ даласын қоныстанып, жергілікті тайпалармен араласты, осы ғұндардың бір бөлегі ежелгі қазақ тайпаларымен тоғысып, оларға сіңіп кетті. Әсіресе күш-көлігі жоқ кедейлері шаршап-шалдыққан жерінде қалып отырды.
1. Қазақ ССР тарихы», І-том, 55-бет, Алматы, 1957
2. «Қазақ совет энциклопедиясы», 3-том, 449-бет.
3. Хан патшалығы тарихы, Батыс өңір шежіресі»
4. Маркс К. Капитал. I том. - Қаз. мемл. баспасы, 1963.
5. Энгельс Ф. Семьяның, жеке меншіктік және мемлекеттін. шығуы. «Қазақстан» баспасы, 1967.
6. Ленин В. И. Бақытсыз бітім туралы мәселенің тарихы жөнінде. Таңдамалы шығармалар үш томдығы, 2-том.
7. Ленин В. И, Міндетті мемлекеттік тіл қажет пе? - Шығармалар толық жинағы, 24-том.
8. Ленин В. И. Философиялык, дәптерлер. Шығармалар толық жинағы, 29-том.
9. Ленин В. И. Мемлекет туралы. Шығармалар толық жинағы, 29-том.
10. Лепин В. И. Жұмысшы, солдат және шаруа депутаттары Советтерінің Бүкілроссиялық үшінші съезі. Шығармалар. 26-том.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Ғұндар. Курсовая.

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ 3
1. Ғұндар мемлекеті 4
2. Ғұндардың экономикалық қатынастары 10
3. Ғұндардың шаруашылығы. 14
4. Ғұндардың саудасы. 15
5. Ғұндардың қоғамы. 16
6. Ғұндардың мәдениеті 18
ҚОРЫТЫНДЫ 20
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 22

КІРІСПЕ

Ғұндар (ғұндар)-ежелгі замандағы еліміздің батыс өңіріндегі көшпенді
ұлыстың бірі. 24 тайпадан біріккен көшпенді ғұндардың одағы б. ж. с.
дейінгі 2-ғасырда дәуірлеп заманымыздың І-ғасырында ыдырады. ғұндар өзінің
басшысы Мөте тәңіркұт тұсында төңірегіндегі толып жатқан ұлыстарды өзіне
бағындырып, шығыста Лиаухы өзенінен батыста Памир тауына дейінгі,
солтүстікте Байкал көлінен оңтүстікте ұлы қорғанға дейінгі ұлан-байтақ
өңірге үстемдік еткен.
Тарихи деректердің дәлелдеуіне қарағанда, осы ғұндердің бір бөлегі
ежелгі замандағы қазақ ұлыстарымен тоғысып, қазақ халқын құрған қайнардың
біріне айналған.
Үйсін ұлысы Хыши тілігінде көшіп-қонып журген кезде, іргелес көрші
ұлы иозылардың шапқыншылығына ұшырап, халқы азып-тозып, ғұндарғе барып
паналаған. Осы жаугершілікте үйсін күнбиі Нәнді би жау қолынан қаза
тапқанда, оның жаңа туып, жетім қалған баласы Елжау биді һұн тәңірқұты
асырап ер жеткізіп, азып-тозып ғұндарғе келген үйсін халқын жинап өз қолына
беріп, әкесінің тағына отырғызған. Үйсіндер ғұн елінде 20 жылдай тұрып,
аралас-құралас өмір өткізді. ғұн тайпалары мен үйсін тайпаларының тоғысуы
осы кезден басталған.
Онан соң үйсін ұлысы Іле өңіріне қоныс аударып, іргелі елге айналды.
Б. ж. с. дейінгі 71-жылы үйсін билеушілері хан патшалығымен тізе қоса
отырып, қазіргі Баркөл ауданында ғұндердің оң қанат ордасына тұтқиылдан
шабуыл жасап ойсырата жеңді. Осы бір соғыста үйсін күнбиі Оңқай би
ғұндердің 40 мың адамын қолға түсіріп өзіне қосып алды. Бұдан кейінгі
соғыстарда үйсіндер ғұндардың қыруар адамын қолға түсірді. Олар үйсін
ұлысына сіңісіп, олардың жан саны мен күш-қуатын молайта түсті.
Б. ж. с. дейінгі І-ғасырдың орта шенінде ғұндер одағы өз ішінен
оңтүстік һұн (яки шығыс ғұн) және солтүстік ғұн (яки батыс ғұн) деп екіге
бөлінді де, оңтүстік ғұндар хан патшалығына бағынды, солтүстік ғұндар
батысқа қарай қоныс аударды. Осы батысқа қарай қоныс аударған солтүстік
ғұндар Алтай тауы мен Іле өзені алқабы, Жетісу өңірі мен Сырдария бойына
келіп, бір мезгіл қазақ даласын қоныстанып, жергілікті тайпалармен
араласты, осы ғұндардың бір бөлегі ежелгі қазақ тайпаларымен тоғысып,
оларға сіңіп кетті. Әсіресе күш-көлігі жоқ кедейлері шаршап-шалдыққан
жерінде қалып отырды.

1. ҒҰНДАР МЕМЛЕКЕТІ

Көшпелі мал шаруашылығына көшкеннен кейін экономиканың мүмкіндіктерін
пайдалану, бірқатар аудандарда көшпелі мал шаруашылырын ойдым-ойдым сулы
жерлердегі егіншілікпен етене ұштастыру, қолөнер мен үйдегі
кәсіпшіліктердің дамуы, сауда байланыстарының күшеюі - осының бәрі
Қазақстанның көшпелі және жартылай көшпелі тайпаларының өркен-деуіне
себепші болды. Б. з. б. III - б. з. III ғасырларда олар Қазақстанның және
көршілес елдердің территориясында бірқатар ірі әрі тұрақты әуелгі таптық
бірлестіктер құрды. Жетісуда және Оңтүстік Қазақстанда әсіресе үйсін қоғамы
және Сырдарияның орта бойындағы кангюй деген атпен мәлім болған тайпалар
бірлестігі ерекше маңыз алды. Бұл қоғамдардағы әскери ұйым жоғары деңгейде
болды, оның негізі жақсы қаруланған салт адамдар топтарынан құрылды.
Ірі көшпелі бірлестіктер үлкен әскери-саяси күш болды да, олардың
ежелгі дүниедегі рөлі өсе түсті. Мұның өзі әсіресе б. з. б. II ғасырдың
екінші жартысындағы саяси дағдарыс кезеңінде айрықша көзге түсті; бұл кезде
оңтүстікке қарай ұмтылған, топтасып жақсы ұйымдасқан әскери бірлестіктер
Грек-Бактрия мемлекетін талқандап, Парфияға қатер төндірді. Оңтүстікке
басып кірген көшпелілер өздері келген өңірдегі халықпен араласып,
жергілікті мәдениетті қабылдады; кешпелілер әулеттерінің өкілдері әуелі
шағын иеліктерді басқарды, ал coдaн кейін б. з. I ғасырда жаңа құдіретті
империяны - Үндістанның, Ауғанстанның, Пакистанның, Орта Азияның тарихында
маңызды орын алған ұлы Кушандар империясыы құрды. Қушандар империясының
бастапқы ұйтқысы әрі орталығы Бактрия болды. Араларынан Кушан әулеті шыққан
көшпелі тайпалар бұл жерге келген кездің өзінде Бактрияның жоғары
мәдениетінің бай дәстүрлері бар еді. Қырдан келген тайпалар жергілікті
ортаға өздеріне тән бірқатар белгілерін ала келді. Кушан патшалығының
тарихы егіншілік дүниесі мен кешпелілер дүниесінің
қатар өмір сүріп, қоян-қолтық өзара әсерінің айқын мысалы бола алады.
Шығыста Қытаймен, ал батыста - Парфия патшалығымен шектесіп жатқан
құдіретті Кушан державасынын, пайда болуы цивилизациялардың ежелгі
орталықтарын жақындастырды. Қазақстан жерін де қамтитын ұлан-байтақ
территория Шығыстың дамыған мәдениеттерінің ықпалына тартылды. Бұл ықпал VI
ғасырдың орта шенінде Авар қағанатының экспансиясына, ал кейін дағдарысқа
ұшырауына байланысты ғана біраз бәсеңдеді. Бұл кезде Оңтүстік және Оңтүстік-
Шығыс Қазақстан территориясында қуатты қала мәдениеті қалыптасып та қалған
еді; бұл мәдениетті жасауға Орталық және Шығыс Қазақстанның түркі
тілдерінде сөйлейтін тайпалары кіретін кешпелі дала да белсене қатысты.
Ғұндар. Б. з. б. I мың жылдықтың екінші жартысынан бастап Евразияның
этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпаларының рөлі өсті.
Осы өңірде, Байқалдан оңтүстікке таман және Ордосқа дейін созылып жатқан
далалық және шөлейт аудандарда экстенсивті мал шаруашылығымен шұғылданған,
этникалық жағынан әр түрлі тайпалар көшіп жүрді. Бұл тайпалар алғашқы
қауымдық құрылыстың ыдырауы және әуелгі таптық; қоғамға көшу сатысында
тұрған еді. Сонымен бірге көшпелі қоғамның консервативтік дәстүрлері рулық
ұйым сарқыншақтарының сақталуына себепші болды.
Б. з. б. IV-III ғасырларда Қытайдың солтүстік шекараларында тұрған
тайпалар топтасты. Тайпалық екі бірлестік - сюнну және дунху бірлестіктері
қалыптасты; бұлардың біріншісі өз замаңындағы тарихи оқиғаларда айтарлықтай
рөль атқарып, көршілес елдердің тарихына ықпал жасады.
Сюннулер, (хунну немесе ғұңдар) б. з. б. III ғасырда күшейді.
Тайпалардың бұл тобының аты қайдан шыққаны белгісіз. Ғұн деген неғұрлым
кейінгі этноним сюнну (хунну) деген аттан шыққан; әулеттік хроникаларда бұл
көшпелілер осылай аталған. Сюнну деген сөз - европалық деректемелерде
кеңінен мәлім болған, кейініректегі одақтың ұйытқысын құрған тайпалардың өз
атының қытайша жазылуы болуы да мүмкін.
Ғұндардың этникалық тегі туралы мәселе әлі анықталмаған.
Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы тегі деп есептейді.
Ғұндардың құдіреті мейлінше күшейіп тұрған дәуірде олардың бірлестігіне
түрлі тайпалардың кіргенін, сондықтан ғұн деген терминнің этникалық
болудан гөрі саяси термии болғанын ескерген жөн.
Қытаймен төрт ғасырдан астам уақытқа созылған кескілескен күрес ғұн
тайпаларының бірігуіне себепші болды. Ханьдық Қытай ғұн тайпаларын талай
рет құлданып алуға тырысты. Қытайдың әскери-саяси қуаты әлсіреген
дәуірлерде ғұндар өз көршісімен белдесіп шыққан кезде айтарлықтай
табыстарға жетіп жүрді. Ғұндардың бірігіп топтасуы, немесе хроникада
айтылатындай, б. з. б. 109 жылы ғұн үйінің өрлеуі Мөде-шаньюйдің есімімен
байланысты (шаньюй - ғұндардың билеушісінің атағы).
Мөде ғұндарды құдіретті державаға айналдырған реформалар жасады. Мөде
билеп тұрған жылдары ғұндар дунхуларды талқандады; олардың қалдықтары
Маньчжурияға, Монғолия мен Оңтүстік Забайкальеге қашып барды. Саян-Алтай
тайпаларын және үйсіндердің бір бөлегін жеңді. Мөде батыста Юечжей
тайпаларына қарсы жорықтар жасап, оңтүстікте ханьдық Қытайға қарсы
ойдағыдай шайқасты. Б. з. б. 20-жылдары ғұндар Ордосты қайтарып алды, ал б.
з. б. 200 жылы Хань әулетінің негізін қалаушы Лю Банды жеңді. Соғыста
бірқатар сәтсіздіктерге ұшырағаннан кейін, б. з. б. 188 жылы Хань
императоры Мөдемен тыныштық және туыстық туралы шарт жасасты. Шаньюй
қытай ханшасын әйелдікке алды, ал Хань империясы ғұндарға жыл сайын салық
телеп тұруға тиіс болды.
Забайкальден Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына
дейін созылып жатқан территория ғұн шаньюйлерінің қол астына түсті. Ғұн
державасы орасан үлкен, бірақ өте-мөте осал болды. Ішкі қайшылықтар, билік
жүргізу үшін күрес және сыртқы сәтсіздіктер б.з. б. I ғасырда ғұндар
державасының құлдырауына әкеліп соғып, ол ыдырай бастады. Б. з. б. 59 жылы
ғұндардың өз арасында соғыс басталды.
Б. з. б. 47 жылы ғұндар державасы оңтүстік және солтүстік ғұндар болып
бөлінді. Оңтүстіктегі ғұндар Хань империясына бағынды. Ал Чжичжи-шаньюй
бастаған солтүстіктегі ғұндар тәуелсіздігін сақтап, ширек ғасырға жуық
уақыт бойы елдігінен айрылмай, Хань империясы мен оңтүстіктегі ағайындары
тарапынан үнемі шабуылға ұшырап отырды. Солтүстіктегі ғұндар Солтүстік
Монғолияға және Шығыс Түркістанның солтүстік бөлігіне көшіп баруға мәжбүр
болды. Бұдан кейін олардың бір бөлегі Тянь-Шаньнан өтіп, Қангюй тайпалық
бірлестігімен көрші-қолаң отырды. Чжичжи-шаньюй кангюйлермен шарттық
қатынастар орнатты; сөйтіп кангюйлер ғұндарға жерінің шығыс шетінде көшіп-
қонып жүру үшін жер берді.

Ғұн керамикасы, Оңтүстік Қазақстан:1,

Мұның өзі ғұндардың Қазақстан мен Орта Азия территориясына тұңғыш рет
жаппай енуі еді. Екінші толқын б. з. I ғасырында басталды. Б. з. 93 жылы
Хань әскерлері ығыстырған солтүстіктегі ғұндар бір тайпаларды бағындырып,
енді біреулерімен одақ жасап, үшіншілерін ығыстыра отырып, тағы да батысқа
қарай жылжыды. Сейтіп, олар Тарбағатайға дейін келді. Оңтүстік-Шығыс Балқаш
өңірін жайлаған юебань тайпаларының пайда болуы ғұндардың осы жылжуымен
байланысты болса керек.
Тайпалардың ғұндардың қысымымен басталған жылжуы Орталық Қазақстанды,
Сырдариядан солтүстікке қарай жатқан өңір мен кангюй иеліктерін қамтыды.
Кейінірек ғұндар (бұл кезде олар өздерінің этникалық өзгешелігінен
едәуір дәрежеде айрылған еді, сөйтіп бұл термин ғұндардың түрткісімен көше
бастаған алуан текті тайпалар үшін ортақ термин болды) Арал теңізі мен
Каспий маңына шығып, аландар мен ассаларды батысқа қарай ығыстыр-ды. Бұл
процесс көшкіндей ұлғайып, б. з. IV ғсырының бірінші жартысында көбінесе
мейлінше әр текті, бірақ европалықтарға ғұндар деген жалпы атпен мәлім
болған көшпелілердің құмырсқадай қалың нөпірі Шығыс және Орталық Европаның
далаларына жеткенге дейін үш ғасырдан астам уақытқа созылды.
Халықтардың ұлы қоныс аударуы Қазақстанның, Орта және Алдынғы
Азияның, сондай-ақ Европаның этникалық және саяси картасын едәуір дәрежеде
өзгертті. Қазақстан территориясында жергілікті тұрғындардың антропологиялық
типіне монғол типтес элементтердің жайылуының алғашқы күшті толқындарының
бірі және, бәлкім, өлкенің бүкіл территориясында түркі тілдерінің кеңінен
таралуы ғұндардың қысымынан болған шығыс тайпаларының миграциясымен
байланысты болса керек. Орталық Азиядағы тайпалардың жылжуы сақтар мен
үйсіндердің біразының батысқа қоныс аудару себептерінің бірі болды.
Археологиялық деректер сол кездегі Қазакстан территориясындағы
тайпалардың мәдениеттеріндегі синкретизмді көрсетсді. Сонымен бірге
жергілікті халықтың антропологиялық типінің қан араласуы күшейе түседі.
Болған өзгерістер ғұн бірлестігінің ала-құла этникалық құрылымын және оның
ілгері жылжуына байланысты туған тарихи процестердің күрделілігін
сипаттады.

2. ҒҰНДАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ

Ғұндардың өмірінде мал шаруашылығы басты рөль атқарды. Сыма Цянь былай
деп жазады: Қытайдың солтүстігінің сырт жағын мекендей жүріп, олар
өздерінің малдарымен бір жайылымнан екінші жайылымға көшеді. Үй малдарынан
жылқы, сиыр, қой-ешкі ұстайды; біразы түйе, есек, жылқы өсіреді. Шөптің
қалың, судың мол болуына қарай бір жерден екінші жерге көшіп жүреді...
Шонжарларынан бастап бәрі де үй малдарының етімен тамақтанады, олардың
терісін киім қылады, жүн мен аң терісін жамылады . Ғұндардың емірінде
жылқы ерекше маңызды рөль атқарды. Ал қойдың етін, терісін, жүнін
пайдаланды. Қой терісі мен жүннен киім, аяқ киім жасады, жүннен киіз
бастырды.
Малдарының бәрі дерлік бүкіл жыл бойына жайып бағылды. Сондықтан жазда
қуаншылық, қыста көктайғақ болуы, мал індеті үлкен апатқа ұшыратып отырды;
деректемелер мұны жиі көрсетеді.
Ғұндарда отырықшылық та, егіншілік те болды. Деректемелерде солтүстік
жерлерде суық ерте түседі, сондықтан тары себуге қолайсыз болса да,
ғұндардық жерінде тары себіледі

Ғұндарда жақсы ұйымдастырылған әскер болған. Мұның негізі тез жүретін
атты әскер болды. Атты әскердің қаруы садақ пен жебе еді. Қазбалардан
табылған материалдарға қарағанда, жақтардьщ екі түрі болған. Ертедегі садақ
ағашты иіп жасады, адырнасы тарамыс болды. Ағашы сүйек қаптырмалармен
қапталды (барлығы жетіге дейін қаптырма болды): екі жағында адырнаны
байлайтын кертпешесі бар екі қаптырма, ортасында трапеция тәрізді қаптырма,
сонғысы жебе атылатын жеріне орнатылды. Осылайша жақтың иілгіштігі
күшейтілді. Садақтың ұзындығы 70-80 см болды. Жебеге үш қырлы темір үш
орнатылды. Екінші түрі - бұл ауыр садақ, онымен атқанда, ұңғысы бар үш
қырлы темір ұшты жебе қолданылды. Мұндай садақ пен жебелер сауыт киген
жауға қарсы қолданылды.
Ғұн коғамында патриархаттық-рулық институттары әлі күшті болған еді.
Сыма Цянь Тарихи жазбаларда ғұндардың левират ғұрпы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғұндар өмірі мен тарихы
Қазақстандағы тайпалык бірлесттіктер
Ғұндар (Хунну) империясының құрылуы
Үйсін, қаңлы, ғұндар
Ғұндардың арғы атасы
Ғұндар Саяси тарихы
Ғұндар - көшпенді халық
Ежелгі қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік құрылымдар
Қаңлылар жайында
Әлем тарихындағы ғұндардың тарихы
Пәндер