Aғылшын және қaзaқ тілдеріндегі келер шaқ



КІРІСПЕ
5
1 ЕТІСТІКТІҢ ШАҚ КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ТІЛДІК ЖҮЙЕДЕГІ ОРНЫ
7
1.1 Функционалды.семантикалық өріс концепциясының теориялық негіздері
7
1.2 Шақтық локалдылық / шақтық бейлокалдылық категориясының семантикалық аспектісі
12
1.3 Шақтық локалдылық / шақтық бейлокалдылық функционалды.семантикалық категориясы

26
2 AҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚAЗAҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ КЕЛЕР ШAҚТЫҢ ҚОЛДAНЫС AЯСЫ
34
2.1 Келер шақтың парадигмасы және келер шақ тұлғаларының тілдік функциялары
34
2.2 Aғылшын тіліндегі келер шaқтың aтқaрaтын қызметі 39

ҚОРЫТЫНДЫ
49

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
51
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Функционалды грамматиканың негізгі принципі – тілдік бірліктердің қолданылуындағы мағыналық, мазмұндық жағын, яғни қызметін басшылыққа алып, әртүрлі тіл деңгейіндегі тілдік бірліктерді қарым-қатынас процесімен, сөйлеу жағдаятымен тікелей байланыста қарастыру. Бұл зерттеу әдісінде тілдік категориялардың ішкі мағынасын жан-жақты ашып көрсетуде дәстүрлі лингвистиканың әдіс-тәсілдері де қолданыстан тыс қалмайды. Себебі кез келген тіл белгілі бір лексикалық, грамматикалық парадигмаға түскен тұтастық болып табылады. Біз жұмысымызда функционалды-семантикалық өріс теориясының негізгі зерттеу нысаны болып танылатын екі бағытты («тұлғадан → мағынаға қарайғы» және «мағынадан → тұлғаға қарайғы») да қоса пайдалана отырып, шақтық локалдылық / шақтық бейлокалдылық (ары қарай шақтық локалдылық / шақтық бейлокалдылық) категориясын білдіретін түрлі тіл деңгейіндегі бірліктердің тілдік жүйедегі қызметі мен сөйлеу жағдаятындағы жұмсалымдық әлеуеті қарастырылады.
Шақтық локалдылық / шақтық бейлокалдылық қазақ тілінде бұған дейін тұтас функционалды-семантикалық категория ретінде арнайы зерттеу нысаны болмаған. Зерттеу барысында теориялық мәселелерге байланысты Э. Кошмидер, Н.А. Козинцева, Ш. Балли, В.В. Виноградов, А.М. Пешковский, А.Б. Шапиро, Г.В. Гак, Г.В. Колшанский, М.В. Ляпон, Г.А. Золотова, М.А. Шелякин, Н.Ю. Шведова, Т.П. Ломтев, М.Г. Грепль, М.Б. Будильцева, Г.А. Эслон, А.В. Бондарко, Н.Е. Петров, В.Н. Бондаренко, Л.А. Бирюлин, Т.И. Дешериева және т.б. ғалымдардың еңбектерін басшылыққа алдық. Қазақ тіл білімінде шақтық локалдылық/шақтық бейлокалдылық категориясына қатысты зерттеу жұмыстары болмағанымен, функционалды грамматика теориясына қатысты А. Байтұрсынұлы, Ы. Маманов, Н.Т. Сауранбаев, И. Ұйықбаев, З.Қ. Ахметжанова, Е.Н. Жанпейісов, Қ. Рысалды, Б. Шалабаев, Б. Қапалбеков еңбектерінің алатын орны ерекше. Осы орайда жас зерттеушілер О. Жұбаева, М. Жолшаева, А. Жаңабекова, С. Құлмановтардың еңбектерін атап өткен жөн.
Тілдің маңызды қызметтерінің бірі саналатын коммуникация мен танымдық әрекет сөйлеуде айқын көрінетіндіктен, тіліміздегі функционалды-семантикалық өрістерді функционалды грамматика тұрғысынан тіл және сөйлеу деңгейінде қарастыру қажеттігі туындап отыр. Бұл орайда локалдылық семантикасын коммуникативтік-прагматикалық аспектіде зерттеу өзекті мәселердің бірі болып есептеледі.
Жұмыстың мaқсaты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мaқсaты aғылшын және қaзaқ тілдеріндегі келер шaқ формaлaрының семaнтикaсын қaрaстырып, ұқсaстықтaры мен aйырмaшылықтaрын aтaп көрсету.
Негізгі мaқсaттaн төмендегідей міндеттер туындaйды:
– әлемдік тіл біліміндегі, түркологиядaғы етістіктің келер шaқ кaтегориясының тaрихымен, бүгінгі жaй-күйімен бaйлaныстырa отырып, етістіктің келер шaқ кaтегориясының қaзaқ тіл біліміндегі дaмуын ғылыми тұрғыдaн aйқындaу;
1 Жанпейісов Е. Қызметтік грамматиканың бастау ұғымдары // ҚР БжҒМ мен ҰҒА Хабарлары. Филология сериясы. – Алматы, 2003. − № 3. – 41-50 б.
2 Ахметжанова З.К. Функциональные-семантические поля русского и казахского языков. – Алматы: Наука, 1989. − 108 б.
3 Рысалды Қ. Сын дәрежесі категориясы: функционалды-коммуникативтік табиғаты (қазақ және неміс тілдері негізінде): филол. ғыл. докт. ... автореф. – Алматы, 2007. − 54 б.
4 Құнанбаева С.С. Темпоральные отношения в казахском художественном тексте: автореф. ... доктара филол. наук. – Алматы, 1991. − 50 б.
5 Әбдіғалиева Т. Қазіргі қазақ тіліндегі болымдылық-болымсыздықтың мағынасы мен қызметі. – Алматы: Білім, 1996. − 160 б.
6 Шалабай Б. Қолданымдық грамматика туралы // Қазақ грамматикасының өзекті мәселелері. – Алматы, 2007. – 54-74 б.
7 Салқынбай А. Функционалды грамматиканың негізгі түсініктері туралы // әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы. – Алматы, 2001. – № 42. – 26-29 б.
8 Нуртазина Б.М. Из опыта функционально-коммуникативного описания семантики таксиса // Функциональная лингвистика: состояния и перспективы. – Алматы, 2003. – 129-137 б.
9 Қапалбеков Б. Грамматикалық және семантикалық к атегориялардың тілдегі көрінісі // ҚР БжҒМ ҰҒА Хабарлары . – Алматы, 2004. – № 1. – 59-63 б.
10 Құлманов С. Қазақ тіліндегі мүмкіндік модалділігінің функционалды-семантикалық өрісі: филол.ғыл. канд. ... автореф. – Алматы, 2004. – 35 б.
11 Жолшаева М. Қазақ тіліндегі аспектуалды семантиканың берілу жайында // ҚР ҰҒА Хабарлары. Тілтаным. – Алматы, 2005. − № 1. − 88 б.
12 Жұбаева О. Қ.Жұбановтың қазақ тіліндегі шақ категориясын танудағы ұстанымдары // Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері. проф. Қ.Жұбановтың 110 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конф. материалдары. – Алматы, 2009. – 124 б.
13 Жаңабекова А. Құрылымдық және функционалды грамматиканың зерттеу бағыты мен зерттеу әдістері // А. Байтұрсынұлы және қазақ филологиясының мәселелері атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2003. – 141-144 б.
14 Жаңабекова А. Грамматикалық және семантикалық шақ категорияларының арақатынасы // Академик Р.Сыздықтың 80-жылдық мерейтойына арналған халықаралық конфер. материалдары. – Алматы, 2004. – 141-144 б.
15 Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы, 1992. – 448 б.
16 Кемеңгерұлы Қ. Оқу құралы. І кітап. − Ташкент, 1928; ІІ кітап. – Алматы, 1929. – 410-418 б.
17 Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1966. – 362 б.
18 Жұбаева О. Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңдегі функционалды-грамматика көріністері // Тілтаным журналы. – Алматы, 2009. – № 2. – 75 б.
19 Жолшаева М. Функционалды-семантикалық өріс ұғымы // Академик Р.Сыздықтың 80-жылдық мерейтойына арналған халықаралық конфер.материалдары. – Алматы, 2004. – 147-149 б.
20 Есперсен О. Философия грамматики. − Москва, 1958. – 45 б.
21 Қапалбеков Б. Жұмсалымдық мағыналық өріс – ұғымдық категориялардың ұлт тіліндегі көрінісі // әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы. − Алматы, 2004. – № 5. – 52-62 б.
22 Гулыга Е.В., Шендельс Е.И. Грамматико-лексическое поля в современном немецком языке. −Москва, 1969. – 152 б.
23 Бондарко А.В. Грамматическая категория и контекст. – Ленинград: Наука, 1970. – 114 б.
24 Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. –Алматы, 2005. –388 б.
25 Бондарко А.В. Принципы функциональной грамматики и вопросы аспектологии. − Ленинград, 1983. − 140 б.
26 Ф. де Соссюр. Курсы общей лингвистики // Труды по языкознанию. −Москва, 1977, – 216-220 б.
27 Жолшаева М. Қазақ тіліндегі қайталану қимылының мазмұндық типтері // ҚР БҒМ ҰҒА Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. – 2005. – № 5-6 (153-154). – 38-47б .
28 Шмелева Т.В. Смысловая организация предложения и проблема. − Москва, 1988. − 78 б.
29 Актуальные проблемы русского синтаксиса. −Москва, 1984. – 30 б.
30 Бондарко А.В. Теория значения в системе функциональной грамматики (на материале русского языка). − Москва, 2002. –135 б.
31 Тураева А.Т. Қазақ тіліндегі белгілілік/белгісіздіктің функционалды-семантикалық категориясы: филол. ғыл. канд. ... автореф. – Алматы, 2008. – 258 б.
32 Сартанов Т.Б. Теория морфологической категории. – СПб.: Наука, 1992. – 304 б.
33 Шпис А.А .Теория функциональной грамматики. – Москва: УРСС, 2003. – 348 б.
34 Жаңабекова А. Темпоралдық категориясының бастау ұғымдары // Қазақ грамматикасының өзекті мәселелері. – Алматы, 2007. −356 б.
35 Кошмидер Э. Очерк науки о видах польского глагола. − Ленинград, 1961. – 20 б.
36 Шилов А. Теория функциональной грамматики: Введение. Аспектуальность. Временная локализованность. Таксис. − Ленинград, 1987. – 568 б.
37 Булыгина Т.А., Шмелев А.Д. Пространственно-временная локализация как суперкатегория предложения // Вопросы языкознания. − Москва, 1989. –
№ 3. – 5-25 б.
38 Теория функциональной грамматики: Локативность. Бытийность. Посессивность. Обусловность. – СПб., 1996. – 373 б.
39 Булыгина Т.А. Семантические типы предикатов. – Москва, 1982. – 37 б.
40 Васильев Л.М. Семантические классы глаголов чувства, мысли и речи. // Очерки по семантике русского глагола. − Уфа, 1971. – 380 б.
41 Иванов И.П. Вид и время в современном английском языке. –Ленинград, 1961. – 77 б.
42 Смирнов И.А. Типы временной нелокализованности действия врусском языке // Теория функциональной грамматики: Субъектность. Объектность.коммуникативная перспектива высказывания. Определенность/неопределенность. – СПб., 1992. – 35 б.
43 Маманов Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы, 2007. −490 б.
44 Козинцева Н.А. Временная локализованность / нелокализованность действия и ее связи с аспектуальными, модальными и таксисными значениями. −Ленинград, 1991. – 472 б.
45 Бондарко А.В. О грамматике функционально-семантических полей // Изв. АН СССР сер. Лит. и яз. – 1984. – Т. 43. – № 6. – 843 б.
46 Бондарко А.В. Замечания об отношениях недифференцированного типа // Теория функциональной грамматики: Введение. Аспектуальность. Временная локализованность. Таксис. − Ленинград, 1987. – 150-157 б.
47 Бондарко А.В. Грамматическое значение и смысл. −Ленинград, 1978. – 45 б.
48 Смирнов И.Н. Ситуации вневременности в современном русском языке // Функциональный анализ грамматических форм и конструкций. − Ленинград, 1988. –128 б.
49 Смирнов И.Н. О зависимости семантики нелокализованности действия во времени от степени генерализации субъекта (на материале русского языка) // Лингвистические исследования . Грамматические категории в разносистемных языках. − Москва, 1985. – 18 б.
50 Полянский С.М. Одновременность/разновременность и другие типы таксисных отношений // Теория функциональной грамматики: Введение. Аспектуальность. Временная локализованность. Таксис. −Ленинград, 1987. –
35 б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 5
1 ЕТІСТІКТІҢ ШАҚ КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ТІЛДІК ЖҮЙЕДЕГІ ОРНЫ
7
1.1 Функционалды-семантикалық өріс концепциясының теориялық негіздері
7
1.2 Шақтық локалдылық шақтық бейлокалдылық категориясының
семантикалық аспектісі 12
1.3 Шақтық локалдылық шақтық бейлокалдылық функционалды-семантикалық
категориясы 26
2 AҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚAЗAҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ КЕЛЕР ШAҚТЫҢ ҚОЛДAНЫС AЯСЫ
34
2.1 Келер шақтың парадигмасы және келер шақ тұлғаларының тілдік
функциялары 34
2.2 Aғылшын тіліндегі келер шaқтың aтқaрaтын қызметі 39

ҚОРЫТЫНДЫ 49

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 51
КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Функционалды грамматиканың негізгі
принципі – тілдік бірліктердің қолданылуындағы мағыналық, мазмұндық жағын,
яғни қызметін басшылыққа алып, әртүрлі тіл деңгейіндегі тілдік бірліктерді
қарым-қатынас процесімен, сөйлеу жағдаятымен тікелей байланыста қарастыру.
Бұл зерттеу әдісінде тілдік категориялардың ішкі мағынасын жан-жақты ашып
көрсетуде дәстүрлі лингвистиканың әдіс-тәсілдері де қолданыстан тыс
қалмайды. Себебі кез келген тіл белгілі бір лексикалық, грамматикалық
парадигмаға түскен тұтастық болып табылады. Біз жұмысымызда функционалды-
семантикалық өріс теориясының негізгі зерттеу нысаны болып танылатын екі
бағытты (тұлғадан → мағынаға қарайғы және мағынадан → тұлғаға қарайғы)
да қоса пайдалана отырып, шақтық локалдылық шақтық бейлокалдылық (ары
қарай шақтық локалдылық шақтық бейлокалдылық) категориясын білдіретін
түрлі тіл деңгейіндегі бірліктердің тілдік жүйедегі қызметі мен сөйлеу
жағдаятындағы жұмсалымдық әлеуеті қарастырылады.
Шақтық локалдылық шақтық бейлокалдылық қазақ тілінде бұған дейін
тұтас функционалды-семантикалық категория ретінде арнайы зерттеу нысаны
болмаған. Зерттеу барысында теориялық мәселелерге байланысты Э. Кошмидер,
Н.А. Козинцева, Ш. Балли, В.В. Виноградов, А.М. Пешковский, А.Б. Шапиро,
Г.В. Гак, Г.В. Колшанский, М.В. Ляпон, Г.А. Золотова, М.А. Шелякин, Н.Ю.
Шведова, Т.П. Ломтев, М.Г. Грепль, М.Б. Будильцева, Г.А. Эслон, А.В.
Бондарко, Н.Е. Петров, В.Н. Бондаренко, Л.А. Бирюлин, Т.И. Дешериева және
т.б. ғалымдардың еңбектерін басшылыққа алдық. Қазақ тіл білімінде шақтық
локалдылықшақтық бейлокалдылық категориясына қатысты зерттеу жұмыстары
болмағанымен, функционалды грамматика теориясына қатысты А. Байтұрсынұлы,
Ы. Маманов, Н.Т. Сауранбаев, И. Ұйықбаев, З.Қ. Ахметжанова,
Е.Н. Жанпейісов, Қ. Рысалды, Б. Шалабаев, Б. Қапалбеков еңбектерінің алатын
орны ерекше. Осы орайда жас зерттеушілер О. Жұбаева, М. Жолшаева,
А. Жаңабекова, С. Құлмановтардың еңбектерін атап өткен жөн.
Тілдің маңызды қызметтерінің бірі саналатын коммуникация мен танымдық
әрекет сөйлеуде айқын көрінетіндіктен, тіліміздегі функционалды-
семантикалық өрістерді функционалды грамматика тұрғысынан тіл және сөйлеу
деңгейінде қарастыру қажеттігі туындап отыр. Бұл орайда локалдылық
семантикасын коммуникативтік-прагматикалық аспектіде зерттеу өзекті
мәселердің бірі болып есептеледі.
Жұмыстың мaқсaты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мaқсaты aғылшын және
қaзaқ тілдеріндегі келер шaқ формaлaрының семaнтикaсын қaрaстырып,
ұқсaстықтaры мен aйырмaшылықтaрын aтaп көрсету.
Негізгі мaқсaттaн төмендегідей міндеттер туындaйды:
– әлемдік тіл біліміндегі, түркологиядaғы етістіктің келер шaқ
кaтегориясының тaрихымен, бүгінгі жaй-күйімен бaйлaныстырa отырып,
етістіктің келер шaқ кaтегориясының қaзaқ тіл біліміндегі дaмуын ғылыми
тұрғыдaн aйқындaу;
– етістіктің келер шaқ кaтегориясының өзіндік топтaрғa бөлу бaрысындa
болғaн бaғыттaрды, олaрдың идеясын aнықтaу.
– шaқ кaтегориясының етістікті өзге сөз тaптaрынaн әрі
ерекшелендіретін, әрі aжырaтaтын ең негізгі грaммaтикaлық кaтегория екенін
aнықтaу;
– ағылшын және қaзaқ тілдеріндегі шaқ кaтегориясын сaлыстырмaлы түрде
көрсету.
Зерттеу объектісі – aғылшын және қaзaқ тілдеріндегі шaқ кaтегориясының
қолдaныс aясы.
Зерттеу нысaны – aғылшын және қaзaқ тілдеріндегі шaқ кaтегориясының
семaнтикaлық құрылымы.
Зерттеу әдістері. Зерттеу бaрысындa біз төмендегі әдістерді қолдaндық:
сипaттaу, тaлдaу әдісі және сaлыстырмaлы-типологиялық әдістер және
құрылымдық сипaттaу әдістері.
Зерттеу жұмысының теориялық және прaктикaлық мaңыздылығы. Зерттеу
жұмысы нәтижелерін жоғaры оқу орындaрындa оқытылaтын – тіл тaрихы,
фрaзеология, этнолингвистикa, лингвомәдениеттaну және когнитивті
лингвистикa сaлaлaрының теориялық курстaрын оқытудa қолдaнуғa болaды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдaн, пaйдaлaнылғaн әдебиеттер тізімінен тұрaды.

1 ЕТІСТІКТІҢ ШАҚ КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ТІЛДІК ЖҮЙЕДЕГІ ОРНЫ

1.1 Функционалды-семантикалық өріс концепциясының теориялық негіздері
Тіл – қоғамдағы адамдардың практикалық қатынасының құралы. Тілді бір
адам өзі үшін ғана қолданбайды, басқа адамға өзінің ойын білдіру, жеткізу
үшін қолданады. Тіл – конкретті сана болғандықтан, қоғамдық өмір өзгерісіне
сәйкес қазақтың әдеби тілі күн санап дамып келеді. Қазақ тілінің әлсіз
жерін күшейтіп, кедей жерін байыта түсті. Осындай сатылап, бірте-бірте
дамудың нәтижесінде әдеби тіліміздегі грамматикалық категориялардың қайсысы
болса да дамып, бір жүйеге түсті. Сол грамматикалық категорияларды
функционалды-семантикалық аспектідегі тілдік бірліктердің түрлі тіл деңгейі
тұрғысынан зерттеу қазіргі таңда тіл білімінде, оның ішінде қазақ тіл
біліміндегі ең басты әрі маңызды мәселе болып табылады.
Қазақ тіл білімі қай бағыттағы зерттеуде болсын ғылыми жетістіктерге
қол жеткізіп отыр. Бұл орайда этнолигвистика, лингвомәдениеттану салалары
бойынша Ә.Т. Қайдар, М. Копыленко, Е. Жанпейісов, Ж. Манкеева,
стилистикадан Р. Сыздық, Б. Шалабай еңбектерін атауға болады. Тілдің жүйелі-
құрылымдық жағы А. Ысқақов, Қ. Есенов, М. Балақаев, Т. Қордабаев, Р. Әмір,
Н. Оралбаева, Ө. Айтбаев, М. Серғалиев, Ш. Сарыбаев, М. Оразов, К. Хұсайын,
Т. Сайрамбаев, Ә. Жүнісбек, Б. Қалиев, Н. Уәли, Б. Сағындықов, Б. Қасым
еңбектерінде көрініс тапса, З.К. Ахметжанова, А. Жұбанов, Т. Абдығалиева,
Ж. Жакупов, Қ. Рысалды, З. Ерназарова, Қ. Есенова, Д. Әлкебаева
зерттеулерінде функционалды, коммуникативтік-прагматикалық, когнитивтік
аспектіден қарастырылған. Қазіргі кезеңде қазақ тіл білімінде ең актуалды
проблемалардың бірі − тілдік жүйенің функционалдылық механизмін зерттеу.
Мұның өзі функционалды грамматиканың негізін қалауға үлкен әсер етті.
Қазақ тілінің функционалды грамматикасының негізгі ұғымдарына профессор
Е.Н. Жанпейісов [1] ғылыми мақаласында талдау жасап, түсініктеме береді.
З.К. Ахметжанова [2] тәуелдік, қимылдың өту сипаты, компоративтік
категорияларын орыс тілі деректерімен салғастыра зерттеді. Қ. Рысалдының
Сын дәрежесі категориясы: функционалды-коммуникативтік табиғаты атты
қазақ және неміс тілдері негізінде жазылған докторлық диссертациясын да [3]
қосуға болады.
Қазақ тілі деректері негізінде функционалды бағытта жүргізілген
С.С. Құнанбаеваның көркем мәтіндегі шақ категориясын функционалды-
семантикалық өріс деңгейінде зерттеген докторлық диссертациясы [4],
Т. Абдығалиеваның болымдылық-болымсыздық категориясын функционалды
грамматика принциптері тұрғысынан зерттеген докторлық диссертациясы [5],
Б. Шалабай [6], А. Салқынбай [7], Б.М. Нуртазина [8] еңбектерінің де қазақ
тілінің функционалды грамматикасының негізін қалауға және оның теориялық
қырларын дамыту мен толықтыруда маңызы өте зор. Б. Қапалбековтың
Грамматикалық және семантикалық категориялардың тілдегі көрінісі
тақырыбындағы [9], С. Құлмановтың Қазақ тіліндегі мүмкіндік
модальділігінің функционалды-семантикалық өрісі тақырыбындағы кандидаттық
диссертациясын [10], М. Жолшаеваның Қазақ тіліндегі аспектуалды семантиканы
форма және мазмұн тұрғысынан зерттеген докторлық диссертациясын [11],
О. Жұбаеваның Предикативті өрістің субъектілі-предикатты бірліктері
тақырыбындағы [12], А. Жаңабекованың Құрылымдық және функционалды
грамматиканың зерттеу бағыты мен зерттеу әдістері тақырыбындағы [13]
еңбектерін атап өткен жөн болар.
Сонау А. Байтұрсынұлы, Қ. Кемеңгеров, Қ. Жұбанов т.б. қазақтың ғұлама
ғалымдары қазақ сөздерінің қолданымдық ерекшеліктерін білмеді деу тіл
ғылымына жасалған үлкен қиянат болар еді. Ғалымдардың тілдік бірліктердің
(сөз, қосымша, сөйлем) қолданымдық (функционалдық) ерекшеліктерін тани
білген ғылыми көзқарастарын олардың жасаған тілдік жіктемелерінен байқауға
болады. Бұл мәселе Функционалды грамматиканың тілтанымдық негіздемелері
т.б. тақырыптарда арнайы қарастырылуы қажет деп санаймыз [14, 141].
Функционалды грамматика мәселелері орыс тіл білімінде ХХ ғасырдың
екінші жартысында ғана қолға алынып, арнайы зерттеу нысаны болды. Алайда ХХ
ғасырдың басында ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кездің өзінде-ақ
ғалымдардың функционалды грамматиканың көптеген мәселелерін терең зерделеп,
түсінгені байқалады. Функционалды грамматикаға қатысты қазіргі кезде
қолданылып жүрген атауларды қолданбағанымен, ғалымдар функционалды
грамматиканың негізгі ұстанымдарын, функционалды-семантикалық категория,
өріс, семантикалық инвариант, ұғымдық категориялардың өзіндік
ерекшеліктерін терең түсінген. А. Байтұрсынұлы [15], Қ. Кемеңгерұлы [16],
Қ. Жұбанов [17] тұжырымдарының бүгінгі таңдағы ғылым жетістіктерімен сәйкес
келуі, бір жағынан, ХХ ғасырдың басында ұлттық тіл білімінің қаншалықты
құлаштап алға басқанын көрсетсе, екінші жағынан, репрессия зардабының
кесірінен ғылым дамуының қаншалықты тежелгенін де танытса керек [18, 75].
Шақтық локалдылық категориясы жайында бұрын қазақ тіл білімінде арнайы
ешкім зерттеген жоқ, арнайы терминологиялық жүйеге енбеген, дегенмен шақтық
локалдылық жайлы алғашқы нышандарды А. Байтұрсынлынан, Қ. Кемеңгерұлыдан,
Қ. Жұбанов т.б. ғалымдардың еңбектерінен көруге болады. Олардың шақтарды
тануда ұқсастықтар мен біраз алшақтықтар кездеседі... Қ. Кемеңгерұлы, Қ.
Жұбановтар байқағанындай, бұл көрсеткіштердің біраз ерекшеліктері бар.
Мәселен, келіп еді, келген еді деген тіркестерде келу қимылы бір-ақ рет
болғанын білдірсе, ал келетін еді, келуші еді десек, келу қимылы бір рет
емес, бірнеше рет, дағдылы түрде болғанын, әдетке айналған амал-әрекетті
білдіріп тұр [18, 124]. Әсіресе өткен шақты тануда амалдың ертеректе не
жуық арада өткенін, сөйлеушінің іс-әрекетті өз көзімен көргендей етіп
жеткізуін немесе басқа біреудің айтқанына сүйеніп қана айтып отырғанын, сол
сияқты қимылдың бұрынғы кезде бірнеше рет қайталанғанын, яғни әдетке
айналған іс-әрекет екенін т.с.с. ескеріп, соған байланысты өткен шақ
түрлеріне өзінше ат берген. Құрылымдық (дәстүрлі, структуралық, тұлғалық,
яғни формалдық) грамматикада орныққан түсінік бойынша, тіл лингвистикалық
тұрғыда белгілі бір деңгейлерден (фонетика, лексика, морфология, синтаксис,
мәтін) тұратын тұтастық болса, осы деңгейлердің өзі тілдік бірліктер
парадигмасының жиынтығы болып танылады. Әрине бұл түсінік, тілдің
статикалық күйін нақты көрсете алатын тұжырым деп ойлаймыз [19, 147].
Дегенмен адам баласының қарым-қатынас ретіндегі ең маңызды құралы – тіл
қызметке, яғни динамикаға түскенде ғана сөйлеу процесі жүзеге асады.
Сөйлеуде тілдік бірліктер өзіндік номинативтік мағынасы мен атқаратын
қызметінің үстіне қосымша қызметтер жамайды. Бұл лексикада метафора,
метонимия т.б. құбылыстары арқылы, синтаксисте үнемдеу, трансформация т.б.
тәсілдер арқылы, ал грамматикада негізінен жалпы грамматикалану процесі
арқылы іске асады. Қалай болғанда да бұл процестердің бәрі тілдік
бірліктердің өзара әрекеттесуінің (семантикалық, синтаксистік
тіркесімділік) нәтижесінен келіп шығады. Осындай әркеттестікті ашып көрсету
үшін О.Есперсен кез келген тілдік құбылысты не сырттан, не іштен, яғни
тілдің сыртқы тұлғасы мен ішкі мағынасы жағынан қарастыруды ұсынды:
бірінші әдісте біз (Т → М) белгілі бір форманы қарастырамыз да, одан кейін
оның мағынасын немесе қызметін анықтаймыз; екінші әдісте (М → Т) керісінше,
мағынадан немесе қызметтен шығамыз да, оларды білдіретін форманы
анықтаймыз [20, 56]. Бұл әдіс тіл біліміндегі функционалдық бағыттың
қалыптасуына негіз болды. Функционалдық ұғымының тіл білімі салаларында
қолданылуын қарастыра отырып, оны былай түсіндіруге болады: 1) тілдік
бірліктердің функциясын айқындау мақсатында оларды қолдана отырып қол
жеткізетін нәтижеге қарайғы бағытта зерттеу; 2) әртүрлі тіл деңгейіндегі
тілдік бірліктердің өзара әрекеттесе отырып жұмсалуынан осы формалардан
туындайтын мағынаны айқындау, яғни мағынадан құралдарға қарайғы бағытта
зерттеу; 3) осы екі бағыттың бірлестігі тілдегі түрлі семантикалық
категорияларды көрсететін тілдік бірліктерді бір тұтастыққа, өріске
жинақтау мақсаты қойылды [21, 62].
Е.В. Гулыга мен Е.И. Шендельс өрістің негізгі белгілері ретінде
мыналарды атайды: 1) өріс жүйелі қатынастар арқылы бір-бірімен байланысқан
әртүрлі тіл деңгейіндік құралдардың жиынтығы болып табылады; 2) өрісті
құрайтын әртүрлі тіл деңгейіндік құралдардың қандай да бір дәрежеде ортақ
мағыналары болады; 3) өрістің ортақ мағынасы біреу ғана болмайды, ол бір-
біріне қарама-қарсы ең кемінде екі мағынадан тұрады; 4) өріс көлденең және
тік кесінді түрінде көрсетуге болатын күрделі құрылымға ие болады. Өрістің
көлденең кесіндісі бойында оның семантикалық түрлері – микроөрістер, ал
өрістің тік кесіндісі бойында оны құрайтын тілдік құралдар жатады [22, 10].
Өріс − белгілі бір семантикалық категорияға негізделіп, семантикалық
қызметінің ортақтығына орай өзара әрекеттес келетін грамматикалық және
лексика-грамматикалық, сондай-ақ әртүрлі аралас (лексика-синтаксистік т.б.)
тілдік құралдар тобы.
Функционалды грамматиканың бір түрі алғаш А.А. Хадеева-Быкова ұсынып,
кейін А.В. Бондарко функционалды-семантикалық өріс теориясы негізінде
дамытқан болып табылады. Функционалды-семантикалық өріс ұғымына ғалым
мынадай анықтама береді: Функционалды-семантикалық өріс – тілдің
грамматикалық (морфологиялық және синтаксистік) құрылымының бір ғана
семантикалық аясына жататын лексикалық, лексика-грамматикалық және
сөзжасамдық бірліктерімен бірге құрылатын екіжақты (мазмұндық-тұлғалық)
бірлестік [23, 115]. Яғни функционалды-семантикалық өріс теориясының
негізгі әдісі белгілі бір семантикалық категорияны білдіретін тілдік
бірліктердің мағына ортақтығына (инварианттылығына) орай тұтастық ретінде
қарастырып, сол категорияның семантикалық құрылымдарын айқындау болып
табылады.
Функционалды грамматика (лат. Functio − орындау орыс. функциональная
грамматика) – грамматикалық құрылыстағы тіл бірліктерінің функцияларын
(қызметін) және олардың заңдылықтарын объект етіп зерттейтін грамматика
түрі. Функционалды грамматика әр тілдің әртүрлі деңгейлеріне қатысты,
лексикамен, контекспен өзара байланысты, бірақ бәрі де семантикалық
қызметінің ортақтығы нәтижесінде біріктіріліп, тіл құралдарының біртұтас
жүйесінде қарастырылады [24, 389]. Функционалды грамматиканың негізгі
мақсаты − болмысты пайымдау барасында адам санасында қалыптасқан ойдың
мәнін берудегі грамматикалық бірліктердің тілдің басқа деңгейлер
бірліктерімен тығыз қарым-қатынастағы қызметінің заңдылықтарын зерделеп
сипаттау. Тілдің барлық деңгейлері бірліктерінің бір-бірімен өзара қарым-
қатынасы жалпы тілдік ұғымдық категориялар негізінде болады. Функционалды
грамматиканың бастауларын әріден іздеген дұрыс. Мәселен, орыс тіл білімінде
тілді функционалдық жағынан қарастырған зерттеулерді Ф.И. Буслаев,
К.С. Аксаков, Н.П. Некрасов, А.А. Потебня, И.А. Бодуэн де Куртенэ,
А.А. Шахматов және А.М. Пешковскийлердің еңбектерінен кездестіруге болады.
Орыс сөздерінің грамматикалық тұлғасын функционалдық тұрғыда қарастыруда
В.В. Виноградовтың еңбегі ерекше. Ал жалпы алғанда функционалды
грамматиканың теориялық тірегі Л.В. Щерба, И.И. Мещанинов, С.Д. Кацнельсон
еңбектерінің негізінде қаланды деуге болады [25, 142].
Функционалды грамматика функционалды-семантикалық өріс (ФСӨ)
семантикалық категория, категориялды жағдаят негізінде жасалады. ФСӨ
теориясы орыс ғалымы А.В. Бондарконың еңбектерінде неғұрлым өзекті түрде
айтылған Функционалды-семантикалық өріс – тілдегі грамматикалық
көрсеткіштердің лексикалық, лексика-грамматикалық әрі сөз тудырушы, сөз
түрлендіруші лексемалардың екіжақты қырынан (мазмұн-форма) үндесе әрі
үйлесе бірігіп келіп белгілі бір семантикалық ортада көрініс табуы.
Функционалды-семантикалық өріс – семантикалық категориялар негізінде
әртүрлі деңгейдегі әрекеттес тілдік құралдардың функцияларының ортақтығына
байланысты қалыптасқан жүйе [24, 390].
Өріс өзіндік бір сипаты бар құрылым ретінде анықталып, алғашқыда тек
лексикология, кейін тілдің барлық саласында қолданыс тапты. Соның негізінде
лексикалық өріс, семантикалық өріс, лексика-грамматикалық өріс,
синтаксистік өріс, реляциялық өріс, функционалды-семантикалық өріс сияқты
тағы да басқа көптеген терминдер қалыптасқан [11, 180].
Өріс теориясын ары қарай дамытқан А.В. Бондарконың түсіндіруі бойынша,
белгілі бір мазмұнды жеткізуге қатысатын түрлі тіл деңгейіне жататын
құралдардың жиынтығы деп анықталатын өріс ұғымы деңгейаралық құбылыс
ретінде сипатталады. Өйткені мұнда дәстүрлі грамматикада бір-біріне
байланыссыз қарастырылатын түрлі тіл дейгейі бірліктері семантикалық
функцияның ортақтығы негізінде бір өріс аясына жинақталады [25, 145]. Мұнда
тілдік бірліктердің функциясының басты рөл атқаруы өрістің функционалды-
семантикалық деп аталуына негіз болған.
А. Байтұрсынұлы өзінің зерттеулерінде имплицитті түрде (ара-тұралап
болса да) функционалдық грамматиканың мәселелерін де қозғайды: кейбір
грамматикалық категорияларды семантикадан формаға қарайғы бағытта
қарастырады. Мысалы етіс категориясы жайлы құрылымдық грамматикада әдетте
оның өзгелік етіс, ортақ етіс, өздік етіс, деңгейлік, ырықсыз етіс деген
төрт түрі сөз болса, Тіл – құралда бұл сан едәуір көп. Етістікте он
түрлі етіс бар: 1) сабақты етіс, 2) салт етіс, 3) ортақ етіс, 4) өздік
етіс, 5) өзгелік етіс,
6) беделді етіс, 7) ырықсыз етіс, 8) шығыс етіс, 9) дүркінді етіс, 10)
өсіңкі етіс [1, 42].
Жалпы функционалдық грамматикадағы функция в потенциальном аспекте,
функция в результативном аспекте дегендер бұрындар айтылған мына бір
пікірлермен үндес, астас сияқты: тіл − әрі сөйлеу құралы, әрі оның нәтижесі
[1, 44]. Язык является не только собранием слов, но и дел. Язык есть не
только слова [26, 43]. Сөз – қару. Бұзуға жұмсасаң бұзады, түзеуге
жұмсасаң түзейді. Тіл − адамның адамдық белгісінің бірі, қаруының бірі.
Айтушы ойын өзі үшін айтпайды. Өзге үшін айтады [15, 342]. Біз бұл жерде
А. Байтұрсынұлы еңбектерінде кездесетін функционалды грамматикаға тән
тілдік элементтердің кейбірін ғана атап өттік. Олар жеке-жеке өз алдына
арнайы зерттеу объектісі болуға әбден лайық.
Демек функционалды-семантикалық өріс тілдегі грамматикалық тұлғалардың
лексикалық, лексика-грамматикалық және лексика-семантикалық құралдармен
өзара әрекеттестігі нәтижесінде ұйымдасатын семантикалық категория болып
табылады деген қорытынды шығады.
Функционалды грамматиканың жүйесін тануда әрі зерттеуде семантикалық
категориялар мен оның тілдегі көрінісі мұрындық болады. Бұл грамматиканың
концептуалды негізін мына үштіктен көреміз: семантикалық категория,
функционалды-семантикалық өріс (ФСӨ), категориялды жағдаят (КЖ). ФСӨ пен
КЖ шеңберіндегі түрлі грамматикалық тіл бірліктері мен категориялар,
лексика-грамматикалық әрі лексикалық тілдік құралдар жүйесі аты аталған
грамматиканың функционалдылық табиғатын кеңейте түседі.

СК

ФГ

ФСӨ
КЖ

1-сурет

ФГ − функционалды грамматика

СК − семантикалық категория

ФСӨ − функционалды-семантикалық өріс

КЖ − категориялды жағдаят

СК + ФСӨ + КЖ ФГ

ФСӨ − СК ның тілдегі көрінісі

1.2 Шақтық локалдылықшақтық бейлокалдылық категориясының семантикалық
аспектісі
Сөйленімде іске асып жатқан кез келген іс-әрекет белгілі бір мезгіл
ішінде және белгілі бір орында, яғни кеңістікте жасалып жатады. Сонда
қимылдың белгілі бір уақыт бойындағы өту сипаты оның кеңістіктегі
қозғалысымен сәйкес келеді немесе қозғалыстың өтуі уақытпен сипатталады.
Қимылдың уақыт сызығында нақты өту орнының болу болмауымен байланысты
уақытқа қатысты нақты шақтықжалпы шақтық (временная локализованность
нелокализованность) категориясы бар. Ол категория сөйленімді уақытқа
қатысты нақтылық жалпылық жағынан сипаттайды. Мұндағы нақты шақтық уақыт
сызығында нақты орны бар нақты оқиғаны – жеке денотативті жағдаятты, ал
жалпы шақтық нақты ақиқат шындықтың жалпыланған, дерексіз үзінділерін
немесе бірқатар денотативтік жағдаяттардың жалпылануын білдіреді. Соңғы
жағдайда жалпы шақтықтың уақыт сызығындағы орнын дәл көрсету мүмкін
болмайды [27, 38]. Бұл категорияның берер грамматикалық, лексикалық
мағынасын шақ категориясы салмағымен өлшей аламыз. Шақ формасы шақтық
локалдылықшақтық бейлокалдылық оппозициясын көрсетуде белсене қызмет
етеді. Осы шақ формасы нақты іс-әрекеттерді білдіруде кең түрде қызмет
атқарады. Сол сияқты өткен шақтағы да, келер шақтағы да нақты жағдайдың
функционалдық мағынасын анықтай аламыз. Локалдылықбейлокалдылықтың қарама-
қарсылық ұғымын ажыратуда етістіктің түрлері мен шақ категориясы үлкен
мүмкіндік туғызады.
Временная локализация – это фиксация описываемых событий на временной
оси, где точкой отсчета служить момент речи [28, 78]. Пространственная
локализация – заключается в фиксации описываемых событий относительно
целового текста речи, в указаниях типа здесьне здесь [29, 30].
Шақтық локалдылықшақтық бейлокалдылықты семантикалық категория ретінде
тану үшін нақтылықжалпылық негізінде байланысқан барлық тіл деңгейі
бірліктерін қимылдың тұрпат межесі ретінде қарау керек, сол кезде
категорияның өзі семантикалық категория мәртебесін алады. Белгілі бір ой
жалаң бір грамматикалық формамен ғана берілмей, өзара әрекеттес тілдік
құралдар арқылы жұмсалатындығын ескерсек, семантикалық категорияны белгілі
бір семантикалық функцияларды атқару үшін өзара әрекеттес болуға қабілетті
әртүрлі тілдік құралдардың жүйесі деп анықтауға болады. Басқаша айтқанда,
семантикалық категория – түрлі тілдік құралдармен берілетін ой мазмұны
жүйесінде көрінетін бірліктер мен элементтер [30, 135]. Тілдегі осындай
семантикалық категориялардың бірі − локалдылықбейлокалдылық. Бұл
категорияның мазмұны − уақыт ағымымен өлшенетін нақты бір қимылдың нақты
бір шаққа шоғырлануы, өту шегінің, орнының анықтығы және жалпылық сипаттағы
бір немесе бірнеше қимылдың барлық шаққа бірдей ұдайы түрде, қайта
қайталанып, дағдылы қалыпта жұмсалуы. Ал іс-әрекеттің белгілі бір шаққа
шоғырлануы немесе ұдайы түрде барлық шақта жалпылық сипат алуы уақыт ағымын
білдіретін түрлі тіл деңгейіне жататын құралдардың топтамасы локалдылықтың
функционалды-семантикалық өрісін құрайды. Бұл категорияның семантикалық
негізін етістік сөз табы, субъекті мен объекті және қимылдың нақтылығы мен
жалпылығын танытатын лексикалық бірліктер құрайды. Қобыздың қыл ішегінен
азынай ақтарылған дыбыс үй ішін кернеп барады. Қос ордаға сыймай, сыртқа
шығар жол іздегендей, өкси күңіреніп, йіріле толқып аңырайды (М. Мағауин)
(жалпылыққа құрылған сөйленім). Айдабол ауыр ұйықтайды. Түнде әлденеше рет
оянатын; тіпті, басына барып отырады. Кейде селк етіп, көзін ашып алады.
Бақырайған өлі жанары әлденеге қадалған күйі аз жатып, қайта қорылға
басады. Кейде бастырылып, сандырақтайды (М. Мағауин) (жалпылыққа құрылған).
Алдымен салдың серіктері өнер көрсетеді. Ат үстінде әр түрлі ойын жасап
таңырқатады. Аяқтарына сырық байлап жаяу жарысып, өтірік-шынды күресіп,
қыран-топан күлкіге батырады. Би билейді. Ән салады. Бірінен-бірі өтеді
(М.Мағауин) (жалпылыққа құрылған). Дәрігер сол сәтінде-ақ ем жасауға
кірісті. Әлдеқайдан ұзындығы тура сынық сүйем, сүңгідей аппақ инесін суырды
(М. Мағауин) (нақтылық). Ертеңінде таң бозынан атқа мінді, суыт жүріспен,
екінті әлетінде межелі жеріне жетті (М. Мағауин) (нақтылық). Осы
сөйленімдерде қимылдың белгілі бір шаққа нақтылана және ұдайы түрде
жалпылық сипат алуына қатысты тілдік бірліктер (анықтауыш, жалғаулық,
мекен, мезгіл пысықтауш құралдар) қимыл-әрекетті білдіретін етістікпен
қатысты қаралады. Етістіктің деңгейімен ғана шектеліп қоймай, локалдылық
мағына басқа тілдік құралдар арқылы да берілуі және нақтылануы мүмкін.
Бірінші сөйленімде созылыңқы қимыл -п барады аналитикалық форманты арқылы
дамып, күшею мағынасын білдіреді. Бұл жерде қимылдың өрши түскендігіне
қатысты мағынаның орын алғандығын көреміз. Кернеу негізгі етістігі барады
көмекші етістігімен тіркесе отырып, адамның ішкі жан дүниесін күңірентіп
алып бара жатқан қобыз үнінің аянышты халге түсіретіндігін көрсететін мағын
үстеп тұр. Сыймай, өкси, иіріле лексемалары аналитикалық формалы
етістіктермен тіркесе отырып, қимылдың дағдылы қалпын жалпы осы шаққа
негіздей отырып жалпылық мәнді білдіреді. Себебі бұл жердегі іс-әрекеттерді
жасаушы адам (субъекті) жоқ, тек жалпылық ұғымдағы адамзаттық емес, заттық
сипаттағы қимылдың орын алып тұрғандығын көреміз. Екінші сөйленімде қимылды
жүзеге асырушы субъекті біреу ғана, қимылдың нақты қашан болғандығы және
біреу емес, бірнеше қимыл-әрекет жасалып жатқандығын көруге болады.
Айдаболдың әр түн сайын дұрыс ұйықтамайтындығы дағдылы қалыпқа айналған. Ол
дағдылықты кейде талғаулықты жалғаулығының орын алуымен түсіндіреміз. Бір
түнде бір-ақ рет емес, әлденеше рет оянатындығының да жалпылық сипаты
көрінеді. Үшінші сөйленім жалпылыққа, соның ішінде үнемі, ұдайылық сипатқа
құрылған. Себебі, қимылды жасаушы субъекті біреу ғана емес. Олар − өнер
көрсетуші салдың серіктері. Олардың біреуі би билесе, біреуі ән айтса енді
біреуі жаяу жарысса, келесісі күлкіге батырып бар өнерлерін салып жүр.
Ыңғайлас, біртектес сипаттағы қимылдар бір мезгілдің бойын қамтығанымен,
нақты қай қимыл бірінші болып жүзеге асатындығы анық көрініп тұрған жоқ.
Бұл жердегі қимыл тізбектеле бір ізбен жасалып жатқан жоқ. Арасына уақыт
салып, әр жерде әр өнерпаз өздерінің білетін өнерлерін көрсетіп жүр. Ол
өнерлері (іс-әрекеттері) бір уақыт ағымын ғана қамтымайды, әр мезгілде
жүріп отыруы мүмкін. Кейінгі екі сөйленім нақтылыққа құрылған. Іс-әрекетті
жасаушы субъектілері анық әрі нақты қандай кәсіптің иесі екендігін анық
көруге болады. Сол сәтінде-ақ сияқты нақты мезгілді білдіріп тұрған
лексемалық бірлік кірісті етістігімен тіркесе отырып, іс-қимылдың
басталғандығын, дәрігердің өзінің ісіне көше бастағандығы нақты бір уақытты
қамтып тұр. Оны сөйленімнің мазмұнынан анық байқаймыз. Мұндай мазмұннан (
формаға қарайғы бағытқа негізделетін зерттеу құрылымдық грамматикадағы
белгілі бір деңгейге жататын тілдік құралдар шеңберінен шығып, одан күрделі
әр деңгейге жататын тілдік құралдарды тұтастықта алып қарауға мүмкіндік
береді.
ФСӨ-лердің құрылымына қарай бірнегізді және көпнегізді деп бөлеміз.
Көпнегізді ФСӨ-лер өз ішінде құрылым жағынан екі топқа ажырайды. Бірі −
босаң (диффузный) құрылымды өріс: мұндай өріс типтерінің құрылымындағы
орталық (ядро, негіз) бөлік пен шеткі (перифериялық) бөліктерін, жалпы өріс
құрамындағы тілдік құралдардың байланысын анықтау қиын. Мысалы, белгілілік,
белгісіздік өрісі. Қазақ тілінде белгілілікбелгісіздік функционалды-
семантикалық категориясының өрісін сілтеу есімдіктері мен жалпылау,
белгісіздік есімдіктері, ал шеткері аймағын тәуелдік жалғаулары, табыс
септігі, көптік жалғаулары, синтаксистік құралдар құрайды [31, 18]. Яғни
қазақ тіліндегі, сонымен қатар орыс тіліндегі де белгілілікбелгісіздік
категориялары ФСӨ түзуде тілдік жүйедегі белгілі бір морфологиялық
категорияны негіз не өзек етіп алмайды. Бұл мағыналарды беретін тілдік
құралдар тілдің әр деңгейінде жатқан, әрі белгілі бір грамматикалық
категорияның немесе топтың өзі емес, оның жекелеген мүшелерінен тұрады.
ФСП ОНО в русском языке представляет собой тип поля, характеризующегося
сложной полицентрической структурой [32, 187].
Екіншісі − орталық бөлігі айқын көрініп тұратын қатаң (компактной)
құрылымды көпнегізді өріс: субъектілік-объектілік. Бұл өріс негізінен
грамматикалық септік категориясына негізделеді, бастауыш қызметіндегі атау
септік формасында тұрған зат есімдер мен есімдіктер субъектілік өрісінің
орталығы, өзегі болады. Алайда септік бұл ФСӨ-лердің жалғыз орталық бөлігі
емес, осы субъектілік-объектілік қатынасты білдіретін басқа да тілдік
құралдарды негіз етуі мүмкін. Екінші бір зерттеу жұмыстарында қатаң
құрылымды көпнегізді өріс бірнегізді өрістің екінші түріне жатқызылып,
кешенді (геторогенді) бірнегізді өріс (шақтық локалдылық) деп аталады. Және
ол былайша түсіндіріледі: Қатаң құрылымды көпнегізді өрістерді ядро
тұрақсыздығына қарамастан бірнегізді өрістер қатарында қарау қажет. Өйткені
мұндай өрістердегі тілдік құралдар өрістің әртүрлі орталығын (ядросын)
құрамайды. Олар өріс ішіндегі бір орталықтың бір-бірімен өзара әрекеттесіп,
байланыста болатын элементтері. Сондықтан мұндай өрістер орталық және
периферияға ажыратылмайды [33, 234].
Тілде локалдылық бейлокалдылық мағынаны анықтауға құрылған түрлі тіл
деңгейіндегі тілдік бірліктер жүйесі тұрпат межесі тұрғысынан түсіндіріле
отырып топтасады. Міне, осы топтама шақтық локалдылықтың функционалды-
самантикалық өрісін тудырады. Басқа өрістер секілді шақтық локалдылық
өрісінің де орталық компонентері болады. Ол орталықты білдіретін тілдік
бірліктер − субъекті мен объектінің нақтылығын жалпылығын білдіретін
тілдік бірліктер. Олар: халық, адамзат, әркім кейбір, кезкелген, уақыт,
өмір, тарих. сондай-ақ жақтық-жалпылық мәндегі синтаксистік құрылымдар:
Қайратыңа әдісіңді жолдас ет, әдісіңе ақылыңды жолдас ет және жалпылық
мәндегі белгісіз-жақтық синтаксистік құрылым: Түйедей бойың болғанша,
оймақтай ойың болсын. Бейлокалдылықтың орталығына мынадай пысықтауыштарды
жатқызуға болады: кейде, ылғи, әдеттегідей, жылда, жыл сайын. Шақтық
локалдылық өрісінің шеткері аймағы (периферия) ретінде етістік категориялар
атауға болады, басқа компоненттерінің арасында локалдылық пен
бейлокалдылықты көрсететін ең негізгі әрі маңызды амал-тәсілдер қатарына
жатады. Бұл етістік категориялар шақтық локалдылық шақтық
бейлокалдылықтың семантикасын анықтауда үлкен сұранысқа ие.
Демек, көпнегізді ФСӨ-лер бір ғана грамматикалық орталықтан тұрмайды,
орталық болу қызметінде кемінде екі тілдік құрал болу қажет саналады.
Мұндай көпнегізді өрістер бірнегізді өрістерге ұқсас болып келеді. Ал босаң
құрылымды (орталықты) өріс көпнегізді (полицентрический) өрістердің негізін
құрайды. Мұндай өрістердің орталық бөлігі тұрақсыз, және олар тілдің әр
деңгейінде шашырап жатады. Сонымен қатар макроөріс құрамындағы әрбір
өрістің (микроөрістің) өзінің орталығы мен шеткі (перифериялық)
компоненттері болады. Зерттеу еңбектерінде мұндай көпнегізді өрістердің
бірнегізді өрістерге қарағанда көп екендігі айтылады. Бұл әр тілдің
табиғаты мен құрылымдық ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Ал
қазақ тіліндегі мұндай қорытынды тұжырымды функционалды бағытта ФСӨ-лер
толық зерттеліп біткеннен кейін ғана айтуға болады деп ойлаймыз [13, 143].
ФСӨ болғаннан кейін оның ядросы (орталығы, негізгі өріс) мен перифериясы
(шеткері аймақ) болады. Тілде белгілі бір мағынаны беруде өзіне тән тілдік
бірліктер болады, сонымен қоса сол мағынаны ашып кең түрде жеткізу үшін
қолданылатын қосымша тілдік құралдар да болады [34, 293]. Мысалы, қазақ
тіліндегі шақтық мағынаны білдіретін басты орталық − шақ көрсеткіштері
болса, ал оған қосымша шеткері аймағына уақытты білдіріп тұрған басқа да
лексикалық бірліктер, синтаксистік құрылымдар кіреді. Әдетте грамматикалық
категорияларды білдіретін арнайы грамматикалық формалар қатары болатын, ал
кейбір категорияларды білдіріп тұратын не арнайы грамматикалық формасы, не
синтаксистік құрылымы болмайтын сәттер де кездеседі. Бірақ өзінің мән-
мағынасын, қызметін басқа грамматикалық категориялармен және мәтінмен
біріге отырып әрі тығыз байланыса отырып атқара алады. Мұндай категорияға
шақтық локалдылықшақтық бейлокалдылық категориясын жатқызамыз. Қазақ
тілінде шақтық локалдылықшақтық бейлокалдылықтың ерекшелігін білдіретін
арнайы грамматикалық формалар жоқ, бірақ осы ерекшелікті көрсететін басқа
да грамматикалық категориялар бар. Олар амалдың өту сипаты категориясы, шақ
категориясы, рай категориясы, модалдік категориясы. Тіл білімінде
моноорталық және полиорталық деген екі ұғым бар. Моноорталық және
полиорталық грамматикалық категориялардың бар-жоғына қарамайды. Яғни
грамматикалық категориялардың қатысуы міндетті емес. Негізгі ұғым пайда
болса, ол моноорталық болуы мүмкін, моноорталықтың өзі іштей әлсіз немесе
бәсең орталық деп және күшті немесе қатаң орталық болып жіктеледі. Күшті
(қатты) моноорталық дегеніміз − қатты абстракцияның жоғарғы деңгейіне дейін
жеткені. Яғни ол − грамматикалық категория. Егер сол грамматикалық
категорияның деңгейіне жетпесе, онда ол − әлсіз (бәсең) орталық болып
есептеледі. Шақтық локалдылық шақтық бейлокалдылық өрісінде екеу, үшеу
және одан да көп автономды орта жоқ. Сол себепті шақтық локалдылық өрісі
ФСӨ-тің полиорталықты типіне жатпайды. Шақтық локалдылық өрісін арнайы
күрделенген ішкі гетерогенді құрылымы бар және бір-бірімен тығыз байланысты
әртүрлі деңгейдегі тілдік компоненттері жүйесінен тұратын ФСӨ-тің бәсең
монорталық болып табылатын ерекше бір түріне жатқызу керек.
Сонымен, морфологиялық категориялар ФСӨ-лердің жалғыз грамматикалық
орталығы, грамматикалық негізі емес. Ал бірнегізді өрістер орталықты
құрайтын бір тілдік жүйе бірліктері мен оның тілдік ортасынан тұрса,
көпнегізді өрістер бірнеше (екі, үш, және одан да көп) грамматикалық не
лексика-грамматикалық жүйе мен олардың әрқайсысының тілдік орталарының
бірлігінен тұрады. Демек бірнегізді өрістерде жүйе-орта құрылымы біреу
ғана болса, көпнегізді өрістерде жүйе-орта құрылымының бірнешеуі (екі, үш
не одан да көп) болады. Мұндағы жүйе деп отырғанымыз өріс орталығы, ал
орта сол өрістің қосалқы бөліктері (перифериясы), сөйлеу жағдаяттары,
контекст т.б. [13, 144].
Ал функционалды семантикалық категориялар сөйлеу жүйесінде ФСӨ-лер
құрумен сипатталады. ФСӨ ішкі мазмұннан және соны беретін тілдік
құралдардың бірлігінен тұрады. ФСӨ-нің ішкі мазмұнын семантикалық
категориялар (темпоралдылық, аспектуалдылық, персоналдылық т.б.) құраса,
сыртқы тұрпатын лексикалық, грамматикалық құралдар құрайды. ФСӨ-тің ішкі
мазмұнын оның мазмұн межесі, ал тілдік құралдар бірлігін оның тұрпат межесі
деуге болады. Семантикалық категория ретінде қарастырылғанда басқа
семантикалық категориялардан ерекшеліктері, басқа семантикалық
категориялармен байланысы, астас келу сипаттарына талдау жасалады, талдау
кезінде мағынадан формаға қарайғы бағыты ұстанады. семантикалық
категорияларды анықтау кезінде, ең алдымен, мағынадан формаға қарайғы
зерттеу бағыты бойынша талдау жасалады. Грамматикалық шақ категориясы шақ
формалары арқылы грамматикалық шақ мағынасын білдірсе, шақтың семантикалық
категориясы сөйлеуден көрінетін әр деңгейге жататын тілдік құралдар арқылы
қимылдың өту мерзімін білдіреді. Бірінде мағына бір грамматикалық форма
арқылы беріледі, екіншісінде әр деңгейге жататын тілдік құралдар кешені
арқылы беріледі [13, 144]. Шақтық локалдылық семантикалық категориясы
сөйлеу жағдаятындағы қимылдың нақтылығын бір уақыт бойымен өлшей отырып,
орналасу орнының анықтығынжалпылығын, ұдайы шақтылығын, қайта қайталануын,
барлық шақта қолданыс табатындығын сипаттайды.
Локалдылық бейлокалдылық грамматикалық категория емес деп санаймыз
(егер бір-біріне қарама-қарсы қойылған грамматикалық формаларды осы жүйеде
анықтасақ), ол − түрлі деңгейдегі амал-тәсілдер жүйесінің оппозициясы.
Шақтық локалдылықтың орталық компоненттері қатарына субъекті мен объектінің
конкреттікжинақтық ұғымын білдіретін амал-тәсілдер енеді. Топталған
субъектілер (әркім, кез келген, адамдар, уақыт, өмір, тарих т.б.) және
сөйленімнің синтаксистік құрылымында кездесетін жинақты-жақтық (обобщенно-
личные) ұғымдағы субъекті мен қимыл-қозғалыс жинақты қызмет атқарады:
Қайратыңа әдісіңді жолдас ет, әдісіңе ақылыңды жолдас ет. Мұндағы бастауыш
мүше сен жасырын тұр, әмбе көпшілікке қаратылып айтылған қанатты сөз
болады, яғни субъекті жалпылық қызметте тұр, сонымен қоса жинақтық ұғымдағы
белгісіз-жақтық (неопределенно-личные) тілдік бірліктерді де бір-бірімен
салыстыра отырып бейлокалдық өрісіннің функционалдық семантикасын
көрсетеміз: Түйедей бойың болғанша, оймақтай ойың болсын. Бұл сөйлемде
бастауыш мүше жоқ, яғни субъекті белгісіз. Шақтық бейлокалдылықты
білдірудегі бірден бір ең маңызды сөйлем мүшесі – пысықтауыш: кейде, күнде,
ылғи, жыл сайын, күн сайын, ертең, әрқашан. Етістіктің мағыналық бір түрі
шақтық локалдылықтың басқа компоненттерінің арасында локалдылық пен
бейлокалдылықты көрсететін ең негізгі әрі маңызды амал-тәсілдер қатарына
жатады. Бұл етістіктерді шақтық бейлокалдылықтың семантикалық белгісін
анықтауда қолданамыз.
Субъектінің кеңістіктегі қалпын білдіретін етістіктер. Бұл ұғымдағы
етістіктер адам немесе жанды-жансыз заттардың еш қозғалыссыз бір қалыптағы
күйін білдіреді. Бір кішкене бөлмеде Мұқан ұйықтай алмай жатты
(Қ. Әбдіқадыров). Қасында не аяқ жағында көрпенің астында Көксерек жатады
(М. Әуезов).
Үздіксіз қайта-қайта қайталануды білдіретін көмекші етістіктер. Бұл
амал-әрекетер созылыңқылық сипатта емес, тез жасалатын табиғат құбылысына
қатысты және еш қозғалыссыз бір орындағы мекендік мағына береді (кіру,
шығу, отыру, тұру): Қар жауып тұр. Сәкен кітап оқып отыр.
Амалдың созылыңқы сипат алатындығын аңғартатын етістіктер. Бұл
етістіктерде дерексіз ұғым басымырақ. Созылыңқылық мағына қимылды жүзеге
асыратын адамның бір қалыптағы жай-күйінен көрінеді: Ол қатты ойланып
отыр. Сәкен бар білгенін айтып отыр.
Қимыл-әрекеттерді жол-жөнекей жүзеге асыратын етістіктер. Амал-
әрекеттің жол-жөнекей нысанға қатысты жасалу қарқыны, жасалу тәсілі жағынан
созылыңқы мағына беретіндігін көруге болады. Кітап оқи отыр. Тамақ ала
отыр.
Іс-әрекеттің күнделікті қалыптағы күйін аңғартатын етістіктер. Бұл
етістіктерден осы шақтық мағына беріп тұрғандығы және қимылдың күнделікті
жай-күйін аңғартатын бейтараптық мағына көрінеді. Кітап оқып отыр.Түскі
асын ішіп отыр.
Қимыл-әрекеттің бір уақыт өсіне тәуелді тұрғанын анықтайтын етістіктер
уақытқа қатысты нақтылық мағынаны білдіреді. Кітап оқи отыр. Түс ауғанша
сен мына кітапты оқып отыр.
Жоғарыда сөз болған мәселелерге қарай отырып, біз шақтық локалдылықты
арнайы грамматикалық формалар жүйесі бар ФСӨ-тердің бірі деп тани аламыз.
Бұл өрісте екеу, үшеу және одан да көп автономды орта жоқтың қасы. Сол
себепті шақтық локалдылық өрісі ФСӨ-тің полиорталық типіне жатпайды. Шақтық
локалдылық өрісін арнайы күрделенген ішкі гетерогенді құрылымы бар және бір-
бірімен тығыз байланысты әртүрлі деңгейдегі тілдік компоненттері жүйесінен
тұратын ФСӨ-тің моноорталық болып табылатын ерекше бір түріне жатқызу
керек. Кейінгі зерттеулерде шақтық локалдылықты семантикалық категория
ретінде тану үшін оның құрамындағы семантикалық сыңарлардың оппозициялық
қатынаста болу керектігі атап көрсетіледі. Шақтық локалдылық ұғымы
локалдылық бейлокалдылық деп көрсетілген екі элементтің бір біріне қарама-
қарсы мағына білдіруімен түсіндіріледі. Яғни іс-әрекеттің кез келген бір
нақты орын мен уақытқа тәуелділігі және іс-әрекеттің кез келген емес,
дағдылы бір ғана уақытқа тәуелділігі, яғни ұдайы шақтылығы. Шақтық
локалдылық ұғымын функционалды-семантикалық өріс ретінде тіл ғылымына алғаш
поляк ғалымы Эрвин Кошмидер енгізді. Ол бұл категорияны аса бай
тілдіктілдік емес факторлар негізінде күнтізбелік-хронологиялық жағынан
талдап, нақты шақтық пен ұдайы шақтылықты өзара қарама-қарсы оппозиция
түрінде сипаттай келе, олардың семантикалық ортасын анықтап берді.
Э. Кошмидердің айтуы бойынша, шақтық локалдылықтың негізгі мазмұны бір
қырынан алғанда, нақты фактілердің өзіндік өту орнының бір бағыттағы уақыт
бөлігімен байланысты болса, екінші қырынан, жалпы абстрактілі фактілердің
анық түрде орны белгісіз және олардың белгілі бір уақыт бөлігіне тәуелсіз
екендігін көрсетеді [35, 9]. Қазақ тілінде бұл семантикалық категорияның
белгілі бір арнайыланған тұрақты грамматикалық формасы болмайды. Іс-
әрекеттің бір уақытқа тәуелді, тәуелді емес екендігін мәтінге байланысты
анықтай аламыз, мәтінде нақты шақтылық пен жалпы шақтылық оппозициялық
қатынасы ашылады: Сол майдың 15-күні күн еңкейе жылқы суға жабылып, қара
құл қауғаны қайқая тартып, жылқыны қандырып шығарып жатыр (Ш.
Құдайбердиев). Сүйікті ер білген сырын сыртқа жаймас, артыңнан бір ауыз сөз
айтып күлмес (Абай).
Локалдылық ұғымы бір бағыттағы, ассиметриялы түрде қайталанбайтын уақыт
бірлігін сипаттайды, мұнда сөз болып отырған мәселе: тілдік семантикада
түрлі іс-әрекеттер мен процестердің нақтылы орны мен олардың бір бағытта,
қайталанбайтын уақыт бірлігіне тәуелділігі. Ал бейлокалдық (жалпылық)
ұғымында ұдайы шақтылық бірлігіндегі ойлау процестері, психологиялық және
эмоционалдық факторлар адам сана-сезімінде жалпы (абстрактілі) түрде
көрініс береді. Іс-әрекеттің белгілі бір шақтың бөлігіндегі локалдылықтың
семантикалық мағынасы жағынан мынандай уақыттың екі қырын даралап
көрсетпекпіз: 1) семантикалық белгі темпоралдылық категориясымен тығыз
байланысты екендігін аңғартады, белгілі бір уақыт бөлігіне іс-әрекеттің
тәуелділігі, сол оқиғаның кейбір жағдайларда анық көрінбей тұратындығы
немесе нақты бір уақытқа тәуелді екендігі айқындалады; 2) семантикалық
белгісі локалдылықтың аспектуалдылық категориясымен де тығыз қатынаста
болады, яғни іс-әрекеттің өту сипаты етістіктің аяқталған және аяқталмаған
формаларына әсер ететіндігін көрсетеді. Нақты бір уақыттағы және ұдайы
шақтылықтағы іс-әрекеттің өту сипатын мәтінге байланысты анықтайды.
Орыс тілінде функционалды грамматиканың негізін салушы А.В. Бондарконың
еңбегінде ұдайы шақтылықта өтетін іс-әрекеттің үш түрі айқындалған: нақты
қайталау (простая повторяемость), дағдылы қайталау (узуальность),
топтаcтырылған қайталау (генерализованная повторяемость). Осы аталған
локалды емес іс-әрекеттер етістіктің тиянақталмаған түріне сай келеді де,
локалды іс-әрекеттерге бір ыңғайланған және топтастырылған қимыл-әрекеттер
етістіктің аяқталған түріне сәйкес келеді [36, 217].
Тіл білімінің қай саласын алсақ та, өзінің жеке бір зерттеу объектісі,
мақсаты, міндеті, әдіс-тәсілдері, зерттеу қырлары болады. Сол сияқты шақтық
локалдылық категориясының да басты назарға алатын екі негізгі аспектісі
бар: 1) нақтылық, белгілі бір уақыт осіндегі іс-әрекеттің орны мен
жағдайлардың анықтылығына және белгілі бір уақыт бөлігіне немесе белгілі
бір кезеңге тәуелділігі; 2) нақты емес, анық шегі жоқ қайталаулар,
күнделікті әдет, уақыттан тыс іс-әрекеттер (вневременность), ұдайы шақтылық
(всевременность), барлық шаққа байланысты іс-қимылдың өту сипаты, іс-қимыл
не бұрын өтіп кеткен, не келешекте орындалады немесе орындалды. Осы
көрсетілген қыры локалды іс-әрекеттер мен бейлокалды іс-әрекеттерді
ажыратуға үлкен септігін тигізері анық.
Э. Кошмидердің шақтық локалдылықты ерекше бір семантикалық
(ноэматикалық) категория ретінде алғаш ұсынып, даралап берген концепциясы
оны тіл білімінде одан әрі зерттеп, толықтыруға өз ықпалын тигізеді.
Шақтық локалдылық – неміс тіліндегі Zeitstellenwert және поляк
тіліндегі Wortosc miejes cowa wczasie терминінен өз концепциясы негізінде
аударылған және ғылымға енген тілдік категория [35, 131].
Функционалды грамматикада функционалды-семантикалық өріс ретінде
танылып жүрген шақтық локалдылық терминімен қатар, осы ұғымда
түсіндірілетін іс-әрекеттің өту орнына, уақытына байланысты қолданылатын
кеңістік локалдылық [37, 133], кеңістік қатынас, локалдылық қатынас
терминдері бірінің орнына бірі алмастырыла жұмсала береді. Одан шақтық
локалдылықтың функционалды семантикасы өзгермейді.
Локативтілік – кеңістіктік қатынас категориясын тілдік деңгейде
түсіндіретін семантикалық категория. Сонымен қатар, кеңістіктік
қатынастардың тілдің әртүрлі деңгейлік амал-тәсілдермен тығыз
байланыстылығы оны ФСӨ ретінде тануға мүмкіндік береді [38, 265].
Локативтіліктің ФСӨ-інде бір-біріне қарама-қарсы қойылатын бірнеше орталық
болмайды. Сол себепті ФСӨ-тердің полиорталықты түріне жатқызылмайды,
сонымен қоса локативтілік өрісте бірыңғай жүйедегі қарама-қарсы қойылған
грамматикалық формалар жоқ, бар болған жағдайда олар ФСӨ-тің біртұтас
грамматикалық ядросы қызметін атқарушы еді. Бірақ әртүрлі деңгейдегі тілдік
амал-тәсілдер топтамасы локативтік қызметте үлкен рөл атқаратыны көрініп
тұр, дегенмен олар бірыңғай тұтас жүйе бола алмайды. Локативтілік әдетте
моноорталықты ФСӨ қатарына жатады, өзінің гетерогендік ядросымен
ерекшеленеді [39, 34-35].
Локативтілік категориясының тілдік көріністері предикаттық және
пысықтауыштық қатынаспен байланысты болып келеді. Предикат кеңістіктік
сәйкестікті арттырады, күшейте түседі. Кеңістіктік қатынас локативтік ұғымы
негізінде сипатталады. Бұл дегеніміз әртүрлі тәсілдермен берілген типтік
мазмұндық құрылым, ал бұл құрылым семантикалық категорияға, локативтік
өріске, жалпы жағдайды білдіретін кеңістіктік қатынастың бір қырына
негізделеді, топтастырылады.
Локалдылық пен бейлокалдылық категориясының семантикалық құрылымы
әртүрлі және бұл құрылым әртүрлі варианттар жүйесінің тілдік деңгейлерін
тиісті амал-тәсілдермен байланыстыра отырып, шақтық локалдылықтың
функционалды-семантикалық өрісін тудырады. Тілдегі басқа да ФСӨ-тер
секілді, локалдылықбейлокалдылық өрісі де солай әртүрлі деңгейдегі тіл
құралдары қызметін бір ғана негізде қарастырады.
Сөйлемде етістіктің түрлерін көрсететін грамматикалық формалар
локалдылықбейлокалдылықты білдіруде өзіндік семантикалық потенция
(мүмкіндігі) әртүрлі болып келетіндігіне баса назар аудартады [40, 41].
Етістіктің аяқталмаған түрінің локалдылықбейлокалдылық семантикасын
ажырататыны белгілі және екеуімен де оңай түрде тығыз байланысады. Ал
етістіктің аяқталған түрі тек қана локалдылыққа ғана қатысты қолданылады.
Бұл категориялардың мағына жігін ажыратып беруде тек қана етістіктің екі
түрі емес, сонымен қоса шақ категориясы да өз қызметін көрсетеді.
Локалдылық бейлокалдылық – әртүрлі деңгейдегі тілдік амал-тәсілдердің
оппозициясы. Шақтық локалдылық өрісіндегі орталық сыңарлар қатарына
субъекті мен объектінің нақтылық жалпылық ұғымдарын білдіретін тәсілдер
енеді: топталып келетін субъекті: адам, жұртшылық, уақыт, өмір, тарих.
Субъектінің іс-әрекетті жалпы түрде көрсететін синтаксистік құрылымы: Құда
болмай, құл билігін сұра, құда болған соң құл да болса сыйла; жалпы
ұғымдағы анық емес, жеке синтаксистік құрылым: Су сүзілмейді, сүйек
үзілмейді.
Локалдылықбейлокалдылық ұғымын лексикалық мағынасы бар етістіктер де,
сонымен қоса етістіктің түрлері де білдіреді. Олар байқалатын және
байқалмайтын (негізгі етістіктер мен құранды етістіктер) іс-әрекеттер
болуы мүмкін. Мысалы: төкті, жазды, сызды, сыпырды, сындырды т.б. Бұл
етістіктер нақты түрдегі локалдылықты білдіріп тұр, ал басқа қырлы
қолданыстағы етістіктер (жігері қайтты, ашық ауызданды). Нақты түрдегі
локалдылықты емес, бейлокалдылықты көрсетеді.
Қай тілді алып қарасақ та, локалдылықбейлокалдылық категориясы іс-
әрекеттің белгілі бір шақтағы семантикасын сол тілдегі арнайы формальды
грамматикалық ұғыммен қоса қамтылады. Бұл тұрғыдан қарастыру үшін ағылшын
тілінің маманы Х. Мерчендтің айтуы бойынша: егер іс-әрекет динамикалық
түрде дамыса, тілдегі прогрессивті (үдемелі) форманың негізгі қызметі бір
ғана іс әрекетке телулі болады. Оны мына түрдегі сөйлемдер көрсетеді:
Пекарь печет хлеб; Мой брат посещает колледж. Егер іс-әрекет нақ осы шаққа
тән, шектеулі болса (It is raining – идет дождь; I am reading – читаю),
онда прогрессивті (үдемелі) форма міндетті түрде керек және ол жай осы
шақпен алмастырылмайды, – дейді [41, 16]. Осы айтылғаннан байқайтынымыз,
ағылшынның прогрессивті формасының категориялық жағдаяты белгілі бір шақта
қолданылатын нақты түрдегі локалдылық белгілермен астасып жатады. Былайша
айтқанда, нақты процестік ұғымды білдіреді.
Локалдылық бейлокалдылық семантикалық категориясын оппозиция ретінде
алып қарау бір-біріне қарама-қайшы қолданылатын грамматикалық форма
мазмұнын ашуда бұл екі сыңар ең маңызды және негізгі рөл атқарады.
Кеңістіктік қатынас әдетте шақ ұғымымен қатар қарастырылады, базалық
қарым-қатынастың бір түрі (типі) болып табылады, осы статусында ол белгілі
дәрежеде түрлі тілдік формаларға әсер етеді. Кеңістіктік қатынастар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ және ағылышын тілдеріндегі нақ осы шақтың функционалды - семантикалық сипаты
НАҚ ОСЫ ШАҚ СУБКАТЕГОРИЯСЫНЫҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
Қазіргі ағылшын тілінің құрылымын анықтау
Ағылшын және қазақ тілдік саналарындағы уақыт концептісінің ерекшеліктері
Қазақ этнолингвистикасына қатысты мәселелермен акд
Қазақ/ағылшын тілдеріндегі етістіктер
Мектепте орта деңгейде ағылшын тілі грамматикасын қазақ тілі грамматикасымен салыстырып оқыту
Perfect форма қолданылатын жағдай
Мақал - сөздің мәйегі
Сабақтас құрмалас сөйлемдер
Пәндер