Сот үкімі және басты сот талқылауы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3-5
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Әрбір қымбат қазынаның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың бірден-бір жолы қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырумен байланысты.
Сот әділдігін жүзеге асырудың негізгі нысаны - басты сот талқылауы болса, оның орталық кезеңі сот тергеуі болып табылады. ҚР ҚІЖК 311-бабының 3-бөлігіне сәйкес, соттың үкімі тек сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге ғана негізделуі тиіс [1, 128-бет] . Осыған орай, сот тергеуі барысында барлық дәлелдемелер тікелей, ауызша тексеріліп, зерттеледі, айыптау және қорғау тараптарымен қосымша дәлелдемелер ұсынылады, соның негізінде сот жарыссөзінің негізі құрылып, соттың ішкі сенімі бойынша бағалануға жатады.
1997 жылы 13 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі (әрі қарай ҚР ҚІЖК) басты сот талқылауының екі нысанын қарастырған - жалпы тәртіппен және қысқартылған тәртіппен басты сот талқылауы, ал 2006 жылдан бастап алқабилердің қатысуымен басты сот талқылауы күрделенген нысанда жүзеге асырылуда.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Аталған дипломдық жұмыстың мақсаты, сот тергеуіне қатысушылардың ролін сараптай отырып, іс бойынша ақиқатты анықтаудағы сот тергеуінің маңыздылығын көрсету; айыптау және қорғау тараптарының өзара құқықтық қатынастарына кешенді сараптау жүргізу арқылы олардың тең құқықтылығын салыстыру және бәсекелестік қағидасының шынайы жүзеге асырылуын зерттеу; сондай-ақ жекелеген санаттағы қылмыстық істер бойынша сот тергеуінің ерекшеліктерін зерттеу және оны жетілдіруге бағытталған ұсыныстар беру. Басты сот талқылауы орталық кезеңінің теориялық, әдістемелік және құқықтық негіздерін, сот тәжірибесін зерттеу негізінде қылмыстық іс жүргізудегі сот тергеуін жетілдіруге бағытталған тұжырымдар жасап, ұсыныстар беру аталған жұмыстың мақсатын құрайды.
Жұмыстың пәні. Сот талқылауының тәртібін, негіздері мен шарттарын реттейтін қылмыстық іс жүргізу заңы, сот талқылауы субъектілерінің іс жүргізудегі мәртебесі, сонымен қатар оны жүзеге асыру барысындағы қылмыстық іс жүргізу қатынастары ғылыми зерттеудің пәні ретінде танылады.
Жұмыстың объектісі. Қылмыстық іс бойынша сот әділдігін жүзеге асыру барысындағы сот талқылауы кезеңінің қызметі диссертациялық зерттеудің объектісі болып табылады.
Жұмыстың әдістемелік, нормативтік-құқықтық және ғылыми негіздері. Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізін тарихи және диалектикалық материализм ережелері құрайды. Зерттеуде жалпы ғылыми және жеке әдістермен қатар, анализ, синтез, салыстырмалы құқық, логикалық, әлеуметтік, тарихи және статистикалық сияқты жалпы әдістер қолданылды.
30 тамыз 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР ҚІЖК, қылмыстық іс жүргізу қатынастарын реттейтін заңдар, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары, сондай-ақ жекелеген шет мемлекеттерінің қылмыстық іс жүргізу заңнамалары зерттеудің нормативтік құқықтық негізін құрайды.
Зерттеу барысында автор, философия, құқық теориясы, қылмыстық іс жүргізу, дәлелдемелер теориясы, криминалистика, басқа да құқық саласындағы ғалымдардың еңбектеріне сүйенді.
Жұмыстың эмпирикалық базасы. Жұмыстың эмпирикалық базасын құрайтын деректер ретінде судьялардан, мемлекеттік айыптаушылардан, қорғаушылардан жүргізілген 217 сұраунамалар мен сауалнамалық деректер және 2006-2010 жылдар бойынша мұрағаттағы 209 қылмыстық істер қарастырылды (Астана, Алматы, Қарағанды қалаларының аудандық соттары), сот талқылауының тәжірибелік ерекшелігін ескере отырып, диссертант оны жетілдіру үшін бірнеше шаралар қолдануды ұсынды.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Кеңестік және қазіргі таңдағы заң әдебиеттерінде, қылмыстық іс жүргізу оқулықтарында басты сот талқылауының жекелеген кезеңдеріне көңіл бөлінгенмен, сот талқылауына қатысты мәселелерге жеткілікті көңіл аударылмаған. Сонымен қатар, соңғы он жыл көлемінде Қазақстан Республикасының қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруға қатысты елеулі өзгерістерді ескере отырып, сот тергеуі институтын жетілдіруге бағытталған зерттеу жұмысы, оның ғылыми жаңалығын сипаттайды. Сот талқылауында бәсекелестік қағидасының тәжірибеде толық көлемде жүзеге асуын анықтау және жүйелендіру, қылмыстық іс жүргізу заңында орын алған кемшіліктері, оларды жоққа шығару үшін жасалған ұсыныстармен қатар, автор бірінші рет сот тергеуінде соттың дәледемелерді жинау өкілеттіктерін қарастыру, прокуратура органы құрылымында арнайы мемлекеттік айыптау қызметін құру сияқты мәселелерді қарастырып отыр. Жұмыс барысын қорытындылай келе, қорғауға шығарылатын мынадай тұжырымдармен сипатталып отыр.
Қорғауға шығарылатын тұжырымдар:
1. Қылмыстық іс жүргізу барысында азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау жолымен ақиқатты анықтау - Қазақстан Республикасының қылмыстық сот ісін жүргізудің мақсатын білдіреді және оны заңды түрде бекіту ұсынылады.
2. Сот талқылауы ұғымы келесідей мазмұнда беріледі. Сот талқылауы - соттың қылмыстық істегі және сот отырысында тараптармен табыс етілген дәлелдемелерді зерттейтін сот тергеуінің басты кезеңі.
3. Сот талқылауындағы дәлелдеу субъектілері мақсаттарының бір-біріне қайшы келуі сот тергеуінің ерекшелігін негіздейді. Сот талқылауы тараптардың айқындамалары мен әдістерінің өзара сипатталуы мен бақылануы, сот талқылауы субъектілері қызметінің ашықтығын білдіреді.
4. Дәлелдемелерді жинау бойынша соттың өкілеттік шеңберін кеңейту қажеттілігі туралы тұжырым жасалды. Себебі, соттың дәлелдемелерді дербес жинауы және зерттеуі сот тергеуінің толық, жан-жақты және объективті зерттелуінің бірден-бір кепілі. Осыған орай, қылмыстық іс жүргізу заңында нақтыланған барлық сот іс-әрекеттерін тараптардың өтіншімен қатар, өз бастамшылығы бойынша да жүргізу құқығын реттеу ұсынылады.
5. Сот талқылауы шеңберінде дәлелдемелерді жинауды, зерттеуді, бағалауды жүзеге асыра отырып, заңды шешім қабылдау мақсатында оларды пайдалануы соттың дәлелдеу субъектісі ретінде танылуын білдіреді.
Соттың міндетінің бірі - басты сот талқылауын заңмен бекітілген тәртіпте жүргізу, процеске басшылық жасау, барлық мән-жайларды толық тексеру, зерттеу және бағалау, заңды және негізді үкім шығару. Сондықтан, төрағалық етуші процеске басшылық жасай отырып, сот отырысында тараптардан жауап алмауы, дәлелдемелерді талап етпеуі, оларды тексермеуі және зерттемеуі мүмкін емес. Демек, дәлелдеудің барлық элементтерін (жинау, зерттеу, бағалау, пайдалану) тікелей жүзеге асыруы соттың дәлелдеу субъектісі болып танылатынын дәлелдейді.
Дипломдық құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне негізделген. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және он екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Жұмыстың көлемі дипломдық жұмысқа қойылған Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес орындалған.
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС-ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТ ӨНДІРІСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
- Басты сот талқылауының түсінігі мен мағынасы
Қазақстан Республикасының Конституциясының 75-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы әділеттілк тек әділ сот арқылы ғана жүзеге асады. Әділетті сотқа жіберу мемлекеттік істің негізгі формасы болып табылады. Сот тек қана азаматтардың құқықтық қорғанысын және мемлекетті ғана қорғап қоймайды, сонымен қатар қоғамдағы демократияны (сөз бостандығын), сот және заң алдында барлығы бірдей жауап беретінін, заң негізінде әрекет етеді. Соттың үкімінсіз немесе заңсыз ешкім де біздің мемлекеттік конституциямызда қылмыстық жазаға тартылып, негізсіз айыпталмайды.
Сот талқылауында қабылданған шешімнің сапасы тек оның қылмыстық істі жүргізу заңдарының теориялық біліміне ғана емес, сонымен қатар алған білімін іс жүзінде жүзеге асыруға, жеке істерінде, алдын ала дайындық жұмыстарын ұйымдастыру, басты сот процесін білікті өткізу, екі жақтың өтініштерін дұрыс шешу, қорытынды кезеңде негізгі қаланған және заңды үкім шығара білу керек.
Қылмыстық сот процесін жүргізу соттардың жұмыс жасау уақыты шектелмейді.
Сот шешімі-қылмыстық іс қозғау және қылмыстық іс жүргізу, алдын ала тергеу жұмыстары, алдын ала тыңдауға арналған дайындық және белгіленген жұмыстарды тыңдау, бас сот талқылауы, апелляциялық іс жүргізу, үкімді орындау және қадағалау жұмыстары осылардың барлығы да қылмыстық істің негізгі сатыларының бірі [6, 215-бет] .
Істі жүргізу сатысында көп қылмыстық істер қаралып шешіледі; жан-жақты орындалады; қылмыстық іс объективті және толық зерттеледі; кінәсіздігі немесе кінәсінің аздығы туралы; сондай-ақ сезіктіні, айыпталушыны ақтайтын не олардың жауаптылығын жеңілдететін дәлелдердің бар екені анықталады. Көрсетілген әрекеттердің барлығы да қатаң конституциялық принциптер бойынша жүргізілуі тиіс.
Сот тек сот талқылауынан кейін ғана айыпталушыны айыпты деп санап, оған сай жазасын береді. Соттың үкімі тек осы сатыда ғана шығарылады. Сот шешімінде үкім қабылданып Қазақстан Республикасының атынан шығарылады.
ҚР ҚІЖК-ң 40-тарауы, яғни басты сот талқылауының жалпы шарттарында талқылауды басынан соңғы сатысына дейін арналған.
Басты сот талқылауына мыналар жатады:
1) дайындық бөлімі;
2) сот тергеуі;
3) сот жарыссөзі;
4) сотталушының соңғы сөзі;
5) үкім шығару.
Басты сот талқылауының жалпы шарттарымен, қылмыстық заңмен бекітілген нормаларымен істің мән-жайын ашып, ерекшеліктерін анықтайды, олар тұрақты және барлық қылмыстық іс жүргізудің алғашқы кезеңін өзгеріссіз қалдырады.
ҚР ҚІЖК-ң 40-тарауындағы сот талқылауының жалпы шарттарына мыналар жатады:
- сот талқылауының тікелей және ауызша болуы (ҚР ҚІЖК-ң 311 бабы) ;
- сот талқылауының жариялылығы (ҚР ҚІЖК-ң 29-бабы) [7, 12-бет] ;
- екі жақтың теңсіздігі (ҚР ҚІЖК-ң 21, 23-баптары) [8, 10-11-беттер] ;
- сот құрамының өзгертілмеуі (ҚР ҚІЖК-ң 312-бабы) ;
- запастағы судья (ҚР ҚІЖК-ң 313-бабы) ;
- төрағалық етушінің өкілеттігі (ҚР ҚІЖК-ң 314-бабы) [9, 129-бет] ;
- сотталушы адамның қатысуы (ҚР ҚІЖК-ң 315-бабы) ;
- қорғаушы мен мемлекеттік айыптаушының басты сот талқылауына қатысуы (ҚР ҚІЖК-ң 316, 317-баптары) ;
- жәбірленушінің басты сот талқылауына қатысуы (ҚР ҚІЖК-ң 318-бабы) [10, 130-бет] ;
- азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердің басты сот талқылауына қатысуы (ҚР ҚІЖК-ң 319-бабы) ;
- басты сот талқылауының шегі (ҚР ҚІЖК-ң 320-бабы) [11, 131-бет] ;
- басты сот талқылауын кейінге қалдыру және қылмыстық істі тоқтата тұру (ҚР ҚІЖК-ң 321-бабы) ;
- бұлтартпау шарасы туралы мәселені шешу (ҚР ҚІЖК-ң 322-бабы) ;
- істі қосымша тергеуге жіберу (ҚР ҚІЖК-ң 323-бабы) ;
- басты сот талқылауында істі тоқтату (ҚР ҚІЖК-ң 324-бабы) ;
- басты сот талқылауында қаулы шығару тәртібі (ҚР ҚІЖК-ң 325-бабы) [12, 132-бет] ;
- басты сот талқылауының тәртібі (ҚР ҚІЖК-ң 326-бабы) ;
- басты сот талқылауындатәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын шаралар (ҚР ҚІЖК-ң 327-бабы) ;
- басты сот талқылауының хаттамасы және ескертпелері (ҚР ҚІЖК-ң 328, 329-баптары) [13, 189-бет] ;
- басты сот талқылауының хаттамасына ескертпелерді қарау (ҚР ҚІЖК-ң 330-бабы) .
Соттың талқылауы қылмыстық процесс принциптерінің негізінде құрылған. Сот процесінде қылмыстық процестің негізгі бөлігі орындалады. Бұндай жағдайда жалпы сот талқылауының түрлерін қарастырып, оның қысқаша мінездемесін беру керек.
Сот талқылауының тікелей болуы сот іске қатысы бар адамдардың барлығын тыңдап, дәлелдерді жариялауы тиіс. Сот отырысы кезінде келтірілген дәлелдердің негізінде ғана сот үкім шығара алады. Сот төрешісі тек материалдық дәлелдемелермен және басқа да іс хаттамасымен танысып қана қоймайды, сонымен қоса ол міндетті түрде оларды қарауға, сотталушылардан, жәбірленушілерден жауап алуға, сарапшыларды тыңдауға, хаттамалар мен өзге де құжаттарды тексеруі тиіс. Соттың өзімен зерттелмеген және хаттамада көрсетілмеген дәлелдерге сот жүгіне алмайды.
Сондай-ақ жәбірленушіден, куәгерден заңсыз алынған мәлімдемелерді қабылдауға жіберілуі мүмкін, ал егер сот құрамы өзгертілген жағдайда сот отырысында алынған дәлелдер үкім шығаруға негізсіз, себебі, сот талқылауы сот әрекетін жаңадан, төрағалық етушіні, сот төрешісін, прокурорды, қорғаушыны және басқаларын таныстырудан бастауы керек.
Ауызша түрде жауаптар мен тергеу жұмыстарының хаттамасы, тексеру актілері, өзге де құжаттарды тексеру жұмыстары сот талқылауының басты шарттарының бірі. Сот міндетті түрде сотталушыдан, жәбірленушіден, куәгерден жауап алған кезде ауызша сұрақ қойып, одан жауапты ауызша алып, оны ауызша талқылайды. Сонымен қатар процестегі жекеленген істер жазбаша орындалады.
Сот талқылауының тікелей және ауызша болуы сот отырысына қатысып отырғандардың іс жөнінде заңда көрсетілген, дәлелдеуге негіз болатын мәлімдемелер мен дәлелдерге қанық болады. Бұл-куәгерлердің, айыпталушының, жәбірленушінің және басқаларының жауаптары. Тек ерекше жағдайларда ғана, яғни ҚР ҚІЖК-ң 353-бабында көрсетілген жағдайда ғана олардың айғақтары жария етілуі мүмкін [14, 138-бет] .
Жариялылық-бұл сот талқылауындағы сөз бостандығы. Сот отырысына халықтың қатысуына, сот процесінің жүруіне, естігендері мен көргендері жайлы бұқаралық ақпарат құралдарымен бөлісуге болады. Сот кеңесінен басқа процестің барлығы да жариялылық принципі негізінде жүзеге асады.
Сот талқылауының үзілмеуі, басталған іс жөнінде шешім қабылдамайынша сот басқа іске көшуі мүмкін емес. Жан-жақтылық-сот тергеуі істің барлық мүмкіндіктерін, айыпталушыны әшкерелейтін де ақтайтын да шараларды тексеруі тиіс.
Істің толықтылығы істі дұрыс дәлелдеуге қажетті және жеткілікті мән-жайларды зерттеу үшін шараларды қолдануға міндетті.
Объективтілік-бұл күні бұрын пішілген ой шығару, бейтараптық, айыптау немесе ақтау тараптарының біржақтылығы.
Сот құрамының өзгертілмеуі, істі бір сот төрешісі немесе сот төрешілерінің сол бір құрамы қарауы тиіс (ҚР ҚІЖК-ң 312-бап) . Сот төрешілерінің бірінің сот талқылауына қатысуды жалғастыруы мүмкін болмаған кезде ол басқа сот төрешісімен ауыстырылып, істі қайтадан бастайды. Тек ҚР ҚІЖК-ң 313-бабында қарастырылған жағдайларда ғана сот төрешісі ауыстырылады. Запастағы сот төрешісі сот талқылауында сот отырысы ашылғаннан бастап қатысуы шарт, егер сот төрешілерінің бірі денсаулық немесе т. б. себептермен кету жағдайларында сот төрешісі алмастырылады.
Бұл ретте істі талқылау жалғастырыла береді. Запастағы сот төрешісін шақырту істі талқылаудың дайындық кезінде шешіледі. Сот отырысының дайындық кезеңінде запастағы сот төрешісін шақыру не шақырмау мәселесі шешіледі.
Төрағалық етушінің басты сот талқылауындағы өкілеттігі. Сот отырысын басынан аяғына дейін төрағалық етеді. Төрағалық етуші барлық сот талқылауында сұрақтар қойып, ұжымдық шешімге байланысты кеңесті басқарады. Төрағалық етуші кеңесу бөлмесінде қабылданған шешімді хабарлайды. Ол сот отырысында процестің жүру тәртібін хабарлайды және де процестің заң негізіндегі тәртіп пен реттілікті сақтауын қамдайды.
Төрағалық етуші сот отырысына басшылық жасайды, әділ соттың мүддесіне объективтілік пен бейтараптылықты сақтай отырып, істің жай-күйін жан-жақты және толық зерттеу үшін қажетті жағдайларды жасап, соттың тәрбиелік әсерін қамтамасыз етеді. Төрағалық етушіге сот отырысы залындағы тәртіп міндеттеледі (ҚР ҚІЖК 314-бап) .
Төрағалық етуші сот талқылауының барлық қатысушыларына олардың құқықтары мен міндеттері және оларды жүзеге асырудың тәртібін түсіндіреді.
Ескерте кететін бір жайт, төрағалық етушінің шешімі сот талқылауына қатысушы адамдардың барлығына да міндетті. Осылардың бірі төрағалық етушінің іс-әрекетіне қарсылық білдірген жағдайда бұл қарсылық білдіру сот отырысының хаттамасына енгізіледі (ҚР ҚІЖК-ң 314-бабының 3-бөлігі) .
Басты сот талқылауы сотталушының міндетті түрде қатысуымен өтеді. Сотталушы келмеген кезде іс кейінге қалдырылуы тиіс. ҚР ҚІЖК-ң 315-бабына сәйкес, сот дәлелді себептерсіз келмеген сотталушыны келтіруге, сондай-ақ оған қатысты бұлтартпау шарасын қолдануға немесе өзгертуге құқылы, мысалы, ешқайда кетпеу қолхаты күзетпен ұстауға өзгертіледі. Күзетпен ұстаудағы сотталушы сот отырысына келуден бас тартқан кезде сот істі қорғаушының міндетті түрде қатысуымен ол болмағанда қарауға құқылы [15, 129-бет] .
Бір ескере кететін жайт, мынадай ерекше жағдайларда, сотталушы болмағанда істі талқылауға жібере алады: егер сотталушы ауырлығы шағын қылмыс жасағаны үшін істі оның қатысуынсыз қарау туралы өтініш берсе, сотталушы қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болса немесе сотқа келуден бас тартқан жағдайларда ғана жол беріледі.
ҚР Конституциясының 16-бабында айтылғандай айыпталушының құқығын қорғауға [16, 7-бет], ҚР ҚІЖК-ң 69-бабында көрсетілгендей тұтқынға алғаннан немесе айып тағылғаннан бастап заңды түрде қорғаушы көмегіне жүгінуге болады [17, 29-бет] .
ҚР ҚІЖК-ң 316-бабында қорғаушының басты сот талқылауына қатысу шарттары мен тәртібі мынадай:
Сотталушының қорғаушысы дәлелдерді зерттеуге қатысады, сотқа айыптаудың мәні және оның дәлелдегені жөнінде, сотталушының жауаптылығын жеңілдететін немесе оны ақтайтын мән-жайлар туралы, жазалау шарасы туралы, сондай-ақ сот талқылауында туындаған басқа да мәселелер бойынша өз пікірін айтады.
Қорғаушы келмеген және оны осы сот отырысында ауыстыру мүмкін болмаған кезде істі талқылау кейінге қалдырылады, оны ауыстыру тек сотталушының рұқсатымен ғана жүзеге асады. Егер сотталушы шақырған қорғаушының қатысуы ұзақ уақыттың ішінде мүмкін болмаса, сот басты сот талқылауын кейінге қалдырады. Айыпталушыға басқа қорғаушыны таңдауды ұсынады, ал ол бас тартқан жағдайда жаңа қорғаушыны тағайындайды.
Іске жаңадан кіріскен қорғаушыға сот талқылауына дайындалу үшін қажетті уақыт беріліп және ол іске өзі кіріскеннен кейін сот талқылауы жаңадан басталады.
ҚР ҚІЖК-ң 317-бабына сәйкес, мемлекеттік айыптаушының (прокурор) басты сот талқылауына қатысу шарты мен тәртібіне мыналар жатады:
- прокурордың басты сот талқылауына қатысуы міндетті;
- жеке айыптау ісіне прокурордың қатысуы міндетті емес;
- күрделі және көпэпизодты істер бойынша мемлекеттік айыптауды бірнеше прокурор қолдауы мүмкін;
- егер сот талқылауы кезінде прокурордың одан әрі қатысуының мүмкін еместігі немесе денсаулығына байланысты басқа прокурормен ауыстырылуы мүмкін.
Прокурордың өтініші бойынша сот оған істің материалдарымен танысу үшін уақыт бере алады, бірақ ол осы уақытқа дейін сотта жасалған іс-әрекеттерді қайталауға әкеп соқтырмайды.
Айыптауды қолдай отырып, прокурор:
- дәлелдерді ұсынып және оларды зерттеуге қатысады;
- айыптаудың мәні бойынша өзінің пікірін баяндайды;
- сот талқылауы кезінде туындаған басқа да мәселелер бойынша өзінің шешімін береді;
- сотқа қылмыстың заңды қолдану және сотталушыға жаза қолдану туралы ұсыныс айтады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz