Ақпарат және мәліметтер


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:
Тақырыбы: Ақпарат және мәліметтер.
Жоспар:
Адам өміріндегі ақпараттың маңызы.
Ақпарат анықтамасы.
Ақпараттың қасиеттері.
Информатика ғылымы.
Ақпарат.
Қоғамның қазіргі кездегі дамуының ең басты белгісі-бұл өндірістің, тұтынудың және адам әрекетінің барлық салала-рында ақпарат жинаудың артуы болып табылады. Адамның бар өмірі-қалай да болсын-ақпарат алу, жинау және өңдеу-мен байланысты. Адам не істесе де:кітап оқығанда, теледи-дар қарағанда, сөйлескенде-ол әрқашан үздіксіз ақпарат алады және оны өңдейді.
Біз өмір сүріп отырған ғасырға-автомобиль, электр, атом
энергиясы, авиация, космонавтика, электрондық техника сияқты-ғылымның, техниканың және жаңа технологиялар-дың бұрын болмаған жылдамдықпен дамуы тән. Мысалы: кітап басып шығаруды ойлап тапқаннан радиоқабылдағыш-қа дейін 440 жылға жуық, ал радио мен теледидар арасында 30 жылдай уақыт өткен. Ал алғашқы транзистор мен интре-гралдық схеманың арасындағы уақыт не бары 5 жыл болды.
ХVII ғасырдан бастап ғылыми ақпарат жинау саласында ақпарат көлемі, шамамен әрбір 10-15 жыл сайын екі есе кө-бейіп отырды. Сондықтан адамзаттың тіршілік әрекетінің кез келген саласындағы ақпараттың тасқынды ағыны-оның ең маңызды проблемаларының бірі болып табылады.
Мысалы:есеп бойынша қазіргі кезде әр маман өз қызметі саласындағы барлық жаңалықты қадағалап біліп отыруы үшін жұмыс уақытының 80 %-не дейін жұмсауы керек.
Ақпарат- адамның өзіне қарағанда әлдеқайда көне құбы-лыс. Табиғат әлдеқашан өсімдіктер мен тірі организмдерде жұмбақталған (кодталған) ақпаратты өзінің даму барысында беріп отырған. Ал жануарлар мен құстардың тілі ақпаратқа қандай бай! Адамдар өздерінің алғашқы қадамдарынан бастап-ақ ақпарат беру мен сақтаудың жаңа құралдарын іздеуде және табуда. Бұған жартастағы суреттер де, "Жазба-лар ғибадатханасындағы"Майя өркениетінің иероглифті тақталары да, ежелгі египеттіктердің папирустары,
гректердің абак тастары мен жасырын хабарларды жіберуге арналған дискілері де дәлел бола алады.
Ақпарат дегеніміз не?
"Ақпарат" термині латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін "informatio" сөзінен шыққан.
Бұл терминнің кең тарағанына қарамастан, ақпарат түсінігі ғылымдағы ең көп пікірталас тудырған түсініктердің бірі болып табылады. Қазіргі кезде ақпарат түсінігінің дәл анықтамасы жоқ, көптеген жағдайларда ол интуициялық болып келеді және оған адам әрекетінің әр түрлі салала-рында әр түрлі мағына беріледі.
Ақпараттың анықтамаларының көп болуы-бұл түсініктің мағынасын түсіндірудің күрделілігімен, ерекшелігімен және көп түрлілігімен байланысты. Қазіргі кезде ақпарат түсінігін айқындаудың кең таралған үш теориялық жолы бар. Олар-дың әрқайсысы оның мағынасын өзінше түсіндіреді.
Бірінші теория (К. Шенон) сандық-ақпараттық тұрғыдан қарастырады да, ақпаратты оқиғаның анықталмағандығы-ның (энтропия) өлшемі ретінде айқындайды. Ақпарат көлемі,
қандай жағдайда болмасын, оны алу ықтималдығына тәуел-ді: хабар неғұрлым ықтимал болып табылса, оның ақпараты соғұрлым аз болады. Бұл теория ақпараттың мағыналық жағын ескермесе де, хабарды оңтайлы кодтау мен ақпарат-ты өлшеуге негіз болды да, байланыс техникасында өте пйдалы болып шықты. Бұдан басқа, ол ақпараттың жаңалығы
хабардың жеделдігі сияқты маңызды қасиетерін көрсету үшін өте қолайлы. Ақпаратты осы тұрғыдан тісінгенде-бұл анықталмағандықтың алынуы немесе мүмкін баламалар жинағынан таңдап алу нәтижесі.
Екінші теория ақпаратты материяның қасиеті ретінде қарастырады. Оның пайда болуы кибернетиканың пайда болуымен байланысты және адам немесе аспап қабылдай-тын кез-келген хабарламада ақпарат болады деген паымдау-ға негізделген. Ақпаратты бұлай түсінуді академик В. М. Глушков айқын бейнелеп жеткізген. Ол "Ақпаратты тек әріптермен шималанған кітап беттері немесе адамның тілі ғана емес, күн сәулесі де, тау жоталарының қыртысы да, сарқыраманың шуылы да, шөптің сыбдыры да жеткзеді" деп жазады. Яғни ақпарат материя қасиеті ретінде оның табиғаты мен құрылымы, реттелуі, көп түрлілігі және т. б. туралы түсінік береді. Ол материядан тыс болуы мүмкін емес, демек, ол болған және мәңгі болады. Оны жинауға, сақтауға және өңдеуге болады.
Үшінші теория -мағыналық (семантикалық) тұрғыдан
негізделген, ол бойынша ақпарат білім ретінде және кез келген білім емес-оның бағдарлау үшін, белсенді әрекет жасау үшін, басқару және өзін-өзі басқару үшін пайдаланы-латын бөлігі ретінде түсіндіріледі. Басқаша айтқанда, ақпарат
бұл білімнің әрекеттегі, пайдалы, "жұмыс істеуші"бөлігі.
Бұл теориялар бір-бірін белгілі бір шамада толықтыра-ды, ақпарат түсінігінің мәнін жан-жақты көрсетіп, сонысы-мен оның негізгі қасиеттерін түсінуді жеңілдетеді.
Ақпараттың көптеген анықтамаларының ішіндегі орын-дысы: Ақпарат, бұл-айналадағы дүние туралы анықтал-мағанды (белгісіздікті) анықтайтын мәліметтер. Олар:
сақтау, түрлендіру, беру және пайдалану объектісі болып табылады.
Мәлімет, бұл-сигнал, хабарлама және т. б. арқылы беріл-ген білім.
Тұрмыста ақпарат деп адам әр түрлі дерек көздерінен алатын кез келген мәліметтер мен деректерді айтады. Мысалы: қандай да бір оқиға туралы, біреудің әрекеті туралы және т. б.
Кибернитеканың "атасы" Норберт Винердің ақпаратқа берген тағы бір анықтамасын келтірейік: "Ақпарат, бұл -сыртқы дүниеден біздің оған бейімделуіміздің және біздің сезімдеріміздің бейімделуінің процесінде алынған мазмұнды көрсету".
Ақпарат қасиеттерін үш аспектіде қарастыруға болады:
• техникалық тұрғыдан алғанда, бұл-дәлдік, сенімлілік, сигнал беру жылдамдығы және т. б.
• семантикалық, бұл-мәтіннің мағынасын кодтардың көмегі-мен беру;
• прагматиклық, бұл-ақпараттың объектінің мінез-құлқына қаншалықты тиімді әсер етуі.
Прагматиклық аспект ақпараттың басқару процестеріне,
адамдардың мінез-құлқына әсерін тигізу қабілетімен сипат-талады және ақпарат пайдалылығы немесе құндылығы түсініктермен сипатталады.
Ақпарат қоғам өмірінің барлық салаларын қамтиды, әрбір адамның өмірінде нық орын алып, оның ойы мен мінез-құлқына әсерін тигізеді. Ол адамдардың, әлеуметтік топтар-дың, таптардың, ұлттар мен мемлекеттердің қарым-қатына-сына қызмет етеді, адамдардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға, қоғам өмірінің түрлі құбылыстары мен процестерін ұғынуға, әркімнің мәдени және білімділік деңгейін арттыруына, заңдар мен аамгершілік принциптерін меңгеруге және сақтауға көмектеседі. Басқару ісінде ақпарат өте үлкен, ештеңемен ауыстыруға болмайтын рөл атқарады.
Шын мәнінде, ақпаратсыз өзара байланысты объектілер мен жүйелердің мақсатқа бағытталған әрекеті туралы, басқару-дың қандай да болсын түрі туралы сөз болуы мүмкін емес.
Қазіргі кезде мәні бойынша әр алуан, арнайы тасушыларға
жазылған ақпарат ұлттық байлықтың жаңа типі-мемлекет-тің ақпараттық ресурсы болады. Ақпараттық ресурстың тағы бірегей қасиеті бар-ол қарқынды пайдаланғаннан кемімейді.
Осыған қоса, пайдалану процесінде олар қателерінен құты-лып, өз параметрлерін анықтай отырып, ұдайы дамытылады және жетілдіріледі. Мысалы:адамдардың қарым-қатынаста болуы, бір-біріне мәлімет беруі-олардың жақындасуына, ой-өрісінің мүмкіндіктерінің артуына себеп болады.
Ақпарат беру, сақтау және өңдеу процестері ақпараттық поцестер деп аталады.
Ақпаратты талдай отырып, біз алынған ақпараттың сапа-сын бағалау жән е мөлшерін анықтау қажеттігімен кез-десеміз. Ақпараттың сапасын анықтау өте қиын, ал көптеген жағдайларда тіпті мүмкін емес. Кейбір, мысалы: тарихи мәлі-меттер, ондаған жылдар бойы керексіз деп есептеліп, кеннет-тен олардың бағалылығы күрт өсуі мүмкін. Мұнымен қатар,
ақпарат мөлшерін анықтау-тек керек қана емес, мүмкін де.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz