Мектепалды даярлық топта оқиғалы - рөлді ойындарды ұйымдастыру мен өткізу


Жоспар
І. Кіріспе бөлім
Өзектілігі: Ойын балалар үшін айналадағыны танып-білу тәсілі болып табылады. Оның негізгі ерекшелігі: балалар үн-түнсіз ойнамайды, тіпті, жалғыз болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын процесінде сөйлесу үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысады, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойын - бала үшін нағыз өмір. Ойын әрекетінде баланың психикалық қасиеттері мен жеке басының ерекшеліктері әлдеқайда тез қалыптасады, яғни ол арқылы бала білім алады. Бала зейінін қажет ететін, әдейілеп ұйымдастырылған ойындар бүлдіршіннің ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін сомдайды.
Дидактикалық ойындар балаларды ұйымшылдыққа, достыққа, әдептілікке, мейірімділікке, үлкендерді қадірлеуге, құрметтеуге баулиды. Балалар алған білімдерін ойын барысында көрсете білуге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, әділ болуға, қиындық кезінде көмектесуге, өз ойларын жеткізе білуге, қиялының дамуына, қиындықты ақылмен жеңе білуге жаттығады. Ойын барысында балаларды анық, асықпай сөйлеуге және айтқан сөзді, сөйлемді дұрыс түсініп, қабылдай білуге, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Баланың ойыны ересек адамдардың еңбегіне еліктеуден өрістеп, бара-бара шын мәніндегі еңбекке айналады. Осының бәрі баланы мектепке даярлайды.
Ойын - балалар үшін қоршаған ортаны танып-білудің ең жеңіл де ұтымды тәсілі. Сюжетті-рөлді ойынның ерекшелігі сол, оны балалар өздері жасайды. Мысалы, «Дүкен» ойнағанда балалар сатушы мен тұтынушының, «Кітапханада» кітапханашы мен оқырман, «Отбасыда» әке мен бала немесе ана мен бала, «Емхана» ойынында дәрігер мен науқастың әрекеттеріне еліктейді. Көптеген балалар дәрігерлерден қорқады. Бала санасында дәрігерлердің жағымды бейнесін құруға көмектесетін - «Емхана» ойыны. Ол үшін емделуші мен дәрігер рөлдік ойынын пайдаланамыз. Дәрігер міндетті түрде ақ халатта болуы керек және тәрбиешінің өзі болғаны абзал. Келесіде дәрігер мен науқастың рөлдерін ауыстыруға да болады. Оған заттар дайындалады: дәке, мақта, дәрілер, т. б. Балаларға ойын барысында шын дәрілерді, инесі бар шприцті беруге мүлде болмайды, тіпті, бала тәрбиешілердің көз алдында болса да рұқсат етілмейді. Қазіргі кезде дүкендерден «Емхана» ойынына арналған көптеген ойыншықтарды кездестіруге болады. Олар пластмассадан жасалған және өте қолайлы.
Балаларға «103» жедел жәрдемге қоңырау шалуды үйрете отыра, ойын барысында ненің қауіпті және ненің қауіпсіз екенін түсіндіріп отырамын. Қуыршақтың іші ауырған болса, ең алдымен себебін анықтап аламыз. Себептері мынадай болуы мүмкін: қол жумай тамақ ішуі, жемістер мен көкөністерді шала жуып жеуі, кез келген затты ауызына салуы сияқты жайттар. Аю аяғын жарақаттап алған болса, жол үстінде ойнауы, оның абайсыздығы, т. б. Мұның тигізер кесірін де айта кету артық етпейді. Мысалы: олар енді ұзақ уақыт ауруханада жатады. Кей жағдайларда мүгедек болып қалу қаупі де бар деп түсіндіре кеткен жөн. Осы ойынды ойнау барысында балалар дұрыс, қате әрекеттерді ажыратуға үйренеді, мейірімділік, қайырымдылық, жанашырлық, қамқорлық сияқты сезімдері оянады.
Міне, осындай және басқа да сюжетті-рөлді ойындар барысында балалардың танымдық қабілеті қалыптасады, балалар өзін-өзі танып, ойы шыңдалады, қоғамдық тәжірибені меңгереді, ұжымдық қарым-қатынасқа үйренеді.
Мақсаты:
мектепалды даярлық тобында оқиғалы-рөлді ойындарды қолданудың бүгінгі жай-күйін теориялық тұрғыдан сараптау, балалардың сөйлеу дағдысын дамытуда рөлдік ойындарды ұйымдастырудың ең тиімді жолдарын табу, оларды сабақ үдерісінде пайдаланудың тиімділігін тәжірибелік жолмен тексеру.
Міндеті:
1. Мектепалды даярлық тобында оқиғалы-рөлді ойындарды қолдануды теориялық тұрғыдан қарастыру және оның тиімділігін анықтау.
2. Сабақ барысында рөлдік ойындарды қолдану жетістіктерге әкелетінін дәлелдеу
3. Мектепалды даярлық тобында өткізілетін оқиғалы-рөлді ойындар арқылы балалардың ойлауы мен сөйлеуін дамыту жолдарын көрсету.
Зерттеу объектісі: Оқиғалы-рөлдік ойындар, рөлде ойнау туралы жалпы түсінік.
Зерттеу пәні: математика сабағында оқиғалы-рөлдік ойындарды ұйымдастыру.
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Мектепалды даярлық тобында ойынның тәрбиелік мәні мен кезеңдері
Мектепалды даярлық топ балаларының тілін дамытуда ойындардың рөлі зор. Ойын үстінде балалардың тілі дамып, бір затқа бейімділігі, қызығушылығы артады. Ойын әрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық қызығушылығы сапаларын дамытатын басты нәрсе: білім, әрекет, қарым-қатынас. Міне осы жағдайларды ескере отырып, балалар тіл байлығын дамытуда пайдаланылатын ойын түрлерін төмендегідей жүйелеуге болады:
- Мазмұнды бейнелі ойын: отбасы, балабақша, мектеп, аурухана, ұшқыштар, мал фермасы, құрылысшылар, темір жол, теңізшілер.
- Қимыл-қозғалыс ойындары: ақ серек, көк серек, ұшты-ұшты, аңшылар, сиқырлы таяқ, жаяу көкпар, ормандағы аю, мысық пен торғайлар, бақташы мен қозылар, қуыспақ, қасқыр қақпан, соқыр теке, т. б.
- Дидактикалық ойындар: заттардың түсін анықта, қуыршақты серуенге дайында, орныңды тап, ойлан тап, ұзын-қысқа, аласа-биік, әр құстың мекенін тап, түсті ретке келтір, дәл тауып айт, тігін шеберханасы, тез ретке келтір, мына затты сипатта, жоғары-төмен, дүкен, көршілер, т. б.
- Құрылыс ойындары: лото және басқа конструкторларды пайдалану.
- Оқиғалы-рөлді ойындар: адамгершілік тәрбиесі тақырыбына оқылған ертегі, әңгімелерді рөлдерге бөле отырып орындау.
Осы ойын түрлерінің ішінен мен оқиғалы-рөлді ойындарға тоқтала кетемін. Рөлдерге ену ойындары балаларға таныс ертегі, әңгіме негізінде құрылады. Жан дүниесіне жақын рөлдерді өздері орындауға талпынады. Бұндай ойындарда ауыз әдебиеті үлгілері пайдаланылатындықтан, олар балалар өміріне жарқын сезім, қуаныш, белсенділік, шығармашылық енгізеді, тілін дамытады. Осындай қасиеттер тәрбиеленушінің тұлғасының қалыптасуына маңызды рөл атқарады.
Балалардың тілін дамытуда оқиғалы-рөлді ойындардың орны ерекше. Ойында адамдар өмірінің сан қыры, тұрмыс-тіршілігі, еңбегі, дүниетанымы, арман-тілегі, болашаққа деген сенімі, ержүректілік пен жігерлікке құлшынысы көрініс табады. Халық педагогикасында ойындар өте көп және мазмұндары да, бағыттары да бірін-бірі қайталамайтындай сан-алуан, әрі қызғылықты. Олар, «Алақан соқпақ», «Аңдардың айтысы» т. б. Ауыз әдебиеті үлгілерін қолдана отырып, балалармен сан түрлі оқиғалы-рөлді ойындарды ойнауға болады. Оқиғалы рөлді ойындар баланың тілін дамытып қана қоймайды, сонымен қатар оны жан-жақты тәрбиелейді. Баланы адамгершілікке, бірін-бірі сыйлауға, достыққа, имандылыққа, жолдастарына көмектесе білуге, жігерлікке, шыншылдыққа тәрбиелейді.
Оқиғалы-рөлді ойын ретінде ауыз әдебиетіндегі кез келген тәрбиелік мәні бар ертегі, мәтін, әңгімелерді алуға болады.
Мысалы, «Аңдардың айтысы» атты ойында жүргізушінің талабына сай әндер орындап, онда аңдардың дауыстарын, қылықтарын бейнелеп, олардың өздеріне тән ерекшеліктерін сипаттап көрсетеді. Мұның өзі хайуанаттар әлемі жөнінде нақты ұғымды, шығармашылық қабілетті, жеке және топтасып ән айту дағдысын жетілдіріп, тілін дамытады. Ойын ережелерінің тәрбиеленуші үшін тәрбиелік маңызы бар. Олар ойын барысын белгілейді, тәрбиеленушінің тәртібі мен іс-әрекеттерін, олардың өзара қарым-қатынасын бақылап, ерік-жігерлерінің қалыптасуына ықпал етеді. Өздері ойнаған рөлдердегі аңдардың іс-әректтері мен айтқан сөздері арқылы жақсы-жаман ұғымдарын қалыптастырады. Кімдікі дұрыс? Кімдікі бұрыс? Неге олай жасауға болмайды? Неліктен? деген сияқты сауалдар арқылы балалармен ойнаған оқиғалы-рөлді ойынды талқылап, қорытындысын балалар шығаруы керек.
Оқиғалы-рөлдіойындардың мазмұндық ерекшеліктері, біріншіден бұл ойындар мазмұн жағынан да мәнерлі әрі түсінікті. Ойын балалардың ақыл-ойының белсенді жұмыс істеуіне, дүние танымының кеңеюіне, қоршаған ортаға деген көзқарасын нақтылап, барлық психикалық процестерді жетілдіруге мүмкіндік жасайды. Екіншіден ойын ережелерінде жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін үлкен тәрбиелік мән бар. Оқиғалы-рөлдіойындар тәрбиеленушіге халықтық салт-дәстүр мен тұрмыстық шаруашылық еңбегінен түсінік береді. Үшіншіден, тәрбиеленушінің қимыл-қозғалысын дамытып, дене тұлғасының дұрыс қалыптасуына мүмкіндік жасайды. Төртіншіден, бала қиялын, ақыл-ойын, дене қимылын дамытатын тәрбие құралы. Бесіншіден, оқиғалы-рөлді ойындар баланың тілін ширатады, ойын дамытады, зейінділікті, ұстамдылықты, ойлылықты, зерделілікті, адамгершілікті, кеңістікті бағдарлай білуді, әрекет үйлесімділігін, өжеттілікті, тапқырлықты, шапшаңдықты, төзімділікті, мергендікті, батылдықты дамытады.
Сонымен қатар, оқиғалы-рөлдіойындарда балалар тек ауыз әдебиеті үлгілері бойынша әрекет етпейді, олар ересектердің өмірі мен іс-әрекеттерін қайталайды. Олардың қарым-қатынасын көрсетеді. Мысалы, «Дүкенде», «Кітапханада», «Қонақта» және т. б. ойындарды ойнау барысында үлкендерге еліктей отырып, олар өз рөлін және ойын логикасын жасайды.
Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А. С. Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін, еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады».
Кез келген ойынның негізгі ерекшеліктері-балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесіп жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.
Оқиғалы-рөлді ойындар тренингтік сабақтардың өзегі іспетті. Гуманистік бағыттағы ғалымдар көзқарасына сәйкес, психологиялық ойындар арқылы баланың өзіндік дамуына көмек беруді мақсат етеді.
Оқиғалы-рөлді ойындардың психологиялық әсерімен балада:
Өз-өзіне деген сенімнің бекуі;
Этикалық және адамгершілік негізінде мінез-құлық, жүріс-тұрыстың меңгерілуі;
Қарым-қатынас дағдылары мен біліктерінің дамуы болатындай түрлері жинақталып, іріктеледі.
Сонымен қатар, оқу ретіндегі ойын тиімділігі мынадай бірқатар талаптарды сақтауға байланысты, яғни олар: оқушылар әрекет ететін қиялдағы жағдайдың, жоспардың болуы және балалардың ойын нәтижесін, ойын ережесін міндеттті түрде түсінуі. Ойын бұл тек ұжымдық көңіл көтеру емес, бұл оқытудың барлық міндеттеріне қол жеткізудің негізгі тәсілі, сондықтан ол қандай дағды және икемділікті талап ететіндігін, баланың нені жасай біледі және ойын барысында неге үйренгендігін білу қажет. Ойын оқушылардың ойлау қабілетін күшейту қажеттілігін алдына қоюы керек.
Оқиғалы-рөлді ойындарды қолдану басты үш сатыдан тұрады. Олар:
1. Дайындық кезеңі: дидактикалық материалдар жинақтаудан жинақталған материалды реттеу, ұйымдастырудан тұрады.
2. Орындалу барысы.
3. Ойынды қорытындылау.
Оқиғалы-рөлді ойындар міндетті түрде топтық, талдаумен аяқталады. Талдау 2 бағытта жүргізіледі:
Қарым-қатынас жағдайының құрамын балалардың толық та, адекватты түсінігін қамтамасыз ету;
Коммуникативті іс-әрекет механизмдерін біліп, түсінуге, дағдылануға мүмкіндік беру.
Оқиғалы-рөлді ойындардың 2 түрі: импровизациялық және сюжеттік түрлерін қолдануға болады. Импровизациялық ойындардың мазмұны балалардың өздерінің үйреншікті өмір жағдайларынан, қарым-қатынас сферасынан алынып отырады. Мұнда тек алдын-ала рөлдер мен позициялар бөлініп беріледі. Импровизацияланатын ситуациялардың ең қарапайымы таңдалынады. Ал басты назар әрбір баланың импрвизациялауға қабілетін, яғни спонтанды түрде оның кез келген рөлді ойнап, сол рөл тұрғыдан диалог құра алуы мен вербалды емес коммуникацияны қабылдап, меңгеруі талданып, зерттеледі. Импровизациялық ойындардың арасынан ұзақ даярлықты қажет етпейтін, тренинг барысында өрістейтін түрлері қолданылады. Бірақ мұндағы басты талап ойын мазмұны балалардың қарым-қатынас саласындағы мәселелерге бағытталуы. Алдыңғы диагностикалық зерттеулер мен диагностикалық ойындар нәтижесіне жүгіне отырып, импровизациялық ойын мазмұны құрастырылды. «Анар бүгін балабақшаға ең әдемі қуыршағын алып келген екен», «Анасы мен Болат дүкенге келді», «Сәуле үйде отырғанда есік қағылды», «Саматпен оның досы Дәурен телефонмен сөйлесіп отыр», «Жанардан көшеде бір бейтаныс аға аты-жөнін, үйінің мекен-жайын сұрады», «Гүлнар мен Мөлдір ойнап жүріп ренжісіп қалды» т. с. с балалардың жас ерекшелігіне, қарым-қатынас қажеттіліктеріне және тренинг мақсатына орай тақырыптар бойынша спонтанды түрде бір оқиғалар ойналып отырды. Мысалы, «Анар бүгін балабақшаға өзінің ең әдімі қуыршағын алып келген екен» ойынының мазмұнын алайық. Тәрбиеші алдын ала Анарға өзіне ғана, кім сұраса да, қалай сұраса да қуыршағын ешкімге бермеуін тапсырады. Ол үшін Анар балалардың әрқайсысының өтінішіне нақты, тура жауап беруі керек. Ал балаларға тәрбиеші бар мүмкіндіктерін пайдаланып қуыршақты сұрап алып, ойнауларына бағдар береді. Бұл ойын барысында балалар бірін-бірі түсінуге, тыңдауға, қарсы жауап таба алуға, сендіруге, ынталандыруға, сыйлауға, өтініш айтуға, сөзін өткізе алуға үйренеді. Рөлдік-импровизациялық ойындардың әсерін талдау «кілттері».
Қарым-қатынас құралдарының қолданылуы, сөздік қор, ым-ишара, арақашықтық, интонация.
Қарым-қатынас біліктері мен дағдылары, өзара келісімге келу, қысым жасау, манипуляцияның көрінісі;
Өзара әрекеттестік, өзара қатынас позициялары «тепе-теңдік», «жоғарыдан» қарау, «төменнен» қарау болды.
Ал оқиғалы-рөлді ойындардың алдын-ала даярланған сценарий қажет. Онда ойынға қатынасушылардың өзара әрекеттесу, өзара қатынас жасау позицияларының толық сипаттамасымен нұсқаулары құрастырылады.
Сюжеттік ойындар алдын-ала ойластырылып, бүкіл сабақтардың жоспарын құруда ескеріледі. Бұл оқиғалы-рөлді ойындардың бастапқы кезеңі. Сюжеттік ойын типтік коммуникативті ситуацияларды, яғни балалардың баршасына дерлік тән жағдайларды талдауға бағытталады. Мұндай ойындарда күрделі коммуникативті ситуациялар моделденеді. Әдетте импровизациялық ойынға қарағанда, сюжеттік ойынға уақыт көп кетеді. Оқиғалы рөлді ойын барысында тәрбиеші көп кірісе бермеуі тиімді; ойын өздігінен ұйымдасатын болуы керек. Рөлдік ойындар қорытынды сабақтарда ойналады. Себебі балалардың топ ішіндегі қарым-қатынасы интенсивті болып, өздері қарым-қатынас кезінде әр түрлі позициялар, стратегиялар, инициатива коммуникация ережелерін біліп, ситуацияларға талдау жасай алатын кезде ғана рөлдік-сюжеттік ойын тиімді болады. 5-6 жастағы балалардың ойналатын сюжеттік ойынға 1-1, 5 сағат уақыт керек. Мүмкін болса сюжеттік ойынды тұтастай бейнетаспаға түсіріп алған жөн. Мұндай таспалар талдау жасағанда кейбір ойын сәттеріне қатысты балалардың әржақты көріп-қабылдауынан туындайтын даулы жағдайларды қарастыруда аса қолайлы.
Оқиғалы-рөлді ойындарды сипаттағанда импровизация элементтерінің болмай қалуы мүмкін емес.
Оқиғалы-рөлді ойындар өзара байланысты позициялардың негізінде жинақталады. «Ойыншықтар сөйлейді», «Аңдардың әңгімесі», «Әжесінің Еркесі», «Қызғаншақ бала» ойындарының желісін құруға болады. Осы ойындарға сипаттама берейік:
«Ойыншықтар сөйлейді». Бұл ойында әрбір бала топтағы ойыншықтардан бір-біреуден қолдарына алып, соның рөлінде, соның атынан өзінің ренжігенінде, қуанғанда, өкінгенде, ашуланғанда, өтініш білдіргенде, ұялғанда не дейтінін, нені армандайтынын ортаға салады.
«Аңдардың әңгімесі». Әрбір бала бір-бір ойыншық аңның рөлінде қу түлкі, ашулы арыстан, қорқақ қоян, аңқау қасқыр, батыр қоян, кекшіл кірпі, маңғаз керік т. т. бірігіп өздері куә болған бір-бір қызықты оқиға айтады.
«Әжесінің Еркесі» - бұл ойынға мынандай кейіпкерлер қатысады: Ерке, әжесі, ағасы, інісі бірге ойнайтын құрбысы - Айдана. Қалған балалар талдау жасауда белсенді болу үшін әрбір кейіпкердің сөйлеген сөздерін, қылықтарын байқап, бақылап, аңғарып отырады. Ойын сюжеті: «Ерке әжесінің баласымын деп, көбіне әжесімен қарым-қатынас жасайды. Анасын тыңдамайды, өз айтқанын оларға орындатпай қоймайды. Ағасы мен інісі бір бірімен өте тату. Бірақ Ерке олармен де тату ойнай алмай, дауласып, тентек бола береді. Айдана құрбысы Еркенің қылықтарына қынжылып жүреді. Бір кездері Ерке әжесі, анасы, ағасы, інісі, құрбысы танымастай өзгереді». Бұл ойын Р. Шапбаеваның «Әжесінің қызы» әңгімесі бойынша құрылды.
«Қызғаншақ бала» ойынының балаларға тақырыбы беріліп, өздерінің «режиссерлік», қоюшылық қабілеттеріне орай ойын мазмұнын жасау ұсынылады.
Оқиғалы рөлді ойын кезінде тәрбиеші байқап, бақылап отырады, ойын барысына кесте бойынша талдау жасайды.
Содан кейін сабақта балалардың жаңа қарым-қатынас дағдыларын, біліктерін бекітуге арналған кезеңді енгіземіз.
Бұл кезеңде әрбір баланың өзіндік ішкі потенциалы, коммуникативті іс-әрекетке деген ішкі ресурсы анықталады. Бұл сабақтың екінші блогын құрайды. Бұл блок балаларға алған әсерін, яғни топтарының жоғары ұйымдастырушылық көрсетуін, әрбір баланың коммуникативтілік деңгейін ғана анықтап қоймайды, сонымен қатар ол өзіндік бір диагностикалық тәсіл болады. Әрбір баланың қарым-қатынасының жетілуі, белгілі бір коммуникативті дағдылар мен біліктердің қалыптасып, дамуы белгілі болады.
2-ші блоктың 5-6 жастағы балаларға арналған тапсырмалары шығармашылық негізде болады. Онда балаларға қойылым қою, ертегі құрастыру сияқты драматизациялау тапсырмалары беріледі.
«Таңертең», «Түстен кейін» атты тақырыппен балаларға «үнсіз қойылым қою ұсынылады. Оны- балалардың балалардың балабақшаға кіргеннен бастап сәскеге дейінгі және одан кешке дейін және ситуациялық қарым-қатынасты вебралды емес жолмен көрсетліп отыратын сюжеттік ойынның бір түрі. Бұл ойындар сабақтың бас кезінде бірі, соңында бірі ойналады. Екі ойынға да 20 минуттан уақыт беріледі. «Таңертең», «Түстен кейін» қойылым салыстыра отырып, балалардың вебралды емес қарым-қатынас жасау техникаларының жетістігін бақылауға мүмкіндік береді.
«Үнсіз» спектакльді екі шағын топ балалары ойнайды. Бірінші шағын топ балалар біріне-бірі қарамай, әрқайсысы басқа бір топтағы құбылысының рөлінде ойнай береді. Екінші шағын топ балаларды олардан өздерінің бейнесін тауып алулары қажет. 10 минуттан соң екінші кіші топ осы тапсырманы орындайды. Бұл ойын бойынша талдау көрсеткіштері:
- Қимыл-қозғалыс - өзінен басқаларға бағытталса - баланың теріс, жағымсыз деп санайтын ситуациялары, адам бойындағы қылықтары.
- Қимыл - қозғалыс - өзіне қарай бағытталса, баланың ұнататын, оңды ситуациялары, адам бойындағы қылықтары.
- Ашықтықты, тұйықтықты бейнелейтінқимыл қозғалыстар болады.
- Оқиғалы рөлді ойынында балалардың өз бетімен жұмыс істеуді дамыту керек. Шынайы өмірде біз балалардан «Өзім істеймін» дегенді жиі естиміз, ойында да олардың өз бетінше ойнауға құқы бар.
- Балалардың өз бетімен жұмыс істеуін дамыту мақсатында ойында тәрбиеші басқарудың келесі міндеттерін атқарады:
- Әр баланың түрлі ойын міндеттерін қоюдағы өз бетінше жұмыс істеуін дамыту.
- Балаларды қойылған ойын міндеттерін шешу үшін әр түрлі заттық тәсілдерді өз бетінше таңдауға ынталандыру.
Балалардың өз бетінше жұмыс істеуін ойын барысында қалай дамытуға болады? Мұндай күрделі жұмысты ұйымдастыруданақты бірізділік болу керек. Бала жаңа бір нәрсе үйреніп жатқанда, оған ересек адаммен ынтымақтастық қажет. Бұл кезде тәрбиеші ойын міндетін қоюға көмектеседі. Бала ойын міндеттерін қоюды үйренгенде, оған өз бетінше жұмыс істеуге барынша мүмкіндік беру керек.
2. 2 Мектепалды даярлық тобында өткізілетін оқиғалы-рөлді ойынның түрлері, мазмұны мен әдіс-тәсілдері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz