Қазақстандағы аграрлық құқық
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АГРАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
ЖӘНЕ АГРАРЛЫҚ ЗАҢНАМАЛАРДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ ... ... ... ... ... ... ..6
1.1. Аграрлық құқықтың қазіргі құқық жүйесіндегі алатын орны мен рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.2. Аграрлық құқықтың қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 15
1.3. Ауыл шаруашылық ұйымдарының, шаруа (фермер) қожалығының,
ауыл шаруашылық серіктестігінің құқықтық жағдайы және жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2. АГРАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ САЯСАТТЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ТҮСІНІГІ, ҚЫЗМЕТІ, БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ
ТЕТІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
2.1. Аграрлық құқықтық саясаттағы қаржыландырудың құқықтық аспектісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
2.2. Қазақстан Республикасындағы аграрлық құқық пен шетелдегі аграрлық
құқықтың қалыптасуына салыстырмалы.құқықтық талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...51

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диплом жұмысы бүгінгі таңнын маңызды мәселелерінің бірі – Қазақстан Республикасының аграрлық құқықтық саясаты тақырыбына арналған. Осы еңбек мазмұнында аграрлық құқықтық саясатты мемлекеттік реттеу, аталған саладағы қоғамдық қатынастардың қатысушыларының жалпы сипаттамалары көрсетілген. Аграрлық құқықтық саясатты заңнамалық жетілдіруге байланысты ұсыныстар жасалған.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстанның экономикасы ғаламдық бәсекелестікке қабілетті, әлемдік экономикаға оңтайлы интеграцияланған, тиімді де икемді, жан-жақты дамыған, индустриялық-инновациялық бағыттағы, жоғары технологиялы болып дамуы – тың идеяларды қажет етеді. Қазіргі әлемдік дағдарыс экономикада қаржы тапшылығынан бұрын нақты, жүйелі, ғылыми дәлелденген, озық та жаңашыл жобалардың жетіспейтіндігін дәлелдеп отыр [1]. Бүгінде аграрлық өндірісте экономикалық, әлеуметтік, ұйымдасқан-құқықтық және өзге де шаралардың өзара келісілмегендігіне куә болып отырмыз. Сонымен қатар, азық-түлік қауіпсіздігі өз деңгейінде қамтамассыз етілмегендігі анық. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2008 жылғы дәстүрлі Қазақстан халқына жолдаған жолдауында «еліміздің қазіргі саясатының бағыттарының бірі еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамассыз ету болып табылады. Сондықтан ауыл шаруашылығына және тамақ өнімдерін өндіруде инвенстиция тарту мөлшерін көбейту керектігін ел басымыз ерекше атап көрсетті [2]. Бұл жұмыста еліміздің аграрлық саясатының қалыптасуымен, оның даму тарихын қарастыра отырып, осы қатынастарды құқықтық реттеудегі өзекті мәселелерді зерттеуге талпыныс жасалды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тәуелсіз Қазақстан тұсындағы жаңа концептуальдық-ғылыми көзқараспен талдап, алғаш рет заң ғылымына бұл мәселеге жаңа ғылыми тұжырым жасау міндетін туғызды. Бірақ осыған қарамастан, бұл мәселе бойынша қазақстандық зерттеушілер арасында заңгер ғалымдар да біраз жұмыстар тыңдырды. Олардың арасында С.Т. Күлтелеев, Л.Қ. Еркінбаева, Б.А. Жетпісбаев, А.Е. Бектұрғанов, Н.Б. Мухитдинов және тағы басқалары бар.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Еліміздің экономикасының көтерілуінің бірден-бір себебі, ол тікелей аграрлық салаға байланысты болып отыр. Сондықтан аграрлық саланы кешенді түрде зерттеп, еліміздің аграрлық саласын шетелдің аграрлық саласымен салыстыра отырып, теориялық білімімізді тәжірибеде қолдану. Сонымен қатар, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру үшін бәсекеге қабілетті тауар өндіріп, еліміздің экономикасын ілгері жылжытуға атсалысу.

2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, ақпан 2008 жыл.
3. www.aikyn.kz.
4. Б.А. Жетписбаев Аграрное право Республики Казахстан Алматы “Данекер” 2002 С 7-15
5. Күлтелеев С.Т, Жарасбаева А.М, Рахметов Е.Ш, Өрісбаева А.А. Қазақстан Республикасының аграрлық құқығы, жалпы бөлім. Алматы “HAS” 2005ж 4-7 бет.
6. Веденин Н.Н. Аграрное право Учебник. М: Юриспруденция, 2000 С 12-13
7. Ерофеев Б.В. Земельное право: Учебник для вузов / Под ред. академика Г.В. Чубукова.-М: Новый юрист, 1998 С 27.
8. Нестеренко С. Процветание сельского хозяйства это процветание народа // Казахстанская правда. 2005, 1 ақпан.
9. Быстров Г.Е. Козырь М.И. Аграрное право. М 1998, 174-б.
10. Шуленбаева Р. Перепишут и фермеров и дачников // Казахстанская правда, 2005, 12 шілде.
11.Аграрное право Республики Казахстан // Сборник нормативных правовых актов. Алматы: Данекер, 2001.
12. Шемшученко Ю.С. Государственное управление охраной окружающей среды в СССР. Авторефаты доктор. Дисс. Киев. 1978. 10 б
13. Султанов К. Реформы в Казахстане и Китае – Астана: Елорда, 2000
14. Адам құқықтарының халықаралық стандарттары және ұлттық заңдарды дамыту мәселелері. Алматы “Қазақ Университеті” 2001жыл 267б
15.Статистический ежегодник 2009г- Алматы: Изд. ТАСИС.
16. www.nauka.kz.
17. Быстров Г.Е. Общая характеристика законодательства о земельных реформах в зарубежных странах. Государство и право – М.1996-№7- С. 92-93.
18. Абдраимов Б.Ж. Правовое обеспечение земельных отношений: обзор мировой практики. Учебно-практическое пособие. Алматы- 2002 - с 5
19. Еркинбаева Л.К. Аграрные правоотношения в Республики Казахстан дисс.на соискание ученой степени доктора юридических наук РК, Алматы-2008г
20. СНГ Соглашение об общем аграрных рынке государств – участников Содружества Независимых Государств от 16 марта 1998 г/. Параграф Ақпарат жүйесі. Юрист 2008г
21. Назаренко В.И. Аграрная политика Европейского Союза / Институт Европы РАН- М: ООО; Маркет ДС Корпорейшн 2004- 362 с.
22. СНГ Договор о создании Экономического союза ( от 23 сентября 1993года) / Параграф Ақпарат жүйесі Юрист 2008г
23 . СНГ Декларации глав государств-участников об основных направлениях развития Содружества Независимых Государств (апрель 1999г ) / Параграф Ақпарат жүйесі Юрист 2008г
24. Аграрное и экологическое законодательство в России и странах СНГ / Авт колл: С. А. Боголюбов, Е. А. Галиновская Д. Б. Горохов и др – М: Норма 1999-240 с.
25. Конституции 16 стран мира – Алматы: Жеті Жарғы- 1995-с 478
26.Бюро межпарламентской ассамблеи Евразийского экологического сообщества. Сравнительно-правовой анализ законодательства государств-членов ЕврАзЭс в сфере государственного регулирования агропромышленного комплекса (в части технических санитарных государственного субсидирования ценовой политики на продукцию АПК)//Параграф Ақпарат жүйесі. Юрист. 2008г
27. США Сельскохозяйственная безопастность и сельские инвестиции. Закон от 10 марта 2002 года. /hptt. www // miagri.kz.
28. Очерки экономики США: Американское сельское хозяйства и его меняющееся значение.www.4wth.gov.ua/usa/russian/society/economy/contents.htm
29. Андреева Н Сельское хозяйство США: факторы6 определяющие высокую эффективность отрасли. Институт мировой экономики и международных отношений РАН // Человек и труд -2008-№8-с-59-68
30. Н.А. Назарбаев Об основных направлениях внутренных и внешней политики на 2003года: Послание президента народу Казахстана от 29 апреля 2007 года // Казахстанская правда 2002 года 30 апреля.
31. Назарбаев Н А Стратегия вхождения Казахстана в число 50-ти наиболее конкурентоспособных стран мира Казахстан на пороге нового рынка впред в своем развитии: Послание Президента страны народу Казахстана от 1 марта 2006 года /Казахстанская правда 2006 года- 2 марта

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АГРАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
ЖӘНЕ АГРАРЛЫҚ ЗАҢНАМАЛАРДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ ... ... ... ... ... ... ..6
1.1. Аграрлық құқықтың қазіргі құқық жүйесіндегі алатын орны мен
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.2. Аграрлық құқықтың
қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 15
1.3. Ауыл шаруашылық ұйымдарының, шаруа (фермер) қожалығының,
ауыл шаруашылық серіктестігінің құқықтық жағдайы және жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2. АГРАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ САЯСАТТЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ТҮСІНІГІ, ҚЫЗМЕТІ,
БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ
ТЕТІГІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
2.1. Аграрлық құқықтық саясаттағы қаржыландырудың құқықтық
аспектісі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..30
2.2. Қазақстан Республикасындағы аграрлық құқық пен шетелдегі аграрлық
құқықтың қалыптасуына салыстырмалы-құқықтық
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... .39
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .48
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..51
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диплом жұмысы бүгінгі таңнын маңызды
мәселелерінің бірі – Қазақстан Республикасының аграрлық құқықтық саясаты
тақырыбына арналған. Осы еңбек мазмұнында аграрлық құқықтық саясатты
мемлекеттік реттеу, аталған саладағы қоғамдық қатынастардың
қатысушыларының жалпы сипаттамалары көрсетілген. Аграрлық құқықтық
саясатты заңнамалық жетілдіруге байланысты ұсыныстар жасалған.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстанның экономикасы ғаламдық
бәсекелестікке қабілетті, әлемдік экономикаға оңтайлы интеграцияланған,
тиімді де икемді, жан-жақты дамыған, индустриялық-инновациялық бағыттағы,
жоғары технологиялы болып дамуы – тың идеяларды қажет етеді. Қазіргі
әлемдік дағдарыс экономикада қаржы тапшылығынан бұрын нақты, жүйелі,
ғылыми дәлелденген, озық та жаңашыл жобалардың жетіспейтіндігін дәлелдеп
отыр [1]. Бүгінде аграрлық өндірісте экономикалық, әлеуметтік,
ұйымдасқан-құқықтық және өзге де шаралардың өзара келісілмегендігіне куә
болып отырмыз. Сонымен қатар, азық-түлік қауіпсіздігі өз деңгейінде
қамтамассыз етілмегендігі анық. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің
2008 жылғы дәстүрлі Қазақстан халқына жолдаған жолдауында еліміздің
қазіргі саясатының бағыттарының бірі еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін
қамтамассыз ету болып табылады. Сондықтан ауыл шаруашылығына және тамақ
өнімдерін өндіруде инвенстиция тарту мөлшерін көбейту керектігін ел
басымыз ерекше атап көрсетті [2]. Бұл жұмыста еліміздің аграрлық
саясатының қалыптасуымен, оның даму тарихын қарастыра отырып, осы
қатынастарды құқықтық реттеудегі өзекті мәселелерді зерттеуге талпыныс
жасалды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тәуелсіз Қазақстан тұсындағы жаңа
концептуальдық-ғылыми көзқараспен талдап, алғаш рет заң ғылымына бұл
мәселеге жаңа ғылыми тұжырым жасау міндетін туғызды. Бірақ осыған
қарамастан, бұл мәселе бойынша қазақстандық зерттеушілер арасында заңгер
ғалымдар да біраз жұмыстар тыңдырды. Олардың арасында С.Т. Күлтелеев,
Л.Қ. Еркінбаева, Б.А. Жетпісбаев, А.Е. Бектұрғанов, Н.Б. Мухитдинов және
тағы басқалары бар.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Еліміздің экономикасының көтерілуінің
бірден-бір себебі, ол тікелей аграрлық салаға байланысты болып отыр.
Сондықтан аграрлық саланы кешенді түрде зерттеп, еліміздің аграрлық
саласын шетелдің аграрлық саласымен салыстыра отырып, теориялық
білімімізді тәжірибеде қолдану. Сонымен қатар, Дүниежүзілік сауда ұйымына
кіру үшін бәсекеге қабілетті тауар өндіріп, еліміздің экономикасын ілгері
жылжытуға атсалысу.
Дипломдық жұмыстың міндеті. Қойылған зерттеу мақсатына байланысты
дипломдық жұмыс келесі міндеттерді шешуге бағытталған:
1. Қазақстандағы аграрлық заңнамалардың даму тарихын жүйелеу.
2. Аграрлық құқықтық саясатты мемлекеттік реттеудің құқықтық механизімін
анықтау.
3. Аграрлық құқықтық саясаттағы қаржыландырудың құқықтық аспектісіне
сипаттама беру.
4. Қазақстан Республикасындағы аграрлық құқық пен шетелдегі аграрлық
құқықтың қалыптасуына салыстырмалы-құқықтық талдау жасай отырып, шетел
тәжірибесінің ұтымды жақтарын Қазақстанда қолдану.
Зерттеудің ғылыми-әдістемелік негіздері. Диплом жұмысы Қазақстан
Республикасының әрекет етіп жүрген заңнамаларының және отандық, сонымен
қатар шетел мемлекеттерінің ғалымдарының ғылыми еңбектерінің негізінде
орындалды. Диплом жұмысының алдына қойылған міндеттерге жету үшін жалпы
диалектикалық, танымдық, логикалық, салыстырмалы-құқықтық, жүйелік және
басқа да әдістер қолданылды.
Зерттеудің обьектісі. Қазақстан республикасының аграрлық құқықтық
саясатын мемлекеттік реттеудің құқықтық механизмі.
Зерттеудің пәні. Қазақстан республикасының аграрлық құқықтық саясатын
мемлекеттік реттеу саласындағы құқықтық қатынастар.
Зерттеудің тәжірбиелік маңызы. Зерттеудің тәжірбиелік маңызы
төмендегілерден құралады:
- жасалған тұжырымдар, ұсыныстар мен қорытынды ұстанымдар аграрлық
саясатты одан әрі ғылыми зерттеуге негіз болады;
- республикамыздың аграрлық заңнамаларын жетілдіру мақсатында қолдану.
- аграрлық саясатты жүзеге асыру барысында ұсынылған ұсыныстарды
тәжірибеде қолдану.
Зерттеудің нормативтік базасы. Қазақстан Республикасының Конституциясы,
ҚР Жер Кодексі, ҚР Азаматтық Кодексі, ҚР Үкіметінің қаулылары, шетел
мемлекеттерініңижер заңнамалары, зерттеу тақырыбына қатысы бар мерзімді
басылымдар мен арнайы әдебиеттер болып табылады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі
тараудан, бес бөлімшеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысының нақтыланған мына бағыттағы
түйіндері дипломдық жұмыстың алдына қойған мақсаты және міндеттерімен
байланысты, әрі ғылыми ізденістегі жаңалықтардың жинағын құрады.
Қазақстан Республикасындағы аграрлық заңнамаларды жүйелеу мақсатында
аграрлық салаға қатысты заңнамаларды жинақтап және оларға
салыстырмалы-құқықтық талдау жасай отырып, аграрлық заңнаманың дамуының
жүйесін өзіндік сипатта ұсыну.
Аграрлық құқықтық саясатты мемлекеттік реттеудің құқықтық механизмін
анықтай отырып, олардың қызметінің толыққанды жүргізілуіне қадағалау
жасаудың құқықтық нысандарын ұсыну.
Аграрлық құқықтық саясаттағы қаржыландыру мәселесін құқықтық тұрғыдан
талдау.
Әлемдік тәжірибедегі аграрлық құқықтық саясаттың алатын орны мен оны
мемлекеттік реттеу жолдарын зерттей отырып, Қазақстан республикасының
аграрлық заңнамасының жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасау.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АГРАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ АГРАРЛЫҚ ЗАҢНАМАЛАРДЫҢ
ДАМУ ТАРИХЫ
Қазақстанның халық шаруашылығының ең негізгі маңызды саласы – ауыл
шаруашылығы болып табылады. Оның маңыздылығы – ең алдымен халықты
азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету, ал өңдеуші өнеркәсіпті қажетті
ауыл шаруашылық шикізатымен. Ауыл шаруашылығының еліміздің экономикалық,
әлеуметтік өмірінде айрықша орын алатыны баршамызға белгілі. Ауыл
шаруашылығы дамуының деңгейі көбінесе елдің экономикалық қауіпсіздігін
анықтайды. Қазақстанның ауыл шаруашылығына қолайлы жерлері көп
болғандықтан, әлем нарығында бәсекелестікке қабілетті агроөнеркәсіп
секторын дамытуға барлық мүмкіндіктері бар. Оған қоса, ел халқының
жартысына жуығының әлеуметтік жағдайы ауыл аймақтарымен тығыз байланыста.
Ауыл республика экономикасы дамуындағы маңызды фактор болса, ауыл халқы
еліміздің қоғамдық – саяси тұрақтылығының да шешуші факторы болып
есептеледі. Республика халқының 44 пайызы бүгінде ауылдық жерлерде
тұрады.
2003-2005 жылдары Елбасының шешімімен Ауыл жылдары деп жарияланған еді.
Осыған сәйкес, агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың үш жылдық
бағдарламасы қабылданғаны белгілі. Ауыл шаруашылығы ұлттық
экономикамыздың негізін құрайды. Ауылдың әлеуметтік жағдайын,
тұрғындардың тұрмысын түзеу үшін қатарынан үш жылды ауылға арнау елімізге
үлкен өзгерістер әкелді. Ауылдық жерді дамыту ұғымы тек қана, ауыл
шаруашылығын дамытудан әлдеқайда үлкен нәрсені көздейді. Бұл ауылдық
қауымдастықты қамтитын бүкіл қатынастар кешенінің дамуы болып табылады.
Демек, бүгінгі таңда ауылды жандандыру ауылдағы саяси, әлеуметтік әрі
әкономикалық байланыстарды қалпына келтірудің біртұтас құрамдас бөлігі
ретінде қарастыруымызға болады. Ауыл дегеніміз – сайып келгенде, халықтың
тұрмыс салты, мәдениетіміздің, дәстүріміздің, әдет ғұрпымыз бен рухани
тіршілігіміздің қайнары.
Осынау саяси-моральдық және әлеуметтік факторлардың өзі-ақ бізден ауылға
барынша байсалды қарауымызды талап етеді. Тәуелсіз Қазақстан тұсындағы
жаңа концептуальдық-ғылыми көзқараспен талдап, алғаш рет заң ғылымына бұл

Кеңес өкіметі кезеңіндегі жүргізілген ауылдағы реформалар күткен
нәтижесін бермеді, аграрлық сектордағы әлеуметтік-экономикалық жағдай
нашарлап, өндіріс көлемі қысқарып, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейі
төмендеп, әлеуметтік жағдай жылдан-жылға шиеленісті. Осы тұрғыдан
қарағанда, Кеңес үкіметінің Қазақстанда жүргізілген волюнтаристік саясаты
халыққа жасалған қиянаты, дүниенені өзгертудің зорлыққа негізделген
концепциясының жарқын бір көрінісі іспетті. Сондықтан да тоталитарлық
жүйе кезінде біржақты, кейде субъективті және коммунистік идеология
рухында зерттелген аграрлық мәселелерді қәзіргі заманның талабына сай,
өткен тарихқа сын көзбен қарап, оларды жаңаша зерделеп, сараптау міндеті
туындайды.
Бүгінде Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет жағдайына қол жеткізгенде
тарихымыздағы осы олқылықтың орнын толтыруға жағдай жасалуда. Өтпелі
кезеңнің зардабы ауыл шаруашылығына және бүкіл аграрлық секторға қолайсыз
болды. Аграрлық дағдарыстың табиғаты, негізгі себептері және одан шығу
жолдары ғылыми және көпшілік әдебиетте аз жазылған жоқ. Осы өзекті
көкейтесті мәселе, республика Президентінің еңбектерінде, түрлі Заң және
атқарушы органдардың күнделікті іс-тәжірибелерінен күн тәртібінен
түспегені белгілі. Бірақ та ел экономикасының маңызды және өмірлік қажет
саласының әлеуметтік проблемаларын, әкімшілік басқару жүйесінен нарықтық
жүйеге көшуге байланысты, аграрлық саланың тұрақты және тиімді даму
бағыттарын анықтау қажеттігі туындап отыр.
Бүгінгі таңдағы ауыл шаруашылығындағы алға басулар нарықтық қатынастарға
көшу ауыл шаруашылығын реформалауды да талап етеді. Аграрлық салада тың
өзгерістер жасау үшін, өткен тарихи кезеңнің келеңді, келеңсіз
тәжірибелерінен үйрене отырып алға басқанымыз жөн – деп түсінеміз.
Сондықтан да, социализм тұсындағы аграрлық қатынастардың қалыптасуы мен
дамуы кезеңі, нарыққа өтпелі кезеңдегі аграрлық қатынастардың, олардың
ішкі құрылымының ерекшеліктерін, аграрлық қатынастардың негізі болып
табылатын жер қатынастарының қалыптасу заңдылықтарын, аграрлық
өндірістегі дағдарыс себептерін қарастыра отырып, азық-түлік
қауіпсіздігі, ғылыми-техникалық прогресс және оның ауыл шаруашылығындағы
ерекшеліктерін, кооперация мен жекешелендіру процесінің нәтижелерін,
орталықсыздандыру саясатының ауылдық аймақтарға жасаған ықпалы және
ауылдың әлеуметтік жағдайын көтеру мәселелері тақырыпты зерттеудің
маңыздылығы анықтайды. Соңғы жылдары осы сала бойынша, қол жеткізген ең
үлкен жетістік ретінде агроөнеркәсіптік кешеннің дамуының тұрақты арнаға
түскендігін айтуға болады. Осы өткен жылдар ішінде осы салаға қатысты
Жер, Орман, Су кодекстері, астық, ветеринария, егіншіліктегі міндетті
сақтандыру туралы заңда, көптеген заң аясындағы актілер, сондай-ақ
жоғарыдағы сөз болып отырған үш жылдық бағдарламадан тыс Ауылдық
аумақтарды дамытудың 2010 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы
қабылданды. Міне, осы құжаттар негізінде, еліміздің ауыл шаруашылығы
саласының алдағы жүрер жолы да айқындалды. Саяси, экономикалық,
идеологиялық қатынастармен көп қырлы болып келетін ауыл шаруашылығы
экономикасының даму заңдылықтарын қарастырғанда, аграрлық сектордың оның
ерекшеліктеріне байланысты, табиғи-биологиялық заңдарға тәуелділігі бұл
сала үшін ерекше аграрлық қатынастардың тән екендігін көрсетеді.
Қазақстан экономикасы әміршіл-әкімшіл экономикадан нарықтық, одан әрі
аралас экономикаға өту жолында. Өйткені, нарық экономикалық жүйеден гөрі
шаруашылық жүйеге барынша жақын болып табылады.
Ауыл шаруашылығында бұрын қалыптасқан қоғамдық психологияны, еңбек
қатынастарын күйретіп, дағдыларын күйретіп, жаңаны қалыптастыруды
көздейді. Міне, сондықтанда нарықтық қатынастарға өту жағдайында,
аграрлық саладағы шаруашылық жүргізудің және меншіктің көптүрлі формалары
– аграрлық нарық қалыптасуының жалпы экономикалық алғы шарты деуге
болады. Қоғамымызда түбірімен өзгеріп жатқан саяси және
әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, ауыл шаруашылығы саласындағы
реформалар қажеттігі күн талабы болып отыр. Бұл процессте ауыл
шаруашылығында қалыптасқан ерекшеліктерді ескеруге үйретеді және бүгінгі
таңда ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын
нақтылап, белгілей түседі. Біздің зерттеу жұмысымыз, Қазақстанның
ғаламдық бәсекелестікке қабілетті, тиімді, жан-жақты дамыған, жоғары
технологиялы болып дамуын көздейтіндіктен де өзекті. Бүгінгі таңда іске
асырылып келген аграрлық реформаның нәтижелерін талдау төмендегідей
қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Қазақстандағы аграрлық дағдарыс
себептерін зерттеудің жүйелі тәсілі оның сонау қайта құру кезеңіне
дейінгі уақыттан бастау алғанын көрсетеді. Әлі күнге дейін елімізде
азық-түлік мәселесі шешілмегендігі шындық. Демек, ауылдағы аграрлық
қатынастардың дамуы, ауылды жандандыру, ауылдағы саяси, әлеуметтік, әрі
экономикалық байланыстарды қалпына келтірудің біртұтас құрамдас бөлігі.
Міне, осының бәрі де біздің зерттеуіміздің өзектілігін және ғылыми
жұмысымызды терең талдауды талап етеді [3].
Кеңестік заман кезінде қазақ халқының ауыл шаруашылық өндірісі бүкіл КСРО
халқының асыраушысы болды деп айтсақ қателеспейміз. Бірақ, сол кездің
басшыларының бұл саланы дұрыс басқара алмай қалу себебінен еліміздің ауыл
шаруашылығы дағдарысқа ұшырады. Мысалы, 1981-1985 жылдар аралығында ауыл
шаруашылық өндірісінің дамуының қарқыны төмендеді, жыл сайын қазақ
халқының шалғайларында 25 млн.га жер игерілсе, сол жылдары бұл көрсеткіш
біршама төмендеген. Аң аулау өндірісі де
кеми түсті. Егер 1970 жылы жағдайы төмен колхоздар мен совхоздар 15%
құраса, 1985 жылы 51% дейін көбейді. Ешкі саны 1971-1981 жылдар
аралығында 3,4млн. басты құраса, 1981-1985 жылдар аралығында өсу қарқыны
керісінше төмендеп кетті; қой саны 1981-1985 жылдары 19% дейін
төмендеді.Бұл айғақтардың негізінде келесідей қорытынды жасауға болады,
1982 жылы 24 мамыр күні КПСС Орталық Комитетімен қабылданған СССР-дің
1990 жылға арналған өндірістік жобасы және оны жүзеге асыру бойынша
шарасы шешімі күйзеліске ұшырады. Бұл жобаның күйзеліске ұшырауының
басты себебі, ауыл шаруашылық өндірісін дамыту, реттеу шараларының
тиімсіздігінде.
Ауыл шаруашылықтың және аграрлық заңнаманың дамуының жаңа сатысы
Қазақстан Республикасының егемендігін алғаннан кейін басталды. Аграрлық
заңнамада агроөнеркәсіптік кешеннің жаңа құрамы анықталды. Қазіргі күні
агроөнеркәсіптік кешен: фермерлік шаруашылықтан, өндірісітік және тұтыну
кооперативтерінен, ұйымдардан, мекемелерден, бірлестіктерден және т.б.
шаруашылық субъектілерден құралады. Олардың қатарына:
Ауыл шаруашылық өндірісін дамытумен айналысатындар;
Ауыл шаруашылығына өнімдерді өндіретіндер;
Ауыл шаруашылық қалдықтарын сақтайтын, өндейтін және қайта жарататындар;
Тұрғындарды ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ететіндерден тұрады.
Агроөнеркәсіптік кешен саласына экономика саласын, ұйымдарды,
мекемелерді, шаруашылық субъектілерді жатқызу Қазақстан Республикасының
Үкіметінің өкілеттігіне жатқызылған. Ауыл шаруашылық өндірісінің дамуына
үлкен ықпалын тигізетін аграрлық заңнама болып отыр. Аграрлық заңнама
дегеніміз – ауыл шаруашылық саласында қоғамдық қатынастарды реттейтін
нормативтік-құқықтық актілердің жиынтығы.
Қазақстан Республикасындағы аграрлық заңнаманың басты проблемасы ретінде
кеңестік жүйеден қазіргі нарықтық жағдайға бірқалыпты өтуі болып отыр.
Қазіргі күні ол біршама қиындыққа соғуда, сондықтан өту процесін
жеңілдету үшін көптеген нормативтік актілер қабылдануда.
Құқықтық жұмысты жақсарту үшін ең басты аграрлық заңнаманы жетілдіру
керек. Қазіргі күні шаруашылық қатынастарды реттеуде, әр түрлі
органдармен, құқықтық актілер қабылдануда. Бірақ олардың көбісі қазіргі
заманның талаптарына сай емес. Қазіргі заңнаманың басты қателігі – теория
мен тәжірибенің сәйкессіздігінде. Сондай-ақ, аграрлық заңнама өте үлкен
және түсінуге біршама қиын, сондықтан да оны тәжірибеде қолдану қиын.
Аграрлық құқыққа жасалған талдау нәтижесі, заң шығарушы органдар көп
жағдайда табиғи-климаттық жағдайды ескермейді. Қазақстан Республикасының
аумағы кең байтақ, әр жердің климаттық жағдайы да өзгеше, осындай
факторларды ескеру арқылы аграрлық заңнаманың нормаларын қалыптастыру
керек. Сондай-ақ, ескере кететін жайт, ауыл шаруашылық өндірісі
экономиканың ерекше саласы. Себебі, осы салада ғана жермен
қарым-қатынасқа тірі адам, оның күші түседі. Жылдың барлық кезеңінде жер
игеруге жатпайтындықтан, бұл жайтты аграрлық заңнаманы қалыптастыру
кезінде ескеру керек. Аграрлық заңнаманы жетілдіру кезінде дамыған
мемлекеттердің тәжірибесіне сүйенген жөн. Сондай-ақ, сол елдердің
аграрлық құқығының қағидаларын, шаруашылық ұйымдардың тәуелсіздігі,
экономикалық тәуелсіздігі, дербестігі, мемлекет тарапынан қорғауға
жататындығы, басшылыққа алған жөн.
Сондай-ақ, Қазақстанның төңкеріске дейінгі кезендегі тәжірибесін
басшылыққа алса болады. Әсіресе, қазақ халқының әдет-ғұрып нормалары және
сол кездегі мемлекет басшыларының ережелерін қазіргі заман талабына
сәйкес өзгертіп, жаңа аграрлық заңнаманы қалыптастыру.
Жаңа аграрлық заңнаманың нормативтік актілерін қалыптастыру кезінде өткен
жылдың даму сатыларын еске алу керек. Өткен жылдары жасалған қателіктерді
айналып өтіп, жетістіктерді жаңа заңнамаға еңгізу.
Аграрлық заңнаманың тарихи қалыптасу сатылары:
Төңкеріске дейінгі кезең, онда аграрлық қатынастар әдет-ғұрып
нормаларымен реттелген және шаруашылық субъектілері болып колониялдық
басқару әкімшілігі;
1917жылдың қазан айынан бастап жаппай ұжымдастыру кезеніне дейін, ол
кездің басты ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны ретінде жерді қоғамдық
өндеу серіктестігі (ТОЗ), коммуналар болды;
1929-1935жж. жаппай ұжымдастыру кезенінде, ол кездің басты
ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны ретінде ауыл шаруашылық артелилер,
кейіннен колхоздың ең дұрыс нысаны ретінде танылды;
1935-1956жж. социализм кезең, ол кездің басты ұйымдастырушылық-құқықтық
нысаны ретінде колхоздар болды;
1956-1985жж. социализмнің даму кезеңі, бұл кезеңде колхоздар бірте-бірте
жойылып орнына жаңа мемлекеттің совхоздары келе бастады. Колхоздар мен
совхоздар бойынша заңнаманың дамуымен қатар, шаруааралық кооперация мен
агроөнеркәсіптік интеграция заңнамасы дамыды. Сондай-ақ, ЦК КПСС пен
СССР Министрлігімен қабылданған 14.09.1977жылғы Азаматтардың
меншігіндегі шаруашылық өнімдерін кеңейту шаралы туралы Қаулысы
қабылданды. Аталған нормативтік актілер негізінде азаматтар өздерінің
шаруашылық жағдайларын жөндеп алып, ары қарай өсуіне елеулі түрткі болды.
Бұл кезеңді ауыл шаруашылық өндірісінің концентрациясы мен интеграция
кезеңі десе де болады.
1985-1990жж. ауыл шаруашылық өндірісінің қайта құрылуы кең етек алған
кезені. Бұл кезеңде, ауыл шаруашылық өндірісі демократияланып, халыққа
біршама ашыла бастаған кезең еді. 1990ж. 21 мамырда Крестьяндық
шаруашылық туралы ҚазССР Заңы қабылданды. Бұл заң ауыл шаруашылық өнім
өндіруші субъектілердің құқықтық мәртебесін анықтап, соған бастама болды.
1991жылдан бастап қазіргі күнге дейінгі кезең. СССР құлауынан басталып,
Қазақстан Республикасы өзін зайырлы, демократиялы, тәуелсіз, егеменді
мемлекет деп атаған кезден басталады. Бұл кезеңде Қазақстан Республикасы
аграрлық заңнаманы жетілдіруде, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенді
дамытуда көптеген күш жұмсап келуде. Қазіргі күні бірқатар жетістіктерге
жетіп отыр деп ойлаймын.
Қазіргі күні көптеген жұмыс жасалуда, соның ішінде жер қатынастарын ретке
келтіру, кеңестік ұйымдарды мемлекеттік немесе жеке меншікке беру
мәселесі шешілуде, қоршаған ортаны қорғау саласында көптеген қатынастар
ретке келтірілді.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселесі бекітілген саясат арқылы
жүргізілуі керек. Себебі, ауыл шаруашылық арқылы көптеген жұмыс күші
қамтамасыз етіліп отыр. Бірқатар шетел мемлекеттерінде (АҚШ,ФРГ)
агроөнеркәсіптік кешен мәселесі конституциялық құқықтық деңгейге шығып
отыр.
Агроөнеркәсіптік кешен дамуының басты бағыты нарықтық экономикаға
еңгізілуі. Ауыл шаруашылық өндірісінің одан әрі дамуы үшін
нормативтік-құқықтық актілерді өабылдау керек, дамуын қарқындататын,
тиімді әдіс-тәсілдерді, шаралар кешенін қалыптастыру қажет. Яғни,
агроөнеркәсіптік кешен келесі бағыттарда даму керек:
Өнім өндіруші мен тұиынушы немесе өнімді алушы тұлға арасында нақтылы
қарым-қатынас орнату. Шарттық қатынастарды жетілдіру;
Аграрлық қатынастың дамуы басқа да мамандықтарды қажет етеді, мысалы,
заңгер – тиісті аграрлық саланы жетік білетін заңгерлерді дайындау;
Аграрлық қатынасты дамыту үшін мемлекет тарапынан көмек қажет, яғни
Аграрлық секторды дамыту және қолдау бойынша Мемлекеттік көмек және т.б.
Мемлекет саясатының және стратегиясының басты мәселелерінің бірі ретінде
агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, аграрлық заңнаманы жетілдіру болып отыр.
Қазақстан Республикасы аграрлық саланы жетілдіру бойынша көптеген
іс-шаралар кешенін жасауда. Мысалы, 2004-2007жж. ауыл жылы. Себебі,
Қазақстанның көп бөлігін ауылдар, селолар құрайды. Сондақтан да бұл
мәселеге көз жұма алмаймыз. Сол жылдары ауыл шаруашылығын дамыту бойынша
көптеген іс-шаралар кешені өткізілді, ауылдық жердің жағдайын жақсарту
үшін аз емес ақша сомасы бөлінді, жер игеру, құңарландыру бойынша
техникамен, шикізаттармен жабдықталған. Соған қарамастан, ауыл шаруашылық
проблемасы әлі күнге дейін шешіле қоймаған. Осының негізі ретінде,
аграрлық заңнаманы жетілдіру қажеттілігі көрініп отыр.
Ауыл, село және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша келесідей
іс-шаралар жасалған:
Ауыл шаруашылық саласындағы тауар өндірушілерге шаруашылық субъектісінің
түрін таңдау құқығы берілген;
Ауыл шаруашылық саласындағы тауар өндірушілерге бірінші болып жер
учаскесін таңдау құқығы;
Келіп жатқан инвестицияны бірінші жарату көзі болып, әлеуметтік
бағдарлама негізінде, ауыл, село және агроөнеркәсіптік кешенге жаратуға
беруге;
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша мемлекет тарапынан көмек
көрсетуге, техникамен қамтамасыз ету;
Ауыл шаруашылық пен өндіріс арасындағы эквивалентті тауар айырбастау
бостандығы;
Ауыл шаруашылық саласындағы тауар өндірушілерге мемлекет тарапынан несие
беруде, сақтандыру саласында жеңілдіктер жасауға және мемлекет бюджетінен
көмек көрсетуге;
Ауыл шаруашылық өндірісіне мемлекет бюджеті арқылы қажыландыру арқылы
ғылыми-техникалық жетістіктерге қол жеткізу;
Агроөнеркәсіптік кешен саласына білікті мамандар дайырлау;
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту үшін сыртқы экономикалық қарым-қатынас
орнатуда;
Ауылдық жерде тұратын, қызмет істейтін тұлғаларға еңбек жағдайын, өмірлік
жағдайларымен қамтамасыз ету;
Ауыл және қала ұйымдары арасында қарым-қатынасты нығайту болды.
Жоғарыда айтылған жағдайлармен қоса, қазіргі күні, Қазақстан Республикасы
заңында өзгеше көзделмесе, ауыл шаруашылық өндірісіне мемлекет тарапынан
және сырттан араласуға жол берілмейді [4].
1.1. Аграрлық құқықтың қазіргі құқық жүйесіндегі алатын орны мен рөлі
Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу
дамудың белгілі бір кезеңіндегі мемлекеттің аграрлық саясатын көрсетеді.
Агроөнеркәсптік кешенді ұтымды құқықтық реттеуді қамтамасыз ету
мақсатында Республикада қойылған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған
нормативтік-құқықтық актілер қабылдануда. Олардың арасынан атап өтуге
болатыны: 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер
кодексі”, 1998 жылғы 31 наурыздағы “Қазақстан Республикасының Шаруа
(фермерлік) қожалығы туралы” Заң, 1999 жылғы 21 шілдедегі “Қазақстан
Республикасының Ауыл шаруашылығы тұтыну кооперациясы туралы” Заң, 2000
жылғы 25 желтоқсандағы “Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
серіктестері және олардың ассоциациялары (одақтары) туралы ” Заңы,
2001жылғы 19 қаңтардағы “Қазақстан Республикасының Астық туралы ” Заңы,
2002 жылғы 3 шілдедегі “ Қазақстан Республикасының Өсімдік қорғау туралы
” Заңы, 2002 жылғы 10 шілдедегі “Қазақстан Республикасының Ветеринария
туралы ” Заңы, 2005 жылғы 8 шілдедегі “Қазақстан Республикасының
Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік
реттеу туралы” Заңы, 2003 жылғы 10 шілдедегі “ Қазақстан Республикасының
ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы туралы” Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы,
1997 жылғы 22 желтоқсандағы “Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығын
2010 жылға дейін дамыту стратегиясы туралы және 2010 жылға дейін ауыл
шаруашылығы стратегиясын тарату бойынша шаралардың жоспары туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы және т.б. Бірыңғай
агроөнеркәсіптік кешен шеңберінде: шаруа (фермерлік) қожалықтары,
акционерлік қоғамдар, ассоциациялар және агроөнеркәсіптік кешеннің басқа
да тармақтарының, яғни ауыл шаруашылығының ары қарай дамуы ауыл
шаруашылық өнімін өндіруде ауыл шаруашылығының құқықтық реттеу саласының
көбеюіне, құқықтық нормалар кешенінің, құқықтық реттеудің біріккен
объектілерінің, қағидаларының, мақсаттары мен міндеттерінің пайда болуына
әкелді. Ауыл шаруашылығы заңдарында көрсетілген құқықтық нормалардың
осындай кешені - аграрлық құқықтың құрылуы үшін негіз болып табылды.
Ауыл шаруашылық қатынастарын реттеген бұрынғы құқық салалары-колхоз
құқығы,ауыл шаруашылығы құқығы нарықтық қатынастарға өтумен және меншік
нысанының әр түрлерінің пайда болуымен ауыл шаруашылығы қызметіндегі
аграрлық қатынастарды ұтымды реттеуді қамтамасыз ете алмады. Осыған
орай,ауыл шаруашылығын дамытудың өзекті құқықтық мәселелерін толығымен
кешенді зерттеуге бағытталған аграрлық құқық пайда болады. Аграрлық
құқықтың міндеті ауыл шаруашылығында қолданылатын заңдар туралы және
нарықтық экономика жағдайында оны қолдану тәжірибесі туралы қажетті білім
деңгейін беру болып табылады.
Аграрлық құқықтың қазіргі құқық жүйесінде алатын орны ерекше, себебі
әрекет етуші аграрлық заңдарды білетін және агроөнеркәсіптік кешеннің әр
түрлі салаларында оны қолдану тәжірибесін білетін, қоғамдық қатынастардың
осы маңызды саласында заңдылықтың сақталуына бағытталған жұмыстарды
жүргізе алатын болашақ ауыл шаруашылығындағы заңдық қызметтердің,
заңгерлерді дайындаудан көрінеді.
Қазақстандық құқық жүйесінің ерекше саласы ретінде аграрлық құқықтың
құрылуының объективтік негізі ерекше құқықтық реттеуді қажет ететін кең
және ыңғайлы қоғамдық қатынас саласының болуы болып табылады. Бұл ең
біріншіден ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге байланысты қатынастар.
Нақты бұл қатынастар басқа қатынастарға да ерекше әсерін тигізді, соның
ішінде аграрлық құқықтың пәні болып табылатын ауыл шаруашылық өнімдерін
өңдеу және тарату саласынд, аграрлық өндірістің материалдық-техникалық
базасын құруда, оны өндірістік-техникалық қамтамасыз етуде ерекше мәнге
ие болып табылады.
Аграрлық құқықтың доктринасын, тұжырымдамасын жасау, ғылымның осы
саласының белгілі бір мәселелері бойынша идеялар мен көзқарастар жүйесін
зерттеу болып табылады. Аграрлық құқық теориясының дамуы-аграрлық
заңдардың тиімділігінің қажетті алғы шарты. Заңның саласы, оны қолдану
деңгейіне байланысты нақты міндеттер қояды. Аграрлық құқық қазіргі құқық
жүйесінде алатын орны ерекше, себебі аграрлық құқық қажетті, әлеуметтік,
экономикалық салалардың бірі болып табылады. Аграрлық саясаттың дамуына
аграрлық құқық тікелей әсер етеді, себебі әр түрлі ғалымдардың көзқарасы,
ғылыми еңбектері, қазіргі аграрлық саясат туралы түрлі ойлар аграрлық
саланың дамуына бірден-бір септігін тигізеді. Қандай құқық саласы
болмасын олардың өзіне тән ерекшеліктері болыды. Ауыл шаруашылығы
өндірісінің ерекшеліктері аграрлық құқықтың да ерекшеліктері болып
табылады. Ондай ерекшеліктердің қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:
- ауыл шаруашылығы, өндіріс үшін тамақ және ауыл шаруашылығы өнімдерін
шығарушы экономиканың жалғыз саласы болып табылады;
- экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда ауыл шаруашылығында жер
өндірістің негізі болып табылады, ал басқа салаларда олар өз
объектілерін, яғни өз ғимараттарын орналастыратын жер ретінде
қарастырылады;
- жерден басқа, ауыл шаруашылық өндірісінде өндірістің негізгі құралы
тірі организмдер пайдаланылады, ал басқа салаларда мұндай жоқ;
- ауыл шаруашылық өнідірісі топыраққа және табиғи-климаттық жағдайларға
және адамның еркіне байланысты емес басқа да жағдайлармен байланысты;
- ауыл шаруашылығына маусымдық және өндірістің кезеңділігі тән. Мысалы:
жазда, көктемде және күзде жұмыстардың көпшілік мөлшері жасалады. Бұл
контекстен ауыл шаруашылық кәсіпорындары жұмысшылыларын қысқы уақытта
жұмыспен қамтамасыз ету, еңбек ақыны жыл мезгілдеріне теңдей етіп бөлуді,
еңбек демалыстарын дұрыстап беруді реттеу сияқты үдерістерді құқықтық
реттеу керектігі көрінеді;
- ауыл шаруашылық өндірісінің кезеңділігі өсімдік және жануарлар
дүниесінің дамуының биологиялық және физиологиялық ерекшеліктерімен
тікелей байланыста болады. Бұл бірінші кезекте өсімдік және мал
шаруашылықтарына, малға жем дайындау өндірістеріне қатысты
(ветеринариялық- алдын алу шараларын жүргізудің, малға өнім дайындаудың,
егіс егудің маусымға байланыстылығы және т,б.);
- жұмыс уақытының өндіріс кезеңімен сәйкес келмеуі (мысалы, егіс кезінде
егілген тұқым оны еккен егінші сол жерде жұмыс істейтін, істемейтіндігіне
байланыссыз өсе береді немесе жаңа туған малдың төлі кімнің еңбегі
екеніне қарамастан тірі ағзалардың дамуының биологиялық және
физиологиялық заңдылықтарына сәйкес өсіп жетіле береді).
Ауыл шаруашылық өндіріснің аталған ерекшеліктері аграрлық құқықтың да
ерекшеліктерін көрсетеді, ал бұл олардың байланысын және ұқсастығын
білдіреді. Сонымен аграрлық құқық- ауыл шаруашылығы тауар өндірушілернің
қызметін ұйымдастыру бойынша қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық
нормалардың жиынтығын көрсететін, нақты құқықтық қағидаларға негізделген
және өзіндік қайнар көздері және әдістері бар қазақстандық құқық жүйеснің
жеке бір саласы болып табылады [5].
Белегілі құқық саласын ашып көрсетудің маңызды өлшемі (критерий) оның
қағидалары, яғни берілген құқық саласының құрылымының және қызметінің
негізгі ойларын анықтайтын бастапқы ережелер, бастамалар.
Құқық саласының құрылуының маңызды өлшемі ретінде құқықтың қайнар көзі,
ең алдымен құқықтық актілер, бастапқы орынды алады.Ауыл шаруашылық,
экономикалық, әлеуметтік мәселелерде аграрлық құқықтың орны мен рөлі
ерекше болып табылады.Себебі, агаралық құқық экономикамызды, халықтың
әлеуметтік жағдайын құқықтық реттеуде маңызы зор [6].
1.2. Аграрлық құқықтың қағидалары
Ауыл шаруашылығындағы қоғамдық қатынастар, аграрлық саясатты және ауыл
шаруашылықтың дамуының стратегиялары белгіленген қағидалар негізінде
құралады.
Қоғамдық қатынастың даму жүйесі жалпыдан жекеге схемасы арқылы
жүзеге асырылады. Аграрлық заңнаманың негізін құрайтын жағдайлар Қазақстан
Республикасының Конституциясында, арнайы аграрлық заңнамалармен,
актілермен, қаулылармен нақтыланады. Мысалы, Қазақстан Республикасының
Конституциясының 24-бабы бойынша әркiмнiң еңбек ету бостандығына, қызмет
пен кәсiп түрiн еркiн таңдауына құқығы бар. Бұл норма бойынша, әрбір
Қазақстан Республика азаматы ауыл шаруашылық қызметімен айналасуға, соның
ішінде шаруа (фермер) қожалығымен де айналысуға құқылы. Қазақстан
Республикасының шаруа (фермер) қожалығы туралы заңында бұл субъектілердің
құқықтық жағдайы, мәртебесі анықталды.
Аграрлық заңнаманың дамуы белгілі бір жүйеге, иерархияға бағынуы
керек, яғни ол басқару органдарынан алшақтамауы тиіс. Құқықтық жүйедегі
басқару органы ретінде құқықтық реттеудің қағидалары болып табылады [7].
Аграрлық құқықтың қағидасы дегеніміз – аграрлық құқықтың негізін
құрайтын, басшы идеяларды қалыптастыратын, қоғамдағы мәні мен мағынасын
айқындайтын, ауыл шаруашылық қатынастарын дамытатын бастамалар. Аграрлық
құқықтың қағидасы құқықтық нормалардың қалыптасуының жолын, бағытын
айқындайды. Олар ауыл шаруашылық пен құқықтық жүйенің дамуы мен жүзеге
асырылуын қамтамасыз ететін негізгі құрауыш болып табылады. Аграрлық
құқықтың қағидалары арқылы құқықтық жүйе ауыл шаруашылық қатынастарында
орнығып, тауар өндірушілермен тығыз қарым-қатынаста.
Аграрлық құқықтың негізгі қағидалары қазіргі қоғамның нарықтық
жағдайын сипаттайды. Олардың қатарына келесі аграрлық құқықтың қағидаларын
қоссақ болады:
- Аграрлық кәсіпкерліктің бостандығы мен ауылдық жерлерде шаруашылық
субъектілердің түрін таңдау бостандығы;
- Аграрлық кәсіпкерлік субъектілерінің тең құқықтылығы,
агроөнеркәсіптік кешенде әр түрлі шаруашылық субъектілерінің
құқықтық қорғалуы;
- Агроөнеркәсіптік кешеннің дамуының басымдығы;
- Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекет қолдауы;
- Азаматтардың толық тамақтануға құқығы;
- Ауыл шаруашылық тауар өндірушінің ісіне мемлекет тарапынан
араласпау қағидасы.
Аграрлық құқықтың аталған қағидалары оның қазіргі күнгі дамуы мен
қалыптасу сатысын көрсетеді және келесі жағдайларда көрініс табады:

субъектілердің түрін таңдау бостандығы қағидасы Қазақстан
Республикасының Конституциясының 26-бабында көрініс тапқан, ол
бойынша Әркiмнiң кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне, өз мүлкiн кез
келген заңды кәсiпкерлiк қызмет үшiн еркiн пайдалануға құқығы бар.
Монополистiк қызмет заңмен реттеледi әрi шектеледi. Жосықсыз
бәсекеге тыйым салынады. Қазақстан Республикасының 04.07.1992ж.
Жеке кәсіпкерлерді қолдау және қорғау Заңы бойынша, жеке
кәсіпкерлік қызметті шектеу мемлекеттің ерекше құзыреті және тек
қана заңда көзделген негіздерде, заңдылықты қамтамасыз ету,
салықтық міндеттемені орындамау, қызметі жалпы қоғамға қатер
төндірген жағдайда, шектеледі. Сондай-ақ, мемлекеттік шаруашылық
органдарының басымдығын белгілейтін қандай да бір актілерді
шығаруға тыйым салынады. Шаруалар өз шаруашылық нысанын таңдау
еркіндігі берілген. Әр түрлі табиға-климаттық жағдайларға
байланысты шаруалар, ауыл шаруашылық кооперативін немесе
шаруашылық серіктестіктің, т.б. түрін таңдауға ерікті. Қазақстан
Республикасындағы барлық ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы
шаруашылықтар заңмен қорғалады.
- Меншік нысаны мен шаруашылықтың түрі бостандығы қағидасы,
Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабында көрініс тапқан
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк
танылады және бiрдей қорғалады. Жеке меншікті пайдалану кезінде
меншік иесі мен қоғамға пайдалы болу керек. Меншік нысанының
объектісі мен субъектісі, көлемі мен шектері заңмен анықталады.
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік қызмет туралы Заңына
сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңында өзгеше көзделмесе,
меншік иесі өз мүлкін пайдалануға, иеленуге және кәдеге жаратуға
құқылы. Сондай-ақ, өз меншігіне тиесілі барлық құқықтар мен
міндеттерді атқарады.
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік келесі ұйымдастырушылық
нысанда жүзеге асырылады:
- Меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар мен олармен құрылған
бірлестіктер;
- Шаруашылық серіктестіктер;
- Шаруашылық қызметті жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктер мен
фондтар;
- Фермерлік шаруашылық;
- Жеке кәсіпкерлік.
Ауыл шаруашылық кәсіпкерлер өз қызметін түрлі ұйымдарды құру арқылы
жүзеге асыра алады. Оладың бір түрінен екіншісіне ауысуға, қосылуға немесе
бөлінуге рұқсат алулары керек емес. Жеке кәсіпкерлікпен заңи ғылыми жоқ,
азамат жеке өзі айналыса алады – жеке кәсіпкерлік немесе азаматтар тобымен
жүзеге асырылуы мүмкін – бірлескен кәсіпкерлік. Бірлескен кәсіпкерліктің
нысандары:
1. Ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігі, ерлі-зайыптылар бірлесіп жүзеге
асырылады;
2. Отбасылық
3. кәсіпкерлік, шаруа(фермер) қожалығы нысанында жүзеге асырылады;
4. Жай серіктестік нысанында жүзеге асырылады.Р
Заңды тұлғалардың жеке кәсіпкерлігі мемлекеттік емес заңды
тұлғалармен жүзеге асырылады:
- Аграрлық кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі және агроөнеркәсіптік
кешеннің әр түрлі нысанындағы шаруашылық субъектілерінің қорғалуы.
Ол Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабы бойынша
сараланады, Заң мен сот алдында жұрттың бәрi тең, Әркiм
Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға,
басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадiр-
қасиетiн құрметтеуге мiндеттi.
Аграрлық кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі және агроөнеркәсіптік
кешеннің әр түрлі нысанындағы шаруашылық субъектілерінің қорғалуы мемлекет
тарапынан қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Мемлекет тарапынан құқықтық
қорғау келесі аспектілерде көрініс табады:
- Линцензияны талап ететін қызмет түрін қоспағанда, барлық аграрлық
қызметтерді ерікті, рұқсатсыз жүзеге асыра алуы;
- Салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркеудің
жеңілдетілгендігі;
- Мемлекеттік органдармен жүзеге асырылатын тексерулердің барынша
аздығы;
- Жеке кәсіпкердің қызметіне заңсыз аралсқан мемлекеттік органдарға
немесе нормативтік актілерге сот тәртібімен шағымдана алу
құқығымен;
- Заңда көзделген негіздерде жеке кәсіпкердің қызметін сот
тәртібімен шектеу;
- Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тек қана заңда көзделген қызметтер
түрімен айналысуға жол бермеу;
- Мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың жеке кәсіпкерлік
субъектілерінің қызметіне араласуға жол бермеу, барлық
құқықбұзушылықтарды тыю.
Әлі де болса, қазіргі күні аграрлық сектордың дамуы көптеген
қосуларды талап етіп отыр. Қазақстан Республикасындағы аграрлық сектор
қазіргі заманның талабына сай келуі біршама. Меншік нысаны байланысты,
көптеген шаруашылық субъектілердің болуы, жеке кәсіпкерлікті қоса талдауды
қажет етеді.
Агроөнеркәсіптік кешеннің дамуының басымдығы қағидасы – аграрлық
құқықтың маңызды қағидасының бірі болып саналады. Қазіргі күні қабылданып
жатқан әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың басты мәселесі ауыл, село,
агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және оны мемлекет тарапынан қаржыландыру
мәселесі алдыңғы қатарға қойылған.
Соңғы жылдарға көз жүгіртіп қарасақ, ауыл мен селолар қартайған
немесе ауыл деградациясы тенденциясы байқалып отыр. Себебі, қазіргі жылдары
ауыл мен селоларда тек қана орта жастағылар немесе қарт адамдар ғана
қалған, ал ауылдың жастары өздерін қалалардан, кейде басқа мемлекеттерден
іздейді. Бұл динамиканың өсу қарқыны жыл сайын өсуде, әрине бұл қорқынышты
жағдай, себебі ауылдық жерлерде жұмыстың шоғырлануы аз емес.
Мемлекеттік қазынаның көп бөлігі, тартылып жатқан инвестициялар ауыл
шаруашылық сектордың дамуына, соның ішінде тұрғын және әлеуметтік-мәдени
мақсаттарға, ауыл шаруашылық өнімдерін өндеу, өндіру саласына, электр
жүйесінің дамуына, табиғи газ, су құбырын дамыту, байланыс құралдарын
жақсарту, ауылдық жерлердің жолдарын дамыту, жақсарту үшін бөлініп отыр.
Ауыл шаруашылық саласындағы мемлекеттік шаралар кешені және ауылдың,
селоның әлеуметтік-экономикалық даму бадарламалары Қазақстан Республикасы
Үкіметінің ұсынысымен Қазақстан Республикасының Парламенті мемлекеттік
қазынадан қаржыландыру туралы шешімін қабылдайды.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушінің ісіне мемлекет тарапынан араласпау
қағидасы – мемлекет тарапынан ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге берілген
тәуелсіздігі, бостандығы болып отыр. Қазақстан Республикасы Конституциясы
бойынша, біреудің ісіне заңсыз араласуға тыйым салынады. Сондай-ақ,
мемлекет тарапынан, қоғамдық ұйымдар тарапынан, шаруашылық субъектілер
тарапынан араласуға тыйым салынады. Егер ауыл шаруашылық субъектілердің
қызметі кімнің болсын тарпынан араласуға жол берілетін болса, қызметіне
мүліктік және өзге нұқсан келтірген жағдайда, сол тараптың есесінен
шығынның орны толтырылады. Қандай да бір дау туындаған жағдайда сот
тәртібімен шешіледі. Егер теріс қылық жасалғандығы анықталса, мемлекеттік
орган болсын, басқа мекеме, ұйымдарға барлық заңды жауапкершілік көзделген.
Аталған қағидалар заңи тіркелгендіктен аграрлық секторды реттеуде
басымдықты иеленеді және аграрлық құқық саласында басты қағидалар болып
саналады.
Қорытындылай келсем, аграрлық қатынастар орнамай тұрып аграрлық
қағидалар пайда болмайды. Аграрлық қатынастарда кездесетін аграрлық
қағидалар заңмен бекітілген, яғни заңи күші бар. Аграрлық сектордың басты
құраушысының бірі – аграрлық қағидалар болып саналады [4. 26-31б].
1.3. Ауыл шаруашылық ұйымдарының, шаруа (фермер) қожалығының, ауыл
шаруашылық серіктестігінің құқықтық жағдайы және жалпы сипаттамасы
Ауыл шаруашылығының өнеркәсібін және
онымен тығыз байланысқан экономика салалсының ұйымдарын жеті лдіру
арқашанда мемлекет пен оның органдарының назарында болып келді.Жаңа
нарықтық қатынастар кезінде өзінің шаруашылық дербестіктері шектеулі осы
кәсіпорындарының қызмет етуі мүмкін болмай қалды. Өндіріс құралына, ең
алдымен жерге мемлекеттік монополия ауылдың дамуындағы тежегіш болды.
Сондықтан, ауыл шаруашылығында реформаларды бастағанда, шаруашылық
жүргізудің тиімді тәсілі ретінде ауылды нарықтық қатынастарға көшіру мақсат
етіп қойылды. Ауыл шаруашылығындағы жүргізілген реформалар ХХ ғасырдың 90
жылдары мен ХХІ ғасырдаң басында-ақ осы салада бұрын болмаған жаңа,
нарықтық қатынастарға сәйкес келетін шаруашылық жүргізудің ұйымдастырушылық-
құқықтық түрлердің тудырды.Кәсіпорындардың жаңа түрлері: шаруашылық
серіктестіктер, қосымша және шектеулі жауапкершілікті серіктестіктер,
олардың қауымдастықтары мен одақтары, акционерлік қоғамдар,ауыл
шаруашылығының өндірістік кооперативтері, тұтынушылық кооперативтері, ауыл
шаруашылығындағы суды пайдалунышылардың кооперативтері, шаруа (фермер)
қожалықтары пайда болды, олардың бірқатары коммерциялық, басқалары
коммерциялық емес болып табылды.Ауыл шаруашылығының ұйымдары өздерінің
қыметінің мақсаттарына сәйкес келетін жалпы ааматтық құқықтық
қабілеттілікке ие. Барлық басқа заңды тұлға сияқты олар да өздерінің
құрылтайшылық құжаттарына енгізілген және тікелей аталмаған,заңмен тиым
салынбаған кез келген қызмет түрін жүзеге асыру үшін қажетті азаматтық
құқықтырға және міндеттерді атқару құқығына ие болады [8]. Мемлекеттік
кәсіпорын туралы ҚР Президентінің 1995ж. 19 маусымдағы заң күші бар
жарлығына сәйкес, ауыл шаруашылық мемлекеттік кәсіпорын құрылады. Ауыл
шаруашылық мемлекеттік кәсіпорындарға:1.Шаруашылық жүргізу құқығына жүргізу
құқығына негізделген кәсіпорындар; 2. Жедел басқару құқығына негіделген
(қазыналық кәсіпорын) кәсіпорындар жатады. 3.Мемлекеттік меншігіне қарай
кәсіпорындар: 1.Республика меншігіндегі кәсіпорындар- республикалық
мемлекеттік кәсіпорындар; 2. Коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар –
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар болып бөлінеді.
Ауыл шаруышылық мемлекеттік кәсіпорындар қыметінің негізгі міндет-
мақсаты қоғам мен мемлекеттің қажетіне қарай айқындалатын мынадай
әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу болып табылады.
1.Мемлекеттік қорғаныс қабілетін материалдық жағынан қамтамасыз ету
және қоғам мүддесін қорғау.
2.Экономиканың жеке меншік секторын қамтыған немесе жеткіліксіз
қамтыған қоғамдық өндірістің буындары мен салдарында бірінші қажеттіліктегі
тауарларды өндіру.
3.Мемлекеттік монополияға жатқызылған немесе бақылау және қадағалау
функцияларын қоспағанда мемлекеттің функциясы болып табылатын салалардағы
қызметті жүзеге асыру.Ауыл шаруашылығындағы акционерлік қоғамның құқықтық
жағдайы.Акционерлік қоғамның құқықтық ережелері ҚР Азаматтық кодексінің 85
– 93- баптарымен және ҚР-ның 2003ж. 13 мамырдағы Акционерлік қоғам туралы
Заңымен реттеледі. Өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражатты тарту
мақсатында акцияларды шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам деп танылады.
Қоғам өзінің акционерлердің мүлкінен жеке мүлікке ие болады жіне олардың
міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қоғамды құру. Қоғамды құру туралы
шешім қабылдаған жеке және заңды тұлғалар оның құрылтайшылыры болып
табылады.Мемлекеттік кәсіпорын тек осы кәсіпорынға қатысты меншік иесі мен
мемлекеттік органның функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органның
келісімімен ғана қоғамның құрылтайшысы болуға және оның акцияларын сатып
алуға құқылы. Қоғамның құрылтайшысы жалғыз тұлға функциясын атқарушысы
болуы мүмкін. Қоғам Акционерлік қоғамдар туралы заңымен және ҚР –ның
басқа да аңдық актілерімен белгіленген тәртіпте бар заңды тұлғаны қайта
ұйымдастыру арқылы құрылуы мүмкін. Бірінші құрылтай жиналысында
құрылтайшылар: қоғамды құру туралы шешім қабылдайды және қоғамды құру
жөніндегі бірлескен қызмет тәртібін белгілейді; құрылтай шартын жасайды;
құрылтайшылар төлейтін жарғылық капитапл мөлшерін белгілейді; шығарылатын
болып жарияланған акцияларды мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдайды;
қоғамның тіркеушісін таңдайды; қоғамның атынан мемлекеттік тіркеу үшін
құжаттарға қолдарын қоюға өкілетті тұлғаларды сайлайды; қоғам
құрылтайшыларының жарғылық капиталды төлеуге енгізілетін ҚР заңдарына
сәйкес мүлкін бағалайтын адамдарды анықтайды; Қоғамның қаржылық -
шаруашылық қызметін жүзеге асыруға қоғамның органдары құрылғанға дейін оның
мүдделерін және үшінші тұлғалар алдында уәкілетті адамдарды сайлайды;
қоғамның жарғысын белгілейді [5.139-143б]. Шаруа (фермер)
қожалығының құқықтық жағдайы.
Адамдардың жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыруы ауыл шаруашылығына
арналған жерлердi ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрумен, сондай-ақ осы өнiмдi
ұқсатумен және өткiзумен тығыз байланысты отбасылық-еңбек бiрлестiгi шаруа
(фермер) қожалығы деп танылады. Заңды тұлға құрмай және заңды тұлға
белгiлерi болмаған жағдайда кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалар
шаруа (фермер) қожалығы субъектiлерi болып табылады. Шаруа (фермер)
қожалығы мынадай нысандарда болуы мүмкiн: кәсiпкерлiк қызмет бiрлескен
ортақ меншiк базасына негiзделген отбасылық кәсiпкерлiк нысанында жүзеге
асырылатын шаруа қожалығы; өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асыруға негiзделген
фермер қожалығы; бiрлескен шаруашылық қызметi туралы шарт негiзiнде, жалпы
үлестiк меншiк базасында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz