Ақшаның қажеттілігі, мәні және қызметтері



I. Ақшаның қажеттілігі, мәні және қызметтері. II . Ақша түрлері және олардың даму эволюциясы.
III.Ақша айналымы және ақша айналысы
I. Ақшаның қажеттілігі, мәні және қызметтері. Ақша дегенгіміз- құнның жалпыға балама формасының даму нетижесінде барлық тауарларға тікелей айырбасталатын тауарлар әлемінің ерекше бір тауар ақша тауары қалыптасты. Ол тауар рөлін бағалы металдар: алтын және күміс атқарды. Сонымен ақша – бұл құнның өлшейтін жалпыға балама айрықша тауар. Ақшаның объективті қажеттігі тауар өндірісі және ақша айналысының болуына сәйкес қалыптасты. Ақша бұл – тауар айналысының құралы және оның ізбасары. Тауар мен ақша бірінен бөлінбейді. Себебі: ақша айналысынсыз тауар айналысының болуы мүмкін емес. Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынандай 3 қасиетінің бір тұтастығымен байқалады:
1. Жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
2. Айырбас құнының дербес формасы ;
3. Еңбек өлшемінің заттай формасы;
Жалпыға тікелей айырбасталу формасы – оның кез-келген материалдық бағалы затқа айырбасталуын сипаттайды.
Айырбас құнының дербес формасы - тауарды сатумен байланыссыз.
Еңбек өлшемінің заттай формасы – тауар өндіругежұмсалған еңбектің ақша көмегімен өлшеуге болатынын құнын сипаттайды.
Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы прцессінен туындайтын тауар өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының ббелгілі бір жақтарын сипаттайды.
Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:
1. құн өлшемі және баға масштабы
2. айналыс ( айырбас) құралы
3. төлем құралы
4. қорлану және қор жинау құралы
5. дүниежүзілік ақша.
1. Ақшаның құн өлшемі қызметі . Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық тауарлардың құнын өлшейді. Ақша құн өлшемі ретінде: « мөлшері жағынан аттас, сапасы жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар дүниесіне материал беру» қызметін атқарады. Бірақта тауарларды өзара өлшейтін ақша емес, тауар өндірісіне кеткен қоғамдық қажетті еңбек олардың бірінің біріне өлшеуіне жағдай жасайды.Барлық тауарлар қоғамдық еңбек өнімдері, сондықтан олардың өзіндік құны бар нақты ақшалар ( алтын жәнекүміс) өлшей алады. Тауар құнының ақшамен бейнеленуі оның бағасы деп аталады. Баға тауарды өндіруге және сатуға қажетті қоғамдық еңбек шығынымен анықталады. Әр бір елде ақшаның өлшемі ретінде қабылданған және тауарлар бағасын өлшеуге қызмет ететін металдың (алтын ) баға белгілеу процесіндегі ақша бірлігіне бекітілетін салмақты саны баға масштабы деп аталады.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
I. Ақшаның қажеттілігі, мәні және қызметтері.

Ақша дегенгіміз- құнның жалпыға балама
формасының даму нетижесінде барлық тауарларға тікелей айырбасталатын
тауарлар әлемінің ерекше бір тауар ақша тауары қалыптасты. Ол тауар рөлін
бағалы металдар: алтын және күміс атқарды. Сонымен ақша – бұл құнның
өлшейтін жалпыға балама айрықша тауар. Ақшаның объективті қажеттігі тауар
өндірісі және ақша айналысының болуына сәйкес қалыптасты. Ақша бұл – тауар
айналысының құралы және оның ізбасары. Тауар мен ақша бірінен бөлінбейді.
Себебі: ақша айналысынсыз тауар айналысының болуы мүмкін емес. Ақшаның
экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынандай 3 қасиетінің бір
тұтастығымен байқалады:
1. Жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
2. Айырбас құнының дербес формасы ;
3. Еңбек өлшемінің заттай формасы;
Жалпыға тікелей айырбасталу формасы – оның кез-келген материалдық бағалы
затқа айырбасталуын сипаттайды.
Айырбас құнының дербес формасы - тауарды сатумен байланыссыз.
Еңбек өлшемінің заттай формасы – тауар өндіругежұмсалған еңбектің ақша
көмегімен өлшеуге болатынын құнын сипаттайды.
Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы
орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы прцессінен туындайтын тауар
өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық
мазмұнының ббелгілі бір жақтарын сипаттайды.
Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:
1. құн өлшемі және баға масштабы
2. айналыс ( айырбас) құралы
3. төлем құралы
4. қорлану және қор жинау құралы
5. дүниежүзілік ақша.
1. Ақшаның құн өлшемі қызметі . Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық
тауарлардың құнын өлшейді. Ақша құн өлшемі ретінде: мөлшері жағынан
аттас, сапасы жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын бейнелеу үшін
тауарлар дүниесіне материал беру қызметін атқарады. Бірақта тауарларды
өзара өлшейтін ақша емес, тауар өндірісіне кеткен қоғамдық қажетті еңбек
олардың бірінің біріне өлшеуіне жағдай жасайды.Барлық тауарлар қоғамдық
еңбек өнімдері, сондықтан олардың өзіндік құны бар нақты ақшалар ( алтын
жәнекүміс) өлшей алады. Тауар құнының ақшамен бейнеленуі оның бағасы деп
аталады. Баға тауарды өндіруге және сатуға қажетті қоғамдық еңбек шығынымен
анықталады. Әр бір елде ақшаның өлшемі ретінде қабылданған және тауарлар
бағасын өлшеуге қызмет ететін металдың (алтын ) баға белгілеу процесіндегі
ақша бірлігіне бекітілетін салмақты саны баға масштабы деп аталады.
Ақшаның құн өлшемі қызметі мен баға масштабы арасында өзара айырмашылық
бар. Құн өлшемі – бұл мемлекетке тәуелсіз ақшаның экономикалық қызметін
сипаттайды. Баға масштабы – бұл мемлекетке тәуелді, бірақ тауардың құнын
көрсету үшін емес, тек оның бағасын бейнелеуүшін қызмет етеді. Баға
масштабы нарық заңына, яғни сұраныс пен ұсынысқа байланысты белгіленеді.
Бүгінгі таңда тауарлар алтынға айырбасталмайды және олардың бағасы алтынмен
бейнеленбейді. Ақшаның бұл қызметін алтынның орнында жүретін оның құндық
өкілдері немесе қағаз және несиелік ақша белгілері атқарады. Мұндай
ақшалардың меншікті құны болмағандықтан оларды толық бағалы емес ақшалар
деп атайды.
2. Айналыс ( айырбас) құралы қызметі. Айналыс құралы қызметінде ақша тауар
айналысы процесінде делдалдық рөл атқарады. Тауар айналысы мынандай
процестерді қамтиды : тауар сату, яғни оның ақшаға айналуы және тауарды
сатып алу ,яғни тауардың айналуы. Бұл процесті арнайы формуламен мынандай
түрде бөлігу болады:
Т ( тауар) – А (ақша) – Т ( тауар)
Ақша айналысының тауар айналысының айырмашылығы ақша тауарларды біртіндеп
айналыстаншығара отырып, өзі айналыста үнемі қалып отырады. Ақшаның айналыс
құралы қызметін ерекшелігі , біріншіден, бұл қызметті толық бағалы емес
құның белгілері: қағаз және несиелік ақшалар атқарады, екіншіден , нақты
қолма – қолсыз ақшалар атқарады. Айналысқа қажетті сатылатын тауарлар
массасы негізінде анықталады. Ал егер айналыстағы ақша массасы тауар
массасынан артық болса, онда ақшаның құнсыздануына инфляцияға жол береді.
3.Ақшаның төлем құралы қызметі . Ақша төлем құралы ретінде мынандай ерекше
бір қозғалыс формасына ие : Т ( тауар) – М ( міндеттеме) , келісілген
мерзімнен кейін М ( міндеттеме) - Т ( тауар). Ақшаның төлем құралы қызметі
мен айналыс құралы қызметтері арасында өзара айырмашылықтар бар . Ақша
айналысы құралы ретінде делдалдық рөлінде жүргізетін болса, төлем құралы
қызметінде ақша мен тауардың бір біріне қарама – қарсы қозғалысы болмайды,
яғни қарыздық міндеттеме арқылы өтеу, сату және сатып алу процесінің
аяқталғандығын білдіреді. Ақша төлем құралы ретінде тек қана тауар
айналысына қызмет етіп қоймай, сол сияқты қаржы және несие қатынастарына
қызмет етеді. Жалпы ақшалай төлемдерді мынадай түрде топтастыруға болады:
• Тауарлар және көрсетілген қызметтер бойынша міндеттемелер;
• Мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;
• Банктік несиелер, мемлекеттік және тұтыну несиелері бойынша қарыздық
міндеттемелер;
• Сақтандыру міндеттемелер;
• Әкімшілік, сот алдындағы және өзге міндеттемелер;
Ақшаның төлем құралы қызметін толық бағалы емес, яғни қағаз және несиелік
ақшалар атқарады.
4.Ақшаның қорлану және қор жинау қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама
ретінде оның иесіне тауар алуды қамтамасыз етумен қатар , байлықты қор
жинау құралы болып табылады. Сондықтан адамдар оларды жинақтауға немесе
қорлануға тырысады . Қорлану үшін ақша апйналыстан алынады, сөйтіп тауарды
сату және сатып алу қозғалысы үзіледі. Ақшаның қор жинау қызметін толық
бағалы емес ақшалар атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ . Бұл
қызметті атқару қашанан алтынға жүктелеген. Ал ақшаның қорлану қызметін
толық бағалы емес ақшалар атқарады. Тауар өндірісі жағдайында қорлану екі
формада жүзеге асады:
1. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ағымдық және жинақ (депозиттік) шоттардағы
, сол сияқты банктегі басқа шоттардағы ақшалай қаражат қалдықтары
түрінде қоғамдық қорлану формасында
2. Банктердегі халық салымдарында, облигацияларда жинақталған жеке
қорлану формасында.
5.Дүниежүзілік ақша. Сыртқы сауда байланыстары, халықаралық заемдер, сыртқы
серіктестерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалардың пайла болуына
себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар жалпыға ортақ төлем құралы, жалпыға ортақ
сатып алынатын құрал, және жалпыға ортақ қоғамдық байлықтың материалдану
құралы болып табылады. Халықаралық төлем құралы ретінде дүниежүзілік
ақшалар халықаралық байланыстардағы есеп айырысуларда қолданады. Жалпыға
ортақ қоғамдық байлықтықұрау ретінде дүниежүзілік ақшалар бір елдің екінші
бір елге займ немесе субсидиялар қызмет етеді.
II . Ақша түрлері және олардың даму эволюциясы.
Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге толық құнды ақшалар және толық құнсыз
ақшалар.
Толық құнды ақшалар – номиналдыдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен
сәйкес келетін ақшалар. Мұндай ақшаларға : мыстан, күмістен , алтыннан
жасалғандары жатады.
Толық құнсыз ақшалар - номиналды құны нақты құнынан яғни олардың
өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар. Оларға :
• Құнның м еталдық белгілері – арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ
монеталар, мысалға жез, алюминий, т.б. монеталар
• Құнның қағаздан жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері екіге
бөлінеді: қағаз ақшалар және несиелік ақшалар.
Қағаз ақшалар – нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта олар айналыста жүрген
алтын және күміс монеталарының орынбасарлары ретінде п.б.
Металл ақшаның қағаз ақшаға ауысуы себептері:
• Металл ақшаның алып жүруге қолайсыздығы
• Бағалы металл өндірудің қағаз ақша шығаруға қарағанда қымбатқа түсуі
• Металл ақшалардың мемлекеттік билік органдардың жасаған әрекетінің
нәтижесінде яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металдық
құрамын төмендету барысында бөлінуі.
• Бюджет табысын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.
Алғашқы қағаз ақшалар б.э. XII ғ. Қытайда, 1690 ж Ұлыбритан отары болған
Солтүстік Америкада , 1762ж Австралияда және 1769 ж Ресейде пайда болды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде шығарылды.
Қазіргі кезде қағаз ақшалар қазыналық билеттер түрінде он елде ( АҚШ,
Италия, Индонгезияда және т.б.) ғана сақталған . Кешегі КСРО – да 1961 ж
болған ақша реформасы негізінде қағаз ақшалар , яғни 1,3,5 рубльдік
қазыналық билеттер формасында соңғы рет айналымға шығарылып, кейіннен
Ресейдегі 1991-1992 жж және Қазақстандағы 1993 ж ақша реформасы
нәтижесінде айналымнан алынды.
Қағаз ақшалар ( қазыналық билеттер) – бюджет тапшылығын жабу мақсатында
шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгіленген
өзіндік номиналы бар құнның белгілері.Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы
және төлем құралы ретінде қызметін атқарады.
IIIНесиелік ақшалар – тауар өндірісінің дамуымен яғни тауарды сатып алу
және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге берілуімен байланысты п.б. ақшалар.
Несиелік ақшалардың шығуы банктердің несиелік операцияларымен байланысты
мұндай ақшалардың ақшаның басты мақсаты: ақша айналымы икемді ету; нағыз
ақшалардың үнемдеу; қолма – қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік
жасау.Несиелік ақшалардың түрлері: вексель, банкнота,чек.
Вексель - белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімді және
белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі
.Оның мынадай түрлері бар: жай және аудармалы.
Жай вексель (соло) – вексельді ұстаушы векселде көрсетілген сомманы белгілі
бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш
нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.
Аудармалы вексель ( тратта) – вексельде көрсетілген соманы белгілі бір
уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға ( ремитентке) төлеу туралы үшінші бір
тұлғаға ( трассатқа) вексель берушінің ( трассаттың) еш нәрсемен
негізделмеген ұсынысын ( бұйрығы) сипаттайтын вексель.
Банкнота – ағылшын сөзінен аударғанда банк билеті деген мағына береді .
Банкнота – орталық банктің айналысқа шыққан әр түрлі номиналдағы ақша
бірліктері. . Банкнота екі түрге бөлінеді: жай банкнота және классикалық
банкнота
Жай банкнота - бұл қазіргі кездегі айналысқа шығарылған Орталық банк
билеті
Классикалық банкнота – бұл банкнотаның алғашқы пайда болған формасы
ретінде алтынға еркін алмастырылатын,яғни алтынмен қамтамасыз етілген
Орталық банк билеті.
Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу
туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген
жазбаша бұйрығы.
Чектің мынандай түрлері бар: ақшалай чек, атаулы чек, ордерлі чек,
мәлімдеуші чек, есеп айырысу чегі, жол чегі, кепілдендірілген чек.
Ақшалай чек – банктен қолма- қол ақша ақша алуға арналған төлем құралы
Атаулы чек – аударға құқысыз белгілі біртұлғаның атына толтырылған атына
жазылады
Ордерлі чек - бір тұлғаның атына толтырылған , бірақ индоссамент бойынша
басқа бір тұлғаға беруге құқық береді.
Мәлімдеуші чек – чекті мәлімдеушіге ондағы көрсетілген сомасы төленеді.
Есеп айырысу чегі – заңды тұлғалар арасында қолма- қолсыз есеп
айырысуларда қолданылады.
Жол чегі - туристік сапарларға арналған төлем құралы
Кепілдендірілген чек – банктің чекте көрсетілген соманы төлеуге
кепілдендіруін сипаттайтын төлем құралы.
Электронды ақшалар – компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде
өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын
банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы
төлемдер жиынтығы.
Электронды ақшалар пластикалық карточка формасында болады. Олар 2 түрге
бөлінеді:
Дебеттік ( төлем) карточка – банкте арнайы карточкалық қаражаты бар,
клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға,
банкомат арқылы қолма – қол ақша алуға , сондай-ақ тауарлар мен қызметтер
үшін төлеуге арналған төлем құралы.
Кредиттік карточка - оның эмитенті мен карточка иесі арасындағы
келісімшартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін
төлемді жасауға, не қолма – қол ақша алуға арналған карточка.
Оларға: Eurocard , Master card, Visa, ALTYN, Maestro.

III.Ақша айналымы және ақша айналысы
Ақша айналымы – қолма- қол ақшамен қолма-қолсыз ақша белгілерінің тауар
айналымын қамтамасыз ететін ақша қызметі.
Айналысқа ақша 2 формасы эмиссияланады:
1. Қолма- қол ақша, яғни айналымдағы банкнотамен монеталар.
2.Банктік айналымындағы ақша формасы , яғни банктерде шоттарға жазылған
соммасы.
Ақшаның 2 формасының тығыз байланыста жүруі яғни бір формадан екіншісіне
алмаса алуы толық ақша массасының құрамын талап етеді.

Ақша массасы дз – жеке және заңды тұлғаларға мемлекетке тиісті және
шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының
жиынтығы.
Дүниежүзілік тәжірибеде ақша массасының құрамын ақша агрегаттары арқылы
анықталады.
М1 – айналыстағы қолма – қол ақша және банктің ағымдағы шоттардағы
қаражаттар
М2 – бұған М1 агрегаты және 4 жыл мерзімдерге дейінгі коммерциялық
банктердегі мерзімді және жинақ салымдары кіреді.
М3 – М2 агрегаты ж2не арнаулы несие мекемелердегі жинақ салымдары
М4 – М3 агрегаты және ірі коммерциялық банктердің депозиттік кіреді.
Ақша айналысы – шаруащылықтағы тауарларды өткізуге, сондай- ақ тауарлы емес
төлемдерді есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма - қол және
қолма – қолсыз ақша формаларындағы ақшалар қозғалысы.
Ақша айналысы 2 түрге бөлінеді:
1. Қолма- қол ақшалардың айналысы – нақты ақшалардың қозғалысын
білдіреді. Оларға: банкноталар, монеталар, қағаз ақшалар (қазыналық
билеттер) қызмет етеді.
2. Қолма – қолсыз ақшалардың айналысы – бұл қолма – қолсыз ақша
айналымының ақшаларының қозғалысы. Оларға: чектер, пластикалық
карточкалар, электрондық аударымдар көмегімен пайдаланудың,
клиенттердің шоттарындағы сақталған ақшалары немесе депозиттер.
Ақша айналысы заңы – тауарлар айналысы үшін қажетті ақшалардың санын
(Ата) анықтайды . Яғни

Ата= Тауарлардың бағаларының сомасы бір атты ақшалар бірлігінің
айналымының саны.
Айналысқа қажетті ақша санын мына формуламен көрсетеді:

Ақ = Стб - Нтб + Мтс - Өтс Аос
Мұнда :
Ақ – айналысқа қажетті ақша саны
Стб – сатылатын тауарлар бағасының сомасы
Нтб – несиеге сатылған тауарлар бағаларының сомасы
Мтс - міндеттемелер бойынша төлемдер сомасы
Өтс - өзара өтелетін төлемдер сомасы
Аос – айналыс және төлем құралы ретіндегі ақша айналымының орташа
саны.

4.Вексель айналысы және оның Қазақстанда дамуы
Вексель сөзі ағылшынша bill not – міндеттеме шоты дегенді білдіреді.
1.Вексель-дегеніміз белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және
белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттесмесі.
Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы.
Вексльдің түрлеріне ҚР-дағы вексель авйналысы туралы ҚЗ ьзаңына мынандай
түсініктемелер берілген:
• Жай вексель(соло) – вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы
белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы
вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын
вексель.
• Аудармалы вексель (тратта ) – вексельде көрсетілген сом аны белгілі
бір уақытта алғашқы вексельді ұст аушыға (ремитентке) төлеу туралы
үшінші бір тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш
нәрсемен негізделмеген ұсынысын (бұйрығы) сипаттайтын вексель.
Трассат тратта бойынша төлеуге келісімін бергеннен бастап, борышқор
болып табылады. Аудармалы вексель келесі бетіндегі индоссомент (басқа
біреуге аударып жазу) көмегімен айналыста жүре береді. Аудару туралы
қолдардың көбеюіне байланысты вексель айналысы ұлғая түседі және мұндағы әр
индоссант вексель бойынша міндеттемеге бірлесіп жауап береді.
Жай және аудармалы вексель – коммерциялық вексельдің түрлері ретінде
қарастырылады.
Сонымен қатар вексельді экономикалық әдебиеттерде мынандай түрлерге
бөледі: қаржылық, қазыналық, достық, бронзалық..
Қаржылық (банктік) вексель-белгілі бір ақша сомасын қарызға беруден
туындайтын қарыздық міндеттеме.
Қазыналық вексель – бюджет тапшылығы жабу мақсатында мемалекет тарпынан
шығарылатын оның міндеттемесі. Қазыналық вексел бойынша мемлекет борышқор
болып саналады.
Достық вексель – кейіннен банкте оларды есепке алу мақсатында бір-біріне
беріледі.
Бронзалық вексель- нақты қамтамасыз етілмеген қарыздық міндеттемені
білдіреді.
Вексельдің мынандай өзіне тән қасиеттері бар:
• Дерексіздік, яғни вексельде мәміленің нақты түрінің көрсетілмеуі;
• Айналымдылық, яғни басқа бір тұлғаларға аударып жазу арқылы
(индоссамент) төлем құралы ретінде вексельдің берілуі.
Қазақстанда жоғарыда аталған заң қабылданғанға дейін онан кейін де
вексель айналысы дамып келеді.
Вексель айналысы бірінші болып қолдаушылардың қатарында
Казкоммерцбанк тәжірибесін атап кетуге болады. Бұл банк 1996 жылы ҚР
Үкіметінің астық жинау бағдарламасына сәйкес өзінің 500, 1000 және 5000 АҚШ
долларындағы астық вексельдерін айналымға шығарып, оларды несие құралы
ретінде клиенттеріне берді. Сол клиенттерінің ішінде атап айтсақ, сыртқа
астық сатумен айналысатын Астық акционерлік компониясы 5000 АҚШ
долларындағы вексельді тендер бойынша жеңіп алып, оны өзінің
жабдықтаушылары арасында төлем құралы ретінде пайдаланды.
Сонымен қатар, осы банк 2003 жылы домицилиант ретінде Қазақстан
темір жолы ҰК-ның 2000,0 млн теңгеге бағаланған вексельдерін өтеді.
Мұндағы, домицилиант - вексельде көрсетілген төлемді жүзеге
асыратын, вексельде делдал ретінде қатысатын банк.
Банкнота – орталық банктің айналысқа шығарған әр түрлі номиналдағы
ақша бірліктері.
Ол вексельден және қағаз ақшалардан өзара өзара ажыратылады.
Банкноталардың вексельден мынандай айырмашылығы бар:
• Мерзімділігіне қарай, егер вексель мерзімді қарыздық міндеттеме
болса, ал банкнота- мерзімсіз қарыздық міндеттеме;
• Кепілдігіне қарай, вексельді айналысқа жеке кәсіперлер шығарады және
оның жеке кепілдігі болады, ал банкнотаны қазіргі кезде орталық банк
шығаратындықтан, оған мемлекет кепілдік береді.
Сонымен, вексель- несие және ашалай есеп айырысу құралы болып табылады.
Вексель айналысында бірнеше тұлға қатысуы мүмкін, себебі вексель төлем
құралы ретінде беріледі.
Вексельді қолдану ақша айналысының шығындарын үнемдеуге мүмкіндік
береді. Бірақ қолма – қол ақшаны вексель айналысымен ауыстырудың
шекарасы болады:
• Вексельдің пайда болуына ықпал ететін коммперциялық несие, тек
тауар айналымының бір бөлігін, әсіресе көтерме сауданы ғана
қамтиды.
• Вексельдік міндеттемелер талаптарын өзара есепке алу бойынша сальдо
қолма-қол ақшамен төленеді;
• Борыштық міндеттеме ретіндегі вексельдер тек төлем қабілеті бар
субъектілер арасында ғана шектеулі айналыс сферасына ие болады;
• Вексельдер айналымы олпрдың белгіленген мерзімі арқылы шектеулі
болады.

5.Ақша жүйесі: түрлері және элементтері

Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша айналысын
ұйымдастыру ақша жүйесі болып табылады. Әрбір мемлекеттің өзінің ұлттыұ
ақша жүйесі болады.
ҚР-ның ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы Қазақстан республикасы
Ұлттық Банк туралы Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар
Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысын ұйымдастыру негізін
және формаларын белгілейді, онда ресми ақша бірлігі, апқша белгілерінің
эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртібі, ақша айналысын
ұйымдастыру, және реттеу тәртіптері қамтылады.
Ақша жүйесі дегеніміз- бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық
заңдылықтармен екітілген ақша айналысын ұйымдастыру формасы.
Ақша жүйесінің өзіне тән типтері және элементтері бар:

Ақша жүйесі келесі элементтерден тұрады:
Ақша бірлігінің атауы. ҚР-ның ақша бірлігі ретінде 100 тиыннан
құралған 1 теңге болып табылады.
Ақша бірлігі дегеніміз – барлық тауарлардың бағаларын бейнелеуге
қызмет ететін заңды түрде бекітілген ақша белгісі.
Ақша бірлігі ұсақ бөлшектерге бөлінеді. Көптеген елдерде 1:10:100,
яғни ондық бөлу жүйесі бекітілген. Мысалы, АҚШ-тың 1 доллары 100 центке
тең, ағылшынның 1 функ стерлинг – 100 пенсаға тең, Ресейдің 1 рублі – 100
копеекке, Қазақстанның 1 теңгесі – 100 тиынға және т.с.с.
Ақша белгілерінің түрлері. Егер 1991ж. 1 қаңтарына дейін айналыста
қазыналық билеттер болса, онда қазіргі кезде ҚР ақша белгілері болып
олардың өсу құны бойынша төлемнің барлық түрлеріне қабылданатын банкноттар
мен монеталардан құралады. Олар Ұлттық банктің міндеттемесі болып табылады
және барлық авктивтермен қамтамасыз етіледі.
Ақша белгілерінің түрлеріне төлем құралы болып табылатын: несиелік
және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) жатады. Мысалыға, АҚШ-та айналыста:
100,50,20,10,5,2 және 1 долларлық банк билеттері; 100 долларлық қазыналық
билеттер; 1 долларлық, 50,20,10,1 центтік күміс-мыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақшаның қызметі және қажеттілігі
Қоғамдық шаруашылық және оның формалары
Ақша - жалпыға ортақ тауардың эквиваленті
Ақша айналысының жалпы сипаттамасы
Ақша айналымының құрылысы
Ақша несие банк
АҚША АЙНАЛЫМЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ
Ақша жүйесі туралы
Ақша теориясының дамуы және ақша жүйесi
Ақша түрлері және оның қызметтері
Пәндер