ҚР айырбас бағамы мен есептік мөлшерлемені реттеу


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы

Білім және Ғылым министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Экономика және Бизнес факультеті

Макро-Микроэкономика кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы:”ҚР айырбас бағамы мен есептік мөлшерлемені

реттеу”

Орындаған:Бакажанова Г. (Ф07К5)

Тексерген:Зейнолла С. Ж.

Алматы 2008

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

  1. АЙЫРБАС БАҒАМЫН РЕТТЕУ МЕТОДОЛОГИЯСЫ . . . 5Айырбас бағамдары және оны макроэкономикалық талдау . . . 5

1. 2 Айырбас бағамының қалыптасу жағдайы . . . 10

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЙЫРБАС БАҒАМЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ . . . 12

2. 1 Қазақстан Республикасының халықаралық сауда қатынастарындағы

айырбас бағамы және төлем балансы . . . 12

2. 2 Қазақстан Республикасының экспорт пен импорты және

протекционизм саясатының жүргізілу барысы . . . 18

2. 3 ҚР-ның БСҰ-на енудің мақсаты мен ену мәселелері . . . 21

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 30

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы халықаралық сауда қатынастарына тән ерекшелігі негізінен ел экономикасының әлемдік экономикада дамушы ел ретінде танылып, ал халықаралық саудада шикізатты экспорттаушы ел болып табылады.

Әлемдік тәжірибе дәлелдегендей шикізаттық экономикалы елдер дүниежүзілік бәсекеге қабілетсіз болып қала береді және ол елдердің экономикасы шикізат бағасына тәуелді болып, тұрақсыз даму жолы болып табылады. Сондықтан Қазақстан үшін алдағы жылдарға басты стратегиясы экономиканы шикізаттық бағыттан алып шығатын индустриялы-инновациялы экономика құру болып табылады.

Қазір отандық өнеркәсіпорындарының экономикалық өнімділігі төмен, яғни өндірістік және экономикалық шығындары жоғары. Елде өндіріс көлемінің өсуі шығындардың одан да жоғары қарқынмен өсуін қамтамасыз етеді. Осының салдарынан отандық өнеркәсiптердiң рынокқа шығарған өнiмдерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгi төмен болып, олардың экономикалық белсендiлiгiнiң өсуiне керi әсер етуде. Яғни, бiр сөзбен айтқанда экономиканың тиiмдi дамуы үшiн ұдайы өндiрiстiң негiзi болып табылатын капиталдардың толық және қарқынды қызмет етуi қажет болып табылады.

Бүгiнгi әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге даму барысында халықаралық валюта қатынастарының өркендеуi өндiргiш күштердiң қарқынды өсуiмен, дүниежүзiлiк рыноктың қалыптасуымен, халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң тереңдеуiмен, шаруашылық байланыстарының интеннационалдануы және жаһанданумен сипатталады. Ваюталық жүйе - ұлттық заңдылықтарымен немесе мемлекет аралық келiсiм шарттарымен бекiтiлетiн валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасын бiлдiредi. /1, 16 б/

Курстық жұмыстың өзектiлiгi Қазақстан Рсепубликасының әлемдiк экономикалық қатынастарда ұтылмауы және әлемдік нарықта алдынғы қатарлы 50 елдің қатарына қосылуы үшiн iшкi экономикалық өсумен қатар, халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту, соның iшiнде өзектi саласы халықаралық валюталық қатынастардың дамуы және айырбас бағамды ұлттық деңгейде тұрақтандырудың елiмiз үшiн маңызы зор. Өйткенi бiздiң экономикамызда теңгемiз еркiн айналысқа шыққандықтан, әлемдегi валюта өзгерiстерi бiзге де зор әсер етедi. Сондай-ақ бүгінгі таңда барлық экономиканың, қаржы жүйесінің және банктердің қызмет ету барысы тікелей айырбас бағамның өзгерісіне немесе оның жағдайына тікелей байланысты болады.

Осыған орай курстық жұмыс тақырыбын “ҚР айырбас бағамы мен есептік мөлшерлемені реттеу” деп алдық.

Әлемдік тәжірибе дәлелдегендей шикізаттық экономикалы елдер дүниежүзілік бәсекеге қабілетсіз болып қала береді және ол елдердің экономикасы шикізат бағасына тәуелді болып, тұрақсыз даму жолы болып табылады. Сондықтан Қазақстан үшін алдағы жылдарға басты стратегиясы экономиканы шикізаттық бағыттан алып шығатын индустриялы-инновациялы экономика құру болып табылады

Бұл жұмысты орындаудағы басты мақсатым сыртқы сауда қатынастарындағы айырбас бағамының маңыздылығын, оның құрамы мен қызмет ету барысын макроэкономикалық талдау жасау, айырбас бағамы қатынастарындағы Манделл-Флеминг моделін қарастырып, жалпы еліміздің валюталық жүйеміз бен айырбас бағамының жағдайын талдау болып табылады.

Бұл тақырыпты жазудағы негiзгi мiндеттерге мыналар жатады:

  1. Экономикадағы айырбас бағамының маңызы мен түрлерін және оны макроэкономикалық талдау, айырбас бағамға әсер етуші макроэкономикалық құралдар әсерін көрсету;
  2. Айырбас бағамы мөлшерлемесін анықтағандағы Манделл-Флеминг моделіне тоқталу және оның графикалық сипаттарын ашу;
  3. Айырбас бағамға әсер етуші факторларды талдау және оның экономиканың тиімді әрі тұрақты дамуына қосар үлесін атап өту;
  4. Айырбас бағамды реттеуге байланысты операцияларды талдау және оның еліміздегі жүргізілу барысын көрсету болып табылады.

Жұмыстың құрылымы екі бөлімнен, яғни бірінші бөлімде айырбас бағамы маңыздылығы мен түрлерін, ондағы маделдерді макроэкономикалық талдаудан тұрса, ал екінші бөлім еліміз экономикасындағы айырбас бағамының орны мен жалпы ұлттық валюталық жүйенің даму жағдайы қарастырылған.

Жұмысты орындау барысында келесі авторлардың еңбектерін қолдандым: Н. Қ. Мамыров, М. Байгiсиев, С. Н. Ивашковский, Н. Г. Мэнкью оқулықтарын және еліміздің экономикалық басылымдарын, статистикалық мәліметтерді пайдаландым.

1 АЙЫРБАС БАҒАМЫН РЕТТЕУ МЕТОДОЛОГИЯСЫ

  1. Айырбас бағамдары және оны макроэкономикалық талдау

Тауарлармен, қызметтермен саудаласқанда, капиталдар мен несиелердiң қозғалысы кезiнде, дүниежүзiлiк және ұлттық рыноктардың бағаларын, сонымен бiрге әр алуан елдердiң ұлттық немесешетелдiк валюталарға шаққандағы құндық көрсеткiштердi салыстыраған уақытта айырбас бағам аса қажет.

Ашық экономикада айырбас бағамдарының орны ерекше. Айырбас бағамы атаулы және нақты болып бөлiнедi.

Нақты айырбас бағамы - екi мемлекетте өндiрiлген тауарлардың салыстырмалы бағалары немесе сауда шарттары болып табылады. Ол келесi теңдеумен берiледi:

E = e P / P* (1)

Мұндағы:

Е - нақты айырбас бағамы;

е - атаулы айырбас бағамы;

Р* - шетелде шығарылған тауардың бағасы;

Р - iшкi бағалар. / 2, 347 б. /

Мысалы, Р > P* => E↑, онда N x ↓ азаяды. E↑ iшкi валюта құнсызданады. Нақты айырбас бағам көтерiлсе онда бiздiң тауарларымыз қымбаттайды, импорт көбейедi немесе керiсiнше жағдай болуы мүмкiн.

Атаулы айырбас бағамы (е) - екi елдiң валюталарының салытырмалы бағасы.

E = e P / P*

Мұндағы атаулы айырбас бағамы АҚШ бойынша e = $ / теңге, Европа жүйесi бойынша e = теңге / $ болып келедi. Сондықтан экономикада көбiнесе нақты айырбас бағамын қолданады, өйткенi ол арқылы екi елдегi тауарлардың салыстырмалы бағалары қарастырылады. / 2, 351 б. /

Нақты айырбас бағамды анықтайтын факторларға:

  1. Nxтаза экспорт, төлем балансының ағымдағы шоты;
  2. Nx= S - I;

а) S = Y - C - G;

ә) Инвестиция функциясымен немесе әлемдiк пайыз қойылыммен байланысты. / 3, 443 б. /

E N = S - I (2)

Мұнда екеуiн теңестiретiн жерi айырбас бағамы болып табылады.

Мұндағы:

Е 0 - нақты айырбас бағамының тепе-теңдiк нүктесi.

E S - I

Ұсыныс

E 0 N x (E)

N x

Сұраныс

Сурет 1 - Нақты айырбас бағамының тепе-теңдiгi

Ендi осы нақты айырбас бағамына әсер ететiн саясаттарды қарастырайық.

  1. Бюджеттiк-салық саясаты.

а) Мемлекет жүргiзетiн iшкi бюджет-салық саясаты. Мысалы, мемлекеттiк шығындар өссiн деп есептейiк. ( Сурет-2)

Суреттен көрiп отырғандай мемлекеттiк шығындардың өсуi сәйкесiнше ұлттық жинақтарды азайтады, соның салдарынан нақты айырбас бағамы өседi, таза экспорт азаяды. / 3, 341 б. /

E S 2 - I S 1 - I

E 1

N x (E)

E 0

N x

100 200

Сурет 2 - Нақты айырбас бағамға iшкi бюджет-салық саясаттының әсерi

Ашық экономика проблемаларын талдау сыртқы сауданы қарастырудан басталады, өйткенi халықаралық экономикалық қатынастардың негiзiн сыртқы сауда құрайды. Ашық экономиканың маңыздылығы қазiргi уақытта экспорт пен импорттың көлемi ЖҰӨ деңгейiне, жұмысбастылыққа тiкелей әсер етедi. Бұл көрсеткiштер жалпы макроэкономикалық теңдестiкке әсерiн тигiзедi.

Ашық экономиканың жабық экономикадан ерекшелiгi жабық экономикадағы макроэкономикалық көрсеткiштерге ашық экономика көрсеткiштерi қосылады. Мысалы, экспорт пен импорт, әлемдiк пайыз қойылым және айырбас бағамдары.

Ашық экономикада ұлттық табысты есептеу келесi теңдеумен берiледi:

Y = C + I + G + ( E X - I M ) (3)

Мұндағы:

Y - өнiм көлемi;

С - тауарлар мен қызметтердi тұтыну;

I - инвестициялар;

G - мемлекеттiк шығындар;

( E X - I M ) - экспорт пен импорт айырмасы сальдосы. Бұл таза экспорт N x -тi бередi. / 2, 356 б. /

N x - ашық экономикадағы негiзгi компонент болып табылады. Ол мынаған тең деп белгiленедi:

N X = Y - ( C + I + G ) (4)

Бұл теңдеу ұлттық шоттың негiзгi тепе-теңдiгi болып табылады. Мысалы,

Y > C + I + G => N x

Y < C + I + G => N x

Ендi халықаралық капитал қозғалысы шоты мен ағымдағы операциялар шотына нақты келетiн болсақ тағыда негiзгi макроэкономикалық теңдеуге келемiз. / 3, 339 б. /

Y = C + I + G + ( E X - I M ) (5)

Бұдан келесi теңдеудi шығарып аламыз:

Y - C - G = I + N X (6)

Бұл теңдеудiң сол жағы көрiп отырғанымыздай ұлттық жинақты бередi. Осылайша, ұлттық жинақ iшкi инвестициялар мен таза экспортты қаржыландыруға жұмсалады.

S = I + N X (7)

Мұндағы:

S - ұлттық жинақ.

Осы көрсеткiштердi теңдiктiң бiр жағына шығарып, нолге теңестiргенде ағымдағы операциялар шоты мен капитал қозғалысы шотының негiзгi теiдеуi шығады. / 3, 339 б. /

( I - S ) + N X = 0 (8)

Бұл теңдеу ұлттық есептегi халықаралық шоттардың байланысын, яғни (I-S) капитал қозғалысы шоты мен N X халықаралық тауарлар мен қызметтер ағымы арасындағы. Мысалы, ( I - S ) оң сальдо болса, онда N X екеуi нолге тең болу үшiн терiс сальдо болу керек. Бұл жерде екi жағдай болуы мүмкiн:

1. I > S, мұнда инвестиция сұранысы көп, ұсынысы аз дегендi көрсетедi. I - капитал немесе инвестиция сұранысы, ал S - капитал немесе инвестиция ұсынысы. Онда екi шара қолданамыз: әлемдiк экономикадан дайын өнiмдер аламыз немесе екiншi шара қаржыны несиеге аламыз.

2. I < S, мұндай жағдайда ұлттық экономикада жинақтар көбейiп, сыртқы инвестицияларға сұраныс азаяды және экспорт өседi. / 4, 512 б. /

Кiшi ашық экономикада басты экономикалық шарт әлемдiк пайыз қойылым r * = r болып табылады. Өйткенi кiшi ашық экономика әлемдiк экономикаға әсер ете алмайды, сондықтан iшкi пайыз қойылым әлемдiк пайыз қойылымға тең болу керек.

Ашық экономика моделiнiң шарттары:

  1. Y = Y = F ( K, L ) ;
  2. C = C ( Y - T ) ;
  3. I = I(r) ;
  4. r = r*

Сонда N х тек қана инвестицияға әлемдiк пайыз қойылымның өзгеруiне байланысты болады. Оны келесi теңдеуден көру болады:

N X = ( Y - C - G ) - I (r*) (9)

Мұндағы:

r* - әлемдiк пайыз қойылымы.

Осы теңдеу жинақ көлемдi және инвестиция көлемiн немесе капитал қозғалыс шотын және ағымдағы операциялар шотын қандай элементтер анықтайтынын көрсетедi. Ол ең бiрiншi ұлттық жинақтың бюджеттiк салық саясатына байланыстылығы. Мысалы, G↑, Т↓ ондай жағдайда ұлттық жинақ S көлемi де азаяды.

ә) Сыртқы бюджеттiк-салық саясаты. Мысалы, шетелде мемлекеттiк шығындар көбейсiн деп есептейiк, онда келесiдей жағдай болады. (Сурет-3)

E S 1 - I S 2 - I

E 0

E 1 N x (E)

N x

Сурет 3 - Нақты айырбас бағамға шетелдегi бюджет-салық саясаты әсерi

Суреттен көрiп отырғандай, шетелдiк мемлекеттiк шығыстардың өсуi ұлттық жинақтың өсуiне әкеледi. Соның нәтижесiнде нақты айырбас бағамы ұлттық экономикада төмендейдi, ал таза экспорт өседi.

б) Халықаралық сауда саясатының әсерi.

Кейде бұл саясатты отандық өндiрiстi қолдау, яғни “протекционистiк” саясат деп те атайды. Бұл саясаттың негiгзi әдiсi импортты шектеу болып табылады, ал экспортқа әсерi жоқ. Осылайша импорт азаюы әсерiнен таза экспорт өседi. (Сурет-4) / 4, 574 б. /

E S 1 - I

E 2

N x (E)

E 1

N x (E)

N x

Сурет 4 - Халықаралық сауда саясатының әсерi

Көрiп отырғанымыздай протекционизм саясаты айырбас бағамды өсiредi. / 4, 561 б. /

Валюта бағымдарының ағымын талдау барысында номиналдық және нақты валюталық бағымдардың индексi кеңiнен қолданылған. Нақты валюта бағымының индексi сәйкес келетiн екi елдiң iшкi бағаларындағы өзгерiстерге қатысты түзiлетiн валюта бағымының индекссiн бiлдiредi.

Нақты тиiмдi валюта бағымның индексi аталан топға жататын елдердегi олардың өзгерiстерi бойынша сол елдiң iшкi бағаларының өзгеруiне қатысты түзiлетiн тиiмдi валюта индексiн бiлдiредi.

Қазiргi кезде АҚШ долларының тиiмдi бағымының индексi номиналды және нақты түрде есептеледi.

Ұлттық валютаның ауыстырымдылық тәртiптемесiн айырбас бағамды реттеудiң маңызды құралы болып саналады.

Қазақстанның дүниежзiлiк шаруашылыққа интеграциялануға ұмтылысы оның халықаралық валюта-қаржы және несие қатынастарына белсендi түрде қатысуын талап етедi. Елiмiздiң бүгiнгi таңдағы негiзгi валюталық саясаты теңге құнының тұрақтылығын орнықтыру және оны еркiн ауысатын валюталарға айырбастауды мейлiнше ырықтандыру.

1. 2 Айырбас бағамын қарастырғандағы Манделл - Флеминг моделi

Ашық экономикадағы Манделл - Флеминг моделi IS - LM моделiн ашық экономикада қарастырады. Мұнда бағаларды тұрақты деп аламыз. Айырмашылығы IS - LM моделi жабық экономианы, Манделл - Флеминг ашық экономикаға байланысты қарастырады. / 3, 341 б. /

Бұл модел бойынша экономика жұмыс iстеуi заңдары валюталардың айырбас бағамдарына немесе валюталық режимдерге байланысты. Валюталық режим екi түрлi болып келедi:

  1. Тұрақты валюта бағамы;
  2. Еркiн алқымалы валюта бағамы.

Манделл - Флеминг моделiнiң негiзгi шарттары:

  1. Y = C ( Y - T ) + I (r) + G + NX(E) немесе IS;
  2. M / P = L ( r, Y ) немесе LM;
  3. r = r*

Тұрақты валюта бағамы модел бойынша айырбас бағамының номиналды жене нақтының айырмашылығы e = E жоқ. / 3, 341 б. /

r LM

Е

r = r*

IS (E)

Y

Сурет 5 - Манделл - Флеминг моделi

IS-LM моделiнiң ашық экономикадағы ерекшелiгi IS қисығы айырбас бағамына тәуелдi болады.

Манделл - Флеминг моделiнде үш эндогендi факторды қарастырамыз: ( Y, r, e ) Осы үш көрсеткiш арасында байланыс бар.

  1. Y пен r моделi. Мысалы, Манделл - Флеминг моделiнде IS қисығына әсер етсек.

Мұнда r = r* капитал еркiн кiредi және еркiн шығады. Көрiнiп тұрғандай IS қисығының азаюы елдегi пайыз қойылымының әлемдiк пайыз қойылымнан жоғары болуын көрсетедi. Шетелдiк инвестициялар келе бастайды, айырбас бағам өседi, таза экспорт азаяды. / 3, 342 б. /

r LM

Е 1

r 0 r = r*

r* IS (E)

Е 2 IS 2 (E)

Y

Сурет 6 - Манделл - Флеминг: модел “ У; r ”

Y және e моделi. Мұнда ақша нарығы тұрақты болады немесе е-ге байланысты емес. Оны 9-суреттен көруге болады. (Сурет-9)

Сондай-ақ ашық экономиканың Манделл - Флеминг моделiнде IS* e-ге байланысты. Осыны Манделл - Флеминг арқылы шығарып алуға болады. Яғни оның жабық экономикадан айырмашылығы пайыздық қойылым орнына айырбас бағамды пайдаланамыз. (Сурет-7) / 5, 364 б. /

e LM*

IS*

Y

Сурет 7 - Ашық экономикадағы ( Y, e ) Манделл - Флеминг моделi

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЙЫРБАС БАҒАМЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

2. 1 Қазақстан Республикасының халықаралық сауда қатынастарындағы айырбас бағамы және төлем балансы

Ұлттық валюта. 1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президентi Н. Ә. Назарбаев “Қазақстан Республикасында Ұлттық валютаны енгiзу түралы” Жарғыға қол қойды және осы жарғымен 1993 жылы 15 қарашада сағат 8-ден бастап ұлттық валюта - «теңге» енгiзiлдi. Ал 1999 жылы ұлттық валютамызды ұлттық және әлемдiк валюталық қатынастарды еркiн рыноктық түрде дамыту үшiн еркiн айналымға жiбердiк. Бүгiнгi таңда ұлттық валютамыз күннен-күнге нығайып, елiмiздiң тұрақты экономикалық өсуiне даңғыл жол ашуда. /9/

Ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары, яғни: а) еркін айырбасталатын және ә) жарым-жартылай немесе айырбасталмайтын (тұйық) валюта. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңге еркін айырбасталатын валюта болып табылады.

Валюталық паритеттің бірдейлік ережесі - валюталардың алтын құрамына байланысты өзара қатысы. Сондай-ақ 1970 жылдардан бастап Еуропа елдерінде және 1991 жылдан бастап Қазақстанда ХВҚ-ның Жарғысы бойынша валюта паритеті тек СДР (арнайы қарыз алу құқығы) - арнаулы ақша өлшемімен немесе басқа халықаарлық валютамен өлшенуі мүмкін, бірақ алтын емес.

Сонымен валюталық паритет дегеніміз - валюталық бағамның негізі болып табылатын заңлы тәртіпте белгіленетін екі валюта арасындағы шекті қатынас. Мұнда егер ұлттық валюта теңгеге, яғни елдің ақша бірлігіне негізделсе, ал дүниежүзілік валюталық жүйе - бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептеу бірліктеріне негізделеді.

Қазiргi жағдайда валюта бағамы кез-келген нарықтық баға сияқты сұраныс пен ұсыныс әсерiмен құрылады. Соңғыларын тепе-теңестiру валюта нарығында нарықтық валюта бағамының тепе-теңдiк деңгейiнiң орнығуына алып келедi. Бұл негiзгi(фундаментальдi) тепе-теңдiк деп аталады.

Мұндағы шетел валютасына сұраныс мөлшерi елдiң товармен қызмет импортына қажеттiлiгiмен, ол елдiң туристiк шығындары, шет мемлекекеттерге шыққандармен, резиденттердiң шетелде инвистициялық жобаларын iске асырғысы келетiндiгiне байланысты шетел қаржылық активтерiне және шетел валютасына сұраныспен анықталады.

Шетел валютасының бағамы жоғарылаған сайын, оған сұраныс азаяды, шетел валютасының бағамы төмендеген сайын, оған сұраныс көбее түседi. Осы жағдайлармен қаралып жатқан графикте, сұраныс қисығының иiлуi анықталады.

Шетел валюта ұсынысының мөлшерi осы мемлекеттiң валютасына шетел мемлекетiнiң резиденттерiнiң сұранысы осы мемлекеттегi қызметтерге шетел туристерiнiң сұранысы, шетел инвесторларының активтерге сұранысы, осы мемлекеттiң ұлттық валютасында көрсетiлген, резидент еместердiң осы мемлекетте инвестициялық жобаларын iске асыру мақсатымен ұлттық валютаға сұранысымен анықталады.

Сонымен, қаншалықты отандық валютаға қатынасында шетел валютасының бағамы жоғары болса, соншалықты аз ұлттық нарық субьектiлерi оны шетел валютасына ауыстыруға дайын және керiсiнше қаншалықты ұлттық валюта бағамы шетел валютасына қатынасында төмен болса, соншалықта көп ұлттық нарық субьектiлерi шетел валютасын сатып алуға дайын. Осы тусiнiктермен ұлттық валюта ұсынысы қисығының иiлуi түсiндiрiледi.

Валюта айырбас курсының фундаментальдi тепе-теңдiгiн өзгертуге iкелетiн бiр қатар факторлар бар. Олар құрылымдық(ұзақ мерзiмдi кезеңде әрекет етушi) және коньюнтуралық( валюта бағамының қысқа мерзiмдi ауытқуын тудыратын) болып бөлiнедi.

Дүниежүзілік экономикалық операцияларды жүргiзу үшiн ұлттық валютаны халықаралық төлем өлшемiне айырбастау қажет. Айырбастау процесi белгiлi бiр арақатынаспен жүргiзiледi. Әр түрлi мемлекеттердiң ақша өлшемдерiнiң арақатынасы, яғни басқа елдiң (немесе халықаралық ақша өлшемiнде) ақша өлшемiмен көрсетiлген бiр елдiң ақша өлшемiнiң бағасы валюта бағалы деп аталады.

Кесте 4 - 2008 жылдағы Қазақстан Республикасы Ұлттық теңгесiне шетел валюталарының бағамдары. (17. 11. 2008ж) .

1 АҚШ ДОЛЛАРЫ: 1 АҚШ ДОЛЛАРЫ
USD / KZT: USD / KZT
119. 28: 119. 28
1 АҚШ ДОЛЛАРЫ: 1 ЕВРО
USD / KZT: EUR / KZT
119. 28: 156. 80
1 АҚШ ДОЛЛАРЫ: 1 ҚЫТАЙ ЮАНЬЫ
USD / KZT: CNY / KZT
119. 28: 15. 48
1 АҚШ ДОЛЛАРЫ: 1 РЕСЕй РУБЛЬІ
USD / KZT: RUB / KZT
119. 28: 4. 63

Ескерту :Қазақстан Республикасынын Ұлттық Банкінің сайты www. nationalbank. kz

Валюта бағамы халықаралық валюталық, есеп айырысу, несие қаржылық операцияларды жүргiзу үшiн қажет. Мысалы, экспортшы шетел валютасымен түскен түсiмдi ұлттық валютаға айырбастайды, себебi басқа елдiң валютасы бұл мемлекеттiң жерiнде күнбе-күнгi жағдайда ақша қаражаты ретiнде айналысқа түсетiн құқы жоқ. Ал импортшы шетелден сатып алған тауарларға төлеу үшiн шетел валютасы н сатып алады.

Резервтік валюта - бұл басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды анықтауда негізі ретінде қызмет ететін және валюталар бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуге пайдаланылатын халықаралық төлем және резерв құралы қызметін атқаратын әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің еркін ауыстырылатын ұлттық валюталарын сипаттайды. (мысалы, АҚШ доллары мен еуро ақша бірліктері) .

70 жылдардан бастап паритеттер валюта қоржыны негізінде анықталуға көшті. Валюта қоржыны деп бірнеше валюталардың белгілі бөліктерінің сомасын сол валюталардың нарықтық бағамына көбейтіп, оларды АҚШ долларына бөлумен анықталатын бір валютаның орташа өлшенген бағамын айтады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің ақша-несие саясаты туралы ақпарат
Қаржы нарығының құрылым
Ақша-несие саясатын ұйымдастырудың және жүзеге асырудың теориялық негіздері
Экспанциондық ақша - несие саясаты
БАТЫС ЕЛДЕРІНІҢ ОРТАЛЫҚ БАНКТЕРІ
Республикасының орталық банкі еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін КСРО
Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының ақша-несиелік саясаты
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ақша-несие саясатына талдау
Ақша-несие саясаты
Ұлттық Банктің ақша - кредит саясатының құралдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz