XIV-XV ғасырдағы Қазақстан


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

А) XIV-XV ғасырдағы Қазақстан

Ә) XIV ғасырдың 50-60 жылдарынан Ақ Орданы мекендеген тайпалар

Б) Ақ Орда мен Әбілқайыр хандығының бірігуі.


XIV-XV ғасырларда
Қазақстан аумағының тұрғындарына байланысты

«қазақ» атауымен қатар деректемелерде басқа да: «өзбек», «өзбек-қазақ», «моңғолдар», «ноғайлар» ұғымдары да аталады. Бұл атаулар осы кезенде Қазақстан аумағында өмір сүрген Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы мемлекеттерінің тұрғындарына қатысты айтылады. Олар халықты емес, этносаяси қауымдастықты құрады. Тарихи-этнографиялық әдебиетте белгілі бір тарихи-этнографиялық аймақшебінде құрылған мемлекет тұрғынының этносаяси қауымдастық деп аталатынын білеміз. Қандай халық болса да, өзінің ұзаққа созылған қалыптасу жолында көбіне көп әр түрлі феодалдық мемлекеттер шеңберінде оқшауланып қалады да, басқа халықтар бөлшектерімен бірге өздерінің жекелеген құрамаларымен әр түрлі этносаяси қауымдастық құрайды. Көшпелі қоғам жағдайында мемлекеттердің шекаралары әдетте халық болып топтасып, сол мемлекеттердің шеңберінде уақытша этносаяси қауымдастық құрған рулардын, тайпалар мен өзге де этникалық бөлімшелердің көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашы-лығы кезіндегі этникалық қоныстануының өзгермелі шекараларьшен сәйкес келе бермеді. Пайда болып, жойылып кеткен мемлекеттер мен туыс тайпалардың этникалық орналасу шекараларының сәйкес келмеуі олардың этникалық жағынан жақындасуын қиындатты, өйткені саяси бөліну ежелден қалыптасқан шаруашылық, мәдени, этникалық байланыстардың сақталуы мен орнығуына кедергі жасады. Бұл жағдайдың қазақ халкы қалыптасуының соңғы кезеңінде де (XIII ғасырды айтпағанның езінде, ХІУ-ХУ ғасырларда) едәуір дәрежеде әсері болды. Ол әсіресе XV ғасырдың екінші жартысының аяғына қарай, кезінде жергілікті халықтың этникалық, мемлекеттік дамуында зор рөл атқарған мемлекеттер құлдырай бастап, қалыптасқан халықтардың барлық бөліктерінің мемлекет болып бірігуіне объективті қажеттігі пісіп-жетілген кезде ерекше айқын аңғарылды.

Қазақстан аумағында белгілі бір этносаяси қауымдастық қалыптасқан халықты түгел қамтымай, оның бір бөлігін ғана қамтығандықтан, қазақ халқының тарихы тек Ақ Ордамен және оның өзбек, өзбек-қазақ, сонан соң қазақ зтносаяси қауымдастығымен ғана байланысты емес. Қазақ халқын құраған тайпалардың бәрі Ақ Ордаға ғана кірген жоқ. Қазақтардың зтникалық тарихы Әбілқайыр хаңдығы мен оның көшпелі өзбектерінің этносаяси қауым-дастығымен де, Ноғай Ордасы мен оның этносаяси қауымдастығымен (қазақ, ноғай) де, ақырында Моғолстан мен оның этносаяси қауымдастығымен (мо ғолдар) де байланысты.

Этникалық бірлесу Моғолстанға қарағанда Ақ Ордада (және Әбілқайыр хандығьшда) жылдам жүрді. Ақ Ордадағы этникалық топтасу сырттай да, шьш мәнінде де Моғолстанға қарағанда неғұрлым айқын жүрді. Ол деректемелерде айкынырақ көрсетілген, өйткені мемлекеттердің біріншісіне - Ақ Ордаға негізінен алғанда қыпшақ одағының этникалық жағынан жақын рулары мен тайпалары негіз болса, екіншісі екі қауымдастық - қазақ (үйсін) және қырғыз кауымдастықтарының, ал кейде Шығыс Түркістанның ұйғыр халқын қоса, үш кауымдастықтың да саяси бірлестігіне негізделді. Мұның өзі бұл топтардың этникалық дамуын қиындатты. Қолда бар деректемелерде Моғолстан халкы моғолдар деп аталған, сондықтан зерттеушілер оны бірде этникалық қауымдастық, бірде тайпалар одағы, евді бірде халық деп санайды. Алайда осы атаудың артында Жетісу қазақтары да, Тянь-Шань қырғыздары да жатыр, оны моғолдардың рулық-тайпалық құрамы ғана емес, сонымен қатар Мұхаммед Хайдардың қырғыздар да моғол тайпаларына жатады деп тікелей көрсетуі дәлелдейді. Жәнібек пен Керей көшіп келгенге дейін Жетісуда казактар тұрған деп тікелей көрсетілмеуі мыналарға әкеп соқты: сол кезде казақ халқы мен қазақ мемлекеттігінің даму процесінде Ақ Орданың елеулі рөл атқарғанына күмән келтірілмейді, Моғолстан, бір жағынан, Қазақстанның орта ғасырлардағы проблемаларының тарихнамасында әлі де тиісті ор-нын алған жоқ, ал екінші жағынан, Жетісу ауданына қатынасы жөнінен қазақтар әлі де әдебиетте осы ауданға сырттан «көшіп келген» келімсектер деп саналып жүр, қалыптасқан халықты іздестіргенде оны құрған этникалық компоненттерді емес, қазақ терминінің ізінен қалмайтын дәстүрлі қате пікір осыған байланысты. Шынына келгевде, қаралған материалдың көрсеткендей, XIV-XV ғасырлардағы Қазақстан аумағындағы этносаяси тарихтың бүкіл барысы Ақ Орданың, Әбілқайыр хандығының ғана емес, сәл кейініректе қазақтардың Ұлы жүзіне келіп тірелетін тайпалар, әсіресе Жетісу ауданындағы халқының құрамдас бөлігі болған Моғолстанның да саяси, шаруашылық және әлеуметтік өмірімен байланысты еді.

Қатар дамыған Ақ Орда мен Моғолстан Шыңғысханның Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алуы нәтижесінде пайда болған қырық ру монғол ұлыстарының халық болып қалыптасқан тайпаларының саяси жағынан бөлінуін XIV ғасырдың өзінде-ақ қамтамасыз еткен еді. Олар өздерінің даму кезеңінде монғолдар жаулап алуының теріс зардаптарын жоюға жәрдемдесті, Қазақстан аумағындағы этникалық процестерді тездетті. Бірақ үш жүзде халықтың калыптасуына осы мемлекеттер ықпал жасағаны анық, Қалыптасып жатқан қазақ халқының жекелеген бөліктерінің саяси жағынан Моғолстан, Ақ Орда, Ноғай Ордасы мемлекеттеріне бөлшектеліп кетуі казақтардың этникалық тарихының барысына ықпал етті - ол калыптасқан халықтың ертедегі этникалық орталықтар аумақтарының табиғи-география-лық жағынан окдіаулануы себепті ежелден айқындалған жүздерге бөлінуін орнықтырды.

Ежелгі тарихи-этнографиялық аймақтар жерінде - Қыпшақ және Үйсін одақтарының тайпалары қоныстанған аймақта пайда болған Ақ Орда мен Моғолстан XIV-XV ғасырларда ежелгі Қазақстанның автохтондық тайпа-ларының негізгі этникалық құрамын сактап қалды. Бұл мемлекеттердің және қазақтардың ¥лы жүзі мен Орта жүзінің этникалық негізі белгілі бір этникалық аумақта ірге тепкен белгілі бір жергілікті түрік тайпалары болды, олардың төңірегіне күрделі этникалық өзара байланыстар нәтижесінде жергілікті және сырттан келген, туыс және туыстығы жоқ, тұтас және шашыраңқы, түрік және түріктенген (сіңісіп кеткен) тайпалар, рулар және олардың бөлімшелері ғасырлар бойы топтаса берген. Мұның өзі Ақ Орда мен Моғолстанның ежелгі Қазақстанның этнотарихи аймақтарының нақ жоғарыда аталған аумағында пайда болуының зандылығын, бұл феодалдық-көшпелілер мемлекеттерінің айқындаушы этникалық негізі жергілікті түрік халқы болғаңың көрсетеді.

Тайпалық бірлестіктердің этникалық ұйытқысы мейлінше тұрақтылығымен ерекшеленеді және Ақ Орда мен Моғолстан кезеңінде де өзінің ежелгі жерінде мекендеді. Мәселен, қыпшактар әрқашанда ертедегі және орта ғасырлардағы Қазақстанның оргалық бөлігіңдегі негізгі халық болып, ғасырлар бойы қалыптасқан халықты құрушы негізі болып қала берді. Олар XI-XIII ғасырлардағы қыпшақ мемлекеттік бірлестігінде ғана емес, Алтын Орданың кең-байтақ аумағында сонымен қатар XIV ғасырда Орда-Ежен мен Шайбани ұлыстарын біріктірген Ақ Ордада да сондай болды. Деректемелерде көшпелі өзбектер мемлекеті делінетін Әбілқайыр хандығының тайпалары арасында да қыпшактар аталады, ақырында, олар қазақтың Орта жүзінің едәуір бөлігі болды. Шығыстың барлық деректемелерінде орасан зор аумақтың ғасырлар бойы Қыпшақ даласы (Дешті Қыпшақ) деп аталатыны да кездейсоқ емес. Кейініректе Орта жүз құрамында аталатын тайпалардың бәрі дерлік, соның ішінде Моғолстан ханының бодандары арасында да аталатын арғындар мен керейлер Батыйдың қыпшақ әскері құрамына (оларды Махмүд ибн Уәли арғын, оғыз, найман, бұйрақ, ойрат, қарлық, қосшы, үйсін, минг, қоңырат, керей және барластар деп атаған) енгені көптеген жағдайларда қыпшақ аталатындарды нақ қыпшақ тайпасы ғана деп санамай, бұл терминді қыпшақтар бас болған тайпалар одағына, этносаяси қауымдастыққа қатысты жинақтаушы мағынасында ұғыну керек деген ойды қуаттайды.

Аталған тайпалар бірлестіктердің сан ғасырлық тұрақтылығы, біріншіден, оларды құраған бөліктердің, рулардың, тайпалардың автохтонды болғанын және екіншіден, қазақ халқының қалыптасу процесінің жалпы алғанда (агрессиялар, соғыстар, қалыптасқан байланыстардың үзілуі түріндегі сыртқы кедергілердің бәріне қарамастан) тұрақты, үздіксіз жүргенін көрсетеді.

Ақ Орданың тұрақтылығын оның негізінде ірі бөліктерінің бірі - Орта жүзде іс жүзінде қалыптасқан халықтың этникалық орнықтылығы жатқаны-мен түсіндіруге, ал ол халықтың айқындалуын Ақ Орданың өзінен-ақ көруге болады. Феодалдық иеліктердің, ұлыстардың, жаңа мемлекеттік құрылымдардың көп, тіпті олардың ең ірілері шекараларының тұрақсыз болуы халықтың этникалық қауымдастығы болмауының салдарынан емес, феодалдық мемлекеттің әлсіздігі, феодалдық талас-тартыстар, үлестік билеушілердің дербестікке ұмтылу саясаты, феодалдық, әсіресе көшпелі қоғамдағы шаруашылық байланыстарының жеткіліксіздігі салдарынан болған.

XXV ғасырдағы Шығыс Дешті Қыпшақтың - XV ғасырдың бірінші ширегіндегі көптеген ұсақ ұлыстардың және Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы, Қазақ хандығының Орта және Кіші жүздері сияқты ірілері саяси бірлестіктерінің этникалық қүрамы іс жүзінде бірдей болды. Олардың құрамына мәдени-тұрмыстық, тілі, шаруашылығы жағынан айырмашылығы жоқ деуге болатын белгілі түркі және түркіленген тайпалардың бөліктері белгілі бір мөлшерде енген. Деректемелерде екінің бірінде өзара жауласушы түрлі. Жошы ұрпақтары бодандарының арасында рулық-тайпалық тегі бір әмірлер, бектер және феодалдық-көшпелі үстем таптың басқа да өкілдері айтылады. Деректемелерде қыпшақ, найман, қоңырат, қарлұқ, үйсін (уйшин), керей, маңғыт сияқты ірі тайпалардың өкілдері мейлінше жиі аталады. Онша елеулі емес бүркіт, қият, қосшы, отаршы, жат, шымбай, кенегес, дүрман, күрлеуіт, таңғүт, ұйғыр, қытай, таймас, шабакты, шұңқарлы, ойрат, мажар және басқалар сияқты тайпалар мен рулардан шыққандар да айтылады. Бұлардың бәрі - Орта Азия мен Қазақстанның түркі халықтарына ортақ, көшпелі «өзбек» тайпаларының ең кейінгі тізімі бойынша белгілі, ХІІІ-ХІХ ғасырлардағы буырқанған оқиғалар (монғолдардың шапқыншылығы мен Жошы және Шағатай ұлыстарындағы өзара талас-тартыстар) Орта Азия-Қазақстан аймағының кең-байтақ аумағына шашыратып, араластырып жіберген түркі және түркіленген тайпалар мен рулар.

ХІV ғасырдың 50-60-жылдарынан Ақ Орданы, яғни Шығыс Дешті Қыпшақ аумағын мекендеген тайпалар қыпшақтардың орнына көбінесе өзбектер деп атала бастады. Соңғы жылдардағы тарихи әдебиетте ол кезде, XIV және XV ғасырларда өзбек атауының этноним ретінде емес, Шығыс Дешті Қыпшақтың жергілікті түркі және сіңісіп кеткен монғол тайпаларын көрсететін жиынтық, саяси атау ретінде қолданылғаны жөнінде әбден негізделген пікір анықталды. Бұл кезеңде Шығыс Дешті Қыпшақта өзбек атауының этноним болмағаны XVI ғасырдың басындағы әр оқиғадан хабары автор Рузбихан Исфахани берген түсіңдірмеден айқын көрінеді. Ол саяси бағдарымен ғана емес, этникалық дамуы оқшаулануының ежелгі дәстүрімен де бөлінген «үш халықты», үш тайпа (таифе) тобын өзбектерге жатқызған, олар: Шайбанилер, яғни көсемдері Мұхаммед Шайбаниге бағынған шығыс-қыпшақ тайпаларының бөлігі немесе олардың бөлімшелері және «қазақтардың» өздері, Жетісуды жайлаған қазақ руларынан басқа Еділден Сырдарияға дейінгі ұлан-байтақ далада көшіп жүрген, қазақ хандарының бодандарын «қазақтар» деп түсінген. «Михманнаме» авторы маңғыттарды да - Ноғай Ордасы халқының Батыс Қазақстан аумағында мекендеген және XV-XVI ғасырлар шебіңде жетекшілері қазақ хандары мен Шайбани ұрпақтарының Дешті Қыпшақтағы билік үшін күресіне араласқан бөлігін де өзбектерге жатқызған (қазақ тайпаларының бұл бөлігінің дәстүрлі атауы кейіннен ноғай ретінде ұзақ уақыт бойы сақталып қалды, ал Жәнібек хан тұсында «ноғайлар мен қазақтардың екі туыс ордасының» одақтық қатынастарының заманы, Ш. Ш. Уәлихановтың айтуынша, эпоста «алтын ғасыр» ретінде жырланған) . Зерттеушілер ноғай тайпаларының арасынан «өзбектердің» Әбілқайыр хандығына, қазақтардың Орта жүзіне ғана емес, қырғыздардың да қүрамына енген он шақты рулары атайды Олардың қатарында - найман, қыпшақ, қоңырат, қаңлы, қытай, қатаған және басқалар.

Шын мәнінде бұрын қалыптасқан жағдайды баяндағанымен, Мұхаммед

Шайбанидің саясатын білдіруші ретінде Рузбихан Исфахани дала тұрғындарын бұрынғысынша Шайбаниден тараған өзбек ханының бодандары деп ережісі келсе де, өзбек тайпаларының осы үш тобынан қазактың екі жүзіне - Орта жүзі мен Кіші жүзіне және Мұхаммед Шайбаниді қолдап, онымен бірге Мауараннахрға барған және ол жаққа өзбек атауын әкеткен тайпалар мен рулар тобына (немесе олардың бөліктеріне) бөлінген этносаяси топтар аңғарылады. Оны жақтаушылар саны көп емес еді, Мұхаммед Шайбанидің Дешті Қыпшақтағы Әбілқайыр ханның бұрынғы иеліктерінде билікті қолына ала алмағанын айтпағанның өзінде, оның Сыр өңірі қалаларын иеленуіне ұзақ уақыт бойы мүмкіндік бермеген де нақ осы жағдай болатын. Рузбихан Ис-фахани айтқан қазақтардың көшіп жүретін қоныстарының географиялық бағыт-бағдарына қарағанда, қазақтардың Үлы жүзі ол қарастырған мәліметтерден тыс қалған (Жетісу қазақтарына «өзбек» деген жиынтық термин ешқашан қолданылмаған) .

Жалпы алғанда Ақ Орда мен Әбілқайыр хандығының өзбектер деп аталған халқының этносаяси қауымдастығын түркі тілдес халықтың қалыптасқан үжен тармағы деп санауға болады. Осы тармактың қалыптасу процесінің аяқталуы барысында XIV-XV ғасырларда қыпшақ, өзбек, өзбек-қазақ, қазақ деген жиынтық этносаяси терминдердің ауысуы арқылы қазактар (қазақ) деген этникалық атау анықталып, орнықты. Әулеттер өзгеріп, олардың әрқайсысы Жошы ұрпактарының белгілі бір тектер мен тайпа көсемдері қолдаған өзіндік басқару бағытын нығайтты, бірақ шын мәнінде Ақ Орда мен Әбілқайыр ханның хандығы кезінде-ақ қалыптасқан қазақ халқының мемлекеті болған еді. Оңтүстік-Шығыс Қазақстан мен Моғолстан, Қырғызстандағы сияқты, бұл мемлекеттер де автохтондық негізде пайда болды; олардың әрқайсысы этникалық қауымдастықтың азды-көпті бөлігін қамтыды. Бұл орайда халықтың бір әулетке бодандықтан екіншісіне ауысып отыруы жиі кездесті. Бұл әсіресе көшпелі және жартылай көшпелі жағдайда оңай еді, мұның өзі халықтың іс жүзінде қалыптасқан этникалық тұтастығын қалыптастыруға кедергі жасайды. XV-XVI ғасырлар шебінде Шығыс Дешті Қыпшақтайпалары мен руларының бір бөлігінің (немесе бөліктерінің) Мауараннахрға кетуі, XVI ғасырдың орта шенінде (Астрахан және Сібір хандыктары құлағаннан кейін) жекелеген рулардың қосып алынуы, 1514 жылы Жетісудан Қашғарияға әкетілген жекелеген топтардың XVI ғасырдың 20-30-жылдарында қайтып оралуы (олардың туған жерге қайтып оралуды қатты аңсағаны жөнінде Мұхаммед Хайдар көп жазған) халықтың шағын бөлігін ғана қамтыған, ал қалыптасқан халықтың негізгі бөлігі орнында қалып, XV ғасырдың екінші жартысына қарай этносаяси тұрғыда әбден айқындалған еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XIV ҒАСЫРДАҒЫ АҚ ОРДА
Ноғай Ордасы мен Қазақ хандығы халықтарының жақын туысқандығы туралы
СОҢҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХНАМАСЫ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
Уот Тайлер басқарған шаруалар көтерілісінің басталуы
Уот Тайлер басқарған шаруалар көтерілісі
Қорқыт ата кітап
В. П. Юдин еңбектері Қазақстан тарихының деректік негіздері
Ақ Орда мемлекетінің территориясы және қоғамдық саяси құрылымы
Ақсақ Темірдің Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолостан шапқыншылығы
Қазақ хандығының құрылуы жөніндегі алғашқы деректер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz