Алматы қаласының тарихы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Алматы қаласының тарихы

Алматы қаласы Евразия континентінің ортасында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында, 77 0 шығыс бойлық пен 43 0 солтүстік ендікте, солтүстік Тянь-Шань жотасы - Іле Алатауының бөктерінде, теңіз деңгейінен 700-900 м биіктікте орналасқан. Бұл орайда Алматы Душанбе, Қарақол және Ереван қалаларымен бәсекелесе алады. Қала Іле Алатауының мұздықтарынан бастау алып, Іле алқабына (Балқаш көлінің бассейні) құятын Үлкен және Кіші Алматы өзендері мен олардың салаларының бойында орналасқанҚазігрі кезде Алматының аумағы 324, 8 км кв. алады. Халқының саны 1, 3 млн адам. Қала 7 қалалық әкімшілік ауданға бөлінеді: Алмалы, Әуезов, Бостандық, Түрксіб, Жетісу, Медеу және таяуда құрылған Алатау ауданы. Жергілікті басқару органы: Алматы қалалық әкімшілігі. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ. Табиғаты бай, ауа-райы жайлы болғандықтан қазіргі Алматыны адам баласы ерте заманнан бері мекен етеді. Б. з. д. 10 - 9 ғғ. қола дәуірінде қазіргі қала аумағы ертедегі жер өңдеушілер мен малшылардың қонысы болды. Бұған дәлел - ерте кездегі Тереңқара мен Бұтақты қоныстарының табылуы. Бұл жерлерде керамика, тастан жасалған қарулар, темір мен сүйектен жасалған бұйымдар табылған. Б. з. д. 7 ғ. - б. з. д. сақ дәуірінде Алматы сақтардың, кейіннен үйсіндердің тұрғылықты жері болған. Осы кезеңнен көптеген қорғандар мен қоныстар орындары қалған; олардың арасында ерекшеленетін «сақ патшаларының» қорғандары. Солардың ішінде ең танымалдары Есік қорғанынан табылған «Алтын адам», Жалаулы қазынасы, Қарғалы диадемасы, жетісулық «көркемдік қоласы» - шамдар, құрбандық шалатын орны, қазан. Сақ және үйсін дәуірінде Алматы аумағы Қазақстан жерінде құрылған ертедегі мемлекеттердң орталығы болды.

10-14 ғасырларда «Үлкен Алматы» аумағындағы қалалар Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда байланысына ілінді. Алматы сауда, қолөнер жіне ауылшаруашылық орталығының біріне айналды. Бұған дәлел - осы жерде табылған 13 ғасырдың 2 күміс дирхейі. Бұл дирхейде алғаш рет қала аты аталынады - Алматы . 15-18 ғғ. Ұлы Жібек жолының ыдырауына байланысты қала өмірі деградацияға ұшырады. Бұл кезең Алматы мен жалпы Қазақстанның тарихына әсер еткен саяси үрдістерге толы болды. Мұнда маңызды этносаяси процестер, Жетісу мәдениетінің қалыптасуы жүрді. Алматы аумағына қатысы бар аудандарда қазақ мемлекеттігінің құрылуы басталды. Бұл жер жоңғар шапқыншылығы мен өз тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ батырларының оқиғасына бай. 1854 жылдың күзінде Верный қамалының құрылысы аяқталды. Верный дұрыс салынбаған, бір жағы кіші Алматы өзенінің бойында орналасқан ағаштан қаланған бесбұрышты құрады. Кейіннен ағаш кірпіш тастарына ауыстырылды. 1 шілде 1855ж. Верный қаласына казактардың бірінші тобы көшіп келді. 1856ж. орыс шаруалары да көшіп келе бастады. Олар қамал жанынан салынған Үлкен Алматы орталығына қоныстанды. Қоныс аударғандардың көбеюіне орай Кіші Алматы бекеті мен Татар (Райымбек) көшесі пайда болды.

1867 ж. 11 сәуірінде Верный қамалының атауы өзгертіліп, Алматинск қаласы аталды. Бірақ сол жылы «Дала комиссиясының» баяндамасы бойынша бұл атау өзгертіліп Верный қаласы болып өзгертілді. Верныйдың қала болуы сол кездегі реформаларға байланысты болды. Верный Вернинск уезі мен Жетісу ауданының орталығына айналды.

1921ж. 5 ақпанында аудан комитетінің салтанатты жиынында Верный қаласының атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Верный қаласы Алма-Ата деп аталынды. Бұл шешім бойынша Жетісу Әскери-революциялық комитет бұйрық шығарды: «Қаланың революциялық орталық мәртебесін алуына байланысты Жетісу әкімшілік орталығының атауы Алма Атаға өзгертілді ». 1926ж. 3 желтоқсанында Еңбек және Қорғаныс Кеңесі Түркістан-Сібір теміржолын салу жөнінде шешім қабылдады. Түрксіб құрылысы Қазақстанның астанасы Алматы болуына септігін тигізді.

1927ж. 2 наурызында ҚазАССР-ң ОСК-і астананы Қызыл-Ордадан Алматыға көшіруге шешім қабылдады. ІV Бүкіл Қазақстандық кеңестер съезі бұл шешімді мақұлдады. Үкімет орындарының көшуі салынып жатқан Түркісіб теміржолының бірінші поезында 1929 ж. мамырыда басталды. 1930 ж. 28 сәуірінде «Айнабұлақ» станциясында соңғы балдақ соғылды. Бұл екі ірі экономикалық аудандарды, яғни Сібір мен Қазақстанды қосты. 1 мамырда Түркісіб жолы ашылды. Алматыға Мәскеуден бірінші поезд келді. 1930 жылы Алматы әуе жолы ашылды, сөйтіп Қазақстан астанасы Мәскеумен әуе арқылы байланысқа ие болды. Алматының Қазақстанның астанасы болуына байланысты 1936 жылы қаланың архитектуралық құрылысы жөнінде арнайы жоспар құрылды. Жоспардың басты мақсаты Алматы қаласын мәдени орталыққа айналдыру болды.

Алматы қаласын дамытудағы жаңа бас жоба 1998-2020 жылдар аралығын қамтиды. Басты мақсат экологиялық таза, қауіпсіздік, әлеуметтік жағдайға қолайлы орта құру. Негізгі архитектуралық-құрылыстық мақсат Алматының «бау-бақша қаласы» атын сақтау мен дамыту. Жоспар бойынша көп қабатты үйлер салу, өндіріс орындарын дамыту, жол көлігін нығайту, метрополитен енгізу.

1993 жылғы шешім бойынша қала атауы Алма-Атадан Алматыға ауыстырылды. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үкімімен ел астанасы Алматыдан Астанаға ауыстырылды. 1998 жылдың 1 шілдесінде Алматы қаласының міртебесі туралы жаңа заң қабылданды. Бұл заң бойынша Алматы ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндірістік орталық болады. Алматы ғылым мен білімнің, халықаралық туризмнің, жоғары технология өндірістерінің, қаржылық-кәсіпкерлік қызметтердің ірі

орталығы және Ұлы Жібек жолындағы іскер орталық ретінде даму үстінде.
Мұнда Ұлттық ғылым академиясы, еліміздің ірі жоғары оқу орындары, әл-Фараби атындағы Ұлттық университет, консерватория және Өнер академиясы да бар, сан алуан мұражайлар, театрлар, концерт және көрме залдары, кітапханалар, стадиондар орналасқан. Метрополитен құрылысы салынуда. Алматы - бұл спектакльдер, концерттер мен фестивальдер қаласы. «Алматы - менің алғашқы махаббаттым» фестивалі де өзінше ерекше. Жаңа ықшам аудандар қала аумағын кеңейте түсуде, қала жаңа қонақ үйлер және отельдермен көркеюде. Балалар да ұмыт қалған жоқ: 1997 жылы 29 желтоқсанда балаларға әйгілі Диснейлендке ұқсайтын ойын-сауық технопаркі Жаңа жылдық сыйлық болды. Қаншама аквапарктер пайда болды. 2003 жылдың ақпан-қарашасында екі жүз елу мың шаршы метрден астам тұрғын үй іске қосылды. Алматының жолдары жөнделуде, олардың ұзақтығы 1480 километрге жетеді, көлік жолдары салынуда.
Қалада жалпы көлемі 350 гектарлық 9 саябақ, 130 гектар жерді алып жатқан 40 бақ бар. Алматыны жасыл қала, гүлді қала деп бекер атамайды. Қалада туристік базалар, шипажайлар, демалыс үйлері мен лагерьлер де аз емес.

Алматының әсем табиғаты мен климаты

Тау өзендері мен көлдері қаланы қамтамасыз етуші су көздері болып табылады. Тау аңғары емдік қасиеті мол шипалы бұлақ көздеріне, қайнарларға бай, солардың негізінде бальнеологиялық курорттар жұмыс істейді. Қала төңірегінде Үлкен Алматы көлі мен Жосалы кезең асуында Күн жүйесі мен ғарыш сәулелерін зерттейтін ғылыми станция, Каменка жоны мен Асы асуында астрофизикалық обсерваториялар, «Медеу» мұз айдыны мен «Шымбұлақ» тау шаңғысы базасы спорт кешендері, альпинистік және туристік лагерьлер, санаторийлер, демалыс үйлері мен кемпингтер бой көтерген.

Қаланың оңтүстік қабырғасын көмкере қоршаған мұзарт құздардың ішінен Талғар (517 м), Комсомол (қазіргі Нұрсұлтан, 4376 м), Үлкен Алматы (3684 м) шыңдары айрықша ерекшеленеді, қиян басын күн сүйген басқа да шыңдар биіктігі жөнінен Еуропа Монбланынан, Кавказ Қазбегінен, Америка Тахмулькосынан кем түспейді.

Климаты. Бұл өлкеге жыл бойында ғана емес, тәулік ішінде температурасы әлденеше құбылып тұратын шұғыл континентальды климат тән. 500 метрдей биіктіктегі қала көшелері солтүстіктікке қарай жазық және Қаланың оңтүстік аймағында, теңіз деңгейінен 1500 метр биіктікте, Медеу шатқалы мен каменка жонында (1600-ден 1750 метрге дейін) «тау Арктикасы» мұздықтарының лебі еседі. Алматыда желдің жылдық орташа жылдамдығы Мәскеумен салыстырғанда екі есе кем. Шілде айының орташа температурасы Шри-Ланка (Цейлон), Калимантан (Борнео) немесе Ява аралдарындағыдай дерлік болса, қаңтардағы орташа температура Норвегияның солтүстігіндегі ауа райымен бірдей. Мұнда жыл ішінде 1596 сағатқа жуық күн нұры төгіліп тұрады, жайма-шуақ мезгіл 151 күнге созылады. Түрлі биіктікте ауа температурасының деңгейі де өзгеріп отырады - теңіз деңгейінен 1400 метр биіктікке көтерілгенде әрбір 100 метр сайын ауаның жылдық температурасы 0, 660-қа төмендейді. Табиғаттың осындай қолайлы факторлары спорт пен туризмнің даумына аса оңтайлы жағдай туғызады.

Флорасы мен фаунасы

Іле Алатауының жануарлар мен өсімдіктер дүниесі аса бай әрі сан алуан. Алматы төңірегінде территориясында табиғи қорықтар мен қорықшалар орналасқан Іле Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі болып саналады. Мұнда мекендейтін сирек кездесетін аңдар мен құстар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Солардың бірі - Алматы елтаңбасында бейнеленген қар барысы немесе ілбіс. Тау етегіне таман дәнді және бақша дақылдары, темекі мен жүзім алқаптары алма мен жеміс-жидек бақтарына ауысады. Алматы бір кездері ежелгі қаланың смиволы болған апорт алмасының отаны саналады әрі соның атымен аталады. Тау бөктерін қиялай жабайы алма, долана, өрік өссе, ортаңғы бөлігіне қарай қылқан жапырақты ағаштар мен бұталарды сымбатты Тян-Шань шыршалары алмастырады. Одан әрі биіктегнде жайқалған субальпі және альпі шалғындары, шөбі шүйгін жазғы жайылымдар тау тундрасына, басынан мәңгі қар арылмайтын құз шыңдар мен мұздықтарға ұласады.

Қала территориясының 8 мың гектардан астам жерін бақтар, гүлзарлар мен саябақтар алып жатыр. Алматы көшелерінде өсетін мәуелі ағаштардың қатарынан Солтүстік Америка, Қырым, Кавказ, Сібір мен Қиыр Шығыстан әкелінген экзотикалық өсімдіктерді кездестіруге болады. Қала төңірегінде жергілікті флораның сирек кездесетін өкілдері: шиқылдақ, желайдар, долана, кекіре өседі. Бұл өңірдегі көптеген өсімдіктер осы өлкені көркейтуге атсалысқан адамдардың есімдерімен аталады. Мәселен, Колпаковский ксифиумы, Недзвецкий алмасы, Фетисов жуасы, Кушакевич қалампыры, Дублицкий саршатыры, Шренк шыршасы, Регель шыршасы, Корольков бәйшешегі - Алматы шежіресінің бір үзігі іспеттес. Іле Алатауының көптеген жерлеріне өлке тарихында өзіндік орны бар ардагер азаматтардың есімдері берілген. Пальгов, Брызгалов, Джмитриев, Шнитников, Войцеховский мұздықтары, Рысқұл аңғары, ағайында Колокольниковтер, Зимин, Кудерин шыңдары, Баум тоғайы, Веригин тауы, Пугасов көпірі, Моисеев бақтары осының айқын дәлелі. Алайда бүгінде олардың көпшілігі өзгертіліп, жаңа атауларға ие болған. Көктөбе баурайынан ақбас Алатау мен алмалы алқапты, Алматыны сүйсіне көзбен шолған композиторлар Б. Ерзакович пен С. Шабельский ақын Д. Әбілев, А. Лукашенколармен бірлесіп «алматы», «Менің қалам» (1948 ж. ) атты әндер жазды. Әсет Бейсеуовтің «Алмалы Алматым» тұңғыш вальсі де осында дүниеге келді. Қаланың тыныс-тіршілігі Дмитрий Снегиннің «Менің қалам» өлеңі (1939 ж. ) мен Тайыр Жароковтың «Сел» поэмасына (1937 ж. ) арқау болды. Алматы туралы Юрий Платонов пен Алексей Брагин, Дмитрий Фурманов пен Юрий Домбровский де тебірене қалам тербеді.

Алматының өзендері

Қала маңындағы өзендер негізінен Іле алқабына жатады және ағыны қатты, арналары енсіз (10-15 м), терең шатқалды (800-1000 м) келеді. Бастауларының орналасу және су жинау сипатына қарай олар екіге бөлінеді: бастаулары қар жиегінен төменде жатқан бөктерлік өзендер және мұздықтардан шығатын биік таулық өзендер.

Қала арқылы Үлкен және Кіші Алматы, сонымен қатар олардың салалары Есентай (Весновка), Ремизовка, Казачка, Қарасу өзендері ағады. Олар 3000 м жоғары беткейлерден бастауын алып, деңгейінің төмендеуі немесе көтерілуіне жауын-шашын суы мен жер асты сулары әсерін тигізеді.

Іле Алатауының 3500 м биіктігінде беткейлік мұздықтар басталады. Орта биіктік зонасында мұның бір тармағының жоғары антропоген мұздық моренасымен көмкерілуінен Үлкен Алматы көлі пайда болған. Оның төменгі жағында суы СЭС беріледі. Одан біраз төмен жерде өзен аңғарында Үлкен Алматы платинасы салынған.

Өзен қаланың батыс бөлігіне ағып, қаладан 52 км қашықтықта Қаскелең өзеніне құяды. Оның қаланы электр энергиясымен және сумен қамтамасыз етуде маңызы зор.

Кіші Алматы өзені Тұйық су мұздығынан бастауын алады. Аңғарында лайлы тасқынға тосқауыл ретінде Медеу платинасы қойылған. Қалаға жеткенше Кіші Алматыға Кшасар және шағын Бұтақты (Бутаковка) салалары құяды.

Көлдері мен бөгендері

Қала өңіріндегі көлдер гляциандық зонада орналасқан. Олар тез еритін мұздықпен көмкерілген көл немесе мореналық не ерімейтін мұздықпен байланысқан көл болып екіге бөлінеді.

Іле Алатауының сілемдерінде зерттелген 128 мореналық шағын көл бар. Бұлар тұщы су көзі және тау көлдері лай процесінің қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді.

Қала өмірі үшін Ақсай бөгені, Ащы бұлақ бөгені, Қапшағай бөгені, Мыңжылқы, Сайран сияқты жасанды көлдердің маңызы зор.

Алматының батыс бөлігінде Үлкен Алматы өзенінің аңғарындағы Сайран бөгенінің жағасында жаз айларында қала тұрғындары демалады. Сол сияқты Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің аңғарларындағы, Іле бойындағы Қапшағай т. б. бөгендер қала тұрғындарының демалу орындарына айналған.

Қала маңындағы тарихи-мәдени объектілерСақ және үйсін тайпаларының жерлеу ғұрпы бойынша адамдардың мүрдесімен бірге алтын әшекейлер, қару-жарақ, бағалы ыдыстар, тұрмыс заттары қоса көмілетін болған. Осы заттар арқылы бұл жерде кімнің жерленгені, оның ырыс-дәулеті жөнінде ой түюге болады. Соның бірі - Есік қорғанынан табылған сақ жауынгерінің бейіті. Қорған ішіндегі ағашпен шегенделіп, еден төселген қабірде біріңғай алтын жапсырма киім кигізілген сақ жауынгерінің мүрдесі қойылған. Басында - Күн құдайы Митраның смиволы саналатын қанатты аттар бейнесімен әшекейленген биік сүйір дулыға, қасында қару-жарағы - ұзынша қылыш пен келте қанжар жатыр. Бейіт ішінен сонымен бірге саз балшықтан жасалған ыдыстар, ағаш астау, күміс пен қоладан соғылған қымбат құмыралар, түбінде 26 таңбадан құралған құпия жазуы бар тостаған табылды. Есік қорғаны б. д. д. Y - IY ғасырларға жатады. 1974 жылы «Алтын адам» Лейпциг жәрменкесінде көрсетілді. Бұл жәрмеңкеде Еуропа жұртшылығы сақ мәдениетінің бірегей үлгісімен қатар Алматы қаласымен жақынырақ таныста. Сақ кезеңіне қатысты табылған заттардың ішінде ғылыми әдебиетте «Жетісу алтарі» деген атаумен белгілі құрбандық үстелі аса қызығушылық туғызады. Бүгінде Эрмитаж мүліктерінің қатарынан орын алған бұл жәдігер Верный төңірегінен Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде табылған. Үстел аласалау төрт аяғы бар жайма астау тәрізді етіп жасалып, ернеуін жағалай 25 қанатты барыстың мүсіншесі орналастырылған. Асқан көркемдікпен жасалған сол кездегі қола бұйымдар - шырағандар, қазандар да кеңінен танымал. Олар құрбандық үстелі сияқты салт-жоралар, той-томалақтар өткізгенде, соның ішінде көктем мен жаңару мерекесі - Наурызды қарсы алғанда қолданылған. Барыс, сиыр, қодас, түйе тәрізді аң және жануарлар бейнесімен әшекейленген шырағандар көркем құюдың тамаша шеберлерінің қолынан туғаны даусыз. Олар бүгінде де пішінінің әсемдігімен, жасалу тәсілінің кемелділігімен таң қалдырады.

Сонымен, жазба деректердің мәліметтеріне, табылған археологиялық айғақтарға сүйене отырып, қазіргі Алматы қаласының іргетасы X-XI ғасырларда қаланды деп сеніммен айтуға болады. Қазіргі оңтүстік астананың орнында ірге тепкен көне қаланың да Алматы деп аталғаны күмәнсіз.

Туристік-рекреациялық ресурстары

Туристік-рекреациялық ресурстар туристік-экскурсиялық қызметке және емдеу, спорттық-сауықтыру, танымдық туризмге жарайтын, табиғаттың және адамдардың күшімен салынған объектілер мен қоршаған ортаның құбылыстарының жиынтығы. Алматының төңірегінде рекреациялық іс-әрекеттер үшін комфорттық қасиеттерге толы орындар жетерлік. Оларға келесідей объектілерді жатқызсақ болады:

Медеу мұз айдыны- Кші Алматы өзенінің Медеу қонысына иек артқан жерінде Алматыдан 18 км, теңіз деңгейінен 1691, 2 м биіктікте орналасқан қыстық спорт кешені. Табиғи айдын ретінде 1951 жылдан бастап жарыстар өткізіле бастады. 1972 жылы табиғи мұз айдынның орнына «Медеу» спорт кешені ашылады. Жасанды мұз айдынның ауданы 10, 5 мың м кв. (тоңазытқыш қондырғысының қуаты сағатына 5 млн. ккал), коньки жарысына арналған 3 сырғанау жолы (әрқайсысының ені 5 м, айналымы 400 м) бар. Айдынның ортаңғы бөлігі хоккей ойыны мен мәнерлі сырғанау спортымен шұғылданушыларға арналған. Жасанда мұз айдыны жылына 8-9 ай жұмыс істейді. Стадион трибунасы 12, 5 мың орындық. Мұнда 2 жүзу бассейні, спорт залы, мейрамхана, асхана, кино залы, кітапхана, пресс орталығы, прокат станциясы жұмыс жасайды.

Шымбұлақ тау аңғы спорт кешені- 1954 жылы ашылған. Халықаралық тау шаңғы спортының Федерациясымен аттестацияланған. Талғар асуының бөктеріндегі Шымбұлақ шатқалында, теңіз деңгейінен 2270 м биіктікте орналасқан. Жарыс жолының ені 25 м, көлбеулігі 11-29 градус, сол себепті шаңғышылардың жоғарғы көрсеткіш көрсетулеріне өте тиімді. Техникалық сипаттамасына байланысты Европаның ең жақсы шаңғы жолдарынан кем емес, тіпті кейбір жағдайларда олардан да асып түседі (Мысалы, қарының сырғанағыш қасиеті бойынша) .

Сайран бөгеніжасанды бөгенін көре аламыз. Ол 1971 жылы қаланың оңтүстік-батыс жағында Үлкен Алматы өзенінің арнасына бөгет салу нәтижесінде қалыптасты. Бөгеннің жалпы ұзындығы 3, 6 км, енді жері 1, 4 км. Толған кезде 2, 3 млн. м куб, тереңдігі 12, 1 м, ең терең жері 18 м. Демалыс зонасына айналдырылған.

Алматының көрікті жерлерінде, Іле Алатауының әсем табиғатының аясында курорттар мен санаторилер көп шоғырланған. Оларға тоқталып кетер болсақ:

Алмаарасан курорты- теңіз деңгейінен 1800-1850 м биіктікте айбынды Іле Алатауының бөктерінде Алматыдан 26 км қашықтықта орналасқан. 1931жылы негізі қаланды. Құрамында радон, сульфат, карбонат, натрий бар шипалы сулар емдік мақсатта қолданылады. Алмаарасан курортында булау, әр түрлі лабораториялық емдеу бөлмелері, емдік дене шынықтыру кабинеттері бар.

Түрксіб санаториі -Іле Алатауының баурайында, қаладан 8 км қашықтықта орналасқан. 1934 жылы ұйымдасқан «Түрксіб» демалыс үйі негізінде 1946 құрылған. Санаторий жыл бойы жұмысын тоқтатпайды. Мұнда өкпе, тыныс алу мүшелері, жүйке жүйесі аурулары емделеді. Негізгі ем түрі - жеңіл теріс зарядты аэрионды ионданған тау ауасы, оттекті, иод-бромды, көмірқышқылды, азотты және т. б. ванналар мен физиотопия.

Орталық мәдениет және демалыс паркі. Қаланың шығыс жақ бөлігінде орналасқан, 100, 4 га жерді алып жатыр(1981), оның ішіндегі жасыл желек моссиві 70 га дан астам. 1856 жылы Кіші Алматы өзенінің Верныйдан өтер тұсындағы оң жағасында «Қалалық қазына бағы». Бұл күнде парк - еліміздегі аса көрікті және демалуға қолайлы бақтардың бірі. Мұнда екі мыңнан астам өсімдік тұрі кездеседі, жасанды су айдыны, 16 ірі аттракционы, огқу және шахмат павильоны, кинотеатр, спорт комплексі, ашық эстрада, би алаңы, тамақтану орындары т. б. халыққа мәдени ағарту және тұрмыстық қызымет көрсететін орындар бар.

Жиырма сегіз гвардияшы панфиловшылар атындағы парк, Гоголь мен Қонаев көше қилысында орналасқан. Өткен ғасырдың 70-80 жылдары 10 га жерге отырғызылған бұл жасыл желек моссиві алғашқыда А. С. Пушкин сквері аталады. Конфигурациясы реттелген сквер 1900 жылы Федерациясы паркіне айналды. Ұлы Отан соғыс кезінде Алматыда жасақталған 316 атқыштар дивизиясы құрамындағы 1075 полкі 4 ротаның 2- взводы жауынгерлерінің Москваны қорғаудағы көрсеткен ерлігі құрметіне 1942 жылы 29 сәуірде Жиырма сегіз гвардияшы панфиловшылар атындағы парк аталды. Ауданы 18 га шырша, көк терек, үйеңкі, қарағаш, емен және қарағай басым өседі.

Орталық стадион ірі спорт комплексі. 1955-1967 жылы ірге көтерді, Абай даңғылымен Есентай өзенінің қилысында бір кварталды алып жатыр. Комплекс құрамына спорт аренасы - стадион, футболшылардың жатығу алаңы, спорт ойындарының Кіші стодионы, Жабық және Ашық жүзу бассейні, Спорт сарайы, жеңіл атлетика манежі, ашық теннис корты, спорт алаңдары енеді. Негізгі спорт аренасы 1958 жылы арх. А. Қ. Қапанов пен А. Я. Коссовтың жобасы бойынша салынды. Стадионның спорт аренасы футбол алаңы мен 400 және 100 метрлік жүгіру жолынан, оған қосымша жеңіл атлетика мен түрлі спорт ойындарына арналған секторлардан тұрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні
Түркістан қаласының әлеуметтік-саяси тарихының мәселелері
Алматы қаласы тарихының музейі
Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағаттары
Қала құрылысы
Орта ғасырлық Түркістан қаласының тарихы
Түркістан қаласының ерте ортағасырдан басталатын тарихын тың дерек көздері негізінде, араб-парсы және еуропалық саяхатшы-тарихшы, географтардың мәліметтерін сараптау арқылы, жаңа көзқарастар тұрғысынан қарастыра отырып, әлемдік тарихтағы алар орнын айқындау
Алматы қаласы: тарихы және бүгінгі жайы
Тарих толқынындағы көне қалалар
Түркістан өңірі тұрғындарын енді Ресейдің кару күшімен басып алудағы негізгі мақсатын айналымға түскен жаңа құжаттар мен деректер негізінде көрсету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz