Банктегі несиелік процестер жайлы
Кіріспе
1 Банктегі несиелік процестерді ұйымдастырудың теориялық негізі
1.1 Несиенің мәні, түрі, функциялары және әдісі
1.2 Несиелеу принциптері
1.3 Банктегі несиелік процестерді ұйымдастыру, кезеңдері және жіктелімі
2 «АТФ Банк» АҚ үлгісіндегі несиелік процес
2.1 «АТФ Банк» АҚ ісіне (қызметіне) жалпы мінездеме (сипаттама)
2. 2 Заңды тұлғаларды несиелеу механизмі.
3 Банктегі несиелік процестерді ұйымдастырудың даму болашағы мен жетілдіру жолдары
3.1 Шетел тәжірибесіндегі банктердің несиелеу ерекшеліктері
3.2 Несиелік процесін жетілдіру жолдары мен даму болашағы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Диплом жұмысымның өзектілігі банктегі несиелік процестерді ұйымдастырудың теориялық негізі, кезеңдері, жетістіктері мен даму болашағы. Несиелік операциялар коммерциялық банктің активтік операцияларына жатады. Банктік бизнес құрылымында осы операция түрі оларға табыстың негізгі бөлігін алып келеді. Нақты банктің несиелік операцияларының құрылымы оның активтерінің мөлшеріне, орталық бөлімінің орналасуына, бөлімдерінің санына, клиенттер құрамына, банктің мамандануына және тағы басқаларына байланысты және де, үлкен ықпалды мемлекеттің экономикалық конъюктурасының жағдайы да көрсетеді. Мысалы, шет аймақтардағы қалаларда орналасқан кіші және орташа банктер клиенттердің шектелген көлемімен байланыста болады және жалпыұлттық, сонымен қатар әлемдік ақша нарығымен салыстырмалы түрде әлсіз байланыста болады. Сондықтан, олардың активтер құрылымында ссудалық операциялардың мөлшері қаржылық орталықтарда орналасқан ірі банктерге қарағанда аз болып келеді. Мынадай жалпы саяси және әлеуметтік-экономикалық процестер, яғни соғысқа, экономикалық кризистерге, инфляцияға және т.б. байланысты іскерлік белсенділіктің бұзылуы банктік активтердің құрамына ықпал етеді.
Несиелеу банктік операциялардың ең табыстыларының қатарына жатқызылғанымен, осы аумақ шеңберіндегі дұрыс саясат қазіргі таңда коммерциялық банктің дамуының кепілі болады. Осы фактіні есепке ала отырып, дипломдық жұмыстың осы тақырыбы нарықтық жағдайда өзекті болып табылады.
Менің диплом жұмысымның тақырыбы: “Банктегі несиелік процестерді ұйымдастыру”.
Жұмыстың негізгі мақсаты – банктегі несиелеу процесін ұйымдастыруды зерттеу болып табылады. Банктің несиелік саясатын қалыптастыру шеңберінде толығырақ зерттеуді жүргізу үшін біз келесі негізгі мақсаттарды ашып қарастыруымыз үшін алдыма мынадай міндеттерді қойдым:
1. Несиелеу процесін коммерциялық банктің ең табысты операциясы ретінде қарастыру. Бұл үшін біз несиелік саясаттың негізгі принциптерін анықтауымыз және көрсетуіміз қажет.
2. «АТФ Банк» АҚ-ның құрылу кезінен бастап, несиелік саясатын қалыптастырылуы және несиелеу процесі қалай жүргізілетінін зерттеу. Ол үшін «АТФ Банк» АҚ-ның құрылу кезінен зерттеуді жүргізуді бастап, зерттеліп отырылған банктегі несиелік саясаттың ерекшеліктерін және қалыптастырылуын қарастырамыз.
3. Шетел тәжірибесіндегі банктердің несиелеу ерекшеліктері мен банктердегі несиелік даму болашағы мен жетілдіру жолдарына арналған.
Осы жұмысты жазу барысында банктік қызметті реттейтін әртүрлі нормативтік актілер, оқу әдебиеттері, анықтама материалдар қолданылды.

1. Банковское дело / Под редакцией Сейткасимова Г.С. – Алматы: Қаржы-қаражат, 1998.Банковское дело / Под редакцией Колесникова В.И. – Москва: Финансы и статистика, 1995.
2. Банковское дело: стратегическое руководство / Под редакцией Платонова В., Хиггинса М. – Москва: Консалтбанкир, 2005.
3. Ширинская Е.Б. Операции коммерческих банков и зарубежный опыт. – Москва: Финансы и статистика, 2006.
4. Хамитов Н.Н, Банк ісі, Алматы Экономика, 2006
5. Симановский А.Ю. Резервы на возможные потери по ссудам: международный опыт и некоторые вопросы методологии // Деньги и кредит. – 2004.- №1.
6. «АТФ Банк» АҚ 2008 жылғы жылдық есебі.
7. www.nationalbank.kz
8. www.atf.kz
9. www.kkb.kz
10. Мақыш С.Б. Банк ісі. – Алматы, 2006.
11. Банковское дело / Под редакцией Сейткасимова Г.С. – Алматы: Қаржы-қаражат, 1998.Банковское дело / Под редакцией Колесникова В.И. – Москва: Финансы и статистика, 1995.
12. Эдвин Дж. Долан, Колин Д. Кэмпбелл, Розмари Дж. Кэмпбелл. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика. – Москва-Санкт-Петербург, 1993.
13. Банковское дело: стратегическое руководство / Под редакцией Платонова В., Хиггинса М. – Москва: Консалтбанкир, 2005.
14. Ширинская Е.Б. Операции коммерческих банков и зарубежный опыт. – Москва: Финансы и статистика, 2006.
15. Ұлттық банктің Жылдық есебі. – Алматы, 2007.
16. ЕДБ-де тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулық // Егемен Қазақстан. – 2004.
17. Хавьер М. Пиедра. Система кредитного бюро в Казахстане. Расширение доступа к кредитным ресурсам. Успех сбалансированного подхода // Банки Казахстана. – 2003.- №9.
18. Хамитов Н.Н, Банк ісі, Алматы Экономика,2006
19. Хамитова К.Н. Современные проблемы и перспективы краткосрочного кредитования в Казахстане // Банки Казахстана. – 2002. - №2.
20. Нурсеит Н., Нурсеитова Р. Текущее состояние развития и кредитования малого бизнеса // Экономика и статистика. – 2003 - №2.
21. Бобаканова Ж.О. Кредитные риски в банковской сфере и критерии рейтинга банков // Банки Казахстана. – 2002.- №7.
22. Халитова М. Система кредитования в условиях реформирования экономики Казахстана // Саясат. – 2003.- №7.

Мазмұны
Кіріспе
1 Банктегі несиелік процестерді ұйымдастырудың теориялық негізі
1.1 Несиенің мәні, түрі, функциялары және әдісі
1.2 Несиелеу принциптері
1.3 Банктегі несиелік процестерді ұйымдастыру, кезеңдері және жіктелімі
2 АТФ Банк АҚ үлгісіндегі несиелік процес
2.1 АТФ Банк АҚ ісіне (қызметіне) жалпы мінездеме (сипаттама)
2. 2 Заңды тұлғаларды несиелеу механизмі.
3 Банктегі несиелік процестерді ұйымдастырудың даму болашағы мен жетілдіру
жолдары
3.1 Шетел тәжірибесіндегі банктердің несиелеу ерекшеліктері
3.2 Несиелік процесін жетілдіру жолдары мен даму болашағы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Кіріспе
Диплом жұмысымның өзектілігі банктегі несиелік процестерді
ұйымдастырудың теориялық негізі, кезеңдері, жетістіктері мен даму болашағы.
Несиелік операциялар коммерциялық банктің активтік операцияларына жатады.
Банктік бизнес құрылымында осы операция түрі оларға табыстың негізгі
бөлігін алып келеді. Нақты банктің несиелік операцияларының құрылымы оның
активтерінің мөлшеріне, орталық бөлімінің орналасуына, бөлімдерінің санына,
клиенттер құрамына, банктің мамандануына және тағы басқаларына байланысты
және де, үлкен ықпалды мемлекеттің экономикалық конъюктурасының жағдайы да
көрсетеді. Мысалы, шет аймақтардағы қалаларда орналасқан кіші және орташа
банктер клиенттердің шектелген көлемімен байланыста болады және
жалпыұлттық, сонымен қатар әлемдік ақша нарығымен салыстырмалы түрде әлсіз
байланыста болады. Сондықтан, олардың активтер құрылымында ссудалық
операциялардың мөлшері қаржылық орталықтарда орналасқан ірі банктерге
қарағанда аз болып келеді. Мынадай жалпы саяси және әлеуметтік-экономикалық
процестер, яғни соғысқа, экономикалық кризистерге, инфляцияға және т.б.
байланысты іскерлік белсенділіктің бұзылуы банктік активтердің құрамына
ықпал етеді.
Несиелеу банктік операциялардың ең табыстыларының қатарына
жатқызылғанымен, осы аумақ шеңберіндегі дұрыс саясат қазіргі таңда
коммерциялық банктің дамуының кепілі болады. Осы фактіні есепке ала отырып,
дипломдық жұмыстың осы тақырыбы нарықтық жағдайда өзекті болып табылады.
Менің диплом жұмысымның тақырыбы: “Банктегі несиелік процестерді
ұйымдастыру”.
Жұмыстың негізгі мақсаты – банктегі несиелеу процесін ұйымдастыруды
зерттеу болып табылады. Банктің несиелік саясатын қалыптастыру шеңберінде
толығырақ зерттеуді жүргізу үшін біз келесі негізгі мақсаттарды ашып
қарастыруымыз үшін алдыма мынадай міндеттерді қойдым:
1. Несиелеу процесін коммерциялық банктің ең табысты операциясы ретінде
қарастыру. Бұл үшін біз несиелік саясаттың негізгі принциптерін
анықтауымыз және көрсетуіміз қажет.
2. АТФ Банк АҚ-ның құрылу кезінен бастап, несиелік саясатын
қалыптастырылуы және несиелеу процесі қалай жүргізілетінін зерттеу. Ол
үшін АТФ Банк АҚ-ның құрылу кезінен зерттеуді жүргізуді бастап,
зерттеліп отырылған банктегі несиелік саясаттың ерекшеліктерін және
қалыптастырылуын қарастырамыз.
3. Шетел тәжірибесіндегі банктердің несиелеу ерекшеліктері мен
банктердегі несиелік даму болашағы мен жетілдіру жолдарына арналған.
Осы жұмысты жазу барысында банктік қызметті реттейтін әртүрлі
нормативтік актілер, оқу әдебиеттері, анықтама материалдар қолданылды.
Диплом жұмысының зерттеулер пәні ретінде қазіргі кезде коммерциялық
банктердің несиелік процестерді ұйымдастырудың жүргізу тәжірибелері
қарастырылады.
Диплом жұмысының зерттеу объектісі болып – АТФ Банк АҚ-ның
несиелік процестерді ұйымдастыру деректері бойынша есептік көрсеткіштер мен
практикалық тәжірибелер алынды.
Диплом жұмысының жаңалығы – Бүкіл әлемдік дағдарысқа байланысты
Қазақстан Республика үкіметінің екінші деңгейлі банктердегі несиелік
процесті ұйымдастыруға байланысты жаңа бағдарламаларды енгізуі.
Осы жұмыстың әдістемелік негізі – диплом жұмысты дайындау барысында
отандық және шетел ғалымдарының ғылыми еңбектері, ҚР ҰБ статистикалық
мәліметтері, ҚР статистика бойынша агенттігі, АТФ Банк АҚ-ның жылдық
есебі, мерзімді басылымдар, даму болашағы мен етістіктеріне байланысты
қазіргі жаңалықтар және т.б.
Жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады:
1 бөлімде – Банктегі несиелік процестерді ұйымдастырудың теориялық
негізі;
2 бөлімде – АТФ Банк” АҚ үлесіндегі несиелік процесс;
3 бөлімде – Банктегі несиелік процестерді ұйымдастырудағы даму
болашағы мен жетілдіру жолдары.

Несие нарықтық экономика жағдайында қарыз капиталының қозғалысының
теориясы, яғни қарызға берілетін ақша капиталы болып табылады. Несие ақша
капиталын қарыз капиталына айналдыруды қамтамасыз етеді де, қарыз беруші
мен қарыз алушының арасындағы қатынастарды көрсетеді.
Несие – құндық экономикалық категория, тауар-ақша қатынастарының
ажырамас элементі.
Іс жүзінде несие – ақшаны немесе тауарларды пайызбен қарызға беру.
Несиенің пайда болуы айырбас сферасымен тікелей байланысты, ол кезде тауар
иелері бір-бірімен экономикалық қарым-қатынасқа түсуге дайын. Несиенің
пайда болу мүмкіндігі және дамуы капитал айналымына байланысты. Негізгі
және айналым капиталының қозғалысы процесінде ресурстар босайды. Еңбек
құралдары өндіріс процесінде ұзақ уақыт қолданылып, құнын дайын өнімге
біртіндеп ауыстырады. Негізгі капиталдың құнының ақшалай формада біртіндеп
қалыптасуы босаған ақша қаражаттарының кәсіпорын шотында бос тұрып қалуына
әкелді. Сонымен қатар, бір жағынан тозған еңбек құралдарын айырбастау
қажеттілігі және бір мерзімдік ірі шығындар туындайды. Сипаты осыған ұқсас
процестер айналым капиталы қозғалысында да болады. Сонымен бірге,
айналымдағы тербелістер әркелкі көрініс алады. Өндірістің мерзімділігіне,
әр түрлі жабдықтауға және басқаларға байланысты өнімді жасау және айналдыру
уақыттарында сәйкессіздік туындайды. Бір субъектілерде уақытша қаражат
артықшылығы, енді біреулерінде оның жетіспеушілігі пайда болады. Бұл несие
қарым-қатынастарының туындауына мүмкіндік береді, яғни несие қаражаттардың
уақытша тұрып қалуы мен олардың шаруашылықта қолданылу қажеттілігі
арасындағы қарама-қайшылықтарды шешеді.
Несиелік қарым-қатынастар экономикада белгілі-бір әдістемелік негізгі
сүйенеді, солардың бірі ссудалық капитал нарығындағы кез-келген операцияны
практикалық ұйымдастыруда қатаң сақталатын принциптер. Бұл принциптер
несиенінің дамуының алғашқы кезеңінде-ақ қалыптасып, кейіннен жалпы
мемлекеттік және халықаралық несие заңдылықтарында тікелей көрініс алды.
Несиенің қайтарымдылығы
Бұл принцип қарыз алушының кредитордан алған қаржы ресурстарын
қолданып болған соң, уақытында қайтару қажеттілігін көрсетеді. Ол
тәжірибеде нақты қарызды несие берген ұйымның шотына аудару арқылы
сөндіруді білдіреді. Бұл банктің несие ресурстарының қайта толықтырылып,
жарғылық қызметінің жалғасуын қамтамасыз етеді.
Отандық тәжірибеде орталықтандырылған жоспарлы экономикада
қайтарымсыз қарыз деген ресми емес түсінік болған. Несиелеудің бұл
формасы әсіресе аграрлық секторда кең тараған. Яғни, мемлекеттік несие
мекемесі қарыз алушының кризистік қаржылық жағдайына байланасты қайтарымсыз
несие беруі. Өзінің экономикалық мәні жағынан қайтарымсыз қарыз бюджеттік
субсидияның қосымша формасы болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында қайтарымсыз қарыз (ссуда) түсінігі
жоспарлы, зиянды жеке кәсіпорын түсінігі сияқты, сондықтан оған жол
берілмейді.
Несиенің мерзімділігі
Бұл принцип несиені несие шартында немесе оны ауыстыратын құжатта
белгіленген нақты бір уақытта қайтару қажеттілігін білдіреді. Осы
көрсетілген шартты бұзу несие берушінің қарыз алушыға алынатын пайызды
өсіру формасында экономикалық санкцияны қолдануына негіз болады, ал ары
қарай мерзімінен кешіктіру (біздің елімізде – 3 айдан жоғары) – сот
арқылы қаржылық талап қоюға мәжбүр етеді. Бұл ережеден тек несие шартында
уақыты анықталмайтын онкольдік ссудалары ауытқиды (Онкольдік несие –
кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелінетін қысқа мерзімді несие). Бұл
ссудалар 19 ғасырда және 20 ғасырдың басында (АҚШ аграрлық секторда) кең
тараған, қазіргі жағдайда қолданылмайды.
Сонымен бірге, онкольдық несие шартында нақты жабу мерзімі
анықталмағанмен, қарыз алушының қарыз алған сәттен бастап банктен алынған
қаражаттарды қайтару туралы ескерту келгенге дейінгі уақыты нақты
бекітіледі. Бұл қарастырылып отырған принциптің қандай бір дәрежеде
сақталуын қамтамасыз етеді.
Несиенің төлемділігі. Ссудалық пайыз
Бұл принцип қарыз алушының банктен алған несие ресурстарын тікелей
қайтарып қана қоймай, оларды қолдану құқығына ақы төлеуін көрсетеді.
Несиеге ақы төлеудің экономикалық мәні қарыз алушының несиеге қолданудан
алған қосымша пайдасын несие беруші мен бөлісуін білдіреді. Қарастырылып
отырған принцип банктік пайыз мөлшерін бекіту процесінде практикалық
көрініс алады.
Ол негізгі 3 функция атқарады:
- Заңды тұлғалар пайдасының бір бөлігін және жеке тұлғалардың табысын қайта
бөлу;
- Ссудалық капиталды салалық, сала аралық және халықаралық деңгейлерде
бөлу арқылы өндірісті және айналымды реттеу;
- Экономиканың дамуындағы тоқырау кезеңдерінде банк клиентерінің ақшалай
жинақтарын инфляциядан қорғау.
Ссудалық пайыз ставкасы (немесе нормасы) ссудалық капиталға алынған
жылдық табыс сомасының берілген несиеге қатынасы арқылы анықталып, несие
ресурстарының бағасы ретінде танылады.
Несиенің төлемділігі қарыз алушыны оны өндірісте өнім өндіруге
қолданылуға ынталандырады. Дәл осы ынталандырушы функция жоспарлы экономика
жағдайында толық қолданылмаған, онда несие ресурстарының көп бөлігін
мемлекеттік банк мекемелері минималды төлеммен (1,5-5% жылдық) немесе
пайыссыз берген. Басқа тауар түрлеріне баға бекітуде қоғамдық қажетті
еңбек шығындары анықтаушы элемент болып табылады, ал несиенің бағасы осы
дәстүрлі баға бекіту механизмінен ерекшеленеді. Ол ссудалық капитал
нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың жалпы қатынасын көрсетеді және бір қатар
конъюнктуралық сипаттағы факторларға байланысты:
- нарықтық экономиканың даму циклі (құлдырау кезеңінде ссудалық
пайыз өседі, жедел көтерілгенде – төмендейді);
- инфляциялық процесс темптері;
- орталық банктің коммерциялық банктерді несиелеу процесіндегі
есеп саясаты арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік несиенің
реттік тиімділігі;
- халықаралық несие нарығындағы жағдайлар (мысалы, АҚШ 80-жылдары
жүргізген несиені қымбаттау саясаты американдық банктерге
шетелдік капиталды тартуға әкелді, ол өз кезегінде сәйкес ұлттық
нарықтарға әсер етті);
- заңды және жеке тұлғалардың ақшалай жинақтарының динамикасы
(олардың қысқару бет алысында ссудалық пайыз жоғарылайды);
- потенциалды қарыз алушылардың сәйкес категориялардың несие
ресурстарына қажеттілігін анықтайтын өндіріс және айналым
динамикасы;
- өндірістің мерзімділігі (мысалы, Ресейде ссудалық пайыз ставкасы
әдетте тамыз – қыркүйек айларында жоғарылайды, ол аграрлық
несие беру қажеттілігіне байланысты);
- мемлекет беретін несие мөлшері мен оның қарызы арасындағы
қатынас (ішкі мемлекеттік қарыз өскен кезде ссудалық пайыз
тұрақты түрде жоғарылайды).
Несиенің қамтамасыз етілуі
Бұл принцип кредитордың мүліктік мүддесін қарыз алушы өзіне алған
міндеттемелерін бұзу мүмкіндігінен қорғауды қамтамасыз етуді көрсетеді.
Кепілдікке қарыз беру немесе қаржылық кепілдікке қарыз беру сияқты
несиелеу формалары арқылы тәжірибеде қолданылады. Әсіресе, жалпы
экономикалық тұрақсыздық кезінде өзекті болып табылады.
Несиенің мақсатты сипаты
Осы принцип несиелік операциялардың басым бөлігіне таратылады, несие
берушіден алынған қаражаттардың мақсатты қолданылу қажеттілігін көрсетеді.
Тәжірибеде несие шартының сәйкес бөлігінде беріліп отырған несиенің нақты
мақсаты бекітіледі және банк қарыз алушының осы шартты сақтауын
қадағалайды. Бұл міндеттемені бұзу несиені мерзімінен бұрын қайтаруды талап
етуге немесе айыппұлдық ссудалық пайыз енгізуге болады.
Несиенің дифференциациялдық сипаты
Бұл принцип несие ұйымдарының әр түрлі категориялы, потенциялды қарыз
алушыларға дифференциациялды тұрғыда қарауын анықтайды. Оның тәжірибеде
жүзеге асуы нақты банктің индивидуалды мүддесіне тәуелді және мемлекеттің
жекелеген салаларды немесе қызмет сфераларын қолдауға байланысты
орталықтандырылған саясатына тәуелді (мысалы, ұсақ бизнес және т.б.).
Қоғамның экономикалық жүйесіндегі несиенің рөлі, орны, олар атқаратын
жалпы және селективті сипаттағы функциялармен сұрыпталған сипаттағы
функциялармен анықталады:
Қайта бөлу функциясы
Нарықтық экономика жағдайында ссудалық капитал нарығы уақытша бос
қаржы ресурстарын шаруашылық қызметінің бір сферасынан екінші бір неғұрлым
жоғары пайдамен қамтамасыз ететін сферасына бағыттап отыратын насос
тәріздес. Әр түрлі салаларда немесе аймақтардағы оның дифференциялдық
деңгейіне бағыттала отырып, несие қосымша қаржы ресурстарын қажет ететін,
динамикалы дамитын объектілерді қанағаттандыруды қамтамасыз ететін
экономиканың макрореттеушісі болып табылады.
Бірақ кейбір жағдайларда бұл функцияның тәжірибеде жүзеге асуы нарық
құрылымындағы қарама-қайшылықтардың тереңдеуіне ықпал етеді, оған Ресейде
нарықтық экономикаға көшу кезеңіндегі капиталдың өндіріс сферасынан айналым
сферасына құйылуы қауіпті сипат алғанын мысал етуге болады. Сондықтан
несиелік жүйені мемлекеттік реттеудің аса маңызды міндеттерінің бірі –
экономикалық басымдылықтарды рационалды анықтап, несие ресурстарын ұлттық
мүдде тұрғысынан жедел дамуы қажет салаларға немесе аймақтарға тартуды
ынталандыру болып табылады.
Айналым шығындарын үнемдеу
Бұл функцияның тәжірибеде жүзеге асуы тікелей несиенің экономикалық
мәнінен шығады. Шаруашылық субъектілерінің ақша қаражаттарының түсуі мен
шығындалуы арасындағы уақыт айырмасы қаржы ресурстарының артықшылығын ғана
емес, жетіспеушілігін де анықтайды. Міне, сондықтан қарыз алушылардың
барлық категориялары қолданатын меншікті айналым қаражаттарының уақытша
жетіспеушілігін де анықтайды. Міне, сондықтан қарыз алушылардың барлық
категориялары қолданатын меншікті айналым қаражаттарының уақытша
жетіспеушілігін толтыруға арналған ссудалар кең тараған. Олар капиталдың
айналымдылығын жеделдетуді қамтамасыз етіп, жалпы айналым шығындарын
үнемдейді.
Капиталдың шоғырлануын жеделдету
Капиталды шоғырландыру процесі экономиканың тұрақты дамуының аса
қажет шарты және кез келген шаруашылық субъектісінің басым мақсаты болып
табылады. Бұл міндетті шешуде өндіріс масштабтарын кеңейтіп (немесе басқа
шаруашылық операциясын), сол арқылы қосымша пайдамен қамтамасыз етуге
мүмкіндік беретін қарыз қаражаттар нақты көмек береді. Оның бір бөлігін
кредитормен есеп айырысуға бөлу қажеттігін ескерген күннің өзінде несие
ресурстарын тарту тек меншікті қаражаттарға ғана сүйенуге қарағанда тиімді.
Бірақ, айта кететін жайт, экономикалық құлдырау кезеңінде (әсіресе,
нарықтық экономикаға көшу жағдайында) бұл ресурстардың қымбаттылығы
шаруашылық қызметінің көптеген сфераларында оларды капиталды шоғырландыру
міндетін шешу үшін белсенді қолдануға мүмкіндік бермейді.
Тауар айналымына қызмет көрсету
Бұл функцияның жүзеге асуы процесінде несие тауар айналымымен қатар
ақша айналымында жеделдетеді. Ақша айналымына вексельдер, чектер, несие
карточкалары және басқа да құралдарды енгізе отырып, қолма-қол есеп
айырысуды қолма-қол ақшасыз операциялармен ауыстырып, ішкі және халықаралық
нарықтардағы экономикалық қарым-қатынастар механизмін жеделдетіп,
жеңілдетеді. Осы міндетті шешуде тауар айырбасының аса қажет элементі
ретінде коммерциялық несие белсенді рөль атқарады.
Ғылыми-техникаклық прогресті жеделдету
Соғыстан кейінгі жылдары ғылыми-техникалық прогресс шаруашылық
субъектісінің экономикалық дамуындағы анықтаушы фактор болып табылады.
Оны жеделдетудегі несиенің рөлін ғылыми-техникалық ұйымдар қызметін
қаржыландыру процесі мысалынан байқауға болады. Олардың қызметіндегі
ерекшелік, ондағы алғашқы қаражатты салу мен дайын өнімді өткізу арасындағы
уақыт айырмасы басқа салаларға қарағанда ұзақ болып келеді.
Сондықтан, көпшілік ғылыми орталықтардың қалыпты қызмет етуі несие
ресурстарын қолданусыз мүмкін емес (бюджеттік қаржыландырудағыларды
қоспағанда). Сонымен қатар, несие тікелей өндіріске ғылыми жаңалықтар мен
технологияларды енгізу формасындағы инновациялық процестерді жүзеге асыру
үшін қажет. Оның шығындарын кәсіпорын мақсатты орта және ұзақ мерзімді банк
ссудасы есебінен қаржыландырады. Сонымен, несие кредитор мен қарыз
алушының арасында уақытша қолданудан құнға байланысты туындайтын
экономикалық қарым-қатынастар.
Нарықтық экономика жағдайында несие келесі функцияларды атқарады:
- уақытша бос ақша қаражаттарын аккумуляциялау;
- ақша қаражаттарын қайтарымдылық шартында қайта бөлу;
- айналымның несиелік құралдарын жасау (банкнот және қазына
билеттері) және несие операцияларын жасау;
- жиынтық ақша айналымының көлемін реттеу.
Несиенің негізгі принциптері: ақылық, мерзімділік және қайтарымдылық.
Несиелеу әдісі – несиенің берілу және қайтарылу ерекшеліктерімен
байланысты болатын, банктік несиенің кәсіпорындардың қаражат айналымының
шеңберінде қатынасу тәсілдері. Реформалауға дейінгі кезеңдегі отандық
банктің тәжірибеде несиелеудің екі әдісін қолданған:
- қалдық бойынша несиелеу;
- айналым бойынша несиелеу.
Қалдық бойынша несиелеу барысында несие қозғалысы несиеленетін
құндылықтар қалдықтарымен тығыз байланысты болды. Ондай құндылықтарға: әр
түрлі тауарлы-материалды құндылықтар (шикізат, негізгі және қосымша
материалдар, қосалқы бөлшектер, тауарлар және т.б.), аяқталмаған өндіріс,
алдағы кезеңдегі шығыстар, дайын өнімдер және жөнелтілген тауарлар жатады.
Қорлардың нормативтен жоғары өсуі несиеге деген сұраныс тудырып, ал олардың
азаюы несиенің сол мөлшерде қайтарылуын талап етті. Мұндай несиелеу
әдісінде несие компенсациялық сипатта болады, өйткені, несие шаруашылық
органдардың құндылықтары мен шығындар қорларының нормативтен жоғары
бөлігінде жұмасалған меншікті қаражаттарының орнын жабуға бағытталды.
Компенсациялық несиелер жай несиелік шоттар бойынша беріледі. Сондай-ақ,
бұл несиенің қайтарылуы есеп айырысу шотынан шегеру жолымен жүзеге
асырылады.
Айналым бойынша несиелеу (тауар айналымы) әдісінің ерекшелігі ондағы
несие қозғалысы материалдық құндылық айналымымен, яғни олардың түсу және
жұмсалуына байланысты анықталады. Бұл несиелеу әдісінде жаңа несиенің
берілуі мен бұрын берілгені бойынша қарыздың қайтарылуы уақыт бойынша
ұштасып қалып отырады. Мұнда несие төлемдік сипатқа ие болды, себебі
несиенің берілуі тікелей төлемге қатысты және ең бастысы, заемдық
қаражаттарға деген қажеттілік туындаған кезде жүзеге асырылады. Сөйтіп,
айналым бойынша несиелеу әдісі төлемдік сипаттағы несиелердің көмегімен
жүргізіліп, арнайы несиелік шарттар бойынша беріліп отырған.
Бұл жерде несиенің қайтарылуы өнімді сатудан түскен ақшалай түсімдер
банктік несиелік шотқа түсу арқылы жүзеге асқан.
Демек, бірінші әдіс бір-ақ рет пайдалануға жараса, ал екіншісі банктік
несиелерді үнемі беріп отыру үшін қызмет етумен қатар, халық шаруашылығының
қорларының айналым шеңберін және төлем айналымын ұйымдастыруда оның рөлі
арта түсті.
Қалдық бойынша несиелеу әдісі нарықтық жағдайға өтумен байланысты
өзінің тәжірибелік маңызын жоғалтты, өйткені 80-ші жылдардағы банкті
реформалаудың бірінші кезеңінің жүрісінде саны көп ауқымды объектілерді
несиелеуден (қалдық бойынша, сол сияқты айналым бойынша да) бір тұтас
несиелеу механизмі бойынша ірі объектілерді тек айналым бойынша несиелеуге
өтудің ебъективті процесі аяқталды. Мұндай айналым бойынша несиелеу
жиынтық қорлар мен өндіріс шығындары бойынша несиелеу формасында
қабылдады, сондай-ақ мұндай формаға іс жүзінде шаруашылықтың барлық
салалары өткізілді. Қазіргі жағдайда мұндай тәртіпте өнеркәсіптік, көлік,
құрылыс, ауыл шаруашылық, сауда және жабдықтау сату ұйымдары несиеленеді.
Сонымен, қазіргі банктік тәжірибеде несиелеу әдісінің үш түрі
қарастырылады:
- айналым бойынша несиелеу әдістері;
- қалдық бойынша несиелеу әдістері;
- айналым-қалдық бойынша несиелеу әдістері.
Айналым бойынша несиелеу барысында несие несиелеу объектісінің
айналымындағы қозғалысын жалғастырып отырады. Несие қарыз алушының
шығындарын оның ресурсы босағанға дейін аванстайды. Несиеге деген
объективтік ұлғайту шараларына байланысты несие мөлшері өсіп, бұл
қажеттілікті ұлғайту шараларына байланысты несие мөлшері өсіп, бұл
қажеттіліктің азаюна байланысты несие қайтарылады. Бұл әдіс негізінен
несиені қозғалысымен қажеттілікті төмендету немесе ұлғайту шараларына
байланысты болып табылады.
Қалдық бойынша несиелеу барысында несие несиеге деген қажеттілік
тауарлы-материалды құндылықтар және шығындар қалдықтарымен өзара
байланысты. Мысалы, кәсіпорын өзіне қажетті құндылықтарды өзінің қаржылай
көздері есебінен сатып алуы мүмкін және содан соң оларды қамтамасыз ете
отырып, несие компенсациялау тәжірибесінде беріледі, ал қажетті материалды
сатып алу шығындары авансылау үшін берілмейді.
Қалдық бойынша несиелеуде несиелеу объектісінің кішкене бөлігі
қамтылса, ал айналым бойынша несиелеуде несиелеу объектісі толық қамтылады.
Айналым және қалдық бойынша несиелеудің іс-жүзінде ұштасуының
нәтижесінде айналым – қалдықтық әдісі түзіледі. Мұндағы бірінші кезеңде,
несиеге деген қажеттіліктің туындауына байланысты несие берілсе, ал екінші
кезеңде, берілген несие қатаң түрде өтеледі. Бірінші кезеңде тауарлы-
материалды құндылықтарды кепілге алып, шығындар айналымының бастапқы
кезеңінде берілсе, ал екінші кезеңінде несие клиенттің банк алдындағы
мерзімді міндеттемелер негізінде өтеледі.
Шетелдік банктік тәжірибеде несиелеудің мынадай екі әдісі белгілі:
бірінші әдіс бойынша несиені беру туралы мәселе әр рет алған сайын
қарапайым тәртіппен шешіледі. Несие қаражатқа деген белгілі бір мақсатты
қажеттілікті қанағаттандыруға беріледі. Бұл әдіс несиелерді нақты бір
мерзімге, яғни мерзімді несие беру уақытында қолданады. Екінші әдіс
барысында несиелер қарыз алушы үшін банктің алдын ала белгіленген несиелеу
шегі көлемінде беріледі.
Субъектілер бойынша несиелерді бөлу несиелеу жүйесінде тағы бір сыныптама
түсінігін тудырады – несие түрлері бойынша бөлу. Ол экономикалық және
ұйымдастырушылық қатынаста белгілі-бір нақты несие мәмілесіне тән жиынтық
белгілерін көрсетеді. Несиелік мәміленің экономикалық белгілері – бұл
несиенің өзінің белгілері, олар бірегей болады. Ұйымдастырушылық белгілер
әрбір жеке жағдайларда әр түрлі болуы мүмкін. Осы салалық бағытталушылыққа
қарай өнеркәсіптік, сауда, банкаралық несиелерді бөлуге болады. АҚШ-та
ссудаларды сыныптаған кезде ауыл шаруашылық несиелерді бөледі.
Заңды тұлғаларға берілетін несие түрлері мыналар: лизингтік, ломбардтық,
овердрафт, овернайт, контокорренттік, факторингтік, форфейтингтік,
онкольдық, бланктік және т.б. Әрқайсысына түсінік беретін болсақ, лизингтік
несие өндіріске керекті құралдарды сатып алушыларға берілетін несие.
Ломбардтық несие – құнды заттарды, бағалы қағаздарды кепілге ала отырып
берілетін несие.
Овердрафт – банктің қысқа мерзімді өтімділігін қамтамасыз етуге арналған
бір күндік несие.
Овернайт – бір түнге берілетін несие түрі.
Контокоррентік – несиелік желі арқылы активті-пассивті шот бойынша
берілетін несие.
Факторингтік – жабдықтаушының дебиторлық қарызын ала отырып берілетін
несие. Ол қысқа мерзімге, 180 күнге дейін беріледі.
Форфейтингтік – экспортерға импортердің төлеуге тисті төлем талабын сатып
алуын білдіреді. Бұл тек халықаралық қатынаста вексель және чекті
пайдаланып жүзеге асырылады.
Онкольдық – банктің 1-ші класты клиенттеріне талап етуге дейін берілетін
несие.
Бланктік немесе сенім несиесі – қамтамасыздандырусыз берілетін несие
түрі.
Несиелеу объектісіне келетін болсақ, бұл – несиенің пайдалану заты, яғни
несиенің іске асырылу аясы деп түсінуге болады.
Қазақстанның банктік тәжірибесінде қысқа мерзімді несиелеу объектісіне
Экономиканы қысқа мерзімді несиелеу Ережесіне сәйкес, банк несиесі
есебінен құралатын өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларының бір
бөлігі жатады. Несиелеу объектісі материалды құндылықтар, өндіріс және
айналыс шығындары түрінде, сол сияқты, егер несие материалдық жағынан
қамтамасыз етілмеген жағдайда, банк алдындағы шаруашылық ұйымның
міндеттемесі ретінде де болады. Материалды қамтамасыз етілген несиелеу
обьектісіне өндірістік шикізат қорлары, негізгі және көмекші материалдары,
жанармай, ыдыстар, сатып алынатын жартылай өнімдер, азықтар және басқа да
материалды құндылықтардың маусымдық жинағы және өнеркәсіптегі дайын
өнімдердің және сауда ұйымдарындағы тауарлардың маусымдық қорлары жатады.
Мұндай қорларды жасау өндіріспен және өнімдерді сату процесімен тығыз
байланысты.
Несиелеу объектісі, сондай-ақ, экспортты және импортты тауарлар мен
қызметтермен жабдықтау, экономикалық қызметке байланысты шығындар,
кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалардың сатып алатын
шикізаттары, материалдары, құралдары және басқа да мүліктері, ломбардтық
операциялар, шаруашылық субъектілердің кірістері мен шығыстары арасындағы
алшақтық жатады.
Несиелік қатынастарды ұйымдастыру сұрақтары төмен рентабельділігі бар,
тұрақсыз қаржылық жағдайдағы қарыз алушылармен ерекше егжей-тегжейлі
қарастырылуы керек. Мұндай қарыз алушыларға ссуда беру тек қана оның
қайтарылуына гарант алған жағдайда жоғары тұрған буындардың немесе билік
органдарының негізделген ұсынысы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Ол белгілі
бір аймақтың әлеуметтік және экономикалық қажеттіліктерін
қанағаттандыру қажеттілігінен туындауы мүмкін.
Несиелеуді экономикалық-ұйымдастырушылық қатынастарының белгілі бір
қабаты, яғни несиелік қатынастардың жоғарғы буыны несиелік механизм болып
табылады. Мұндағы буын ретінде несиенің объективті сипатын және несиелік
қатынастарды ұйымдастыруға байланысты шаруашылық субъектілердің қызметінің
өзара іс-әрекеті түсіндіріледі.
Демек, несиелік механизмге несиенің мазмұны және өзіндік ерекшеліктерін
сипаттайтын қатынастар және олардың пайда болу әдістері, тәсілдері және
формалары жатады. Соңғылары несиелік қатынастардың мәніне жатпағанымен де,
олар несиелік тәжірибені сипаттайтын процеске жақын немесе оның үстінде
қалыптасады.
Несиелік механизм банктік қызметке байланысты заңдармен, банктердің
дербес несиелік саясаттарымен және экономиканың тиімділігін арттыру
міндеттерімен анықталады .
Жалпы алғанда, жоғарыда айтылып кеткен несиелеу элементтерін (субъект,
объект, қамтамасыздандыру) бір-бірінен ажыратуға болмайды. Егер субъект
ретіндегі фирманың жоғары беделі болып, қамтамасыздандырусыз несие сұраса
немесе бұрын банктен ссуда алмаған фирма жақсы кепіл бере отырып несие
сұраса банк екі жағдайда қандай шешімге келеді? Банк үшін бір элементтің
ғана бар болуы жеткілікті ме, сол элемент қана абсолютті мәнде болып,
қалғандары тек теориялық мәнде жүруі дұрыс па?
Осындай сұрақтардың шеңберінде несиелеу жүйесінің тағы бір элементі
туындайды – бұл сенім. Ол несие түсінігінің өзінен пайда болады: латын
тілінен аударғанда credo сенемін дегенді білдіреді. Несиелеуде екі жақ
– несие беруші мен қарыз алушы қатысатыны белгілі. Олардың арасында
ссудаланатын құн қозғалысы жүреді.
Қазіргі несиелеу жүйесінде шаруашылық ұйымдардың меншікті және зайымдық
қаражаттар арасындағы шекті қатынасты белгілеуде мемлекет тарапынан қандай-
да бір әмір жүргізу жоқ. Шаруашылық ұйымдардың қызметтерінің коммерциялық
негізі, экономикалық тұрғыда олардың меншікті қаражаттарын зайымдық
қаражаттар үшін толық материалдық жауапкершілікте болуын жүктейді. Мұнда
зайымдық қаражаттар ретінде тек қана банктік несие емес, сол сияқты ақшалай
және тауарлай формасындағы шаруашылықаралық несие қарастырылады.
Кәсіпорындарға кімнің қаражатын және қанша көлемде зайымға алу туралы
өздері анықтауға құқық берілген, ал оларды пайдалану шарты келісім-шартта
анықталады.
Шаруашылық айналысындағы меншікті қаражаттар мөлшері бүгінгі күні
берілуге жататын несие мөлшеріне, сондай-ақ несиелік қабілетін анықтау
барысындағы клиенттің кластық дәрежесін сипаттайтын көрсеткіштерге әсер
етеді.
Қазіргі несиелеу жүйесі банктің ресурсына негізделеді, ал несиелік
механизм коммерциялық сипатқа ие. Осыған байланысты сауда мотивтері,
үнемдеу мотивтері ерекше маңызды болып келеді. Мұндай жағдайда несиелеудің
тек кәсіпорынның қосымша қаражатқа деген қажеттілігін қанағаттандыру ғана
маңызды емес, сонымен қатар несиелік мекеменің рентабельділігін арттыру
үшін де несиелеудің маңызы зор. Дәл осы тұста коммерцияның арзанға сатып
алып, қымбатқа сату принципі орын алады. Бұл, әрине, клиенттердің
несиелері мен депозиттеріне, сол сияқты банкаралық несиеге де тиісті.
Қазіргі несиелеу жүйесінің басты ерекшелігі банктердің меншікті және
тартылған ресурстарына ғана байланысты емес, сол сияқты клиенттерді
несиелеуді жүзеге асыратын коммерциялық банктер үшін Орталық банк бекітетін
нормаларға және пруденциалдық нормативтерге байланысты келеді. Мысалға, ҚР
ҰБ орталық резервтерге міндетті төлемдер аудару нормасын белгілейді. Сол
сияқты, басқа да нормативтер, оның ішінде коммерциялық банкте құрылатын ең
төменгі ақшалай резервтер түрінде, ең ірі несиелер көлеміне шектеу, банк
балансының өтімділігінің параметрлері сияқты банктің міндеттемелерін өтімді
қаражаттар резервімен салыстыра өлшеу арқылы белгіленетін формалардағы
нормативтері де бар.
Қазіргі несиелеу жүйесінің маңызды бір белгісі оның келісім-шартқа
негізделуі болып табылады. Өткен несиелеу жүйесінде клиент пен банк
арасында қарыз алу барысында жасалатын келісім-шарттың экономикалық маңызы
төмен болғандықтан да, оны формалдық сипатта болды деп айтуға болады.
Кейіннен коммерциялық ынталандыру туындағаннан кейін ғана банк пен қарыз
алушы арасында несиелік шартқа отырып, ол шарт несие берушінің де, қарыз
алушының да жауапкершілігін нығайта түсті.
Қалыптасып отырған қазіргі несиелеу жүйесінің келесі маңызды ерекшелігі –
бұл несиелеудің объектіден субъектіні несиелеуге өтуі. Бұрынғы несиелеу
жүйесі объектіні несиелеуге ғана негізделгені бізге белгілі. Тауарлы-
материалдық құндылықтар қоры және өндірістік шығындардың болуы несиені
алуға құқық берді де, ссуданың қайтарылу барысына терең талдау
жүргізілмеді, клиент үшін жоспардың орындалуы ссуданың қайтарылуына
автоматты түрде кепіл болады.
Жаңа несиелеу жүйесі дәтүрлі және өзіндік ерекше принциптерге
негізделеді, оның ішінде мерзімділік және қамтамасыз етілу қағидалары, сол
сияқты несиенің ақылылық сипаты да ескеріледі. Сонымен қатар олардың
бірқатарының мазмұны түбірімен өзгерген. Бұдан бірнеше жылдар
бұрын жақсы және жаман жұмыс жасайтын кәсіпорындар категориялары өмір
сүріп, несиелеуде дифференциалданған режим қолданылған. Кәсіпорынды бағалау
негізіне олардың жоспарлы көрсеткіштерін орындау дәрежелері жатқызылды.
Бүгінгі таңдағы қалыптасқан жүйе несиенің уақытында қайтармау тәуекелін
төмендетіп, клиенттің несиелік қабілетін ескереді. Сондай-ақ, коммерциялық
банк қарыз алушыны төлем қабілетінсіз деп жариялай отырып, оны қайта
ұйымдастыру және тарату туралы сұрақты қоюға құқылы.
Несиенің қамтамасыз етілу принциптеріне де байланысты өзгерістер болды.
Тәжірибе көрсеткендей, ссудалардың тауарлы-материалдық құндылықтар
қалдығымен қамтамасыз етілуі олардың уақтылы қайтарылуына кепіл болмады.
Сондықтан да қамтамасыз етілмеген ссудаларды бұрынғы тәжірибеде
қалыптасуына байланысты түсіну банк тарапынан жіберілмеуге тиіс. Қайтару
тұрғысынан алғанда, толық кепілдігі жоқ ссудалар ғана біршама сенімді
несиелер болып табылады.
Қазіргі несиелеу жүйесінің келесі бір ерекшелігіне банк несиелерін жоғары
дәрежеде кепілдендіру формаларына өту жатады. Несиенің қайтарылуын
қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда әлемдік тәжірибедегідей біршама сенімді
формаларға сенім құқы, кепілдеме және кепіл-хат, жалпы алғанда сақтандыру
жүйелері жатады. Осындай формаларды қамтитын несиелік механизм банкке
өзінің тәуелсіздігін нығайту, сонымен қатар несиелік тәуекелді төмендету
мүмкіндігін береді.
Жалпы, кәсіпорындарды несиелеудің өзгерген жүйесі біршама дәрежеде
нарықтық қатынастарға сай келетін үлгі ретінде оларды бағалауға мүмкіндік
жасайды.
Бұл несиелеу шегі оларға белгілі бір мерзім аралығында төлем
құжаттарын банкке төлеуге көрсету жолымен қажеттілік шараларына байланысты
пайдаланылады.
Несие берудің мұндай формасын несиелік желі деп атайды. Несиелік желі
– келісілген лимит негізінде белгілі бір мерзім ішінде қарыз алушыға несие
беріп отыратындығы заңдастырылған, яғни банктің қарыз алушы алдындағы
міндеттемесі.
Ашылған несиелік желі арқылы несиенің есебінен банк пен қарыз
алушылардың арасында жасалған несиелік келісім шартқа сәйкес, кез келген
есеп айырысу құжаттарын төлеуге болады. Несиелік желі көбіне бір жылға ғана
ашылады, бірақ кейде одан да қысқа мерзімге ашылуы мүмкін. Клиент банктің
несиелік желі мерзімінің кез келген уақытында қосымша келіс сөздер
жүргізбей-ақ және ешқандай бланк толтырусыз несие ала алады. Бірақ банк
қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлағанын байқап қойса, бекітілген
шек көлемінде несие беруге келіспеу құқығы сақталады. Белгіленген тәртіп
бойынша, несиелік желі тұрақты қаржылық жағдайы және жақсы ресуртары бар
клиенттерге ашылады. Клиенттің өтініші бойынша несиелеу шегі қайта қаралуы
да мүмкін. Несие желінің жаңартылатын және жаңартылмайтын түрлері болады.
Жаңартылмайтын несиелік желі ашқан жағдайда несиені беріп және оны
өтегеннен кейін банк пен клиент арасындағы қарым-қатынас аяқталады.
Жаңартылатын несиелік желі барысында (револьверлік) несие автоматты түрде
қарыздың белгіленген лимит шегінде беріледі және өтеледі. Несиелік желі сол
сияқты, мақсатты да болуы мүмкін. Мұндай мақсатты несиелік желі клиенттің
бір келісім шарт төңірегінде белгілі бір тауарларды жабдықтауды төлеуі үшін
ашылады. Жаңартылған несиелік желі әдісінің сыртқы көрініс жағынан
отандық, яғни ірі объектінің айналымы бойынша несиелеу әдісіне көбірек
ұқсастығы болады. Бірақ та олардың арасында айырмашылықтар бар. Сөйтіп,
шетелдік банктер несиелік желіні тек бірінші кластық қарыз алушыларға бөліп
жатпайды. Сонымен қатар, несиелеу шегін анықтау тәсілдері де әр түрлі, сол
сияқты өлшенбейтін төлемдер көлеміне байланысты ажыратады. Бізде ол бір
шама маңызды. Мұндай кемшіліктер бар жаңа коммерциялық құрылымдарға
несиелік желі ашуға болмайды. Бірақ та, мұндай клиенттерді несиелеудің
басты әдісі – әр жекелеген несиелерді беру барысында қарапайым көз қараста
болу болып табылады.
1.2 Несиелеу принциптері
Банктік несиелеу белгілі принциптердің қатаң сақталуы жағдайында
жүзеге асырылады, олар несиенің мәні мен мазмұнын көрсететін несиелеу
жүйесінің басты элементтері болып табылады.
Несиелеу принциптеріне келесілер жатады:
- мерзімділік;
- қайтарымдылық;
- несиенің төлемділігі;
- материалдық қамтылуы;
- мақсатты бағыт.
Мерзімділік – қарыз қаражаттарды несие берушіге қайтарудың алдын-ала
келісілген мерзімі, яғни несиені қайтарудың анықталған уақыты, оны бұзу
белгілі санкцияларды қолдануға әкеледі. Несиелеу мерзімі – қарыз
қаражаттардың қарыз алушының қарамағында болуының шекті уақыты.
Қайтарымдылық – негізгі қарыз соммасын несие берушіге келісілген шарт
бойынша міндетті түрде қайтару; қайтарылмайтын несие болмайды. Сондықтан
да, қайтарымдылық несиенің ажырамас бөлігі болып табылады.
Бұл несиені басқа тауар-ақша қатынастарындағы экономикалық
категориялардан ерекшелендіреді. Нарықтық экономикаға көшкеннен кейін
несиелеудің бұл принципіне ерекше маңыз береді:
- Біріншіден, қоғамдық ұдайы өндірісті ақша қаражаттарымен қамтамасыз
ету осы принциптің сақталуына байланысты.
- Екіншіден, бұл принциптің сақталуы банктің өтімділігін қамтамасыз
етеді.
- Үшіншіден, әрбір жеке қарыз алушы үшін бұл принципті сақтау банктен
жаңа несие алу мүмкіндігіне жол ашады.
Несиелеу мерзімін банк несиеленетін материалдық құндылықтардың
айналымдылық мерзіміне және шығындардың ақталуына қарай бекітеді.
Несиенің мерзімінде қайтарылуы принципі дифференциациялдылық
принципімен тығыз байланысты.
Дифференцияциялдылық – банктің несие алушыға ұмтылушы клиенттерге
несие беру туралы сұраққа біркелкі қарамауын керектігін білдіреді. Несие
тек оны уақытында қайтаруға жағдайы бар клиенттерге берілуі керек. Несиелеу
дифференцияциясы несиеге қабілеттілік көрсеткіштері негізінде жүзеге
асады. Ол дегеніміз қарыз алушының шартта келісілген мерзімде несиені
қайтаруға дайындығы мен қабілетіне сенімділік беретін қаржылық жағдайы.
Қазіргі несиенің дифференциялдық принципінің мазмұны өзгерген десе болады.
Біріншіден, ол мерзімділік принципімен байланысады, яғни несие уақытында
қайтара алатын шаруашылық органдарына беріледі. Сондықтан да, несиелеудің
дифференциациялануы тек несиелік қабілетті сипаттайтын көрсеткіштер
негізінде ғана жүзеге асырылады.
Екіншіден, бұл принцип несиелік келісім жасалғанға дейін және банктер
несиелік ресурстарға деген сұранысын оқып-үйрену барысында потенциялды
қарыз алушылардың несиелік қабілетін және сұралып отырған несиенің
қамтамасыз етілуі сипатын және олардың банк үшін пайдалылығын, сондай-ақ
қаражаттардың жұмсалу ұзақтығын жетекшілікке ала отырып, бастапқы несиені
орналастырғанға дейін іске қосылады.
Үшіншіден, несиелік қабілеттілігіне байланысты несиелеудің
дифференцияциялануы, оның өткен жүйедегі вариантымен салыстырғанда қаталдау
болып табылады.
Несиенің төлемділігі (ақылық) – банктердің несиелеу кезінде көрсеткен
қызметінің тәуелділік сипатына негізделеді. Банк ссуда бергені үшін пайыз
түрінде белгілі бір төлем алады. Пайыздық ставка мөлшерін екі жақ несие
шартында бекітеді.
Несиеге қойылатын сыйақы мөлшерлемесін несиенің бағасы деп те атайды.
Еркін реттелетін нарық жүйесі тұсында несие үшін сыйақы мөлшерлемесі
несиеге деген сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады. Қазіргі банктердің
несие үшін сыйақы мөлшерлемесін белгілеуде ескеретін басты факторларына
мыналар жатады:
- орталық банктің коммерциялық банктерге беретін несиелері
(мүдделендіру) бойынша белгіленетін сыйақысының пайыздық
мөлшерлемесі;
- банкаралық несие бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі;
- өз клиенттеріне депозиттік шоттары бойынша төлейтін орташа сыйақы
мөлшері;
- банктің несиелік ресурстарының құрылымы (тартылған қаражаттар үлесі
қаншалықты жоғары болса, несие бағасы соғұрлым қымбат болуы тиіс);
- несиеге деген сұраныс (сұраныс аз болса, несие бағасы да арзан
болады);
- несиенің сұралатын мерзімі мен түрі, нақтырақ айтсақ, банк үшін оның
қамтамасыз етілуіне байланысты тәуекел дәрежесі;
- еліміздегі ақша айналысының тұрақтылығы (инфляция қарқыны қаншалықты
жоғары болса, соған сәйкес несие үшін төленетін сыйақы да жоғары
болуы тиіс, себебі, инфляция жағдайында ақшаның құнсыздануының
банктің ресурсын жоғалту тәуекелі артады).
Неисенің қамтамасыз етілуі – банк несиесінің кепілдік, сақтандыру және
басқа да тәсілдер көмегімен қамтылуы. Ол заң арқылы және партнерлер
арасындағы шарт арқылы анықталады.

Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің тәжірибесінде
қолданылатын несиелеу процесінің негізгі кезеңдерін қарастырайық. Әр
кезеңде пайдаланылатын несиелік механизмінің элементтері несиелік
операцияларының сапалы сипатын бере отырып, олардың жүзеге асырылу
техникасын білдіреді. Неиселеу схемасы келесідей негізгі кезеңдерді
қамтиді.
Несие алу туралы өтініш жазылғаннан бастап, шешім қабылданған уақыт –
несиелік процесс деп аталады.
Несиелеу процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:
- несиеге деген өтінішті қарау;
- несиелік қабілетін талдау;
- несиелік келісімшарт жасасу;
- несие беру;
- несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау.
1 кезең. Банкке келіп түскен несиеге деген өтінішті қарау.
Кез келген несиелік операциялар осыдан басталады. Мұндай құжаттарда
қарыз алушы мен сұралатын несие туралы негізгі мәліметтер: мақсаты,
мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі.
Банктің қоятын талаптарына байланысты өтінішке қосымша, яғни несиелік
операциялар сипатына байланысты құжаттар беріледі. Клиенттердің әр түрлі
топтары үшін әр түрлі құжаттар пакеті әзірленуі мүмкін. Мысал ретінде
құжаттар пакетінің құрамына жататындар:
- құрылтайшылық құжаттардың, жарғының, жалға алу шарттарының, тіркелген
куәліктердің немесе патентерінің; нотариалдық түрде куәландырылған
құжаттар; азаматтардың төл құжаттары және клиенттің несие алуға құқығын
растайтын басқа да құжаттардың көшірмелері;
- соңғы бір жылдық қарыз алушының балансы және оған қосымша беттер;
- несиеленетін шаралардың рентабельдік деңгейін және оның қайтарылу
мерзімін сипаттайтын техникалық-экономикалық есебі;
- несиеленетін мәмілелерді растайтын келісімшарттар көшірмелері;
- басқа банктерден алған несиелер туралы мәліметтер;
- қамтамасыз ету мақсатында кепілге берілген мүлікке қарыз алушының
меншік құқығын растайтын құжаттар;
- несиені қайтаруға байланысты міндеттемені куәландыратын құжаттар;
- қызметін жаңадан бастаған, яғни қаржылық есептер және басқа да құжаттар
жоқ кәсіпорынның бизнес жоспары.
Қажет жағдайларда банк қарыз алушыдан несиені қайтаруын қамтамасыз
ететін басқа да құжаттар мен мәліметтерді талап ете алады. Сонымен қатар,
банкпен тұрақты несиелік қатынаста болатын қарыз алушылар үшін кейбір
құжаттар тізімі қысқаруы мүмкін. Қарыз алушы банкке несие алуға өтініш
жасаған уақытта, банк несиелеудегі оның мүмкіндігін алдын ала бағалау үшін
есеп карточкасын толтыруы мүмкін. Онда фирманың жетекшісі мен қарыз
алушының аты-жөні, қызметі және меншік түрі, клиенттің заңды мекен-жайы,
ағымдық және валюталық шот ашқан банктің аты және реквизиттері, негізгі
құрылтайшылар, ол сұрайтын несиенің мақсаты, сомасы және мерзімі, соңғы
есептік күнге берілген баланс құрылым және басқа да көрсеткіштер.
Тапсырылған құжаттарды оқып үйрену барысында банк тарапынан қарыз
алушының алған несиесін қайтару қабілетін бағалауының шешім қабылдау үшін
аса зор маңызы бар. Бағалау техникалық-экономикалық есеп негізінде
жасалады.
2 кезең. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау кезеңі.
Қарыз алушының несиелік қабілеті – қарыз алушының алған несиесі
бойынша қарызды уақтылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалаумен
сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен
болуы мүмкін, сондықтан да банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан
бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банктің өтімділігіне
ықпал етеді.
Қарыз алушының несиелік қабілетіне талдау жасау барысында мынадай
факторлар есепке алынады:
- несиеге қатысты қабілеттілігі. Қарыз алушыға несиені бере отырып, қарыз
алушының атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын жарғысы және
нұсқауымен танысуға тиіс;
- қарыз алушының іскерлік беделі. Несиелік мәмілеге тиісті беделі деп
қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана түсінбейді, сондай-ақ
келісімшартқа байланысты барлық міндеттемелерді орындауы түсіндіріледі.
- табыс алу қабілеті. Банк қарыз алушының несиені қайтаруға жеткілікті
қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет.
Қарыз алушының табыс алу қабілетін анықтау барысында сату көлеміне,
баға шығындарына әсер ететін факторлар есепке алынады. Бұл факторларға:
қарыз алушы кәсіпорынның сапасы, шикізат құны, қызметкерлерінің біліктілігі
жатады. Несиелеудегі шетелдік тәжірибеде бұл факторларға қоса жарнамалау
тиімділігі, бәсеке сияқты факторлар ескеріледі.
3 кезең. Несиелік және кепіл туралы келісімшарт жасасу. Қазіргі
несиелеудің басты еркешелігі бойынша банк қарыз алушының несиелік қабілетін
тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасасу үшін несиелеу субъектісімен
қатынасқа түседі. Несиелеуге байланысты барлық сұрақтарда банк пен қарыз
алушы келісімшарт негізінде шешеді.
Несиелік келісімшарт екі жақтың өзара міндеттемелерін және
жауапкершіліктерін анықтайды. Онда мыналар көрсетіледі:
- Несиелеу мақсаты және объектісі;
- Несиенің мөлшері;
- Несиені беру мерзімі және қайтару шарттары;
- Несиені қамтамасыз ету формасы;
- Несие үшін төленентін сыйақы мөлшерлемесі;
- Несиенің қозғалысын және клиенттің қаржылық жағдайын бақылау үшін
қарыз алушының беретін құжаттарының тізімі;
- Несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі.
Несиелік келісімшарттың мазмұнын келісуші жақтардың өздері анықтайды.
Несиелік қатыныстарды ұйымдастыру тәжірибесінде кепіл туралы келісімшарттың
орны ерекше. Кепіл туралы шарт кепіл затына байланысты ажыратылады. Кепіл
затына: заттар, бағалы қағаздар, басқа да мүліктер және мүліктік құжаттар
жатады.
Материалдық-заттық мазмұнына қарай кепіл заттары мынадай топтарға
бөлінеді:
- клиенттің мүліктерінің кепілі:
- Тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі;
- Шикізаттар, материалдар, жартылай өнімдер кепілі;
- Тауарлар және дайын өнімдер кепілі;
- Валюталық бағалықтар, алтыннан жасалған бұйымдар кепілі;
- Басқа да тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі;
- Бағалы қағаздар кепілі;
- Сол банктегі депозиттер кепілі;
- Жылжымайтын мүлік кепілі.
- мүліктік құжаттар кепілі:
- Жалгерлік құқық кепілі;
- Авторлық құқық кепілі;
- Жерге құқық кепілі;
Кепіл туралы келісімшартта мынадай мәселелер қарастырылады:
- Келісімшарт жасасушы тараптар туралы мәліметтер;
- Келісімшарт заты;
- Кепіл берушінің құқықтары мен міндеттері;
- Кепіл ұстаушының құқықтары мен міндеттері;
- Талап ету құқықтары;
- Кепілге қойған мүлікті қайта рәсімдеу, басқа мүлік есебінен;
- Кепілге қойған мүліктің бұзылуына байланысты тәуекел жағдайлары мен
кепіл затты ауыстыру;
- Тараптардың жауапкершілігі;
- Ерекше шарттар;
- Дауларды шешу;
- Басқа шарттар;
- Кепіл туралы келісімшарт жасасушылардың заңды мекен-жайы мен өзге де
мәліметтері.
4 кезең. Несие беру кезеңі. Бұл кезең ағымдық шот ашу, несиені беруді
құжаттау тәртібін, несиені беру тәсілін анықтайтын несиелеуді ұйымдастыру
және техникалық шарттарын қамтиды.
Несиенің көлеміне байланысты әр түрлі берілу тәсілдері болады.
Біріншісі – несие клиенттің шотына толығымен аударылып, қажет болған
жағдайларда жұмсалынады. Екіншісі – несие алу құқығы қосымша қаражаттарға
деген қажеттіліктің туындауына байланысты біртіндеп іске асады. Үшінші –
белгілі бір соманы алуға клиенттің құқығы бола отырып, ол оны алудан бас
тартады.
Несиенің мөлшері оны беру барысында несиелеу ережелеріне сәйкес
анықталады.
5 кезең. Несиені қайтару және оған сыйақы төлеуіне бақылау жасау –
несиелік операцияның маңызды кезеңі. Несиелеу бойынша қарызды қайтару
тәсілі банк қаражаттарының пайдалану ұзақтығына және олардың төлем
айналымын құраудағы рөліне байланысты.
Несиенің берілуі сияқты несиені қайтарудың төмендегідей көптеген
варианттары болады:
- мерзімді міндеттемелер негізінде эпизоттық қайтару;
- меншікті қаражаттардың жинақталуының және несиеге деген есеп айырысу
шотына қажеттіліктің азаю шамасына қарай қайтару;
- алдын ала белгіленген сома негізінде жүйелі түрде қайтару;
- түскен түсімді бірден несиелік қарызды жабуға есептеу;
- несиенің қайтарылу мерзімін созу;
- мерзімі өткен қарызды Мерзімі өткен несиелер шотына аудару;
- банк резерві есебінен мерзімі өткен несиелерді шегеру.
Несиелік қарызды қайтару туралы қарстырылған варианттар бұл процессті
мынандай белгілеріне байланысты жіктейді:
Қайтарылуына қарай:
- Несиені толық қайтару;
- Несиені жартылай қайтару .
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz