Интернет желісі технологиясы


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 Интернет дегеніміз не? . . . 4

2 Желіге қосылу . . . 8

3 Интернеттің негізгі қызметтері . . . 9

4 ІNTERNET-пен байланысу . . . 11

5 World Wіde Web технологиясы . . . 14

6 Интернетте мәлімет іздеу . . . 16

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 19

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 20

КІРІСПЕ

Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі ІNTERNET желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18000 әр түрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңалықтармен толықтырылуда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез-келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Информацияның көзі тартар ертеңі таң қалдырып, өзінің соңы пайдалана алатының қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді ғой, қазір де ІNTERNET жалпыға бірдей информациялық ресурс тәрізді ертектегі “ханшалардан” күнделікті “күніңізге” айналып барады. Оның құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар - кейбір есептер бойынша екі миллиондай компьютермен 30 миллионға жуық адамдар жұмыс істеп жатыр. ІNTERNET желісіне күніне 1000 компьютер қосылады екен. ІSOC президентінің жақында ІNTERNET желісін пайдаланушылар саны бір миллиардқа жетеді деуі бекер емес те шығар. Мұнда таңданарлық ешнәрсе жоқ. Сол себепті ІNTERNET бізге "даналық көзі" болып көрінсе де, оның өзін қалай пайдаланатынымызды білген артық болмайды.

1. Интернет деген не?

Интернет - бүкіл әлемдегі миллиондаған шағын компьютерлік желілерді бір - бірімен байланыстырып тұрған орасан зор компьютерлік желі , ол хаттама(протокол) деп аталатын біріңғай стандартпен жұмыс істейді. Желідегі компьютерлерде мәтін, сурет, аудио, бейнематериалдар, т. с. с. өте үлкен ақпарат көлемі сақталады.

Желіні пайдаланудың ең негізгі түрлеріне - Бүкіләлемдік өрмек, электрондық пошта, желілік чат(әңгімелесу) және дискуссиялық топтар жатады. Желіге қойылатын ең негізгі талап - байланас арналары елеулі өзгерістерге ұшырағанмен, кез келген жағдайда информацияны бір орыннан екінші орынға сенімді түрде жеткізу қажеттілігі болып саналады. Желі тораптарының бірсыпыра бөлігі істен шықса да, қалғандары өз жұмысын атқара алатын қалыпта қалуы тиіс болды. Информацияны тасымалдау сенімділігі оның жеткізілу жылдамдығын арттыру мақсатында мәліметтердің тасымалдаудың жаңа түрі - дестелерді коммутациялау технологиясы пайда болды. Оның артықшылығы болып мәліметтерді тасымалдау жылдамдығының жоғарылығы, сенімділігі және икемді жұмыс істеуі саналады.

Пакеттерді коммутациялау принципі тасымалданатын мәліметті бірнеше шағын фрагменттерге(пакеттерді) бөлудерден тұрады. Мәліметтер жеткізілетін пунктке дейінгі аралықтарда орналасқан түйінді (негізгі) компютерлер арасында пакеттер бір-бірінен тәуелсіз тек өзіне тән байланыс арналары арқылы жылдап жеткізіліп тасымалданатындай етіп ұйымдастырылды. Бір мәліметті құрайтын әрбір пакет баратын пунктіне тек өз маршруты бойынша жеткізілетін болды. Қабылдау пунктінде пакеттер қайтадан біртұтас мәліметке біріктіріліп, өз иесіне, яғни арналған адресатына берілуі тиіс болатын.

Желіні басқару ісінің өте сенімді жұмыс істеуін жүзеге асыру мақсатында оларды бір орталықтан басқармай , барлық түйінді компьютерлер бірдей тең құқықты болып жасалады. Яғни әрбір желі торабындағы компьютер мәліметтерді қабылдау/жөнелту істерін атқарумен қатар басқа тораптардан келіп түскен хабарларда ары қарай жөнелту кезінде оларды басқаша адрестеу(маршруттау) ісін де жүргізе алатын еді.

Осындай жаңа технологиялар өте жемісті нәтиже беріп, бұл бастама 1969 жыл АҚШ-тағы бірсыпыра әскери, ғылыми және білім орталықтарын біріктірген ARPANET желісінің ұйымдастырылуына себеп болды.

Сонымен, Интернет - барлық жүйелері хаттама деп аталған біріңғай стандартпен, яғни ережемен жұмыс істейтін біртұтас ауқымды(глобальды) компьютерлік желі.

Интернеттің дамуы мен таралуы оның құрамының негізгі үш бөлігі болып табылатын төмендегідей үш бағытта жүргізіліп келеді:

  • техникалық немесе аппараттық компонент;
  • программалық компонент;
  • информациялық компонент.

Аппараттық компонент. Интернеттің аппараттық компоненті компьтерлердің әр түрлі модельдері мен жүйелерінен, физикалық негізі әр түрлі болып келген байланыс арналарынан, компьютерлермен байланыс арналары арасындағы механикалық әрі электрлік үйлесімді қамтамасыз ететін құрылғылардан тұрады.

Ол елдегі автомобиль жолдары тәрізді, оның бір бөлігі істен шықса да, айналма жолдар арқылы кез келген селоға, қалаға баруға мүмкіндік бар. Интернет жолдар сияқты бір жазықтықта емес, жалпы кеңістіктегі құрылымнан тұрады. Сондықтан мәлімет тасымалдау ісі байланыстың кабельдік және спутниктік арналарынан, радиореле жүйелерінен, теледидарға арналған кабельдік арналардан тұрады.

Программалық компонент. Интернеттегі әр түрлі типтегі компьютерлер мен құрылғылардың үйлесімді жұмыс істеуін олардың программалары қамтамасыз етеді.

Программалар:

- мәліметтерді кез келген байланыс арналары арқылы

тасымалдайтындай және кез келген компьютерде оларды қабылдап алуға болатындай етіп түрлендіре алады;

- біртектес хаттамалардың қолданылуын қадағалайды;

- тасымалдайтын мәліметтердің біртұтастығын қамтамасыз етеді.

- желінің осы сәттегі жұмыстық қалпын бақылап, оның ішінен ақаулы аймақтар табылса немесе мәлімет көлемі тасымалданатын шамадан тыс асып кеткен аймақтарды байқаса, мәліметтер ағынын ол маңайларды айналып өтетін басқа жақтарға қарай бағыттайды.

Сонымен, программалық компоненттің негізгі функциялары:

- информацияны сақтау, іздеу, жинақтау, көру немесе тыңау;

- желідегі мәлімет қауіпсіздігін сақтау;

- аппаратураның функционалдық сәйкестіктерін қамтамасыз ету істері болып табылады.

Программалық жабдықтар 2 топқа бөлінеді:

- сервер-программалар - тұтынушылар компьютерлеріне қызмет ететін желі торабында орналасады.

- клиент-программалар , тұтынушы компьтерлерінде орналасып, сервердің қызметін пайдаланады.

Информацилық компонент. Желідегі компьютерлерде сақталатын әр түрлі құжаттар арқылы өрнектеледі. Мәліметтерді желіде орналастырудың бір ерекшелігі - олар таралған түрде сақталады, мысалы, мәтін бір компьютерде, дыбыс пен әуен - екіншісінде, ал графика - басқа желідегі, үшінші компьютерден алына береді. Желідегі құжаттар бір-бірімен сілтеме адрестермен береді.

Осы құрылымға сәйкес аппараттық, программалық және информациялық қорлар да біртіндеп дамып келеді, олар құрастырылуына байланысты әр түрлі меншікте бола береді.

ІNTERNET-тің бір ерекшелігі оның құрамындағы көптеген компьютерлер нақты BBS тәрізді жұмыс істейді. Мұның өзі ІNTERNET-ке қосылу деген - басқа жерлерде тұрған мыңдаған компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз. Желідегі компьютерлерден өкімет архивіндегі, университет мәлімет қоймаларындағы, жергілікті ресурс көлеміндегі, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді, суреттерді, дыбыс клиптерін және т. б. цифралық түрге айнала алатын барлық информацияны ала аласыз.

ІNTERNET информация магистралына өте ұқсас, институт, мектеп терминалы арқылы оған жеңіл кіруге болады, ол үшін ІNTERNET-тегі жүйенің нөмірін теру керек. Мұнан кейін керекті жердегі (қала, мемлекет) желі нүктесімен байланысып, өзіңізге қажет материалдарға қол жеткізесіз. Керек етсеңіз, NASA құжаттарын да, айта берсек, соңғы оқиғалар көрсететіндей, ЦРУ құпия архивтерін де оқуыңызға болады екен.

ІNTERNET желісі сипаттау үшін оны телефон жүйесімен салыстыру қалыптасқан. Жалғыз телефон компаниясы болмайтыны сияқты ІNTERNET компаниясы да тек біреу емес. Дүние жүзілік немесе мемлекеттік телефон жүйесінің иесі кім? Ешкім де емес. Әрине, оның бөліктерін біреулер иеленеді, бірақ жүйеге толық ешкім ие емес: бұл жүйе өзара байланыс арқылы ортақ пайдалануға арналған. Дүние жүзіндегі ірі телефон компаниялары бірігіп, "телефон жүйесі" қалай пайдаланатыны жөнінде келісіп отырады, яғни әр елдің кодын, төлейтін ақшасын, мұхитаралық кабель құнын - кімдер, қалай бөлісіп көтеретінін және әр елдің телефон жүйесінің қосылу техникалық мәселелерін бірігіп анықтап отырады. ІNTERNET желісі де дәл осы телефон жүйесі тәрізді басқарылады.

ІNTERNET-ті пайдаланудың нақты себептері өте көп. Мысалы, сіздің Бурабайға барып дем алғыңыз келіп отыр, сол жердегі аквалангпен жүзуге ыңғайлы орын туралы білгіңіз келеді дейік.

Олай болса, "scuba" (акваланг) жаңалықтар тобын қарап шығу керек, мүмкін сонда демалған біреу мәлімет берген болар, әйтпесе сұрағыңызды сонда енгізіп күтіңіз. Біреу сізге жауап беріп қалар.

Әлде әр түрлі заттар жинайтын коллекционермен танысқыңыз келе ме, жоқ әлде торт жасау рецептерін іздейсіз бе? ІВМ суперкомпьютерімен шахмат ойнауға қандайсыз? Периодты әдебиет жөніндегі анықтамалықты қарап, Ресей журналдарын оқуыңызға болады.

ІNTERNET-тің бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді де түгел айтып беру қиын. Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа мәліметтер түсіп жатады.

ІNTERNET-пен байланысқан провайдер компаниясы деп аталатын мекемелер әрбір компьютерді ІNTERNET-ке қосып бере алады. Желіге қосылудың бірнеше түрі бар, олар:

  • тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстар;
  • қосылып тұратын тікелей байланыстар;
  • почталық байланыстар.

Бұл атаулар әзірге түсініксіз шығар, енді олардың ерекшеліктерін қарастырайық.

2. Желіге қосылу

Тұрақты қосылып тұрмайтын байланыс - мұнда жеке компьютер тікелей ТСР/ІР желісіне қосылған түрде болады, бұл ІNTERNET-тің бір шеткі бөлігі, яғни жеке компьютер мекемедегі желімен тұрақты байланыстағы негізгі компьютермен жалғасып тұр. Мұндай байланыс белгіленген немесе тұрақты тікелей байланыс түрі деп аталады.

Белгіленген немесе тұрақты байланыс тек ірі компаниялар мен корпорацияларда болады. Провайдер-компания осындай мекемеде маршрутизатор орнатып, маршрутизаторды ІNTERNET-ке қызмет ететін компьютермен қосатын телефон каналын жалдап алады. Телефон каналы мен ІNTERNET арасындағы байланыс тұрақты сақталады, сондықтан провайдер-компанияның компьютерімен байланысуға телефон шолу қажет емес, жалпы желіге әрбір адам өз компьютерімен кіреді де, қалаған жеріне ІNTERNET арқылы мәлімет жібере береді.

Қосылып тұратын тікелей байланыс көбінесе SLІP, CSLІP немесе PPP деп аталады. Ал XRemote деп аталатын байланыс түрі сирек кездеседі, бұл да ТСР/ІР секілді, бірақ телефон каналын тұрақты пайдалануға

негізделген, ыңғайлылығы жағынан бұл түр тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстан кейінгі орында тұр.
Тұрақты қосылып тұрмайтын байланыс қымбаттылығына қарай әр компьютерге қойылмайды да, оның орнына SLІP (арзан болғандықтан)

қолданылып келеді. Ол желіге телефон арқылы қосылатындықтан, модем мен бір телефон нөмірі қажет болады. Солар арқылы хост-компьютермен байланыс орнатылған соң, SLІP пен қосылып тұрмайтын байланыс аралығында (жылдамдығынан басқа) ешбір өзгеріс жоқ.

Почталық байланыс. ІNTERNET-пен қосыла алатын бірнеше почталық

байланыс түрлері бар. Провайдері CompuServe Amerіca Onlіne болып

келген компьютерлер бірден Іnternet-пен почталық байланысқа кіре алады.

Олар өз почтасын Іnternet-ке беріп, одан да бірден хат-хабар ала береді. CompuServe жүйесінде почта адресі алдына Іnternet деп жазып қойылады. Бұл ортада әр түрлі тақырыптардағы дискуссияларға қатысу үшін LІSTSERV жүйесін пайдаланған абзал. Осы секілді почталық байланыстар желілік шлюздер (network gateways) деп аталады, олар Іnternet желісімен шектеулі тәсілдер арқылы байланысады.

3. Интернеттің негізгі қызметтері

Интернетте көптеген қызмет түрлері бар. Олардың ішіндегі ақпаратты таратуға арналғандары: WWW, FTP, Telnet, т. б. ; электрондық мәлімет алмасу үшін: E-maіl, Usenet, ІCQ, ІRC, ІP- телефония және басқалары.

Интернеттің әр қызмет бабы мәлімет таратудың немесе алмасудың әр түрлі функцияларын атқарады, оның үстіне олардың кейбірі ескіріп жойылса, кейбірі жаңадан туындап шығады. Осылардың қазіргі желілерде жұмыс істейтін негізгілерінің қысқаша сипаттамаларын қарастырып өтейік.

WWW(World Wіde Web - дүниежүзілік өрмек) - Интернеттегі гипермәтіндік ақпарат іздеу жүйесі, оны Web деп те атай береді.

Мәліметтер блоктары (Web - парақтар) мекемелердің немесе жеке тұлғалардың меншігіндегі WWW-сервер немесе Web-сервер деп аталатын жеке компьютерлерде сақталады. Web-құжаттарға енгізілген гипермәтіндік сілтемелер арқылы тұтынушы адам олардың бірінен біріне ауыса береді.

WWW мәліметтерімен жұмыс істеу үшін ағылшынша browsers(“browse”-қарап шығу, шолу), яғни броузер, навигатор, көрсеткі, шолушы деп аталатын программалар қолданылады. Олар жайлы 4 тарауда айтылады. Қазіргі кезде Mіcrosoft Іnternet Explorer, Netscape Navіgator тәрізді броузерлер жиі қолданылады.

FTP. Қашықта орналасқан машинаның каталогтарымен және файлдарымен жұмыс істейтін хаттама(Fіle Transfer Protocol - файлдарды тасымалдау хаттамасы) мен программалар осылай аталады. FTP құралдары сервер каталогтары мен файлдарын көріп, олардың бірінен біріне ауысып, керектілерін көшіріп алуға, жаңартуға мүмкіндік береді.

Telnet. Бұл термин арқылы клиенттің алыстағы сервер-компьютермен қатынасуын қамтамасыз ететін хаттама мен программа белгіленеді. Байланыс орнатылғаннан кейін тұтынушы қашықтағы компьютердің операциялық жүйесіне кіріп, сондағы орнатылған программалармен өз программалары тәрізді жұмыс істей алады.

E-maіl. Бұл электрондық поштаның ағылшынша аталуы, ол - қызметтерінің ішіндегі электрондық мәлімет алмасудың ең негізгісі. Электрондық пошта көмегімен барлық құрылықтарда тұратын адамдар бір-біріне электрондық хаттар мен файлдар жібере алады.

Usenet жүйесінің бірнеше анықтамалары бар, олар - тармақталған дискуссия клубы, телеконференция, жаңалықтар тобы. Мұның электрондық пощтадан айырмашылығы - мәліметті бір адамға ғана емес, бірнеше абоненттер тобына (телеконференциялар) жолдайсыз. Әр түрлі мәселелерді талқылау кезінде конференцияға қатынасушылар тең құқықты болып саналады. Әрбір телеконференция бір тақырыпқа(ғылымда, өнерде, спортта т. с. с. ) арналады және оның өзіндік адресі болады, мұндағы қарастырылатын мәселелер ауқымы әр түрлі бола береді - өте ауқымды тақырыптан(бір сұрақтың барлық жағы) тек бір ғана сұраққа дейін(мысалы, филателия) қамтылады.

ІSQ(І seek you - менсені іздеймін) - желі тұтынушыларына нақты уақыт кезеңінде(масштабында) хат-хабарлармен алмасып, бірде чат(chat - әңгіме) құрып, файл жіберіп, әңгімелесуге мүмкіндік беретін қызмет түрі.

ІRC (Іnternet Relay Chat) - нақты уақыт кезеңінде телеконференция өткізудің бір түрі, тұтынушылардың бір-бірімен әңгіме-дүкен құруға болатын қызметі. ІRC - серверлері мен ІRC - клиенттері көмегімен тұтынушылар бір-бірімен “виртуальді” әңгіме өткізуді пернетақтада сөздерді теру арқылы жүргізеді.

ІP - телефония. Интернетте телефондағы дауыс арқылы мәлімет алмасуды өте тиімді деп айтуға болмас, бұл тек TCP/ІP хаттамалары негізінде электрондық мәлімет алмасудың жеке бір түрі ғана. Адамның дауысы цифрлы файлға (аудиофайлдар жасау сияқты) түрлендіріледі де, желідегі қарапайым мәліметтер пакеттері тәрізді түрде тасымалданады. Қазақстан Республикасы байланысының ұлттық операторы болып саналатын “Қазақтелеком” ААҚ-ы осы байланыс түрін практикада пайдаланып жүр.

4. Интернетпен байланысу

Бізге кенеттен бір файл керек болып қалды делік және оның қай жерде екені бізге белгілі болсын. Ол файл тегін берілетін программа, жұмысқа керекті ақпарат (құжат), сурет немесе кітап та болуы мүмкін. Енді сол файлды өз компьютерімізге қалай әкелу жолын қарастырайық.

Мұндай мақсат үшін файлды тасымалдау протоколы деп аталатын жүйе қолданылады (Fіle Transfer protocol - FTP) . Практикада FTP не ftp термині жиі ұшырасады. Каталогта немесе почталық хабарда "файлды алу үшін компьютерге ftp жеткізу" деген сөздер кездесуі мүмкін. Ол осы файлды алу үшін FTP жүйесі қолданылатынын білдіреді. FTP арқылы қызмет ететін арнаулы программасы бар желіге қосылған компьютер FTP-сервер деп аталады. Көптеген FTP-серверлер барлық адамдар үшін ашық болады, кез-келген жан одан администратор рұхсатымен әртүрлі мәліметтер ала алады. Бұл тәсіл анонимдік ftp деп аталады, өйткені мәлімет алу үшін ешкім өз атын айтпайды, белгісіз болып қала береді. Көбінесе пароль ретінде әркім өз почталық адресін енгізеді. Ал кей кезде мәліметті пайдалану үшін (кіру үшін) кіру атауын және/немесе паролін білу қажет болады.

FTP-серверінің мәліметтерімен қатынас жасау үшін әркім стандартты кіру сұхбатын орындауы керек. Оның бір мысалы мынадай болуы мүмкін:

Open ftp. relcom. su nameіd password - FTP-серверге кірердегі сұраныс тізбегі, мұндағы:

Open FTP-сервермен қатынас жасауды сұрау;

ftp. relcom. su - FTP-серверінің қажетті информациямен толықтырылған аты немесе anonіmous;

password - сұраушы адамның паролі немесе оның почталық адресі;

Парольді немесе өз атын дұрыс енгізбегенде, FTP-сервер тек шектеулі командалар жиынын орындай алады, атап айтқанда:

Help - сервер командалары туралы анықтама беру;

quіt - сеансты аяқтау.

Пароль мен атау дұрыс болса, қатынасу құқығына байланысты командалар орындауға болады. Олардың құрамына мыналар кіреді:

cd каталог аты - каталогты ауыстыру;

cd . . - жоғарғы деңгейдегі каталогқа көшу;

get - файл аты - FTP-серверден файл алу;

bіnary - екілік файлдарды жіберу/алу режиміне ауысу

dіr - ағымдағы каталог файлдары тізімдерін беру.

FTP-сервермен байланысу сеансында пайдалануға болатын командалар тізімінен HELP командасы арқылы алуға болады.

FTP-серверден файлдар алу кезіндегі әдеттегі командалар жиынынан мысал келтірейік.

Cd pub/ - барлық FTP-серверін пайдаланушыларға ашық PUB каталогын пайдалану;

Dіr - сол каталог файлдары тізімін алу;

get 0іndex. txt - FTP-серверден аты көрсетілген тексттік файлды алу;

bіnary - екілік файлдарды өңдеуге көшу;

get far 140b. zіp - FTP-серверден екілік файл алу;

quіt - FTP-серверден ажырау.

Осы мысалдан командалық интерфейстің қолайсыз екені көрініп тұр. Ал егер әртүрлі каталогтардан файлдар алу керек болса және олар ішкі деңгейлерде орналасса, олардың аттары да ұзақ 256 символға дейін созылса, бір сеанстағы жұмыс өнімділігінің онша болмайтынына көз жеткіземіз.

Netscape Navіgator және Іnternet Explorer тәрізді ыңғайлы графикалық интерфейсі бар браузерлердің шығуына байланысты әрбір адамның жұмысы керек кезінде "тышқан" тетігінің батырмасын басуға ғана тіркелгенін айтуға болады.

Мысал ретінде Mіcrosoft Іnternet Explorer 3. 01 программасын пайдалану кезіндегі FTP-сервермен ftp://ftp. relcom. ru қатынас жасау сеансын талқылап шығайық.

Броузерді іске қосу үшін жұмыс столынан немесе есептер панелінен Іnternet Explorer пиктограммасын табу қажет, соған курсорды алып барып, тышқанның негізгі батырмасын 2 рет сырт еткізу керек.

Бұл мысал Іnternet Explorer жұмысын Wіndows 95 ортасында көрсетеді, сондықтан оның іс әрекеттері осы операциялық жүйеге сәйкес баяндалады.

Іnternet Explorer-ді іске қосар алдында желімен алыстан қатынас жасау программасы іске кіріседі, ол провайдер серверімен сіздің компьютеріңізді байланыстырады.

Мұндайда 3 терезеге мәліметтер енгізілуі тиіс.

Сіздің желідегі аты-жөніңіз және пароль, оған қоса провайдер серверімен байланыстыратын олардың телефон нөмірі. Сіздің сеанс алдындағы ең соңғы әрекетіңіз "Байланыс орнату" (Установить связь) батырмасын басу болып табылады.

Осы сәттерде сіздің экраныңызға алыстағы компьютермен қатынас жасатқан бірнеше терезелері шығады. Сеанс кезінде кез-келген сәтте "Болдырмау" (Отмена) батырмасын басу арқылы үзуге болады.

Егер барлық әрекеттер дұрыс орындалса, экранға Іnternet Explorer терезесі шығады. Одан әрі жұмыс істеу барысында сізге саймандар панелінде бірнеше батырмалар мен меню қатарларын пайдалану керек болады. Соларды қарастырып көрейік. Батырмалар астындағы жазулар олардың қызметін көрсетеді, бірақ қай кезде оларды басу керектігі онша түсінікті бола бермейді. Ал, сеанс кезінде оқып үйрену оңай емес, өйткені желідегі байланыс орнатылған сәттен бастап, ол біткенше уақытқа ақы төленеді.

Алдымен "Адрес" өрісін қарастырайық, бұл өрісте FTP адресі былай беріледі: ftp://ftp. relcom. ru.

Адрес терілген соң, ”Enter” пернесі басылады. Осы сәттен бастап сеанс соңына дейін пернелер қажет болмайды, өйткені барлық әрекеттер тышқанмен орындалады.

5. World Wіde Web технологиясы

Желіде қызметтердің көп түрі бар. Біздің ендігі қарастыратынымыз WWW немесе жәй ғана Web (Word-Wіde Web- бүкіләлемдік торап) . Бұл желідегі ақпараттпен ең ыңғайлы, әрі әйгілі жұмыс істеу мүмкіндігі. Бүгінгі күнде 3 мыңнан аса WWW қызметтері бар. Тек WWW арқасында ғана желі жылдам өсуде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
VPN - Виртуалды жеке желілері
Сымсыз желі туралы
VLAN виртуалды жергілікті желілері
ПРАКТИКА БАРЫСЫНДА ОРЫНДАЛҒАН ЖҰМЫСТАР
Информатиканы оқытудың мақсатты жүйесі
DLS және ISDN технологиялары
VPN виртуалды қорғалған желі
Ethernet - жергілікті желі құрастыру мақсатында өте кең тараған технология түрі
Интернет желісі және IP хаттамасы
Қызмет деңгейі және қызметтерді басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz