Отбасындағы қарым-қатынастың баланың жеке тұлғасына әсері
Кіріспе
1.Отбасындағы қарым.қатынастың баланың жеке тұлғасына әсері
1.2 Ажырасу: себептері мен салдары
Жас балалар арасындағы маскүнемдік пен алкоголизмнің әлеуметтік себептері
2.1.Әлеуметтік педагогтың қараусыз
қалған балалармен жұмысы
2.3 Әлеуметтік педагогтың жаман жолға салынған
балалар және жасөспірімдермен жұмыс жүргізу тәсілдері.
Проблемалы отбасын әлеуметтік қорғау шаралары
Ата.ананың бала дамуындағы тәрбиелік ролі
Әлеуметтік қызметкер.отбасымен тәрбие жұмысын жүргізетін маман
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Отбасы-некеге немесе қандық туыстыққа негізделген эмоционалдық байланыспен, өзара жауапкершілік қатынаспен біріккен тұлғалар жиынтығы.Ол қоғамның дамуында және жеке адамның өмірінде әлеуметтік құрылымның маңызды элементі болып табылады.Қазіргі жаңа қоғамдағы қарама-қайшылықтар және оның проблемалары, қиыншылықтары отбасында көрініс алады.
Отбасы-бұл күрделі әлеуметтік жүйе, ол бір жағынан әлеуметтік институтқа, ал екінші жағынан кіші топқа ұқсайды.Әлеуметтік институт ретінде отбасы қоғамды өзіндік қорғау және жаңа ұрпақ шығару қызметін атқарады.Отбасы кіші топ ретінде адамдар қоғамдастығы, онда индивидтер өзара тұлғалық қатынасқа түседі, әлеуметтік-психологиялық қажеттіліктерді қанағаттандырады, ата-аналар, жас жұбайлар, балалар, туыстар арасындағы өзара қарым-қатынасты көрсетеді.
Отбасы-қоғамның пайда болуында ең негізгі элемент болып есептеледі. Ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы баланың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау критерийі қалыптасады.
Отбасыны біртекті экономикалық кеңістігі, бір-біріне сенім артуы, өзара бір-біріне деген қамқорлық, қорғаушылық қасиеттері жеке құрылым ретінде бөліп көрсетуге болады.
Нақты өмірде адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас әр түрлі болады, әр түрлі отбасы типтері өмір сүреді.Қоғам әрқашан өзгеріп отырады, соған байланысты отбасы қарым-қатынастары, түрлері де өзгереді.
Әлеуметтік саясат, сондай-ақ отбасылық әлеуметтік жұмыстың мақсаты мен міндеттерін назарға алсақ, отбасы пайда болып, толық жойылғанға дейін отбасы өмірінде болып жататын өзгерістерге негізделген жіктеудің мәні зор. Басқаша айтсақ, сөз отбасының тіршілік айналымында (демографиялық және демографиялық емес) негізделген отбасы типологиясы жөнінде болып отыр. Отбасының тіршілік айналымы ата-аналық кезеңдерден тұрады. Алғашқы кезең-ата-ана болар алдындағы, яғни некеге тұрғаннан кейін алғашқы бала туғанға дейінгі кезең. Отбасының тіршілік айналымының келесісі-репродуктивті ата-аналық кезең, яғни бірінші бала мен соңғы баланың туу аралығында кезең. Репродуктивті ата-аналық кезең әлеуметтенген ата-аналық кезеңмен, яғни тұңғыш баланың тууы мен соңғы баланың отбасынан бөлектеніп шығуы аралығындағы кезеңмен араласады. Отбасының тіршілік айналымы арғы ата-аналық кезеңмен, яғни алғашқы немеренің тууынан арғы ата-ананың бірінің қайтыс болуы аралығындағы кезеңмен аяқталады. Сонымен, жоғарыда сипатталған кезеңдер отбасының толық айналымын көрсетеді.

1. М.Т.Баймұқанова “Отбасымен әлеуметтік –
педагогикалық жұмыс” – Астана – 2005 ж.
2.А.Н. Агафонов, Қ.Н. Меңлібаев “ Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар” – Астана 2005 ж.
3.С. Сәбиева “Жаңа адам тәрбиесі” – Алматы 1984 ж.
4.Ы. Ибадуллаев “Отбасы және жастар” – Қазақ тарихы – 2007 ж.
5. Ж.Жаназарова “Социальная работа с семьей” – Алматы –
2003 ж.
6.
1.Социальная работа:теория и технологии. А.Н.Агафонов, К.Н.Менлибаев, К.М.Туганбекова, Г.Г.Черная.,Астана-2005
2.Социальная работа: учебное пособие. Курбатов В.И., Москва-2007
3.Социальная работа с семьей: учебное пособие. Е.И.Холостова., Москва-2007
4.Социальная педагогика. Мардахаев Л.В., Москва-20003
5. Қазақ отбасы. Х.Арғынбаев., Қайнар баспасы-1996
6.Педагогика. Ж.Әбиев, С.Бабаев, А.Құдиярова., «Дарын» Әлеуметтік гумманитарлық институты-2004
7.Ғылым тарихы мен философиясы: оқу құралы.Тұрғынбаев Ә.,Кенжебаев С., Есімханов Т., Алматы-2006
8.Ежелгі дәуір әдебиеті. А.Қыраубайқызы. Оқу құралы. Алматы-2003

Отбасы-некеге немесе қандық туыстыққа негізделген эмоционалдық
байланыспен, өзара жауапкершілік қатынаспен біріккен тұлғалар жиынтығы.Ол
қоғамның дамуында және жеке адамның өмірінде әлеуметтік құрылымның маңызды
элементі болып табылады.Қазіргі жаңа қоғамдағы қарама-қайшылықтар және оның
проблемалары, қиыншылықтары отбасында көрініс алады.
Отбасы-бұл күрделі әлеуметтік жүйе, ол бір жағынан әлеуметтік
институтқа, ал екінші жағынан кіші топқа ұқсайды.Әлеуметтік институт
ретінде отбасы қоғамды өзіндік қорғау және жаңа ұрпақ шығару қызметін
атқарады.Отбасы кіші топ ретінде адамдар қоғамдастығы, онда индивидтер
өзара тұлғалық қатынасқа түседі, әлеуметтік-психологиялық қажеттіліктерді
қанағаттандырады, ата-аналар, жас жұбайлар, балалар, туыстар арасындағы
өзара қарым-қатынасты көрсетеді.
Отбасы-қоғамның пайда болуында ең негізгі элемент болып есептеледі.
Ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал,
отбасының психологиялық тынысы арқылы баланың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-
жаманды бағалау критерийі қалыптасады.
Отбасыны біртекті экономикалық кеңістігі, бір-біріне сенім артуы,
өзара бір-біріне деген қамқорлық, қорғаушылық қасиеттері жеке құрылым
ретінде бөліп көрсетуге болады.
Нақты өмірде адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас әр түрлі болады,
әр түрлі отбасы типтері өмір сүреді.Қоғам әрқашан өзгеріп отырады, соған
байланысты отбасы қарым-қатынастары, түрлері де өзгереді.
Әлеуметтік саясат, сондай-ақ отбасылық әлеуметтік жұмыстың
мақсаты мен міндеттерін назарға алсақ, отбасы пайда болып, толық жойылғанға
дейін отбасы өмірінде болып жататын өзгерістерге негізделген жіктеудің
мәні зор. Басқаша айтсақ, сөз отбасының тіршілік айналымында (демографиялық
және демографиялық емес) негізделген отбасы типологиясы жөнінде болып отыр.
Отбасының тіршілік айналымы ата-аналық кезеңдерден тұрады. Алғашқы кезең-
ата-ана болар алдындағы, яғни некеге тұрғаннан кейін алғашқы бала туғанға
дейінгі кезең. Отбасының тіршілік айналымының келесісі-репродуктивті ата-
аналық кезең, яғни бірінші бала мен соңғы баланың туу аралығында кезең.
Репродуктивті ата-аналық кезең әлеуметтенген ата-аналық кезеңмен, яғни
тұңғыш баланың тууы мен соңғы баланың отбасынан бөлектеніп шығуы
аралығындағы кезеңмен араласады. Отбасының тіршілік айналымы арғы ата-
аналық кезеңмен, яғни алғашқы немеренің тууынан арғы ата-ананың бірінің
қайтыс болуы аралығындағы кезеңмен аяқталады. Сонымен, жоғарыда сипатталған
кезеңдер отбасының толық айналымын көрсетеді. Отбасының тіршілік
айналымының кезеңдеріне негізделген отбасылық құрылымдарды жіктеу отбасы
саясатының міндеттеріне нақты әрі тиімді қарауға, отбасылық әлеуметтік
жұмыстың белгілі бір тактикасын таңдауға, отбасы проблемаларын шешуде
неғұрлым табысты көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Аталған отбасылық
құрылымдар ең маңыздылар қатарына жатады, себебі отбасының әлеуметтік
функциялырының орындалуы осылармен тығыз байланысты. Екінші жағынан
алғанда, дәл осы құрылымдарды көрсету арқылы отбасындағы дағдарыстар, оның
қоғамдағы, отбасының әрбір мүшесінің өміріндегі орны мен ролін жоғалтуы
нақтырақ көріне бастайды. Осы отбасылық құрылымдардың өзгеруі отбасының
функционалдық әрекетсіздігінің артуының нәтижесі мен көрінісі, сонымен
қатар олардың артуын күшейтетін, отбасы динамикасында жайсыз құбылыстардың
тереңдеуіне жол беретін фактор мен жағдай болып табылады.
1.Отбасындағы қарым-қатынастың баланың жеке тұлғасына әсері
Отандық зерттеуші Р.М.Капралова сипаттаған отбасы қарым-қатынастарының
негізгі типтерін қарастырып өтейік.
Бірінші тип-отбасында үйлесімді, келісімді, жоғары әлеуметтік
бағыттағы қарым-қатынас. Отбасындағы қарым-қатынас қоғамымыздың принципіне
сәйкес, тәрбиелеу саласының мақсаттары мен міндеттеріне жауап береді (жеке
тұлғаны құрметтеу, махаббат пен достық, жылылық пен өзара қамқорлық, адал
еңбек, өзара сыйластық және т.б). Баланы тәрбиелеуде қоғамдық-саяси себеп,
мақсатты бағыт, жүйелілік, нақты міндеттерді және балаға әсер етудің мәнін
түсіну бар. Отбасының барлық мүшелері бір-біріне жоғары эмпатия (бір-біріне
жаны ашу қабілеті) білдіреді.
Екінші тип- отбасында жоғары әлеуметтік бағыттағы, келісілген,
реттелген қарым-қатынас. Олар жеке тұлғаның дұрыс әлеуметтік тәжірибесін,
оның қоғамдық мәні бар бағытын қалыптастыруға қажетті жағдайдың болуымен
сипатталады. Қарым-қатынастар реттеледі, алайда кейде олардың атмосферасы
отбасының жекелеген мүшелері үшін жайсыз болады. Баланы тәрбиелеуде ата-
ананың бірінің шыдамдылығының, сыпайылылығының жетіспеушілігі екінші ата-
ананың жұмсақтылығымен теңеседі. Мұндай жағдай балалармен қарым-қатынаста,
оларға қойылатын талаптарда қайшылықты көрсетеді. Мұндай отбасында, әдетте,
келешек жоспарланған, ал күнделікті мәселелерді шешуде біршама қобалжу,
жүйесіздік байқалады, бірақ түбінде олар да жойылады.
Үшінші тип-қарым-қатынастар тұрақсыз, ал жалпы алғанда қарым-
қатынастар оң сипатта. Бұл оң және теріс отбасылық қарым-қатынастар
арасындағы отбасылардың аралық тобы шағын уақыттық келіспеушіліктерді
атайды. Бұл отбасында келіспеушілік болмаған кездерде өзара қадірлеу,
сенім білдіру, бірінші және екінші типті отбасыларына таяу атмосфера орын
алады.
Төртінші тип- отбасындағы қарым-қатынас реттелген, алайда әлеуметтік
бағыты төмен. Қарым-қатынастардың бұл типіне әрекеттер мен іс-қимылдардың
мещандық бағыты, тұтынушылық себептердің болуы, адамдарға деген қарым-
қатынас нормаларының екі түрлілігі тән (отбасы мүшелеріне қамқорлықпен,
жылылықпен қарау, ал бөтендерге суық қабақ көрсету, есеппен ғана қарау).
Мұндай отбасындағы балаларда құндылықтар бағдарының қарапайым өлшемі
қалыптасады.
Бесінші тип-сырттай қарағанда қарым-қатынастар жағымды, реттелген,
алайда отбасы мүшелерінің әлеуметтік бағыты төмен немесе қарама-қайшы
болғандықтан, ішкі жағынан қарағанда жағымсыз. Сырттай жағымды болып көріну
жұбайлардың балалар үшін отбасын сақтау керек деген келісімі мен
пікірінің әсерінен, кейде қатал тәртіп, ұрып-соғу, қорқыту арқылы қолдау
табады. Ата-аналар бала тәрбиесінен өздері алшақтайды, бір-бірімен
дауласумен, балағаттаумен бір-бірінің беделін түсіреді. Балаларға қарау,
оларды тәрбиелеуге байланысты басты қамқорлықты ана-әйел атқарады. Отбасын
сенімсіздік көңіл-күйі жайлайды.
Алтыншы тип-отбасында келіспеушілік қарым-қатынастар, әлеуметтік бағыт
төмен немесе қарама-қайшылықты . Жағымсыздық жиі болатын
келіспеушіліктерге, психологиялық үйлеспеушіліктерге, ерлі-зайыптының
бірінің, ал өте сирек жағдайда екеуінің де ішімдікке салынуына байланысты
болады. Отбасында бір-бірін сыйламау, сенімсіздік, өрескелдік, балағаттау
орын алады. Отбасындағы ауыр жағдай бала тәрбиесіне теріс әсер етеді.
Бақытсыз некеде (жұбайлардың пікірінше, болмайтын неке) олар эмоционалдық
жағынан тұрақсыз, қызба болады, бір-біріне шектен тыс сын айтқыш, бір-
бірінен басымырақ түсуге тырысады, тұйық болады, адамдарға, өз жұбайына
суық қарайды, сезікпен, сенімсіздікпен қарайды, өз сезімдерін, ойын,
жоспарларын білдіргенде, тұйықтау келеді.
Қазіргі қоғам отбасының берік болғанын қалайды, отбасында өсіп келе
жатқан ұрпақты тәрбиелеу үшін оңтайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретін
ұжымдық бастаманың болуын қалайды. Алайда екі нақты жас жұбайдың отбасы
қандай болатыны тек олардың жеке қасеттеріне, пікірлеріне, құндылықтар
бағдарына байланысты болмақ. Жас жұбайлардың шағын ұжым ретінде отбасының
даму келешегін түсінуі көп жағдайда олардың отбасы ұжымының тиісті
критерийлерін, психологиялық параметрлерін білуіне байланысты.
Қазіргі заман отбасының негізін махаббат бойынша туған неке одағы
құрайды. Мұндай отбасында бала туғанға дейін ұжымды қалыптастырудың
көптеген алғышарттары болады: қоғам мақсаттарымен сәйкес болатын бір мұрат-
мақсатты тұту, өзара көмек және өзара рухани қарым-қатынас және рухани баю,
жұбайлардың бірінің екіншісінің өндірістік және қоғамдық қызмет атқаруына
мүдделі болуы, ұжымдық бағалау ой-пікірлері; мұндайда отбасы рухани
құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа беріп қана қоймай, жұбайлық махабатты,
балалардың ата-аналардың құрметтеуі, жақсы көруі, отбасылық бірлік тәрізді
құндылықтарды өздері жасайды. Бала туғаннан кейін отбасы жағдайында бала
тәрбиелеу жөніндегі ең маңызды да жаңа азаматтық бірлескен қызмет
басталады.
Сөйтіп, отбасы- бала тәрбиелеудің әеуметтік-педагогикалық жүйесі
ретінде баланың қоршаған ортада табысты әлеуметтенуін қамтамасыз ететін
қажетті қасиеттер жиынтығын қалыптастырады.
Отбасылық тәрбие стратегиясының көптеген классафикациялары бар.
Олардың бірі Санкт-Петербургтегі Т.М.Трапезникованың кешендік зерттеулер
институтында (әлеуметтік) дамыған. Ол отбасылық тәрбиенің келесі
стратегиялырын бөліп көрсетеді:
• қатаң қадағалау, жазалау (жазғырту, талап ету, сөгіс
айту және т.б). Ата-ананың ойынша, бала ең алдымен
тәртіпті болуы керек, бұл жағдайда ата-ана мен баланың
қарым-қатынасы бастық-бағынушы стилінде;
• немқұрайдылық. Кейбір көп балалы отбасына, ата-анасы
ішімдікке салынған немесе жұбайлар отбасынан тыс
құндылықтарға көңіл аударатын, қайталама некеде тұрған
отбасына тән;
• өзара қамқоршы. Назар балаға аударылған. Бала
отбасының құндылығы ғана емес, отбасын сақтау құралы,
әйел мен еркектің түйісетін ортақ нүктесін табу құралы.
• Қарама-қайшы талаптар. Ата-ананың бірі қатал, талап
қойғыш, қадағалауды, жазалауды ұнатады; екіншісі-
жұмсақ, либералды, баланы басына шығарады. Жұбайлар
келіспеушілігі туындайды.
• Достық стиль. Бала көмек алады, оның қызықты
қабілеттері ескеріледі.
Бұл стратегиялар баланың туа біткен белгілі бір қасиеттерін басады.
Бұл қасиеттер түпкі қасиеттер болып табылады, олардың отбасылық тәрбие
стратегиялырымен әрекеттесуі салдарынан басқа қасиеттер қалыптасады. Түпкі
қасиеттер қатарына жүйке жүйесінің қасиеттері (темперамент), жалпы
зияткерлік қабілеттерінің ұшқындары жатады. Отбасылық тәрбие стратегиялары
осы қасиеттерге әсер етеді де, нәтижесінде жаңа қасиет пайда болады. Қатаң
қадағалау стратегиясының жүйке жүйесінің әр түріне (мықты немесе әлсіз
жүйкеге) әр түрлі әсер етеді, нәтижесі де әр түрлі болады. Мықты жүйке
жүйесіне қатысты алсақ, баланы үнемі басу, тыйым салу, жазалау, қатаң
қадағалау балада тек қана шабуылдаушылық қасиеттің қалыптасуына әкеп
соғады. Керісінше, әлсіз, нәзік, эмоционалдық жүйке жүйесі тән балаға
қатысты қатаң қадағалау және жазалау стратегиясы әлсіздік, сенімсіздік,
тұйықтық, адамдармен байланыс жасаудан қорқу сезімін, байланысқа түсуден
қашқақтауды қалыптастырады, әлеуметтік қорқақ адамның пайда болуына, яғни
өз мүмкіндіктеріне сенбейтін тұлғаның қалыптасуына әкеп соғады.
Немқұрайдылық стратегиясы жүйке жүйесі мықты, тұрақты балада салқындық,
немқұрайдылық, тұйықтық қасиеттерін қалыптастырады. Мұндай бала өз
құрдастарына да, мектеп педагогтарына да көптеген проблемалар жасайды.
Жүйке жүйесі әлсіз, тұрақсыз балада өзінің керексіздігін сезіну, жалғыздық
сезімі, фобиялардың дамуы, невроздар қалыптасады. Мысалы: қатаң қадағалау
мен мықты, тұрақты жүйке жүйесінің әрекеттесу салдарынан туындайтын даму
үлгісі. Бала ширақ, экстравертті, қабілеттері жоғары деңгейде. Отбасында
қатаң қадағалауда болған осындай экстраверт мектепке келді делік. Ол
мазасыз, ұшып-қонғыш, әрқашан қозғалыста. Егер мектепте осындай бала көп
болса, мектептің шаңы аспанға шығады. Мұндай екі стратегияны қолдану
мүмкін-осы ақылды экстраверттің белсенділігін көрсету тәсілін таба білу
немесе оны тыюға, шектеуге, тіпті оның белсенділігін басуға тырысу. Әрине,
бірінші стратегия қиынырақ, екіншісі оңай. Баланы басуға тырысудың
әсерінен оның шабуылдау қасиеті өрши түседі, мектепті жек көру, оқуға
қанағаттанбау, сезімі туындайды, ол өзін-өзі таныту жолдарын мектептен тыс
жерлерден іздей бастайды. Мектептен шығып қалуы мүмкін-бизнеске,
ұрлыққа, төлелерге кетуі мүмкін. Осындай экстраверттерден көшедегі топтар
лидерлері шығады. Егер балаға жеке тұрғыдан қарап, оның тетігін тапса,
одан сынып лидері, ұйымдастырушы, басшы, әлеуметтік педагогтың көмекшісі
шығады.
1.2 Ажырасу: себептері мен салдары
Ажырасу дегеніміз-некені ресми түрде бұзу. Қазіргі кезде бүкіл әлемде
ерлі-зайыптылық пен отбасы мәселелеріне баса көңіл бөлу ажырасу деңгейінің
жоғарылауына байланысты болып отыр. Өзгеріп отыратын қоғам жағдайында
біздің елімізде ажырасу деңгейіне әсер еткен себептер мынадай: әйелдердің
кәсіптік қызметке жаппай кірісуі, діннің өз күшін жоғалтуы, халықтың
білімділігінің және жалпы мәдениетінің едәуір артуы, соның нәтижесінде
некеге деген талаптың көтерілуі, ажырасуға қатысты заң нормаларының
әлсіздігі, жыныстық моральдың бұрмалануы. Ірі өнеркәсіп өндірісінің дамуы
және осыған байланысты тұрғындардың едәуір бөлігінің ауылдан қалаға қоныс
аудару процесі, сондай-ақ отбасын нуклеаризациялау туыстық жүйе мен
қоныстанушы қауымның ерлі-зайыптылардың іс-әрекеттерін әлеуметтік бақылауын
әлсіретті. Бұл тұрғыдан ерлі-зайыптылардың, әсіресе, мектеп жасына дейінгі
жастағы балалары бар отбасылардың достарымен араласу мүмкіндігі өте
шектелген.
Алайда аталған өзгерістер әр аймақта әр түрлі жүріп отыр. Мысалы,
біздің еліміздің тарихи-мәдени ерекшелігі-туыстық-достық, көршілік
байланыстардың өте тығыз болып қала беретіндігінде. Ажырасу алдындағы
жағдайдың дамуының басы ерлі-зайыптылардың (немесе олардың бірінің) қарым-
қатынасқа және жалпы некеге көңілі толмауынан басталады. Бұл жағдай бірнеше
сәттен тұрады:
✓ Ерлі-зайыптылардың (немесе олардың бірінің) ажырасутуралы шешеім
қабылдауы;
✓ Ерлі-зайыптылық қатынастарды тоқтату;
✓ Қоғамға ерлі-зайыптылық қатынастардың жайсыздығы туралы жариялау
(ажырасу жөнінде өтініш беру).
Ажырасу себептері: сотта талқылау барысында 1-ші орында мінез-құлқының
сәйкессіздігі, 2-орында-жұбайының адалсыздығы тұр. Тағы бір себеп-
ішкілікке салыну. Жиі кездесетін себептер: отбасын құруға мүдделі болмау,
жыныстық өмірге қанағаттанбаушылық, бір-біріне нашар қарау, қаржы мәселесі
бойынша келіспеушілік, қызғану, балалы болмау, аурулар. Өте сирек
кездесетін себептер: ерлі-зайыптылардың саяси немесе діни көзқарастарының
келіспеуі.
Ажырасудың тағы бір маңызды аспектісі оның салдары болып табылады.
Жалпы алғанда, ажырасу салдары жөніндегі мәселе толық зерттелмеген. Алайда
қолдағы бар мәліметтер, тәуелсіз үш тобын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:
ерлі-зайыптылар үшін, балалар үшін және қоғам үшін.
Ажырасудың ерлі-зайыптылар үшін салдарын қарстырсақ, ажырасу алдындағы
кезеңнің жарақаттаушы әсерін, ерлі-зайыптылардың жынысына байланыстиы
ажырасуға қатысты әсер етудің түрліше болуын, ажырасудың ішімділікке
салыну, психикалық ауытқу, өзін-өзі өлтіру тәрізді бірқатар қоғамдық теріс
құбылыстармен тығыз байланысын байқауға болады.
Ата-аналарының ажырасуының балаларына тигізетін әсерін талдау
ажырасудыңөзі емес, онымен сабақтасқан, ажырасу алдында немесе одан кейін
ерлі-зайыптылар арасында болатын келіспеушіліктер, сондай-ақ оның түрі мен
ұзақтығы маңызды фактор болып табылатындығын көрсетті. Одан басқа баланың
ата-анасымен қарым-қатынас жасау сипаты, баланың ата-анасының ажырасуына
дайындығы, балалардың жасы, жынысы, ажырасудан кейін балалармен бірге
қалатын ата-ананың жынысы тәрізді ерекшеліктер мен басқа да факторлар
маңызды болып табылады.
Қоғам үшін ажырасу салдары отбасының екі маңызды функциясының-
репродуктивті және тәрбиелеу функцияларының өзгеруімен байланысты.
Ажырасқан ерлі-зайыптылардың көпшілігі қайта некеге отырмайды.
Ажырасудың отбасылық тәрбиеге тигізетін әсері бірдей емес, себебі
әлеуметтік нормалар мен моральдық талаптар бұзылған. Ерлі-зайыптылардың
психологиялық келіспеушіліктері салдарынан бұзылған отбасылардың тәрбие
беру нәтижесі төмен. Мұндай жағдайда ажырасу тәрбиелеу процесін тиімдірек
етуге мүмкіндік береді.
Ажырасудың кең тарауы (әсіресе жас отбасылары арасында) жалпы санада
ажырасуға деген жаңа қатал емес көзқарасты қалыптастыра отырып, қоғамдық
теріс салдарға әкеліп соғады, бұл отбасының тұрақсыздануының қосымша шарты
болып табылады.
Бүгінде ажырасу көп. Неге ? Егде жастағылардың ажырасудағы сылтауы
жас отаудағы шикі өкпелерден бөлекше. Жас отаудың іргесінің бұзылуына ата
мен ененің де кінәсі бар деп есептеледі. Өздерінің жеке отбасы бар басқа
жақтағы туыстар екі жастың ісіне жанашырлықпен қатысып жүріп, ең соңында
жарықшақты үлкейтіп тынады. Ақырында жетілген эгоизм шарықтау шегіне жеткен
кезде жас отау бүлінеді. Сәбилер жетімекке айналады. Бәрінен де қиыны
осындай тірі жетімдердің мәселесі.
Жетімдерді көбейту мемлекетке де артық салмақ, отбасындағы ата мен
ененің жанды жарасы. Ажырасқан ері мен әйелі екі түрлі жағдайды бастан
өткереді. Біреуі мұңлы болса, екіншісі қамсыз өмірге ену. Аурушаң сәбиі мен
жас келіншегін тастап қойып та шаттыққа бөленіп жүрген санасыздар бар.
Тіпті заңды алиментін төлеуге ұяты жетпей қашып жүрген жігітсымақтар
қаншама?! Екінші жақтан, көкдолы әйелден запы болған еркек кіндіктілер де
жеткілікті.
Шаңырақты шайқалтпауға қажетті екінші қамал төркінмен байланысты.
Төркіні жақынның-төсегі жиналмас екені рас. Басты пәле-сол жақын жердегі
барып-келістен туындайды. Өзің де ақылдысын ғой. Күйеусіз де бір баланы
асырау қиын емес деп, бықсыған шаланы үздіксіз үрлейтін қайын ата мен
қайын ененің кесірі талай отауға тиіп жатыр. Қыздардың ақылы жігіттерден
кем емес екені рас.
Отбасының беріктігі-намыстан. Тексіздің ұлы мен қызы да опасыз келеді.
Жаман жүрісті әйел-бүгінде талай жігітті зарлатуда. Соның себебінен
ішкіштікке салынып жатқандар қаншама?
Ертедегі қазақтар ондай әйелді бірден талақ еткен. Атқа теріс мінгізіп
төркініне қайтарған. Қазіргі еркектерде ондай батылдық жоқ. Өзін-өзі іштей
жеп, арақтан өшін алады. Өз үйінде жастайынан бұзылған ашық етектілерге
бүгінгі ортада жол ашық. Қайдағы бір момын жігітке алдап тиіп, басын
қатырады да, өмірден ерте кетуіне себеп болады. Ондай жесірдің тапқан ұлы
өскенде ынжық болады. Қызы өзіне тартып, ізін жалғастырады. Бұзық
әйелдердің саны өсіп көбеюде. Оның артында тексіздік жатыр.
Отбасының беріктігі үшін басты қажеті-даналық. Тұтас елдің бүтіндігі
де даналықпен ұсталады. Даналық дегенің-жеті жасардан бастап
жетпістегілерге дейін ортақ қажеттілік. Онсыз өмір мәнді емес. Жаңа
заманның жастары қалай қарайды? Кеше сүйіп қосылған едік. Бүгін ұнатпай
қалдым сөзі балалықтан емес, барып тұрған қадірсіздікті көрсетеді. Ажырасу-
надандық іс.
Жас балалар арасындағы маскүнемдік пен алкоголизмнің әлеуметтік себептері
Ғасырлар бойы қалыптасқан алкоголь мен маскүнемдік салт-дәстүрлер
қазіргі кезде алкогольге үйреніп кетудегі маңызды фактор болып табылады.
Осы фактордың алкогольдік кешендегі ролін бағалай отырып, маскүнемдік салт-
дәстүрінің өмір сүруін қоғамдық психология мен әлеуметтануда іздеуге
болмайды, олардың түп негізі тұрғындардың қалың қабатының материалдық
сферасында жатыр, әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты маскүнемдік
пен алкоголизм кешенінің себебі адамға жағымсыз әсер ететін нақты –тарихи
жағдаймен түсіндіріледі.
Мұндай диспропорцияға мысал ретінде адамның шектен тыс бос уақытының
көбейіп кетуі мен ол уақытты пайдалы өткізу арасындағы сәйкеспеушілік,
әлеуметтік баспалдақ бойынша сырғу, жұмыссыздық, мемлекеттегі әлеуметтік-
экономикалық тұрақсыздық, соғыс және т.б.
Маскүнемдіктің пайда болуындағы жоғарыда аталған әлеуметтік
факторларды айту болады, яғни өмірде болатын объективті қиыншылықтар,
жетіспеушілік. Олар моральдық нормалардан психологиялық ауытқушылықты
көрсетеді, соның ішінде алкогольді пайдалануға әкеледі. Адамдардың
алкогольге деген тартушылығы өмір сүрудің кейбір түріндегі стимулдың
әлсіздігінен, өзін құрметтеу сезімін, авторитетін жоғалтуынан пайда болады.
Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда адамның ішімдікке салынуы не
салынбауы біріншіден оның өмір сүру барысындағы әлеуметтік даму деңгейіне
байланысты. Ішімдікке салынған адамдардың денсаулығында көптеген кері
әсерлерді көруге болады, ішімдікті ұзақ уақыт бойына пайдаланғаннан кейін
оларды көптеген әлеуметтік жеке қасиеттерінің күрт түсіп кеткендерін
байқауға болады. Осы ерте жаста қалыптасқан әлеуметтік жеке қасиеттер
адамдардың алкогольге деген қатынасын анықтауда негіз болып есептеледі.
Көптеген зерттеулердің нәтижесі бойынша егер де толық тәрбиенің жоқ
болуынан бойжеткендерде қоғамдық мәдениетінің төмен болуынан, уақытты қалай
өткізсем, тоқтатсам болады деген проблема туындаса, онда әлбетте олардың
жол серігі алкоголь болады, яғни осылай әлеуметтік қасиетін
қамтамасыздандырып, уақыт өткізуге көмектеседі. Әлеуметтік зерттеулер
барысында маскүнемдік пен адамдардың айналысатын жұмысы, еңбек іс-әрекеті
шарттары арасындағы қатынас белгілі болды. Яғни, жұмыскерлер арасында төмен
мамандандырылған еңбек жұмыскерлері ішімдікке көп салынатыны белгілі болды.
Қазіргі заманғы психологияның көзқарасы бойынша, баланың қалыптасуы
және психикалық дамуы негізінен 3 компаненттің ықпал етуімен тығыз
байланысты: биологиялық, әлеуметтік (адамдар өздерінің жұмыстарымен,
көзқарасымен, қарым-қатынастың іс-әрекетімен, яғни бала өмір сүретін және
қарым-қатынаста болатын идеалдар) және физикалық, ақылға байланысты (бұл
не, ол қалай жасалған және т.б білуге ұмтылысы) баланың активті іс-қимылы.
Баланың ең бірінші әлеуметтік ортасы болып отбасы есептеледі. Ол
көбінесе баланы тәрбиелеуде маңызды роль атқарады. Отбасы баланың
тәрбиесінде негізгі ережелер мен тәртіп нормаларын, қоршаған ортаға деген
қарым-қатынас стереотиптерін қалыптастырады.
Отбасының қарым-қатынасының біркелкі жақсы болмауы ең біріншіден,
балада көрініс алады. Алкоголбдік ішімдіктерді пайдаланған жас балалардың
осындай отбасыдан шығатыны бекерден емес. Осындай жас балалардың отбасында,
яғни үнемі алкогольдік ішімдікті пайдаланған, толымсыз отбасылар үлесі
қайталанатын некелер 27-50 жағдайларында көрініс алады.
Функционалды толымсыз отбасындағы жас жеткіншектердің ішімдік қолдануы
көбінесе әрқашан конфликтілер болатын психологиялық көрініске байланысты,
отбасы мүшелерінің арасындағы конфликтіге әкелетін қарым-қатынастарының
есебінен болады. Отбасындағы жағымсыз психологиялық климат балаға кері
әсерін тигізеді, яғни туған үйінен алшақтауды тудырады. Үнемі болатын
осындай психологиялық атмосфера балаларды көше кезушілікке, достарының,
топтың қарамағында болып, көшеде қаңғырып жүруіне себеп болады. Мұндай
отбасында көбінесе балалларына көңіл бөлуге де уақыт болмайды.
Көпшілігінде мұндавй отбасындағы тығыз психологиялық климат ата-
анасының ішімдікке салынуынан болады. Отбасындағы алкогольді пайдалану
характері балаға өте үлкен әсерін тигізеді. Отбасында болатын ішімдік ішу
дәстүрі баланың қадағалап, үнемі көретін және қайталау объектісі болады.
Осылай ұлдар көбінесе әкесіне ұқсағысы келеді, ал қыздардың аналарына,
сөйтіп, әкелерінің ішімдік ішіп, аналарының ішімдік ішпеуі көп жағдайда
ұлдарға ешқандай әсер етпейді. Яғни олар аналарына ұқсағысы келмейді.
Ата-аналарының алкогольді пайдалануы баланың дұрыс емес тәрбиелеу
шарты болып табылады. Бұлар: отбасындағы конфликтілер, баланың қараусыз
жүргендігі, отбасын материалдық қамсыздандырудың төмендеуі және отбасы
құрывлымының ьұзылуы және т.б.
Үнемі ішімдікті пайдаланатын отбасы көбінесе өздерінің ең басты
міндетін-баланы тәрбиелеуді атқаруға шамалары жетпейді. Әлеуметтік
жетімдік- ол әке-шешесі тірі бола тұрып, балаға қамқор болу, көңіл бөле
алмау қасиеті. Кейбір жағдайларда ата-аналар жағынан балаларды қадағалау
болады, бірақ бұл қадағалау физикалық қажеттіліктерге байланысты болады:
уақатанда жақсылап тамақтандыру, киіндіру, баланың денсаулығын қадағалау.
Ал бірақ баланың рухани дамуына, оның қызықтыратын заттарға, көңіліне
жағымды нәрселерге көңіл бөлмейді.
Ата-аналар жағынан балаға көңіл бөлмеу басқа да факторларға байланысты
болады. Толымды отбасыға қарағанда, толымсық отбасында балға көңіл бөлмеу
және баланы қадағаламау көп кездеседі. Отбасының балаға көңіл бөлмеуіне
білім деңгейі де әсерін тигізеді. Ата-ананың білім деңгейі жоғары болған
сайын, өздерінің балаларына деген көңіл бөлуі де жоғары болады. Бұл
жағдайды былай түсіндіругше болады, ата-аналардың білімінің деңгейі
отбасындағы ортақ мәдениетті, таным деңгейінің мөлшерін, қызығушылықтың әр
түрлі жақтарын анықтайды. Отбасы өмірінің материалдық жәнен тұрмыстық
шарттары жас жеткіншектердің алкогольді пайдалануына түрткі болады.
Отбасындағы материалдық және тұрмыстық шарттардың төмендеуінен, ондағы
психологиялық климат та нашарлайды, отбасы мүшелерінің арсында
түсінбеушілік пайда болады.
Отбасы тәрбиесіндегі жағымсыз шарттар жас жеткіншекетер арасындағы
қауіп төніп тұрған топтың пайда болуына әкеліп соқтырады, яғни бұл жас
ждеткіншектер өздеріне ұнайтын стиль бойынша өмір сүріп, тәртібі мүлдем
шекетен шығып. Жағымсыз қасиеттерге толы болады. Қауіп төніп тұрған жас
жеткіншектердің өмір сүру барысы алкогольді пайдалануда-маңызды элемент
болып табылады.
2.1.Әлеуметтік педагогтың қараусыз
қалған балалармен жұмысы
Жастар ортасындағы теріс мінез-құлық қалыптарының кеңінен тараған
түрлеріне қараусыздық пен қаңғыбастық жатады. Бірінші түсінік жастар
ортасындағы жасы кіші-балалар және жасөспірімдерге қолданылады, екіншісі
олардан ересектеу жастағы жастар тобына қолданылады.
Қараусыздық, қараусыз өткен балалық – кең тараған, күрделі қоғамдық
апат. Қараусыз қалғандар – педагогикалық бақылау мен қамқорлықтан шет
қалған, қоғамдық өмірлері денсаулықтарына зиянды жағдайларда өмір сүретін
жасөспірімдер. Қараусыз қалғандар деп ата-анасынан (немесе қамқоршыларынан)
және үйлерінен айырылғандарды ғана есептемеу керек. Егер ата – аналары
(немесе қамқоршылары) балаларды тамақ бермей, қатал ұстап, өзі үлгі
көрсетіп қылмыс жасауға итермелесе, мұндай ата – аналардың балалары да
қараусыз қалған болып есептеледі.
Әлеуметтік құбылыс ретіндегі қаңғыбастық жастардың өкілдерін ғана
емес, олардан да ересек адамдарды қамтиды. Ол тұлғалардың белгілі – бір
тұрағынсыз еліміздің аймағында, болмаса жергілікті жерден, қаладан тыс
жерлерде ұзақ уақыт бойы қаңғырып жүруімен сипатталады. Қаңғыбастық
қоғамдағы әлеуметтік – экономикалық әл – ауқатсыздықтың көрсеткіші болып
табылады.
Қараусыздық пен қаңғыбастық -баланың, жасөспірімнің,
жас адамның жеке драмасы емес, ол әлеуметтік апат, әлеуметтік қауіп, ол
мыналардан көрінеді:
• Алғашқы қоғамдық ырғақтан (оқу, еңбек ) үлкен адамдар тобы
қысқартылады, қоғамның еңбек және білім беру әлеуеті азаяды: себебі
қараусыз қалғандар мулдем оқымайды, “бомждардың” көпшілігінің білімі
орта және арнаулы – орта;
• Қылмыс үшін және қосымша криминалдық факторға қолайлы орта
қалыптасады: мамандардың ойынша, 85% қараусыз қалғандар мен 35%
“бомждар” суық қаруға ие, олар көптеген төбелес, ұрлық, тонау, ауыр
қылмыстардың қатысушылары;
• әлеуметтік “түпте жатқан” өкілдердің антисанитариялық жағдайларда өмір
сүруінен олар көбінеәртүрлі аурулардың құрбандары, әрі тасушылары
болып келеді: мемлекет қаңғыбастықтың санитарлық – гигиеналық
аспектілерімен айналысуға мәжбүр болып отыр.
Қараусыз қалған және “бомждарға” айналған жас адамдарға әлеуметтік
көмек көрсетуді ұйымдастырмас бұрын, қараусыздықты болдырмай, қаңғыбастықты
барынша шектеу үшін олардың пайда болуын макро және микросоциалдық деңгейде
себептерін білу өте маңызды.
Қараусыз қалу және қаңғыбастық жолына түскен көптеген жастарды
“өмірдің жиегіне” шығарып тастау, әрине, әлеуметтік қызметкер мен
әлеуметтік педагогтардың, мемлекеттік және қоғамдық институттардың (білім
беру жүйесі, құқық қорғау органдары және т.б.) кәсіби назар аударуды қажет
етеді.
Жастардың осы категорияларымен әлеуметтік жұмыс жүргізуді ұйымдастыру
және жүзеге асыру кезінде біріншіден, жеке тұлғаның әлеуметтік
байланыстарының бұзылу процесін болдырмайтын моральдық, психологиялық,
экономикалық қолдау көмектесетінін ескеру керек, мұнда кейде
десоциализацияның алдын – алу үшін көбіне экономикалық, ресурстық және
ұйымдастырушылық қолдаулар бұл байланыстардан гөрі тиімді екенін де білген
жөн; екіншіден, егер жеке тұлға өзінің әлеуметтік қауымдастығынан шығып
қалған болса, онда әлеуметтік педагог әлеуметтік – психологиялық бұзылуды
болдырмау үшін, жаңа мәртебе табу үшін де көмек көрсетуге міндетті;
үшіншіден, жеке тұлғаның өз бетімен сырттан келетін көмексіз, соның ішінде
әлеуметтік қызметтердің көмегінсіз “ әлеуметтік шұңқырдың” 36% тұрғыны
ғана шығуға болады деп есептесе, 43% ондайды ешқашан естімегенін айтқан.
Қараусыз қалған және қаңғыбас жастармен жүргізілетін әлеуметтік
жұмыстарды үш кезеңге бөлуге болады:
1. баланы қаңғыбастық жолға итермелейтін отбасындағы әл – ауқатсыздық
белгілері байқалған кезден бастап отбасымен жұмыс;
2. қараусыз қалғандар мен қаңғыбастармен жұмыс;
3.бұрынғы қараусыз қалғандармен олардың қайтадан бейімделуімен жұмыс.
Әлеуметтік қызметтердің бірінші кезеңде табысты жұмыс жүргізуі одан
кейінгі екі кезеңде жүргізетін әлеуметтік жұмыстар ауқымын азайтып, бұл
құбылыстың көлемін азайтатыны сөзсіз.
Баласының қараусыз қалуы көкейкесті мәселе болып тұрған отбасымен
жүргізетін әлеуметтік жұмысты былай бөлуге болады:
• отбасының тұрақтылығын қолдауға бағытталған;
жедел, балаға ата – анасы тарапынан қауіп төніп тұрған жағдайда.
Әлеуметтік қызметтің, әлеуметтік педагогтың жедел араласуы балаға
ата – анасы тарапынан қатыгездік көрсетудің байқалуымен байланысты оны тез
ол жерден әкету қажеттігі туғанда жасалады. Жедел араласу отбасында
туындаған төтенше және аяқ астынан болған өткір жанжал жағдайында да,
немесе әлеуметтік педагогтың отбасындағы жағдайды тұрақтандырудағы шаралары
тиімсіз болғанда да жасалуы мүмкін.
Ата –аналар мен жастар арасындағы дау – жанжал жағдайларында,
баланың үйден кетіп қалған жағдайларында әлеуметтік педагог ата – аналарға
кеңес беруінің негізгі қағидалары мыналар:
• ата – ана ең алдымен қорқыту, күш қолдану сияқты әрекеттерін тоқтатуы
керек, олар қарым – қатынасты нашарлатып, жанжалды ушықтыра түседі;
• үйде бала кез – келген уақытта келгенде қорықпайтындай жағдай туғызу
керек, әйтпесе, үйден тыс жерде еріксіз жүру қараусыздықтың болуына
әкеп соғады;
• ата – аналары баланың олардан қорықпай, өмірінде шынымен де қорқынышты
бірдеңе бола қалса міндетті түрде олардан көмек сұрай алатынын
түсіндіріп, олардың шын мәнінде көмектесетініне, сырттан көмек
іздемеуіне сендіруге күш салулары керек;
• ата –ана баласына эмоционалды байланыс қалыпты болған жағдайда ғана
көмектесе алады, ол болмаса олар осы жастағы балаға әсер етудің жалғыз
көзі – ақпарат алмасудан да айырылады;
• құрметтеу сезімін қалпына келтіру үшін және баланың өздерін сыйлауына
лайықты болу үшін, ата – ана өзінің дене және рухани денсаулығын
қалпына келтіру керек, баланың жан дүниесін жақсарту тек өзінің жаны
таза адамның ғана қолынан келеді;
• өз баласына көмектесу үшін ата – аналар оларға қазір көмектеспесе де
кейінірек міндетті түрде қол жеткізетініне сенімді болуы керек. Ол
көмектесер жолдарын іздеуі керек: егер осы уақытқа дейін таппаса, ол
жоқ немесе оны ешқашан таба алмайды деген сөз емес;
• баланың статистикалық, яғни біліміндегі болашақта өзгеруі мүмкін
кемшіліктері мен мінезіндегі ауытқуларға ата – аналарының теріс ұстамы
әлеуметтік педагогтың назарында түзету мақсатында болуы керек. Ата –
ана өз баласының кемшіліктеріне өзгеруге болатын және қабілетті
үдемелі жағдай екенін түсінуі керек.
2.3 Әлеуметтік педагогтың жаман жолға салынған
балалар және жасөспірімдермен жұмыс жүргізу тәсілдері.
Нашақорлық – жастар ортасындағы девианттық мінез – құлықтың ең қауіпті
нысандарының бірі.
Нашақорландыру – есірткілерді тарату процесі, жеке аджамдарды, адамдар
тобын психоактивті заттарды қолдануға тарту. Нашақорландыру салдары
нашақорлыққа әкеліп соғады. Дүниежүзілік денсаулықты сақтау ұйымының
анықтауынша – бұл организмге есіркіні, яғни өсімдік тектес немесе
синтетикалық заттарды бірнеше рет енгізуарқылы ауық – ауық немесе
созылмалы түрде уландыру жағдайы, ол организмнің қалыпты қызметін
өзгертеді, ал көп қолданған жағдайда оны психикалық немесе физикалық
тәуелділікке әкеп соғады. Есірткілікке тәуелділіктің белгілері:
• Ерік күшін жеңе алмай, әрі қарайғы қабылдау қажеттілігі
(тәуелділіктің дағдыланудан айырмашылығы);
• Жақсы эмоцияларды есірткісіз бастан өткізудің мүмкін еместігі;
• Абстиненттік синдром (ломка), яғни организмнің есірткі
физиологиялық тәуелділігі (барлық есірткі заттарына тән емес);
Шынайы өмірде нашақорландыру мен нашақорлық бір – бірімен
өзара байланысты және жинақтала келіп жеке адамға және бүтіндей қоғамға
үлкен зиян келтіреді.
Нашақорландырудың әлеуметтік салдары өте ауыр. Нашақорлар
қоғамдық өмірден – еңбектен, саясаттан, отбасынан және т.б алшақтайды, ол
жеке бастың дене, әлеуметтік декларациясы кесірінен болады. Есірткілерге
құлша тәуелді болу оларды аморальдық қылықтарды, қылмыстардыжасауға
итермелейді. Есірткілерді шектен тыс қабылдау өлімнің өсуіне , соматикалық
және психикалық аурулардың дамуына әкеп соғады. Нашақорлық жас ұрпаққа кері
әсер етеді: балалар күрделі дене және психикалық ауытқуларымен туады, ол өз
кезегінде отбасының айырылысып, елдің генофондына қауіп төндіреді.
Қазіргі уақыттағы нашакорландыру ұлттық қауіпсіздікке келтірілетін
қауіп ретінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz