Кен-металлургия жүйесі


Пән: Тау-кен ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Бүгінгі Қазақстандағы кен-металлургия жүйесіне келсек, ол екі ірі саладан тұрады - қара металлургия және түсті металлургия:

- қара металлургия темір, марганец, хром кенін, болат, шойын, прокат, ферроқұймасы, отқа төзімді өнімдер, металл сынықтарын қайта өңдеу өндірістері сияқты 12 саладан тұрады;

- түсті металлургия 26 өнеркәсіп кіретін қорғасын, мырыш, мыс, титан, бағалы және сирек металдар, глинозем, молибден концентратын, уран шикізатын өңдеу сияқты 8 саладан тұрады.

Бүгiнгi таңда елiмiздегi металлургиялық өнiмдерге деген сұраныс көлемi азайған. Сарапшылар қауымы "бәрiне кiнәлi - қаржылық дағдарыс" дейдi. Қаржы тапшылығының кесiрiнен тұралап қалған құрылыс саласы - металлургияның негiзгi тұтынушысы. Құрылыс компаниялары несие беретiн банктерге тәуелдi. Ал үздiксiз дамып келе жатқан отандық металлургия саласы қосымша қаржы көздерiн табуды талап етедi. Оның үстiне, өнiмдердi тасымалдайтын жолдардың жүйелi түрде iске қосылмауы металлургия нарығындағы кедергiлер мен қиындықтардың ушыға түсуiне әкеп соқты.

Қара металлургия саласын дамыту Қазақстанда екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн қолға алынды. Әсiресе, шойын, болат, құрыш пен өзге де металлургиялық өнiмдер көптеп өндiрiле бастады. Сондай-ақ, ферроқорытпа саласы да жүйелi түрде жолға қойылған. Үкiмет бiрнеше рет тау-кен металлургия кешенiн дамытудың тұрақты жұмыс iстеуiн және стратегиялық басымдылығын ғылыми-техникалық тұрғыда қамтамасыз ету бағдарламаларын қабылдады. Жүйелi түрде жұмыс жасауға тырысуда. Бiрақ нарық талаптары мен бәсекелестiкке төтеп беруде ақсап жатқан тұстар баршылық.

Мысалы, Қазақстандағы металлургиялық өнiмдердi қажет ететiн негiзгi тұтынушы - құрылысшылар, яғни, құрылыс саласы. Халықаралық қаржылық құрылымдардың несиелiк түрдегi көмегiнен қағылған отандық екiншi деңгейлi банктер құрылыс саласына бөлiнетiн қарыз көлемiн едәуiр қысқартқаны белгiлi. Осының салдарынан қызмет көрсету алаңы тарылған металлургтер шет мемлекеттерден серiктестер табуға мүдделi. Әсiресе, экономикасы ерекше қарқынмен дамып келе жатқан Қытай мен Ресейден. Бiрақ мұның да өз қиындықтары бар. Мысалы, темiр-терсектi сыртқа тасымалдауда қытайлар алдарына жан салмайды. Демек, аспанасты елiндегi нарық қазақтар үшiн жабық. Нарыққа қатысты бәсекелестiктен туындайтын кейбiр тартыстар да ресейлiк және украиндық нарыққа енуде кедергi жасайды. Негiзi орыстар металлургияның 96 пайызын сырттан тасиды.

Бiрақ қазақтардың өнiмiн iшкi нарыққа енгiзуге аса құлшынып отырған жоқ. Үкiметтiң "құлағына алтыннан сырға таққан" отандық өндiрiсшiлер кедендiк салық көлемiн азайтуды ескертуде.

Мамандар бәсекелестiктi қамтамасыз етумен бiрге кедендiк салықтарды ретке келтiру керек дейдi. Сонымен қатар өндiру көлемi жағынан халықаралық талаптарға сай бола тұра, қазақстандық өндiрiсшiлер өнiмдi тасымалдауда қиналады. Теңiзге шығар жол жоқ, сондықтан темiр жолмен тасиды. Бұл тауар бағасының қымбаттауына ықпал ететiнi белгiлi. Табиғи ресурстарға бай Қазақстанда кен орындарын игеруде алдарына жан салмайтын компаниялар өнiм көлемiн толыру мәселесiмен бас қатырмайтын көрiнедi. Отандық ғалымдар металлургия саласында тер төгетiн кез келген кәсiпорынның жұмысына баға беретiн және ұлттық геологиялық консорциум құруға ұсыныс жасауда. Сондай-ақ, металлургиялық кәсiпорындар жанынан ғылыми зерттеулермен шұғылданатын жаңа кәсiпорындар ашу қажет. Бұл өндiрiстiк технологияны жетiлдiруге жағдай жасайды. Ғалымдар қауымы дайындалып жатқан салық кодексi мен "Ғылым туралы" заң жобасында аталған мәселелердi қамтуды ұсынады.

Қазiрге кезде бiрқатар қазақстандық кәсiпкерлер ресейлiк нарықта еңбек етуде. Жақын күндерi Қазақстаннан орыстардың да металлургиялық кәсiпорындарыашылмақ.

Ресми деректерге сүйенсек, бүгiнде жыл сайын қара металлургияның 200 млн. тоннаға жуық жартылай дайын және толық дайындалған өнiмдерi экспортталады. Бұл көрсеткiш уақыт өткен сайын төмендеп келедi. Мысалы, 1994 жылдары 224 млн. тонна көлемiнде экспортталған. Сыртқа тасымалдайтын елдер iшiндегi ең iрi экспортер-мемлекеттер арасында Жапония (20-35 млн. тонна), Германия (20 млн. тоннадан астам), Бельгия, Люксембург (15 млн. тонна), Франция, Италия және тағы басқалар бар. Кейiнгi кездерi Бразилия да iрi экспортерлер қатарына қосылды. Әлемдiк нарыққа шығарылатын қара металлургияның (мысалы, құрыштың) 2/5 бөлiгiн Еуропалық Одақ құрамындағы елдер өндiредi. Өндiрiлген өнiмнiң (90 млн. тонна көлемiнде) тең жартысы Еуроодақтың өзге мемлекеттерiне жөнелтiлсе, қалған бөлiгi тұрақты тұтынушы елдерге, әсiресе, АҚШ-қа импортталады. Құрышты сырттан ең көп тасымалдайтын Құрама Штаттар болып табылады. Сондай-ақ, еуропалық елдер Таяу Шығыстағы нарықты да кеңiнен жаулап алуда. Бәсекелестiк қабiлетi күштi және өнiм өндiру тұрғысынан алғанда, қауқарлы батыстықтар қазақстандық кәсiпкерлерге ысырылып орын бермесi анық. Демек, металлургия саласында еңбек етiп жүрген отандық кәсiпкерлердiң iсi тек үкiметтiк деңгейде қабылданатын құжаттардың арқасында өркендейтiнi анық.

Қазақстанның болат рыногындағы орнын сақтау және нығайту үшін қара
металл өндiрiсiн жетiлдiрудi, өндiрiс шығындарын қысқарту және оларды
әлемдiк рынокке жақындату жөнiндегi шараларды күшейтудi қамтамасыз ету
мiндетi алда тұр.

Салада "ССКӨБ" (ССГПО) ААҚ-да, "Қазақмыс корпорациясы" ААҚ-да,
"Қазмырыш" ААҚ-да және басқаларда өндірісті арттыру көзделген. "Қазақмыс корпорациясы" ААҚ-да мырыш зауытының құрылысы басталып та кетті, ол 2003жылдың басында пайдалануға беріледі.

Тау-кен металлургия саласында жұмыспен қамтудың өсуi 2002 жылға
қарай 4200 адамға көбейедi (2000 жылы - 2000, 2001 жылы - 1200, 2002 жылы
1000) .

Қазақстан қара және түсті металдардың, 84 өнеркәсіптік минералдардың, сондай-ақ энергия тасығыштардың коммерциялық запастарына ие.

"Металлургия" кластері машина жасау және металлургия кәсіпорындары кластерінің басқа да қатысушылары үшін шикізат өндіретін кластер құрушы компаниялар технологиялық дәйекті тізбекте құрылған кәсіпорындар мен өндірістердің кешенін білдіреді.

Қара металлургия саласында және тау-металлургия кешенінің түсті саласында негізгі шаруашылық субъектілері - «Миттал Стил Теміртау» акционерлік қоғамы және «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ірі компаниялары болып табылады.

Қазіргі уақытта республика өнеркәсібінің металлургия секторында мынадай проблемалар бар:

руда құрамында пайдалы құрамдауыштар аздығы;

пайдалы қазбалы кен орындарының көп құрамдауыштығы;

жоспарлау, жобалау және басқару процестерін автоматтандыру деңгейінің төмендігі;

негізгі қорлардың тез тозуы;

тау-кен машина жасаудың өз кәсіпорындарының қуатының аздығы;

минералды шикізатты кешенді, қауіпсіз және қалдықсыз өндіру және қайта өңдеудің жаңа үнемді технологияларын дамытудың төмен қарқындылығы;

тұтынушылардың алыс орналасуы;

жер қойнауын пайдалану, табиғат қорғау қызметі саласындағы нормативтік-заңнамалық және салық базасының нақты ахуалының барабар болмауы;

мамандар даярлау мен қайта даярлаудың осы заманғы жүйесінің болмауы;

тау-кен саласының кәсіпорындары қызметінің шашыранды сипаты (үйлесімнің болмауы) .

Металлургия саласын табысты дамыту үшін Қазақстан Азия нарығын ерекше назарға ала отырып, қосылған құнымен металлургиялық өнім өндіру үшін қуаттар құруға шоғырлануы қажет.

Қазақстанда iрi өнеркәсiп орталықтары, оның iшiнде отын-энергет., металлургия, химия, машина жасау, құрылыс өнеркәсiбi жұмыс iстейдi. Республика кәсiпорындары шойын, кокс, болат, қорғасын, мыс, мырыш, титан, магний, қарашiрiк, синтет. каучук, шайыр, пластмасса, хим. талшықтар, автомоб. шиналарын, минералдық тыңайтқыштар, цемент, металл жонғыш станоктар, ұсталық-сығымдағыш жабдықтар, қақтау стандарын, күш трансформаторларын, рентген аппараттарын, а. ш. машиналарын, тракторлар, экскаваторлар, т. б. өндiредi. Әлемдiк экономика ауқымында Қазақстан - тауар рыногiне мұнай, газ, қара, түстi, сирек кездесетiн металдар, уран өнiмiн шығарушы ел. Кен қазу өнеркәсiбi Қазақстан экономикасының жетекшi секторы болып табылады. 2001 ж. өнеркәсiп өндiрiсiнiң 44, 3%-ы осы өнеркәсiптiң үлесiне тидi. Қазақстанда көмiр-сутектi шикiзаттың бiрегей қоры бар. Барланған қор бойынша елiмiз әлемде 13-орында. 250-ден астам мұнай-газ кенiштерi ашылды, олардың көбi республиканың батыс бөлiгiнде, негiзiнен Атырау обл-нда. Олардың iшiнде 1 млрд. т-дан астам мұнай қоры бар Теңiз кенiшi; газ қоры 1, 3 трлн. м3 және конденсат қоры 700 млн. т-ға жуық Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кенiшi; сондай-ақ, Кенбай, Жаңажол, Жетiбай, Қаламқас, Қаражанбас, Өзен, Құмкөл кенiштерi бар. 2000 ж. Қазақстанда Солт. Каспий қайраңында iрi мұнай кенiшi (Қашаған) ашылды. Бағалаудың алғашқы кезеңiнде кенiштiң жалпы геол. қоры 38, 4 млрд. баррель, ал өндiрiп алынатын қоры - 13 млрд. баррельге жуық. Атырау обл-ндағы аса iрi кенiштер: жалпы қоры 800 млн. т-дан астам, Теңiз кенiшi (оның бастапқы өндiрiп алынатын қоры 700 млн. т), Королев кенiшi (бастапқы өндiрiп алынатын қоры 30, 5 млн. т), Кенбай кенiшi ( 30, 8 млн. т) . Маңғыстау обл-ндағы аса iрi мұнай кенiштерi: Өзен, Жетiбай, Қаламқас, Қаражанбас. Бат. Қазақстан мен Ақтөбе облыстарындағы Қарашығанақ пен Жаңажолдың мұнай мен газ өндiрiсiндегi келешегi зор. Республикада мұнай-газ саласын 2002 ж. “Қазақойл” ұлттық мұнай компаниясы мен “Мұнай және газ тасымалы” ұлттық компаниясының бiрiгуi жолымен құрылған “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы басқарады. Қазақстанда мұнай мен газ өндiру iсi шет ел инвесторларының қатысуымен жүзеге асырылуда (“Теңiзшевройл” бiрлескен кәсiпорны, “Қазақойл-Ембi” АҚ, “Атырау мұнай компаниясы”, “Қазақстанкаспийшельф”, “Каспиймұнайгаз”, “Қазгермұнай” ЖАҚ-дары, т. б. ) .

Мұнай-газ секторының өнiмi Еуразия құрлығының ондаған елдерiне экспортқа шығарылады (аса iрi импортшылар: Ресей Федерациясы, Ұлыбритания, Украина, Швейцария, Италия) . Экспорт құрылымында мұнай мен газ конденсатының үлесi 2001 ж. 49, 3% болды. Қазақстанда өнеркәсiп өнiмiнiң жалпы көлемiнде түстi металлургияның үлесi 11%. Өндiрiс деңгейi бойынша Қазақстан әлемде тазартылған мысты iрi көлемде өндiрушiлер мен экспортқа шығарушылар қатарына жатады. Республиканың әлем бойынша мыс өндiрудегi үлесi 2, 3%. Қазақстан мысының негiзгi импортшылары: Италия (50%) мен Германия (35%) . Экспорт құрылымында мыс пен мыс қорытпалары 7%. Тазартылған мыстың 90%-ын “Қазақмыс” корпорациясы өндiредi, ол Қазақстанның түрлi аймақтарында бiрнеше зауыттарды, кенiштердi және энергия нысандарын бiрiктiрiп отыр. Қазақстан темiр кентасының қоры жөнiнен әлемде 8-орында. Оның әлемдiк қордағы үлесi 6%. Елде өндiрiлетiн темiр кентасының 70%-дан астамы экспортқа шығарылады. Қазақстанның қара металлургиясы өнеркәсiп өнiмi көлемiнiң 7%-ға жуығын өндiредi. Мұндағы аса iрi кәсiпорын - Қарағандыдағы “ИспатКармет” металлургия комбинаты, ол шойын мен дайын қара металдар қақтамасының 100%-ын және болаттың 90%-дан астамын өндiредi. Бұл комб. өнiмi ТМД елдерi мен алыс шет елдерге экспортқа шығарылады. Сондай-ақ, “Жәйрем кен-байыту комбинаты” АҚ тотыққан марганец және темiр-марганец кентастарынан жоғары сапалы марганец концентраттарын өндiредi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазцинк компаниясының жалпы сипаттамасы
ЕЛДЕГІ ҚАРА МЕТАЛЛУРГИЯ
Академик Ө. А. Байқоңыровтың өмір жолы
Академик Ө.А.Байқоңыров
Коксохимия өндірісінде суды пайдалану және оның ластануын экологиялық зерттеу, ақаба суларды тазарту
Қазақстанның металлургия кешеннің халықаралық еңбек бөлінісіндегі орны
Қара металлургия ғаламдық нарықта
Муниципалды басқару түсінігі
Металл кешенінің даму тарихы
АМС - Алюмосиликомарганец қорытпасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz