Халықаралық ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етілуіндегі қоғамдық-саяси ұйымдардың алатын орны теоретикалық-әдіснамалық мәселелері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 91 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың сипаттамасы. Берілген дипломдық жұмыста ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қоғамдық-саяси ұйымдардың рөлі зерттелген.
Тақырыптың өзектілігі. Ядролық қауіпсіздіті қамтамасыз ету адамзат баласының алдына қойған басты міндеттерінің бірі болып саналады. Қазіргі таңда туындаған басты мәселелер қатарында және халықаралық маңызды Біріккен Ұлттар Ұйымының күн тәртібінде тұрған ең басты мәселе ретінде ядролық қауіпсіздікті атай аламыз. Соған орай оны шешуде кез-келген мемлекеттің қарапайым азаматынан барлық мемлекет басшылары тәуелді болып саналатын баршамызға аян болып саналады. Соған байланысты ядролық қауіпсіздік қоғам мен мемлекет және жер шарының ядролық қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуінің басты жолы ретінде. Ядролық қауісіздік мәселесімен көптеген халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар айналысады, алайда олардың қосқан үлесі бар болғанымен көбіне олар мемлекеттің айтып отырған позициясынан шығып кете алмайды.
Ал қоғамдық-саяси ұйымдар мемлекет тарапында немесе одан тыс болғанымен де ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ең оңтайлы жолы екендігі осы ретте басты болып саналады. Қоғамдық -саяси ұйымдардың өзіндік атқаратын қызметі мен айналысатын мәселелері бар, оларды ядролық қауіпсіздік мәселесіне қосатын үлесі мемлекет дамуына және ондағы басты мақсаты ядролық қаупсіздік болып саналады.
Соған орай оның негіздері мемлекет пен қоғам өмірі барша жер шары үшін өзекті сол мақсатта осы тақырып өзінің өзектілігін дәлелдеп отыр. Ядролық қауіпсіздіктегі осындай мәселеллер қоғамдағы басты негізгі трендтерді анықтау мен оларға көмек көрсетуінде маңыздылығы аса жоғары. Ядролық қауіпсіздік осындай туындаған жағдайға байланысты маңызды мәселелерден шет қалмайды және оның орын толтыруға тырысады. Ядролық қауіпсіздік қоғамдық-саяси ұйымдар тарапынан шешілуі қоғамдық пікірдің жоғары дамығандығы мен олардың шынайы ресми сипаттарға сәйкестігі мен азаматтық пікірдің жоғары дәрежедегі дамығандығының көрсеткішіне айналды. Соған орай бүгінгі қоғам осы мәселелерді қабылдауы міндет, сонда ғана жағдай жаңа қадамға жылжиды, ол өз кезегінде мемлекет өмірінің жағымсыз қырларын жоққа шығаруда айтарлықтай рөлі бар. Қазіргі таңдағы әлемдік қауіпсіздік ядролық қауіпсіздіктің маңызды мәселесі және ондағы негізгі маңызды міндеттерді орындау тікелей осы негіздер ретінен тарай алады. Біздің бүгінгі қоғамға ұсынып отырған маңызды мәселелеріміз тікелей осыларға бағытталады және соның негізінде тарай алады деп атай аламыз.
Ядролық қауіпсіздік мемлекет дамуының негіздерін тарата алатын және оның басым тұстарын қабылдай алатын маңызды институт болып табылғандықтан, оған қосатын үлестің көлемі де өсе түседі, соның нәтижесі мемлекет пен қоғам және барша адамзат үшін өзінің жеке пайдасы бар. Ядролық қауіпсіздік кең түрде тараған қамтамасыз ету мен ядролық қауіпсіздікке қосқан үлесі маңызды түрде өлшенеді. Бүгінде ядролық фактор әрі қарай халықаралық құқықтық базаның дамуына, экологиялық мәселелерді шешу және экономиканың дамуына тығыз байланысты. Ядролық қауіпсіздік мәселесі экономика, экология, әлеуметтік саясатпен тікелей байланысты болып, ұлттық қауіпсіздіктің бөлігі ретінде қала береді. Бұл мәселе, өз кезегінде, саяси шешімдердің қабылдануын талап етеді.
Кез-келген мемлекет үшін бұл мәселе өзекті болғандықтан ядролық қауіпсіздік мәселесін көптеген мәселелер негізімен өлшей аламыз және бұл қоғамның қажеттіліктері мен дамудағы негіздерді анықтай алатын басты қажеттілік болып саналады. Ядролық қауіпсіздік саласы бұл аса қиын туындаған жағдайда да мәселелер шешіле алмайды бұл қоғамдық және басқа да инстиуттарды осыған орай бейімдей алуы мен күресудегі негіздерді табу аса өзекті болып табылатындығы анық екендігін көре аламыз.
Мемлекеттегі ядролық қауіпсіздік өзінің өлшемі мен дамытылуына байланысты түлі деңгейі және қарастыратын мәселелері бар екендігі анық осыған орай бұл жағдай оның барлығын толықтай дәлелдей түседі.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі . Атомдық энергетика қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері Васина А. И., Вавилов А. И., Колтышев М. С. ғалымдарының еңбектерінде қарастырылған. Ядролық материалдарды пайдалану барысындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері Невейницын С. В., Фрейман Э. С., Шупановский В. Д., Калошин В. М ғалымдарының ғылыми жұмыстарының объектісі болған [1] .
Ядролық қауіпсідік және оны жаһандық тұрғыда қамтамасыз ету мәселесімен Н. Ә. Назарбаевтың арнаған еңбектер аса маңызды және өзекті болып табылады ондағы көптеген арналынған еңбектері мемлекетің дамуындағы басты ерекшеліктер болып табылады. Н. Ә. Назарбаевтың «бейбітшілік кіндігі» атты еңбегі ондағы маңызды мәселелер бойынша баға беру және оны сараптау мақсатында аса өзекті болып отыр. Осы еңбегінде Н. Назарбаев қоғам мен мемлекет үшін өзекті барынша пайдалы еңбектерді талдап қарастырылуына үлкен жол ашылды. Сонымен бірге бұл еңбегі халықаралық бейбітшілік пен ядролық қауіпсідіктің Қазақстандық тәжірибесін барынша ескерген негізгі еңбек болып табылады, Қазақстандағы осы секілді өзгерістер мемлекеттің дамуының басты құралдары мен қажеттіліктері жайлы берген құнды мәлімет екендігі баршамызға анық. Соған орай бұл қауіпсіздік түріне пайдасы аса қажет және маңызды болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: Дипломдық жұмыстың мақсаты ретінде ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ете алу деңгейі басымдық болып саналады. Соған орай осындай қамтамасыз ету мемлекеттің негіздерін және оны алға қарай жылжытудағы оның мүдделерін қорғаудағы басты мәселе болып саналады. Осы мәселелерге байланысты ядролық қауіпсіздік арнайы құралдар және механимзмдермен қамтамасыз етіледі. Оның жолы ретінде қоғамдық-саяси ұйымдардың рөлі мен алатын орны көрсетіледі. Осы мақсатты шешу үшін келесідей міндеттер қойылады:
- ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі халықаралық қоғамдық-саяси ұйымдардың орнын анықтау;
- қоғамдық-саяси ұйымдардың жалпы негізгі мақсаттары мен олардың шешілмеген мәселелерін сараптау;
- ядролық қауіпсіздіктің дамуындағы негізгі басты туындаған мәселелер және оларды шешудің жолдары болып табылады, ядролық қауіпсіздіктің негізгі маңызды мәселелеріне назар аудару ондағы маңыздылықты арттырады;
- қоғамдық-саяси ұйымдардың ядролық қауіпсіздік мәселесіне байланысты ұсынылған негізгі мәселелер және оларды шешу ядролық қауіпсіздікке қосылған үлесті анықтау;
- қоғамдық саяси ұйымдардың басты негізгі міндеттерін шеше алуын «Невада Семей» ұйымынегізінде көрсету.
Зерттеудің ғылыми-әдістемелік базасы: Зерттеудің негізгі қолданған әдістері сандық және сапалық әдістердің жиынтығынан тұрады және ондағы маңызды мәселелер осымен толықтай анықталады. Ядролық қауіпсіздік негізінен туындаған жағдайларды есептеу және оның негізінде қарастырылатын әдістерді ескеру жұмыстың негізгі сапалық бөлігін құрайды, қазіргі негізгі даму тенденциялары көрсетілген.
Зерттеудің пәні: Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні ретінде ядролық қауіпсідік мәселесі болып отыр. Оның қамтамасыз етілуі және қазіргі таңдағы негізгі туындаған қиындықтары мен негізгі мәселелері және маңызды туындайтын және соның негізінде оған күресуге мәжбүр болатын тақырыптар шеңберінде диплмодық жұмыстың пәні қарастырылады.
Зерттеудің объектісі: Зерттеу объектісі ретінде ядролық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі және оның негізінен туындайтын басты мәселелер оларға ден қою мен шешудегі негізгі ұсыныстар және маңызды қажетті мәселелерді шешудің өзектілігі және қоғамдық саяси ұйымдардың ондағы алатын орнына тоқталуға болады. Соған орай қазіргі негізгі туындаған мәселелер бойынша біз оның ерекше маңыздылығын барынша арттыруға тырысамыз.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы: Дипломдық жұмыстың практикалық маңызы бұл қоғамдық ұйымдарың рөлін көрсетуге болашақта Қазақстанда құрылатын ұйымдар өздеріне нақты мысал ретінде алатын және қарастыратын мәселесі негізгі ерекшелік ретінде қарастырылған және оған баға берілген туындаған диплмодық жұмыстан маңыздылық және өзектілік тұсындағы маңыздылықтарды анықтау өзінің оң бағасын бере алады. Қазіргі қоғамда туындаған осы секілді мәселелер біздің қоғамдағы негізгі өткір және өзекті болып табылатын мәселелерге жатады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы, Кіріспеден, екті тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі 80 беттен тұрады.
1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЯДРОЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҰЙЫМДАРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 1 Ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі халықаралық қоғамдық-саяси ұйымдар
Батыстық социологияда қоғамдық қозғалыстарды зерттеу 50-60 жж. соңында басталғанымен, бұл мәселеге нағыз қызығушылық 70-жж туындады. Сол мезетте Еуропа мен АҚШ-тағы азаматтық құқықтар үшін феминистік, студенттік, антиядролық, жасыл және басқа да жаңа қоғамдық қозғалыстар сарапталды. Зерттеулер тек оқиғаларды баяндаумен шектелген жоқ. Сараптау барысында қоғамдық қозғалыстарды түсінуге тырысқан негізгі теоретикалық бағыттар қалыптасты [2] .
Алғашында әрбір теоретикалық схема басқа теорияларға қарсы қойылды, оның кейбір тұжырымдарын жоққа шығарды, дәлірек айтқанда оның қолдану аясын айқындады. Алайда, нәтижесінде, мәліметтер жинала берген сайын методология теориялар плюрализміне, барлық позицияларды ескеретін модельдерге қарай бет алды [3] .
Еуропалық және американдық ғалымдардың еңбектерімен танысу, тиісті теорияларды сараптау Кеңес Одағындағы қайта құру кезеңдеріне пайда болған қоғамдық қозғалыстарды терең ұғынуға көмектеседі. Біздің ойымызша, батыстық социологияда қоғамдық қозғалыстарды түсіндіре алатын үш теоретикалық модельді бөліп көрсетуге болады. Уақыты бойынша ең ерте пайда болған және 60-жж ортасына қарай қалыптасып болған теория «ұжымдық жүріс-тұрыс» және «бұқаралық қоғам». Теория өкілдері: Э. Фромм, У. Корнхаузер, Г. Блюмер, С. Липсетине және т. б. [4] .
Қоғамдық қозғалыстар осы концепция шеңберінде ұжымдық тәртіптің бір түрі ретінде қарастырады, ал ұғымның өзін «топ» және «публика» ұғымдарымен бір қатарға қойядым [5] . П. Блюхер, мысалға, қоғамдық қозғалысты «жаңа әлеуметтік тәртіпті орнатуды мақсатындағы ұжымдық әрекет» ретінде айқындайды [5 , 428 б. ] . Қозғалыстың сипаты мен қызметі пайда болып және әрекет ететін қоғамның түріне байланысты қарастырылады. Жалпы алғанда, «ұжымдық жүріс-тұрыс» теориялары қоғамдық қозғалыстарды құқықтық демократиялық қоғамның болу алғышарттарына негізделіп зерттейді.
Бұндай қоғам мен тиісті саяси мәдениет алуан топтардың бір-біріне қайшы мүддделі топтарды консенсусқа келе алуымен сипатталады; бұндай жағдайда әлеуметтік мәселелерді билік қатынастар жүйесінде шешу механизмдері болады. Негізінде, бұндай тұрақты құрылымда революциялық бағыттағы қозғалыстарға орын жоқ. Бұл топтар халықтың бір бөлігінің наразылықтары ретінде пайда болып, белгілі партиялардың қарамағына шоғырланады, партиялар болса демократиялық құрылысқа сәйкес парламентте өкілдіктерді иемденеді. Дегенмен, әр түрлі пікірлерді шешімге айналдыру нақты механизмдер болса да, кейбір қозғалыстар институционалды наразылық топтар ретінде қалыптаспайды, ұжымдық жүріс-тұрыс концепциясы олардың пайда болу механизмін сипаттайды.
Аталған саяси құрылысқа сай келмейтін және радикалды бағыттағы қозғалыстардың пайда болуының басты себебі уақытша бұқаралық қоғамның қасиетттері болып табылады [6] .
Бұл қоғамға тән динамизм, бұқаралық коммуникациялардың көптігі бастапқы әлеуметтік топтардың (мысалы, отбасы) тұрақсыздығын түсіндіреді және жеке тұлғаның әлеуметтік адаптациясын, демократиялық мәдениеттің құндылықтарын бойына алуды қиындатады.
Бұл процестер индивидтердің әлеуметтік изоляциясына, саяси процестерде қатысудан алшақтақтауға алып келеді. Мектеп, еңбек ұжымдары, кәсіби одақтар секілді қосымша институционалды қоғамдық ұйымдар жағдайды күрт өзгерте алмайды.
Бұқаралық қоғамның осындай сипаттары білім және мәдениет деңгейі төмен таптарға әсер етеді, қоғамдағы тамырлардың жоқтығы, демократиялық шешім қабылдау механизмінің мүмкіндіктерін пайдалана алмау, сәйкесінше бұл төмен саяси мәдениет деңгейінің себепшісі болады. Дәл осындай таптардан девианттық мінез-құлықтағы топтар таңдалып алынады, соның ішінде институционалды емес сипаттағы қоғамдық қозғалыстарды жатқызуға болады. «Ұжымдық жүріс-тұрыс» және «бұқаралық қоғам» теориясы шеңберінде саяси радикализм экстремизмге теңестіріледі.
Қоғамдық қозғалыстардың өкілдерінен басқа заң бұзушылардан секілді иррационалды мінез-құлықты күтеді. Бұл саладағы еңбектердің барлығында қоғамдық қозғалыстардың стихиялық сипатына ерекше көңіл бөлінеді. Олар бұқара халықпен, тобырмен теңестіріліп, ұжымдық жүріс-тұрыстың түрі ретінде қарастырылады. Осы теориялар контекстіндегі зерртеулер АҚШ-тағы негрлердің азаматтық құқықтар үшін қозғалыстары енді жанданып келе жатқанда, саясаттанушылар мен социологтар олардың потенциалы мен ерекшеліктерін әлі зерттемеген кезде туындады. Бұл теоретикалық тұжырымдар истэблишментті қорғады, жақсы интеграцияланған қоғамның қызметінде әлеуметтік элементтің жеткіліксіздігінен пайда болатын келеңсіздіктер байқалуда.
Студенттік, құқық қорғаушы, антиядролық, феминистік және басқа қозғалыстар тәжірибесі социологтардың жаңа ұрпақтарын бұл қозғалыстардың қоғамдағы рөлін, қалыптасу механизмдерін, әлеуметтік құрам, жалпы ұйымдастырушылық ерекшеліктерді жаңадан бағалауға мәжбүрледі. Зерттеушілердің пікірінше, 71-жж . қоғамдық қозғалыстар алдынғы онжылдықтағы радикализмнің бәсеңдеуінен кейін бірқатар жаңа ерекшеліктерге ие болды. Ең алдымен, олар әлеуметтік-саяси құрылыстың қайта құрылуына талап етпей, жеке-прагматикалық немесе, керісінше, жаһандық сипатта дамитын болды. Егер бұрын бұл қозғалыстардың мақсаттары утопиялық және трансұлттық сипатта болса (мысалға, ндустриалды қоғамның құндылықтарын өзгерту, әйелдер құқықтарын нығайту), қызмет саласы бойынша мемлекет шеңберімен шектелген болатын.
Әлеуметтік жүйенің өзгеруіне ұмтылмай, қалыптасқан саяси жүйелерге альтернатива ретінде болып, бұл қозғалыстар ұйымдастырушылық және институционалды деңгейде жаңа енгізілімдерге жағдай жасады. Қойылған мақсаттардың алуан түрлілігі, антииерархиялық ұйымдастырушылық құрылым, қатысушылардың таптық, идеологиялық және жастық гетерогендігі, зорлықсыз қызмет түрі - социологтар баяндаған 70-жж қоғамдық қозғалыстардың негізгі ерекшеліктері [7] . Бұқаралық қоғам теориялары бойынша, қозғалыстардың қатысушылары, жеткілікті қаражаты, білімі бар адамдар емес, төменгі таптардың өкілдері немесе люмпенлік таптар өкілдері болды. Индустриалды қоғамдағы бұқаралық коммуникация құралдарының пайда жергілікті топтар арасындағы ақпараттық байланыстарды дамытпай, керісінше, индивидтің изоляциясы мен оқшаулануына әкелді [8] . Бұл, өз кезегінде, желілік ұйымдасқан құрылымның қалыптасуына мүмкіндік берді.
Қозғалыстар фактурасы зерттеудің жаңа теорияларын қалыптастырды. Ж. Хегедус ескеруінше, 70-жж әқоғамдық қозғалыстардың социологиясын қалыптастыруда «мемлекет шеңберімен шектелген индустриалды қоғамның парадигмалары әсер етті» [9, 21б. ] . Сондықтан қоғамдық қозғалыстарды зерттейтін және болжайтын теориялардың екінші тобы - салыстырмалы депривация. «Депривация» айыру, жоқтық дегенді білдіреді, ал деприванттар - объективті және субъективті мәнінде «айрылғандар» дегенді білдіреді. Бұл концепциялар тобының авторлары - Т. Герр, Л. Киллиан, Н. Смелсер және басқалар наразылық бағыттың пайда болуын тұлғаның объективті және субъективті депривацияларына байланысты деп түсіндіреді [6, 12-14б. ] . Наразылық бағыттар қозғалыстардың пайда болуының маңызды алғышарттары ретінде қарастырылады.
Осылайша когнитивті дисбаланс және фрустрация-агрессия теорияларымен жасалған психологиялық механизмдер қоғамдық қозғалыстардың туындау механизмдері мен дамуы жөніндегі зерттеулерге тарайды. Басқаша айтқанда, көңіл толмаушылық, қажеттілік пен оны қанағаттандыру мүмкіндігі арасында ауытқу стрессқа, агрессияға, тұлғаның наразылық бағдарына және осыдан наразылық қозғалыстарының пайда болуына әкеледі.
Көптеген сыншылардың пікірінше, бұл әлеуметтік-психологиялық концепция, қозғалысқа қатысудың ынтасын белгілі дәрежеде түсіндіре алса да қайшылықтарға толы болып келеді. Әлеуметтік-қайта жасаушы потенциалы бар ұйым немесе ұжым ретінде қозғалыстың пайда болуын түсіндіретін модель ретінде дәрменсіз болып шықты. Бұл теория әлі күнге дейін белгілі болса да, көптеген зерттеушілердің пікірінше, ол бірқатар маңызды кемшіліктерге ие [10] .
Біріншіден, салыстырмалы және субъективті депривация көрсеткіштері арасындағы қатынас белгісіз. Объективті критерийлер ретінде салыстырмалы кедейлену, еңбекақының төмен деңгейі, дәреженің білім деңгейіне сәйкессіздігі. Алайда бұл сипаттамалар тұлғаның қанағаттанбаушылық сезімі мен наралызылық бағытыны әркелкі әсер етеді. Көбіне кері байланыс байқалады, компенсация механизмдері қосылған жағдайда “ішкі эмиграция” феномені дамиды. Қоғамдық қозғалыстар, негізінен, бұл типтегі тұлғаларды қызықтырмайды.
Екіншіден, әлеуметтіе-психологиялық зерттеулер қанағаттанбау деңгейі, өмір сүру деңгейі және қоғамдық қозғалыстарға қатысу арасындағы қатынастың әлсіз екендігін анықтады. Расында, жағдайға көңілі толмаған адамдардың саны көп болуы мүмкін, ал күресушілердің саны - әбден аз. Тоталитарлық жүйеге қоғамның стагнацияда болуы сәйкес келеді.
Үшіншіден, (ең бастысы!), салыстырмалы депривация теорияларында американдық социологияға тән тәсіл байқалады: зерттеу фокусы ретінде әлеуметтік құрылымдар емес, тұлғалар алынады. Осыған орай қоғамдық қозғалыстардың қалыптасу факторлары ретінде қатысу себептері қарастырылады, ал әлеуметтік тұтастық қосымша ретінде қарастырылады. Басқаша айтқанда, біріккен деприванттар қоғамдық ұйымды құрайды немесе наразылық қозғалысына қосылады деген тұспал жасалады. Бұл жағдайдың өзі түсіндіруді қажет етеді, себебі барлық мүшелердің қатысу себептері әр түрлі болуы мүмкін, ал қозғалыстың өзі жеке себептерден жоғары, әлеуметтік заңдылықпен дамуы мүмкін [11] .
Қоғамдық қозғалыстардың генезисін сараптау үшін әлеуметтік-психологиялық модельдер аясынан шығу қажет. Осылайша, сыншылардың бірқатары бұл теорияны социологиялық емес деп санайды, себебі салыстырмалы депривацияның әлеуметтік-құрылымдық детерминанттары сараптама аясынан шығарылады. Жетпісінші жылдары дамуын алған бұл теорияның белгілілігі бірінші топ теорияларына қарағанда қозғалыс қатысушыларына толерантты көзқарасында болуы керек.
Салыстырмалы депривация теоретиктері үшін саяси белсенді адамдар - бұл аутсайдерлер емес, бұл қалыпты санасы бар, шынайы әлеуметтік мәселелермен абыржыған адамдар. Бұл теорияның идеологиялық мәні қозғалыс зерттеушілерінің олардың заңдылығын мойындай алуында жатыр. Алайда осылай ол әлеуметтік теңсіздік және әділетсіздікпен оның алғышарттарын сараптаудан алшақтайды. Сыншылардың бірі салыстырмалы депривация теориясын “бұқаралық қоғам концепциялары жақтаушыларының консервативтік көзқарастырының либерализациясы” деп сипаттады [10, 47 б. ] .
Жетпісінші жылдардың ортасында қоғамдық қозғалыстарды түсіндіретін, алғашқы екеуіне қарама-қайшы сипатта принципиалды жаңа бағыт пайда болды. Бұл әлі күнге дейін белгілі ресурстар мобилизациясы теориясы. Оның өкілдері: Дж. Маккарти, М. Зальд, М. Асим, К. Вильсон, А. Обершол және басқалар [15-20] . Бұл тәсілдемені сипаттай отырып, Дж. Маккарти былай деп жазады: “Соңғы уақытқа дейін қоғамдық қозғалыстар көшбасшылары дайындаған іс-әрекетке басшылық - В . Ленин, Мао Цзэ Дун, М. Л. Кинг, пен депривация, құрылымдық қайшылықтар, ортақ құндылықтар, қозғалыстардың стратегияларын елемей жазған социологтар арасында алшақтық болды. Жаңа тәсілдеме социологиялық тұрғыдан қозғалыстардың стратегияларын, олардың даму мәселелерін, құлдырау және өзгерістерге ұшырауын талдайды” [15, 12б. ] . Қоғамдық қозғалыстар социологиясының бұл тармағының мақсаты қозғалыстарды зерттеумен қатар практика жүзіндегі ұсыныстармен қамтамасыз ету болып табылады.
Қозғалыс бұқаралық қоғамға тән белгілі ұжымдық жүріс-тұрыстың бір түрі ретінде ғана қарастырмайды, ішкі және сыртқы даму факторлары мен ресурстары бар ұйымдасудың ерекше түрі ретінде қарастырады.
Сараптама үшін бұл жағдайда саяси социологияның ұғымдық аппараты, ұйымның социологиясы және экономикалық теория пайдаланылады. Осы тәсілдеме шеңберінде қоғамдық қозғалыс айтарлықтай кең мағынада анықталады - белгілі қоғамға тән әлеуметтік өзгеріске бағытталған нұсқаулар жиынтығы. Қоғамдық-саяси бағдары бар әлеуметтік ұйымның қалыптасуын аталған нұсқаулар айқындайды, ал әлеуметтік ұйым ұғымы ресурстар мобилизациясы теориясының түйіні болып табылады. Әлеуметтік ұйым белгілі әлеуметтік-мәдени жағдайда қалыптасқан белгілі қоғамдық қозғалыстың құндылықтары мен мақсаттарымен айқындалады. Әрбір беделді қозғалыстың пайда болуы контрқозғалыстың пайда болуына әкеледі, оның бағыты мен құндылықтары мүлдем қарама-қарсы болуы мүмкін. Қозғалыстар, контрқозғалыстар қайшы мүдделері бар топтар социумда өмір сүреді. Әлеуметтік ұйым басқа ұйым сияқты дәл сондай заңдармен дамиды. Оның сәтті өмір сүруі үшін ресурстар қажет, кең ауқымды түсініктегі ресурстардың болуы біріккен наразылық әрекеттерін жасауға, қайта құру көзделген бағытта өзгерістерге бет бұруға мүмкіндік береді.
Ғалымдар әлеуметтік ұйымның ішкі және сыртқы ресурстарын ажыратады. Сыртқы ресурстарға: қоғамның құқықтың даму деңгейі, демократиялық дәстүрлердің болуы, инфраструктураның дамуы, қоғам байлығының жеткілікті деңгейі, оның қаржы мүмкіндіктері. Ішкі ресурстар - бұл қозғалыс жұмысына қатысушы адамдар, ұйымға жұмсаған уақыт, иеленетін қаражат. Әрбір ұйым негізінен ресурстарды сырттан алады, сондықтан да қозғалыстың жетістіктері мен сәтсіздіктерін түсіндірген кезде сыртқы ресурстардың маңыздылығын мойындау қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz