Ақша қаражаттарының есебінің аудиті туралы



Кіріспе

І. Ақша қаражаттары аудитінің жоспары және бағдарламасы
1.1 Ақша қаражаттары аудитінің маңыздылығы
1.2 Ақша қаражаттары аудитінің жоспары
1.3 Ақша қаражаттары аудитінің бағдарламасы

II.Ақша қаражаттарының есебінің аудитін ұйымдастыру және жүргізу

2.1. Кассалық операциялардың есебінің аудиті
2.2.Ұйымның есеп айырысу,валюталық және банктегі шоттары мен жол үстіндегі ақша қаражаттары есебінің аудиті
2.3.Есебі берілуге тиісті сомалардың аудиті

III. Ақша қаражаттары есебінің аудитінің тәжірибесі

3.1. «Petro Kazakhstan» АҚ ң банктік операциялар есебінің аудиті
3.2. «Petro Kazakhstan» АҚ ң кассалық операциялар есебінің аудиті

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастар жағдайына көшуі кәсіпкерлік қызметтің әр түрлі субьектілерінің қатынастарын реттейтін жаңа экономикалық институттарды құру қажеттілігін тудырды. Оның ішінде маңызды орынды Аудиторлар палатасы алуы қажет, оның басты мақсаты – бухгалтерлік есепте көрсетілетін ақпараттардың сенімділігіне бақылауды қамтамасыз ету. Соңғы жылдары бухгалтерлік есепте маңызды өзгерістер туындады,яғни ол қазақстандық есеп әдістері мен формаларының әлемдік стандарттарға жақындауы және халықаралық стандарттар талаптарына жауап беретін өзіміздің ұлттық стандарттар жасауы. Осындай өзгерістер мен жаңалықтар шарттарына бейімделу аудиторлық ұйымдардың көмегімен және қатысуымен жеңіл болар еді. Ел экономикасының нарықтық қатынастарға бейімделуі бірқатар мәселелерді тудырып отыр, соның ішінде ең өзектілерінің қатарында ақша қаражаттарының есебі және олардың бухгалтерлік есепте көрсетілуі секілді мәселелер бар. Себебі,нарықтық қатынастарда барлық кәсіпорындар дерлік өздерінің шаруашылық қызметін жүзеге асыруда әр түрлі ақшалай есептеулерге негізделген өзге кәсіпорындармен өзара қатынаста болады. Сондықтан, осы есептеулердің дұрыс ұйымдастырылуы ұйымның құралдарының айналымдылығының тұрақтылығын қамтамысыз етеді және оның қаржылық жағдайын жақсартады. Ақша қаражаттары ең өтімді актив болғандықтан, олардың бар болуынан кәсіпорынның кредиторлық берешектерін өз уақтысында жабуы тәуелді болып келеді.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Ақша қаражаттар есебінің аудиті».Таңдап алынған бұл тақырыпты толық ашып көрсету үшін, жұмыс барысында ақша қаражаттарын тексеру бағдарламасы, ақша қаражаттар және кассадағы, есеп айырысу, валюталық, банк шоттары және жол үстіндегі ақша қаражаттарына қатысты мәселелер қарастырылды. Ақша қаражаттарымен жасалған операцияларды аудиторлық тексерудің басты мақсаты –кәсіпорында қолданылатын ақша қаражаттарының қозғалысы бойынша операциялардың есеп әдістерінің бухгалтерлік есептіліктің сенімділігін қалыптастырудың қолданыстағы нормативтік құжаттардың барлық маңызды аспектілеріне сәйкестігін анықтау.
Курстық жұмысымның мақсаты –ақша қаражаттар оперцияларының, кассалық операцияларды және банктік шоттар бойынша операцияларды, валюталық операцияларды аудиторлық тексеру бағдарламасын құру және оны жүргізу процедураларын анықтау, оларды қалыптастырудың дұрыстығы мен заңдылығын, норматвтік актілерге сәйкестігін тексеру.
1. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп
беру туралы» заңы,Алматы.28.02.2007
2. Абленов Д.О «Аудит негіздері», Алматы – 2005
3. ҚР-ң «Аудиторлық қызмет туралы» заңы
4. Әбдіқалықов Т.Ә «Аудит және бухгалтерлік есеп», Алматы . «Қазақ университеті» ,1999
5. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары
6. Байдаулетов М.Б., Байдаулетов С.М., «Аудит», Алматы. «Қазақ университеті» , 2004
7. Дюсембаев К.Ш., Егембердиева С.К., Дихембаева З.К.,«Аудит и анализ финансовой отчетности», Алматы – 1998
8. Ержанов М.С «Теория и практика аудита», Алматы –1999
9. Сейдахметова Ф.С. «Учет, аудит и анализ в информационных системах маркетинга», Алматы – 1997
10. Әжібаева З.Н.,Байболтаева Н.Ә.,Жұмағалиева Ж.Ғ., «Аудит»,Алматы.2006
11. Балапанова А.Ж. «Аудиттің теориялық негіздері» Оқу құралы.-Алматы,2003
12. ҚР-ң бухгалтерлік есеп стандарттары

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

І. Ақша қаражаттары аудитінің жоспары және бағдарламасы
1. Ақша қаражаттары аудитінің маңыздылығы

2. Ақша қаражаттары аудитінің жоспары
3. Ақша қаражаттары аудитінің бағдарламасы

II.Ақша қаражаттарының есебінің аудитін ұйымдастыру және жүргізу

2.1. Кассалық операциялардың есебінің аудиті
2.2.Ұйымның есеп айырысу,валюталық және банктегі шоттары мен жол
үстіндегі ақша қаражаттары есебінің аудиті
2.3.Есебі берілуге тиісті сомалардың аудиті

III. Ақша қаражаттары есебінің аудитінің тәжірибесі

3.1. Petro Kazakhstan АҚ-ң банктік операциялар есебінің аудиті
3.2. Petro Kazakhstan АҚ-ң кассалық операциялар есебінің аудиті

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастар жағдайына көшуі
кәсіпкерлік қызметтің әр түрлі субьектілерінің қатынастарын реттейтін жаңа
экономикалық институттарды құру қажеттілігін тудырды. Оның ішінде маңызды
орынды Аудиторлар палатасы алуы қажет, оның басты мақсаты – бухгалтерлік
есепте көрсетілетін ақпараттардың сенімділігіне бақылауды қамтамасыз ету.
Соңғы жылдары бухгалтерлік есепте маңызды өзгерістер туындады,яғни ол
қазақстандық есеп әдістері мен формаларының әлемдік стандарттарға жақындауы
және халықаралық стандарттар талаптарына жауап беретін өзіміздің ұлттық
стандарттар жасауы. Осындай өзгерістер мен жаңалықтар шарттарына бейімделу
аудиторлық ұйымдардың көмегімен және қатысуымен жеңіл болар еді. Ел
экономикасының нарықтық қатынастарға бейімделуі бірқатар мәселелерді
тудырып отыр, соның ішінде ең өзектілерінің қатарында ақша қаражаттарының
есебі және олардың бухгалтерлік есепте көрсетілуі секілді мәселелер бар.
Себебі,нарықтық қатынастарда барлық кәсіпорындар дерлік өздерінің
шаруашылық қызметін жүзеге асыруда әр түрлі ақшалай есептеулерге
негізделген өзге кәсіпорындармен өзара қатынаста болады. Сондықтан, осы
есептеулердің дұрыс ұйымдастырылуы ұйымның құралдарының айналымдылығының
тұрақтылығын қамтамысыз етеді және оның қаржылық жағдайын жақсартады. Ақша
қаражаттары ең өтімді актив болғандықтан, олардың бар болуынан кәсіпорынның
кредиторлық берешектерін өз уақтысында жабуы тәуелді болып келеді.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы Ақша қаражаттар есебінің
аудиті.Таңдап алынған бұл тақырыпты толық ашып көрсету үшін, жұмыс
барысында ақша қаражаттарын тексеру бағдарламасы, ақша қаражаттар және
кассадағы, есеп айырысу, валюталық, банк шоттары және жол үстіндегі ақша
қаражаттарына қатысты мәселелер қарастырылды. Ақша қаражаттарымен жасалған
операцияларды аудиторлық тексерудің басты мақсаты –кәсіпорында қолданылатын
ақша қаражаттарының қозғалысы бойынша операциялардың есеп әдістерінің
бухгалтерлік есептіліктің сенімділігін қалыптастырудың қолданыстағы
нормативтік құжаттардың барлық маңызды аспектілеріне сәйкестігін анықтау.
Курстық жұмысымның мақсаты –ақша қаражаттар оперцияларының, кассалық
операцияларды және банктік шоттар бойынша операцияларды, валюталық
операцияларды аудиторлық тексеру бағдарламасын құру және оны жүргізу
процедураларын анықтау, оларды қалыптастырудың дұрыстығы мен заңдылығын,
норматвтік актілерге сәйкестігін тексеру.
Курстық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен және қорытындыдан тұрады,
курстық жұмыстың мақсатын орындау үшін мынадай тапсырмаларды қарастырдым:

1. Ақша қаражаттары аудитінің маңыздылығы

2. Ақша қаражаттары аудитінің жоспары

3. Ақша қаражаттары аудитінің бағдарламасы

4. Кассалық операциялардың есебінің аудиті
5. Ұйымның есеп айырысу,валюталық және банктегі шоттары мен жол
үстіндегі ақша қаражаттары есебінің аудиті
6.Есебі берілуге тиісті сомалардың аудиті
7. Petro Kazakhstan АҚ-ң банктік шоттарындағы ақша қаражатарының
аудиті
8. Petro Kazakhstan АҚ-ң кассалық операциялар есебінің аудиті
Жалпы алғанда 1-бөлім Ақша қаражаттары аудитінің жоспары және
бағдарламасы деп аталады, мұнда мынадай ақша қаражатарына жалпы түсінік
беріліп, олардың кәсіпорын қызметі үшін маңыздылығы анықталады, және оларды
тексерудің бағдарламасы жасалып,заңдық қамтамсыз етілуі анықталады.2-бөлім
Ақша қаражаттарының есебінің аудитін ұйымдастыру және жүргізу, мұнда
ақша қаражаттарымен жасалатын әр түрлі операциялардың аудитіне түсінік
беріледі. Ал 3-бөлімде осы жоғарыда айтылған мәселелердің тәжірибе жүзінде
қолданылуын көрсеттім, яғни Petro Kazakhstan ұлттық компаниясының
қаржылық шаруашылық қызметіне аудиторлық тексеру жүргізілді.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні ақша қаражаттарымен жасалған
операциялар болып табылады. Ал зерттеу обьектісі ретінде Petro Kazakhstan
АҚ алынды.

Жұмыстың ақпараттық-әдістемелік негізі ретінде мынадай авторлардың
еңбектері алынды: Байдаулетов М.Б, Абленов К.С., Ажібаев А.С. және т.б,
Бухгалтерлік және қаржылық есептілік туралы заң, Аудиторлық қызмет
туралы заң

І. Ақша қаражаттары аудитінің жоспары және бағдарламасы
1. Ақша қаражаттары аудитінің маңыздылығы

Ақша қаражаттары дегеніміз – шаруашылықтың кассасындағы және
банктердегі шоттардағы нақты ақшалар. Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкісінің нормативтік актілерге және басқа да заң актілерінің талаптарына
сәйкес барлық шаруашылық жүргізуші шаруашылықтар өз ақша қаражаттарын
оларға қызмет көрсететін банктердің тиісті мекемелеріндегі шоттарда
сақтауға міндетті. Шаруашылық күнделікті қажетін өтеу үшін қалдырылған ақша
қаражаттары, Ұлттық Банктің белгілеген көлемінде шаруашылықтың кассасында
сақталуы тиіс.
Аудитор ақша қаражаттарының есебіне тексеру жүргізген кезде,
құжаттары бойынша жүргізілетін жаппай тексеру әдісін қолдануға тиісті.
Аудитор ақша қаражаттарының сақтау және заңды тұлғалармен есеп айырысу үшін
Қазақстан Республикасының және шетелдердің банк мекемелерінде ұлттық және
шетелдік валютада ашылған шоттарын анықтауға міндетті. Сондай-ақ,
шаруашылықтың ішіндегі кассалардың санын да қоса анықтайды.
Шаруашылықтағы ақша қаражаттарының есебінің тиімділігін арттырып,
талапқа сай жүргізілуіне бірден-бір әсер ететін фактор – ол уақтылы
жүргізілген түгендеу. Аудитор түгендеудің материалдарымен танысып, оның
нәтижесі бойынша жасалған актіде көрсетілген фактілерге назар аударып,
олардың кейбіреулерін қағазға жазып алып, тексеру барысында қайталануын
бақылауға алады. Түгендеу ақша қаражаттарына және басқа да, бетінде ақшалай
бағаланып номиналды құндылығы жазылған құндылықтарға жүргізіліп, түгендеу
актісінде көрсетілген нақты қолда бар ақша қаражаттарды, құндылықтарды,
ақша құжаттарын сол түгендеу жүргізілген күні берген есеп мәліметтерімен
салыстырылып нәтижесінің шығарылғандығын тексереді. Жол үстіндегі ақша
құжаттарына түгендеу жүргізгенде, сол түгендеу жүргізген күні жол үстіндегі
екенін растайтын құжаттарының көшірмелерінің тіркелгендігін анықтайды.
Банктердегі, есеп айырысу, валюталық және арнайы шоттардағы ақша
құжаттарына жүргізілген түгендеудің банктен алынған көшірмелердегі
мәліметтерімен салыстырылып тексеру арқылы жүзеге асырылғандығын анықтайды.
Шаруашылықтың басшысының түгендеудің нәтижесінде жасалған актіні мамандарды
қатыстырып талқылап бекіткендігін анықтап, кеткен кемшіліктер бойынша
қаралған шараларды растайтын хаттамамен танысып, кассалық операциялардың
есебін тексерумен ұштастырып жалғастырады. Шаруашылықтың қаржы шаруашылық
қызметінің бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарында ақша
қаражаттарының ақпараттарын жинақтап, қозғалысын таратып отыру үшін “Ақша
қаражаттары” бөлімінің “Жол үстіндегі ақшалар”, “Банктегі арнайы
шоттардағы нақты ақша қаражаттары”, “Валюталық шоттағы нақты ақшалар”,
“Есеп айырысу шотындағы нақты ақшалар” және “Кассадағы нақты ақшалар”
бөлімшелерінің синтетикалық шоттары қаралған.
Ақша қаражаттарының аудитін жүргізгенде аудитор мыналарды анықтайды:
- касса-банк операцияларын атқаратын қызметкерлердің сандық және сапалық
құрамы;
- касса –банк құжаттарын жасап, өңдейтін адамдар үшін есеп пен ақша
бақылауын әдістемелік және ереже белгілейтін қамтамасыз етудің бар-жоғы;
- бұл жұмыс учаскесінің қызметкерлері кімге есеп береді;
- касса-банк және басқа ақшалай операциялардың дұрыстығын кім, қашан және
қалай тексереді?
- кәсіпорында кассадағы ақшаның бар-жоғын кенеттен тексеруді жүйелі
жүргізуге арналған тұрақты жұмыс істейтін комиссияны тағайындау туралы
басшының бұйрығы бар ма?
- бұл бұйрық орындала ма, кассаны кенеттен тексеру актілері бар ма және
олардың мазмұны қандай?
- аналитикалық және синтетикалық есеп, шаруашылықішілік бақылау мен ақшалай
операцияларды жедел қолдау жолға қалай қойылған?
Осылайша ұйымның ақша қаражаттары қозғалысын тексеру, оның аудитін
жүргізудің маңыздылығы жоғары деп айтуға болады.

1.2 Ақша қаражаттары аудитінің жоспары

Аудиторлық тексерудің бастапқы кезеңі жоспарлау болып танылады.
Аудитті жоспарлау міндеттеме-хатқа қол қоюға дейін және экономикалық
субъектімен келісім шарт жасағанға дейін басталады. Аудиторлық
жоспарлаудың мақсаты – оның стратегиясы мен тактикасын анықтап, аудиторлық
тексерудің жалпы жоспарын құру және аудиторлық бағдарлама жасау.

Аудитті жоспарлау процесі бірнеше кезеңнен өтеді:
1) Алдын ала жоспарлау;
2) Жалпы жоспарды дайындау және құру;
3) Бағдарламаны дайындау және құру.
Аудиторлық ұйымдар жоспарлау кезінде кешенділік, үздіксіздік және
тиімді сияқты бірқатар қағидаларды сақтауы қажет. (сурет 1)

Әдетте, жоспарлауға уақыттың көбірек үлесі бөлінеді (қайталанған
аудитте – 5-10%; алғашқы аудитте – 20-25% және одан да жоғары), олар
аудиторлық тексеруге жұмсалады. Бірақ, жоспарлау көлемі әр нақты жағдайда
клиентпен жүргізетін жұмыс шартына байланысты. Сапалы жоспарлауға жұмсалған
уақыт және күш тексеруге кететін уақыт пен күшті үнемдеп, нәтиже
сенімділігін жоғарылатады.

1.3 Ақша қаражаттарының аудитінің бағдарламасы

Қазақстан Республиксының Ұлттық Банкісінің бекіткен нормативтік
актілерге және басқа да заң актілерінің талаптарына сәйкес барлық
шаруашылық жүргізуші кәсіпорындар өз ақша қаражаттарын оларға қызмет
көрсететін банктердің тиісті мекемелеріндегі шоттарда сақтауға міндетті.
Кәсіпорын күнделікті қажетін өтеу үшін қалдырылған ақша-қаражаттары,
Ұлттық Банктің белгіленген көлемінде кәсіпорынның кассасында сақталуға
тиісті.
Аудитор шаруашылықтың есеп айырысу шоттарының және кассаларының
құрылымымен танысқаннан кейін, ақша қаражаттарының есебін тексерудің
аудиторлық бағдарламасын жасайды.
Бағдарламада тексеруді талап ететін мәселелер ретімен жазылып,
тексеру барысында басшылыққа алынып, кездескен фактілерге байланысты
толықтырулар мен түзетулер енгізіліп отырады. Ақша қаражаттарының
аудиторлық бағдарламасы мыналарды қамтуы мүмкін:
- баланстың көрсеткішінің, Бас кітаптың және есеп регистрлерінің,
машинажазбалардың мәліметтерін салыстырып тексеру;
- ақша қаражаттары шоттарының синтетикалық және аналитикалық есеп
мәліметтерінің сәйкестігін және дұрыс жүргізілгендігін тексеру;
- кассаға түгендеу жүргізуді және касса операцияларын тексеруді;
- банктегі арнайы шоттардың ашылу тәртібін және жүргізілген
операцияларының заңдылығын тексеруді;
- есеп айырысу тәртібін бұзуға жол бергені үшін қолданылған шараларды
тексеруді;
- шаруашылықтың келісімінсіз, олардың шоттарынан қаражаттың аударылу және
есептен шығарылу фактілерін тексеруді;
- шаруашылықтағы ақша қаражаттарының есебіне ішкі бақылаудың қалай
ұйымдастырылғанын тексеруді. (кесте 1)

Ақша қаражаттары аудитінің бағдарламасы

Аудит процедуралары Ақпарат көздері, бағалаудың
критерийлері мен тәсілдері
1. Ақшалай операцияларды атқаратын Кадр бөлімінің мәліметтері, білім
(кассир, бухгалтер және т.б) мен біліктілік туралы куәліктер,
қызметкерлер құрамын білу жұмыс өтімі, іскерлік қасиеттері
және т.б.
2. Ақша алу, сақтау және қолдану Заңнамалық актілердің,
үшін әдістемелік, нормативті және стандарттардың, нормалардың,
материалдық базамен қамтамасыз ережелердің, нұсқаулықтың, құжат
етуді тексеру бланкілерінің, касса, сейф
бөлмелерінің, күзет дабылдамасының
және т.б. бар-жоқтығы
3. Операцияларды құжаттау, ресімдеуКірістік және шығыстық кассалық
мен ақшаны басқару жағдайын алдын ордерлерді тіркеу журналы, ақшалай
ала шолудың дұрыстығын тексеру қаражаттың қозғалысы есебі кітабы,
бастапқа құжаттар және т.б.
4. Ақша қозғалысы жөніндегі Төлем – тапсырмалары мен талаптары,
операцияларды көрсетудің журнал-ордерлер, тізімдемелер
дұрысытығын, толықтығын, дәлдігін (ведомостер) сенімхаттар,
тексеру вексельдер, бланк көшірмелері, чек
түбіртектері және т.б.
5. Кассаны түгендеу мен кассалық Кәсіпорын басшысының тұрақты жұмыс
операцияларды, ақшаны, құнды істейтін комиссия мен кассирді
қағаздарды және қатаң есептегі тағайындау туралы бұйрықтары, жеке
бланкілерді тексеру материалдық жауапкершілік туралы
шарт, кассаны түгендеу актісі,
кірістік және шығыстық ордерлер
(КО-1, КО-2), кассалық құжаттарды
тіркеу журналы (КО-3), касса кітабы
(КО-4), аванс есебі, журнал ордер
1, 1 тізімдеме (ведомость) Бас
кітабы,
6. Ақшаның сақталуы мен мақсатты
пайдаланылуын тексеру
7. Касса-банк операцияларын атқару
мен есеп сақтау шарттарын айқындау
үшін тексеру, байқау және тестілеу
8. Банк операцияларын, құжаттардың
түгелдігі мен анықтығын тексеру
9. Ақшаны есептен шығару, кассалық
және қаржылық тәртіпті сақтауды
тексеру
10. Инкассо қолданудағы, есеп Банк көшірмелері мен бастапқы
айырысудың аккредитивтік және құжаттар, оларға тіркелген:
чектік түрлерінің, құрылымдық аккредитивтер, чек кітапшалары,
бөлімшенің ағымдағы басқа шоттарын төлем тапсырмалары, пошта
ашудың дұрыстығы мен заңдылығын аударымдарының түбіртектері, 1-3
тексеру журнал-ордерлері; 1,2,3
журнал-ордерлеріне тізімдемелер.
Қолданыстағы заңнамаларға
нормативті-анықтама ақпаратының,
тізімдемелік нұсқаулықтар,
стандарттар мен ережелердің сәйкес
келуі
11. Жол-жөнекей ақша сомасының 3 журнал-ордер, 3 журнал-ордерге 1
шынайылығы, өнімді және басқа тізімдеме, 411 Жолдағы ақша шоты
іс-әрекетті, жұмысты және бойынша Бас кітап, шот-фактуралар,
көрсетілген қызметті өткізуден тауарлық-көліктік жүкқұжаттар,
түскен түсімнің түгелдігін тексеру қабылдау-тапсыру актілері және
басқа бастапқы құжаттар
12. Баланс көрсеткіштерін Бас кітапБаланс, 401-403, 411, 421-424,
мәліметтерінің сәйкестігін тексеру 431-432, 441, 451-452 шоттар
бойынша Бас кітап
13. Ақша қозғалысының синтетикалық Бас кітап, 1-4 журнал-ордерлер, 1-3
және аналитикалық есебін жүргізу журна-ордерлердің тізімдемелері,
дұрыстығын тексеру касса кітабы және ақша қозғалысы
туралы басқа құжаттар
14. Қысқа мерзімді инвестициялар Акциялар, облигациялар, депозиттік
бойынша операциялардың дұрыстығын сертификаттар, депозиттер, бондар,
тексеру қазынашылық вексельдер, опциондар,
варранттар, фьючерстік мәмілелер

II.Ақша қаражаттарының есебінің аудитін ұйымдастыру және жүргізу

2.1 Кассалық операциялардың есебінің аудиті

Шаруашылықтың ішіндегі нақты қолма-қол ақшаны қабылдау, тарату және
сақтау операциялары шаруашылықтың кассасы арқылы жүзеге асырылады.
Кассада сақталатын ақша Кассадағы ұлттық валюта түріндегі нақты
ақшалар және Кассадағы ұлттық валюта түріндегі нақты ақшалар
бөлімшесінің Кассадағы нақты ақшалар шоттарында ескерілуі тиісті. Осы
шоттардың дебетінде кассаға түсетін ақша, кредитінде – кассалық есептен
шығатын ақша жазылады. Бұл шоттар бойынша жазбалар кірістік және шығыстық
кассалық ордерлер негізінде жасалды. (кесте 2)

Кассалық операцияларды аудиторлық тексерудің бағдарламасы

Аудит процедуралары Ақпарат көздері
1. Ақша мен кассадағы басқа Касса ревизиясы бойынша комиссияны
құндылықтардың бар-жоғы мен тағайындау, кассирді тағайындау
жағдайын түгендеу туралы кәсіпорын басшысының
бұйрықтары; кассирмен материалдық
жауапкершілік туралы шарт, кассалық
құжаттар (КО-1, КО-5), аванстық
есептер, кассаны түгендеу актілері,
1 тізімдеме (ведомость), 1
журнал-ордер, Бас кітап және т.б
2. Кассалық операцияларды құжаттық Кассалық құжаттар (КО-1, КО-5),
ресімдеудің дұрыстығын тексеру аванстық есептер, кассаны түгендеу,
1 журнал-ордерге 1 тізімдеме
(ведомость), Бас кітап және т.б
3. Қолма – қол ақшаны кіріске Банк көшірмелері, чек кітапшалары,
алудың мерзімділігі мен заңды және жеке тұлғалармен
толықтығының дұрыстығын тексеру шарттар, банк көшірмелеріне
тіркелген бастапқы құжаттар
кассалық құжаттар (КО-1, КО-5), 1
журнал-ордерге, Бас кітап және т.б
4. Ақшаны шығысқа шығарудың КО-1, КО-2, КО-3, КО-4, КО-5, 1
дұрыстығын тексеру журнал-ордер, Бас кітап және т.б.
5. Бухгалтерлік есептегі шоттарда Бастапқы құжаттар, 1 журнал-ордерге
операцияларды көрсетудің дұрыстығын1 тізімдеме (ведомость), 1
тексеру журнал-ордер, Бас кітап және т.б.
Аналитикалық кестені әзірлеу және
тұжырымдар мен ұсыныстарды негіздеу
6. Кассалық операциялар аудитінің Кассаны тексеру актісі, ескертулер,
қорытындылары бойынша тұжырымдар оларды жою жөніндегі ұсысынтар
мен ұсыныстарды әзірлеу

Кәсіпорынның кассадағы ақша қозғалысын ішкі бақылаудың болмауы
немесе жеткіліксіздігін білдіретін белгілері мыналар:
- кассадағы ақшаны толықтай парақтап қайта санау мен басқа құндылықтарды
тексеретін кенеттен болатын ревизияның кәсіпорында жолға қойылмауы;
- кәсіпорында тексерудің мерзімділігін белгілейтін басшы бұйрығының
жоқтығы;
- кассаға ревизияны немқұрайлы өткізудің барлығы – ревизия өткізетін
комиссияға тұрақты тек бір адамдардың ғана тағайындалуы, банкнотты
парақтап қайта санауды айғақтайтын, ревизия комиссиясы актісіне
тіркелген жұмыс жазбаларының болмауы және т.б;
- кәсіпорын басшысы өкімінде көрсетілмеген бас бухгалтер мен кәсіпорын
басшысын жанай өтіп, басқа адамдарға кірістік және шығыстық құжаттарға
қол қою құқығын беру;
- кассир ауысқанда (жұмыстан шыққанда) кассаға ревизияны сырт көзге ғана
(формальды) өткізу;
- штатта кассирдің болмауы, бұл функциялар кәсіпорын басшысының жазбаша
өкімінсіз есеп қызметкеріне жүктелсе;
- кассирмен толық материалдық жауапкершілік туралы шарттың жоқтығы;
- мұндай процедура ол үшін әдеттегідей екендігін дәлелдейтін кассирдің
кассаны ревизиялауға дайындығының болмауы.
Касса мен кассалық операциялардың аудиті негізінде үш бағыт бойынша
өтеді: қолма-қол ақшаны түгендеу, оларды түгел және уақтылы кіріске алуды
тексеру, ақшаны шығыстарға есептен шығарудың дұрыстығын тексеру.
Жалпы алғанда касса мен кассалық операциялады тексергенде келесі
әдіснаманы қолдануға болады:
1. Кассаны түгендеу аудитордың тексеру орнына келгенінде бірден өткізіледі.
Оны өткізуге дейін аудитор мыналарды анықтауы тиіс: кәсіпорында басшының
кассадағы ақшаның бар-жоғын кенеттен тексеруді жүйелі жүргізу үшін
тұрақты жұмыс істейтін комиссия туралы бұйрығы бар ма, бұйрық орындала
ма? Кассаны кенеттен тексеру актілері бар ма және олардың мазмұны
қандай, тексерілетін кәсіпорынға бір кассир немесе бірнеше кассир (немесе
соған уәкілетті тұлға) қызмет көрсете ме, кассир тек тексерілетін
кәсіпорында ғана жұмыс істей ме немесе өз міндеттерін басқа ұйымдарға
қызмет етумен қоса атқара ма, кассирді тағайындау туралы бұйрық және
кәсіпорын әкімшілігі кассирмен жасасқан материалдық жауапкершілік туралы
шарт бар ма, кассир кассалық операцияларды жүргізу ережелерімен танысты
ма?
2. Кассаға тексеруді жүзеге асырғанда, аудитор мынадай шарттарды сақтауға
міндетті: тексеру құрамында кәсіпорынның кассир мен бас бухгалтері
міндетті түрде кіруге тиісті, кәсіпорын басшысы тағайындаған тұрақты
жұмыс істейтін комиссия мүшелерінің қатысуымен жүргізіледі, кассаны
тексеру кезінде кассаға бөгде кісілерге кіруге рұқсат етілмейді және
касадан тыс операциялар доғарылады.
3. Кассаны тексеру мүмкін болмағанда немесе бірнеше касса болғанда олардың
барлығын аудитор мөрлеп жабады. Кілт кассирде қалады, ал мөр аудиторда
болады. Бұл бір кассадағы ақшаның жетіспеушілігін басқа кассадағы бар
ақша есебінен орнын жабу мүмкіндігін болдырмау мақсатымен жасалады.
4. Кассир түгендеу комиссиясының қатысуымен соңғы күндегі кассалық
операциялар жөнінде есеп жасайды. Кассалық кітап бойынша ақша қалдығын
шығарады. Барлық кірістік және шығыстық құжаттар касса есебіне
кіргізіледі, кассаны түгендеу сәтінде кіріске алынбаған және есептен
шықпаған ақшалай қаражат жоқ екендігі жайлы қолхат береді. Бұл қолхат
кассаны түгендеу актісі түрінің тақырыптық бөлігіне кіреді.
5. Касса есебіне бас бухгалтер қол қояды және тиісті шоттар мен
бухгалтерлік регистрде ақша қозғалысы туралы операцияларды көрсету үшін
бухгалтерияға беріледі.
6. Кассадағы бар ақшаны жекелеген түрде немесе банктік орауда тұрғанына
қарамастан түгел қайта санау жүргізіледі.
7. Мұндай міндетті процедура кассада сақталатын (пошта маркілері,
мемлекеттік баж маркілері, вексельдік маркілер, жолақы билеттері,
төленген авиабилеттер, төленген бірақ әлі демалыс үйлеріне,
санаторийлерге берілмеген жолдамалар және т.б.) ақшалай құндылықтар мен
басқа да құндылықтар бойынша жүргізіледі.
8. Ақша мен құндылықтар екі мәрте саналады: алдымен кассир, сосын
комиссияның басқа мүшесі санайды. Аудитордың өзі бұл аудиторлық
процедураладың дұрыс өтуіне бақылау жасауға тиіс. Ақша қаражаттары атаулы
құн бойынша ескеріледі.
9. Ақша қаражаттары аудитінде мыналарды тексеру керек: бұл құжаттар іс
жүзінде бар екендігін, билеттер мен жолдамалар кімдерге арналған және
қандай қаражат есебі дұрыстығын тексеру қажет. Олардың есебі ақша
қаражаттары қозғалысы жөніндегі кітапта жазылуы тиіс. Ақша қаражаттарының
түсуі мен есептен шығарылуы кассалық кірістік және шығыстық кассалық
құжаттармен ресімделуі тиіс. Осылайша, кассир ақша жөніндегі сияқты ақша
құжаттарының қозғалысы бойынша да есеп жасайды және оны бас бухгалтерге
тапсырады.
10. Түгендеу жүргізу кезеңінде кассада ішінара төленген тізімдемелер болуы
мүмкін. Аудитор бас бухгалтер мен кассирге оларды белгілеген тәртіп
бойынша жабуды, оларға кірістік ордер ресімдеуді және кассирге оны есепке
енгізуді ұсынуға тиіс. Егер кассаны тексеру еңбекақы беру кезеңімен тұспа-
тұс келсе, тізімдеме бойынша көптеген адамдарға әлі төленбесе, бұл
тізімдемелер кассир есебіне кірмеуі мүмкін. Кассалық есепке енбеген,
ішінара төленген шығыстық құжаттар (төлем құжаттары) ретінде актіге
жазылады. Мұндай жағдайда әрбір төлем ведомосінде еңбекақы қандай реттік
нөмір бойынша және оның жалпы сомасы көрсетіледі. Көрсетілген жазба
кассирдің, бас бухгалтердің және аудитордың қолдарымен расталады.
11. Тиісті тәртіппен ресімделмеген кассалық шығыс ордерлері мен
ведомостері, сондай-ақ әр түрлі адамдардың қолхаттары ақтаушы құжаттар
ретінде есепке алынбайды және кассадағы бар қалдыққа кіргізілмейді.
Мұндай құжаттар табылғанда аудитор кассаны тексеру актісінде ақша кімнің
өкімімен, қашан, қандай мақсаттарға және қандай сомада берілгенін
көрсетумен бұл бұрмалауды атап өтеді.
12. Ақша мен құндылықтарды санау аяқталған соң алынған сома бухгалтерлік
есепте жазылып қойылған қалдық жайлы мәліметтермен салыстырылады.
13. Ақша қаражаттарына тексеруді жасайтын аудитор бір мезгілде касса
бөлмесі ақша сақтауды қамтамасыз ету, техникалық нығайту мен күзет-өрт
дабылы құралдарымен жарақтандыру жөніндегі талаптарға сай болуын
тексереді. Мұндайда анықталған бұрмалаулар түгендеу актісінде
көрсетіледі.
14. Іс жүзінде ақшаның және олардың баламалары бар болуын тексеру
қорытындылары комиссиясының барлық мүшелері қол қоятын түгендеу актісімен
ресімделеді. Ол үшін үш данада жасалады: бір данасы кәсіпорын
бухгалтериясына беріледі, екіншісі кассирде қалады, үшіншісі аудиторда
сақталады.
15. Кем шығу табылған жағдайда аудитор кассирден кем шығудың пайда болу
себептерінің жазбаша түсіндірме жазуын сұрайды. Елеулі кем шығу немесе
қызметті теріс пайдалану анықталғанда аудитор бұл жайында кәсіпорын
басшысын хабардар етеді және кассирді дереу тексеру аяқталғанша қызметтен
босату және істі органдарына беруді ұсынады.
Ақшаның жалған құжатсыз тікелей ұрлау ісі кассаны тексергенде
кассадағы барды түгендеу жолымен анықталады. Кейде ол шын мәнінде кассир,
не болмаса басқа лауазымды қызмет адамы жасаған ысырапты жасыратын
лауазымды қызмет адамының қолхатымен бүркемеленеді. Сондай-ақ, қылмыстың ең
қарапайым түрі болып саналатын қаражатты қымқырудың бүркемеленбегендері де
болуы мүмкін. Ақшаның кем шығуы бөгде адамдардың кассаны бұзу арқылы ақшаны
ысырап қылу мен ұрлауы салдарынан ғана болмауы мүмкін, ол басқа заңсыз
операцияларды уақытша заңсыз қарызға ала тұрумен де байланысты болуы
ықтимал. Мұндай бұрмалаулар мен қызметті теріс пайдаланулар кассирді дұрыс
таңдамау, кассаны жүйелі түрде тексермеу және ішкі бақылаудың нашарлығының
салдары болып табылады.
Ақшаны касса бойынша кіріске алмау алынған соманы тікелей шығыстарға
есептен шығармаумен немесе кірістік операцияларды жасырумен байланысты.
Есеп шоттан алынған ақшаны кассаға кіріске алмау жағдайлары өте жиі
кездеседі.
Аудитор банктен чек бойынша алынған ақшаны кіріске алудың толықтығы
мен уақтылығын чек түбіртектерінде жазылған ұқсас сомамен, банк
көшірмелерімен және кірістік кассалық ордерлермен салыстыру жолымен
тексерілуі тиіс. Кейбір аудиторлар банктен алынған нақты ақшаны кіріске
алудың түгелдігін тек қана чек түбіртектері бойынша тексергенде қате
жібереді. Мұны сондай-ақ банк көшірмелері бойынша да жасауы қажет. Егер
көшірмелерде тазартып өшіру, түзеу іздері бар болса, сондай-ақ қалдықтар
айырмасында банктен ағымдағы немесе есеп шоттан көшірмелер алып,
тексерілетін кәсіпорынның бухгалтериясындағы жазбаларды көшірме
мәліметтерімен салыстыру керек. Қатаң есептегі құжат деп саналатын
банктегі шоттан көшірме мұқият бақылауды талап етеді. Сондықтан есеп
көшірме мазмұнына байланысты болатын кассир мен басқа тұлғаларға көшірме
алуды сеніп тапсыруға болмайды. Кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне
сәйкес кәсіпорындар нақты ақшаны қабылдау, кәсіпорын басшысының жазбаша
өкімімен бұған уәкілетті адам мен бухгалтер қол қойған кірістік кассалық
ордерлер бойынша ғана жасалады.
Көрсетілген қызметті өтеу, борыштың орнын жабу, материалдарға, пәтер
ақысын төлеу және т.с.с. тәртібімен кірістік ордерлер бойыша алынған ақшаны
кіріске алмау қызметкерлердің және басқа адамдарды өтелмеген берешегін
талдау мен тексеру арқылы ашылады. Есеп шоттардағы төленген соманы иемдену
нәтижесінде ешқандай берешекті мойындамайтын тұлғалардың өтелмеген берешек
сомасы қалуы мүмкін. Мұндай адамдар мен есепті жүйелі түрде салыстыру мен
олардан бұл жайлы сұрау оңды нәтижелер бере алады. Сондай-ақ, кірістік
құжаттарды тіркеуді тексеру мен тіркелген құжаттарды төленген құжаттармен
салыстыру да есептерді бақылаудың ықпалды тәсілі болып табылады. Кірістік
ордер бойынша алынған ақшаны иемденудің жеңілдететін жағдайлар тұрғысынан
алғанда, кассалық ордерлерді төлеушінің қолына төленгенге дейін тіркеудің
болмауы немесе толық еместігін, уақтылы салыстырмау мен борышты өндірмеу
екендігін баса айту қажет. Белгілі бір нөмір берілетін кассалық ордерлерді
тіркеу журналында кірістік және шығыстық ордерлерді дұрыс тіркеу,
бухгалтерияға төленбеген кірістік ордерлерді қайтаруды бақылау жазбалардың
анық сенімділігін арттырады және қызметті теріс пайдалануды болдырмайды.
Басқа кәсіпорындардан алынған ақшаны иемденуді бодырмау, ең алдымен,
барлық мүмкін жағдайларда нақты ақшасыз есеп айырысу ісін талап етеді.
Тәжірибе көрсеткендей, бұл ережені бұрмалау қызметті теріс пайдалануды
туындатады.
Кассалық тәртіпті бұрмалау жағдайлары байқалғанда ол міндетті түрде
тексерілуге тиісті. Сонымен бірге, едәуір сомадағы нақты ақша алған немесе
салған кәсіпорындармен есептесулерді салыстырған жөн.
Басқа кәсіпорындардан ақшалай сома алуға арналған сенімхаттарды
тіркеуді және сенімхаттарды іс-жүзінде қолдануды тексеру де қызметті теріс
пайдаланудың бір жолы болып санлады.
Ақша мен шығыстарды есептен шығару жөніндегі кассалық операциялар
мүмкіндігінше тексерілуге жататын барлық кезең ішіндегі кассалық есептерге
тіркелген құжаттар бойынша тексеріледі. Тексеруді кассалық операциялар
бойынша есептік құжаттаманың мынадай формалары қолданылады: КО-1 Кірістік
ордер, КО-2 Шығыстық кассалық ордер, КО-3 және КО-3а Кірістік және
шығыстық құжаттарды тіркеу журналы формалары. Ақша қабылдау мен берудің
ордерсіз ресімделетін құжаттары, КО-4 Кассалық кітап, КО-5 Кассир
қабылдаған және берген ақша кітабы формалары, есептік регистрлер (1 журнал-
ордер, 1 тізімдеме Бас кітап, тиісті ай-күн, жылға баланстар және т.б.)
қолданылады.
Мұндайда кассалық құжаттарды ресімдеуге назар аударылады: әрбір
құжатты алушылардың қолхаттары бар ма, құжаттар – кірістік-Алынды
мөртабанымен, шығыстық - Төленді мөртабанымен , ай-күні, жылы
көрсетіліп, жабыла ма, оларды тазартып өшіру мен түзету іздері жоқ па?
Тексеру іс-тәжірибесі көптеген кәсіпорындарда кассалық құжаттар сапасыз
жасалатынын, көбіне кірістік және шығыстық құжаттарда кассаға ақша салған
немесе кассадан ақша алған жауапты адамдардың қойылған қолдары және басқа
да міндетті деректемелердің жоқ екендігін көрсетеді. Мұндай құжаттардың
күші жоқ деп, ал олар бойынша операциялар – негізсіз деп саналады. Егер
мұндай жәйттар анықталса, аудитор шұғыл шаралар қолдану мақсатымен
кәсіпорын басшысын және бас бухгалтерді бұл жайында хабардар етуге тиіс.
Тексерудің келесі кезеңінде мыналарды анықтау керек: бұл ұйымда
кірістік және шығыстық ордерлерді тіркеу журналы белгіленген түрде
жүргізіле ме, барлық кассалық құжаттар журналда тіркелген бе, кассалық
ордерлерде қалдырылып кеткен нөмірлер жоқ па, ақшалай қаражаттың түсуі мен
жұмсалуы жөніндегі операциялардың барлығы нөмірленуге, жіппен қайымдалуға,
сургучті мөрмен басылуға тиісті парақтар саны кәсіпорын басшысы мен бас
бухгалтердің қойылған қолдарымен куәландырылуға тиісті кассалық кітапта
жазылған ба? Кассир жұмыс күні соңында сол күнгі операциялардың жиынтығын
кассалық кітапта есептеуге және келесі күнге ақша қалдығын шығаруы тиіс.

2.2.Ұйымның банктегі шоттары, есеп айырысу,валюталық шоттары мен жол
үстіндегі ақша қаражаттары есебінің аудиті

Банктерде шот ашу ,оны рәсімдеу тәртібі,сондай –ақ нақты ақшасыз
есеп айырысуға байланысты операцияларды жүзеге асыру ҚР-ң Ұлттық Банк
анықтаған нормативтік құжаттарында белгіленген тәртіптің негіінде
реттеледі, яғни Ұлттық Банк ақша-несие жүйесіне орталықтадырылған
жоспарлы басқаруды,бюджеттің кассалық орындалуын жүзеге асырып жиынтық
валюта жоспарын қалыптастыруға қатысады.
Банктегі ашылған шоттар бойынша операциялар аудитінің мақсаты – ағымдағы
шот және банктен ашылған басқа да шоттар бойнша операциялардың есебін
ұйымдастырудың дұрыстығын тексеру.Банктегі ашылған шоттар арқылы
кәсіпоынның тапсырмасы бойынша нақты ақшасыз жүзег асыратын операцияларға
аудиторлық тексеру жүргізерде,аудитордан банк операцияларының
ерекшеліктері мен талаптарын ескере отырып бағдарлама жасау талап
етіледі.Тексеру барысында бғдарламаға толықтырулар мен өзгерістер
енгізіліп отырылады.Банк ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша қаражаттарының есебінің аудиті
Ақша қаражаттарын тексерудің бағдарламасы және және оларға түгендеу жүргізуді тексеру
Ақша қаражаттары есебінің аудиті
«Metrocom Service» ЖШС
Аудит түрлері
«М-1 enternational» ЖШС
РПК Бектау ЖШС
Ақша қаражаттар қозғалысының есебі
«Практикалық аудит» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Кәсіпорынның технико-экономикалық сипаттамасы
Пәндер