Сот билігі туралы


МАЗМҰНЫ

Кіріспе
2-5
: 1
Кіріспе: Мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде - сот билігінің алатын орны
2-5: 6-20
: 1. 1
Кіріспе: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тарихы мен оның тұрақтануы
2-5: 6
: 1. 2
Кіріспе: Қазақстан Республикасындағы Сот билігінің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы алатын орны
2-5: 10
: 1. 3
Кіріспе: Сот билігінің өзге де мемлекеттік билік тармақтарымен қарым-қатынасы
2-5: 15
: 2
Кіріспе: Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтірудегі ең Жоғарғы Сот органы ретінде - ҚР Жоғарғы Сотының алатын орны
2-5: 21-36
: 2. 1
Кіріспе: Қазақстан Республикасындағы Сот жүйесіндегі Жоғарғы Сот
2-5: 21
: 2. 2
Кіріспе: Қазақстан Республикасы соттарының сот төрелігін іске асыру кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерін қараудағы Жоғарғы Соттың орны
2-5: 25
: 2. 3
Кіріспе: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының - сот тәжірибесінде заңдарды қолдану мәселелері бойынша түсіндірме беретін нормативтік қаулыларды қабылдауы
2-5: 29
: 2. 4
Кіріспе: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының халықаралық сот жүйесіндегі беделі мен абыройы
2-5: 34
: 3
Кіріспе: Шетел мемлекеттеріндегі сот жүйесі
2-5: 37-53
: 3. 1
Кіріспе: Шетелдердегі сот жүйесінің жалпы сипаттамасы
2-5: 37
: 3. 2
Кіріспе: ТМД елдеріндегі сот жүйесі
2-5: 39
: 3. 3
Кіріспе: Европа елдеріндегі сот жүйесі
2-5: 46
: 3. 4
Кіріспе: Қазақстан Республикасы сот жүйесінің және сот органдарының қызметін жетілдіру мен дамыту бағытындағы іс-шаралар
2-5: 50
:
Кіріспе: Қорытынды
2-5: 53-54
:
Кіріспе: Қолданылған әдебиеттер тізімі
2-5: 55-56

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. 1995 жылдың 30 тамызында Республикалық Референдумда қабылданған (2007 жылғы 21 мамырда өзгертулер мен толықтырулар енгізілген) Ата Заңымыздың 1 бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екендігі нақтыланып, еліміздің ең қымбат қазынасы - адам және адам өмірі, олардың құқықтары мен бостандықтары екендігі туралы жария етілген. [1]

Бұл тұрғыда мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының үйлесімді қызмет атқару барысын жаңа көзқараспен, заманауи негізінде зарттеу, әр билік саласына, соның ішінде сот билігіне, сот билігінің күре тамыры болып саналатын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының атқаратын жұмыстарына тиісті баға бере отырып, олардың жан-жақты талдау дипломдық жұмыстың басты мақсаты.

Қазақстан Республикасының Жоғарағы Сот құрылысы, сотта іс жүргізу, мемлекеттегі сот төрелігі дамуы принциптерінің өзекті мәселелері және олардың мән-мағынасын зерттеуде осы жұмыстың басты талаптары болып саналады. Мемлекет билігінің көрсетілген институттары өзара қоғамның алдында тұрған өзекті мәселелер болған соң түрде тығыз қатынаста болып қалыптасқан жағдайда ғана мемлекет, қоғам, адам, азамат ұғымдарының арақатынасы шынайы қалыптасуы мүмкін екендігі бұрыннан белгілі.

Ал біз қоғамымыздың дамуы әлеуметтік, саяси ахуалдың жаңаша жағдайда жылдам бейімделіп, осы салаларға қатысты заңнамалардың, нормативтік құқықтық актілердің де дер кезінде жетілдіріп отырылуын қажет етеді.

Көрсетілген жағдайларда, қылмыстық-құқықтық қатынастырды реттейтін заңдарды жетілдіру де, сот жүйесінің алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің демократиялық бастауымен, оларға теңелу мақсатында алға жылжуы қажеттілігі де қоғамның алдында тұрған өзекті мәселелер болған соң, она ары қарай дамытуды талап етеді. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуде, заңдылықты сақтау қоғамдағы қылмыспен күресуде, бұзылған құқықты, бостандықтарды, нұқсан келтірілген мүдделерді қалпына келтіруде соттың алар орны ерекше және оның тәуелсіз болуы аса маңызды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері көп жетістіктерге қолымыз жетті, билік тармағы болып табылатын сот билігі дербестікке ие болды.

Сонда да Жоғарғы Сот азаматтық, қылмыстық және жалпы сот ісін жүргізудің барлық соттарда қаралатын өзге де істер жөніндегі жоғары сот органы бола отырып, заңда көзделген іс-жүргізу нысандарында олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырудағы, сот практикасының мәселелері бойынша түсініктер берудегі Жоғарғы Соттың рөлдерін жетілдіруде өзекті мәселелер болып отыр және оны зерттеу осы еңбекте өз орнын алған.

Соттар қызметінің тәуелсіздігі мен олар шығаратын шешімдердің заңға сай болуы және мүлтіксіз орындалуы кез-келген мемлекеттік демократиялық негізі. Қазақстан Республикасының Президенті жыл сайын халыққа арнайтын жолдауында айтып жүргендей, елдегі әділ сот төрелігіне қол жеткізу Қазақстанның жүргізіліп жатқан саяси-экономикалық реформалардың жемісті болуының бірден бір кепілі. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы күндерден бастап, құқықтық жүйенің кәсіби, ірі адал қызметін жолға қоюда аз жұмыс істелінген жоқ [2] .

Қазақстан Республикасының Конституциясында баянды етілген адам және азаматтың өмірі, құқықтары мен бостандықтарының сақталуында, сондай-ақ заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етуде сот органдарының үлесі мол.

Сот пен сот билігінің жүргізіші тұлға - судьяның тәуелсіздігінің деңгейінен, сот ісін қараудың қаншалықты заңды екенін көруге болады.

Ата заңымыз сот билігіне ерекше көңіл бөліп, сот пен судьяның қоғамдағы рөлі мен орнын айқындай түсті. Қоғамдық құрылымдағы өзгерістер, әсіресе кейінгі жылдары кең дамып келе жатқан демократиялық құрылым, сот рөлін бұрынғыдан да күшейтіп, оның құқығын көтеру түсуде[3, 154б. ] .

Сот билігінің беделі мен шынайы тәуелсіздігі көптеген факторларға байланысты, соның ішінде соттарды жасақтау тәсілінің, судьяларға өкілеттік беру тәртібінің, олардың өкілеттігін тоқтату, тоқтата тұрудың мәні зор, сондықтан да қазіргі уақытта бұзылған құқықтар мен бостандықтарды қалпына келтірідегі сот органдарының рөлі мен оның тәуелсіздігі аса маңызды және өзекті болып табылады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі . Еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайту барысында Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың бағдарламалық сипаттағы еңбектерінің мәні зор. Елбасы өзінің еңбектерінде мемлекетіміздің саяси, экономикалық, әлеуметтік негіздерін нығайтумен қатар құқықтық мемлекет пен әділетті де өркениеті азаматтық қоғам құрудың бағдарламаларын айқындап, сара жолдарын көрсетіп отыр.

Қазақстандық ғалымдардың ішінде осы мәселемен айналысқан авторлардың ішінде С. З. Зиманов, С. С. Сартаев, К. Х. Халиқов, Е. О. Алауханов, Қ. Ә. Мәми, Т. Қ. Айтмұқамбетов, С. Тыныбеков, Л. Ш. Берсугурова Ш. М. Шарипов, А. С. Нұралиева, А. Н. Жайылғанова, Е. Қ. Қаржаубаев, Н. А. Жұманбаева және де басқа ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылып терең талқыларға салынған.

Жоғарғы Соттың республикамыздағы ең жоғарғы сот органы ретінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтірудегі алатын орны мен маңыздылығы жөніндегі мәселелер көпшіліктің назарынан тыс қалған емес және зерттеуді жалғастыру қажеттілігі бар.

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Жұмыстың мақсаты Жоғарғы Соттың тарихы мен тұрақтануын, қазақ елінің тарихындағы билер сотының рөлі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының халықаралық сот жүйесіндегі беделі мен абыройын, шетелдер мен ТМД елдерінің сот жүйесін, сондай-ақ Европа елдеріндегі сот жүйесін зерттеу болып табылады.

Дипломдық жұмыстың міндеттері . Аталған мақсаттарды жүзеге асыру келесідей міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

- Жоғарғы Соттың сот әділдігін жүзеге асыру және соттық қадағалауды жүзеге асыру барысындағы орнын, сот билігі мен тәуелсіздігінің маңызын, мәнін;

- Жоғарғы Соттың сот тәжірибесінде заңдарды қолдану мәселелері бойынша түсіндірме беретін нормативтік қаулылар қабылдаудағы маңыздылығын көрсету;

- сот билігінің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен қалпына келтірудегі орнын саралау;

- Жоғарғы Соттың халықаралық сот жүйесіндегі беделі мен абыройын бағалау.

Дипломдық жұмыстың объектісі. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының ең Жоғарғы Сот органы ретінде, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтірудегі алатын орны, сот билігігінің басқа да мемлекеттік билік тармақтарымен ара қатынасы жұмыстың объектісі болып табылады.

Дипломдық жұмыстың пәні ретінде - Қазақстан Республикасы соттарының сот билігін жүзеге асыру барысындағы көздейтін құқықтық нормалар, қылмыстық іс жүргізу заңының нормалары, сот тәуелсіздігі, дербестігі туралы пікірлер қарастырылады.

Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі. Зерттеудің әдістемелік негізі болып теорияның және тәжірибенің өзара байланысына негізделген, өзара тәуелді құбылыстардың тарихи дамуын ескере отыра зерттелінетін танымның ғылыми диалектикалық тәсілі танылады. Дипломдық жұмыста тарихи, салыстырмалы - құқықтық, формалды - құқықтық, жүйелілік, нақты әлеуметтік әдістер пайдалынады.

Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі ретінде сот тәуелсіздігіне сот органдарына және жалпы сот әділдігі қағидаларына қатысты жазылған еңбектер қолданылды.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Дипломдық жұмыста сот билігінің дербестігі мен тәуелсіздігі Қазақсан Республикасының құқықтық мемлекет болып қалыптасуының негізгі белгісі, әділетті сот төрелігі және мемлекет пен қоғамның тұрақты дамуы кепілдігі болып табылатындығы иуралы сөз қозғалып, соның ішінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының алатын орны, осы органды дамыту және жетілдіру мәселелері бойынша талдау жүргізілген. Осы тұрғыдан дипломдық жұмыста мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының үйлесімді қызмет атқару барысы жаңа көзқараспен, заманауи негізде зерттеліп, әр билік саласына, соның ішінде сот билігіне, сот билігінің күре тамыры болып саналатын Жоғарғы Соттың атқаратын жұмыстарына тиісті баға беріле келе, олар жан-жақты зерттелген.

Жұмыстың практикалық маңызы. Зерттеудің нәтижелері аталған мәселені одан әрі әзірлеу барысында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарында, реферат, курстық сондай-ақ бітіру жұмыстарын дайындау барысында пайдаланылуы мүмкін.

Жұмыстың құрылымы және көлемі. Жұмыстың құрылымы кіріспеден, он бір бөлімшені біріктіретін үш бөлімінен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ БІР ТАРМАҒЫ РЕТІНДЕ - СОТ БИЛІГІНІҢ АЛАТЫН ОРНЫ

1. 1 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тарихы мен оның тұрақтануы

Біз еңселі ел болғалы тарихымыздың тереңіне бой тартсақ, қазіргі Қазақ мемлекетінің құрылуынан бастап, табиғи болмыс-бітімімен бірге қайнасып, бойына сіңген әдет ғұрып, салт-санасынан екшеліп шыққан заңдар үлгісі - билер бітімі сот ісін биік беделге жеткізгенінің дәлелі.

Алтай тауынан Қап (Кавказ) тауының баурайындағы Қара теңізге дейінгі аралықтағы ұлан-байтақ далада үстемдігін жүргізіп отырған Сақ, Ғұн, Үйсін, Түрік, Түргеш, Қарахан, Қарлұқ, Оғыз, Алтын Орда, Ақ Орда, Дешті Қыпшақ тәрізді ұлыстар мен мемлекеттердің түпнұсқалық жүйелі заңы ел басқаруда, келелі кеңес айтуда өзінен кейінгілерге арқау болды.

Бұл жайлы Еуразия тарихын тереңінен зерттеп, зерделеп, өзінің шығармаларында пікірін айтқан ғұлама ғалым Лев Гумилев өте ойшылдықпен жеткізген.

Жоғарыда аталған ежелгі мемлекеттердің құрамында болған қазақ ұлысының да өзіне тән заң ережелері, сот ісінің озық үлгісі болған билер үкімі құқықтық нормалардың қағидаларын (принциптерін) атқарып келді. Қазақ даласында ғасырлар бойы билер үкімі үстемдік құрып, ел арасындағы түрлі дау-шараларды шешіп отырғаны да тарихтан белгілі. Бүгінгі ұрпақдардың құлағына айқын жеткізіліп, көкейлеріне дөп қонған: «Түгел сөздің түбі - бір, түп атасы - Майқы би» деген ғұлама сөздің мағынасы тым тереңде жатыр.

Еліміздегі билер сотының осы Майқы биден тарау алатыны - тарихи шындық. Содан бері Қазақ даласында қалыптасқан билер бітімі әр кезеңдегі мемлекеттік құрылым - жүйеге қарай дамып, өркендеп отырды.

Он алтыншы ғасырдағы Қасым хан шығарған «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталған заң жарлығы (1511-1523 жылдары билік құрған), Есім хан (1598-1628 жылдар аралығында билік еткен) жарлығы «Есім ханның ескі жолы» өз заманында заң-жарғылардың, мемлекеттік құқықтардың жинақталған озық үлгісі қатарында болды.

Ғасырдан ғасырға жалғасқан осындай дәстүрлі құқықтық әдет-ғұрып, заңдарды мемлекет мүддесіне сай жаңаша жасаған, «хан біткеннің қазығы болған» он жетінші - он сегізінші ғасырдағы Әз Тәуке ханның (1680-1717 жылдар аралығында хандық құрған) «Жеті жарғы» заңдар ережесінің маңызы зор болды.

Сөйтіп, сегіз ғасырдан астам уақыт осындай ерекшеліктерімен халық мүддесін, ұлттық салт-дәстүрге қызмет етіп келген көне заңдар ережесі, билер соты 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін өз күшін жоймай, дәстүрлі қазақ заң құқықтарының нормалық жиынтығы болып келгендігі баршамызға белгілі еді.

Алайда, жаңа социалистік қоғам үстемдік құрған аралығында билер соты ескіліктің қалдығы ретінде жойылып кетті. Оның орнына әрбір одақтас республикалардың Жоғарғы Соты құрылып, олар КСРО Жоғарғы Сотына бағынышты болды, оларға есеп беріп отырды.

Ең әуелі, Қазан төңкерісінен кейін, біздің еліміздегі сот жүйесі 11 сәуір 1923 жылы РСФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімі болып құрылғаннан соң, Қазақ автономиялық КСР Ресей Федерациясы құрамына кіргендіктен, 1936 жылға дейін, Ресей Федерациясы Жоғарғы Сот құрамында болып келді.

Тек, 1936 жылы КСРО жаңа Конституциясы қабылданып, Қазақстан дербес республика боып танылған соң ғана, Қазақ ССР-і Конституциясы бойынша сот жүйесі әкімшілік бөліністегі еңбекші депутаттардың кеңестік ұйымына негізделіп құрылды. Азаматтық, қылмыстық істерді қарайтын халық соттарының учаскесі ауданда болды. Бұл ең төменгі сатыдағы сот ұйымы болып есептелінді.

Бұдан кейінгі сатыда облыстық соттар тұрды. Ол облыс көлеміндегі азаматтық, қылмыстық істерді қарап, шешім қабылдады және халық сотының шешімдері мен үкімдері бойынша келіп түскен кассациялық шағым мен наразылықтарды қарап, билік айтты.

Қазақ ССР-і Жоғарғы Соты - республикадағы ең жоғарғы сот ұйымы болып танылды. Өзінен төменгі соттарға қарап, шешім қабылдаған істер бойынша шыққан үкімдерді наразылық келтіру тәртібімен қайта қарауға мүмкіндік алды. Сондай-ақ соттардың кассациялық шағымды қарау барысында күшінде қалдырылған шешімдерді немесе кассациялық шағым заңда көрсетілген мезгілде сотқа берілмесе, оны наразылық келтіріп, қайта қарау құқығын иеленді.

Қазақ ССР-нің Жоғарғы Соты Конституциядағы 85 баптың талабына сай республикадағы барлық сот істеріне билік етті. Аталған бапта: «Қазақ ССР-нің Жоғарғы Соты - Қазақ ССР-індегі ең жоғарғы сот ұйымы болып табылады. Қазақ ССР-нің Жоғарғы Сотына Қазақ ССР-індегі және облыстық сот ұйымдарындағы барлық сот істері мен қызметтерін қадағалау жүктелген», - деп көрсетілген. Атап өтер бір жәйт, Қазақстан территориясындағы арнайы соттардың сот ісін, қызметтерін қадағалау КСРО Жоғарғы Сотының қарауында болған.

Республика Жоғарғы Сотының құрамын Қазақ ССР-нің Жоғарғы Кеңесі 5 жылға сайлап бекітті. Оның құрамына Төраға, төрағаның орынбасары, Жоғарғы Соттың мүшелері және халық заседательдері енді, Қазақ ССР Жоғарғы Сотының құрамында қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы және азаматтық істер жөніндегі сот алқасы жұмыс жасады.

Жеке республикалар мен одақтас елдердің жалпы мемлекеттік заңдарына талдау жасағанда, 1936 жылы қабылданған КСРО Конституциясында сот өндірісі мен сот құрылымы туралы заңдылықтарды қолдану КСРО құзыретіндегі одақтас республикаларға да тән екендігі айтылған. Бірақ, Қазақстан мен Қырғызстан территориясында РСФСР кодекстері заң нормасы ретінде 1959 жылға дейін қолданылып келді.

Осы ретте 1959 жылы Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесінің екінші сессиясы аса маңызды үш бірдей заң қабылдады. Олар: Сот құрылысы туралы заң, Қылмыстық кодекс және Қылмыстық іс жүргізу кодексі болатын.

Аталған бұл заңдар 1958 жылғы 25 желтоқсандағы КСРО мен одақтас республикалардың заңдарын қарап бекіткен КСРО Жоғарғы Кеңесінде жан-жақты талданып, сараптаудан өткен еді. Қазақ ССР-нің Жоғарғы Кеңесі шығарған сот құрылымы туралы жаңа заң бойынша Қазақ ССР-нің Жоғарғы Соты жанынан Пленум құрылды. Бұдан бұрынғы заңдарда мұндай өкілеттілік тек РСФСР Жоғарғы Сотының құзырында ғана болған.

Қазақ ССР Жоғарғы Сотының Пленумы бұдан былай республика аймағында сот істеріне қолданылатын заңдар бойынша сот басшыларына түсінік беру, статистикалық мәліметтерді сараптап көрсету, сот тәжірибесі туралы талдау жасаған материалдарды қарап, ұсыныс енгізу, республика Жоғарғы Соты Төралқасының шығарған қаулысы бойынша наразылықтарды қарау, Жоғарғы Соттың әрбір сот алқасының қызметі туралы алқа төрағасы жасаған есепті баяндамасын тыңдап, бекіту құзырына ие болды. Сонымен қатар, Пленум көрсетілген заң тәртібімен Қазақ ССР-нің заңдарын талқылап, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасына маңызды мәселе қою құқығына иеленді. Сондай-ақ, Жоғарғы Сотқа республикадағы барлық соттардың іс жүргізудегі қызметтеріне басшылық жасап, біліктілігін арттыру жөнінде айрықша құқық берілді.

Қазақ ССР Жоғарғы Соты Төралқасының да құзыры кеңейтіліп, ауқымды жұмыс жасауына бөгет болмады. Жоғарғы Сот төралқасының құрамы Төраға және оның орынбасары мен мүшелерінен құрылды. Төралқа Қазақ ССР Жоғарғы Сотындағы сот алқалары шығарған ұйғарымдар, шешімдер мен үкімдері бойынша келтірілген наразылықтарды қарап, олар бойынша шешім қабылдады. Оған республика прокуроры немесе оның орынбасары міндетті түрде қатысып отырды.

Республика Жоғарғы Сотының Төралқасы мен Пленумының құзыреті «Қазақ ССР-нің сот құрылымы туралы» заңындағы 47 және 49 баптар бойынша белгіленіп көрсетілген болатын. Онда Жоғарғы Сот Төралқасы мен Пленумы бұған дейінгі белгіленген заң ережелерінен әлдеқайда пәрменді болды. Сонымен бірге, олар республика аймағындағы сот істері мен оның қызмет істеуіне және басқару жүйесіне де бақылау жасады.

1957 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Сотында Төралқа қайта құрылып, оның құрамы кеңейтілді. Сол жылы республика Жоғарғы Соты құрамында Төраға және екі орынбасар, 19 сот мүшесі болды.

Бұдан бөлек Жоғарғы Сот құрамына 10 халық заседательдері енгізіліп, олар сот істеріне қатысып, қызмет көрсетті.

1985 жылдан бастап Кеңестер Одағында демократиялық саяси үлкен бетбұрыс кезеңі жаңаша сипатқа ие болды. Яғни тарихтың өзі дәлелдегеніндей, «төмендегілер ескіше өмір сүруді қаламайтын, жоғарыдағылар бұрынғыша ел басқаруды қолдамайтын» саяси дағдарыс белең алған еді. Осы саяси шиеленісті демократиялық тұрғыдан оңды шешудегі қоғамдағы өзгеріске тән қайта құру процессін мемлекет Кеңес еліндегі ішкі саясатты ушықтырмай, тиімді тәсілмен жүргізе білді. Мұның соңы әрбір Одақ құрамынан ерікті түрде шығуына әкеліп соқты.

Бұл тұрғыда, Қазақстан Республикасының қоғамдық сипатын, мемлекеттік жүйесін түпкілікті өзгерткен 1990 жылғы 24 сәуірдегі Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Председателі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақ ССР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ ССР Конституциясына (Негізгі Заңына) өзгеріcтер мен толықтырулар енгізу туралы заңы» және Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің 24 сәуірдегі «Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Президенті туралы» қаулысының Қазақстан халқы үшін маңызы өте зор болды.

Ал, 1990 жылдың 25 қазаны күні жарияланған «Қазақ Советтік Социалистік Республикасының егемендігі туралы» Декларациясы қазақ халқы ғасырлар бойы армандап келген тәуелсіздікке қол жеткізудің алғы шартын жасап берді. 1991 жылдың 16 желтоқсаны күні Қазақстан Республикасы - тәуелсіз мемлекет екендігі дүние жүзіне паш еткен Президент Н. Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы жарияланған күні болып саналады. Бұл күн Қазақ елінің Ұлы мерекесіне айналып, ұлттық мейрамға ұласты.

1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік өкімет пен басқарудың құрылымын жетілдіру барысында және одан бұрынғы шыққан Конституциялық заңдардың ережелерін жинақтай келе жаңа қоғамға лайықты «Қазақстан Республикасы Конституциясы» жарияланды. Жаңа Конституциядағы 95 бабқа сәйкес Қазақстандағы Сот билігі Конституциялық Сотқа, Жоғарғы Сотқа және Төрелік Сотқа, сондай-ақ заң бойынша құрылатын төменгі соттарға тиесілі екендігі көрсетілді.

Қабылданған Конституция негізінде Қазақстан Республикасы сот жүйесі 1995 жылдың тамыз айының 30 күні қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясымен және 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңымен және басқа да заң актілерімен белгіленді.

Бұл конституциялық заңды қабылдаудың негізгі мақсаты елде сот - құқықтық реформаны одан әрі жетілдіру болып саналды.

Сот жүйесінің қазіргі даму кезеңінде басым міндеттер биліктерді бөлудің конституциялық принциптерін неғұрлым толық және дәйекті іске асыру, билік тармақтарының «тежемелік» әрі «тепе-теңдік» жүйесін пайдалана отырып, өзара іс қимыл жасау болып танылады. Ал сот жүйесін реформалау, судьялардың әлеуметтік беделін арттырып, сот органдарын жеке адамның құқығы мен бостандығының сенімді кепілгері етуге, қоғамдық қарым-қатынастардың субъектілерінің арасындағы дау, тартыстардың заңды, әрі әділетті түрде шешілуіне, судьяларды, олардың отбасы мүшелерін құқықтық және әлеуметтік қорғау мәселелеріне бағытталған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот билігі жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері
Қaзaқcтaн Рecпубликacындa coт билiгiнiң кoнcтитуциялық нeгiздeрi
Қазақстанның сот билігінің өзекті мәселелерін анықтау
Қазақстан Республикасындағы сот реформаларын талдау
Қазақстан Республикасындағы сот билігінің құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасы Сот жүйесі
Иліктің бөліну теориясындағы сот билігі түсінігі, мазмұны, функциясы
Сот жүйесінің даму мәселелері
Қазақстан Республикасының сот жүйесі
Қaзaқстaн Республикaсындaғы сот реформaсы:теңденциялaры және aлғышaрттaры
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz