Кәсіпкерлік аясындағы қылмыстар



КІРІСПЕ
3
1 КӘСІПКЕРЛІК АЯСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ

5
2 КӘСІПКЕРЛІК АЯСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

9

2.1 Кәсіпкерлік аясындағы қылмыстылықтың түсінігі, жай.күйі ... ... ... .
2.2 Кәсіпкерлік аясындағы қылмыстылықтың себептері мен жағдайлары
2.3 Кәсіпкерлік қызмет аясындағы қылмыстарды жасайтын адамдардың тұлғасының сипаттамасы
2.4 Кәсіпкерлік аясындағы қылмыстылыққа қарсы тұру мәселелері 9

10

37
51
ҚОРЫТЫНДЫ
71
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
75
Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс қылмыстық құқық саласындағы аза өзекті тақырыптардың бірі кәсіпкерлік аясындағы қылмыстармен күресудің криминологиялық аспектілеріне арналған. Аталған жұмыста кәсіпкерлік аясындағы қылмыстардың қылмыстық құқықтық сипаттамасы, кәсіпкерлік аясындағы қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы, кәсіпкерлік аясындағы қылмыстылыққа қарсы тұру мәселелері қарастырылған.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бүгінгі таңда қылмыстық құқық аясында жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі қылмыстылық деңгейінің көрсеткішін азайтуға, соның ішінде кәсіпкерлік қылмыстар аясындағы қылмыстармен күрес жүргізілуде.
Қазіргі кездегі кәсіпкерлік қызмет қоғам мүддесі мен мемлекет қажеттілігіне байланысты күрделі мәселелерді шешуге септігін тигізетін қаржылық-экономикалық қатынастарды түрлендіруге, қаржы жүйесін нарықтық жағдайларға сай келтіруге және инвестициялық белсенділікті дамытуға қызу ат салысатын, сондай-ақ әлеуметтік әл-ахуалдар мен экономикалық тұрақтылықты тиісінше қамтамасыз ете алатын Қазақстан Республикасының тиісті заңдары мен сол заңдардың негізінде қабылданған нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылатын экономикалық сипаттағы қызмет болып табылады. Осындай қасиеттерге маңызы мен атқаратын рөлі күн санап өсе түсуде. К.Поппер атап өткендей “Дәйекті демократия мен ашық қоғам қалыптаспаған жағдайда өркениетті нарыққа өту мүмкін емес” дейді.
Сонымен, кәсіпкерлік қызмет қоғамдық, қоғамдық-мемлекеттік маңызы бар материалдық мүдделер мен қажеттіліктерді (соның ішінде жекеше мүдделерді) қамтамасыз етуге бағытталған,
Қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпкерлік қызмет және оны мемлекеттік (экономикалық және әкімшілік) басқару жайындағы ғылыми ізденіс-зерттеулер мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдау тауып отырғаны белгілі, жаңаша сипаттағы мемлекеттік басқару-реттеу жөнінде ақпарат алғысы келетін мүдделі тұлғалар мен арнайы қаржылық - кредиттік және әкімшілік органдарының қатары күн санап көбеюде.
Зерттеу тақырыбының өзектілігіне арқау болатын тағы бір жағдай мемлекет пен қоғамның өз болмыстарының негізі қаржы-қаражаттарға әрдайым зәру әрі мүдделі болуына байланысты мәселелерді тыңғылықты шешуге айтарлықтай ат салысатын қызмет мемлекет құзырының көлемінде тұрақты жүзеге асырыла беруі.
Зерттеу мақсаты мен міндеттері. Дипломдық зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының нарық жағдайындағы кәсіпкерлік аясындағы заңнамасы мен экономикалық құқықтық қатынастардың басылымды бағыттары мен негізгі міндеттерін айқындап мүмкіндігінше нақты белгілеу арқылы олардың дәреже – деңгейлеріне, меншік нысандарына және қажетті мүдделеріне қарай, сондай-ақ олардың балансты болуына назар аудара отырып, тиісті мемлекеттік даму бағдарламаларында көзделген қоғамдық мемлекеттік нәтижелерге қол жеткізу үшін жүзеге асырылатын обьективациялау маңызы бойынша әлеуметтік және экономикалық тиімділіктері қатаң ескерілетін біржақты өктем ықпал ету.
1. Криминология / Под ред. Дж. Ф. Шели. Питер, 2003г. – 798 с.
2. И.И.Рогов. Экономика и пресупность. Алма-Ата, 1991г. – 258 c.
3. Криминология / Под ред. А.И.Долговой. М., 1997г.- 256 с.
4. А.Нестеров, А.Вакурин. Криминализация экономики и проблемы безопасности // вопросы экономики. 1995г. №1. С 32-33
5. Криминология: Учебник / Под ред. Н.Ф. Кузнецовой, Г.М.Миньковского. М., 1998г.-315 с.
6. Намоконов В.А. Преступное поведение: детерминизм и ответственность. Владивосток, 1989г.- 147 с.
7. Кудрявцев В.Н. Причинность в криминологии. М., 1968г.- 121 с.
8. Иншаков С.М. Криминология. М., 2000г.- 133 с.
9. Алауханов Е:О. Қылмыстану. Алматы, 2006ж.- 155 б.
10. Кудрявцев В.Н., Бородин С.В., Нерсесяец В.С. Социальные отклонения. М., 1989г.- 201 с.
11. Гундаров И.А. Духовное неблагополучие как причина демографической катастрофы. М., 1995г. – 163 с.
12. Преступность и реформы в России. М., 1998г.- 114 с.
13. Егорова и., Гуревич П., Похмелкин В. «Издержки» демократии? // Соц. Законность. 1991г. № 4. С. 55-57.
14. Лебедев С.Я. Антиобщественные традиции, обычаи и их влияние на преступность. Омск, 1989г. – 179 с.
15. Кузнецова Н.Ф. Проблемы криминологической детерминации. М., 1984г.- 186 с.
16. Криминология. Под ред. В.Н.Кудрявцева, В.Е.Эминова. М., 1997г.- 247 с.
17. В.В.Колесников. Экономическая преступность и рыночные реформы: политико-экономические аспекты. СПб.: УЭиФ, 1994г.- 161 с.
18. В.М.Егоршин, В.В.Колесников. Преступность в сфере экономическлй деятельности. СПб.: 2000г.- 134 с.
19. А.А.Крылов. Социально-эконимческие проблемы нейтрализации криминальной экономики. М., 1992г.- 128 с.
20. Криминология. Учебник СПб.: СПб ун-т МВД РФ, 1999г. – 188 с.
21. А.М.Яковлев. Организованная преступность и переход к рыночным отношениям // Совеское государство и право. 1992г.№2.- С.37-40.
22. Л.П. Буева. Человек и общество. М., 1982.- С.46-50.
23. Г.А. Аванесов. Криминология. М., 1984.- 251 с.
24. Ю.М. Антонян. Изучение личности преступника. М., 1982.- 191 с.
25. Ю.М. Антонян. Личность преступника и вопросы исправления и перевоспитания осужденных. М., 1990.- 210 с.
26. А.И. Долгова. Теоретические посылки и общая характеристика результатов длящегося криминологического изучения личности. М., 1981. – 127 с.
27. Криминология. Учебник для вузов. 1998. – 196 с.
28. Семейная криминология. М., 1998.- 150 с.
29. Криминология: Учебник. М.: Издательство МГУ. 1994.- 172 с.
30. Ю.М.Антонян. Изучение личности преступника. М., 1982г. – 107 с.
31. В.В.Андреев. Анализ личности преступника. М., 1990г.- 154 с.
32. А.А.Крылов. Социально-эконмические проблемы нейтрализации криминальной экономики. М., 1992г.- 182 с.
33. А.Несторов, А.Вакурин. Криминализация экономики и проблемы безопасности//Вопросы экономики. 1995г. №1.- С. 33-35.
34. А.М.Яковлев. Преступность и социальная психология: социально-психологические закономерности противоправного поведения. М., 1971г.- 169 с.
35. Реан А.Н. Психодиагностика в педагогическом процессе. - СПб., 1996. - 262 с.
36. Алауханов Е.О. Криминологические проблемы борьбы с корыстно-насильственными преступлениями. — Алматы, 2002. – 134 с.
37. Платонов К.К. Краткий словарь системы педагогических понятий. - М., 194. — 74 с.
38. Криминология: Уч.пособие/ Под ред. С.Е. Вицина и В.А.Уткина.- М., 2001. – 174 с.
39. Шмелева Е. Зарабатывают больше родителей // Сақшы. - 2003. - 29 мая. С. 16.
40. Шевцов В.В., Шевцов В.А. Психологический симптокомплекс как предпосылка криминальной агрессии // Сборник: преступность несовершеннолетних: проблемы и пути решения. - М., 2003.- 262 с.
41. Кабанский Ю.К. Педагогика: Учебник / Под.ред. Л.П. Крившенко. - М, 2001. – 131 с.
42. Макаренко А. Сочинения в семи томах. - М., 1958. Т.5.- 164 с.
43. Алауханов Е.О. Криминология. Оқу құралы Алматы: Қазығұрт, 2005.- 68 б.
44. Н.Ф.Кузнецова. Коррупция в системе уголовных преступлений//Вестник Московского университета. Серия 11. Право, 1993г. №1.- С. 15-17.
45. В.Ф.Зудин. Социальная профилактика преступлений: криминологические и криминалистические проблемы. Саратов, 1983г. – 172 с.
46. В.М.Егорин, В.В.Колесников. Преступность в сфере экономической деятельности. СПб., 200г.- 112 с.
47. Теоретические основы предупреждения преступности. М., 1977г.- 158 с.
48. Б.Ф.Волженкин. Экономические преступления. СПб.: 1999г.- 134 с.
49. В.В.Лунеев. Преступность XX века: мировые, региональные и российские тенденции. М., 1997г. – 164 с.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
КӘСІПКЕРЛІК АЯСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
5
КӘСІПКЕРЛІК АЯСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
9
Кәсіпкерлік аясындағы қылмыстылықтың түсінігі, жай-күйі ... ... ... . 9
Кәсіпкерлік аясындағы қылмыстылықтың себептері мен жағдайлары
Кәсіпкерлік қызмет аясындағы қылмыстарды жасайтын адамдардың 10
тұлғасының сипаттамасы
Кәсіпкерлік аясындағы қылмыстылыққа қарсы тұру мәселелері 37
51
ҚОРЫТЫНДЫ 71
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 75

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс қылмыстық құқық
саласындағы аза өзекті тақырыптардың бірі кәсіпкерлік аясындағы
қылмыстармен күресудің криминологиялық аспектілеріне арналған. Аталған
жұмыста кәсіпкерлік аясындағы қылмыстардың қылмыстық құқықтық сипаттамасы,
кәсіпкерлік аясындағы қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы, кәсіпкерлік
аясындағы қылмыстылыққа қарсы тұру мәселелері қарастырылған.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бүгінгі таңда қылмыстық құқық аясында
жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі қылмыстылық деңгейінің көрсеткішін
азайтуға, соның ішінде кәсіпкерлік қылмыстар аясындағы қылмыстармен күрес
жүргізілуде.
Қазіргі кездегі кәсіпкерлік қызмет қоғам мүддесі мен мемлекет
қажеттілігіне байланысты күрделі мәселелерді шешуге септігін тигізетін
қаржылық-экономикалық қатынастарды түрлендіруге, қаржы жүйесін нарықтық
жағдайларға сай келтіруге және инвестициялық белсенділікті дамытуға қызу ат
салысатын, сондай-ақ әлеуметтік әл-ахуалдар мен экономикалық тұрақтылықты
тиісінше қамтамасыз ете алатын Қазақстан Республикасының тиісті заңдары мен
сол заңдардың негізінде қабылданған нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес
жүзеге асырылатын экономикалық сипаттағы қызмет болып табылады. Осындай
қасиеттерге маңызы мен атқаратын рөлі күн санап өсе түсуде. К.Поппер атап
өткендей “Дәйекті демократия мен ашық қоғам қалыптаспаған жағдайда
өркениетті нарыққа өту мүмкін емес” дейді.
Сонымен, кәсіпкерлік қызмет қоғамдық, қоғамдық-мемлекеттік маңызы бар
материалдық мүдделер мен қажеттіліктерді (соның ішінде жекеше мүдделерді)
қамтамасыз етуге бағытталған,
Қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпкерлік қызмет және оны
мемлекеттік (экономикалық және әкімшілік) басқару жайындағы ғылыми ізденіс-
зерттеулер мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдау тауып отырғаны белгілі,
жаңаша сипаттағы мемлекеттік басқару-реттеу жөнінде ақпарат алғысы келетін
мүдделі тұлғалар мен арнайы қаржылық - кредиттік және әкімшілік
органдарының қатары күн санап көбеюде.
Зерттеу тақырыбының өзектілігіне арқау болатын тағы бір жағдай мемлекет
пен қоғамның өз болмыстарының негізі қаржы-қаражаттарға әрдайым зәру әрі
мүдделі болуына байланысты мәселелерді тыңғылықты шешуге айтарлықтай ат
салысатын қызмет мемлекет құзырының көлемінде тұрақты жүзеге асырыла беруі.
Зерттеу мақсаты мен міндеттері. Дипломдық зерттеу жұмысының негізгі
мақсаты – Қазақстан Республикасының нарық жағдайындағы кәсіпкерлік
аясындағы заңнамасы мен экономикалық құқықтық қатынастардың басылымды
бағыттары мен негізгі міндеттерін айқындап мүмкіндігінше нақты белгілеу
арқылы олардың дәреже – деңгейлеріне, меншік нысандарына және қажетті
мүдделеріне қарай, сондай-ақ олардың балансты болуына назар аудара отырып,
тиісті мемлекеттік даму бағдарламаларында көзделген қоғамдық мемлекеттік
нәтижелерге қол жеткізу үшін жүзеге асырылатын обьективациялау маңызы
бойынша әлеуметтік және экономикалық тиімділіктері қатаң ескерілетін
біржақты өктем ықпал ету.
Аталған мақсатқа жету үшін жүзеге асырылатын зерделеу-зерттеу процесіне
байланысты шешілуге тиіс мынадай міндеттер туындайды: нарықтық экономикаға
өту жағдайындағы мемлекеттік басқарушы процестердің жаңаша
ұйымдастырылуының негізгі мән-жайлары мен күшейтілуін айқындау; Қазақстан
Республикасының кәсіпкерлік жүйесіндегі қызметтің әлеуметтік экономикалық
мән-маңызы мен жаңаша бағыт-бағдарларын және қоғамдық қажеттілігін оның
аясындағы қаржы кредит секторының әр алуан сегменттері мен тиісті
нормативтік-құқықтық базасына байланысты негіздеу арқылы айқындау;
кәсіпкерлік қылмыстарымен күресті басқару-реттеуді мақсатқа сай нысаналы
бағдарлау, субьективтік факторлар мен обьективті қарама-қайшылықтарды
ұлттық менталитет пен ғылыми ой-пікірлер елегінен өткізу, мемлекеттің ақша-
кредит және қаржы саясаты мен әлеуметтік-экономикалық басылымдылықтарын
қазіргі кезеңдегі тарихи даму жағдайлары мен болашақты меңзей отырып іске
асыру кәсіпкерлік қызметті тиімді ұйымдастыру-реттеу нәтижесінде қоғамдық
маңыздылығы басым бағыттарын нақтыландыруға қол жеткізу.
Зерттеудің методологиялық және теориялық негіздері. Методологиялық
негіздері ретінде ғылымдық танымның диалектикалық-материалистік, жүйелі-
құрылымды және салыстырмалы-құқықтық әдістері пайдаланылады.
Диплом жұмысының көлемі және құрылымы. Жұмыстың құрылымы ізденіс-
зерттеу жүргізу сипатына, зерттеу мәселелері мен қисындылығына және
деңгейіне байланысты кіріспеден, екі тараудан, төрт тараушадан,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың жалпы
көлемі 76 бет.

1 КӘСІПКЕРЛІК АЯСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Кәсіпкерлік аясындағы қылмыстылық немесе кәсіпкерлік саласындағы
қылмыс-ұйымдасқан қылмыстылық пен заңдастыру секілді ұғымдармен бірге құқық
қорғау органдарының қызметкерлері мен криминолог ғалымдардың ұғымдық
аппаратына жаппай еніп келеді.
Кәсіпкерлік қылмыстылықтың алуан түрлі анықтамалары бар, алайда
жұртшылық ол туралы бірінші рет ақ жағалылар қылмысы (беловоротничковое
преступление) деген атпен танып білді. Бұл бейнені енгізген американдық
криминолог Э.Сазерлэнд. 1939 жылы ол ақ жағалылар қылмысы ұғымын
әлеуметтік статусы жоғары сыйлы адамдардың кәсіптік міндеті мен өздеріне
артылған сенімге кір келтіріп жасаған құқық бұзу әрекеттерінің кешені
(комплексі) ретінде анықтады [1, 156 б.].
Экономиканың құлдырауы артып, әлеуметтік-саяси тұрақсыздық жағдайлары
орын алған кезде экономика саласындағы қылмыстар кең тарады. Мемлекеттің
мүлкін тонау, парақорлық, сыбайлас жемқорлық қоғам өмірінің салаларын оның
ішінде экономиканы да зақымдады.
Халықтың өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандырушы салаларда, атап
айтқанда сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, көлік, несиелік-есептік
қатынастар саласында, құрылыста, сыртқы экономиалық қатынастарда,
шаруашылықтың мемлекеттік емес құрылымдарында қылмыстың әлдеқайда өсуі
байқалды.
Кәсіпкерлік қылмыс-күрделі әлеуметтік құбылысты білдіретін жеке ұғым
ретінде криминологияда жақында ғана пайда болды.
Өткен ғасырдың 70-80 жылдарда әр түрлі амал-тәсілдермен социалистік
мүлікті талан-таражға салу - экономикалық қылмыстың негізгі түрі ретінде
жеке мүлікке қол сұғу пайдақорлық қылмыстар тобының құрамына кірді. Кейін
қызмет бабын пайдаланып жасалған социалистік меншікке қарсы қылмыстар
қылмыстық мінез-құлқтың дербес тобын құрайтын қылмыстар қатарына бөлек
шығарылды. Бұл өндірістік қатынастар аясындағы мемлекеттің айрықша
жағдайымен түсіндірілді.
Меншіктің барлық түрлеріндегі теңдікке негізделген көп салалы
экономикаға өту экономикалық қылмыстың сипатын өзгертті.
Экономиканы реформаландыруға байланысты экономикалық қылмыс та көп
өзгерістерді басынан өткерді. Меншіктің жаңа нысандарын құру, экономиканы
нарық қатынастары жағдайында функцияландыру, дүнижүзілік нарықтағы
интеграция ондағы қылмыстық жағдайдың асқынуымен ұштасады.
Кәсіпкерлік қылмыс көп жағдайда криминализацияланған экономикалық
қатынастардың жалғасы рөлін атқарады.
Қылмыстылықтың жағдайына реформалардың, оларды жүзеге асыру
тәсілдерінің әсерінің жалпы мәселелері И.И.Карпец В.Н.Кудрявцев секілді
көрнекті орыс криминологтарының, отандық ғалым И.И.Роговтың еңбектерінде
қарастырылған [2, 120 б.].
Криминологтар кәсіпкерлік қылмыс - бұл экономикалық қатынастар
жүйесінде белгілі бір қызмет атқаратын тарапынан азаматтардың экономикалық
құқығы мен экономиалық процестерді басқару тәртібін орнатуға, шаруашылық
әрекеттерге пайдалануға арналған меншікке қол сұғатын пайдакүнем қылмыстар
жиынтығы деп атап көрсетті [3, 74 б.].
Кәсіпкерлік аясындағы қылмыстылық егер іс-қимыл шаруашылық аясындағы
қылмыскердің нақты жағдайымен, қатысушысы болып табылатын экономикалық
қатынстардың сипатымен, немесе экономикалық механизмнің нақты
элементтерінің қызметі барысындағы оның әлеуметтік рөлімен, әлеуметтік
позициясымен байланысты қоғамның экономикалық мүддесіне қылмыстық қол
сұғудың құрамдарын қамтиды.
Іс жүзінде кәсіпкерлік аясындағы қылмыс - бұл қылмыстық заңмен
қарастырылған бірнеше ( заңсыз кәсіпкерлік, қылмыстық жомен табылған
мүлікті немесе ақша қаражаттарын заңдастыру (легализация), заңсыз банктік
қызмет, жалған кәсіпкерлік, экономикалық контрабанда, құнды қағаздар мен
жасанды ақша дайындау, тұтынушыларды алдау, жалған банкроттық т.б) секілді
қылмыстар құрамының күрделі жиынтығы.
Кейбір авторлар экономикалық қылмысқа қызмет бабын пайдалануды, әсіресе
парақорлықты жатқызады [4, 32-33 б.].
Сонымен, экономикалық қылмыстың жоғары әлеуметтік қауіптілігі-
мемлекеттің материалдық негізі – қоғам институттарына теріс әсер ее отырып,
мемлекеттің материалдық негізі – экономиканың қызмет етуінің белгіленген
тәртібін бұзумен түсіндіріледі.
Әлеуметтік қауіптілік бірнеше басты ерекшеліктерімен анықталады:
1. Кәсіпкерлік құқық бұзушылықтардың жасырын сипатта болуы. Қазақстан
Республикасының Жоғарғы Сотының заңдағы жаңа нормаларды қолдануға қатысты
қажетті сот - тергеу тәжірбиесінің жоқтығы, мемлекетің, қоғамның және
азаматтардың экономикалық мүдделеріне көрінеу зиян келтірген жағдайда да
заңдық шешім қабылдаудың қиындығына әкеп тірейді.
2. Кәсіпкерлік қылмыстардың көп бөлігі азаматтар мен лауазымды
адамдардың арызы бойынша анықталып жатады. Барынша жасырын жолмен жасалатын
жекелеген қылмыс түрлерінің бары рас. Мысалы, банк несиелерін алуда, төлем
карталарын пайдалануда, құжат жасауда алаяқтық жасау. Сонымен қатар жалған
ақша жасау секілді қауіпті қылмыстардың жасырындылығы аса жоғары емес.
3. Экономикалық қылмыс көбінесе халықтың едәуір бөлігінің өмір сүру
дағдысын құрап, криминалды менталитетті қалыптастыруға қабілетті.
Криминологтардың көпжылдық зерттеулері көрсеткендей, азаматтардың көп
бөлігі кәсіпкерліктің белгілі бір түрімен айналысып, іс жүзінде бәрі
қалыптастырылған кеден ережелерін бұзады, әрі салықтан түскен пайданы,
кірісті жасырып қалады екен.
4. Өзінің табиғатында экономикалық қылмыс толығымен ұйымдастырушылық
сипатқа ие. Оның үстіне егер шет елдерде ұйымдасқан қылмыстылық негізінен
қылмыстық қызмет наркобизнес, құмар ойындары, жезөкшелік, қару-жарақ
саудасынан түскен пайданы құраса, постсоветтік елдер кеңістігінде ол барлық
экономикаға билік етеді.
Экономикалық қылмыстың әр түріне келесі ерекшелік тән - ол экономикалық
басқару құрылымын пайдаланып ұйымдасқан топтар ретінде жүзеге асырылуы.
Экономиканың нормативті базасын конституциялық және азаматтық
-құқықтықтан әкімшілік құқықтық нормаға дейінгі әр түрлі сипаттағы құқықтық
нормалар құрайды. Осыған сүйене отырып, экономикалық қылмысты зерттеу мен
оның алдын-алу мәселесі экономикадағы әлеуметтік-қоғамдық процестер
әрекетінің есебімен қылмыстық құқық нормаларын сараптауды ұйғарды.
Экономикалық қылмыстың көзге ұрып, айрықша көрініп тұратын жері- оның бөтен
адамның емес, экономикалық қатынастар жүйесіне кіретін арнайы адамдардың
қол сұғу салдарынан жасалуы.
Экономикалық қылмыстың қылмыстық – құқықтық сипаттамасы.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар – материалдық және өзге де
құндылықтар мен қызметті өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну барысында
қалыптасқан қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қылмыстық-құқықтық заңмен
қарастырылған қоғамға қауіпті әрекеттер болып табылады.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін жауаптылық көздейтін
нормалар мемлекет экономикасының еркін дамуын қамтамасыз ететін қоғамдық
қатынастарды қорғауға бағытталған. Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексінің 7 тарауында қарастырылған Экономика саласындағы қылмыстарды
жан-жақты түрде зерттеудің маңызы мен мәні осында жатыр. Бұл тарауда
көрсетілген құрамдардың көпшілігі жаңадан енгізілген және бұрынғы 1959
жылғы ҚазССР-нің қылмыстық заңында болмаған.
Экономика саласында орын алған қылмыстар бір топтық объектіге -
материалдық құндылықтарды өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесі
барысында қалыптастырылатын қоғамдық қатынастарға бағытталған.
Аталған тарауға (7 тарау) кіретін кейбір қылмыстарда міндетті белгі
ретінде қылмыстың заты, мысалы тауар белгісі (ҚРҚК 199 б), коммерциялық
және банк құпиясын құрайтын мәліметтер (ҚРҚК 200 б), құнды қағаздар (ҚК
202,205,206 б), жасанды ақшалар (ҚРҚК 206 б), төлем карталары және есептік
құжаттар (ҚК 209 б) т.б. болып табылады.
Қарастырылған қылмыстардың көбінің обьективтік жағын белсенді әрекеттер
құрайды, бірақ олардың кейбіреулері әрекетсіздік жолымен де жасалуы мүмкін
(мысалы, несиелік қарызды өтеуден бас тарту ҚР ҚК 195 б, кедендік
төлемдерден бас тарту ҚРҚК 214 б).
Кейбір қылмыстардың міндеті белгісі ретінде заңда көрсетілген қоғамға
қауіпті нәтиженің туындауы болуы мүмкін.
Субьективті жағынан экономика саласындағы барлық қылмыстар кінәнің
қасақаналық түрімен сипатталады. Кейбір қылмыс құрамдарының міндетті
белгісі мақсат пен ниет болып табылады.
Экономика саласындағы қылмыстардың субьектісі 16 жасқа толған, есі
дұрыс жеке тұлғалар болады. Кейбір қылмыс құрамдарында арнайы субьектілер,
яғни лауазымды тұлғалар немесе банк қызметкерлері және т.б. болуы мүмкін.
Қылмыстың тікелей объектісіне байланысты экономикалық қылмыстарды
келесі түрлерге бөлуге болады:
1. экономиканы мемлекеттік реттеу саласындағы қылмыстар;
2. кәсіпкерлік және басқа экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар;
3. банктік қызмет саласындағы қылмыстар;
4. валюталық реттеу саласындағы қылмыстар;
5. қаржы саласындағы қылмыстар;
6. кедендік қызмет саласындағы қылмыстар;
7. сауда-саттық пен халыққа қызмет көрсету саласындағы қылмыстар;
8. компьютерлік технология саласындағы қылмыстар;
9. экономикалық қызмет саласындағы басқа да қылмыстар.

1. КӘСІПКЕРЛІК АЯСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

1. Кәсіпкерлік аясындағы қылмыстылықтың түсінігі, жай-күйі

Қылмыстылық - бұл салыстырмалы жаппай, тарихи өзгермелі әлеуметтік,
қылмыстық-құқықтық сипатқа ие, белгілі бір мемлекетте белгілі бір уақыт
аралығында жасалған қылмыстардың жиынтығынан тұратын таптық қоғамның
құбылысы. Осындай анықтаманы алпысыншы жылдары Н.Ф.Кузнецова берген
болатын [5, 24 б.]. Одан бері де осы анықтаманың мұрты қисайған жоқ.
Оның өзіндік себептері де бар. Жоғарыда айтып өткеніміздей қылмыстар
жинақтала келгенде жаңа бір сапаға ие болады, ол - қылмыстылық. Осыған
байланысты теңіз бен тамшыны, клетка мен организмді мысал қып келтіре
кеттік. Қылмыстылық - әлеуметтік құбылыс, өзінше бір организм, қоғамның
өзіне бағытталған сырқаты. Сырқат демекші, қылмыстылықтың сыртқа көрінетін
көрсеткіштері оның симптомы сияқты екендігін айта кету керек, себебі кейбір
сырқат түрлерінің симптомы бірдей болғанымен диагнозы және емдеу жолдары әр
түрлі болатыны аян. Мысалға, тұмау мен сібір жарасының сыртқы симптомдары
бірдей болғандықтан АҚШ-та 2001 жылы сырқаттанғандарды тұмаудың дәрісімен
емдегендіктен бернеше адам қайтыс болды. Сол сияқты ұрлық пен кісі
өлтірудің немесе, тіпті, ұрлық пен алаяқтықтың алдын алу жолдары да әр қилы
болу керек екендігі хақ.
Жоғарыдағы анықтамадан қылмыстылықтың мынандай белгілерін анақтауға
болады:
- оның салыстырмалы-жаппайлығы. Жалпы жаппай емес салыстырмалы жаппай
болатын себебі - қоғамның бәрі қылмыстылық атты сырқатпен
ауырмайды, тек белгілі бір бөлшегі ғана қылмыстылық құбылысына үлес
қосады, ал тұмау эпидемиясы жаппай құбылыс, өйткені ол кездерде
жұрттың бәрі тұмауратып шығады. Ал салыстырмалы жаппай болмаса да
ол қылмыстылық емес, бар болғаны бірді-екілі немесе жүз-екі жүз
қылмыстардың жиынтығы ғана болып қалады.
- тарихи өзгермелі болатындығы қоғамның қылмысқа деген көзқарасы
үнемі өзгеріп отыратындығында. Бір уақыттарда қылмыс боп есептелген
әрекеттер басқа бір кезде қылмыс емес немесе керісінше. Мысалға,
Кеңес дәуірінде алып-сатарлық әрекеті қылмыс боп, қылмыстылықты
құрап тұрса, қазір ол қылмыс болмақ түгілі экономиканы дамытушы
факторлардың бірі (бизнес). Не болмаса сол уақытта компьютерлік
қылмыстардың атын да білмеген болса, қазір ол дүниежүзінде кең
тараған қылмыс түрі. Яки құл иеленушілік құрылыс кезіндегі құлды
өлтіру мен осы күнгі адам (кез келген) өлтіруді, ортағасырдағы
еуропа елдеріндегі ‘’алғашқы түн’’ құқығын атауға да болады.
- жоғарыдағы белгімен сабақтас қылмыстылықтың қылмыстық-құқықтық
сипатқа ие құбылыс екендігі. Әлбетте, қылмыстылық өзі сырттай
қарағанда жасалған қылмыстардың жиынтығынан тұрады, ал әрекетті
қылмыс деп тек қана қылмыстық құқыққа сүйене отырып тани аламыз.

оның белгілі бір мемлекетте белгілі бір уақыт аралығында
жасалған қылмыстардың жиынтығынан тұратындығын кез келген
құбылыстың кеңістік пен уақыт параметрлеріне бағыныштылығымен
түсіндіруге болады. Мысалға, Қазақстандағы қылмыстылық десек мүлде
түсініксіз, себебі Адам ата - Хауа ана жаралған сәттен бастап қазақ
даласында қанша қылмыс болғанын біле алмаймыз немесе 2002 жылғы
қылмыстылық десек те Әлемнің түкпір-түкпірінде қанда қылмыс
болғанын білмейміз.

оның әлеуметтік құбылыс екендігі қылмыс тек қана адамдар
қоғамында орын алатындығымен ерекшеленеді.

оның таптық қоғамның құбылысы екендігі бір қарағанда дау
туғызуы да мүмкін, өйткені бұл белгіден социалистік көлеңке
іздеушілер де табылады. Бірақ олармен келісе қою да қиын. Барлық
қылмыстылықтың бәріне ортақ бір ғана себебі бар ма?- деген сұраққа
жауап табылуы екіталай. Десек те бір факторды ортақ деп айтуға
әбден болады. Ол - қайшылық, мүдделердің, мұқтаждықтардың,
көзқарастардың қайшылығы. Ал осы ойды індетсек, қайшылық қай жерде
болады? Тек тап бар жерде, әлеуметтік тап жоқ жерде қайшылық та
(антогонистік қайшылықтарды қоса алғанда) болмайды. Демек,
қылмыстылықтың табы бар қоғамға тән құбылыс екендігі мың мәрте
шындық.

Қылмыстылық қоғамның төл баласы, сөйте тұра ол қоғамның өзіне қарсы
бағытталған сырқаты. Осы жерде қылмыстылықтың кері байланысқа ие құбылыс
екендігін айта кету керек. Кері байланыс дегеніміз қандай да бір
құбылыстың, процестің нәтитжесі сол құбылыстың қызмет етуіне, функциясына
ықпал еткенде орын алатын байланыс түрін айтамыз. Мысалға, оны қарапайым
түрде былай түсіндіруге болады. Сөйлеп тұрған (қызмет) шешен оның
тыңдаушыларының ұйып тыңдап отырғандығын (нәтиже) байқайды. Олардың ұйып
тыңдап отырғандығы (нәтиже) шешеннің одан да әсерлі сөйлеуіне (қызметке)
ықпал етеді. Немесе айнаға қараған адам шашына ақ түскендігін байқайды.
Енді оның ''шашым ағарып барады'' деген уайымынан да шашы ағарады.
Сол сияқты қоғам (Қғ1) қылмыстылықты (Ққ1) туындатады да ол қоғамның
өзінің әрекет жасауына ықпал етеді, осының нәтижесінде қоғамның бет-әлпеті
өзгереді, өзге кейіптегі қоғам пайда болады (Қғ2), соңғысы өз кезегінде
қылмыстылықтың да сипатын өзгертеді (Ққ2), осылай жалғасып кете береді.

2. Кәсіпкерлік аясындағы қылмыстылықтың себептері мен жағдайлары

Себепті қылмыстылық ұғымы.
Қылмыстылықтың себептері жөніндегі мәселе криминология ғылымының ең
күрделі мәселелерінің бірі. Ол мәселе тек ғылымды ғана емес, әртүрлі
ғасырлардағы ойшылдар мен мемлекет қайраткерлерін де қызықтырған. Олар
тынбастан, бірқатар күрделі және өзара байланысты сұрақтарға жауап іздеген.
Алайда, қылмыстылықтың себептерін анықтамастан бұрын, себептілік санатының
түсінігін анықтау қажет. Бұл белгілі мөлшерде мәселенің философиялық жағына
жатады.
Детерминация – латынның denermіnare (анықтау, айқындау) деген сөзінен
шыққан. Яғни детерминация – ол айқындау, анықтау процесі [6, 23 б.].
Дүниедегі барлық құбылыстар, бір-біріне тәуелді: бір құбылыстың пайда
болуы, дамуы, жойылуы өзгелеріне тікелей байланысты, соңғысының тағдырын
алғашқы құбылыстар айқындайды. Детерминизмнің негізгі мазмұнын себептілік
құрайды.
Себептілік - бұл заттар мен құбылыстардың арасындағы көптеген байланыс
түрлерінің бірі (30-ға жуық түрі белгілі). Бұл байланыс өндіруші немесе
генетикалық байланыс болып табылады, яғни нақты бір құбылыстың, процестің
пайда болуын анықтайтын байланыс. Себептілік жөнінде айтқанда ”себеп және
салдар” деген түсініктер қолданылады. Сондықтан, себептіліктің мәні -
салдарды жүзеге асыру деп есептейді [7, 65 б.].
Себептілік өзге көптеген байланыс түрлерінен өзгеше. Себеп
байланыстардың ерекшеліктері келесі мәселелерге байланысты:
Біріншіден, себеп салдарды туғызады. Жағдайлар өздігінен салдарды
туғызуға қабілетті болмағанмен, себеп болу үшін белгілі бір жағдайлар
қажет. Олар, тек себеп бола бастағанда ғана қылмысты жасау мүмкіндігін
ақиқатқа айналдырады. Қылмыстың куәларының енжар көзқарасы - қылмыстың
себебі емес, қылмыстың нәтижесіне табысты түрде жету шарты болып
есептелінеді.
Себептердің әрекет ету аясы - бұл ниет пен мақсаттың құрылуы және оған
жету құрамдарын анықтау жөнінде сөз болғанда, ең алдымен ол ниеттену және
шешім шығару кезеңі болып табылады.
Екіншіден, себеп пен салдар белгілі бір уақытта кезектесіп отырады.
Уақыт аралығы өте қысқа болса да, уақыты бойынша себеп әрқашан салдардың
алдында жүреді.
Үшіншіден, салдар себептің себебі болуы мүмкін емес.
Төртіншіден, себеп пен салдардың арасында біркелкі қатынас бар: бірдей
жағдайдағы әрекеттер әркезде бірдей салдарды туғызады. Егер бірдей
жағдайларда себеп деп танылған ахуал бір кезеңде қылмыстық іс-әрекетті
туғызып, ал өзге кезеңде туғызбаса, ол қылмыспен себепті байланыста
болмайды.
Бесіншіден, себепті салдарға қосуға болмайды. Салдар себепті
қайталамайды. Ол - объектінің өзгеруінің нәтижесі.
Жалпы алғанда, өз әрекеттерімен қылмыстылықты туғызатын белсенді
күштерді қылмыстылықтың себептері деп есептеуге болады. Ал субъектіде
қылмысты жасауға қызығушылық пен ниетті туғызатын белсенді күшті –нақты бір
қылмыстың себептері деп есептеуге болады.
Сонымен, дүниеде себепсіз салдар болмайтындығы ақиқатты нәрсе. Жалғыз
себеп салдарды туындатпайды, ол үшін себептердің қажетті кешені керек.
Себептердің саны мен маңызы қажетті кешенге жақындаған сайын салдар туындау
ықтималдығы да арта береді. Ықтималдықтың ең шарықтау шегі қажеттілік
болып табылады. Қылмыстылықтың себептері жөніндегі мәселе - криминология
ғылымының орталық және жоғарыда айтып кеткеніміздей, күрделі мәселелерінің
бірі. Қылмыстылық және қылмыскердің қылмыстық іс-әрекеті жөніндегі әртүрлі
тарихи ілімдердің жиынтығын сынай отырып зерттеу, криминологияның тұрақты
дәстүрлерінің бірі болып табылады. Бұл дәстүр құбылыстардың мәнін ұғынуға
деген құлшынысты білдіреді және қылмысқа тиімді әсер ету үшін
қылмыстылықтың заңдылықтарын ашуға ұмтылыстан пайда болған.
Қылмыстылық пен өзге де әлеуметтік патологиялардың себептілік
шарттылығымен зерттеудің туынды әдістемелік алғы шарты - кез-келген
процестің даму көзіне қарама-қайшылық жататындығы болып табылады [8, 67
б.]. Қылмыстылықтың себептері де әлеуметтік құбылыс ретінде, қоғамдық
дамудың қарама-қайшылығында жатқандығы түсінікті. Осыдан кейін, біздің
ойымызша, қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын әлеуметтік қарама-
қайшылықтарды таңдай отырып, қылмыстылық жөніндегі статистикалық деректерге
және криминогендік жағдайларға сүйене отырып, өтпелі кезеңнен нарықтық
қатынастардың құрылу күрделілігін, экономикалық, әлеуметтік және құқықтық
реформалардың қателіктері мен келеңсіздіктерін ескере отырып ашқан абзал.
Сонымен қатар, нақты жағдайда болатын қылмыстылықтың негізгі басты
себебінің болмайтындығын есепке алуымыз қажет.
Криминология оқулығының авторлары жазып көрсеткендей “қылмыстылықтың
барлық заманға, барлық халықтарға тән бірыңғай бейнесі болмайды”.
Сондықтан, себептердің сан қырлы бір каталогын жасап шығаратынымызға
сенудің қажеті жоқ.
Қылмыстылықтың себептеріне қатысты әртүрлі көзқарастарды қысқаша талдай
отырып, неғұрлым жалпылама қорытынды ретінде мыналарды атауымыз керек.
Кез-келген құбылыс әрқилы. Ол - мыңдаған байланыстар мен мыңдаған өзара
байланыстардың түйіні. Қылмыстылықта да ол өзгеше емес нақ сол түйін. Оның
үстіне, олар - ең күрделі құбылыстар.
Мұны мойындау оларды жан-жақты түсіндірудің мүмкіндігі мен қажеттілігін
алға тартады, сондықтан, жалпы алғанда, соның төңірегіндегі барлық
ұсыныстар өміршең болуға құқылы.
Қылмыстылықтың себептері жөніндегі мәселені жан-жақты зерттеуге болады.
Біздің міндетіміз, әртүрлі мән-жайлардың барлық көлемінің әрқайсысына орын
бере отырып, олардың күрделі пирамидасын – салмағы, түрі және әрекет ету
күшіне сәйкес құрастыру.
Себептің “жеке бір” құбылысқа қатысты ғана шешуші маңызы бар екенін
ескеруіміз қажет. Сондықтан себептің барынша айқын анықтамасы жеке
қылмыстық іс-әрекетке қатысты шығарылуы керек.
Криминологиялық әдебиеттерде, қылмыстылықты туғызатын неғұрлым кең
тараған немесе үйреншікті жағдайлары жөніндегі деректер келтірілген.
Алайда, мойындау керек, өздерінің әртүрлі жиынтығында және көрінісінде
аталған жағдайлар әртүрлы қылмыстылықты туғызуы мүмкін, оның сапалық және
сандық көрсеткіштерін әртүрлі анықтауы мүмкін.
Сондықтан, қылмыстылықпен күрсеуді ұйымдастыру үшін тек қана қайсыбір
жағдайлардың қылмысты әрекетпен байланысын анықтау ғана емес, сол
байланыстың сипатын анықтау да маңызды.
Нақты қандай тұрғыда, қандай мән-жайлармен біріге отырып белгілі бір
жағдай қылмыстық іс-әректті тудырады. осының өзі нақты жағдайларды, орны
мен уақытын есепке ала отырып, нақты алдын алу шараларын ойлап табуға жол
береді.
Осылайша, себепті байланыс дегеніміз - бұл заңда өзара байланыстардың
ерекше түрі, мұнда құбылыстың пайда болуы айқындалады. Алайда, бұл
процестің іздестіруші факторларына себептер де, жағдайлар да жатады.
Жоғарыда айтылғандай, қылмыс, қылмыстылықтың себептері –
криминологияның басты мәселесі. Бұл бірнеше ғасырлар бойы ғалымдар мен
жазушыларды, философтар мен заңгерлерді, мамандар мен оқырмандарды
қызықтырды. Бұл мәселемен айналысқандар істі анықай (түсіндіре) алатын бір
– бірімен тығыз байланысты сұрақтарға жауап беруге тырысты. Оларды ең
бастысы – қылмыстардың жасалу себебі. Дәлірек айтсақ: ол қылмыскердің
тұлғасына немесе ортаға тәуелді ме? Егер тұлғадан болса, онда неге қылмысты
әр түрлі жастағы, түлі білімі, тәрбиесі, темпераменті және өмір сүру
салты бар адамдар жасайды.
Бұл сұрақтарды жалғастыра отырып тереңдете беруге де болады, мысалы:
Қылмысқа бейімділік атадан балаға беріледі ме? Егер солай болса, заңға
қарсы әрекет жасаған адам кінәлі ме: Бейімділік атадан берілсе,онда
ішкі факторлар қылмысқа итереді? Ал жалпы,қылмыскерлік мәңгілік пе?
Қылмысты алдын алу хабардар етуге бола ма? Түзелмейтін қылмыскерлер бар
ма?
Бұл сұрақтар тізбегі криминологтардың ойында жүреді. Әл сұраққа
қатысты позицияны анықтау, қылмыстың себептеріне келіп тіреледі.
Бұл мәселеге толығырақ тоқталу үшін себептілік туралы бірнеше ескерту
жасау қажет. Сәбептілік – себеп салдарлы туғызатын екі немесе бірнеше
құбылыстардың бір-біріне тәуелділігі, обьективті байланысы. Себепті
байланыс – біздің ойымыздың (санамыздың) жемісі емес, табиғат пен қоғамның
нақты заңдылығы [9, 25 б.].
Қоғамдық өмірде себепті байланысың анықталған спецификасы (ерекшелігі)
бар. Біріншіден, қажеттілік өзіне жолды кездейсоқтық арқылы ашатын
статистикалық заңдылықтар әрекет етеді. Екіншіден, қоғам – бұл тарихи
өзгеретін жүйе және сондықтан себепті түсініктемелер бір уақытта дұрыс
болса, бірде бұрыс болады. Одан әрі себепті байланыстар арқылы қоғамда
материя мен энергия емем, ақпарат беріледі. Себепті байланыстар адамның
санасы арқылы өтетіндіктен ол күрделеніп, ақпарат өзгеріп отырады. Қоғамдық
өмір мен қызметте салдарлардың өз себептеріне әсері едәуір күшті.
Қылмыстылықтың себептері ретінде қылмысты тудыратын, оның өмір сүруін
қолдайтын, өсуі мен кемуін ұйымдастыратын құбылыстарды қабылдаймыз.
Дүниедегі барлық құбылыстар, процестер бірі біріне тәуелді: бір
құбылысты пайда болуы, дамуы, жойылуы өзгелеріне тікелей байланысты,
соңғысының тағдырын алғашқы құбылыстар айқындайды. Детерминизмнің негізгі
мазмұнын себептілік құрайды. Дүние үлкен бір тізбекке бағынышты, әлбетте
осы тізбектің қалай түзілуіне адамның қомақты үлесі бар. Ломоносов
айтпақшы, ештеңе де жоқтан пайда болмайды, пайда болған нәрсе өмірде бар
молекулалардың қосылысы, ажырауы нәтижесінде өмірге келеді. Бүгінгі парта
осылай бола салған жоқ. Алдыңғы күні кішкене ұрықтан ағаш боп ондаған
жылдар өсіп тұрды, кеше - бірнеше жыл құрылыс материалы боп жатты, бүгін -
парта боп келіп тұр, ертең - ол отын, арғы күні - жартысы ауаға кеткен,
жартысы күл боп жерде қалған нәрсе. Күл басқа нәрсеге сіңіп, ауа миллион
саққа бөлініп дүние жалғасып, айналып кете береді. Тек біз бірнеше жыл
бойына партаны көріп тұратын себебіміз - оның тізбегі асықпай
жүретіндігінде. Ал басқа бір процестердің тізбегі тез жүреді. Тізбекке
түспейтін нәрсе өмір сүрмейтін материя, өйткені қозғалыс материяның өмір
сүру нысаны (формасы). ‘’Объективтік шындықтың әрбір құбылысы, кез келген
процесі немесе заты - бар болғаны оқиғалардың жалпылама тізбегінің бір
сәттік звеносы ғана’’.
Мысалға, Демокрит айтқандай ‘’Бір түскен суыңа екінші рет түсе
алмайсың’’, өйткені ол да қозғалыста, суға сүңгіп шығып, бір минуттан соң
қайта сүңгісең ол су емес басқа су - алғашқысы одан басқа жерде ағып бара
жатыр, судың өзге молекулаларына сүңгідің, уақыт та басқа. Ал осы таудағы
ағынды суды фотосуретке түсіріп, іле-шала екінші рет түсірсең де басқа
сурет. Өткені ештеңе де екінші рет қайталанбайды. Міне, біздің партаны бес-
он жыл бірқалыпта көретіндігіміз оның бір ‘’фотосуретке’’ түскен сәті
салыстырмалы түрде тұрақты тұратындығында (ағын судай емес), тізбегі
асықпай жүретіндігінде, бірақ ол да асықпай болса да қозғалып бара жатыр
бізге білінбей. Үлкен тарих үшін партаның бес-он жыл тұрғаны фотосуретке
түсіруден де тез. Ал оның осы күндегі тізбеке келу себебі мен болашақтағы
жай күйін білу үшін олардың алдындағы өткен негізгі тізбектерін білу керек.
Оны білу детерминизмді білуге, яғни құбылыстар мен процестердің жалпыға
бірдей тәуелділігін білуге нұсқайды.Детерминация процесі тек қана
себептілік байланысын білдірмейді, сонымен қоса байланыстың өзге нысандарын
да білдіреді: функционалдық, статистикалық тәуелділік, жағдайлардың
тәуелділігі, т.б.Функционалдық тәуелділік екі фактордың өзгерісіндегі
паралелльділікті білдіреді. Мысалға, жұмыссыздық факторынан ұрлықтың өсуі
және сатып алу сұранысын төмендетеді (ақша таппағандықтан). Ал ұрлықтың
өсуі мен сатып алу сұранысының әлсіреуі арасындағы байланыс себепті
байланыс емес, функционалдық байланыс, өйткені екеуі бірінен бірі
туындамайды, екеуі де жұмыссыздықтан туындаған салдар.Статистикалық
байланыс бір фактордың сипатының өзгеруінен келесі фактор сипатының
өзгеруін туындатады. Мысалға, аумақта халық көбейген сайын қылмыс та
көбейеді, бірақ әрбір он мың халыққа шаққандағы пропорциясы бірдей.
Әлеуметтік қатынастар және қылмыстылық.
Қылмыстылықтың себебін әлеуметтік орта мен адамның қатынасынан іздеу
қажет, мұндағы мәселе осындағы қиыншылықтар мен қайшылықтарғда болып
табылады.
Әлеуметтік қатынастар, экономикалық қатынастар сияқты көптүрлі және
әртүрлі деңгейде. Әлеуметтік қатынастарды ортақ формада былай айтуға
болады; тұлға өзін басқалармен тең емес сезінуі. Практикада өзінің
қоғамдағы орнына толық қанағаттанатын адамды сирек кездестіруге болады.
Сонымен өзін-өзі бағалауынан болады. Бірақта әлеуметтік жағдайдың
көпжақтылығы, ондағы туатын қарама-қайшылықтарға әсер етеді және адам
қоғамда оның бір мүшесі ретінде өмір сүреді, мүмкін өзінің орнына толық
қанағаттанбаса да сондағы мемлекет пен қоғамның заңдарына бағынады.
Адамның әлеуметтік қатынастары макро және микро деңгейде пайда болады.
Макро деңгей-ол мемлекетпен қоғамда адамның қатынастарын, адамның құқығы
және оның тұлға ретіндегі орны.
Әлеуметтік қатынастар мәселесі-ұлттық қатынастар және теңдік мәселесіне
келгенде әлсіз. Ұзақ уақыт бойы қылмыстылық-әлеуметтік жағдайдың әсері деп
қарастырылды, ал себебін қарастырғанда ұлттық мәселесі көрсетілген де жоқ.
Сонда да Батыс әдебиеттерінде бұл тақырып жайлы жазылды. Біз бұл теорияны
қабылдамасақта американдық криминологтар, мысалы, қылмыстылықты ақ және
қара мен әртүрлілердің қылмысы деп бөледі. Бірақта биологиялық түрінің
әртүрлілігіне қарап қылмыстылықты қарауға болмайды десе де, оның әлеуметтік
жағдайының түрі ескеріледі. Бұл қылмысты анықталмайды, себебін түсіндіреді.
Біздің отандық криминологияда ұлттық қайшылықтар мен қылмыстылықтың себебі
көрсетілгенде, қай ұлта жататындығы емес, әлеуметтік жағдайының жоспары
көрсетіледі. Қылмыстылықтың түрі адам өмірінің лттық ерекшеліктеріне әсер
етеді.
Ұлтшылдық-ауыр қылмыстардың себебі болып табылады, яғни мемлекетке
қарсы, тұлғаға қарсы және т.б.Әлеуметтік қатынастардың қылмыстылыққа әсері
экологиялық жағдайдың және де халықтың адам төзгісіз өмірі болуы мүмкін.
Әлеуметтік қайшылықтардың ортақ жоспары, адамдардың әлеуметтік
жағдайдың өзі қылмыстылыққа итермелейді. Қылмыстылыққа әлеуметтік жағдайдан
басқа қоғамдағы атмосфераның жағдайы да әсер етеді.
Адамның бірінші және негізгі ұясы-отбасы. Мемлекеттң күшімен әлсіздігі
осы ұяға байланысты. Сондай-ақ отбасының климаты материалдық жағдаймен ғана
емес, оның әлеуметтік тәрбиесінің деңгейіне, адамгершілік көзқарасына да
байланысты көп қылмыстар бақталастыққа, адамдардың психологиялық сәйкес
келмеуіне байланысты болады [10, 31 б.].
Әлеуметтік қатынастар көп түрлі, сондықтан да оның деңгейі де әртүрлі.
Мұндай қылмыстардың алдын-алу үшін ортақ әлеуметтік характерін білу керек.
Қоғам мен қылмыстылықтың құқықтық-адамгершілік жағдайы.
Қоғамның құқықтық жағдайын қылмыстың себебінен іздеу керек.
Адамгершілікке тәрбиелеу-халықты тәрбиелеу жұмысының құрамдас бөлігі, оған
қоса білім алуды, мамандық, мәдениет, адамгершілік қасиеттері жне т.б.
Тәрбие - адам миында жазылған ақиқат емес, оны адам ететін шығармашылық
ойлауы.
Егер, әлеуметтік сферада адамдар тексіздігі отбасыда моральдық
жетіспеушіліктер, балаларға деген қатыгездік, бұл қылмысқа апарар жолдың
тура жолы.
Қылмыстылық сондай-ақ сексуалды революциямен де байланысты.
Бұл өзіне адамды тиым салынғандығымен тартатын жеке жақындылығымен,
біреудің құпиясын көрсеттетін қбылыс болып табылады.
Қоғамдағы адамгершілік қасиеттерді бұзу ол зиалы қауымға байланысты.
Сондықтанда қоғамның құқықтық адамгершілік жағдайы, оның принциптері- ол
оның зиалылары, біріншіден оның адамдар арасындағы жауапкершілігін, соның
ішінде қылмыстылықтың жағдайын көрсетеді [11, 47 б.].
Экономикалық қатынастар және қылмыстылық.
Әлеуметтік деңгейде туындайтын қылмыстың себептерін ең алдымен
экономикалық қатынастардан іздеу керек,себебі ол саладағы тұрақсыздық пен
әлсіз экономикалық саясат,шаруашылық механиздердегі теңсіздік және
құрылымдық жүйедегі кемшіл тұстар барлығы осы жағдайға әсер етпей қоймайды.
Әрине,барлық құбылыстар тәрізді экономикалық қатынастар да түрлі
деңгейлерден тұрады.Алайда біз қарастырып отырған тұста анықтаушы (қылмыс
үшін) ретінде олардың ең биік деңгейі саналады,өйткені қашанда
экономикалық қатынастардың жоғарғы бөлігі өз жаңғырығын ең төменгі
деген сатыларға естіртіп отырады,нәтижесінде қоғамда, адамдар арасындағы
қатынастарды белгілі бір тоқырау пайда болады.
Отандық криминологияда (жалпы қоғамдық ғылымдардағы сияқты) көпке дейін
мынадай көзқарас болды:социализмнің экономикалық қатынастары өзіне дейінгі
формациялармен салыстырғанда және жалпы алғанда әлдеқайда тұрақты әрі
сапалы,себебі,олардың ойынша социализмнің базисі қылмысты тудырмайды.Алайда
идеологияның қатаң тәртібі (ал бұл әрқашан және барлық жерде социализм
идеологиясының үстемдігін танытады) жалпы қабылданған ұстанымды, яғни
идеяны талап етті,ал кримонолог – ғалымдар нақ сол экономикалық
қатынастардың бірінші кезекте тудыратын және олардың бірнеше түрлерін
дамытатын басты фактор екеніне көздерін жеткізіп отырды. Социализмнің
экономикалық қатынастарына талдау жасай келе,оның саяси -әлеуметттік
мәндеріндегі нақ осы іске қатысты тұста ортақ белгілерді байқауға
болады.Тіпті егер де біз маркизм –ленинизм бағытын негізгі бағдар ретінде
алсақ, ал сол К.Маркстың өзі экономикалық қатынастардың өзге, яғни басқа да
әлеуметтік немесе саяси қатынастарлан әрқашан биік тұратынын айтқан.
Демек,экономикалық қатынас қоғамдағы барлық (жағымды және жағымсыз)
процестерге ең бірінші әсер етеді. Әрине,қазіргі таңда ғылыми ойлаудың
деңгейі өзінің шарықтай шегіне жетіп отыр. Алайда, бір шындық яғни сананы
қашан да тұрмыс билейді деген,ал бұл ақиқат К.Маркстың теориясына дейін
дүниеге келген. Тұрмыс әрине,экономикалық қатынастардан ауқымдырақ деп
түсінуге болады,бірақ оларды тудыратын әсерлердің маңызы туралы ойлағанда,
біз ол ойлардан арыла алмаймыз, себебі бұл шындықты жоққа шығара алмаймыз.
Экономикалық қатынастардың түр-түрі бар.Көп жағдайда олардың сипаты
анық әрі обьективті болып келеді. Мәселен, нарықтық қатынастарлың өз
заңдылықтары бар-жоспарлы экономикалық және тағы басқа. Мұнда мәселе
алғашқы орында экономикалық регулятор немесе соларды көзге ілмейтін
прожекторлардың болуы, яғни нарықтық қатынастарда тек бәсеке барлық
мәселені шеше біледі.
Кез – келген экономикалық қатынастар және оларың қарама-қайшылығы
қылмысты тудырады. Нарықтық қатынастар о бастан қылмысқа негізделген. Бұл
жағдай нарық заманындағы бәсекелестіктің өршумен байланысты. Өз пайдаң үшін
басты қарсыласыңды аяқтан шалу, зорлық, яғни күш көрсету арқылы үлкен
мөлшердегі қаржыға ие болу,соның негізінде жұмыссыздардың санын көбейту
және тағы басқа іс – әрекеттер қоғамдағы реттіліктің бұзылуына әкеліп
соғады,нәтижесінде қылмыс өршіп кетеді. Экономикалық (ең бірінші тауар
өндіру мен қызмет көрсету аясында) нарықтық экономика өз өміршеңдігін
дәлелдей алды, алайда мұның өзіне бірнеше жүз жылдар қажет болды. Бірақ та
бұл қатынастың жағымсыз жақтары, атап айтсақ, қылмыс тіпті экономикасы
дамыған елдердің өзінде белең алып отыр. Ал ертелі кеш ақша соңында жүру
адамның рухани әлеміне,жеке адами қасиетіне нұқсан келтіріп отырды [12, 78
б.].
Біздің қоғамда қалыптасқан әкімшілік-басқарушылық экономикалық жүйе
көптеген пікірлерді жоққа шығарып, түбінде қылмыс тудырып отырды және онда
жүйе бар жерде қылмыс одан ары көбейе түспек. Аталған жүйенің өне бойында
қылмыстың негізі қаланған. Ол мынадай көрініс береді,мәселен,қатаң
тәртіппен жоғарыдан тағайындау, басқару.Аталған тұстар бір бірімен
жанаспай, қорытындысы - іс пен жоспар бір- бірімен үйлеспей отырды.
Мысалы, нақты жоспардың 100%-ның тек, ең көп дегенде 70-80% ғана шын
мәнінде орындалады,ал қалғаны жасырын,яғни заң бұзушылық қызметіне
пайдалану,пара алу,жоспар мен есеп қағазшасына жалған мәліметтерді жазып
жіберу және тағы басқа сынды теріс әрекеттер белең алып отырды.
Қазіргі нарықтық қатынастарда ашық айтылатын Байыңыз ұраны ол кезде,
яғни админисративті басқару тұсында жасырын түрде, бірақ іске асты.Бұрынғы
басқару жүйесінде орын алған қылмыстың мына түрлері:спекуляция,жеке
кәсіпкерлік қызмет ,коммерциялық делдалдық және бірқатар өзге түрлері
нарықтық жүйеде заңды,тіпті табысты көп әкелетін іске айналып кетті.
Криминология ғылымы біз атап өткен әкімшілік – басқару жүйесінің
жасырын саясатына қарамай, осы жүйе тудыратын бірқатар қылмыс пен олардың
пайда болу себептерін анықтап берді. Қалыптасу сатысында тұрған нарықтық
қатынастар қылмыс себептерін анықтауда жаңа міндеттерді қояды,ал шын
мәнінде олардың кескіні анық байқалып тұрады,себебі батыстағы нарықтың
қалыптасқанына көп болған және олардың криминологтары бұл мәселені егжей-
тегжей зерттеп қойған.
Тек бір нәрсе анық: қандай да болмасын экономикалық жүйені мінсіз ету
мүмкін емес. Егер криминолог – ғалымдар адамдар мен қоғамды қылмыстың өте
қауіпті көріністерінен сақтандырғысы келсе,қылмысты бақылайтын аз да болса
қолайлы әдіс тапқылары келсе,сол экономикалық қатынастардың айдауында
кетпеуі керек,себебі олардың қай-қайсысы болмасын жағымсыз көріністер мен
қайшылықтардан құралады.
Төмен түсе келе, талдау жасау барысында мынаны атап өткен жөн:
экономикалық қатынастар қоғамдағы әрбір адамға әсер етеді. Мәселен,нарықтық
қатынастар тек қана тауар мен қызмет нарығы емес,ол-жұмыс күші нарығы. Ал
жұмыс күші нарығы – ол сонымен қатар жұмыссыздық. Егер де административті
–бақылау жүйесінде жұмыссыздық жасырын түрде жүрсе, соның салдарынан
адамдар жұмыс орнында толық қамтамасыз етілмей,жалақылары өмір сүру
деңгейінен төмен және тұрғылықты мекені жоқ адамдардың санының өсуі және
т.б. болған болса, ал нарықтық қатынастарда жұмыссыздық-ашық әрі ресми
нысанда. Ал жұмыссыздық - қылмыстың қайнар көзі. Бұл адамның бүкіл даму
тарихымен дәлелденеді.
Отандық өнім мен тауар өндірісінің жетіспеушілігі жалпы адамдардың
материалдық жағдайының нашарлауымен қатар жеке адамарға да әсер етеді,
мысалы: олар көріп жүрген қылмыс кей жағдайда қылмыскерлерді ақтаудың
моральдық атмосферасын тудырады. Алайда бір қоғам мүшелернің арасында
өзгелердің шамадан тыс байлыққа кенелуі, яғни біреудің есебінен баюы сынды
жағдай қоғам арасындағы келеңсіздіктерге жол ашады, нәтижесінде қоғамда
өрескел заң бұзушылықтар, қоғамдағы адамдар арсындағы қатыгездік пен
сенімсіздікті, қорқыныш сезімі мен өшпенділікті тудырады, ал мұндай жағдай
саяси қақтығыстарды, зорлық-зомбылық пен қылмыскерлікті өршітіп жібереді.
Әсіресе, қоғамдағы келеңсіздікті бай мен кедей арасындағы өте үлкен
айырмашылық (1:15 немесе тіпті 1:20) тудырады. Біздің елдің тұрғындарының
30% жуығы кедейлік деңгейде өмір сүретіні белгілі. Егер осы топтар
арасындағы қылмысты екі жарып қарайтын болсақ, мынадай көрініс көз
алдымызға келеді:төменгі тап өкілдері қылмысты кедейлік пен аштықтан
істесе,ал жоғарғы тап өкілдері ашкөздіктен, яғни бар байлығын еселей түсу,
мемлекет қаржысын жымқырып қалу пиғылымен қылмысқа барады.
Көп жағдайда экономикалық қылмыстар асқындап кетіп, қарапайым нысаннан
зорлық жасау, күш көрсету сынды қылмыс түрлеріне ұласып кетеді. Бұдан
келіп мемлекеттік қызметкерлердің арасындағы заң бұзушылық дамиды, өйткені
экономикалық жағдай кім-кімге болмасын әсер етіп отырады. Былайша
айтқандағы кішігірім заң бұзушылықтар (көбінесе қаржы тапшылығынан) келе-
келе ауқымды мәнге ие болады,содан мемлекеттік қызметтегілердің барынша
майлы әрі табысты саланы ұстауына итермелейді ( әркім барынша көп әрі
пайдалы нәрсені ұстауға ұмтылады!).
Деректер бойынша ,ірі қылмысты алпауыт компаниялар мен фирмалардың
басшылары ,яғни қолында ірі қаржысы бар топ өкілдері жасайды. Олар үшін
(кез - келген жүйеде) ешқандай материалдық проблемалар болмайды.
Ұлы француз жазушысы О.Бальзакты есімізге түсірейікші, оның айтуы
бойынша, әрбір байлықтың артында міндетті түрде қылмыс тұрады. Ал бұл
мынадай қорытындыға әкеледі, экономикалық қатынастар мен адамдардың әл-
ауқатының төмендігі сәйкес келе бермейді, яғни қылмысты жасайтын тек
кедейлер мен аш адамдар деуге аузымыз бармайды. Экономикалық қатынастар
қылмысты тудырады, алайда жеке адамдардың іс әрекетіне жауап бермейді,
себебі әр адам өзін саналы түрде басқарады. Осы тұста батыс
криминологтарының ақ жағалылардың қылмысын, яғни басшылар мен лауазым
иелерінің қылмысын ерекше бақылауға алуы заңды. Өйткені дәл сол адамдар,
біріншіден,үлкен қаржы айналысымен шұғылданады және оларға иелік етеді,
екіншіден, сол үлкен қаржыны жұмсайды, басқарады және екі еселеп көбейтіп
отырады. Келе-келе психологиялық тұрғыда осы іске еті үйреніп,өз ісінің
қылмыс екенін айырмай қалады. Бұл адамдар үлкен мансапқа ие болып, саяси
ұпай жинап (ал олардың теріс жолмен келегенін бәрі біледі) жетістікке
жетеді немесе бар байлығы мен абыройынан айрылып, қылмыскер атанады.
Бұл барлық жерде және бізде де кездесетін құбылыс. Атап өткен
экономикалық қатынастарды барынша әділ әрі қарапайым адамға жақын ету үшін,
қылмыс себептерінің криминологиялық талдауына аса зор мән беру керек.
Сонда ғана экономикалық қатынас пен қылмыс арасындағы проблема өз шешімін
табады.
Саяси мүдде және қылмыстылық.
Адамдар арасындағы түрлі қайшылықтар мен келіспеушіліктерді туғызатын
бірден-бір себеп ол - саяси мүдде және соның негізінде туындайтын
қақтығыстар. Саяси келіспеушілік ең жақын адамдардың өзін бір-біріне
қарама—қарсы қояды. Көпшілік жағдайларды саяси мүдде билікке таласу және
оған қалайда қол жеткізу ниетінде көрініс табады. Саяси ұпай жинау
мақсатында талай саясаткер адам қанын төгіп, қарапайым халықты қанағаны
тарихтан бізге жақсы мәлім. әке мен бала және керісінше, әйелі мен күйеуі
бір-біріне у беріп, көзін жойған, үстемдікке ие басшы өз қарсыласын, ал бір
партияның мүшелері өз ішінде қақтығысып, аяқтан шалып отырған. Мұның бәрі –
билікке қол жеткізу мен өз мүддесін жүзеге асыру үшін керек. Бұл
қақтығыста билікке таласпаған, алайда билікқұмар адамға жақындап кеткен
жазықсыз жандар, балалар құрбан болған. Еркін ойлай білетін адамдардың
көзін ең бірінші болып жойғвн, ал ондайлардың саны жүз мыңдап саналады. Бір
қызығы дәл осы қылмыс түрлері жабық күйінде қалып, кінәлілер жазаланбайды.
Ал олардың жазасын тек тарих бере алады (килігіңкіреп барып), алайда оның
өзі қанішер саясаткерді ұлы адам және көшбасшы деп өмір бойы қателесіп
өтеді.
Ары қарай бұл тақырыпты қозғамай-ақ қояйық. Ол қылмыстылық пен қылмыс
жайлы болса да, жалпы тергеушілік қылмыс туралы емес. Алайда
саясаткерлердің қылмысы жалпы қылмысқа әсер етпейді деуге болдмайды. Себебі
олардың іс-әрекеті жалпы қоғамның жай-күйі мен психологиясына әсер етіп
отырады. Ондай іс-әрекет еркіндігі қоғамда да дүмпу тудырып артынан үлкен
қақтығыстарға әкеліп соққан. Бұл заңды да, себебі олар істесе, біз неге құр
қарап қаламыз? Деген қисынды сұрақ туындайды.
Мына бір парадоксқа қараңыз, биліктің буына басы айналып, желіккен
саясаткер өзі біле тұра заң бұзып, қылмыс жасайды, тек сол қылмыстан жапа
шекккен халықтың қысымы арқылы ғана өз ісін немесе қылмыстық топты
тоқтатуға мәжбүр болады. Солай бола тұра, түк болмағандай сыңай танытады.
Осы саланы зерттеуші криминологтар (және өзге саланың мамандығы) дәл осы
істің түбіне бара бермейді, сондықтан бұл бағытта жазылған ешқандай зерттеу
жұмысы жоқ десе де болады. Ал, шындығына келсек, саяси жанжалдан туындайтын
қылмыс - өте көп және ол ақиқат. Ал олрадың көрінісі тек мемлекеттің заңына
бағынбай тәртіп бұзушылық сипатында ғана емес, сонымен бірге зорлық-
зомбылық, тонау, күш көрсету және адам өлтіру сынды қылмыстарға
итермелейтін топтар арасындағы ұлт аралық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар туралы
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыс
Салықтық қылмыстар
Кәсіпкерлік құқық бұзушылық үшін қарастырылатын заңды жауапкершілік түрлерін жіктеу
КӘСШКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Заңсыз кәсіпкерлік үшін қылмыстық жауаптылық
Экономика саласына байланысты жасалатын қылмыстардың криминалистикалық ерекшеліктері
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түсінігі
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түсінігі, құрамы және түрлері, тергеу ерекшеліктері
Пәндер