«KazBestProduct» АҚ


МАЗМҰНЫ
Кіріспе. 3
КІРІСПЕ
Өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибе оқу үрдісінің бөлінбейтін бір бөлігі болып табылады және өнеркәсіп салалары мен әртүрлі меншік формаларындағы кәсіпорындар үшін мамандар дайындауда маңызды элемент болып табылады.
Экономистер мен басқарушылар - бұл әртүрлі экономикалық және басқарушылық дайындығы бар, экономикалық заңдардағы, заңдылықтар мен олардың әрекет ету механизмдеріне еркін бейімделе алатын, болжау, жоспарлау және күрделі экономикалық өзара байланыстарды зерттеу әдістемесін жетік игерген мамандар жас-бітірушілер мамандықтың теориялық білімдерін жетік білуімен қатар, кәсіби мәселелерді тәжірибеде шығармашылықпен шеше ала білуі қажет.
Өндірістік тәжірибенің шешілген мәселелері:
- нарықтық қатынсатарда қызмет ету шартында кәсіпорындағы экономикалық жұмыстардың қағидалары мен әдістерін терең үйрену және зерттеу;
- студенттердің мамандық бойынша жұмыстар үшін тәжірибелік білімдерді меңгеруі;
басқару жолдары мен әдістерін зерттеу, өндіріс тиімділігін және кәсіпорын жұмысының сапасын арттыруға әсерін зерттеу;
- өндірісті жоспарлау мен басқаруды ұйымдастыру тәжірибесімен танысу;
- негізгі өндірістік-экономикалық және қаржылық көрсеткіштерді және статистикалық мәліметтерді өңдеу, талдау;
- талдау және жоспарлаудың алдыңғы әдістерінің негізгілері болып табылатын кейбір есептерді өз бетінше орындау;
- жеке бөлімдердің тәжірибелік жұмыстарына белсенді қатысу.
1. «KazBestProduct» АҚ жалпы сипаттамасы
Осы жарғы «KazBestProduct» АҚ заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін анықтайды.
Бұдан әрі Серіктестік деп аталатын «О. З. М. » жауапкершілігі шектеулі серіктестігі орта кәсіпкерлік субъектісі.
Серіктестіктің тұрған орны және мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қазыбаев көшесі, 246а үй.
Серіктестіктің фирмалық атауы: мемлекеттік тілде «О. З. М. » жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Қысқаша: «О. З. М. » ЖШС. Орыс тілінде: товарищество с ограниченной ответственностью «О. З. М. ». Қысқаша: ТОО «О. З. М. »
Серіктестік құрылтайшысы Қазақстан Республикасының азаматы Икишев Жанат Ризаевич, паспорт № 1614031, ІІМ РҚ, 09. 02. 1998 ж., РНН 091320070077, Алматы облысы, ықшамауданы 18/2.
Серіктестіктің жарғылық капиталы 100 000 теңгені құрайды.
Оны Алматы қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеген сәттен бастап Серіктестік құрылған болып есептеледі және заңды тұлға мәртебесіне ие болады. Серіктестік коммерциялық ұйым болып табылады, азаматтық құқықтарға ие және Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған қызметтердің кез келген түрлерін жүзеге тасыру үшін қажетті оның қызметтеріне байланысты міндеттерді жүктейді.
Серіктестіктің жұмыс мерзімі шектелмеген.
Серіктестіктің қызметінің мақсаттары және мәні
Серіктестіктің қызметінің негізгі мақсаты Серіктестіктің өндіретін мақсаты Серіктестіктің өндіретін тауарларына (жұмыстары, қызмет көрсетулері) сұранымдарды қанағаттандыру жолымен таза табыстарды алу болып табылады.
Көзделген мақсатқа жету үшін серіктестік келесі көрсетілген қызмет түрлерін жүргізеді:
- астықты өңдеу;
- астықты алып-сату;
- коммерциялық қызмет;
- ғылыми-зерттеу ашуларын өңдеу және енгізу;
- жарнама-ақпараттық қызметі;
- сауда-делдалдық қызмет;
- сыртқы экономикалық қызмет;
- экспорттық-импорттық операцияларын жүзеге асыру.
Серіктестік, тізбесі заң актілерінде белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен ҚР мемлекеттік органдарымен берілетін лицензия, рұқсат, сертификат негізінде ғана айналыса алады.
Мүліктердің құралу тәртібі.
Серіктестіктің мүлкінің құралы көздері болып табылатындар:
-жарғылық капиталға қатысушылардың салымдары;
-серіктестіктің алған табыстары;
- заңдармен тыйым салынбаған басқа көздер.
Серіктестіктің мүлкі оның балансында есептеледі.
- «KazBestProduct» АҚ-ның қызметін басқару
Қатысушылардың жалғыз құрылтайшы-серіктестіктің жоғары басқару органы болып табылады.
Серіктестікте қатысушылардың жалғыс құрылтайшы ерекше құзыреті:
А) серіктестіктің жарғылық капиталы мөлшерін, орналасқан жері мен фирмалық атауын өзгертуді қоса алғанда, оның жарғысын өзгерту;
Б) серіктестіктің атқарушы органын құру және оның өкілеттікутерін мерзщімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ серктестікті немесе оның мүлкін сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдау және осылай берудің шарттарын айқындау;
В) серіктестіктің жалдық қаржылық есебін бекіту және таза пайда мен шығынды бөлу;
Г) серіктестіктің бақылаушы кеңесінің және тексеру комиссиясын сайлау және олардың өкілеттіктерін мерзімінен тоқтату, сондай-ақ серіктестіктің тексеру комиссиясының есептері мен қорытындыларын бекіту;
Д) серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін ішкі ережелерді, оларды қабылдау рәсімдерін және басқа да құжаттарды бекіту;
Е) серіктестіктің өзге шаруашылық серіктестіктерге, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарға қатысуы туралы шешім қабылдау;
Ж) серіктестікті қайта ұйымдастыру немесе тарату баланстарын бекіту;
З) қоладыналатын заңдарына сәйкес серіктестік мүлкіне қосымша жарналарын енгізу туралы шешім қабылдау жатады.
Серіктестіктің атқарушы органы директор болып табылады, ол қатысушылардың жалғыс құрылтайшы есебін береді және оның шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады.
Жалғыс құрылтайшы ерекше құзыретіне жататын мәселелерден басқа сұрақтарға директор құзыретті болады, соның ішінде:
- Күнделіктегі және перспективалық программалардың орындалуын қамтамасыз етеді;
- Қатысушылар шешімдерін дайындайды және олардың орындалуын ұйымдастырады, және орындалуы туралы есеп береді;
- Серіктестіктің мүлігіне, соның ішінде ақшасына, шектеусіз билік етеді;
- Банктерде есеп және басқа шоттарды ашады;
- Серіктестіктің еңбек коллективімен орындалуға міндетті бұйрықтар мен нұсқаулар шығарады;
- Серіктестің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
- Серіктестіктің өкілі болуға сенімхаттар береді;
Кәсіпорынның қаржы директоры келесі қызметтерді атқаруға міндетті:
- бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және бақылау;
- дебиторлық қарыздың есебі, жүргізілуі;
- еңбекақы бойынша есепті жүргізуге бақылау.
Қапшағай қ. кәсіпорынның бухгалтерінің негізгі функционалдық қызметтері:
- алғашқы құжаттарды толтыру;
- дайын өнімді есепке алу;
- материалдық есептерді жүргізу.
Алматы қ. «KazBestProduct» АҚ-ның филиалы «О. З. М. » ЖШС бухгалтерінің негізгі функционалдық қызметтері:
- есеп беруші тұлғалармен есеп жүргізу;
- бухгалтерлік, салықтық, қаржылық және есеп берулерді толтыру.
Сур. 1. Кәсіпорынның басқару құрылымы
Өнімді сату бойынша есеп беру
1-ші квартал 2006 жыл
3. «KazBestProduct» АҚ-ның қызметінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау
1-кесте. «KazBestProduct» АҚ-ның техника-экономикалық көрсеткіштері
Өлшем
бірлігі
Өнімді өткізуден өткізуден түскен түсім : әрине өнімді өткізу ол кәсіпорынның шығарылған өнімінің ең соңғы кезеңі деп айтсақ болады және ол кәсіпорын үшін өте мағызды. Бұл өнімді өткізу жұмсының эффектісі оның цехтерінен, түскен табыстарының талдауында және тағы басқа қаржы көрсеткіштерінде байқалады, яғни өнімді өткізіуден түскен табыс 2004 жылға қарағанда, 2005 жылы 362648, 0 теңге болып, 112015, 0-теңгеге артты немесе 45%.
Өткізілген өнімнің өзіндік құны. Бұл кәсіпорын жұмысшының қалай жүріп жатқанын сипаттайтын көрсеткіш, яғни бұдан кәсіпорынның қаржылық жұмысы, өндіріс жұмысының кеңдігі, шаруашылық субъектілерінің қаржылық денгейін көруге болады. Жалпы алғанда өнімнің өзіндік құны 2004 жылы, 2005 жылға қарағанда 104142, 0 тгеңгеге өсті немесе 56, 5 % деп айтсақ болады.
Жиынтық табыс. Жиынтық табыстың соммасы 2004 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 7873 теңгеге кеміді яғни 11, 9 %.
Кезең шығындары. Бұл көрсеткіш жалпы шығындар, өнімді өткізуге кеткен шығындар, пайыз шығындары, курстық ерекшелік шығындары. Осылардың қосындысы кезең шығындарын береді және мұны 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы 4283 теңгеге кеміді немесе 9, 1 пайызды құрады.
Таза табыс. Бұл көрсеткішті есептеу үшін: таза табыс соммасына, жиынтық табыс, салық, табыс салығы кіреді. Осы 2005 жылы таза табыс -0, 3 пайызға кеміген немесе -73 теңге деп айтсақ болады.
Өндіріс рентабельділігі . Осы көрсеткіш кәсіпорын өндірісіннің эффектілігін есептеуде қолданылатын ең негізгі көрсеткіш болып табылады. Ол өндірістегі 1 тенгеден алынған пайданы көрсетеді. Өндіріс рентабельділігі 15, 78 пайызға өскен.
Жұмысшылардың еңбек өнімділігі . Өндіріс қызметінің нәтижелігін көрсететін маңызды көрсеткіш. Бұл көрсеткіш бір адамның орташа жылдық өндіру көлемін сипаттайды. Ол 2005 жылы -0, 02 тенгеге өскен.
Өндірістегі негізгі құралдардың орташа жылдық құны . Бұл көрсеткіш кәсіпорынның орналасқан жерін, мекемесін тасымалдайтын транспортты, машаналары жатады және бұлардың қосындысы арқылы негізгі құралдардың орташа жылдық құнын табу үшін, осы көрсеткіштің бәрін қосып, әр жылды жеке - жеке (2) бөлеміз. Бұл көрсеткіш 2005 жылы 235948, 0 тенгені құрап, 1, 83 тенгеге қысқарды.
Қор сиымдылығы. Бұл көрсеткіш қор қайтарымдылық көрсеткішіне кері көрсеткіш болып табылады. Оның қасиеті сонда, оның алымын бірнеше бөлек цех және құрал - жабдықтар группаларға бөліптастауға болады. Бұл техникалық өндірістік учаскілеріне деген жерін, қор пайдаланудағы жалпы көрсеткішін анықтауға мүмкіншілік береді. Қор сиымдылығы былтырғы, яғни 2004 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 0, 27 теңгеге кеміген немесе 29 пайызға. Осы көрсеткішті есептеу үшін біз:
қор сыйымдылығы = негізгі қордың (орт) / өнімді өткізуден түскен түсім
Қор қайтарымдылығы. Негізгі өндірістік қорларды пайдаланудағы жалпы көрсеткіш ретінде, кәсәпорынның эффектілігін көрсетеді. Осы көрсеткішті 2004 салыстырғанда 2005 жылы 40, 2 пайызға өскен. Осы көрсеткішті есептеу үшін біз:
қор қайтарым. = өнімді өткізуден түскен түсім / негізгі қордың (орт)
Төлем кофициенті. Төлем кофициенті негұрлым төмен болса, сол ғұрлым қарыз берушілер жағдайы жақсы деп есептеуге болады. Қалыпты көрсеткіші -2-2, 5 аралығында. Біздің кәсіпорында 2004 жылмен салыстырғанда пайыз болған. Ол қалыпты көрсеткіштен аз.
Тозу кофициенті . Бұл өндірістегі негізгі құралдардың жылдан - жылға өзгерісін сипаттайды. Біздің кәсіпорын 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда тозу кофициенті 80, 0 пайызды құрады. Бұны есептеу үшін біз, тозу соммасын, бастапқы құнға бөлдік.
Қормен қарулану . Бұл көрсеткіш 2004 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 4, 1 % қысқарған.
Осы көрсеткішті есептеу үшін біз:
қормен қарулану = негізгі қордың (орт) / жұмысшылар саны
Айналым кофициенті . Біздің есептерге сүйенсек бұл көрсеткіш 38 пайызға өскен.
Осы көрсеткішті есептеу үшін біз:
айналым кофициенті = өткізілген өнімнен түскен түсім/өзіндік каптал
Айналым кофициенті. Біздің есептерге сүйенсек бұл көрсеткіш 14 пайызға өскен.
Осы көрсеткішті есептеу үшін біз:
айналыс кофициенті=өткізілген өнімнен түскен түсім/ағымдағы активтер
4. Кәсіпорынның маркетингтік қызметі
Маркетингтің ұйымдастыру қызметі - маркетинг бойынша өздеріне жүктелген міндеттер мен қызметтерді орындайтын бөлімдер мен бөлімшелердің жиынтығы. Маркетингті ұйымдастырудың әр түрлі формалары бар, оларды таңдауға кәсіпорын мақсаттары, ресурстары болуы, басқарудың қалыптасқан құрылымы, өндіріліген өнімнің, нарықтың және маркетингтік ортаның ерекшеліктері сияқты факторлар әсер етеді. Маркетингтік қызметті ұйымдастыру төменде көрсетілген белгілер бойынша құрылады.
Сурет 2. «KazBestProduct» АҚ маркетингті басқарудың функционалдық құрылымы
Ұйымның мұндай формасы номенклатурасы шектеулі орта және шағын кәсіпорындарға тән.
Функционалдық құрылым қағидасы маркетингтік ұйымдастырудың барлық басқа формалары үшін негіз болып табылады.
Функционалдық ұйымдастырудың мынадай артықшылықтары бар:
- басқарудың қарапайымыдылығы;
- басқару процесстерінің мамандалуы мен стандартталуы шешім қабылдау тиімділігін жоғарылытады;
- қызметкерлердің кәсіби мамандығының өсуіне әсер етеді;
- басқару функцияларында қайталану болмайды.
Кәсіпорындағы маркетингті функционалдық ұйымдастырудың кемшіліктері:
- тауарлар сапасына жеткілікті мән берілмейді;
- жаңа енгізулерге жылдам бейімделмейді;
- фирманың жалпы мүддесімен салыстырғандағы эгоизм мен жеке мүдделердің болуы.
Кәсіпорынның макро және микро маркетингтік орталары бар.
Ұзақмерзімді жоспарға сай тұрақты дамуы үшін оның іс-қимылы қоршаған орта жағдайларымен үйлесімді болуы шарт, өйткені жағдай мемлекеттік шешімдердің, заңдардың өзгеруі, бәсекелестер әрекеті мен тұтынушы мінез-құлқы салдарынан, сондай-ақ әлемдік нарықта болып жатқан процестердің болуына қарай қауіпті сипат алуы мүмкін. Макроорта кәсіпорынды қоршап тұратын және оның қалыптасуына әсер ететін факторлардан тұрады.
«KazBestProduct» АҚ макроорта факторларына демографиялық, экономикалық, табиғи, ғылыми-техникалық, саяси және әлеуметтік мәдени факторлар жатады.
Маркетингтің микроортасы - кәсіпорын қызметіне тікелей қатысты болатын маркетингтік күштер.
1. Тұтынушылар. Микроорта факторларының ішінде-тұтынушылар ерекше орын алады. Тұтынушыларды зерттеу арқылы фирма олардың қажеттіліктері мен қалауын, тауарлар мен сату көлеміне деген сұранысты біле алады.
«KazBestProduct» АҚ тұтынушылары болып облыстағы және қалалық-ауылдық жерлердегі шаруа-фермерлік қожалықтар, жеке тұрғындар, т. б. табылады. «KazBestProduct» АҚ дайындайтын негізгі өнімдер-астық қалдықтары мен жармаларды тұтынушылар нарығында, өндіруші-ұйымдар нарығында, аралық сатушылар нарығында, мемлекеттік мекемелер нарығында, халықаралық нарықта өткізеді.
2. Бәсекелестер. Кәсіпорын бәсекелестері оның маркетингтік стратегиялары мен нарықтағы табысына тікелей әсер етеді.
3. Жабдықтаушылар - кәсіпорынды тауар өндіру мен қызмет көрсету үшін қажетті материалдық ресурстармен қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен ұйымдар.
4. Маркетингтік делдалдар. Оларға кәсіпорын мен әртүрлі компаниялардың тауарларын сатуға көмектесетін фирмалар жатады. «KazBestProduct» АҚ маркетингтік делдалдарына көтерме және бөлшек сауда саласындағы делдалдар, қоймалар, транспорттық ұйымдар жатады.
5. Байланыс аудиториялары. Оларға белгілі бір фирмалармен өзара әрекеттесетін және оның қызметіне ықпал ететін ұйымдар мен адамдар жатады.
«KazBestProduct» АҚ байланыс аудиториялары негізінен алғанда жоқ деуге де болады.
6. «KazBestProduct» АҚ-ның қаржылық-экономикалық қызметін талдау
«KazBestProduct» АҚ-ның 2004-2005 ж. бухгалтерлік балансын, қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есебін және ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебінің мәліметтерін (қосымша 1-6) негізге ала отырып кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргіземіз.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау - кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың тиімді таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.
Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.
Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың тоқтатылуына талдау жасау үшін келесі 1. -аналитикалық кестені құрамыз.
Кесте - 1. 2005-2006 жж. «KazBestProduct» АҚ баланс активтерінің құрамы мен құрылуы
Құрылымы
ның өзге-руі
Сома-сы, мың.
тг
Үлес сал-
мағы, %
Сома-сы, мың.
тг
Үлес сал-
мағы, %
(5б/
1б х
100)
1. -кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының есепті жылы +6016825 мың теңгеге немесе 14, 7 %-ке артқанын көруге болады. Бұл «KazBestProduct» АҚ мемлекеттік коммуналды кәсіпорнының әрі қарайғы дамуын көрсететіндіктен, оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.
«KazBestProduct» АҚ-да өндірістік потенциал құны жыл басында 210925 мың теңгені, жыл соңында - 216178 мың теңгені құрады, яғни 5253 мың теңгеге немесе 2, 5 %-ға өсті. Баланс активтерінің жалпы құнындағы өндірістік потенциал үлесі 2004 жылы 14, 04 пунктке кемігенімен 2005 жылы 50, 13 % құрады, бұл өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициентінің қалыпты мәніне сай келеді.
Кәсіпорын активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш - мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенттері. Ол ағымдағы активтер құнын ұзақ мерзімді активтер құнына бөлу арқылы анықталады.
Бұл қатынастың қолайлы және қауіпті көлемі кәсіпорынның салалық ерекшеліктеріне байланысты. Кәсіпорындарда берілген көрсеткіштің деңгейі 0, 5-тен төмен болмауы тиіс.
Негізгі құралдардың техникалық жағдайын сипаттайтын маңызды көрсеткіш - бұл осы негізгі құралдардың тозу сомасының оның белгілі бір кезеңдегі бастапқы құнына қатынасы арқылы анықталатын тозу коффициенті. Бұл кәсіпорында негізгі құралдардың тозу коэффициенті :
жыл басында - 0, 38 = (116774, 9 :304770, 3) ;
жыл соңында - 0, 39 = (123248, 8:314010, 2) құрайды, яғни 0, 01 пунктке өскен. Бұл негізгі құралдардың сапалық (моральды) тозуын айтпай-ақ, олардың 2/3-ден көбі табиғи (физикалық) тозғандығын және ескіргендігін көрсетеді.
Кейбір қолма-қол ақшалардың кемуі едәуір дебиторлық борыштың салдары болып табылады. Өтімді емес, өтімділігі төмен тауарлы-материалдық құндылықтардың бар болуы, дебиторлық борыштың әсіресе, оның күмәнді бөлігінің үлкен мөлшерде болуы айналым қаражаттарының айналымдылығының бәсеңдеуіне әкеліп соқтырады және кәсіпорынның қаржылық жағдайына кері әсерін тигізеді. Кәсіпорынның қаржы жағдайына дебиторлық борыштың нақты бар болуы емес, оның көлемі, қозғалысы және түрі, яғни бұл борыштың пайда болу себебі әсер етеді. Дебиторлық борыштың пайда болуы кредиторлық борыш сияқты ақшаны аудару арқылы есеп айырысу жүйесі кезеңіндегі шаруашылық қызметтегі объективті процесс болып табылады. Дебиторлық борыш барлық уақытта есептеулер тәртібінің бұзылуы нәтижесінде туындап, барлық уақытта да қаржылық жағдайды нашарлатады деуге болмайды. Сондықтан да, оны меншікті қаражатты толығымен айналымнан шығару деп есептеуге болмайды, өйткені оның бір бөлігі банктік несиелендірудің нысаны болып табылады да кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне ешбір ықпал етпейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz