Мемлекеттік тілдегі іс қағаздарын жүргізу


Табиғаттағы тосын жағдай.
Табиғаттағы тосын жағдай -бұл адамнын қоршаған ортамен қарым-қатынасы нәтижесінде және оның өміріне денсаулығы мен мүліпне қауш төнгенде болуы мумкін жағдай.
Мысалы, ықтимал жарақаттар, өсмдіктер мен хайуанаттардың уымен улану, табиғи-ошактык ауруларға шалдығу, тау ауруы, күн өту және денекін суынуы, улы хайуанаттар мен жәндіктердің шағуы, жұқпалы ауралар.
Экологиялык тосын жағдайларға белгілі жайттарда ерекше маңызға ие болатын тосын оқиғалар (суык. ыстық, аштық шөлдеу, шаршау, экоулану, тән ауруы) . Олардың жағымсы әсер ету деңгейі ерекшелігі соншалықты аурудың асқынуын сіресіп қалушылыққа алып келеді.
Тосын жағдайдың дамуына немесе пайда болуына әсер ететін табиғи орта факторлары: температура және ауаның ылғалдығы, күн радиациясы, жауын-шашын. атмосфераны барометрлік қысым деңгейі, жел, дауыл. Бұған сондай-ақ жер бедері, су көздері, флора мен фауна, жер магнит өрісінің ауытқуы жатады.
Қорғаныс қызметін қамтамасыз ететін табиғат аясындағы тосын жағдайларды адамның қалыпты тірішілігіне ықпал ететін факторлар: киім, авариялық жабдық, дабыл мен байланыска арналған қондырғы, тамақ пен су қорын авариялық жүзу құралдары, әр түрлі мақсатқа пайдаланылатын қолда бар заттар.
Материалдық жағдайға (жабдықтау, авариялық құлдардың болуы) және климаттық-географиялық
жағдайлардың ерекшелігіне байланысты нақты бір жағдайдың әр түрлі салдары болуы мүмкін. Мысалы, ұшақтың шөлге амалсыз қонуы, орманда жерге қонғаннан гөрі едәуір күрделілеу болып келеді. Тосындылық деңгейі, әдеттегідей, тірі қалу мүмкіндігін белгілейтін өмір уақытының факторына ықпал етеді.
Киын жағдайдағы іс-әрекеттерге әрдайым дайын болу керек. Алғырлық сенімділікті тудырады. Сенімділік кезкелген тосын жағдайдан алып шығады. Кез-келген адам өзі күтпеген үлкен іс-әрекеттерді жасайды. Тек не істеу керектігін ғана білу керек. Қайғылы жәйт әркімнің басына туады. Оны күту еш шарасыз қаза болу деген сөз. Оған дайындалу тірі келу деген сөз! Тығырықтан шығуды үйрену керек. Тосын жағдайдан тірі қалудың мысалына Дефоның романындағы Робинзон Крузоны келтіруге болады Кәсіби саяхатшылардың сансыз армиясына "жабайы" демалыс ауесқойларын
жатқызуға болады. Белсенді демалыстың альпинизм, суға шомылу, тауға шығу, жаяу жүру, спелеологиялық туризм, жеткен спорты сияқты экзотикалық түрлері қарыштап дамыды.
Қабілетсіздіктен бақытсыздыққа дейін бір-ақ қадам екендігі белгілі. Адамдар жеуге болатын өсімдіктер мен құстардың арасында аштан өледі. Тұрпайы тұрақ жасауға ойы жетпей, қатып қалады, судан екі қадам жерде шөл қыстағынан жан тәсілін етеді. Амалсыздан жалғыздықта қалған адам ең алдымен тек өзі ғана екенін, тамақ пен тұрақ табуға және адамдарға оралу керектігін ұғынуына тиіс. Алғашқыда медициналық көмек көрсетіледі, бұдан кейін жасауға әрекет жасалады, баспана ұйымдастырылады, су мен тамақ әкелінеді, адамдарға шығатын жолды бағдарлап, іздеу басталады.
Адамның табиғаттағы өзін-өзі ұстауының кейбір тәртіптері
Күн шығыстан шығып, батысқа батады. Егер таңертен тұрсаңыз солтүстік сол қолыңыз жағында, ал оңтустік оң қолыңыз жағыңда болады Коптеген өсімдіктер нағыз компас болып табылады. Бақшадаш күнбағар, ормандағы кейбір гүлдер, тіпті бұлтгы күннің өзінде бастарын кунге қаратады.
Итқонақ пен қына және тебірткілер көленкені жақсы көреді. Сондықтан олар негізінен ағаш буталарыкың, тастар мен ағаш тубірінің солтүстік жағында өседі. Ағаштардың қабығы әдетте солтүстік жақтан қаралау және дөрекілеу. Бұл әсіресе қарағайда, қайыңда, теректе анық байкалады.
Құрғақ, ыстық ауа райында емен мен қарағайдың майы оңтүстік жақтан көбірек бөлінеді.
Құмырсқалар өздерінің тұрағын ағаштардың, томарлардың бұталардың оңтүстік жағынан салады. Құмырска илеугінін оңтүстік жағы солтүстік жағына карағаңда жайпақтау болады.
Қайтатын құстар көктемде міндетті түрде солтүстікке, күзде оңтүстікке ұшады.
Халықтың осы бір қарапайым жоралғысын біле отыра сіз орманда болғанда бағдар жасауға жеңіл болады. Орманға жалғыз баруга болмайды, адасып кетуіңіз мүмкін. Еш уақытта өз жолдастарыңыз туралы ұмытпаңыз. Ормаңда бірге болу қажет. Бір-біріңізден ажыраған бойда жолдасыңызды табу үшін айғайлай бастаңыз. Адасқан жағдайда ешбір үрейленугс болмайды.
Көрінген жаққа қарай жүгіруге болмайды. Отырыңыз, сабаңызға түсіңіз және белгілі бір дыбыстык төңіректен шығуын есту үшін мұқият құлақ туріңіз: машина, поезд шуы, кеме дабылы, иттің үруі, үй жануарлары мен құстарының шуы, адамдардың жақындығын білдіретін басқа да дыбыстар. Дыбысты естіген бойда оны естіген жаққа қарай бұрылыңыз және сол бағытпен жүріңіз. Егер дыбыс жақындаса, онда сіздің дұрыс келе жатқандығыңыз.
Егер сіз адассаңыз, ал жолда өзен немесе үлкен жылға кездессе ағыс бойымен төмен жүріңіз. Бұл жол, әдеттегідей үйге алып келеді.
Бағдар жасау үшін биік ағашқа шығып, шығу жолын межелеуге болады.
Найзағай жарқылдаған кезде жеке тұрған ағашқа жасырынуға болмайды. Найзағай көп жағдайда соған түседі. Ен жақсысы бұтақ астында немесе шағын орманда жасырынған жөн.
Найзағай көбінесе еменге, терекке, талшынға. шегіршінге
туседі (сирегірек шыршаға, қарағайға, шамшатқа түседі)
өтесирек ақ қайынға, үйеңкіге туседі.
Таудағы және жазықтағы өзендерде көктемгі уақытта судың азаюы түнде және таңертен байқалады. Ал судың көтерілуі күндіз және кешке таман байқалады. Бұл мұз бен қардың күндіз еруіне байланысты.
Ағыннан, кедергіден - тастан, шағын аралдардан немесе өзен бұрылысынан сәл төмендеу жерден өткен жаксы. Өйткені бұл жерде ағын күші әлсіздеу.
Ашық судан аяқ қиіммен кешіп өткен жөн. Өзеннен жалғыз өткен адам мықты ағаш таяқпен сүйеніп өтуге болады. Ағыннан бір-бірінің қолынан ұстап тізбектеліп өтуге болмайды, өйткені адамдардың көптігі ағынды бөгеп, оның арынын күшейтеді.
Таулы жерлерде озенен тастардың үстімен өткен жаксы. Бұл үшін бір-біріне өте жақын орналасқан бглдырлармен және қияқшөппен жабылмаған мүмкіндігінше беті құрғақ орынды іздестірген жөн.
Тәуекелдік факторлары - бұл авариялык жағдайда адам өміріне қауіп төндіретін факторлар. Оған ауру, зілзала, аштық, ыстық және шол, суық, қорқыныш, әлсіреу, жалғыздық, авария орны жатады.
Аштық. Аштык - бұл азық-түлік қоры болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайды организмнің күйгі.
Жағдайға байлынысты аштық:
-мүлде аштыққа - су жоқ кезде;
-толық аштыққа-азықтүлік қоры бірак сумен камтамасыз етілуі шектелмеген жағдайда:
-ішінара аштыққа - азық -түлік қоры жеткілікгі болған жағдайда адам тоғаммен бір немесе бірнеше витаминдер, белоктер, улгеводтар және т б. Заттарды түгел ала аллаған жағдайда бөлінеді.
Ыстык. Шөлдеу . Авариялык жагдайға қатысты "ыстык түсінігі бірнеше ахуалдың жиынтығы-қоршаған ауаның температурасы, күн сәулесінің жиілігі, топырақ бетінің температурасы, ауа ылғалдығы, желдің болуы немесе жоқтығы, яғни авария болған жердің климаттық жағдайлары.
Шөлде немесе жартылай шөлде болған авариялық жағдай адам үшін аса күрделі. Және бұл қатты ыстыкпен емес ыстықтың шөлмен қаскөйлік одақ құруымен уғынылады 15% сүйықты жоғалту (организмнің кебуі) өлімге алып келеді. Аштық бірнеше аптаға созылуы мүмкін, ал адам сусыз санаулы күндерде, ал ыстық климатта бірнеше сағатта қаза болады. Адам организміне судың керекгіп қолайлы жағдайларда тәулігіне 2, 5-3 литрден аспайды. Бірак ол ауаның жоғары температурасы кезінде өседі, әсіресе шөлде немес жартылай шөлде тәуліпне 4-6 литр және оданда көп болады
Суды бірден көп ішуге болмайды. Бірден көп ішу шөлді қандырмайды, алайда адамды әлсіретуі мүмкін. Ішкен судын шөлді бірден қандырмайтындығы, асқазанға барып, қанмен, араласқаннан кейін, яғни 10-15 минут өткен соң шөлді қандыратындығын есте ұстау керек. Суды араға үзіліс салып бірнеше рет ұрттау аркылы толық шөл қанғанша ішкен жақсы.
Суық. Статистикалық мәлеметтерге сәйкес адамдардың-10-15% туристік маршруттарда суыну кұрбандықтары болады. Суык адамға үлкен деңгейде қыскы уакытта қауіпті. Төмеңгі температура жағдайында адамнын тірі қалуы үшін, желдің жылдамдығы маңызды. Ауаның -3°С шынайы температурасында желдің жылдамдығы секуңдына 10-11 метр болса, оның тоңдыру әсері адам үшін -20 С градуска тең. Термометр шкаласында байқалған желдік осы жылдамдығын -10°С-та, -30"С-та, ал -25°С-та, -50°С градуска дейін барады.
Табиғи баспана жоқ жерлерде ауаның төменгі температурасы күшті желмен косылып, адамның өмір сүру уақытын бірнеше сағатқа дейін қысқартуы мүмкін. Суық температураларда өмір сүрудің ұзақтығы көрсетілген климаттық факторлардан басқа киім мен аяқ киімінің жағдайына, салынған тұрақтың сапасына отынның, жанар май мен тамақ корынын көлеміне, адамның моралъдық жағдайы мен әл-қуатына байланысты.
Қорқыныш. Қорқыныш - өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін кез-келген шынайы немесе елестік жағдайға адамның табиғи жауабы.
Жалғыздық. Апатпен бетпе-бет келген адамның алдында физикалык, сондай-ак моральдық тұрғыдағы мәселелер шығады. Жалғыз адамға от жағатын жерді жабдықтау, күртін қарда жол салу, азық-түлік табу қиын, арнайы құралдары белгісіз жерлерден өту кезінде сенімді сактық пен көптеген басқа тірліктерді ұйымдастыру қиын.
Тосын жағдайда жалғыз қалған адам көп жағдайда жан дүние күйзелісіне ұшырайды. Жалғыз қалған адам аяқ асты абдырап ессіз күйге түседі, ұзақ уақыт өз-өзіне келе алмайды
Мұндай жағдайда жүйкенің қозуына бой алдыртпаған аса маңызды және мүмкіндігінше парасатқа жеңдірген жөн. Әр минут сайын бос қиялдан құтқарудың пайдалысы тіршілік жасауға ұмтылу керек.
Авария орны (бақытсыздық болған климаттык географиялық аймақ) . Нақ осы фактор тірі калудың бүкіл стратегиясы мен практикасын анықтайды.
Шөлейт (құрғақ дала) . Жартылай шөлейтте ұзақ уақыт тірі калу өз бетімен елді мекенге темір жол мен тас жолға қар қалың жатқан жерлердегі-ойпаттағы, жырадағы, сайдағы және басқа қатпарлы жерлердеп қардан жасалынған қорғанға кез болғанда ғана мүмкін.
Шөл. Шөлде қысқы мерзімде тірі қалу үшін жақын елі, мекенге баруды ойластыру керек. Елді мекендер алыс болған немесе өзінің тұрған жерін білмеген жағдайда жақсы көрінетін жерде қомақты лагерь жасау ұсынылады.
Жазғы уақытта тұщы судың едәуір қорысыз тірі қалу мүмкін емес!
Жазда шөлде ұзақ уақыт болу үшін күн көзін қалқалайтын жерге күрке жасау, авариялык дабылдар орнату суды пленкалық бу конденсаторларының көмегімен алумен тұщы суды тәулік бойы бақылау, бақытсыздық белгісін беру қажет.
Түнде шелде жарық дабылы аңык көршеді (шам, от жарық) .
Күндіз мүлдем жүрүге бомайды!
Түнде тек қысқа кашықтықка жүруге болады.
Құтқару жұмыстарын дұрыс ұйымластыру. Авария жағдайында әртүрлі жұмыстарды ойластырып, ұжыммен бірге жасаған дұрыс. Тіпті ең күшті адамның бірнеше әлсіз адаммен салыстырғанда құтылуға мүмкіндігі аз. Топта жасына, күшке, дағдысына қарамастан әрбір қызметкер қажет.
Жұмсалған еңбек шығынына қарамастан жұмысты жалғастыру аса және маңызды.
Жоспары:
- Мемлекеттік тілдегі іс қағаздарын жүргізу пәні, оның зерттеу нысаны
- Ресми іс қағаздар үлгілері және олардың тілдік сипаттамасы.
Қазақ ресми іс қағаздар тілінің зерттелуі.
Іс қағаздардың қоғам өміріндегі атқаратын қызметі өте зор, іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, әлеуметтік мәні күшті. Кез келген салада іс кағаздар ақпарат жеткізуші құрал болып табылады. Сондыктан іс қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізуді қалыптастыру - үлкен де жауапты іс.
Қазақстан Республикасы Президентінін Жарлығымен бекітілген "Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасында" тіл саясатын жүзеге асырудың негізгі іс шаралары белгіленді. Соның бірі-іс қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу және оның әлеуметтік қызметін кеңейту. Осы орайда 1999 жылдан бастап жоғары оқу орындарында.
"Мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізу" курсы оқытыла бастады.
"Мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізу" курсы құжаттарды толтырудың мемлекеттік ережелеріне сүйеніп оқытылады. Ал іс қағаздарды дұрыс менгерту осы курс бойынша бағдарламалар мен оқулықтардың, сөздіктер мен көмекші құралдардың сапалы болуына тікелей бай-ланысты.
Мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізу пәнінің мақ-саты - студенттерді мемлекеттік тілде іс кағаздарды сауатты жазып, оның түрлерін білуге үйрету; құжаттарды толтырудың жалпы ережесін, оларға қойьшатын талаптарды, безендірілуін жете меңгерту; іс қағаздар стилінің өзіндік ерекшеліктерімен таныстыру.
... жалғасыІс қағаздар туралы мәселені қарастырмастан бұрын "іс жүргізу", "іс қағаздары" терминдері қандай мағынаны білдіргендігі жөнінде айта кеткен жөн. Ол туралы берілген бір-екі түсінікті келтіре кетейік. Мәселен, А. Алдашева, З. Ахметжанова, Қ. Қадашева, Э. Сүлейменовалар дың авторлығымен шыққан "Ресми іс қағаздары" деген еңбекте "Ресми іс қағаздары" термині мекемелер мен ұйымдардың басқару қызметін құжаттау, құжаттарды ұйымдастыру дегенді білдіреді" (1, 3) деп берілген.
"Іс қағаздарын оқыту" деген еңбектің авторлары Н. К. Мұхамадиева мен А. Д. Чабаева былай деп жазады: "Іс қағаздары дегеніміз адамдар мен қоғамдық мекемелерді өзара байланыстырып, олардың тіршілігі үшін қажетті мәселелерді, мақсат-мүдделерді шешуге көмектесетін қажетті тілдік материалдар" (16, 3) . Ая ғалым М. В. Кирсанова "Современное делопризводство" деген 2000 жылы жарық көрген кітабында іс жүргізу терминіне былайша сипаттама береді: "Делопроизводство ведение канцелярских дел, совокупность работ по документированию деятельности учреждений и по организации документов в них" (9, 272) . "Делопроизводство" мәніндегі іс жүргізу, іс қағаздарын жүргізу деген сөздердің қайсысын қолдануымыз қажет деген де сөз болып жүр. Мәселен, Л. Дүйсембекова іс жүргізу дегеннің заң орындарының қолданатын термині болып қалыптасқанын, сондықтан да оның беретін мағынасы көпшілікке түсінікті - белгілі бір қылмысты істі жүргізу дегенді білдіреді дей келіп, "Олай болса делопроизводство сөзін іс жүргізу деп алудың қанша қажеттігі бар? Оқулықта делопроизводство сөзі іс қағаздарын жүргізу деп беріледі. Біріншіден, іс қағаздарын жүргізу сөзі бүрыннан қалыптасып, тілге сіңісті болған, екіншіден, өз мағынасын толық, айқын бере алады, үшіншіден, іс жүргізу заң термині ретінде қалыптаскан, әзінің беретін мағынасы, атқаратын қызметі, қолда-яылу ерекшелігі бар, төртіншіден, әрқайсысының өз атауы тұрғаңда екі терминді бір сөзбен беру қажеттігі жоқ" деп көрсетеді (7, 9) .
"Мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізу" пәнінің қарастыратын нысанасы, мазмұны мына төмендегідей мәселелерді қамтиды:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz