А. Г. Серебренников мұрағаты, патшалық Ресейдің Түркістан өлкесін отарлау саясатының тарихи дерек көзі (1840-1870 жж. )


Б Е К І Т Е М І Н
БҒМ Р. Б. Сүлейменов атындағы
Шығыстану институты
директоры, т. ғ. д. , професор
Әбусейітова М. Қ.
«22» желтоқсан 2006 ж.
БҒМ Р. Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының шығыстық деректану, Шығыс халықтарының тарихы мен мәдениеті бөлімінің 2006 жылдың 22 желтоқсанында өткен мәжілісінің
№ 6 ХАТТАМАСЫ
Төрайым: Әбусейітова М. Қ. т. ғ. д., профессор.
Мәжіліс хатшысы: . Нұрманова А. Ш. т. ғ. к.
Қатысқандар: Есмағамбетов К. Л. т. ғ. д., профессор; Тоқтабаева Ш. Ж. ЖҒҚ, т. ғ. д. ; Сұңғатай С. ҒК т. ғ. к. ; Баранова Ю. Г. ҒК; Мұрат Қ. ҒҚ, ғылыми хатшы; Ибраева А. КҒҚ; Несіпбаева Ж. КҒҚ, т. ғ. к. ; Айтаев Б. С. - ізденуші.
Күн тәртібі:
1) БжҒМ Р. Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының Шығыстық деректану, Шығыс халықтарының тарихы мен мәдениеті бөлімінің ізденушісі Б. С. Айтаевтың «А. Г. Серебренников мұрағаты, патшалық Ресейдің Түркістан өлкесін отарлау саясатының тарихи дерек көзі ретінде (1840-1870 жж. ) » атты 07. 00. 09 - Тарихнама, деректану және тарихи зерттеу әдістері мамандығы бойынша дайындалған диссертациялық жұмысын тарих ғылымының кандидаты дәрежесіне ұсыну үшін талқылау.
Төрайым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбусейітова М. Қ. : Р. Б. Сүлейменов ат. Шығыстану институтының Шығыстық деректану, Шығыс халықтарының тарихы мен мәдениеті бөліміне ізденуші Б. С. Айтаевтың «А. Г. Серебренников мұрағаты, патшалық Ресейдің Түркістан өлкесін отарлау саясатының тарихи дерек көзі ретінде (1840-1870жж. ) » атты 07. 00. 09 - Тарихнама, деректану және тарихи зерттеу әдістері мамандығы бойынша дайындалған диссертациялық жұмысын тарих ғылымының кандидаты дәрежесіне ұсыну үшін талқылауға түсіп отыр. Диссертациялық тақырып 14. 04. 2004 жылы Ғылыми-үйлестіру орталығында бекітілген. Ғылыми жетекшісі - тарих ғылымдарының докторы, профессор К. Л. Есмағамбетов. Жұмыс «Отырар» университетінің әлем тарихы кафедрасында орындалған. Диссертациялық жұмыс ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау Комитетінің талаптарына толық сай келеді. Зерттеудің негізгі нәтижелері 2 халықаралық және 2 республикалық ғылыми конференцияларда баяндалып, 5 ғылыми мақалада жарияланған. Диссертациялық жұмысқа ғылыми жетекші-тарих ғылымдарының докторы, профессор К. Л. Есмағамбетовтың оң пікірі бар. Диссертациялық жұмыс рецензенттері т. ғ. д., профессор М. Қ. Әбусейітованың, Б. Б. Аязбаевтың жазбаша түрде берілген оң пікірлері бар. Ендігі сөзді жұмысы туралы баяндау үшін ізденуші Б. С. Айтаевқа береміз.
Айтаев Б. С. : Менің сіздерге ұсынып отырған тақырыбым «А. Г. Серебренников мұрағаты, патшалық Ресейдің Түркістан өлкесін отарлау саясатының тарихи дерек көзі (1840-1870 жж. ) » деп аталатын деректанулық зерттеу. Жұмыстың құрылымы кіріспеден, 3 тараудан тұрады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігіне тоқталсақ, тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстан тарихы КСРО тарихының құрамдас бір бөлігі болып, Қазақстан тарихшылары «орталықтағы» зерттеушілер негіздеген концепциялар мен қорытындыларға бас шұлғып, оларды қайталап, қоштап отыруға мәжбүр болды. Сондықтан да қазақстан тарихының деректану-мұрағаттану салалары дербес дами алмады. Ұзақ уақыт одақтық көлемдегі тарихтың бір бөлігі саналып келді. Бұл отандық тарихшыларды көптеген мәселелер бойынша «орталықтың» зерттеушілерінің қорытындылары мен тұжырымдарын қайталап отыруға, мақұлдауға мәжбүр еткізді. Бүгінде аз зерттелген немесе идеологиялық штамптың шеңберінде қалған мұрағаттарды зерттеуге зор қызығушылық туып отыр. Соның бірі ретінде ХІХ ғасырдың 40-70 жылдарындағы Қазақстан тарихының дереккөзі - А. Серебренниковтың «Түркістан өлкесі және оның жаулап алу тарихының материалдар жинағы» атты мұрағаты болып табылады.
Патшалық Ресейдің отарлау саясаты Қазақстан тарихнамасының маңызды мәселелерінің бірі екендігінде дау жоқ. Бұл мәселе бірқатар себептер мен қажеттіліктерден туындалып отыр. Атап айтқанда: Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси дамуының қажеттілігінен; обьективті түрде баян ететін жаңаша тарихнамалық-деректемелік факттердің негізіндегі деректану мен мұрағаттану ғылымының дамуының қисынынан; отандық жаңа тарихи танымды кеңейту. Еліміздің тұңғыш президенті Н. Назарбаев «мемлекетік саясатымыздың басты шарттарымыздың бірі өздігімізді тануда жатыр, қазақ тарихын ескірген идеологияның құрсауынан және автономиялық әлемге тұндырудан шығару қажет» (Тарих толқынында кітабы. - 1999. -23 б. ) деп атап көрсетті.
Тарихи мұрағатты тереңірек зерттеу мен талдау арқылы «қазақтардың Ресей бодандығына өту тарихының» обьективті көрінісін анықтауға көз жеткізуге болады. Қазақстан тарихының деректік қорын молайтуға септігі тиеді. Қазақстан Республикасымен іргелес жатқан елдер ғана емес, сондай-ақ шалғайда орналасқан мемлекеттер халқымыздың өткен тарихын білуге айырықша көңіл бөліп отырған тұста әдейі бұрмаланған мәселелерді қалпына келтіру өте қажет. Түркістан өлкесінің отар елге айналу мәселесі тек ғылыми ғана емес саяси маңыздылығы зор іс.
А. Г. Серебренниковтың: “Түркiстан өлкесiн басып алуға байланысты әскери iс- қимылдарды зерттеу және тарихын құрастыру сөзсiз маңызы зор iс‚ оның тек теориялық мәнi ғана емес‚практикалық мәнi де аса маңызды” деп жазуы мұрағаттың мән-маңызын айғақтайды. ХIХ-ғасырдың 40-70 жылдарында Ресей және Түркістан өлкесінде елеулі оқиғалар орын алды. Алайда‚ бұл өңiрдiң тағдырын түбегейлi өзгерткен бұл кезеңнiң зерттелуiнде әлi де ала-құлалық ұшырасады. Серебренников мұрағаты осы кезеңінің тарихи-деректемелік және тарихнамалық шынайы ой-пікірлерді қалыптастыруда елеулі ықпал етеді.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Серебренниковтiң баспада шыққан қоры жөнiнде алғашқы пiкiр В. Д. Городицкийдiң «Библиография Туркестана» еңбегінде айтылған. Ал‚ ғылыми ортаға алдымен таратқан В. В. Бартольд болды. В. В. Бартольд 1916 жылғы Орталық Азияға iссапарының есебiнде айтқан. Кейiннен 1920 жылы Ташкентке тағы да оралып‚ өзiнiң “Еуропа мен Ресейдегi шығыс тарихын зерттеу” деген еңбегiнде қорға аса бағалы тарихи дереккөзі ретінде баға бередi. Оның қалған томдарын да жарыққа шығару жөнiнде ұсыныс айтқан. Серебренников мұрағаты жөнiнде тиянақты пiкiр айтып баға берген Е. Н. Кушева едi. Ол “Жинақтың археографиялық талдауы қанағаттанарлықсыз болса да құрастырушылар құжаттардың мазмұны мен мәндiлiгiне қол сұқпаған‚ қысқартпаған‚ бұл әрине оның ғылыми бағасын көтередi” деп көрсетедi. Серебренниковтiң мұрағатына талдау жасап‚баға беруде Е. Н. Кушеваның зерттеуi анағұрлым дәйектi. Дегенмен‚ Е. Н. Кушева қордың баспадан жарияланған томдарына қатысты пiкiрiн бiлдiрген. Белгiлi тарихшы Е. Бекмаханов «Әскери министр А. Н. Куропаткиннiң қозғау салуымен Түркiстан өлкесiн жаулап алу тарихы деген атпен жарық көрген құжатты материалдардың 14 томдығы анағұрлым iрi жарияланым саналады” деді Н. А. Халфин. «Ресейдiң Орталық Азиядағы саясаты»атты еңбегiнде Орталық Азия елдерiнiң тарихына байланысты Серебренниковтiң мұрағаты аз зерттелген дерек көзi ретiнде атап көрсетедi. Өзбек тарихшысы Л. Р. Мирзаева «А. Серебренников мұрағаты және оның орталық азия тарихнамасында алатын орны» атты кандидаттық диссертация жұмысын жасады. Орыс-хиуа, орыс-бұхара, орыс-қоқан қатынасы және патша өкіметінің орталық Азия хандықтарын (Өзбекстан мысалында Б. А. ) басып алуға қатысты тарихи деректерді талдады. «Ресейдің жаулап алу жорықтарының басты мақсаты Орталық Азия хандықтарын басып алу болды» деп біржақты қорытындылайды.
Бірқатар тарихшылар қор деректерінің жекелеген істерін пайдаланды. (Р. Бекназаров «Юг Казахстана в составе Кокандского ханства и его присоединение к России. - А. , 1969. - 324 - с., М. С. Турсунова. Казахи Мангышлака во второй пол. ХІХ в., А: 1977-181с. , Алымбаев Ж. Историография завоевания Туркестана Россией ХІХ-ХХ вв. -Ташкент. , 2001-156с, Жолдасов Б. ХІХ ғ. ортасындағы Оңтүстік Қазақстан: ішкі және сыртқы жағдайы., монография А., 2003. -223 б А. Исмаилов., Страницы истории Южного Казахстана (1864-1917 гг. ) : А: 2003-247с., С. Мадуанов. История казахско-узбекских отношений в ХІХ-нач. ХХ в. - Туркестан., 1992-180с. , С. Мәшімбаев, Патшалық Ресейдің отарлық саясаты. -А, 1994. - 136б Бәкібаева Г. Оңтүстік Қазақстанның әлеуметтік-саяси жағдайы (ХІХ ғ. 60 жылдарына дейін) :т. ғ. к. дәрежесін алу үшін жасалған диссертация. -А:, 1998-127б., Сайфулмаликова С. Маңғыстаудағы Адай көтерілісі// қазақ тарихы журналы 2006 . №1, 60-б) . Серебренниковтің өзі қордың алғы сөзіне былай деп өте дұрыс баға берген: «оценка Сборника зависит от субъективных взглядов тех лиц, которые будут пользоваться современным материалом и тех специальных требований, с которыми эти лица будут подходить к ним».
«Серебренников 15 мұрағатты қарастырып, 8200 астам аса маңызды істерді жинақтады. Қор тарихнамалық әсіресе этнографиялық, этнологиялық, географиялық, тарихи-экономикалық және демографиялық жағынан толыққанды ғылыми тұрғыда зерттелмей отыр» дейді А. Исмаилов.
Қор материалдарының деректерін зерттеушілер Өзбекстан тарихы‚ Қазақстан тарихы‚ Қырғызстан тарихы, Түркменстан тарихы, Тәжікстан тарихы оқулықтарына енгізген. Қазақстан тарихының бес томдығының үшiншi томының тоғызыншы және оныншы тарауларында мұрағат материалдары пайдаланылған. Мұның барлығы патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлауы тақырыбын зерттеудің саяси, ғылыми-танымдық маңыздылығын көрсетеді.
Диссертацияның деректік негіздері. А. Г. Серебренниковтің «Түркістан өлкесі және оны басып алу тарихының материалдар жинағы» атты Өзбекстан мемлекетік мұрағатында сақтаулы 74 томдық №715 Қоры зерттеу жұмысының негізгі дереккөзін құрады. Қордың баспадан шыққан бірінші томы Ташкент мемлекеттік университетінің кітапханасында, 14 кітапқа жинақталған 40 шақты томы Ә. Навои атындағы Ташкент ұлттық кітапханасында, осындай бөлігі Өзбек ұлттық Академиясының кітапханасында сақтаулы. Алматыдағы орталық ғылыми кітапхананың сирек кездесетін кітаптар қорында 1915 жылы баспадан шыққан 1840-1844 жылдарға қатысты 4 томдық құжаттар жинағы сақталған. Зерттеу нысанын Ә. Науаи атындағы кітапханадағы (Иванин М. И., Григорьев В. В., Аничков И. В., Галкин М. Н., Гродеков Н. И., Городицкий В. Д, Бартольд В. В., Мушкетов И. В., Гаврилов Н., Терентьев М. А. т. б. ) және Алматы қаласындағы Орталық ғылыми кітапхананың (Абаза К. К., Юдин М., Павлов Н., Бларамберг И. Ф, Добросмыслов А, Крафт И. В., Веселовский т. б) сирек кездесетін қорында сақталған жазба деректер, Өзбекстан ұлттық ғылым академиясының кітапханасындағы ( Мирзаева Л. Р, Алымбаев Ж., Ахмеджанов Г. А, Алибаев Ж. ) және Қазақстан Республикасы ұлттық кітапханасының (Бекмаханов Е., Сайфулмаликова С. С., Зиманов С. З., Алдабергенов К. М., Оразбаева А. И., Масанов Н. Э., Дилмухамедов Е. Д., Ерофеева И. В., Мықтыбаева Ж. Қ., Бекібаева Г. Б. т. б) мен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универсиетінің кітапханасындағы (Бекназаров Р., Несипбаева К. Р., Мусабалина Г. Т., Мәшімбаев С. М., Мадуанов С., Әбенов Д. Қ., Көккев Ә. т. б) диссертациялар қорындағы қор деректерінен пайдаланылған диссертациялар мен авторефераттар және басқа да монографиялар, мақалалар мен еңбектер құрады.
Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағатындағы Орынбор шекара комиссиясы және Орынбор казактары бастығы - N 4 қор, Сібір казактары шекаралық басқармасы - N 374 қор қарастырылды. Бұл қорлардағы Ресей империясының Қоқан хандығымен Қазақстанның оңтүстігі үшін күресі және отарлау саясаты жөніндегі деректер Серебренников қорындағы деректермен салыстырмалы түрде қарастырылды. Диссертациялық жұмыста ӨРОММ № 715 қордан 61 іс қарастырылды. 1986 жылы 6 наурыздағы № 1с актімен қордан 12 іске қатысты құжаттар құпия сақтау қорға өтікізілген. Олар: №№ 28, 11, 18, 40, 29, 31, 33, 35, 38, 39-в, 51, 52.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
Серебренниковтiң мұрағатын жаңа методологиялық тұрғыдан пайымдау ерекше маңызға ие. Аса көлемдi мұрағатқа ғылыми баға беру және зерттеу iсi бiр ғылыми жұмыстың шеңберiнде орындалуы қиын шаруа. Сондықтан осы ғылыми жұмыстың жоспарына сәйкес тек кейбiр арнайы мәселелерге Қазақ тарихына қатысты деректерге тоқталып‚ алдымызға төмендегiше мiндеттердi қойдық. :
- Мұрағаттың мазмұны мен ондағы деректердің пайда болу заңдылықтарын зерттеу. Патшалық Ресейдiң басып алу қарсаңындағы Қазақстанның оңтүстігіндегі саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты деректердің әлеуметтік табиғаты мен ондағы субективтіліктің ара қатынасын талдау. Ресейдiң басып алу жорықтарға дайындығы және басып алу барысы, басып алғаннан кейiнгi әкiмшiлiк-территориялық шараларының салдарын талдау. Қазақтардың Ресеймен және көршiлес елдермен сауда-экономикалық қатынасына қатысты деректердің бейнеленуі мен ғылыми құндылығына баға беру.
- Азаттық көтерлiстердiң шығу себептері мен нәтижесіне қатысты отаршылдар мүддесі тұрғысынан бейнелеген деректердің шынтуайтылығын салыстырмалы түрде қарастыру және тарихи құндылығына көз жеткізу.
- Патша өкiметiнiң қазақтардың азаттық козғалысын басу саясатын көрсету арқылы отаршылдық саясатын әшкерелеу.
Ғылыми жаңалығы. Қор құжаттарының деректану саласы бойынша зерттелуінің өзі бірегей жаңалық болып табылады. Мұрағаттың бағалы жағы сол тарихи кұжаттардың көшірмесінде Қазақстанның XIX-ғасырдағы тарихына қатысты мол мағлұматтар жинақталған. Серебренников алғы сөзiнде көрсеткендей‚ мұрағат материалдарының жоғалып кетуiнен сақтау болды. Бұл зерттеушілердің жұмысын едеуір дәрежеде жеңілдетеді. Серебренников мұрағатындағы материалдар Ресейдің, Қапқаздың Орталық Азия мен Қазақстанның қалаларындағы мұрағаттарынан жинақталған. Қор деректерінің басым бөлігі саяси, әскери-шенеуніктердің жазбалары, шағымдары, хаттары мен мәліметтерінен құралған. Серебренниковтiң жинаған мұрағат материалдарының қызықтылығы сонда‚ ол әр-түрлi мазмұндағы әскери, тарихи‚ дипломатиялық‚ географиялық, статистикалық орасан көп материалдарды топтастырған. Осы бай құжаттар жинағы осы уақытқа дейiн аз зерттелiп отыр. Осы уақытқа дейiн Серебренников қоры патша өкiметiнiң Орталық Азия хандықтары мен Қазақстанды басып алу тарихына және орыс-орталық азия хандықтары және орыс-қазақ қатынасына қатысты көлемдi материалдар жинағы ретінде қарастырылып келген. Қордың толық көлемдегі көшірмесі басқа елдердің ешбір мұрағатында кездеспейді.
Диссертациялық жұмысты жазу барысында бұрын жарияланбаған және айналымға енбеген бірқатар қор деректері пайдаланылды. Айталық, Қазақстанның оңтүстігі мен батысы үшін Ресеймен қоқан және хиуа хандығының арасындағы шиеленісі, сонымен қатар отарлық саясатқа қарсы қазақтардың әр кезеңдердегі көтерілістері және оларды басудағы патшалық ресейдің «құйтырқы» саясаты әшкереленеді. Қор материалдарын қарастыруда бірден көзге түсетін нәрсе патша өкіметінің отаршылдық саясатының әртүрлі себептермен ақталуы мен сылтауларын байқау қиын емес. Сондықтан да құжаттарды қарастырғанда сыни көзқараста болдық.
Жұмыста ресейдің басып алу жорықтарының қарсаңындағы қазақтардың саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайы және қазақтардың Қоқан және Хиуа хандығының билігіндегі езгісі тарихи шындық тұрғысынан қарастырылды. Өйткені Ресейдің «бұратана халықтардың шаруашылығының артта қалғандығы», «көшпелі өмірдің өркениетті өмір сүруге бейімсіздігі», «феодалдық өзара қырқысулар мен барымталардың тыйылмауы әкімшілік-басқару жүйесінің тиімсіздігін көрсетеді», «феодалдық-патриархалдық жүйе сыртқы жаудан қорғануға қабілетсіз» деген т. б тұжырымдарының басып алудың сылтауларын көрсеткендей әсер қалдырады. Сонымен қатар бірқатар қазақтың сұлтандары мен билері орыстың отаршыл саясатына қарсы хиуа мен қоқандықтардың жағында бірқатары патша өкіметінің жағында қоқан мен хиуа үстемдігіне қарсы күрескенін айқындадық. Қазақтың беделді сұлтандары мен билерін ресей бодандығына өтуге үндеу үшін орыс үкіметі «пәрелеуге» арнайы қаржы бөлінген екен және оның кімге берілуі оны қалай пайдалану туралы деректер отарлаудың құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Хиуа, қоқан ықпалындағы қазақтар мен орыс боданындағы қазақтар арасындағы шиеленістердің себебі мен мәнін ашуға әрекет жасалды.
Қазақ-орыс сауда экономикалық байланыстары орыстардың отарлау мүддесі тұрғысынан көрініс тапқанына көзіміз жетті. Жаңа басқару Ережесіне сәйкес жүргізілген әкімшілік басқару жүйесіне қарсы жекелеген өңірлердегі наразылықтар және оны енгізудің барысы мен нәтижесі талданды.
Сұлтан Кенесарының көтерілісі туралы тарих ғылымында белгілі деректерді қор материалдары жан-жақты толықтырады. Кенесарының қоқандықтар және «тілалғыш» сұлтандармен туындаған қайшылықтары, сонымен қатар патша өкіметімен Хиуа ханы және Бұхара әмірімен жасасқан қатынасының тарихи мәні мен нәтижесіне назар аударылды.
Жанқожа Нұрмұхаммедов пен Есет Көтібаров бастаған азаттық көтеріліске қатысты қатысты қордағы деректерге сәйкес бұрынғы зерттелген кейбір еңбектердегі біршама сәйкесіздіктер анықталды.
Отарлаудың «прогресшілдік» сипаты жөніндегі концепцияның өмір шындығына қайшы екендігін және қор деректері көрсеткендей казактардың, орыс «жазалаушы отрядтарының» шабуылдары салдарынан құғын-сүргіннің етек алып, мал мен жанның абсалюттік санының шегерілуі, халықты жер-суынан айыруы, дәстүрлі қоғамның тоқырауға ұшырауы, бөтен халықтың лек-легімен келіп орналасуының салдарынан қазақтың демографиялық ахуалының күрделенуі, өмір сүру кеңістігінің тарылып, қазақ халқының рухани өміріне, тілі мен дініне әсері зор болғандығын дәйектедік. Деректанулық ізденіс қазақ халқының өз жері үшін күресінің орыс әкімшілігіне ғана емес, қоныс тепкен орыс шаруалары мен казактарға қарсы сипатта болғандығы, дәстүрлі қазақ қоғамына енгізіле бастаған жаңа ережені қолдаған, жаңа қоғамда шен-шекпен алып қалуға тырысқан қазақ «белсенділеріне» де қарсы болғандығы, азаттық қозғалысының экономикалық мазмұнын көрсетуге бағытталды.
Зерттеу жұмысының хронологиясы. Диссертацияның хронологиялық шеңбері А. Г. Серебренниковтің жинаған деректеріне сәйкес ХІХ ғасырдың 40-70 жылдар аралығын құрайды. Төңкеріске дейінгі және кеңес өкіметі тұсындағы сонымен қатар егемендік алғаннан кейінгі қорды қарастырған еңбектерге шолу жасалды.
Зерттеу жұмысының методологиялық және әдістемелік негіздері.
Егемендікті алғаннан кейінгі жылдарда тарихи сананың қазіргі заманға сай тұжырымдамасы жасалуда. Бұл тұжырымдама тарихи құбылыстар мен оқиғаларды, процестерді таптық көзқарас тұрғысынан түсіндіретін маркстік-лениндік методологиянының бірқатар принциптерінен бас тартқан, жалпы адамзаттық құндылықтарды, жеке адам құқығын дәріптейтін «тарих-адамның іс-әрекеті» принипін басты принцип етіп ұстанған жаңа әдістемеге негізделген.
Қорды зерттеу методологиясы обьективтілік, тарихилық, жүйелілік секілді ғылыми-таным процестеріне негізделіп қарастырылып «құжат-тарихи білімнің бірден-бір қайнар көзі. Тарихи құжаттар жоқ болса-тарих жоқ» дейді деректанушы О. М. Медушевская., М. Қ. Әбусейітова «пайдаланылған деректердің түпнұсқалығы мен нақтылығы тек терең талданып, сыни ой-елегінен өткен соң ғана дұрыс нәтиже көрсетеді» деп зерттеу әдісін көрсетеді.
Қордың отаршылдар мүддесі тұрғысынан құрастырылғандығын ескере отырып репрезантивтік талдау жасауда «дерек пен шындықтың» байланысы мәселесіне басты назар аударылды. Деректанудың теориялық-методологиялық мәселелерін шешу және нақты қолданбалық тәсілдерін пайдалану әдістері қолданылды. Нақты факті мен материалдарды зерделеу ғылыми зерттеудің талдау және жинақтау, сондай-ақ жүйелеу, салыстыру жағынан белгілі ғылыми әдістері негізінде жүргізілді. Мұрағат деректерін талдау және басқа мұрағат және тарихи деректермен салыстыру барысында тарихи шындықты дәлелдеу тәсілі қолданылды.
Қорғауға ұсынылған тұжырымдар. ХІХ ғасырдың 40-70 жылдардағы мерзімді қамтитын А. Г. Серебренников мұрағатының деректік негізінің берері мол екендігін ескере отырып мына мәселелер қорғауға ұсынылады:
- А. Г. Серебреников мұрағаты, ХІХ ғасырдың 40-70 жылдардағы қазақ-қоқан, қазақ-хиуа қатынастарының дереккөзі
- А. Г. Серебренников мұрағаты, патша өкіметінің ХІХ ғасырдың 40-70 жылдардағы қазақтардың азаттық қозғалыстарын басу саясатының дерек көзі
- А. Г. Серебренников мұрағаты, қазақ хандығының күйреуінің зерттеудің дерек көзі
- Қоқан хандығындағы қыпшақтардың саяси одағы: орнауы, дамуы және күйреуіне деректанулық, этнографиялық зерттеу
- 1869-1873 жылдардағы Торғай, Орал және Маңғыстаудағы патшалық Ресейдің отарлық саясатына қарсы қозғалыстар.
- А. Г. Серебренников мұрағаты, ХІХ ғасырдың 50-70 жылдардағы Іле өңірі үшін орыс-қытай дау-дамайының дереккөзі ретінде
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Диссертацияның қысқаша мазмұны «Қазақ тарихы», «ҚазМҰУ хабаршысы», «Ізденіс» ғылыми журналдарында бес мақала жарияланды. Халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық 4 конференцияда баяндалды. Жұмыс «Отырар» университетінің әлем тарихы кафедрасында орындалған.
Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz