ХIX ғасыр орыс түркологтарының грамматикалық еңбектері, зерттеу объектілері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3-
1. ХІХ ҒАСЫР ОРЫС ТҮРКОЛОГТАРЫНЫҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІ, ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІЛЕРІ
1. 1 XIX ғасырдың екінші жартысындағы ғалымдардың еңбектеріндегі
метатілдің қалыптасуының қайнар көздері . . .
1. 2 Орыс түркологтарының морфологиялық зерттеулерінің негізгі принциптері
мен айырмашылықтары . . .
1. 3 Орыс түркологтарының грамматикалық еңбектерінің негізгі
ерекшеліктері . . .
1. 4 Бірінші тарау бойынша тұжырым . . .
2. XIX ҒАСЫР ОРЫС ТҮРКОЛОГТАРЫНЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ
2. 1 Сөз таптары мен топтастырылуы . . .
2. 2 Есім сөз таптарының берілу ерекшеліктері . . .
2. 3 Етістіктердің және оның категорияларының құрылымдық ерекшеліктерінің көрінісі . . .
2. 4 Көмекші сөздер мен одағай туралы көзқарас . . .
2. 5 Екінші тарау бойынша тұжырым . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
Зерттеудің өзектілігі . ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы түркі тілін зерттеген ғалымдардың еңбектерін зерттеу қазақ тіл білімінің ғылыми танымын тереңірек ашып көрсетуге, грамматикалық еңбектердің бастау алар тұсына тағы да бір сыни ойлау тұрғысынан көз жіберуге мүмкіндік береді. Қазақ тілі грамматикасы, соның ішіндегі морфология саласының қалыптасуының ғылыми-теориялық негіздерін ашып көрсету, мүмкіндігінше, жан-жақты талдау жасау бұл мәселені ғылыми тұрғыдан зерттеп, табиғатын ашып көрсетуге жол ашады. Атап айтатын болсақ, ??№қазақ тіліндегі қосымшаларды тілдік материалға сәйкес бөліп қарауы, әлі де әртүрлі пікір қалыптастыруға негіз болып жүрген аффикстерге берген тұжырымды ойлары, етістіктің грамматикалық топтарына байланысты құнды пікірлері қазіргі қазақ тілінің грамматикасын қалыптастыруға қосқан құнды көзқарас, тұжырымдары деп санаймыз. Міне осы айтылғандар зерттеу нысанына алынып отырған тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Зерттеу нысаны - Н. И. Ильминскийдің, М. Терентьевтің, П. М. Мелиоранскийдің, В. В. Катаринскийдің еңбектері
Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты - ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы түркологтардың ғылыми танымы мен өзіндік көзқарастарын қазіргі таңдағы ғылыми ой-пікірлермен салыстыра отырып, түркітану іліміндегі, оның ішіндегі қазақ тіл біліміндегі орнын анықтау, қазақ тілі морфологиясының қалыптасуына сіңірген еңбектердің мәнін, ұстанған бағыты мен позициясын ашып көрсету, ғылыми мұраларына лайықты бағасын беру. Бұл мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу алға қойылды:
Жұмыстың ғылыми жаңалығы .
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы . Қазақ тіл білімінің теориялық мәселелерінің ғылыми негізін қалыптастыруға өзіндік
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар.
Зерттеудің дереккөздері .
Зерттеу әдістері . Жұмысты жазу барысында сипаттама, талдау, жүйелеу, жинақтау, тарихи-салыстырмалы, статистикалық, қорыту әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялануы . Зерттеу жұмысының негізгі тараулары бойынша ғылыми жинақтар мен журналдарда мақала жарық көрді.
Зерттеу жұмысының құрылымы . Диссертация кіріспе, екі бөлім, қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді
КІРІСПЕ
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы түркі тілін зерттеген ғалымдардың еңбектерін зерделеу қазақ тіл білімі үшін қажет екені даусыз мәселе. Күні бүгінге дейін қазақ тілін басқа ұлт өкілдері еркін меңгеріп кете алмай жүргендігін ескерер болсақ, бұл мәселенің түп-төркінін түркі тілін зерттеудің «алтын ғасыры» ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастау қажеттілігі ескерілді. Себебі осы кезеңнен бастап түркі тіліне көңіл бөлініп, түркі тілдер тобына жататын халықтардың мәдениеті, танымы, салт-дәстүріне мән беріле бастады. Әсіресе, сауда-саттық байланыс орнату үшін, т. б. себептерге байланысты осы елдің тіліне қызығушылық туындады. Түркі тілдері тобының бір тармағына жататын қазақ тілі де бұдан тысқары қала алмады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы түркі тілін зерттеудің «алтын ғасыры» деген атауға ие болып тарихта қалды. Орыс және Батыс Еуропа ғалымдары түркі тілдерін тарихи, ғылыми зерттеуді осы кезеңде нақты қолға ала бастады. Патшалық Ресей қоластындағы шығыс халықтарын орыстандыру арқылы өз үстемдігін жүргізбекші болып, оларды ортақ бір тілде сөйлету жолында миссионерлік саясатты жүзеге асыруға бар күш-жігерін салып бақты. Осы әрекет орыс түркологтары арқылы жүзеге асырылды. Оларға үлкен міндеттер жүктелді, өз еңбектерінде түрік грамматикасын үндіеуропа, оның ішінде орыс грамматикасымен байланыстыра зерттеу басты нысанға алынды.
Халқымыздың мәдениетін көтеріп, сауатын арттыруда араб жазуының әкелген пайдасы шамалы екенін қазіргі көзі карақты азаматтардың барлығы біледі. Араб жазуын оқытатын шала сауатты молдалар надан елдің көзін ашпақ түгілі саналарын шатастырумен болды. Араб жазуына байланысты кемшіліктерді түркі тілін зерттеуші лингвист ғалым П. М. Мелиоранский дәл байқаған: «Грамотность и писменность между киргизами развита очень мало. Для письма киргизы употребляет арабский алфавит, которым с давнего времени пользуются их учителя - татары и бухарцы . . . они внушают что их язык есть язык испорченный, нечистый (за норму при этом принимается нередко даже и не татарский, а османский, или джагатайский) язык и учать их стараться «украшать» свой «бедный» языки словами, заимствованными из священного языка арабского или персидского. Впоследствие этих-то причин, киргизские (казахские - автор) «муллы» к грамоте начинают писать уже действительно «испорченным и нечистым» киргизским языком, который часто становится даже мало-понятным их «необразованным соплеменником» [1, 4б. ] Бәрімізге белгілі, «араб жазуы басқыншылардың о баста елді билеудің бір тәсілі есебінде тұтынған құралы болатын. Бұл жазулардың қай-қайсысы да халықтың өз қалауымен қабылданған жазу емес еді». [2, 111б. ]
Дегенмен, шығыс халқының небір асқан туындыларымен қазақ халқы осы жазу арқылы таныс болды. Газет-журналдар халқымыздың өзіндік тыныс-тіршілігін араб жазуы арқасында елге жеткізіп отырды. Қазақ зиялылары да осы араб жазуын пайдаланды. Бірақ араб жазуы сол кездегі талапқа сай келмеді. Яғни, біздің дауысты дыбыстарымыздың жуан, жіңішке түрін түгел бере алмады. Дауыссыз дыбыстардың жазылуында да жүйе болған жоқ. Септік жалғаулары бөлек, шылаулар бірге жазылатын.
Араб жазуының осындай кемшіліктеріне байланысты қазақ жазуын реформалау жөнінде мәселе көтеріле бастайды. (Қараңыз: Григорьев В. В. О передаче звуков киргизского языка буквами русский азбуки - Ученые записки Казанского университета, 1862) . Сол кездегі газет-журналдарда, нақтырақ айтқанда, 1897 жылы «Қырғыз даласы газетінде» («Киргизская степная газета») тұңғыш рет Р. Дүйсенбаеваның қазақ алфавиті мәселесіне арналған мақаласы басылып шығады. Қазақ халқының ағартушы-педагогі Ы. Алтынсарин де бұл мәселені қозғаған болатын.
Алфавитке, грамматикаға қатысты жазба жұмыстары мен екі тілді сөздіктер
ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда болды. Қазақтарға арналған бірінші әліппе 1892 жылы Қазанда басылып шықты. Бұл оқулық қазақ мектептеріне арналған. Хрестоматия сынды бірінші оқулық - Ы. Алтынсариннің 1879 жылы Орынборда басылған «Қазақ хрестоматиясы». «Осы оқулықтың қатарына 1896 және 1899 жылдары Орынборда басылып шыққан Ы. Алтынсариннің «Махтубап» кітабы жатады» [9, 73]
Қазақ тілінің грамматикасын зерттеуші ғалым В. В. Катаринский араб-татар алфавитінің жоғарыда келтірілген кемшіліктерін айта келе, « . . . то удобнее в этом случае русский алфавит с очень небольшим изменением и прибавлением » [3, 3] деп өз еңбектерін орыс алфавиті негізінде жазғанын айтады. Орыс жазуына көшу тек аталған себептерге ғана қатысты емес, оның ар жағында белгілі бір миссионерлік саясат жатқанын уақыт өзі дәлелдеп отыр.
Патша үкіметінің тапсырмасымен орыс ғалымдарының келе бастауының нәтижесінде қазақ халқының өмірінде елеулі өзгерістер байқалды. Көптеген еңбектер орысшаға аударылып, жарық көре бастады. Орыс оқымыстылары қазақтарға орысша үйретіп, олармен араласа бастады. ХІХ ғасырдың екінші жартысында орыс түркологиясы әлемдік шығыстану ғылымының алдыңғы сапынан көрінді. Барлық түркі тілдері сол кезеңде отандық ғалымдардың ғылыми-зерттеу нысанына айналды. Түркі тілін, соның ішінде қазақ тілін зерттеуде атақты орыс ғалымдары - Н. И. Ильминский, М. А. Терентьев, П. М. Мелиоранский, В. В. Катаринский, В. В. Радлов, Н. Н. Пантусов, В. В. Григорьев, В. В. Бартольд, С. Е. Малов. Н. Лаптев, Е. А. Алекторов және М. Н. Бектемиров, қазақ халқының ағартушы ғалымы А. Диваев т. б. ғалымдары зор үлес қосты. Аталған ғалымдар қазақ тіл білімінің лексикалық, грамматикалық және фонетикалық құрылымын зерттеумен айналысты. Осы кезеңде орыс түркологиясында тұңғыш рет қазақ тілі туралы мәселе көтеріле бастады. Ол мәселе бекер қозғалмаған еді. Себебі, біріншіден, қазақ тілі «туыстас түріктес елдермен салыстырғанда сөзге шешендіктерімен ерекше көзге түссе», [4, 70б. ] екіншіден, «Ресей үшін Жайықтан Ертіске дейінгі кеңістікте тұрған оның көршілері - қазақтармен қарым-қатынас жасау бәрінен де маңызды болды» [5]
ХІХ ғасырдың орта шеніндегі қазақ тілін зерттеу практикалық мақсатты көздегенімен, А. Н. Кононовша айтқанда, [6] «орайы келіп ғылыми мазмұнға ие болған» жұмыстар да болды. XVIII ғасырда шығыс тілдерінің жеке үлгілері, қазақ тілі лексикасы туралы жеке фактілер кездескенінімен, ең алғашқы ғылыми еңбектің бірі ретінде Николай Иванович Ильминскиийдің (1822-1891) «Материалы к изучению киргизского наречия» (1861 ж. ) деп аталатын еңбегін атап кету орынды болар еді. «Өзінің қызмет бабы мен ықылас-ынтасына қарай нағыз миссионер, яғни Россия қол астына қараған аз халықтарды христиан дініне енгізу ісіне белсене қатысқан, тіпті сол үшін кертартпа, реакцияшыл пікірлер білдіріп отырған Ильминский сол халықтардың арасында оқу-ағарту ісін тарату мәселесіне келгенде, прогрессивтік позицияны ұстанған» [7] (Бізге дейін қазақ тілін зерттеуші орыс ғалымдары туралы материалдардың жеткілікті екенін ескере отырып, өз еңбегімізде қазақ тілінің грамматикасына қатысты XIX ғасырдағы орыс түркологтарының еңбектерін ғана қарастырғанды жөн көрдік) .
Н. И. Ильминскийдің аталған еңбегі шығыс тілімен айналысатын, татар тілімен таныс адамдарға арналған «қысқа тәжірибе» түріндегі фонетика-грамматикалық анықтама болғанымен, қазақ грамматикасы мен фонетикасын арнайы зерттеудің бастамасы ғана емес, мұрындығы да болып отыр. Бұл еңбек үш бөлімнен тұрады: фонетика (часть звуковая), грамматика, сөздік. Барлық фонетика-грамматикалық бөлім бар-жоғы 30 беттен (110-140 б. ) тұрады. 140-159 беттер сөздікке арналған.
Фонетика бөлімінде Н. И. Ильминский дауысты дыбыстар мен кейбір дауыссыздардың бір-бірімен ықпалдасуын сипаттаумен қатар, олардың дыбысталу ерекшеліктеріне тоқталады.
Грамматика бөлімі екі тақырыптан: «Есім» мен «Етістіктен» ғана тұрады. Бұл бөлімде сөзжасам мен сөз түрлендіруге (септелу, жіктелу, тәуелдену, көптік форма) сипаттама беріледі. Етістер мен болымсыз формалар, көсемше мен есімшелер туралы мәліметтер келтіріледі. (Бұл еңбеккке келесі тарауда арнайы тоқталып өтеміз) . Ильминскиийдің бұл атақты еңбегі өз кезінде қазақ тілін үйренушілерге де, зерттеушілерге де құнды материал болды. Оның лексикалық материалдары негізінде М. А. Терентьев, В. В. Катаринский т. б. қазақ тілін зерттеуші оқымысты-ғалымдар өз еңбектерін жазды, сөздіктер шығарды.
М. А. Терентьевтің (1837-1909) «Грамматика турецкая, персидская, киргизская и узбекская» [8] деп аталатын еңбегін кейінгі зерттеуші-ғалымдардың сынына ұшырағанына қарамастан, біз өз еңбегімізде қарастыруды жөн санадық. Бұл еңбекті түрколог-ғалым сол кездегі жазба тілі әлі бір ізге түсіп орнықпағандықтан, сөздердің айтылуы бойынша жазған. Қазақ тілін парсы, түрік, өзбек тілдерімен салыстыра зерттегендіктен, ғалым ежелгі өзбек тілі мен «кітаби тілді» араластырып жіберген деп П. М. Мелиоранскийдің сынына ұшыраса, қазақ халқының түрколог ғалымы С. Аманжолов[15. 188б. ] оңтүстік диалекті мен көне өзбек тілінің жақындығын «кітаби тіл» деп П. М. Мелиоранскийдің шатасып отырғанын айтады. Қазақ тілі бөліміндегі қазақ тілі грамматикасы Н. И. Ильминскийдің материалдары - қазақтармен сөйлесу кезінде тәжірибеден өткен сөздері арқылы жасалған. Грамматикадан тек морфология бөлімі ғана бар, фонетика бөлімі мүлдем жоқ. Тілдік материалдар орыс алфавиті арқылы берілген. Дегенмен бұл еңбектен қазақ тіліне қажетті біраз материалдарды алуға болатынына көзіміз жетті. Қазақ халқына тән мақал-мәтелдер молынан кездеседі. Сөзіміз дәлелді болуы үшін мысалдарға жүгінейік. Дос егіз - дұшпан сегіз. Таудай қалау бергенше, бармақтай бақ бер. Қараның ашуы келгенше - сарының жаны шығар. Қалауын тапса, қар жанар. Көңіл кірі айтса кетер, көйлек кірі жуса кетер. Бойдақтың ақылы - екі көзі.
Қазақ тілін зерттеудегі маңызды оқиғаның бірі - П. М. Мелиоранскийдің (1868-1906) «Краткая грамматика казах-киргизского языка» деп аталатын еңбегі. Бұл еңбек ғалымдар тарапынан өзінің бағасын алды да. «Первый выпуск этой весьма ценной грамматики, которая заслуженно может быть названа первой научной грамматикой современных тюркских языков, появляется в 1894г. в Петербурге и содержит фонетику и морфологию, вторая часть вышедшая в 1897г., посвещена синтаксису . . . труд П. М. Мелиоранского в дальнейшем лег в основу грамматики не только казахского, но и многих других тюркских языков и по сей день остается настольной книгой тюркологов» [9, 75б. ] Академик-ғалым І. Кеңесбаев былай дейді: « «Краткая грамматика казак-киргизского языка» П. М. Мелиоранского в двух частях (1894, 1897) представляют собой серьезный вклад в языкознание, в частности в лексику, фонетику и грамматику казахского языка, и не потеряли своего значения поныне» [10, 15б. ] Қазақ тіл білімін зерттеуші ғалымдар А. Н. Кононов, Н. А. Баскаков, С. Аманжолов, Р. Ғ. Сыздықова, т. б. өз еңбектерінде ғалымның қазақ тілін зерттеудегі еңбегін айрықша бағалап отыр. Грамматика Петербург университетінің шығыс тілдері факультетінде басылып шықты. Автор еңбегін қазақ тілін үйренем деушілерге ғана арнап жаздым десе де, қазақ тілі грамматикасын ғылыми тұрғыдан жүйеге келтірген тұңғыш еңбек және басқа еңбектердің алды болып табылады. Автор бұл еңбегінің ІІІ және IV тарауларында сөз таптарына тоқталып, 8 топқа (зат есім, сын есім, есімдік, етістік, сан есім, үстеу, жалғаулық, демеулік, шылау) бөледі. Ғалым ескертпесіне қарамастан (Автор еңбегінің кіріспесінде кейбір бөлімдердің толық еместігін, әсіресе, сөзжасамды толықтыру керектігін ескерткен. ) сөзжасамға көбірек тоқталған. Сөзжасамды автор морфологияның соңында өз алдына жеке бағыт етіп отыр. Демек ол сөзжасамды сол кезде-ақ бөлек беруді мақсат етіп қойған. Түбі бөлек қарастырылатынына ой тастаған сияқты. Еңбекте қазіргідей 7 септік бар берілген. Қысқасы, бұл еңбектің қазақ тіл білімінде алатын орны ерекше.
Ильминскиийдің шәкірті, қазақ балалары үшін орыс тілі оқулығын жасаған («Первоначальный учебник русского языка для киргиз»), тіліміздің зерттелу тарихында еңбек сіңірген В. В. Катаринскийдің (1846-1902) 1897 жылы Орынборда құрастырған «Грамматика киргизского языка» атты еңбегін атап өту қажет. Еңбек қазақ тілін үйренем деуші орыстарға арналған. Автор 1869 құрастырылған «Алтай тілінің грамматикасын» басшылыққа алған және 1861 жылғы Н. И. Ильминскиийдің «Материалы к изучению киргизского языка» еңбегі негізінде және сұлтан Бахтигереев қарап шығуымен жарық көрген. Қолжазбасын Петербург университетінің профессоры П. М. Мелиоранский оқып, грамматикалық формалар мен күрделі сөйлемдерді нақты ажырата алмаған деп ескерту жасап, түзеткен. Еңбек туралы автор былай дейді: «Грамматика киргизского языка не претендует ни на полноту, ни на полную исправность в содержании и изложении. При втором издании в ней по возможности будут исправлены все недостатки, какие будут замечены и указаны следующими в этом деле лицами», - деп кемшіліктері болғанын жасырмайды. Шынында да, сол кездегі қазақ тілінің белгілі бір жүйеге келмегендігін, әлі термин қалыптаспағандығын және ғалымның өзге ұлт өкілі екенін ескерер болсақ, бұл қомақты еңбек кейбір кемшіліктеріне қарамастан, кейінгі тіл үйренушілер үшін де, тіл үйретушілер үшін де таптырмайтын құрал болғаны даусыз.
XIX ғасырдағы қазақ тілінің зерттелуі туралы қазіргі уақытта қандай еңбектер бар және ол еңбектерде қазақ тіл білімі салалары түгел қамтылған ба деген мәселеге келер болсақ, төңкеріске дейінгі қазақ тілінің зерттелуі жайлы Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген ғалым-қайраткері, СССР ҒА-ның корреспондент мүшесі, ежелгі еврей тілінің оқытушысы, татар мен араб тілінің білгірі С. Е. Малов «Қазақ тілінің тарихы туралы» [11] мақаласында қазақ тілінің тарихы мен көне ескерткіштеріне тоқталып, кейінгі зерттеушілерге жөн сілтеген. Ғалым Э. Н. Наджиптің [9, 73-90б. ] мақаласында қазақ тілін зерттеуші ғалымдар туралы айтылып, олардың еңбектеріне тоқталады. Ол өз еңбегінде қазақ тілін зерттеу ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталғандығын және осы кезеңде қазақ әдеби тілі де қалыптаса бастап, оның негізін қалаушы қазақ халқының ағартушы-ақыны, ойшылы Абай Құнанбаев екендігін атап өтеді.
Қазақ тілін зерттеудегі еңбектердің ішінде академик А. Н. Кононовтың еңбегін[6] атап кету орынды. Аталған еңбек түркі тілдерін зерттеу тарихына арналған құнды дүние. Ғалым еңбегінде түрколог-ғалымдардың әрқайсысына арнайы тоқталып өтеді. Еңбектерінің маңыздылығын атап кетеді. Әр түркологтарға сипаттама беріп, ғалымдардың еңбектерінің дұрыс-бұрыстығына баға беруді де назардан тыс қалдырмайды.
І. Кеңесбаев «Основные вехи изучения языка казахского народа» [12, 14-32б. ] атты мақаласында қазақ тілінің төңкеріске дейінгі және төңкерістен кейінгі жалпы мәселелерін сөз етеді. Ол өз еңбегінде төңкеріске дейін шамамен 250 еңбектің, оның ішінде қазақ тілінде - 60, орыс тілінде -190 - екі тілді сөздіктер, мақалалар, оқу құралдары шыққанын айтады. Қазақ тілін зерттеудің ғылыми өзектілігін атап көрсетеді. Төңкерістен дейінгі қазақ тілін зерттеудің үш кезеңіне тоқталады:
- Классификациялық жүйелеу тұрғысынан қазақ тілінің фонетика-морфологиялық ерекшеліктері анықталып, түркі тілінің бір тармағы ретінде орны белгіленді;
- Қазақ тілінің фонетика-грамматикалық нормалары қысқаша түрде жазылып, екі тілді жеке сөздіктер құрастырылды;
- Бай ауыз әдебиеті үлгілері туралы шамалы болса да мақалалар жарық көрді.
Академик-ғалым Р. Г. Сыздықова[13, 13-32б. ] мақаласында қазақ тілінің лексикографиясына арнайы тоқталған. Осы кезеңдегі шыққан сөздіктердің кемшіліктері мен жетістіктері туралы айтады. Қазақ тілін зерттеген түркологтардың біразына шолу жасап өтеді де І. Кеңесбаевтың пікірлеріне қосыла келе,
- қазақ тіл білімінің іргетасы қаланды;
- тұңғыш рет қазақ тілі туралы лингвистикалық ілім пайда болды; грамматика мен фонетика курсы құрылды; алғаш рет көп мөлшерде ана тіліндегі лингвистикалық терминдер енгізілді;
- қазақ жазуы, орфографиясы мен пунктуациясы мәселелері күн тәртібіне қойылып, шешімін тапты, - деген жолдарды қосады. Басқа мақалаларында[7] қазақ тілін зерттеген орыс ғалымдары мен қазақ лексикасындағы терминдердің қалыптасуы және грамматика мәселесі жөнінде де сөз қозғалады.
С. Аманжолов [14] «Вопросы диалектологии и истории казахского языка» (Алматы, «Санат», 1997 ж. ) атты кітабында қазақ тілінің осы кезеңдегі зерттелу тарихына тоқталып өтеді. Ғалымның зерттеу нысаны - диалектілер болғандықтан ғалымдардың еңбектері осы мәселе төңірегінде сөз етіледі. Арасында В. В. Радловтың, Н. И. Ильминскийдің, В. В. Катаринскийдің, М. А. Терентьевтің, П. М. Мелиоранскийдің еңбектеріне баға беріп, еңбектеріндегі диалекілерді талдайды. . Дәлелдері орынды, ойларын нақты мысалдармен береді.
Бұл ғалымдардан басқа Х. К. Жұбановтың «Исследования по казахскому языку» [16] атты еңбегі, Ш. Ш. Сарыбаевтың «Қазақ тіл білімі әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші» [17] атты т. б, ғалымдар еңбегінен құнды-құнды материалдармен танысуға болады.
Түркітанушы ғалым Н. А. Баскаковтың екі еңбегі де [15] тіл білімінің даму бағыты мен оның жеке мәселелері жөніндегі ғылыми дүниелер.
Жоғарыдағы аттары аталған, аталмаған ғалымдардың еңбектерінде грамматика мәселелері түпкілікті зерттелді деп айта алмаймыз. Сондықтан біз еңбегімізде грамматикаға қатысты төрт еңбекті зерттеу нысанасы етіп алдық.
1. Н. И. Ильминский «Материалы к изучению киргизского (казахского) наречия», 1860 және 1861 жыл ;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz