Delphi жобалары



1. Кіріспе.
2. Delphi.да жобалар құру, жобаның негізгі файлдары.
3. Жаңа жобаны құру және оны сақтау.
3.1. Жоба каталогтарын ұйымдастыру.
3.2. Жаңа жобаның құрылуы.
3.3. Жобаны сақтау және оның қайта ашылуы.
4. Жобаның менеджері.
5. To.Do List тізімінің жоспарлау жұмыстары.
6. Жобаны аяқтау.
7. Қорытынды.
8. Пайдаланған әдебиеттер.
Программалау іскерлігін үйрену барысында, яғни Delphi ортасында жұмыс істегенде, қандай негізгі файлдардың құралатынын білген жөн. Олардың бірнешеуімен танысуы, орындау кезінде тиімді әдістерді пайдалануға және қиын жағдайлардан шығуға көмектесуі мүмкін. Сонымен қатар, жобалау кезінде жоба катологтарының ұйымдастырылуын, жобаның құрылуы мен оның сақтау әдістері мен маңыздылығымен таныса кеткен дұрыс. Delphi жобаларында қандай да бір ақпаратпен алмасатын сервер мен клиент жобасы, немесе DLL кітапханасын құратын және пайдаланатын жоба болады. Ол жобаны басқаруда Project Manager (жоба менеджері) елеулі көмек көрсетеді. Есептердің бағдарлауын, кезекпен және уақытылы орындалуын қадағалайтын To-Do List тізімі болады. Оның жүргізілуі, жұмысты жоспарлауды жеңілдетеді. Осы Delphi жобаларының мүмкіндіктері жайлы толығырақ тоқталып өтсем.
1. А.Я.Архангельский−Приемы программирование Delphi. Версии-7.
2. А.Я.Архангельский− Приемы программирование Delphi. Версии 5-7.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Қолданбалы информатика кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: DLPHI жобалары.

Тексерген: Ивилказиев А.Е.
Орындаған: ИЭФ факультетінің А.Ж.
мамандығының 1 курс
студенті Байсалбаева
Н.М.

Алматы-2008ж
МАЗМҰНЫ:
1. Кіріспе.
2. Delphi-да жобалар құру, жобаның негізгі файлдары.
3. Жаңа жобаны құру және оны сақтау.
3.1. Жоба каталогтарын ұйымдастыру.
3.2. Жаңа жобаның құрылуы.
3.3. Жобаны сақтау және оның қайта ашылуы.
4. Жобаның менеджері.
5. To-Do List тізімінің жоспарлау жұмыстары.
6. Жобаны аяқтау.
7. Қорытынды.
8. Пайдаланған әдебиеттер.

Кіріспе.
Программалау іскерлігін үйрену барысында, яғни Delphi ортасында жұмыс
істегенде, қандай негізгі файлдардың құралатынын білген жөн. Олардың
бірнешеуімен танысуы, орындау кезінде тиімді әдістерді пайдалануға және
қиын жағдайлардан шығуға көмектесуі мүмкін. Сонымен қатар, жобалау кезінде
жоба катологтарының ұйымдастырылуын, жобаның құрылуы мен оның сақтау
әдістері мен маңыздылығымен таныса кеткен дұрыс. Delphi жобаларында қандай
да бір ақпаратпен алмасатын сервер мен клиент жобасы, немесе DLL
кітапханасын құратын және пайдаланатын жоба болады. Ол жобаны басқаруда
Project Manager (жоба менеджері) елеулі көмек көрсетеді. Есептердің
бағдарлауын, кезекпен және уақытылы орындалуын қадағалайтын To-Do List
тізімі болады. Оның жүргізілуі, жұмысты жоспарлауды жеңілдетеді. Осы Delphi
жобаларының мүмкіндіктері жайлы толығырақ тоқталып өтсем.

2. Delphi-да жобалар құру, жобаның негізгі файлдары.
Delphi жобасы формадан, модульдерден, жобаны орнату параметрлерінен,
қорлардан және т.б. тұрады. Барлық осы ақпарат файлдарда сақталады.
Файлдардың көбісі қосымшаны құрған кезде автоматты түрде құрылады. Биттік
матрица, пиктограмма және т.б. қорлар файлдарда орналасады. Оларды басқа
қайнар көзінен немесе көптеген редактрлеу құралдары арқылы құра аласыз.
Сонымен қатар компилятор да файлдар құрады. Солардың бірнешеуімен таныса
өтсек, әр файлдың қамтитын ақпараты қиын жағдайларда көмектесуі мүмкін.
Өзіңіздің қосымшаңызды жобалаған кезде, Delphi- де келесі файлдар
құралады:

Жоба файлы (.dpr) Бұл мәтіндік файл формалар мен модульдер туралы
ақпаратты сақтау үшін қолданылады. Оның ішіне
инициализациялау және программаны жүзеге асыратын
операторлары кіреді.
Модульдер файлы Әрбір құрылған формаға, фреймаға кодтарды сақтайтын
(.pas) модульдің мәтіндік файлы болады. Кейбір кездерде
формамен ешқандай байланысы жоқ модульдерді құруға
болады. Delphi-дің модульдерінде функция мен
процедуралар сақталады.
Форма файлы (.dfm) Delphi формасындағы ақпаратты сақтау үшін
құрылған екілік немесе мәтіндік файл. Әр файл
формасына файл модулі сай келеді.
Жобаның параметр-лер Бұл файлда жоба параметрлерінің
файлы (.dfo) орнатулары(установки) орналасады.
Пакет ақпараты туралыБұл бинарлық файл, Delphi-да пакеттермен жұмыс
файл (.drf) істегенде қолданылады.
Қорлар файлы (.res) Бұл бинарлық файл, жобада қолданылатын пиктограммалар
мен басқа қорларды қамтиды
Топталған файлдар-дыңБірнеше файлдармен жұмыс істегенде құрылады.
файлы (.bpg)
Пакет файлы (.dpk) Еікілік файл пакеті (package).
Резервті көшірме Файл жобасына, формасына және модуліне сәйкесінше
файлы (.~dp, .~df, арналған резервті көшірме файлдары. Егер де жобаңызда
.~pa) бір нәрсені үмітсіз бүлдіріп қойсаңыз, осы файлдардың
кеңейтілімін өзгерте отырып, алдыңғы бүлдірілмеген
нұсқасын келтіре аласыз.
Терезе нұсқаулар Файл барлық терезелер нұсқауларын қамтиды.
файлы (.dsk)
Диаграммалар файлы Код редактрлеу терезесінің диаграмма бетінде құрылатын
(.ddp) диаграмма файлы.

Келесі файлдар компилятор арқылы құрылады:
Атқарушы файл (.exe) Қосымшаның атқарушы файлы. Ол ешнәрсе қажет
етпейтін автономды болып келетін файл. Тек DLL,OCX
және т.б. қамтитын кітапханасын, сонымен қатар
орындалу уақыттарының пакетін қолданбасаңыз.
Модульдің объектілі Бұл (.pas) модулінің компиляцияланған файлы. Ол
файлы (.dcu) соңғы атқарушы файлға компонацияланады.
Динамикалық түрде Бұл файл DLL-ды жобаласаңыз ғана құрылады.
қосылатын кітапхана
(.dll)
Пакет мазмұнының файлы Пакет тақырыбы мен оған тиесілі .dcu файлдарын
(.dcp) қамтитын екілік файл.
Компиляцияланған Delphi-дің белгілі бір ерекшелігі бар DLL
орындалу уақытының кітапханасының файлы.
пакеті (.bpl)

Delphi ортасында қолданылатын Windows-тың басқа да файлдары:

Анықтамалық файлдар Delphi қосымшасымен қолданыла алатын Windows-тың
(.hlp) стандартты анықтамалық файлдары.
Суреттер файлы немесе Бұл файлдар көбіне Windows-тың қосымшасында
графикалық файлдар интерфейсті көркемдеу үшін қолданылады.
(.wmf, .bmp, .ico)

Қосымшаның негізгі бөлігі, Object Pascal тілінде жазылатын кодты
қамтитын, жоба файлы (.dpr). Ол программаның орындалуы мен модульдердің
инициализациясын қамтамасыз етеді. Көп жағдайларда, файлға қарамай-ақ,
Delphi-дің аяқталған қосымшасын құра аласыз. Қосымшаны жасау кезінде
автоматты түрде құрылып, модифициаланады. Жоба файлына берген атау сақтаған
кезде, атқарушы файлдың атауы болады.
Төменде көрсетілген код, жобаны құра бастаған кезден оның формасын және
файлдардың атын өзгертпеген жағдайдағы түрінің көрінісі:
program Project1
uses
Forms,
Unit1 in ‘Unit1.Pas’ {Form 1};
{SR*.RES}
begin
Application.CreateForm (TForm, Form1);
Application.Run (Form1);
end.
Бұл код орындалатын екі операторды қамтиды. Біріншісі Form1 формасын
құрады, ал екіншісі қосымшаны жүзеге асырады.
Жобаға жаңа формаларды қосқандағы барлық өзгертулер (атын, форманы)
Delphi-да автоматты түрде қуатталады. Егер жобаның бастапқы файлын көру
қажет болса, View Project Source командасын орындау керек. Әдетте бұл
қажет емес.
Ескерту. Жоба файлын керексіз өзгертудің мағынасы жоқ. Ол қолданылатын
атауларға келісімсіздік пен жағымсыз жағдайлар туғызуы мүмкін.
Delphi формалары туралы ақпарат екі файлда сақталады. .dfm кеңейтілімі
бар файлында форманың сытрқы түрі, оның өлшемдері, экран бетіндегі орнын
және т.б. туралы ақпарат орналасады. .pas кеңейтілімі бар мәтіндік файлда
тиісті формадағы модуль коды сақталады. Екі файлдың да атаулары бір. Бұл
атты модульді бірінші рет сақтаған кезде бересіз.
Delphi 5-тің алдыңғы версияларында .dfm формасының файлы екілік болатын.
Оны мәтіндік түрде көру үшін, формаға тышқанның оң жақ тетігімен басып,
шыққан менюден View As Text-ті таңдау керек болатын. Сонда редактор кодында
форманың мәтіндік түрі шығады. Қажет болса оны редактрлеуге болады.
Форманың графикалық түріне қайта оралу үшін, мәтіннің үстіне тышқанның оң
жағына шертіп, View As Form командасын таңдаса болғаны.
Осы мүмкіндіктер жаңа версияларда да сақталған. Дегенмен, Delphi 5-тен
бастап, файл формасын екілік немесе мәтіндік түрде сақтау еркі қолданушының
өзіне беріліп отыр. Формаға тышқанның оң жақ тетігін басса, шыққан менюден
Text DFM индикаторын көре аласыз. Әдете ол қосулы және форма файлдары
мәтіндік түрде сақталады. Егер индикаторды қосса, форма файлдары екілік
түрде сақталатын болады.
Нақты формалармен байланыспаған модульдерді құра аласыз. Мысалы, үлкен
қосымшаларда тұрақтылар, айнымалылар, процедуралар мен функциялар кіретін
және басқа модульдерде қолданылатын модульдің бар болғаны жөн. Осындай
модуль түрлі проектілерде қолданыла алады. Жобада ешқандай формамен
байланыспаған жаңа модуль құру үшін File New Other командасын орындап,
ашылған New Items терезесінің New бетінде Unit пиктограммасын шерту керек.
Формамен байланыспаған басқа модульдермен қолданылатын типтерді сипаттау,
айнымалылар, функция мен процедура модульін құрған дұрыс. Ол пограмманың
құрылымын жақсартады; типтердің, тұрақтылар, айнымалылардың бірегей
түсінігін қамтамасыз етеді, модульдердің бір-біріне сілтемелерін кемітеді.
Соның нәтижесінде программаның сүйемделуі мен модификациясы жеңілдейді.
.exe атқарушы файлы мен пакет файлдарын айта кеткен жөн. Delphi ортасында
қолданбалы программалардың екі түрін құруға болады: автонымды орындалытын
.exe файлы және орындалу уақытының пакетін қамтитын программалар. Екінші
жағдайда атқарушы файлдың көлемі елеулі қысқарады, бірақ қолданушыға
атқарушы модульмен бірге оның пакеттерін қамтитын файлдарды да жеткізіп
тұру керек. Жөндеулер кезінде орындалу уақытының пакетін қосқан дұрыс,
өйткені атқарушы файлдардың генерарлық көлемі кішірейеді де дисктегі орынды
сақтап қалады.
Бұл мүмкіндікті қолдану үшін Project Options командасын орындап, ашылған
опции терезеде Packages бетін таңдап, Built with runtime packages
индикаторын қосыңыз. Сол беттегі Default индикаторын қоса кеткен пайдалы.
Ол келесі жобалар кезінде үнсіз кезіндегідей тұрады.
Қолданушыларға автономды орындалған модульдерді бергіңіз келсе, жобаны
аяқтарда пакеттер опциясын өшіруді ұмытып кетпеңіз.
3. Жаңа жобаны құру және оны сақтау.
3.1 Жоба каталогтарын ұйымдастыру.
Жаңа жоба құрмас бұрын, маңызды кеңестен бастайық.
Әрбір жаңа жоба үшін ішкі каталог құруды әдеттке алған жөн. Жобалармен
жұмыс жасауға өте ыңғайлы құрылым болып келеді.
Бұл кеңес, егерде бір каталогқа бірнеше жобаларды салатын болсаңыз, кейін
өзіңіз де қай файлдың қай жобаға арналғанын таба алмай қалатын жағдайдан
құтылу үшін қолайлы. Жобалардың түрлі каталогтарда орналасуы келешекте
көптеген жайсыздықтардан құтқарады.
Бір жобаның бірнеше нұсқасы пайда болса, әдетте солай болады, әр нұсқа
үшін ішкі каталогты құрған тиімдірек, ол күрделі жобалардың құрылымын әлде
қайда жеңілдетеді.
3.2 Жаңа жобаның құрылуы.
Жобаны бастаудың бірнеше түрі бар. Біреуісін жоғарыда қарастырып өттік:
File New Application Delphi 5 пен 4 үшін. Тағы да бір тәсіл File New
Other бұл Delphi 7 мен 6-да немесе сәйкес қызметтік перне арқылы. Осы
команданы таңдаған кезде New Items терезесі ашылады. Бұл терезе Депозитарий
объектілерінің (Object Repository) көрмесі болып келеді. Ол- жоба
компоненттерінің, форма, фрейма мен проектілердің үлгілер қоймасы. Сонымен
қатар өзіңіздің ойлап құрастырған форма, компонент, жобаңызды Дезитерийға
қоса аласыз.

Жаңа жоба құрастыру Application (приложение) пиктограммасын шерту
арқылы жүзеге асады. Application пиктограммасы әдеттегі қосымшаны бос
формамен шығарады. Project бетінде орналасқан пиктограммалар мен қосымшаның
басқа түрлерін де пайдалана аласыз.

Депозитарий объектілеріне сипаттама алу үшін, терезеге тышқан тетігінің
оң жағын басып, шыққан мәзірден View Details (толықтырулар) таңдау керек.
Форма бейнесі өзгереді, сол кезде ұсынылған нұсқалардың қысқа анықтамасы
беріледі.
Осы бетте таңдалатын жобалар бос формаларды қамтымайды. Мысалы, жоғарыда
көрсетілген суреттен Win2000Logo Application пиктограммасын таңдап, төменде
көрсетілген қосымшаның формасын аласыз. Бұл мәтіндік редактор деуге
болатын. Оның көмегімен қалауыңызша мәтінді өңдей, жаңа функцияларды
енгізе, жазбаларды түрлі тілдерге аударып жазуға болады.

MDI Application пиктограммасы көп терезелі редактрлеу терезесін ұсынады.
Онда MDI қосымшасына ұқсас барлық стандартты функциялар орындалады.
Application Wizard пиктограмасын таңдап, Delphi ортасының шеберлерінің
бірінің (Wizard) қамқорына түсесіз. Ол арқылы бірнеше диалогтық
терезелердің сұрақтарына жауап бере отырып, меню мәзірін, құрал-саймандар
панелін, диалогтармен құралатын қосымша орната аласыз. Қажетті мәзірлерді
көрсетіп, диалогта ашылатын файл шаблондарын беріп, құрал-саймандар панелін
өз қалауыңызша ұйымдастыруға болады. Нәтижесінде қосымша шеберімен
генерацияланған форма алынады.
Мұның барлығы әрине жақсы. Дегенмен, бұл мүмкіндікпен құмарланбаған жөн.
Өйткені Application Wizard шеберімен құралған қосымша− ескірген
технологиясымен орындалған Delphi 3 версиясын еске алады. Онда іс-әрекеттің
диспетчері жоқ, стандартты оқиғалар мен ApplicationEvents компонентімен
қосымша оқиғасының өңделуі қолданылмайды.
Басқа Депозитарийдағы дайын қосымшалар заманға сай болып келеді. Бұл
Delphi шеберлерінің Delphi версиясына байланысты деген сөз емес. Бос емес
қосымша эскиздері мен формаларды пайдалану, жұмыс барасында ескерілмей
кеткен жеке қасиеттер қосымшаның жүзеге асатындығына күмән келтіреді.
Сонымен бірге қосымша стандартты, өзінің даралығынан айырылған болады.
Delphi-ді меңгерген соң, қосымшаларды өз бетінше бос формадан жасаған
дұрыс. Депозитарийда көрсетілген жобаларды қарастырып, құрастырған
қосымшаға кейбір мысалдарды алуға болады.
3.3 Жобаны сақтау және оның қайта ашылуы.
Жаңа жобаны құрастырар алдында бос форманы сақтап, және қосымшамен жұмыс
жасау барысында осы амалды жиірек қайталап отырған жөн. Бұл іс-әрекет
компьютердің және Delphi-дің кенет істен шыққан жайсыздықтан сақтандырады.
Тағы да жобаның және модульдердің дереу сақтау аргументі бар. Көп терезелі
қосымшада модульдерге бірден ат қоюға болады, олар модульдер арасында
сілтеме жасағанда қолданылады. Егер форманы сақтамасаңыз, біріншіден оның
үнсіздегі аттқа сілтеп, кейін сілтемелерді өзгерту керек болады.
Жобаны File Save All командасымен сақтауға болады. Сонымен бірге
қызметтік пернені қолданған ыңғайлы. Жобаны бірінші рет сақтаған кезде,
Delphi алдымен сақталатын модульдің атын, сосын жоба файлының атын сұрайды.
Айта кететін бір жайт, Delphi ортасы жобалар мен модульдердің бірдей
аталмауын қадағалайды. Сондықтан берілген атаулар бір-бірінен өзгеше болуы
керек. Сақтаған кезде де алдан ала ойластырылған атаулар берген жөн. Delphi-
дің ұсынылған Project1, Unit1 атауларымен келісуге тұрмайды. Өйткені, жоба
аты келесіде де орындалатын модульдің атауы болады. Тапсырыс берушіге
осындай Project1 деп аталатын жобаны беру де біртүрлі. Екіншіден, файл
модулінің аты модульдің өз атауымен бірдей болып қалады. Жоба ішінде жалғыз
Unit1 модулі болса, аса күмән келтірмейді. Бірақ жоба ішінде бірнеше
модульдер болса ше, қайсысы нені білдіретінін есте сақтау ыңғайсыз келеді.
Мысалы, қарапайым құрылымды жобалардың файлдары мен модульдерінің аттарын
олардың бастапқы әріптері арқылы ажыратылатындай етіп жазсса болғаны, сонда
PEditor1, UEditor1 түріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютерді ғылыми жұмыстарда қолдану
Құрылыстық конструкцияларын пайдалану
Delphi бағдарламасы туралы
Delphi бағдарламалау жүйесі
Жаңа есепті ұқсасты есепке келтіру
Айырбастау пунктіндегі ақпараттар қозғалысының бақылау жүйесін автоматтандыру
Delphi бағдарламалық ортасында «Pascal бағдарламалау тілінде файлдармен жұмыс істеу» электрондық оқу құралынжасап шығару
Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесі мен Delphi программалау ортасының бағдарламаның құру
Кирллицадан казакшаны латинцага аударатын бағдарламаның жобасы
Мәліметтер базасын пайдалана отырып автоматтандырылган жүйе құру
Пәндер