Іс қағаздардың түрлері



І.Кіріспе бөлім 3

ІІ.Негізгі бөлім
2.1 Іс қағаздардың түрлері 4
2.2 Ресми іс қағаздардың стилі 5
2.3 Жеке адам өміріне қатысты құжаттар 6

ІІІ. Қорытынды бөлім 15

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 16

Қосымша
Өзектілігі: Мемлекеттік тілде іс қағаздарды жан жақты меңгеру – Қазақстанда өмір сүріп, еңбек етіп отырған әрбір қызметкер үшін аса қажет мәселе. Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Оның саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық және адамдардың өзара қарым-қатынастық құралы ретіндегі маңызы өте зор. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі – оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жүргізілуі. Кез келген салада іс қағаздар ақпарат жеткізуші құрал болып табылады. Сондықтан іс қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізуді қалыптастыру – үлкен де жауапты іс.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» тіл саясатын жүзеге асырудың негізгі іс шаралары белгіленді. Соның бірі іс қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу және оның әлеуметтік қызметін кеңейту. Осы орайда барлық мекемелер мен ұйымдарда қазақ тілі курстары жүріп жатыр. Қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеру - әрбір азаматтың, оның ішінде орыс тілінде оқып білім алған қазіргі қызметкерлерге қазақ тілін үйретіп жүрген ұстаздардың тікелей міндеті. Сондықтан мемлекеттік тіл мәселесін кешенді түрде түгел қолға алып, іс қағаздарын мемлекеттік тілде сауатты жүргізу үшін білікті мамандар саны көп болуы керек.
Қазіргі таңда білім беру жүйесінде жаңаша оқу бағдарламаларын ескере отырып, өз іс-тәжірибесінің нәтижесін көрсетіп, шығармашылық еңбек жолында үлкен жетістіктерге жету үшін стандартты емес оқу қызметін, тиімді әдістерді кеңінен енгізе отырып тыңдаушыларды белсенді болуға талпындыратын, білім алуға құштарлығын жоғарылататын оқыту әдістерін қолдану керек.
ХХІ ғасырға тәуелсіз ел ретінде енген республикамыздың әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Қазақстан Республикасының Конститутциясы (1995), «Тіл туралы» Заң (1997), «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» (1998) республикадағы тіл мәселелерін реформалауды жүзеге асыруға негіз болады әрі мүмкіндік береді. Сондықтан бұл реформаны жүзеге асыру үшін ір министрлік, әрбір мекеме, ұйымдар, жеке адамдар өздерінің нақты істерін көрететін шаралар белгілеп, соны жүзеге асыруы тиіс. Солардың шіндегі ең өзектісі, ең алдымен қолға алынатыны –қазақ тілінің конститутиялық мәртебесін мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында жүзеге асыру.
Іс қағаздарын қазақша жүргізу – мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.
Мақсаты: Құжаттарды құру, құжат деректемелерін дұрыс орналастыру, оларды ресімдеу және ұйымдық-басқару құжаттамасының жалпы сипаттамасын қарастыру.
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі жөнінде» 19.06.1995. №2340.
2. А. Алдашева, 3. Ахметжанова, К. Кадашева, Э. Сүлейменова. Ресми іс қағаздары. - Астана, 2000.
3. А. Алдашева. Ресми іс қағаздары. Алматы, 2001.
4. Ә.Жақып. Екі тілде іс жүргізу. Алматы, 2001.
5. В. Салагаев, Б. Шалабай. Іс қағаздарын жүргізу. Алматы, 2002.
6. В.Салагаев. Іс қағаздарын жүргізу. Алматы, 2000.
7. Ж. Дүйсембаева. Іс жүргізуді басқару және машинада жазу. Алматы, 1994.
8. М. Ғ. Жүкенова. Іс қағаздарын жүргізу. Астана, 2008.
9. М. Қасымбеков. Екі тілде іс жүргізу. - Алматы, 1994.
10. М. Қасымбеков. Екі тілде іс жүргізу. Алматы, 1996.
11. Ш.Д. Адамбаев. Іс жүргізу екі тілде. - Алматы, 1992.

Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І.Кіріспе бөлім 3

ІІ.Негізгі бөлім
2.1 Іс қағаздардың түрлері 4
2.2Ресми іс қағаздардың стилі 5
2.3Жеке адам өміріне қатысты құжаттар 6

ІІІ. Қорытынды бөлім 15

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 16

Қосымша

І. Кіріспе бөлім

Өзектілігі: Мемлекеттік тілде іс қағаздарды жан жақты меңгеру –
Қазақстанда өмір сүріп, еңбек етіп отырған әрбір қызметкер үшін аса қажет
мәселе. Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Оның саяси,
тарихи, құқықтық, экономикалық және адамдардың өзара қарым-қатынастық
құралы ретіндегі маңызы өте зор. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде
қызмет етуінің алғы шарттарының бірі – оның қоғамдық өмірдің әр алуан
саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жүргізілуі.
Кез келген салада іс қағаздар ақпарат жеткізуші құрал болып табылады.
Сондықтан іс қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізуді қалыптастыру – үлкен де
жауапты іс.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Тілдерді
қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасында тіл саясатын жүзеге
асырудың негізгі іс шаралары белгіленді. Соның бірі іс қағаздарды
мемлекеттік тілде жүргізу және оның әлеуметтік қызметін кеңейту. Осы орайда
барлық мекемелер мен ұйымдарда қазақ тілі курстары жүріп жатыр. Қазақ тілін
мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеру - әрбір азаматтың, оның ішінде орыс
тілінде оқып білім алған қазіргі қызметкерлерге қазақ тілін үйретіп жүрген
ұстаздардың тікелей міндеті. Сондықтан мемлекеттік тіл мәселесін кешенді
түрде түгел қолға алып, іс қағаздарын мемлекеттік тілде сауатты жүргізу
үшін білікті мамандар саны көп болуы керек.
Қазіргі таңда білім беру жүйесінде жаңаша оқу бағдарламаларын ескере
отырып, өз іс-тәжірибесінің нәтижесін көрсетіп, шығармашылық еңбек жолында
үлкен жетістіктерге жету үшін стандартты емес оқу қызметін, тиімді
әдістерді кеңінен енгізе отырып тыңдаушыларды белсенді болуға
талпындыратын, білім алуға құштарлығын жоғарылататын оқыту әдістерін
қолдану керек.
ХХІ ғасырға тәуелсіз ел ретінде енген республикамыздың әлеуметтік,
экономикалық, мәдени өмірінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Қазақстан
Республикасының Конститутциясы (1995), Тіл туралы Заң (1997), Тілдерді
қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (1998) республикадағы тіл
мәселелерін реформалауды жүзеге асыруға негіз болады әрі мүмкіндік береді.
Сондықтан бұл реформаны жүзеге асыру үшін ір министрлік, әрбір мекеме,
ұйымдар, жеке адамдар өздерінің нақты істерін көрететін шаралар белгілеп,
соны жүзеге асыруы тиіс. Солардың шіндегі ең өзектісі, ең алдымен қолға
алынатыны –қазақ тілінің конститутиялық мәртебесін мемлекеттің бүкіл
аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында жүзеге асыру.
Іс қағаздарын қазақша жүргізу – мемлекеттік тілдің жүзеге асуының
нақты көрсеткіші.
Мақсаты: Құжаттарды құру, құжат деректемелерін дұрыс орналастыру,
оларды ресімдеу және ұйымдық-басқару құжаттамасының жалпы сипаттамасын
қарастыру.
Міндеттері: Жеке адам өміріне қатысты іс-қағаздарды қарастыру.

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Іс қағаздардың түрлері

Іс-қағаздарының қызметтері:

- жеке тұлғалар арасындағы қатынасты реттеуші;
- жеке адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеуші;
- әр түрлі мекеме, ұйымдардың өзара байланысын реттеуші;
- мекеме, ұйым жұмысын ұйымдастыру тәртібін негіздеуші;
- жеке адам мен қоғам өміріне қатысты оқиғаларды айғақтаушы;
- мемлекеттік басқару ісін жүйелеуші;
- тарихи құбылыстарды зерттеудің қайнар көзі;
- мекеме мен ұйымның атқарған істерінің көрсеткіші;
- мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.

Іс қағаздарының сипаттары:
- саяси ( мемлекетішілік, мемлекетаралық, халықаралық қатынастарда);
- әлеуметтік ( қоғамдық-әлеуметтік қатынастарда);
- ұйымдастырушылық ( басқару қызметі жүйесінде);
- құқықтық ( заңдық және жеке тұлғалар арасындағы қатынастарда);
- тарихи ( әр дәуірдің, қоғамдық сатының өзіндік ерекшеліктеріне сай
қатынастарда).
- ресмилік ( міндетті түрде заңдық тұрғыда тіркелуінде).

Құжаттау үрдісі элементтері:
- құжаттарды дайындау;
- құжаттарды жолдау, тіркеу;
- сырттан келген құжаттарды қабылдау, тіркеу;
- құжаттарды қолдануға дайындау;
- құжаттардың жүзеге асырылуын бақылау;
- құжаттарды мұрағат қорына дайындау.

2.2 Ресми іс қағаздардың стилі

Стиль – латын сөзі, қазақ тіліне аударғанда жазу мәнері дегенді
білдіреді.
Стилистика – тілдің қолданылу заңдылықтарын зерттейтін ғылым, ол
тілдік белгілердің дұрыс қолданылу нормасын көздейді.
Қазақ әдеби тіл стильдері:
1. ауызекі сөйлеу стилі
2. көркем-әдебиет стилі
3. публицистикалық стиль
4. ресми іс қағаздар стилі
5. ғылыми стиль
Ресми немесе іс қағаздар стилінің ерекшелігі, онда акт дәл көрсетіліп,
бір ізбен жүйелі жазуға айрықша мән беріледі.
Қазақ тілінде қолданылып жүрген қалыптасқан сөз орамдарының көпшілігі
орыс тілінің ықпалымен жасалған : қызу мақұлдау, қызу қарқын, тұрмыстық
қызмет, қызмет көрсету, жүзеге асыру, қамтамасыз ету, өз күшінде қалдыру,
қол жеткен табыс, кең жол ашу, іске қосу, мәселе көтеру, алғыс жариялау,
сөгіс жариялау.
Көптеген сөздер белгілі стильге телулі болады, қолданылу жағынан
шектеліп отырады. Мысалы: тағайындалсын, міндеттелсін, осы анықтама
берілді, қаулы етеді, жарлық етеді т.б.
Ресми іс қағаздарында кейде бір заттың я ұғымның атауы қолданылу
орнына қарай әр түрлі аталады. Мысалы, адам деген сөз ресми құжаттарда –
азамат, жолдас, телефон станциясында – абонент, ательеде – заказ беруші,
шаштаразда – клиент, ауруханада – науқас, санаторииде – демалушы, тынығушы,
транспортта – жолаушы т.б. болып табылады.
Іс қағаздары стиліне әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері
болады.
Ресми құжат стильдеріне тән белгілер:
- мазмұнының қысқа әрі тұжырымды баяндалуы;
- тұжырымдардың дәл, нақты болуы;
- сөздер мен терминдердің нақты, тура мағынасында пайдаланылуы;
- терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігі;
- терминнің ең қолданылу жиілігі жоғары, Мемлекеттік терминология
комиссиясы бекіткен нұсқасының пайдаланылуы;
- қалыптасқан мазмұндық-құрылымдық нормалардың қатаң сақталуы.

2.3 Жеке адам өміріне қатысты құжаттар

Өмірбаян
Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша
жасалған ресми құжат. Әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде
жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері,
ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс
тәжірибесі туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі.
Тәжірибеде өмірбаян үш түрлі болып жазылады. Бірі-адамның өз өмірі мен
қызметі туралы баяндауы. Бұл көбінесе қызметке орналасу кезіндегі жеке іс
қағазына қоса тігілу үшін жазылады. Онда адам өзінің аты-жөнін, туған
күнін, толық көрсетеді. Одан кейін жаңа жолдан нақты деректермен санамалап
жазады. Өмірбаянның бұл түрі көбінесе ресми түрде жазылады да, көлемі
жағынан шағын болады.
Өмірбаянның екінші түрі — мемуарлар, яғни акын, жазушылардың, өнер,
қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы.
Мұндай өмірбаяндар көркем шығармаға жақын, әдеби тілмен, шебер
жазылғандығымен оқырманды тартады және ол оқырманды жеке адам өмірімен ғана
емес, қоғам дамуымен таныстырады. Мұндай шығармалар кай тілде болмасын өте
көп және қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазылған түрі кездеседі. Мысалы,
Қ.Байсейітовтың "Құштар көңіл"(1977) Ш. Жиенқүлованың Өмірім менің -
өнерім (1983) кітаптары өмірбаянның осы түріне жатады.
Өмірбаянның үшінші түрінде қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірі мен
шығармашылық, саяси қызметтері өз тарапынан емес, басқа біреулер тарапынан
баяндалады. Мәселен, ұлы жазушылар мен ақындар-А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов,
А.С. Пушкин өмірлері туралы шығармалар осындай өмірбаян түріне жатады.
Мысалы, С.Мүқанов - Аққан жүлдыз,
М. Әуезов Абай жолы. Өмірбаянның мұндай түрі көркем шығарманың әр
түрлі жанрлары ыңғайында очерктен бастап роман-эпопеяға дейін жазыла
береді.
Күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын құжаттың біріншісі
- өмірбаян. Өмірбаян әркімнің өз қолымен, таза, жүйелі түрде, сиямен
жазылады. Арнайы қағазға жазылуы да мүмкін.
Өмірбаянның мазмұндық-құрылымдық жүйесі:
1. Құжаттың аты (өмірбаян)
2. Аты-жөні (толық жазылады), туған жылы, айы, күні, туған жері
3. Ұлты
4. Білімі, оқыған оқу орындары
5. Қоғамдық-саяси қызметі
6. Ата-анасы, жұбайы, балалары туралы мәлімет
7. Қазіргі жұмысы, мекен-жайы
Өмірбаянның мазмұны автордың өмір жолын, іскерлік қасиеттерін жан-
жақты баяндап беруге тиіс. Өмірбаян үлгісін 1 қосымшада көруге болады.

Түйіндеме (Резюме)
Резюме француз тілінен алынған термин. “Айтылған, я жазылған мәселенің
қысқаша түйіні” деген мағына береді.
Түйіндеме – белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы,
кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет
беретін іс қағазының бір түрі.
Жазылған түйіндеме сіз туралы толық мәлімет беру үшін онда, сіздің
біліміңіз, біліктілігіңіз, жеткен жетістігіңіз, жұмыс тәжірибеңіз, не
нәрсеге икемділігіңіз бар екені айтылуы керек. Түйіндеме сіздің кең
көлемдегі визит карточкаңыз іспеттес. Түйіндеме жазуда сіздің мақсатыңыз -
өз өмірбаяныңыз бен жұмыс тәжірибеңізді, мамандығыңызды, икемділігіңізді
ұтымды көрсете білу. Осы арқылы ойлаған жұмыс орнына қол жеткізу. Сондай-
ақ түйіндеменің әдемі рәсімделуіне де көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Яғни мекеме
басшысы сіздің кім болып істегіңіз келетінін түйіндемені оқу барысында
бірден ұғатындай болу керек Қалаған мамандығыңызға байланысты жеке
басыңыздың қасиеттері анық көрсетілуі тиіс. Мәселен, сіз жарнама агенті
болып орналасқалы келсеңіз түйіндемеге адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай
алатындығыңыз, тапқырлығыңыз, интуицияңыз, адам психологиясын жақсы
білетіндігіңіз сияқты қасиеттеріңіз жазылуы керек. Түйіндемеде белгілі бір
адам туралы мәліметтер ықшам әрі нақты түрде беріледі.
Түйіндеменің ерекшелігі – үміткердің білімі және кәсіби шеберлігі
туралы мәліметтердің кері хронологиялық тәртіпте берілуі.
Түйіндеменің мазмұндық-құрылымдық жүйесі:
- аты-жөні;
- туған жылы, күні, айы, туған жері;
- ұлты;
- жынысы;
- мекен-жайы, телефоны;
- отбасы жағдайы;
- азаматтығы;
- білімі;
- бітірген оқу орындары;
- кәсіби біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі;
- тілдік дағдылары;
- компьютерлік сауаттылығы;
- жеке қасиеттері (жауапкершілігі, адамдармен қарым-қатынас орнатуға
бейімділік, ұстамдылық, мақсаттылық, ұйымдастырушылық, басқарушылық
қабілеттер, ұжыммен жұмыс істей білу, ұқыптылық, алға қойған
міндеттерге шығармашылық көзқарас т.б.)
- қызығушылығы (саяхатқа шығу, би, домбырада ойнау, кітап оқу т.б.)
туралы мәлімет, қосымша ақпараттар (мақтау грамоталары, сертификаттар,
наградалар, патенттер т.б.)
Түйіндеме жазғанда жадыңызда ұстаңыз!
1. Түйіндемеде Сіздің маман ретіндегі бейнеңізді толықтыратын, аша
түсетін өз мінезіңіздің кейбір жақсы қырларын да атап өтініз. Басшылық,
жетекшілік, ғылыми жұмыстарға икемділігіңіз болса, ол да назардан тыс
қалмасын.
Дайындаған құжаттар мен жазбаларды қайталап бір оқып шығып, керекті
мәліметтерді ойша реттеп алып резюменің колжазбасын дайындауға кірісіңіз.
Құжаттар мен мәліметтерді дайындап алғаннан кейін резюме жазып шығу қиын
болмайды. Ең бастысы ол мәліметтерді ретімен, қысқа, нақты бере білу.
Қашан, қайда оқыдыңыз, қайда, кім болып істедіңіз, қайда, қашан біліміңізді
көтердіңіз, тәжірибе жинақтадыңыз?
Егер ғылыми дәрежеңіз болса оны қалыптасқан редакциямен көрсетесіз.
Мысалы, "техника ғылымының кандидаты", "биология магистрі", т.б.
Жазған еңбектеріңіз, шыққан кітаптарыңыз болса, маңыздыларын атап
көрсетіңіз.
Қызмет бабымен, турист ретінде жасаған шетелдік сапарларыңыз да
көрсетіледі. Шет тілін білу дәрежеңіз, компьютерді қаншалықты
игергендігіңіз де көрсетіледі.
Жеңіл машина немесе транспорттың басқа түрін жүргізе алатындығыңызды
көрсету де артық болмайды.
Айтылатын негізгі мәселелер осы. Қысқасы, "не, қайда, қашан" екендігі
жазылады.
2.Түйндемені оқыған қезде сіздің алға қойған мақсатыңыз айқын көрініп
түруы кереқ, яғни мекеме басшысы сіздің кім болып істегіңіз келетінін
түйіндемені оқығанда бірден үғатындай болғаны дүрыс.
Жеке басыңыздың қасиеттерін атап көрсеткен кезде, оның сіздің таңдап
отырған жұмысыңызға орналасуға септігі тиетіндігі басты назарда болуы
қерек. Мысалы, сіз жарнама агенті болып орналасқалы келсеңіз, резюмеге
адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай алатындығыңыз, тапқырлығыңыз,
интуицияңыз, адам психологиясын жақсы білетіндігіңіз сияқты қасиеттер
жазылуы керек. Егер бастауыш сынып оқытушысы болғыңыз келсе, балаларды
жақсы көретіндігіңіз, мейірімділігіңіз, шыдамдылығыңыз т.б. жазылуы кереқ.
Жиналған мәліметтерді резюмеде берудің екі жолы бар: хронологиялық және
фунқционалдық..
Хронологиялық тәсіл. Алдымен қазір істеп жүрген жүмысыңыз көрсетіледі
де, ары қарай Хронологиялық ретпен жазылады. Яғни, соңғы орында сіздің
бірінші жүмыс орныңыз, я болмаса бірінші аяқталған оқу орны жазылады. Егер
сіздің жұмыс стажыңыз көп болса, алдымен косіптік жолыңьтзды көрсеткеніңіз
дүрыс. Ал оқу орньш жаңа аяқтаған, қызметті жаңа бастағалы түрган адам
оқыған оқу орны, алған мамандығы жайлы мәселені негізгі назарда үстайды.
Функционалдық тәсіл. Бүл тәсіл білімі мен біліктілігі, жүмыс
тәжірибесі мол адамға лайықты. Мүнда жүмыс стажы кері Хронологиялық ретпен
беріледі де, одан кейін білімі жайлы моліметтер көрсетіледі. Егер бір
мекемеде бірнеше жыл қатарынан істесеңіз, онда жүмысыңыздың жалпы сипаты
өзгермегенде болса, бәрін тізіп жатпай-ақ, қысқаша жазуға болады. Мысалы,
"1991-1999 жылдар аралығында Машина жасау заводында экономист, аға
экономист, директордың орынбасары қызметтерін атқарды".
Соңғы жүмыс орнынан немесе жеке адамның атынан алынган кепілдеме
болса, оның бар екендігі резюмеде бір сөзбен айтылу керек. Қажет деп тапқан
жағдайда ол резюмемен бірге тапсырылады. Түйіндеме үлгісі 2 қосымшада
берілген.

Жеке іс парағы
Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы - жұмысқа қабылдану,
сайланбалы оргаңдарға сайлану кезінде, сондай-ақ ұйымдар, мекемелер мен
ведомстволар талап еткен басқа жағдайларда толтырылатын арнаулы бланк
түріндегі ресми құжат. Жеке іс парағында көрсетілетін мәліметтер еңбек
кітапшасында, өмірбаянда берілетін мәліметтермен дәлме-дәл сәйкес жазылады,
жеке адамның азаматтық хал-жағдайы, кәсібі мен мамандығы, қоғамдық қызметі
мен еңбек жолы толық көрсетіледі (3 қосымша).

Визит карточкасы
Визит карточкасы – жеке тұлғаның қызмет орны, аты-жөні, байланыс
мәліметтері қысқаша жазылған, ресми қатынас мәдениетіне лайықталған,
белгілі бір пішінмен рәсімделген құжат.
- Визит карточкасы іскерлік қатынас үшін өте керек іс қағазы, құжат.
- Визит карточкаларының мазмұны бірдей болғанмен, безендірілуі әр
түрлі болуы мүмкін.
- Визит карточкалары негізінде Тітез 14 -шрифтімен жазылады.
- Аты-жөнін жазғанда фамилиясы үлкен әріппен теріледі. Мысалы:
БЕКБОЛАТОВ Асан Қайырбекүлы.
- Қызметі. Тек ресми атқаратын кызметі жазылады.
Міндетін атқарушы, уақытша орындаушы деген сөздер жазылмайды.
- Ғылыми ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ордерлік бағалы қағаздар
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының дамуы және оны реттеу мәселелерi
Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері
Бағалы қағаздар нарығының құрылымы
Қаржы нарығы туралы түсінік
Қаржы нарығы және қор биржасы
Бағалы қағаздардың түсінігі
Бағалы қағаздардың азаматтық құқықтың объектісі ретіндегі орны
Бағалы қағаздардың эмиссиясы және айналысқа шығарылуы. Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары
Бағалы қағаздар рыногы және оның Қазақстан Республикасындағы дамуы
Пәндер