Компания топтарын басқару қызметіндегі қолданылатын негізгі қағидалар
Кіріспе 3
1. Тарау. Компания топтарын басқару жүйесіндегі қағидалардың мәні және сипаттамасы. 6
1.1. Басқару жүйесіндегі қағидалар түрлері және айырмашылықтары. 8
1.2. Басқарудың заңдары мен заңдылықтары. 10
2 . Тарау. Басқару функциялары. 12
2.1 Басқару түрлері мен әдісі. 14
2.2 Басқару мәселелерін шешу жолдары. 16
3 . Тарау. Қазақстан Республикасының мұнай . газ компаниялардың стартегиялық дамуы. 19
3.1 «ПетроҚазақстан» компаниясының қызметі, басқару жүйесі және Қазқастанның дамуына қосқан үлесі. 20
3.2 “ КазТрансОйл” ЖАҚ . ның мұнайтасымалдау инфрақұрылымның стратегиялық дамуы. 22
Қорытынды 25
Пайдаланған әдебиет 26

Бүгінгі күнде кәсіпорындардың, компаниялардың экономикалық жағдайына және бүкіл экономиканың жағдайына көп көңіл бөлінеді. Компаниялардың экономикалық жағдайына жалпы 3 негізгі фактор ықпал етеді: техника мен технологияның деңгейі, жұмыс күшінің сапасы және еңбекке ынталандыру, ұйымдастыру және басқару (менеджмент). Менеджмент жүйе құрушылық сипатқа ие болады да, қалған екі факторға тікелей ықпалын тигізеді. Дәл осы себептен басқару капиталмен, еңбекпен және жермен қоса өндірістің айрықша факторына іріктеледі және сондықтан қоғамда менеджерлерге – басқарумен кәсіптік түрде айналысатын адамдарға қажеттілік пайда болады.
Басқарудың теориясы мен тәжірибесі ежелгі дүниеден бастап, бүгінгі күнге дейін өзінің қалыптасуы мен дамуының ұзақ жолында жүрді. Оған себептер – көптеген оңжылдықтар бойы мыңдаған адамдар қатысып салынған ертекезектегі орасан күрделі құрылыстар. Бұны басқарудың әдістері мен құралдарын қолданбай жасау мүмкін емес екені айқын шығар.
4 мың жылдай бұрын адаидар ұжымын басқарудың әдістері мен стилі жөнінде “Птаххотептің ілімі” деп аталатын бірінші трактат жазылған еді. Дәл сол кездері Вавилонның патшасы Хаммурапидің заңдар кодексі пайда болды. Онда табысталған жұмыс үшін жауапкершілік орнатылды, ең аз жалақының деңгейі анықталады және құжаттық есеп беру енгізілді.
Басқару саласындағы бірінші ғылыми жұмыстар бірінші өнеркәсіптік революция кезінде пайда болды. Сөйтіп, Вена университетінің профессоры Штейн Л. (1815-1890) “Әкімшілік басқару туралы ілім” атты 8-томдық еңбек жазды. Нарықтық экономиканың теоретикалық негіздері мен оны басқару жүйелері ағылшын экономистер Адам Смит (1723-1790) пен Давид Рикардсонның (1772-1823) еңбектері арқасында жасалынды. Экономикалық теориға үлкен үлесті К.Маркс пен Ф.Энгельс енгізді.
Бірақ та ХХ ғасырдың басына дейін басқарудың біртұтас ғылымы жоқ болды, басшылық ету өнер болып табылды да, көбінесе басшылардың жеке тәжірибесі мен түйсіктеріне негізделеді.
Басқару ғылымның негізін қалаушысы болып американдық инжненр және зерттеуші Ф.Тейлор саналады. 1911 жылы ол “Ғылыми басқару принциптері” деп аталатын кітабын шығарды, онда басқаруды “не істеу керектігін және оны ең жақсы, ең арзан жолмен қалай істеу керекктігін нақты білу өнері” деп анықтады. Тейлор басқарушылық фкнкциялардың төрт тобын айырды: мақсатты таңдау, құралдарды таңдау, құралдарды дайындау, нәтижелерді бақылау. Өзінің зерттеулері нәтижесінде ол мынадай қорытындыға келді: “ғылыми басқару – бұл еңбекті үнемдейтін қандай – да бір құрал”. Тейлордың пікірі бойынша, басқару 4 базаға: нормалауға, тапсырманы орындау мерзімдеріне, атқарушылардың ақыл – ой және физиологиялық мүмкіндіктерін зерделеуге, оларды іріктеу мен оқытуға және атқарушы жұмысының соңғы нәтижесін мадақтауға негізделеді.

1. Виханский О.С, А.И. Назимов “Менеджмент”, 3 – таралым, Москва – 2002;
2. К.Ғ.Ахметов “Менеджмент негіздері”, Алматы – 1993;
3. Б.А. Байтанаева “Менеджмент”, оқу құралы, Алматы – 2001;
4. “Нефть и газ”, научно – технический журнал, Алматы “Ғылым”, №6, 2005.
5. Аль – Пари, №3 – 2005;
6. Экономика и статистика, №6 – 2004;

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті
Экономика және Минералды ресурстарды басқару кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Компания топтарын басқару қызметіндегі қолданылатын негізгі
қағидалар
Оқытушы: Болатханова З.А.
Студент:
Досанова М.С
Мамандығы: 520830
Тобы: ЭКб –03 –1К
Алматы – 2006 жыл
Жоспар:
Кіріспе
3
1- Тарау. Компания топтарын басқару жүйесіндегі қағидалардың мәні және
сипаттамасы.
6
1.1. Басқару жүйесіндегі қағидалар түрлері және айырмашылықтары.
8
1.2. Басқарудың заңдары мен заңдылықтары.
10
2 – Тарау. Басқару функциялары.
12
2.1 Басқару түрлері мен әдісі.
14
2.2 Басқару мәселелерін шешу жолдары.
16
3. – Тарау. Қазақстан Республикасының мұнай – газ компаниялардың
стартегиялық дамуы.
19
1. ПетроҚазақстан компаниясының қызметі, басқару жүйесі және
Қазқастанның дамуына қосқан үлесі.
20
3.2 “ КазТрансОйл” ЖАҚ – ның мұнайтасымалдау инфрақұрылымның стратегиялық
дамуы.
22
Қорытынды
25
Пайдаланған әдебиет
26
Кіріспе
Бүгінгі күнде кәсіпорындардың, компаниялардың экономикалық жағдайына
және бүкіл экономиканың жағдайына көп көңіл бөлінеді. Компаниялардың
экономикалық жағдайына жалпы 3 негізгі фактор ықпал етеді: техника мен
технологияның деңгейі, жұмыс күшінің сапасы және еңбекке ынталандыру,
ұйымдастыру және басқару (менеджмент). Менеджмент жүйе құрушылық сипатқа ие
болады да, қалған екі факторға тікелей ықпалын тигізеді. Дәл осы себептен
басқару капиталмен, еңбекпен және жермен қоса өндірістің айрықша факторына
іріктеледі және сондықтан қоғамда менеджерлерге – басқарумен кәсіптік түрде
айналысатын адамдарға қажеттілік пайда болады.
Басқарудың теориясы мен тәжірибесі ежелгі дүниеден бастап, бүгінгі
күнге дейін өзінің қалыптасуы мен дамуының ұзақ жолында жүрді. Оған
себептер – көптеген оңжылдықтар бойы мыңдаған адамдар қатысып салынған
ертекезектегі орасан күрделі құрылыстар. Бұны басқарудың әдістері мен
құралдарын қолданбай жасау мүмкін емес екені айқын шығар.
4 мың жылдай бұрын адаидар ұжымын басқарудың әдістері мен стилі
жөнінде “Птаххотептің ілімі” деп аталатын бірінші трактат жазылған еді. Дәл
сол кездері Вавилонның патшасы Хаммурапидің заңдар кодексі пайда болды.
Онда табысталған жұмыс үшін жауапкершілік орнатылды, ең аз жалақының
деңгейі анықталады және құжаттық есеп беру енгізілді.
Басқару саласындағы бірінші ғылыми жұмыстар бірінші өнеркәсіптік
революция кезінде пайда болды. Сөйтіп, Вена университетінің профессоры
Штейн Л. (1815-1890) “Әкімшілік басқару туралы ілім” атты 8-томдық еңбек
жазды. Нарықтық экономиканың теоретикалық негіздері мен оны басқару
жүйелері ағылшын экономистер Адам Смит (1723-1790) пен Давид Рикардсонның
(1772-1823) еңбектері арқасында жасалынды. Экономикалық теориға үлкен
үлесті К.Маркс пен Ф.Энгельс енгізді.
Бірақ та ХХ ғасырдың басына дейін басқарудың біртұтас ғылымы жоқ
болды, басшылық ету өнер болып табылды да, көбінесе басшылардың жеке
тәжірибесі мен түйсіктеріне негізделеді.
Басқару ғылымның негізін қалаушысы болып американдық инжненр және
зерттеуші Ф.Тейлор саналады. 1911 жылы ол “Ғылыми басқару принциптері” деп
аталатын кітабын шығарды, онда басқаруды “не істеу керектігін және оны ең
жақсы, ең арзан жолмен қалай істеу керекктігін нақты білу өнері” деп
анықтады. Тейлор басқарушылық фкнкциялардың төрт тобын айырды: мақсатты
таңдау, құралдарды таңдау, құралдарды дайындау, нәтижелерді бақылау. Өзінің
зерттеулері нәтижесінде ол мынадай қорытындыға келді: “ғылыми басқару – бұл
еңбекті үнемдейтін қандай – да бір құрал”. Тейлордың пікірі бойынша,
басқару 4 базаға: нормалауға, тапсырманы орындау мерзімдеріне,
атқарушылардың ақыл – ой және физиологиялық мүмкіндіктерін зерделеуге,
оларды іріктеу мен оқытуға және атқарушы жұмысының соңғы нәтижесін
мадақтауға негізделеді.
Француз ғалымы мен топ – менеджер Анри Файоль (1841-1925) әкімшілік
басқарудың классикалық мектебінің және басқаруда адамдық факторды есепке
алу жүйесінің негізін қалаушысы болып табылады. Ол 1916 жылы басқарудағы
жоғарғы деңгейлердің жұмысын зерделеген “Жалпы және өнеркәсіптік әкімшілік”
деп аталатын үлкен еңбегін жазды. Кәсіпорында орындалатын барлық
операцияларды Файрль 6 топқа бөлді: техникалық, коммерциялық, қаржылық,
күзету, есептік және әкімшілдік, Файольдің пікірінше “басқару – бұл
кәсіпорынды оның ресурстарын ең жақсы түрде пайдалануға, осындай 6 негізгі
функцияның дұрыс жүру барысын қамтамасыз етуге тырысып, мақсатқа қарай
жетектеу”.
Басқарудың қазіргі заманғы теориясы мен тәжірибесінің эволюциясында
бірнеше маңызды сатыны айыруға болады. ХХ ғасырдың 50-60-шы жылдары
басқарудың ұйымдастырушылық құрылымдардары аса маңызды рөлге ие болды. 60-
70-ші жылдары стратегиялық жоспарлау, ал 80-ші жылдары – стратегиялық
басқару пайда болды. Басқару теориясы мен маркетинг теориясын біріктіру
басқарудың нарықтық тұжырымдамасының жасап шығарылуына әкелді. Қазіргі
уақытта басқарудың бұрынғы рационалдық тұжырымдамасының орнына
маркетингтік, жеке, ақпараттық деп аталатын жаңа тұжырымдама компания
сәтілігі компанияның өзінде орналасатын өндіріс факторларына тәуелді болады
деген болжамға негізделеді. Берілген жағдайда компания жабық жүйе ретінде
қарастырылады. Бұған қарағанда, басқарудың маркетингтік қатынасы кезіндегі
компания – бұл ашық жүйе, оның қызмет ету сәттілігі ол сыртқы ортаның
өзгерістеріне қаншалықты жылдам бейімделетініне тәулді болады. Сондықтан
барлық ішкі шешімдер – бұл компанияның осындай өзгерістерге қайтарымдық
реакциясы.
“Басқару – бұл адамның, әлеуметтік топтардың және қауымдастықтардың
әртүрлі объектілірге және қоршаған дүниеде өтіп жатқан үрдістерге, соларға
қатысып жатқан адамдарға және адамдар арасындағы қарым – қатынастарға
үрдістерге белгілі бір бағыт беру және қаланылған, талап етілетін,
белгіленіп қойылған нәтижелерге алу мақсатымен саналы түрде ықпал ету”.
Американдық ғалым П.Друкердің пікірі бойынша “басқару – бұл қызмет
ұйымдастырылмаған жұртты тиімді белгілі бір мақсатқа бағытталған және
өнімді топқа айналдыратын айрықша бір түрі.
Басқарушылық ықпалдар бағытталған басқару объектісіне тәуелді
қоғамның, мемлекеттің, экономиканың, әлеуметтік үрдістердің, ұйымдардың,
өндірістік ұжымдардың, үй шаруашылықтардың және т.б басқарылуын айыруға
болады. Осы объектілердің барлығы әлеуметтік – экономикалық жүйелер болып
табылады. Әйтсе де, бізді қоршаған өмірде табиғи және техникалық жүйелердің
табына жататын басқарудың көптеген басқа объектілері де кездеседі.
Сондықтан, кең мағынада айтқанда басқару – бұл қойылған мақсаттарға қол
жеткізу үшін басқарылатын объектіге ықпал етудің үзіліссіз үрдісі.
Сөйтіп, басқару объектісі ретінде келесілер алынуы мүмкін:
биологиялық жүйе, табиғи орта, адамдық өркениет, әлемдік экономика,
мемлекет, оның экономикасы, аймақ, сала, кәсіпорын, адамдардың ұжымы,
жанұя, жеке адам т.с.с. Осындай объектілердің барлығы өздеріне ғана тән
ерекшеліктерге ие болғанына қарамастан, оларды басқару жалпыға бірдей
заңдарға, пинциптерге, ережелерге және әдістерге бағынады.
Жоғарыда аталған басқару объектілердің ішіндегі – экономика саласы
ерекше орын алады. Оның ішіндегі кәсіпорын және компания топтарын басқару
жүйесі. Біздің курстық жұмыстың негізгі мақсаты – ол компания топтарын
басқару жүйесіндегі зерттеу. Олардың әдістері мен түрлерін зерттей отырып,
нарық экономика жағдайында компанияны басқарудағы негізгі принциптер
қолданылуы. Мұнда, Қазақстан Республикасының көптеген компаниялардың үлесін
талдап, салыстырып көрсетіледі. Олар төмендегі тарауларда кездеседі:
1. Компания топтарын басқару жүйесіндегі қағидалардың мәні және
сипаттамасы.
2. Басқару функциялар.
3. Қазақстан Республикасындағы компаниялардың (PETRO – KAZAKHSTAN және “
КазТрансОйл” ЖАҚ ) стратегиялық дамуы және басқару жүйесі.
1. - Тарау. Компания топтарын басқару жүйесіндегі қағидалардың мәні және
сипаттамасы.
Қызмет түрі ретіндегі басқару негізгі жағдайлардың, яғни оның
фундаментін құрайтын принциптердің жүйесіне негізделеді. Олар объективті
болады, менеджерлердің еркі мен қалауларына тәуелді емес және басқару
қалайша құрылу керектігін түсінуге көмектесетін құрал болып табылады. Олар
әмбебап, себебі олар кез – келген әлеуметтік объект үшін қолданылуы мүмкін.
Дәл бұлар басқарылатын жүйенің қалдыптасу заңдылықтарын, яғни оның
құрылымын, ұжымға әсер ету әдістерін, оның мүшелерінің мінез – құлығының
ынталандырылуын, және қойылған мақсаттарға қол жеткізу ойымен ұйымды
басқару технологиясының ерекшеліктерін анықтайды. Төменде басқарудың ең
маңызды принциптері қарастырылған.
Мененджментте принциптер дегеніміз “басқару теориясының негізгі
бастапқы жағдайларын ұстану, менеджерлердің өз ісіне және ұжымдағы мінез –
құлықтың нормаларына қатынасын анықтайтын ішкі сенімдері” (Вачугов, 2003).
Менеджменттің қалыптасу тарихында тұрақты болып қалмайтын, өнеркәсіптік
өндіріс дамуының әрбір сатысында басқарушылық жұмыстың өзгермелі
жағдайларына сәйкес өзгеріп отыратын принциптердің белгілі бір логикасын
көруге болады.
Бірінші сатыда өндіріс дамымаған болған еді және өндірістік үрдістің
негізі болып келетін жұмысшылардың физикалық мүмкіндіктеріне негізделген
еді. Сол кездердегі басқару жұмысшыларды еңбекке мәжбүр ету принциптеріне
негізделген. Өнеркәсіптік өндіріс дамуының екінші сатысы жұмысшының рөлі
түбегейлі өзгергендігімен сипатталады. Енді жұмысшы – машинаның бір
құрамдас бөлігі болды. Сондықтан, басқарушылық жұмыстың негізіне техникалық
басымдық және еңбек пен өндірісті рационалдау принциптері жатқызылады.
Үшінші, постиндустриалды сатыда басқарушылық қызметтері өндірістің
тиімділігін көтеру мақсатымен максималды ашу керек болатын білімі,
интеллектуалдық жағдайларында рационалдау принципі адамдық қарым –
қатынастар принципімен толықтырылады. Бұндай принциптердің бірлескен түрде
жүзеге асырылуы еңбек өнімділігінің күрт жоғарлануына, жаңа техникак мен
технологияны қарқында пайдалануға қол жеткіздірді.
Басқарудың әкімшіл - әміршіл жүйесі мен директивті жоспарлау принципі
болды. Оның қолданылуы ел халық шаруашылығының әскери - өнеркәсіптік
кешеніне қызмет еткен және мемлекет тарапынан максималдық қолдауға ие
болған салаларында ақталды. Дәл осы принцип менеджменттің ең маңызды бір
функцияларының – жоспарлаудың негізінде жатыр.
ТМД елдерінің экономикасы нарықтық қарым – қатынастарға негізделген.
Сондықтан, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің сәтті дамуы үшін барлық
деңгейлердегі менеджерлерге дүние жүзінің өнеркәсібі дамыған елдерінде
өзінің тиімділігін басқару принциптерін актуалды болып қалды да, кең
колданыс тапты:
1. Еңбектің бөлінісі. Бұл функция атқарушылық жұмыстарға, сонымен қатар,
басқарушылық жұмыстарға да таралады.
2. Өкілеттіктер мен жауапкершілік. Өкілеттілік дегеніміз – бұйрықтарды,
өкімдерді, нұсқауларды және т.с.с беру құқығы, яғни бағынуды талап ететін
күш. Жауапкершілік – бұл тапсырманың орындалуы үшін өзіне міндеттеме алу.
3. Тәртіп. Ұйымда орнатылған тәртіптерді құрметтеу, мойындау және бағыну.
4. Бір басшылық. Жұмыскер бұйрықтарды тек бір ғана бастықтан алуы тиіс.
5. Бағыттың бірлігі. Ұйымда әрбір топ бір ғана мақсатты көздеуі тиіс және
бір ғана жоспармен бірігуі тиіс.
6. Жеке мұқтаждықтардың жалпы мұқтаждықтарға бағынуы. Әрбір жеке
жұмыскердің мақсаттары бүкіл ұйымның мақсаттарынан басым болмауы тиіс.
7. Персоналды мадақтау. Жұмыскерлердің қайтарымды алу үшін олар өз
еңбектері үшін әділетті сыйақыны алулары тиіс.
8. Орталықтандыру. Кез – келген ұйымда басқарушылық орталық болуы тиіс.
9. Скалярлық тізбек. Бұл басшылық лауазымдарда тұрған тұлғалардың
бірқатары, ең жоғары орынды алатын тұлғадан бастап, тізбек бойынша төмен
қарай ең төменгі буынға дейін (бағыну тізбегі).
10. Реттілік. Әрбір жұмыскер үшін жұмыс орны бөлінуі тиіс және әрбір
жұмыскер мен әрбір зат өз орнында болуы тиіс.
11. Әділеттілік. Мейрімділік пен сот төрелігінің бірігуі.
12. Персоналдың тұрақтылығ. Кадрлардың жоғары ағымдылығы ұйым
сәтсізділігінің объективті белгісі және салы болып табылады.
13. Ықылас (инициатива). Жоба немесе жоспардың жасап шығарылуын және оның
қамтамасыз етілуін білдіреді.
14. Корпоративті рух. Ұйымның салт – дәстүрлері, келісімі, имиджі.

Басқару ғылымының кейінгі дамуы басқарудың негізін қалаушы
принциптері тізімінің айиарлықтай кеңеюіне әкелді. Олардың ең маңыздылығы
(Кнорринг В.И., 1999):
1. Басқарушылық шешімнің құқықтық принципі.
Бұл принцип ұйымдардың басшыларынан қолданыстағы заңдылықты білуін және
басқарушылық шешімдерді бұл шешімдердің қолданыстағы заңдарға сәйкестігін
ескере отырып қабылдауын талап етеді. Құқықтық актілерді бұзу ірі
айыппұлдарға, қылмыстық қудалауға және кәсіпорынның қызмет етуін
жалғастыруға толық тыйым салынуына әкеп соқтырады. Егер кәсіпорын сыртқы
экономикалық қызметпен айналысатын болса, онда оның басшылары мен мамандары
бизнесі бойынша серік – елдердің заңдылықтарын білулері тиіс.
2. Басқаруды оңтайландыру принципі.
Басқаруды оңтайландыру әрдайым қалыптасқан жағдайлардағы ең жақсы
стратегиялық және тактикалық шешімдердің қабылдануы, қолда бар ресурстарды
рационалды пайдалану, еңбек пен өндірісті ұйымдастырылуын жақсарту,
ақпаратты өңдеу үрдістердің жеделдетілуі және т.с.с. арқасында басқарылатын
жүйе тиімділігінің өсуіне әкеледі.
3. Өкілеттіліктерді табыстау (делегирование) принципі.
Өкілеттіліктерді табыстау – бұл басшының өз қызметтік міндеттемелерінің,
құқықтарының және жауапкешілігінің біраз бөлігін өзінің бағыныштыларына
беру, бұл басшының уақытын күрделі басқарушылық мәселерді шешу үшін
босатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, атқарушылардың біліктілігі
жоғарлайды, олардың еңбекке ынталануы күшейеді, ықыластылығы мен дербестігі
дамиды. Өкілеттіліктерді табыстаған кезде ұстану керек басты ереже: “сенің
бағыныштыларын істей алатының ешнәрсесін өзін істеме, тек адамның өміріне
қатер туып тұрған жағдайларынан басқа”.
4. Сәйкестік принципі.
Орындалатын жұмыс атқарушылардың интеллектуалдық және физикалық
мүмкіндіктеріне сәйкес келуі тиіс. Бұл принципті ұстану айтарлықтай қиын
болғанымен, аса қажетті, себебі оны бұзу – ұйым үшін, сонымен қатар, оның
персоналы үшін үлкен залал тигіздіреді. Көбінесе адамдар өз мүмкіндіктері
мен қабілеттерін асыра бағалайды. Осының салдарынан адам өзінің қызмет
бабындағы өсуінде “өзінің құзыретсізділік (некомпетентность) деңгейіне”
дейін көтеріледі де, оның құзыретсізділігі ұйым үшін айтарлықтай шығындарға
айналатынына қарамастан, сол деңгейде қалып қалады. Сәйкестік принципі
бұзылуының басқа бір мысалы – адам жұмыспен асыра жүктеліп, объективті
себептер бойынша өзінің міндеттерін орындай алмайды, ал бұл оның
денсаулығының жағдайына ықпал етеді. Немесе, керісінше, жұмыскерде бос
уақыты көп мөлшерде пайда болады да, ол өзін немен айналдыру керек
екендігін білмейді. Сонымен бірге, білікті жұмыскерлерге біліктілігі
төменірек атқарушы да орындай алатын қара, кертартпалық (рутинная) жұмысты
табыстауға болмайды. Жапондық менеджменттің тәжірибесінде кадрлардың
горизанталь бойынша, сонымен қатар, вертикаль бойынша да ротациясы,
атқарушылардың кварталі, ай бойынша істелген жұмыстары туралы жазбаша есеп
берулері кең қолданыс тапқан. Бұл адамдық потенциалды толығырақ және
дұрысырақ пайдалануға көмектеседі.
5. Жоқ жұмыскерлерді автоматтық түрде алмастыру принципі.
Ауруы, демалысқа немесе іс – сапарларға кетуі бойынша жоқ болған
жұмыскерлерді алмастыру қолданыстағы қызметтік нұсқаулардың негізнде
автоматтық түрде шешіліп, формалдық түрде реттелуі тиіс.
6. Бірінші басшы принципі.
Маңызды өндірістік тапсырманы ұйымдастырған кезде жұмыстардың істелу
барысын қадағалау кәсіпорынның бірінші басшысына табысталуы тиіс.
7. Ақпаратты бір рет енгізу принципі.
Компьютердің жадысына бір рет енгізілген ақпарат ақпараттық байланысқан
мәселердің бүкіл кешенін шешу үшін бірнеше рет пайдаланылуы мүмкін. Бұл
принцип басқаруда пайдалынатын және басшылар мен атқарушыларға ондағы
жинақталған ақпаратқа тікелей қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін
деректердің базалары мен банктерінде іске асырылған.
8. Жаңа мәселердің принципі.
Басқарудың тәжірибесінде қазіргі заманғы сарапшылық жүйелерді, ғылыми –
зерттеушілік және консалтингтік қызметтерді, математикалық бағдарламаудың
жүйелерін және ақпаратты өндеудің техникалық құралдарын пайдалану
принципиалдық жаңа ғылыми мәселерді шешуге және жинақтауға мүмкіндік
береді. Дегенмен, менеджерлер жаңалықтарға қызығушылық көрсетпеген
жұмыскерлер тарапынан айтарлықтай қарсыласуды жоюға талай күш салу
керектігіне дайын болулары тиіс.
9. Біліктілікті көтеру принципі.
Бұл принцип алып отырған лауазымына тәуелсіз компанияның бүкіл
жұмыскерлер біліктіліктердің міндетті түрде жоғарлатуын талап етеді.
Әлемнің барлық ірі фирмалары өз персоналын оқып – үйретуге көптеген
қаражаттарды салады да, осыдан пайданың айтарлықтай қосымша сомаларын
алады.
10. Құжаттық және материалдық қамтамасыз етілу принципі.
Қабылданатын басқарушылық шешім сәйкес құжаттармен және қажетті
ресурстармен қамтамасыз етілуі тиіс.

Табиғат пен қоғамда өтетін үрдістер белгілі бір түрде өзара бір –
бірімен байланысты. Егер бұл өзара байланыстар қайталанатын, тұрақты және
қажетті болып келсе, объективті сипатқа ие болса, яғни адамдардың еркі мен
санасына тәуелді болмаса, онда олар белгілі бір заңдар немесе заңдылықтар
түрінде ұйғарылады. Оларды білмей және іс жүзінде пайдаланбай, елдерді және
адамдардың қауымдастықтарын, ұйымдарды және жеке тұлғаларды тиімді басқару
мүмкін емес.
Заңдар табтғат пен қоғам заңдары, биологиялық, әлеуметтік,
экономикалық және кибернетикалық, дербес, жалпы және бәріне ортақ болуы
мүмкін.
Әлеуметтік – экономикалық жүйелерді басқаруда қоғамның даму мен
адамның ондағы мінез – құлығы заңдарының, нарықтық экономика заңдарының
және басқару заңдарының (мысалы, оңтайландыру заңы, басқару мен ақпарат
бірлігінің заңы және т.б) мәні ааса зор. Сонымен қатар, менеджерлерге
өндіріс пен басқарудың пропорционалдылығы, басқарудың объектісі мен
субъектісінің қатысы, экономикалық дербестік пен экономикалық
жауапкершіліктің сәйкестігі, иерархия деңгейлері бойынша басқару
функцияларының өзгерістері, басқару функцияларының концентрациясы және
басқару аппаратының ұлғаюы, бақылау саласының кеңейтілуі, басқарудың
деңгейлері мен сатылары бойынша басқарушылық шешімдердің кешігулері секілді
заңдылықтарды ескерген жөн.
Басқарудың жалпы заңдарында басқарудың мамндандырылу заңы, басқарудың
интеграциялану заңы және уақытты үнемдеу заңы жатады.
• Басқарудың мамандандырылу заңы. Әлеуметтік – экономикалық және
ұйымдастырушылық жүйелерді тиімді басқару үшін ғылымның, техниканың және
технологияның әртүрлі салаларында терең арнайы білімдерді және дағдыларды
меңгеру керек. Қазіргі заманғы менеджерлерден басқарудың экономикалық,
әлеуметтік – психологиялық, құқықтық және ұйымдастырушылық – техникалық
салаларында жоғары кәсіптілік, қабылданатын басқарушылық шешімдердің
сапасына жауапкершілік талап етіледі.
• Басқарудың интеграциялау заңы. Интеграцияның, яғни басқаратын және
басқарылатын жүйелердің бірігу қажеттілігі басқарылатын жүйенің басқаруға
қажеттілігінен туады. Интеграцияға қажеттілікті анықтайтын факторлардың
ретінде мақсаттар, мәселелер, мұқтаждықтар, жүйенің тіршілік етуін немесе
дамуын қолдау қажеттілігі, нарықтың талаптары және т.с.с алынуы мүмкін.
Интеграциялық үрдістер басқару мен ақапараттық қамтамасыз етілудің барлық
деңгейлерінде уақытша және тұрақты байланыстарды орнату арқылы жүзеге
асырылады.
• Уақытты үнемдеу заңы. Барлық үнемдеу аяғында уақыттың үнемделуіне
әкеледі. Сондықтанғ уақытты үнемдеу заңы адамның барлық қызмет еті
саласында әділетті болып табылады. Өндірісті басқарудың тиімділігі және
қойылған мақсаттарға қол жеткізу мерзімдері басқарушы жүйенің нарық
қажеттіліктерінің және осындай қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қажет
болатын ішкі және сыртқы резервтерді мобилизациялауға кететін уақыт
шығындарының өзгерістеріне реакциясының жылдамдығына тәуелді болады.
Басқарудың барлық заңдылықтарын екі топқа бөлуге болады. Біріншісіне
басқарылатын жүйеге мақсатқа сай ықпалы ретіндегі басқаруға тән заңдылықтар
жатса, екіншісіне – менеджмент саласында айқындалатын заңдылықтар жатады.
Экономикангың дамуы да белгілі бір заңдар мен заңдылықтарға бағынады.
Бұл үрдісті әртүрлі тарихи дәуірлер мен цивилизациялар жағдайындағы
экономикалық жүйелердің экономикалық жүйелердің дамуы ретінде келтіруге
болады. Олар бір – бірінен идеология, меншікке қатынастары, шаруашылық
қызметінің мүшелерін басқару мен үйлестіру тәсілдері боынша ерекшеленеді.
Экономиканың жалпы заңдары қоғамның экономикалық дамуындағы
ізбасарлықты бейнелейді де, бұл дамуды бірыңғай әлемдік үрдіс ретінде
қарастырады. Бұған қарағанда, ерекше экономикаылқ заңдар экономикалық
жүйелердің дамуындағы үзілістілікті және әртүрлі тарихи дәуірлер мен
әртүрлі цивилизациялардағы адамдардың шаруашылық өмірдегі айырмашылықтарды
ескереді.
2 – Тарау. Басқару функциялары.
Ұйым алдында тұрған басқарушылық мақсаттарға қол жеткізу және оларға
сәйкес мәселелердің шешілуі еңбек ұжымдарына және жеке жұмыскерлерге
басқарушылық ықпалдарды жүзеге асыру арқылы басқару функцияларының
арқасында жүзеге асады. Функция сөзі латынның funcito - атқару, қызмет
ету, орындау деген сөзінен шыққан. Сондықтан, басқару функциялары белгілі
бір мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған басқарушылық қызметінің мәнін
анықтайды.
Ұйымды басқарудың келесідей негізгі функцияларын қарастырайық:
жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру (координация), нталандыру, есепке алу
(учет), бақылау, реттеу, нормалау, маркетинг.
Жоспарлау функциясы басқарудың қалған функцияларының арасында орталық
болып табылады. Оның басты тағайындалуы басқарылатын жүйені оның алдында
қойылған мақсаттар мен мәселелерді жүзеге асыру барысында мінез – құлығын
қатаң регламенттауға негізделеді. Жоспарлау функциясы әртүрлі жоспарлық
кезеңдерге бүкіл ұйым үшін және оның жеке бөлімшесі үшін нақты бір
мәселерді анықтау және қойылған мәселерді шешуге бағытталған іс -
әрекеттердің сәйкес бағдарламаларын жасап шығару арқылы іске асырылады.
Ұйымдастыру функциясында басқарылатын жүйенің ресурстардың минималдық
шығындары кезінде қойылған мақсаттарға сәйкес қызмет етуін және дамуын
қамтамасыз ететін тәсілдерді, әдістері және буындарының жиынтығы
біріктіріледі. Басқарудың функциясы ретіндегі ұйымдастыру – басқаратын
жүйенің басқарылатын жүйе ұйымдастырушылық құрылымдарына, ұйымдастырушылық
үрдістеріне, ұйымдастырушылық заңдарына және ұйымдастырушылық мәдениетіне
ықпалы арқылы айқындалады.
Үйлестіру функциясы орнатылған тапсырмаларды орындау барысында еңбек
қызметінің барлық мүшелерінің келісімді жұмысын қамтамасыз етеді де,
басшылардың еңбек ұжымына және басқарудың әртүрлі құрылымдарында және
әртүрлі деңгейлерінде жұмыспен айналысқан жұмыскерлеріне ықпал ету арқылы
жүзеге асырылады.
Ынталандыру функциясы еңбек ұжымының әрбір мүшесін тиімді жоғары
өнімді еңбекке ынталандыратын ұжымдық және жеке дадақтаушылық ықпал ету
шараларын жасап шығару мен жүзеге асыруға негізделеді.
Есепке алу функциясы басқарудың бүкіл үрдісінің ақпараттық қолдауын
қамтамасыз етеді де, басқарудың барлық қалған функцияларын жүзеге асыру
үшін қажетті деректерді жинау, өңдеу, жинақтау және сақтау арқылы жүзеге
асады.
Бақылау функциясы уақыттың әрбір сәтіндегі басқарылатын жүйенің
жағдайын сипаттайтын жоспарланып қойылған және нақты көрсеткіштер
арасындағы айырмашылықтың айқындалуын, жалпылауын және талдануын қамтамасыз
етеді және маңызды айырмашылықтарды жою мақсатымен оған түзетушілік ықпал
етуді жүзеге асыру үшін қажетті негізді құрайды. Бұл функцияны жүзеге
асырған кезде арасында айырмашылықтар айқындалатын жоспарланып қойылған
деректері мен нақты есепке алынған деректері пайдалынады.
Реттеу функциясы басқарылатын жүйеге оның қызмет етуінің жоспарланып
қойылған және нақты көрсеткіштері арасындағы айтарлықтай айырмашылықтарды
жою мақсатымен басқарушылық ықпалдарды жасап шығару мен жүзеге асыруға
негізделеді, берілген функция бақылау мен үйлестіру функциялармен қоса
жүзеге асады.
Нормалау функциясы ұйымның қызмет етуі барысында ресурстардың
әртүрлілігін - еңбек, материалдық, энергетикалық, қаржылық және т.б.
шығындаудың саны мен сапасын орнататын ғылыми – негізделген шамаларды
(нормаларды, нормативтерді) жасап шығарумен сипатталады. Бұл функцияны
жүзеге асыру ресурстар мен уақытты үнемдеу есебінен тиімдірек басқаруға
жәрдемдеседі.
Маркетинг функциясы басқарылатын жүйенің ішкі ортасы мен мінез –
құлығының нарықтық ахуалдың әрдайымғы өзгерістеріне және тауарлар мен
қызметтер тұтынушылардың өзгермелі талаптарына бейімделу мүмкіндігін
қамтамасыз етеді.
Менеджмент бойынша классикалық зертеуінде (Мексон М. және басқалар,
1999) басқарушылық функцияларының басқа құрамы қарстырылған: стратегиялық
жоспарлау, стратегияның жүзеге асырылуын жоспарлау, әсерлесу мен
өкіліттілікті ұйымдастыру, ұйымдарды құрастыру, ынталандыру, бақылау.
Басқару сапасы басқару функциялары қалай орындалатынына тікелей
тәуелді екені айқын шығар. Ал басқару функцияларының орындалу сапасы ең
алдымен ұйымның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz