Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы



Кiрiспе
1. Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасын iске асырудың негiзгi қорытындылары
1.1. Ақша.кредит саясатының құралдарын жетiлдiру және оны Еуропалық Одақ елдерiнiң стандарттарына жақындату
1.2. Валюталық қатынастарды ырықтандыру
1.3. Қаржы нарығына қатысушылардың қызметiн қадағалаудың бiрыңғай органын құру және дамыту
1.4. Кредиттiк мекемелердi дамыту
1.5. Тұрғын үй ипотекалық кредит берудi оңтайландыру және кеңейту
1.6. Кредиттiк бюроны құру
1.7. Екiншi деңгейдегi банктерде жеке тұлғалардың салымдарына, мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiн дамыту
1.8. Сақтандыру нарығын дамыту
1.9. Бағалы қағаздар нарығын дамыту
1.10. Зейнетақы қызметтерiнiң қол жетiмдiлiгiн және сапасын арттыру
1.11. Почталық.жинақ жүйесiн дамыту
1.12. Даму институттары
2. Қаржы секторын дамытудың 2007.2011 жылдарға арналған басымдықтары
2.1. Қазақстанның экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарының контексiнде республиканың қаржы секторын дамытудың ұзақ мерзiмдi көкжиегi
2.2. Қаржы секторын дамытудың 2007.2011 жылдар кезеңiне арналған мақсаттары мен мiндеттерi
2.3. Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығын дамыту
3. Қазақстан Республикасының қаржы секторын реттеу саласындағы мемлекеттiк саясаты
3.1. Қаржы секторын мемлекеттiк басқаруды нығайту және оның сапасын арттыру
3.2. Мемлекеттiк органдар мен қаржы секторы институттарының өзара iс.қимылы
3.3. Теңдестiрiлген ақша.кредит және фискалдық саясаты және олардың негiзгi құралдарының тиiмдiлiгiн арттыру
3.4. Қазақстанда бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесiн дамыту және жетiлдiру
3.5. Қаржы нарығына және қаржы құралдарына қатысушыларға салық салуды жетiлдiру
3.6. Төлем жүйелерiн дамыту
3.7. Корпорациялық басқару сапасын арттыру
3.8. Халықтың қаржы секторының қызметтерi туралы хабардар болу деңгейiн арттыру және олардың қол жетiмдiлiгiн арттыру
3.9. Қаржы нарығы үшiн кәсiби кадрлар дайындау
3.10. ЕурАзЭҚ және басқа ықпалдасу одақтары шеңберiнде Қазақстан қаржы секторының халықаралық қарым.қатынастарын тереңдету
4. Қаржы секторын дамытудың негiзгi бағыттары
4.1. Кредиттiк ұйымдарды дамыту
4.1.1. Банк секторы
4.1.2. Банктiк емес ұйымдардың секторы
4.2. Жинақтаушы зейнетақы қорлары
4.3. Сақтандыру секторы
4.4. Валюта нарығы және бағалы қағаздар нарығы
4.4.1. Валюта нарығы
4.4.2. Бағалы қағаздар нарығы
4.5. Микроқаржыландыру: сектордың Қазақстан Республикасы қаржы жүйесiнiң бiр бөлiгi ретiнде мiндеттерi және оны дамыту
5. Қаржы лизингi
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың осы тұжырымдамасы 2007-2011 жылдарға арнап, мыналарды:
қаржы секторын мемлекеттiк реттеудiң бағыттарын және тәсiлдерiн;
қаржы секторын дамытудың басым бағыттарын;
оларды iске асыру жөнiндегi қажеттi шараларды айқындау мақсатында әзiрлендi.
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың осы тұжырымдамасы 2007-2011 жылдарға арнап әзiрлендi және қаржы секторын дамытудың негiзгi басымдықтарын, сондай-ақ оның жекелеген секторларын мемлекеттiк реттеудiң бағыттарын және тәсiлдерiн айқындайды.
Осы Тұжырымдаманың шеңберiнде айтылған мемлекеттiк саясаттың басымдықтары Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi 50 елдiң қатарына кiру стратегиясы. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпiлiс жасау қарсаңында" 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған Қазақстан Республикасының әлемдегі бәсекеге барынша қабiлеттi 50 елдiң қатарына кiру жөнiндегi стратегиялық мақсатқа сәйкес қалыптастырылды. Бұл бағыттағы маңызды аспектi экономиканың нақты секторының қаржы ресурстарындағы қажеттiгiн қанағаттандыратын және еркiн бәсекелестiк жағдайында қаржы институттары сапалы қызмет көрсететiн қаржы жүйесiнiң жұмыс iстеуi шарттарын қалыптастыру арқылы Қазақстан қаржы ұйымдарының және қаржы секторының бәсекелестiк қабiлетiн арттыру қажеттiлiгi болып табылады.
Сонымен бiрге, Тұжырымдамада қаржы секторын дамыту және реттеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың реттiлiгi және сабақтастығы принципi және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктiң және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiнiң бұрын белгiлеген бастамашылығы ескерiлген.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға
арналған тұжырымдамасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 1284
Қаулысы

Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 50, 534-құжат

      Қазақстан Республикасының қаржы секторын одан әрi дамыту және
Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясатын халықаралық стандарттарға
сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасының қаржы секторын
дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрi -
Тұжырымдама) мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi мүдделi мемлекеттiк
органдармен бiрлесiп, осы қаулы қабылданған сәттен бастап екi ай мерзiмде
Қазақстан Республикасының Үкiметiне белгiленген тәртiппен келiсiлген
көрсетiлген Тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын
енгiзсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      мiндетiн атқарушы 
Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
2006 жылғы 25 желтоқсандағы
N 1284 қаулысымен    
бекiтiлген    
 Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың
2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Мазмұны
Кiрiспе
1.  Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасын iске
асырудың негiзгi қорытындылары
1.1. Ақша-кредит саясатының құралдарын жетiлдiру және оны Еуропалық Одақ
елдерiнiң стандарттарына жақындату
1.2. Валюталық қатынастарды ырықтандыру
1.3. Қаржы нарығына қатысушылардың қызметiн қадағалаудың бiрыңғай органын
құру және дамыту
1.4. Кредиттiк мекемелердi дамыту
1.5. Тұрғын үй ипотекалық кредит берудi оңтайландыру және кеңейту
1.6. Кредиттiк бюроны құру
1.7. Екiншi деңгейдегi банктерде жеке тұлғалардың салымдарына, мiндеттi
кепiлдiк беру жүйесiн дамыту
1.8. Сақтандыру нарығын дамыту
1.9. Бағалы қағаздар нарығын дамыту
1.10. Зейнетақы қызметтерiнiң қол жетiмдiлiгiн және сапасын арттыру
1.11. Почталық-жинақ жүйесiн дамыту
1.12. Даму институттары
2.  Қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған басымдықтары
2.1. Қазақстанның экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарының
контексiнде республиканың қаржы секторын дамытудың ұзақ мерзiмдi көкжиегi
2.2. Қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдар кезеңiне арналған мақсаттары
мен мiндеттерi
2.3. Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығын дамыту
3.  Қазақстан Республикасының қаржы секторын реттеу саласындағы мемлекеттiк
саясаты
3.1. Қаржы секторын мемлекеттiк басқаруды нығайту және оның сапасын арттыру
3.2. Мемлекеттiк органдар мен қаржы секторы институттарының өзара iс-қимылы
3.3. Теңдестiрiлген ақша-кредит және фискалдық саясаты және олардың негiзгi
құралдарының тиiмдiлiгiн арттыру
3.4. Қазақстанда бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесiн
дамыту және жетiлдiру
3.5. Қаржы нарығына және қаржы құралдарына қатысушыларға салық салуды
жетiлдiру
3.6. Төлем жүйелерiн дамыту
3.7. Корпорациялық басқару сапасын арттыру
3.8. Халықтың қаржы секторының қызметтерi туралы хабардар болу деңгейiн
арттыру және олардың қол жетiмдiлiгiн арттыру
3.9. Қаржы нарығы үшiн кәсiби кадрлар дайындау
3.10. ЕурАзЭҚ және басқа ықпалдасу одақтары шеңберiнде Қазақстан қаржы
секторының халықаралық қарым-қатынастарын тереңдету
4.  Қаржы секторын дамытудың негiзгi бағыттары
4.1. Кредиттiк ұйымдарды дамыту
4.1.1. Банк секторы
4.1.2. Банктiк емес ұйымдардың секторы
4.2. Жинақтаушы зейнетақы қорлары
4.3. Сақтандыру секторы
4.4. Валюта нарығы және бағалы қағаздар нарығы
4.4.1. Валюта нарығы
4.4.2. Бағалы қағаздар нарығы
4.5. Микроқаржыландыру: сектордың Қазақстан Республикасы қаржы жүйесiнiң
бiр бөлiгi ретiнде мiндеттерi және оны дамыту
5.  Қаржы лизингi
       Кiрiспе
      Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың осы тұжырымдамасы
2007-2011 жылдарға арнап, мыналарды:
      қаржы секторын мемлекеттiк реттеудiң бағыттарын және тәсiлдерiн;
      қаржы секторын дамытудың басым бағыттарын;
      оларды iске асыру жөнiндегi қажеттi шараларды айқындау мақсатында
әзiрлендi.
      Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың осы тұжырымдамасы
2007-2011 жылдарға арнап әзiрлендi және қаржы секторын дамытудың негiзгi
басымдықтарын, сондай-ақ оның жекелеген секторларын мемлекеттiк реттеудiң
бағыттарын және тәсiлдерiн айқындайды.
      Осы Тұжырымдаманың шеңберiнде айтылған мемлекеттiк саясаттың
басымдықтары Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстанның әлемдегi
бәсекеге барынша қабiлеттi 50 елдiң қатарына кiру стратегиясы. Қазақстан өз
дамуындағы жаңа серпiлiс жасау қарсаңында" 2006 жылғы 1 наурыздағы
Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған Қазақстан Республикасының әлемдегі
бәсекеге барынша қабiлеттi 50 елдiң қатарына кiру жөнiндегi стратегиялық
мақсатқа сәйкес қалыптастырылды. Бұл бағыттағы маңызды аспектi экономиканың
нақты секторының қаржы ресурстарындағы қажеттiгiн қанағаттандыратын және
еркiн бәсекелестiк жағдайында қаржы институттары сапалы қызмет көрсететiн
қаржы жүйесiнiң жұмыс iстеуi шарттарын қалыптастыру арқылы Қазақстан қаржы
ұйымдарының және қаржы секторының бәсекелестiк қабiлетiн арттыру
қажеттiлiгi болып табылады.
      Сонымен бiрге, Тұжырымдамада қаржы секторын дамыту және реттеу
саласындағы мемлекеттiк саясаттың реттiлiгi және сабақтастығы принципi және
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктiң
және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және
қадағалау агенттiгiнiң бұрын белгiлеген бастамашылығы ескерiлген.
       1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 28 шiлдедегi N 753
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамыту тұжырымдамасын iске
асырудың негiзгi қорытындылары қаулысымен бекiтiлген
      Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасының
негiзгi мақсаты экономиканың нақты секторының қаржы ресурстарындағы
қажеттiгiн қанағаттандыратын және еркiн бәсекелестiк жағдайында қаржы
институттары сапалы қызмет көрсететiн тұрақты және тиiмдi жұмыс iстейтiн
қаржы жүйесiн қалыптастыру болды. Осыған байланысты Тұжырымдаманың
мақсаттары мен мiндеттерiне сүйене отырып, мынадай негiзгi iс-шаралар
жүзеге асырылды.
      1.1. Ақша-кредит саясатының аспаптарын жетiлдiру және оны Еуропалық
Одақ елдерiнiң стандарттарына жақындату
      Ақша-кредит саясатының аспаптарын жетiлдiру және оны Еуропалық Одақ
елдерiнiң стандарттарына жақындату мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкi мынадай негiзгi шараларды iске асырды.
      1. Қайта қаржыландырудың ресми ставкасын тоқсан сайын қайта қарауды
және белгiлеудi iс жүзiнде қолданылу енгiзiлдi, ол валюталық өтiмдiлiктi,
инфляцияны және т.б. реттеу жөнiндегi негiзгi аспаптардың бiрi ретiнде
пайдаланылатын болды.
      Осылайша, 2006 жылғы 1 шiлдеден бастап қайта қаржыландыру ставкасы
9%, екiншi деңгейдегi банктерден тартылатын депозиттер бойынша 4%
деңгейiнде қалыптасып отыр.
      Ұлттық Банктiң операциялары бойынша ставкаларды арттыру нәтижесiнде
банкаралық ақша нарығында және банктердiң кредиттерi бойынша ставкаларды
арттыру күтiлуде, мұның өзi өз кезегiнде кредиттiк белсендiлiктiң және ақша
агрегаттарының өсу қарқынын баяулатуға әкеп соқтыруға және, түпкi
қорытындысында инфляцияның деңгейiн төмендетуге тиiс.
      2. Ең төменгi резервтiк талаптарды есептеу әдiстемелерi жетiлдiрiлдi.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы 2006 жылғы 27 мамырдан
бастап "Ең төменгi резервтiк талаптар туралы ереженi бекiту туралы" және
"Ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн белгiлеу туралы" жаңа
редакциядағы қаулылары қабылданды.
      Алдыңғы редакциямен салыстырғанда мiндеттемелер құрылымы бөлiгiнде
өзгерiстер көзделедi, ол бойынша екiншi деңгейдегi банктер ең төменгi
резервтiк талаптардың және есептiлiктi беру тәртiбiнiң нормативтерiн
орындауға мiндеттi болады.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша
екiншi деңгейдегi банктер үшiн банктiң iшкi мiндеттемелерiне 6 % және
банктiң өзге де мiндеттемелерi үшiн 8 % деңгейiнде ең төменгi резервтiк
талаптардың нормативтерi белгiлендi.
      Ең төменгi резервтiк талаптарды қатаңдандыру жөнiндегi көрсетiлген
шаралар банктердiң қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге және елдiң iшкi
борыш нарығын дамытуға оң әсер етедi деп ұйғарылып отыр.
      1.2. Валюталық қатынастарды ырықтандыру
      Ұлттық валютаның толық айырбасталу қағидаттарына өту және елдiң
валюта нарығын дамыту мақсатында неғұрлым тартымды және экономикалық
жағынан ақтаған валюталық операцияларға қатысты жекелеген шектеулердi алып
тастауға себепшi болған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 29
қаңтардағы N 130 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында валюталық
режимдi ырықтандырудың 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды.
      Бiрiншi кезеңдi iске асыруды табысты аяқтау және капиталдың
қозғалысына қойылатын шектеулердi алып тастаудың басталған процесiн
жалғастыру үшiн экономикалық алғышарттарды сақтап қалу 2005 жылы екiншi
кезең шеңберiнде валюталық режимдi белсендiрек ырықтандыруға мүмкiндiк
бердi. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 25 маусымдағы N
705 қаулысымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасында валюталық режимдi
ырықтандырудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасында айқындалған
валюталық режимдi ырықтандыру жөнiндегi iс-шаралар 2005 жылғы 18
желтоқсаннан бастап қолданысқа енгiзiлген "Валюталық реттеу және валюталық
бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында iске асырылды.
      Заңды қолданысқа енгiзумен:
      банктер мен сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын тiкелей
инвестицияларды, шет елге инвестицияларды лицензиялау жойылды.
      бағалы қағаздар нарығында кәсiби қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар
арқылы шет елге инвестициялауды жүзеге асыру тәртiбi айтарлықтай
жеңiлдетiлдi;
      заңды тұлғалардың шет елдегi шетелдiк банктерде шоттар ашуын
лицензиялауды жою процесi басталды;
      резидент еместерге қаржы қарыздарын беруге, сондай-ақ жылжымайтын
мүлiкке меншiк құқығына ақы төлеуге резидент еместердiң пайдасына
аударымдарға қатысты лицензиялау жойылды.
      Бұл ретте капиталдың жоғары шапшаңдығы және экономиканың iшкi және
сыртқы күйзелiстерге осалдығы жағдайларында Үкiметтiң және Ұлттық Банктiң
валюталық операцияларға заң жүзiнде ресiмделген арнайы рұқсат беру режимiн
енгiзу құқығы арқылы экономикалық сипаттағы төтенше жағдайларға әсер ету
аспабы сақталады.
      1.3. Қаржы нарығына қатысушылардың қызметiн қадағалаудың бiрыңғай
органын құру және дамыту
      Қаржы нарығын мемлекеттiк реттеу жүйесiн реформалау шеңберiнде
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдеде қабылданған "Қаржы нарығы
мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу мен қадағалау туралы" Заңы негiзiнде
қаржы нарығына қатысушылардың қызметiн қадағалайтын бiртұтас мемлекеттiк
орган - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және
қадағалау агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) құрылды.
      1.4. Кредиттiк мекемелердi дамыту
      Банк секторын одан әрi дамыту, сондай-ақ Қаржы секторын дамыту
тұжырымдамасының мақсаттары мен мiндеттерiн iске асыру мақсатында банк
қызметi саласында мынадай iс-шаралар жүргiзiлдi.
      1. Шағын бизнес пен микробизнестiң көлеңкеден шығуын ынталандыру
мақсатында кредиттiк мекемелердi дамыту шеңберiнде банктерден, банк
қызметiнiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан және
микрокредиттiк ұйымдардан тұратын кредит берудiң үш деңгейлi жүйесi
жасалды, олардың қызметiн регламенттейтiн қажеттi заңнамалық актiлер
қабылданды.
      2. Микрокредиттiк ұйымдар жүзеге асыратын операциялар лицензияланатын
қызмет түрлерiнен алып тасталды, мұның өзi микрокредит берудi дамытуға оң
түрткi болды.
      3. Банктiк қызметтер нарығындағы бәсекелестiктiң деңгейiн арттыру
үшiн банктiк емес ұйымдарды реттеу жүйесiн ырықтандыру жөнiнде iс-шаралар
өткiзiлдi, олар тұтастай алғанда олардың қызметiне, оның iшiнде
лицензиялау, бөлiгiнде шамадан тыс мемлекеттiк ықпалды төмендету
мәселелерiн көздейдi. Банктердiң филиалдарын, резидент банктердiң
өкiлдiктерiн, резидент емес банктердiң өкiлдiктерiн ашуға Агенттiктiң
(мiндеттi түрде хабарлау шартымен) алдын ала келiсiмiн беру рәсiмдерi
жойылды, мұның өзi оларды ашудың рәсiмдерiн оңайлату болып табылады.
      4. "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне
лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер
мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 23
желтоқсандағы Заңы әзiрленiп, қолданысқа енгiзiлдi. Осы Заңда банкке және
онымен байланысты конгломераттың басқа да қатысушыларына әсер ететiн
тәуекелдердi шектеу үшiн "банк конгломератын" реттеу енгiзiлдi, банктiң iрi
қатысушысы және банк холдингi мәртебесiн алуға, оның iшiнде iрi қатысушының
және банк холдингiнiң меншiктi құрылымының айқындылығына қойылатын талаптар
күшейтiлдi, банктiң және банк холдингiнiң инвестициялық қызметi шектелдi,
шоғырландырылған қадағалау туралы Заңның ережелерiн iске асыру үшiн қажеттi
заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлер қабылданды. Бұл шаралар банк
секторының және тұтастай алғанда Қазақстан қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын
қамтамасыз етуге себепшi болады.
      5. Банк жүйесi қызметiнiң айқындылығы мақсатында Банк қызметiнiң
ашықтығын арттыру мәселелерi бойынша ынтымақтастық және өзара iс-қимыл
жасау туралы меморандум әзiрленiп, банктерге қол қоюға ұсынылды, мұнда
банктiң нақты меншiк иелерi туралы, банк бақылайтын ұйымдардың тiзбесi
туралы, банктiң аффилиирленген тұлғалары және олармен жасалатын мәмiлелер
туралы, банк бизнесiн дамытудың жақын арадағы бес жылға арналған
стратегиясы туралы ақпаратты банктердiң ашуы көзделедi.
      Агенттiк Меморандумды екiншi деңгейдегi 17 банктiң қарауына жiбердi.
2006 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Меморандумға екiншi деңгейдегi 16
банк қол қойды.
      Бұл екiншi деңгейдегi банктер иелерi құрылымының айқындылығы мен
жариялығының деңгейiн арттыруға себепшi болады және қаржы секторы
тұрақтылығының деңгейiн арттырудағы маңызды аспектi болып табылады.
      6. Қуатты қаржылық инфрақұрылымды жасауға және ұлттық қаржы жүйесiне
деген сенiмдi арттыруға көмек көрсету мақсатында 2004 жылдың соңында
Агенттiк Қаржы нарығында жүйелi тәуекелдер арта түскен кезде жедел iс-
әрекеттер сызбасын әзiрледi және бекiттi.
      Еуропалық Одақтың стандарттарын және Банктiк қадағалау жөнiндегi
Базель комитетiнiң, Сақтандыруды қадағалау органдарының халықаралық
қауымдастығының, Бағалы қағаздар жөнiндегi комиссия халықаралық ұйымының
халықаралық қадағалау стандарттарының одан әрi енгiзiлуiн ескере отырып,
нормативтiк құқықтық актiлер, оның iшiнде қаржы ұйымдарының қызметiн, осы
ұйымдардағы тәуекелдердi басқару жүйесiн, шоғырландырылған қадағалауды
пруденциалдық реттеу бөлiгiнде қабылданды.
      7. Қазақстанның банк секторын реттеудi халықаралық стандарттарға
жақындату мақсатында Қазақстанның банк жүйесiн "Капиталды және капитал
стандарттарын есептеудiң халықаралық конвергенциясы" (International
Convergence of Capital Measurement аnd Capital Standards) (Базель II)
Банктiк қадағалау жөнiндегi Базель комитетiнiң капиталдың барабарлығы
келiсiмiне өтудi жүзеге асыру жөнiндегi жұмыс атқарылды.
       1.5. Тұрғын үй ипотекалық кредит берудi оңтайландыру және кеңейту
      Ипотекалық кредит берудiң және тұрғын үй жинақ ақшасының бұқара
халыққа қолжетiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi мiндеттердi шешу мақсатында
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 маусымдағы N
1388 жарлығымен Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың
2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы қабылданды.
      Көрсетiлген бағдарлама шеңберiнде "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы"
АҚ (бұдан әрi - ҚИК) Қолжетiмдi тұрғын үйге ипотекалық кредит берудiң
арнайы бағдарламасын қабылдады. Осы арнайы бағдарлама мемлекеттiк
бағдарламаны iске асыру шеңберiнде ҚИК-тiң банктермен және банктiк емес
ұйымдармен одан әрi өзара іс-қимылдарының мәселелерiн регламенттейдi.
      Тұтастай алғанда, ипотекалық кредиттер халыққа қолжетiмдiрек болды.
Нәтижесiнде, жеке тұлғаларға 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2006 жылдың 1
қаңтарына дейiнгi кезеңде тұрғын үй сатып алуға берiлген қарыздар тиiсiнше
37,7 млрд. теңгеден 275,3 млрд. теңгеге дейiн артты. Бұл ретте, ипотекалық
компаниялардың жиынтық несие қоржыны 2004 жылдың қаңтарындағы жағдай
бойынша 16,7 млрд. теңгеден 2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 68,3
млрд. теңгеге дейiн артты.
      Республиканың қаржы нарығында 2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай
бойынша 7 ипотекалық ұйым жұмыс iстейдi. Ипотекалық ұйымдардың қызметiн
сипаттайтын негiзгi көрсеткiштердiң артуы байқалды. Жиынтық активтердiң
сомасы 2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 75,3 млрд. теңгені құрады,
жиынтық мiндеттемелер 62,0 млрд. теңгеге дейiн жеттi, меншiктi капиталдың
мөлшерi 13,3 млрд. теңгенi құрады.
      1.6. Кредиттiк бюроны құру
      Банктiк қызмет көрсету деңгейiн арттыру, халықтың банкке және басқа
да қаржы ұйымдарына деген сенiмi, қарыз алушылар мен банктердiң мүдделерiн
қорғау жөнiндегi кепiлдiктердi жасау, кредиттiк қызметтер нарығында
тәуекелдердi азайту мәселелерiн шешу үшiн 2004 жылы 6 шiлдедегi Заңымен
қабылданған "Қазақстан Республикасында кредиттiк бюро және кредиттiк
тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
республикадағы алғашқы кредиттiк бюро құрылып, жұмыс iстейдi. Осылайша,
белгiлi бiр дәрежеде кредиттiк қызметтер нарығының аса айқындылығы мен
сенiмдiлiгi, кредит алған кезде ақпаратты жинауға байланысты кредиттiк
ұйымдардан қарыз алушылар шығыстарының азаюы проблемалары шешiлдi.
      1.7. Екiншi деңгейдегi банктерде жеке тұлғалардың салымдарына
мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiн дамыту
      Салымшылардың мүдделерiн қорғаудың деңгейiн арттыру екiншi деңгейдегi
банктерде депозиттерге кепiлдiк беру жүйесiнiң тиiмдiрек жұмыс iстеуi
нәтижесiнде мүмкiн болды. Осы мақсаттарға орай үстiмiздегi жылы Қазақстан
Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi "Қазақстан Республикасының екiншi
деңгейдегi банктерде депозиттерге мiндеттi түрде кепiлдiк беру туралы" Заңы
қабылданды, ол мәжбүрлеп таратылатын банктiң салымшылары болып табылатын
жеке тұлғаларға депозиттердi қайтарып беру жөнiндегi сөзсiз кепiлдiктердi
айқындайды. Халықаралық Валюта Қорының (ХВҚ) ұсынымдарына сәйкес кепiлдiк
берген өтеудiң ең төменгi мөлшерi өстi.
      Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасы жеке тұлғаларының салымдарына
ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiне қатысушылар 33 екiншi
деңгейдегi банк болып табылады, халықтың банк секторына деген сенiмi артты,
мұның өзi банктердiң депозит базасының ұлғаюына себепшi болды, 2004 жылдың
басынан бастап жеке тұлғалардың банктердегi салымдарының көлемi 73,8%-ға
ұлғайып, 2006 жылдың 1 қаңтарына 596,8 млрд. теңгенi құрады. Осы кезеңде
салымдарды қорғау жүйесi депозиттердi сақтандырудың негiзгi халықаралық
стандарттарының барлығына дерлiк, атап айтқанда ХВҚ және Қаржы
тұрақтылығының форумы ұсынған стандарттарға сәйкес келедi.
      1.8. Сақтандыру нарығын дамыту
      Елдiң сақтандыру нарығын дамыту саласында сақтандырудың бiрқатар
мiндеттi түрлерi енгiзiлдi, сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры,
мемлекеттiк аннуитеттiк компаниясы, экспорт-импорт кредиттерiн сақтандыру
жөнiндегi мемлекеттiк корпорация құрылды, отандық сақтандыру нарығына
шетелдiң қатысу мүмкiндiгi кеңейтiлдi.
      Нәтижесiнде, республиканың қаржы нарығында 2006 жылдың 1 қаңтарында
37 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, 12 сақтандыру брокерi және 30
актуарий жұмыс iстейдi.
      Сақтандыру ұйымдарының жиынтық активтерi 2003 жылдың 1 қаңтарындағы
көрсеткiштермен салыстырғанда 5,9 есе ұлғайып, 2006 жылдың 1 қаңтарына 73,3
млрд. теңгенi құрады, сақтандыру резервтерi 2,5 есе ұлғайды (32,1 млрд.
теңге).
      Сақтандыру сыйақыларының көлемi 2006 жылдың 1 қаңтарына 67,1 млрд.
теңгенi құрап, 2003 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша көрсеткiштен 2,9
есе асып түстi. Бұл ретте, міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру
сыйақыларының көлемi 10,8 есе (13,0 млрд. теңге), ерiктi жеке сақтандыру
бойынша - 4 есе (7,8 млрд. теңге) және ерiктi мүліктік сақтандыру бойынша
2,4 есе (46,3 млрд. теңге) ұлғайды.
      Қайта сақтандыруға берiлген сақтандыру сыйақыларының сомасы 26,7
млрд. теңгенi немесе сақтандыру сыйақыларының жалпы көлемiнiң 39,7 %-ды
құрады, резидент еместерге қайта сақтандыруға сақтандыру сыйақыларының
жалпы көлемiнiң 35,2 % берілді (2003 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша -
68,1 %).
      2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 2 698,6 мың сақтандыру
шартты қолданыста, оның 61,0 % мiндеттi сақтандыру түрлерi жөнiндегi
шарттар құрайды. Қолданыстағы сақтандыру шарттары бойынша мiндеттемелердiң
жалпы көлемi (сақтандыру сомасы) 13 883,8 млрд. теңгенi құрайды.
      Қазiргi уақытта сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру жүйесiнде 31
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жұмыс iстейдi.
      1.9. Бағалы қағаздар нарығын дамыту
      Бағалы қағаздар нарығын дамыту және инвестициялау мүмкiндiктерiн
кеңейту мақсатында инвестициялаудың ұжымдық нысандары арқылы халықтың
(кәсiби емес инвесторлардың) ақшасын тарту тетiктерiн жетiлдiрудi көздейтiн
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N
1385 қаулысымен Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамытудың
2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды.
      Жаңа редакциядағы "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан
Республикасының 2003 жылғы 2 шiлдедегi Заңы мен "Акционерлiк қоғамдар
туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңы қабылданды.
Нормативтiк құқықтық базаны қабылдау қаржы құралдарына инвестиция жасау
мүмкiндiктерiн кеңейттi, жаңа қаржы құралдары пайда болды.
      Корпоративтiк бағалы қағаздар нарығындағы қолданыстағы шығарылымы бар
акционерлiк қоғамдардың саны 2006 жылдың 1 қаңтарына 2 300 қоғамды құрады,
нарықта 62 делдал-дилер, 18 тiркеушi, 11 кастодиан банк, зейнетақы
активтерiне инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын 10 ұйым, 28 инвестиция
қоржынын басқарушы жұмыс iстейдi.
      Тiркелген үлестiк инвестициялық қорлардың саны 2005 жылдың 1
қаңтарынан бастап 2006 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi кезеңде 2-ден 45-ке дейiн
ұлғайды. Бұл ретте, қарастырылып отырған кезеңдегi үлестiк инвестициялық
қорлардың жиынтық активтері 32 есе ұлғайып, 12 311 млн. теңгенi құрады.
      1.10. Зейнетақы қызметтерiнiң қол жетiмдiлiгiн және сапасын арттыру
      Қазақстанның барлық халқы үшiн зейнетақы қызметтерiнiң қол
жетiмдiлiгiн және сапасын арттыру, салымшылардың және алушылардың
құқықтарын қорғау, зейнетақы активтерiн инвестициялау үшiн қаржы
құралдарының спектрiн ұлғайту мақсатында Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1359 қаулысымен Қазақстан Республикасының
жинақтаушы зейнетақы жүйесiн дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған
бағдарламасы әзiрлендi.
      Бағдарламаны iске асыру кезiнде мынадай нәтижелерге қол жеткiзiлдi.
2006 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша республикада 14 жинақтаушы зейнетақы
қоры жұмыс iстейдi, олардың республика өңiрлерiнде 77 филиалы мен 77
өкiлдiгi бар.
      Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерiн инвестициялық
басқаруды 11 ұйым жүзеге асырады, олардың iшiнде 3 жинақтаушы зейнетақы
қорының зейнетақы активтерiн дербес басқаруға лицензиясы бар.
      Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың)
дербес зейнетақы шоттарының (бұдан әрi - шот) саны 2003 жылдың 1 қаңтарынан
бастап 2006 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi кезеңде 41 % ұлғайып, 7 613 369
бiрлiктi құрады. Ерiктi зейнетақы жарналары бойынша салымшылар (алушылар)
шоттарының саны жинақталған зейнетақының жалпы сомасы 479,9 млн. теңгеден
тұратын 32 336 бiрлiктi құрады.
      Салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақылары 2006 жылдың 1
қаңтарына 648,6 млрд. теңгенi құрады, ол 2003 жылдың қаңтарынан бастаған
кезеңде 2,4 есе ұлғайды. Зейнетақы активтерiн (комиссиялық сыйақыларды алып
тастағанда) инвестициялаудан түскен, салымшылардың (алушылардың) дербес
зейнетақы шоттарына бөлiнген "таза" инвестициялық табыстың сомасы 2006
жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 155,1 млрд. теңгенi құрады, мұның өзi
2003 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткiштен 2,0 есе артық. Салымшылардың
(алушылардың) жинақталған зейнетақының жалпы сомасындағы "таза"
инвестициялық табыстың үлесi 23,91 % құрайды.
      Сонымен қатар, 2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жинақтаушы
зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiнiң номиналдық табысының орта
өлшемдi коэффицентi 2003 жылғы маусым мен 2006 жылғы маусымды қоса
алғандағы кезеңге 18,92 %-ды құрады. Бұл ретте, көрсетiлген кезеңге
жинақталған инфляция деңгейi 22,62 %-ды құрады.
      Осылайша, маңызды мәселе жол берiлген тәуекел деңгейiне сәйкес
зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi кiрiстiлiктi арттыру болып қалады,
сондықтан, осы бағыттағы жұмыс алдағы кезең шеңберiнде жалғасады.
      1.11. Почталық-жинақ жүйесiн дамыту
      Почта байланысын жаңғырту және почталық-жинақ жүйесiн қалыптастыру
мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 20 қазандағы N
1077 Қаулысымен Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесiн дамытудың
2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды.
      Бағдарлама мақсаты жаңа технологиялар енгiзу және тиiмдi ақпараттық
басқару жүйесi арқылы саланы коммерциялық жағынан бағдарланған және
бәсекеге қабiлеттi етiп қайта қалыптастыру мақсатында почта саласын қайта
құрылымдау және почталық-жинақ жүйесiн қалыптастыру болып табылады.
      Соңғы жылдарда почта алмасу өсiмiнiң оң серпiлiсiне қол жеткiзiлдi.
Қаржы секторында көрсетiлетiн қызметтер көлемiнiң елеулi өсiмi болды.
      1.12. Даму институттары
      Мемлекеттiк инвестициялық қызметтiң тиiмдiлiгiн жетiлдiру және
арттыру елiмiздiң экономикасына сыртқы және iшкi инвестицияларды тартуға
септiгiн тигiзу мақсатында даму институттары құрылды.
      "Қазақстан Даму Банкi", "Қазақстанның инвестициялық қоры", "Ұлттық
инновациялық қор", "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры", "Экспорттық кредиттер
мен инвестицияларды сақтандыру жөнiндегi мемлекеттiк сақтандыру
корпорациясы", "Инжиниринг және технологиялар трансфертi орталығы" және
"Маркетингтiк-талдамалық зерттеулер орталығы" акционерлiк қоғамдары сияқты
қаржылық және сервистiк даму институттары құрылды.
      2006 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша даму институттарының
("Қазақстан Даму Банкi" АҚ, "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ, "Ұлттық
инновациялық қор" АҚ, "Инжиниринг және технологиялар трансфертi орталығы"
АҚ, "Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөнiндегi
мемлекеттiк сақтандыру корпорациясы" АҚ) жиынтық жарғылық капиталы 144
199,9 млн.теңгенi құрайды. 2006 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша
институттардың инвестициялық жобаларының портфелi 1 012,7 млн.АҚШ доллары
даму институттарының қатысуымен жалпы сомасы 3 632,0 млн.АҚШ долларына
қаржыландыруға мақұлданған 136 жобалардан тұрады.
      792,6 млн. АҚШ доллары даму институттарының қатысуымен жалпы сомасы 2
560,1 млн. АҚШ доллары 109 жобаларды қаржыландыру басталды.
      Тұтастай алғанда, Қаржы секторын дамытудың 2003-2006 жылдарға
арналған тұжырымдамасы шеңберiнде қойылған мәселелер орындалды. Қалған ұсақ
мәселелер, сондай-ақ қаржы секторында қосымша тәуекелдердiң пайда болу
мәселелерi Үкiметтiң, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң және
Агенттiктiң жаңа бастамалары шеңберiнде шешiлетiн болады және 2010 жылға
дейiн қаржы секторын дамытудың келесі орта мерзiмдi кезеңге арналған
тұжырымдамасын әзiрлеу қажеттiлiгiн түсiндiредi.
       2. Қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған басымдықтары
      2.1. Қазақстанның экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарының
құрамында республиканың қаржы секторы дамуының ұзақ мерзiмдi көрiнуi
      Қазақстан Республикасының қаржы секторын одан әрi дамыту, оның
құрауыштарының тиiмдiлiгiн арттыру Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi
50 елдiң қатарына кiру стратегиясы Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпiлiс
жасау қарсаңында" Қазақстан халқына Жолдауында белгiленген республиканың
әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi 50 елдiң қатарына кiруiн қамтамасыз ету
жөнiндегi мәселенi iске асыруда маңызды құралдардың бiрi болып табылады.
      Осыған байланысты қазақстандық экономиканы дамытудың негiзгi
бағыттары мыналар болып табылады:
      Қазақстанның iшкi экономикалық жүйелерiн жаңғырту;
      Қазақстанның өңiрлiк экономикалық көш басшылығын және оның ТМД және
Орталық Азияның бизнес-орталығы ретiнде қалыптасуын қамтамасыз ету;
      республиканың экспортқа, оның iшiнде қаржылық қызметтердiң экспортына
да, бағдарлануын арттыру.
      Тиiсiнше, қаржы секторын дамытудың Үкiмет көрiнiсi "Қазақстан
Республикасының ТМД және Орталық Азия өңiрлерi шеңберiнде қаржы ағынын
тиiмдi қайта бөлудi қамтамасыз ететiн өңiрдiң негiзгi қаржы орталығы
ретiнде қалыптасуы" болып табылады.
      Ұзақ мерзiмдi перспективада қаржы секторын дамытудың көрiнiсiн iске
асыру қаржы секторының жеке сегменттерiнiң көш басшы өңiрлiк ұстанымға қол
жеткiзу есебiнен қамтамасыз етiлуi мүмкiн:
      Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының ТМД және Орталық Азиядағы ең
өтiмдi және қол жетiмдi нарық ретiнде қалыптасуы;
      Қазақстанда валютаның негiзгi түрлерi бойынша ең өтiмдi валюта
нарығын қалыптастыру қазақстандық қаржы институттарының ТМД және Орталық
Азия өңiрлерiнiң қаржы ресурстарына мұқтажын қамтамасыз етуге қабiлеттi iрi
өңiрлiк қаржы ұйымы ретiнде қалыптасуы, сондай-ақ қазақстандық
кәсiпорындардың инвестициялары мен мүдделерiн өңiрлiк нарықтарға алып шығу
және қолдау;
      Қазақстан қаржы секторының көрсеткiштер бойынша экономикалық жағынан
дамыған стандарттарға қол жеткiзуi; тұрақтылық, қалыптылық, айқындылық,
сондай-ақ ТМД мен Орталық Азияда деңгейi, сапасы және қаржы өнiмдерiнiң
әртүрлiлiгi жағынан көш басшы болуы.
      Бұл ретте, Қазақстанның Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiруi қарсаңында
тұрақты ұстанымды сақтау және шетел компаниялары келген жағдайда қаржы
институттарының бәсекеге қабiлеттiлiгi маңызды мәселелердiң бiрi болып
табылады.
      Қаржы секторын дамытудың ұзақ мерзiмдi көрiнiсiн iске асыру жөнiндегi
Үкiмет жоспарларын жүзеге асыруға жүйелi орта мерзiмдi жоспарларды iске
асыру арқылы қол жеткiзiледi, оның бiрiншiсi Қазақстан Республикасының
қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы болып
табылады.
       2.2. Қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдар кезеңiне арналған
мақсаттары мен мiндеттерi
      Қазақстанның ТМД және Орталық Азияда қаржы секторында өңiрлiк көш
басшылыққа қол жеткiзуi үшiн 2007-2011 жылдар кезеңiнде бiрiншi кезеңде
негiзгi күш Қазақстанның қаржы секторын нығайтуға, оның тұрақтылығын
арттыруға, кәсiпорындар мен халықты қаржы секторының қызметтерiмен қамтуды
кеңейтуге, оның жеке сегменттерiн одан әрi дамытуға бағытталады, бұл iшкi
нарықта қазақстандық қаржы ұйымдарының көзқарасын күшейтедi және өңiрде
және ауқымды өңiр экспансиясында қаржы тарту орталығы ретiнде оның
қалыптасуына түрткi болады.
      Осыған байланысты, қазақстандық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлердiң
бiрi бола тұрып, бәсекеге қабiлеттiлiктi арттыру мәтiнiнде қаржы секторының
ролi едәуiр кең және Қазақстанда экономикалық қатынастарды жаңғыртуға
маңызды қатысушылар көзқарасы жағынан анықталуы тиiс.
      Осылайша, қазақстандық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру
және ұзақ мерзiмдi қаржы секторын iске асыру жөнiндегi стратегиялық
мәселелер мәтiнiнде республиканың қаржы секторын одан әрi дамыту 2007-2011
жылдар кезеңiнен бастап мыналарға бағытталады:
      қаржы секторының және оның институттарының тұрақтылығы мен
қалыптылығын арттыру;
      қаржы секторы қызметтерiнiң және олардың қол жетiмдiлiгi сапасын
арттыру;
      өтiмдi қор нарығын және оның құрауыштарын қалыптастыру;
      қаржы секторын реттеу стандарттарын арттыру;
      қаржылық қызметтер нарығында бәсекеге қабiлеттiлiктi арттыру
мақсатында қаржы секторын ырықтандыру.
      Бұдан басқа, қаржы секторында адал бәсекелестiктi дамытуға, сондай-ақ
қаржы қызметтерiн тұтынушылардың заңды құқығы мен мүдделерiн қорғауға
бағытталған қаржы ұйымдарын монополияға қарсы реттеудi жетiлдiру орынды
болып табылады.
      Мемлекеттiк саясаттың тиiстi шараларын iске асыру арқылы қойылған
мәселелердi шешу қаржы секторының экономика субъектiлерiнiң iс-әрекетiне
маңызын және әсерiн елеулi арттыруы тиiс.
      2.3. Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығын дамыту
      Мақсаты мен мiндетi
      Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығын (бұдан әрi - қаржы орталығы)
құру мақсаттары бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал
нарықтарымен шоғырлануы, Қазақстан Республикасының экономикасына
инвестицияларды тарту қазақстандық капиталдың шетел бағалы қағаздар
нарығына шығуы болып табылады.
      Қаржы орталығының мiндеттерi шетел де, қазақстандық та инвесторларды,
бағалы қағаздар шығарушыларды және кәсiби қатысушыларды қаржы орталығының
арнайы сауда алаңына тарту, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар
нарығының тиiмдi дамуы үшiн жаңа қаржы құралдарын әзiрлеу және енгiзу,
сондай-ақ қаржы орталығын одан әрi дамыту болып табылады.
      Ағымдағы жағдай
      Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында активтерi жыл сайын екi
eceгe дейiн өсетiн, негiзiнен жинақтаушы зейнетақы қорларымен ұсынылған
институционалдық инвесторлар қатты дамып келе жатыр. Сондықтан, ұсыныстары
шектеулi қаржы құралдарына сұраныстың артуы туындайды, бұл бағалы қағаздар
нарығының толыққанды дамуына кедергi жасайды.
      Қазақстан Республикасының 2006 жылы 5 маусымдағы "Алматы қаласының
өңiрлiк қаржы орталығы туралы" Заңы қабылданды және Қазақстан
Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тиiстi өзгерiстер енгiзiлдi.
Осы жылы қаржы орталығының уәкiлеттi органы - Қазақстан Республикасы Алматы
қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгi жұмысын
бастады.
      Бұдан басқа, ағымдағы жылы қаржы орталығына қатысушылардың дауын шешу
үшiн "Алматы қаласында мамандандырылған қаржы сотын құру туралы" Қазақстан
Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 17 тамыздағы N
158 Жарлығы қабылданды.
      Бiрiншi кезеңде қаржы орталығын iске қосу үшiн заңға тәуелдi қажет
нормативтiк құқықтық актiлер қабылданды.
      Қаржы орталығының қызметiне қатысты мәселелерде әлемдiк тәжiрибенi
пайдалану жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу және Қазақстан Республикасы Алматы
қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгi жанынан қаржы
орталығын дамытудың стратегиясын әзiрлеу мақсатында консультативтiк-кеңес
органы ретiнде Халықаралық кеңес құрылды.
      Негiзгi шаралар
      Орта мерзiмдi перспективада қаржы орталығын дамытуға бағытталған
негiзгi шаралар мыналар болады:
      2006 жылғы 5 маусымдағы "Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы
туралы" және 2006 жылғы 5 маусымдағы "Қазақстан Республикасының кейбiр
заңнамалық актiлерiне Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығын құру
мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан
Республикасының Заңдарында салынған стимулдарды iске асыру;
      қаржы орталығының арнайы сауда алаңында ұлттық компаниялардың және
банктiк сектор ұйымдарының акцияларын (IРО) бастапқы орналастыруды жүзеге
асыру эмитенттердi, инвесторлар мен бағалы қағаздар нарығының кәсiби
қатысушыларын қаржы орталығының арнайы сауда алаңына тарту үшiн қаржы
орталығының, конференциялардың, семинарлар мен дөңгелек үстелдердiң кең
жарнамалық компанияларын өткiзу;
      инвесторлардың кең ауқымына қол жетiмдi (институционалдық инвесторлар
үшiн де, жеке тұлғалар үшiн де) индекстiк қорлар, (EFT),
секьюрителендiрiлген активтер (SPV), фьючерстер, опциондар, ислам құралдары
(сукук және т.б.) жаңа қаржы құралдарын әзiрлеу және енгiзу;
      бағалы қағаздар нарығының қазiргi заманғы халықаралық стандарттарына
жауап беретiн қаржы орталығының жаңа технологиялық инфрақұрылымын құру;
      халықаралық биржалармен бағалы қағаздарды өзара тану туралы
уағдаластықтарға қол қою;
      Қазақстанның Даму Банкiнiң қаржы орталығының қызметiне қатысуын
белсендiру;
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жыл сайын мемлекеттiк
қазынашылық мiндеттемелерiн шығаруы;
      қазақстанның клиринг палатасын құру;
      ұзақ мерзiмдi салымдарға бағдарланған жаппай инвесторлардың iшкi
ресурстарын тарту жолымен iшкi инвестициялық мүмкiндiктердi барынша
қатыстыру;
      экономикалық өсудiң мультипликаттық тиiмдiлiгiне және халықтың өмiр
сүру сапасын жақсартуға байланысты iрi инвестициялық бағдарламаларды жүзеге
асыру. Нарыққа мемлекет қатысатын iрi отандық инвестициялық жобалармен
мемлекеттiк жобалау облигацияларын шығару қажет және оларды
институционалдық инвесторларға, атап айтқанда жинақтаушы зейнетақы
қорларына қатыстыру;
      Алматы қаласының аумағында қаржы нарығы инфрақұрылымының ұйымдары,
реттеушi органдар, бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушылары және т.б.
ұсынылуы мүмкiн бизнес орталығын құру эмитенттердiң, инвесторлар мен қаржы
орталығы қатысушыларының тәуекелдерiн сақтандыру кезiнде перспективада
салық жеңiлдiктерiн беру;
      жинақтаушы зейнетақы қорларына қаржы орталығының қатысушылары ретiнде
тiркеу үшiн еншiлес ұйымдар құруға рұқсат беру.
      Көрсетiлген шараларды iске асыру Бағалы қағаздар нарығын дамыту
бағдарламасының, Сақтандыру нарығын дамыту бағдарламасының, Жинақтаушы
зейнетақы жүйесiн дамыту бағдарламасының, Алматы қаласын дамытудың орта
мерзiмдi бағдарламасының тиiстi мiндеттерiн шешуге ықпал етедi және оны
орындаудан тәуелдi.
      3. Қазақстан Республикасының қаржы секторын реттеу саласындағы
мемлекеттiк саясаты
      Қазақстанның қаржы секторы жүйелiк сипаты бар факторлардың әсерiмен
қалыптастырылады және жұмыс iстейдi. Түрлi факторлардың жиынтықты әсер етуi
қаржы секторы институттары қызметi практикасы әзiрленетiн және бекiтiлетiн
ортаны құрады, яғни қаржы секторының экономиканың нақты секторына және
бәсекелі қабiлеттiлiкке әсер ету деңгейiн анықтайды.
      Осыған байланысты мемлекет саясатының басымдығы қаржы институттарының
қызметi практикасын қалыптастыруға ұзақ мерзiмдi әсер ететiн жүйе құрушы
факторларды жетілдiру болуы тиiс:
      мемлекеттiк реттеу сапасы;
      корпоративтiк заңнама сапасы;
      бағалы қағаздары бағалы қағаздар нарығында айналымдағы қаржы
ұйымдарының да, нақты сектор кәсiпорындарының сенiмдi және сапалы ақпараты
болуы (оның iшiнде қаржы есептiлiгi), сондай-ақ оған еркiн қатынау;
      қаржы секторы инфрақұрылымның даму деңгейi;
      халықтың қаржы секторының қызметтерi туралы сенiмдiлiгi мен
хабардарлығы деңгейi;
      қаржы нарығы үшiн кәсiби кадрларды даярлау;
      қаржы нарығы мен қаржы құралдары қатысушыларының бухгалтерлiк есебi
мен салық салуын жетiлдiру.
      3.1. Қаржы секторын мемлекеттiк басқарудың сапасын нығайту мен
арттыру
      Қаржы секторын реттеу мен қадағалаудың 2007-2011 жылдарға арналған
негiзгi мiндеттерi қаржы секторын мемлекеттiк реттеу мен қадағалау
функцияларын жүзеге асыру мынадай мемлекеттiк органдарға бекiтiлген: оларға
заңнамалық бекiтiп берiлген функциялар мен өкiлеттiктер шеңберiнде Yкiмет,
ҚҚА, Ұлттық Банк және Алматы қаласы өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн
реттеу жөнiндегi агенттiк.
      Осы мемлекеттiк органдардың жұмысы мынадай негiзгi бағыттар бойынша
жүзеге асырылатын болады:
      қызметкерлердiң кәсiбилiгiн арттыруға және қаржы секторы
институттарының мониторинг сапасын арттыру үшiн мүмкiндiктер құруға
бағытталған Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу
және қадағалау агенттiгiн институционалдық нығайту;
      тәуекелдердi бағалау негiзiнде (risk based supervision) қадағалау
әдiстерiн енгiзу жолымен қаржы ұйымдарын пруденциалдық реттеу және
қадағалау жүйесiн жетiлдiру;
      мүмкiн реттеушi тәуекелдердi талдау және олардың қаржы жүйесiне әсер
етуiн азайту;
      шоғырландырылған қадағалауды жетiлдiру;
      қаржы ұйымдарының тәуекелдердi басқарудың iшкi жүйелерiн дербес және
тәуелсiз сыртқы бағалауын жүргiзу үшiн жағдайлар қалыптастыру;
      акционерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;
      Халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес қаржы
ұйымдарында бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есептiлiк жасау
жүйесiн одан әрi жетiлдiру, және нақты сектор ұйымдарында ХҚЕС енгiзу;
      елдiң банк секторының сыртқы қарыз алуын басқару тиiмдiлiгiн арттыру;
      халықаралық ұйымдармен және басқа мемлекеттердiң уәкiлеттi
органдарымен өзара iс-қимыл жасасу.
      Ақша-кредиттiк реттеу операциялары мен құралдарын жетiлдiру
      Алдағы үш жылда Ұлттық Банк алдына инфляцияның төменгi деңгейiн
қолдау мiндетiн қойып отыр. Мiндеттi мұндай қою мыналарды шарттайды:
      ақша-кредиттiк реттеу және қаржы секторын талдау әдiстерiн одан әрi
жетiлдiру қажеттiлiгi;
      Ұлттық Банктiң инфляциялық таргеттеу қағидаттарына негiзделген ақша-
кредит саясатына режимiне көшу дайындығын жалғастыру;
      Ұлттық Банктiң операциялары бойынша ставкалардың реттеу рөлiн
арттыру;
      Үкiметпен бағалардың тұрақтылығын қолдау мәселелерi жөнiнде тығыз
үйлесiм.
      Тұрақтылықты қамтамасыз ету қаржы тұрақтылығының негiзi бола отырып,
елдiң экономикалық дамуына, оның бәсекелес қабiлеттiлiгiн арттыруға
жәрдемдесетiн болады, сонымен қатар елдiң ДСҰ-ға кiруi үшiн негiз жасайды.
      Өз кезегiнде қаржы секторын талдауды тереңдету, елде қаржы қызметiнiң
неғұрлым баламалы ахуалын алу қажеттiлiгi ақша-кредит саясатын
институционалдық қамтуды кеңейтудi талап етедi. Осыған байланысты қаржы
секторын неғұрлым толық шолуды жасау үшiн басқа (банктiк емес) қаржы
ұйымдарының шоттарын қамту жөнiндегi жұмыс жүргiзiлуде.
      Ұлттық Банкiнiң саясатын жетiлдiру экономикалық коньюнктураның
өзгеруiн сандық және сапалық бағалаумен, сондай-ақ макроэкономикалық
деңгейде де, өңiрлер және жеке салалар деңгейiнде де негiзгi тенденцияларды
экономикалық талдау және қысқа мерзiмдi болжамдау сапасын арттырумен
қамтамасыз етiлуi тиiс. Бұл үшiн Ұлттық Банк қажет шамасына қарай
жетiлдiрiлiп отыратын нақты сектор кәсiпорындарының мониторингiн жүргiзедi.
Ағымдағы кезеңде осы мәселенi кезiндегi негiзгi проблема банк жүйесiнiң
артық өтiмдiлiгi болып табылады. Артық өтiмдiлiк жағдайында нарықтық пайыз
ставкаларына әсер ету қиын. Бұдан басқа, артық өтiмдiлiктiң, өзi
инфляциялық қысымды ұстап тұруға септiгiн тигiзедi. Банк өтiмдiлiгiн реттеу
үшiн ашық нарық операцияларын пайдаланудың толық ауқымдылығын шектейтiн
Ұлттық Банктiң бағалы қағаздар қоржынының жеткiлiксiздiгiмен жағдай
ушығады. Ұлттық Банкiнiң пайыздық ставкалары әсерiнiң өсiмi артық
өтiмдiлiктiң жоқ болған немесе оның төмен деңгейiнде болуы мүмкiн.
      Қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн Ұлттық Банк мынадай шараларды
жүзеге асырады:
      1. Ақша-кредит реттеу әдiстерiн жетiлдiру:
      ақша-кредит саясаты құралдарын жетiлдiру жолымен қаржы нарығында
шығынды өтiмдiлiктi қысқарту жөнiнде одан әрi шаралар қабылдау;
      ақша-кредит саясатының макроэкономикалық көрсеткiштерге, атап
айтқанда инфляцияға әсерiн модельдеу әдiстерiн одан әрi жетiлдiру;
      инфляциялық таргеттеу қағидаттарын пайдалана отырып, ақша-кредит
саясатын жүргiзу схемасын әзiрлеу;
      Үкiметпен негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштер бөлiгiнде өзара iс-
қимыл жасасу;
      2. Ақша-кредит саясатын жетiлдiру
      Ақша-кредит статистикасын институционалдық қамту және банктiк емес
қаржы институттары (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдар мен жинақтаушы
зейнетақы қорларының шоттарын енгiзу есебiнен қаржы секторын неғұрлым толық
шолуды жасау жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру.
      3. Шынайы сектор кәсiпорындарының мониторингiн белсендiру
кәсiпорындарды iрiктеудi ұсынуды арттыру есебiнен экономиканың шынайы
секторында экономикалық процестердiң ахуалын және күтiлетiн өзгерiстердi
бағалауды жақсарту;
      ақша-кредит саясатын ағымдағы жүзеге асыру үшiн тiкелей бағдарлар
ретiнде қорытынды индикаторларды әзiрлеу.
       3.2. Мемлекеттiк органдар мен қаржы секторы институттарының өзара iс-
қимылы
      Республиканың қаржы секторының бәсекелес қабiлеттiлiгiн одан әрi
арттыру, экономиканың шынайы секторында бәсекелес қабiлеттiлiктi жаңғырту
мен арттыруда оның жоғары ролiн қамтамасыз ету процесiн негiзгi құрауыш
мемлекеттiк органдар мен қаржы секторы институттарының арасында ақпарат
алмасудың тиiмдi тетiгiн құру болып табылады.
      Осы мәселе мемлекеттiк органдар қабылдайтын шешiмдердiң айқындылығын
арттыру, мемлекеттiк аппараттың жоғары кәсiбилiгiн қамтамасыз ету және
қаржы секторы институттарының қаржы секторы мен оның жекелеген
сегменттерiнде мемлекет саясатының жаңа мақсаттары мен мiндеттерiн толық
түсiну мәтiнiнде берiледi.
      Осыған байланысты, алдағы кезеңде 2007-2011 жылдардан бастап, осы
жұмысқа қаржы институттарының кең ауқымының мүдделерiн бiлдiретiн ресми
бизнес бiрлестiктерi мен қауымдастықтарын тарту арқылы мемлекеттiк органдар
мен қаржы секторлары арасында үнемi өзара iс-әрекеттi және ақпаратпен
алмасуды қамтамасыз етудiң қалыпқа келтiрiлген тетiктерi әзiрленетiн
болады.
      Осы тетiк шеңберiнде мынадай негiзгi бағыттар бойынша жұмыс жүргiзу
қамтамасыз етiледi:
      мемлекеттiк органдар қаржы секторы мен мемлекеттiң экономикалық
саясатын дамытуға қатысты қабылдайтын шешiмдерi бойынша пiкiрмен алмасу;
      қаржы секторының стандарттары мен қызметтерiн экономикаға неғұрлым
кеңiнен тарту және енгiзу жөнiнде бiрлескен бастамалар жүргiзу;
      қаржылық қызметтердiң халыққа қол жетiмдiлiгiн арттыру және олардың
сапасын арттыру;
      халықтың қаржылық бiлiм деңгейiн арттыру;
      Қазақстанның өңiрдiң қаржы орталығы ретiнде қалыптасуы;
      қазақстандық қаржы институттарын өңiрлiк нарықтарға көтеру;
      қаржы секторының орнықтылығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету.
      Жоспарланған жұмыс тұрақты форумдар, дөңгелек үстелдер өткiзу арқылы
iске асырылатын болады, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың, қаржы секторының
бизнес-бiрлестiктерi өкiлдерiнiң және қаржы институттары өкiлдерiнiң
қатысуымен қаржы секторының мәселелерi бойынша үнемi жұмыс iстейтiн жұмыс
тобын қалыптастыру мүмкiн. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы
31 қаңтардағы "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Заңына сәйкес сарапшы кеңестердiң
мемлекеттiк органдар жанындағы кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша жүргiзетiн
аккредиттелген кәсiпкерлер бiрлестiктерiмен бiрге нормативтiк құқықтық
актiлер жобаларын сараптау жөнiндегi жұмысы жалғасын табады.
      Даму институттары мен қаржылық ұйымдардың өзара iс-әрекеттерiн
жетiлдiру бөлiгiнде олардың арасында ақпараттық алмасу жөнiндегi жұмыс
жандандырылады. Атап айтқанда, даму институттары мен екiншi деңгейдегi
банктер, лизингтiк және сақтандыру компаниялары, Қазақстанның қаржыгерлер
қауымдастығына кiретiн венчурлiк және инвестициялық қорлар арасында қаржы
ұйымдары қызметтерiнiң прейскуранты туралы, отандық та шетелдiк те
инвестицияларды тарта отырып, iрi инвестициялық жобаларды бiрлесiп iске
асыруға мүмкiндiктер туралы ақпаратпен алмасу жүйесi ретке келтiрiледi.
      3.3. Теңдестiрiлген ақша-кредит және фискалдық саясаты және олардың
негiзгi құралдарының тиiмдiлiгiн арттыру
      Ақша-кредит және фискалдық саясатын үйлестiру бiрнеше бағыттар
бойынша жүзеге асырылуы тиiс.
      Бiрiншiден, осы саясаттарды iске асыру кезiнде негiзгi шарт бiрыңғай
ұзақ мерзiмдi мақсаттарға немесе бағдарға бет алу болып табылады.
Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi 50 экономиканың қатарына
кiруi осы мақсат болып қызмет ете алады. Осы мақсатқа қол жеткiзу үшiн
жеке, мiндеттер іске асырылуы тиіс, мысалы, тиiстi мемлекеттік саясатты
жүргізу арқылы ЖIӨ-нiң жоғары және тұрақты өсiмiн сақтау, инфляция деңгейiн
төмендету, халықтың әл-ауқатын жақсарту, бюджет тапшылығын азайту және т.б.
      Екiншiден, фискалдық және ақша-кредит саясатын тығыз үйлестiру үшiн
негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштердiң болжамдары негiзiнде, сондай-ақ
осы болжамдарды түзету негiзiнде жататын маңызды жорамалдар мен жол
берулердi келiсу қажет. Әдетте, көрсеткiштер тенденциялары бойынша
жорамалдар мен жол берулердегі алшақтықтар болжамдардағы елеулi
айырмашылықтарға және, қорытындысында, қолданатын шаралар бағыттарындағы
алшақтықтарға алып келедi. Осылайша, соңғы бiрнеше жылдарда бюджет
шығыстарының елеулi өсiмiне бағытталған экспансионист бюджет саясаты, бір
тараптан және оны қатайту жөнiндегi шаралармен сипатталатын шектеулi ақша-
кредит саясаты, екiншi тараптан, жүргiзiледi. Осы саясаттар шараларының әр
бағыттылығы инфляция деңгейiн төмендетудi қамтамасыз етуге мүмкiндiк
бермейдi.
      Алайда, ақша-кредит және фискалдық саясатты үйлестiру олардың бiр-
бiрiне тәуелдi болуын болжамдамайды. Ұлттық Банкiнiң өкiлдi және атқарушы
өкiмет органдарынан тәуелсiздiгi Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30
наурыздағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Заңында
бекiтiлген.
      2007-2011 жылдарға арналған негiзгi мәселелер
      Теңдестiрiлген ақша-кредит және фискалдық саясатты жүргiзу мақсатында
мынадай шаралар қабылдау болжамдалады:
      мемлекеттiк экономикалық саясаттың бірыңғай ұзақ мерзiмдi мақсатын
және олардың басымдығын белгiлей отырып қысқа мерзiмдi кезеңдегi
мақсаттарын анықтау төмен тұрған мақсаттардың жоғары тұрғандарға
тәуелдiлiгiн сақтау;
      негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштер болжамдарының және әлеуметтiк-
экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспарының параметрлерiнiң, орта
мерзiмдi фискалдық саясаттың және Ұлттық Банкiнiң ақша-кредит саясатының
негiзгi бағыттарының негiзiнде, сондай-ақ осы болжамдарды түзету негiзiнде
жататын бiрыңғай жорамалдар мен жол берулердi келiсу жөнiндегi тетiктi
жетiлдiру;
      әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспарының, орта
мерзiмдi фискалдық саясаттың және Ұлттық Банкiнiң ақша-кредит саясатының
негiзгi бағыттарының шеңберiнде жарияланатын көрсеткiштер мен параметрлер
тiзбесiн анықтау;
      мақсаттарға қол жеткiзу жөнiнде келiсiлген шаралар қабылдау бойынша
Ұлттық Банкi мен Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң өзара iс-
әрекетiнiң тетiгiн жетiлдiру.
      3.4. Қазақстанда бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру
жүйесiн дамыту және жетiлдiру
      Ағымдағы жағдай
      2003 жылдан бастап барлық қаржы ұйымдары бухгалтерлiк есепке алуды
жүргiзудi және қаржылық есеп берудi жасауды ХҚЕС бойынша жүзеге асырады,
бұл тәуелсiз аудиторлық компаниялардың қорытындыларымен расталады. ХҚЕС
қаржылық тәуекелдердi бағалауға, ашуға және басқаруға қатысты неғұрлым
тиiмдi құралдардың бiрi ретiнде мойындалады, себебi стандарттардың негiзгi
мақсаты - бұл дайындалатын қаржылық есеп берудiң айқындылығы мен растылығы,
осыған байланысты отандық қаржы мекемелерi үшiн ақпарат берудiң танымал
көзқарастарын пайдалану салдарынан шетел инвесторларымен өзара iс-әрекет
мәселесi едәуiр оңайлатылады.
      2007-2011 жылдарға арналған негiзгi мiндеттер
      Республиканың қаржы секторында бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық
есеп беру жүйесiн одан әрi дамыту мақсатында мыналарға бағытталған бiрқатар
iс-шаралар өткiзу болжамдалады:
      қаржы секторының бухгалтерлерiнiң, ЖОО жас мамандарының бiлiктiлiк
деңгейiн арттыруға және сертификатталған бухгалтерлердi дайындауға, ХҚЕС
қолдану мәселелерi бойынша жалпыға қол жетiмдi оқу практикалық материалдар
мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтандыру нарығын дамыту
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен қаулысы
Еліміздің банк саласында пруденциалдық реттеу саясаты
Ұлттық Банктің кәсіпорындар мониторингі жүйесінің ұйымдық құрылымын құру
Қаржының экономикалық мәні
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді макроэкономикалық саясаты
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі мен әлемдік тәжірибені салыстыра отырып зерттеу
Қазақстан Республикасының 2013 – 2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы
Қаржы нарығының мәні мен құрылымы
Әлеуметтік сала дамуының негізгі бағыттары
Пәндер