Cот шығындары


Жоспар
Кіріспе
1 Cот шығындарының түсінігі
2 Түрлері:
А) Мемлекеттік баж
Б) Іс бойынша шығындар
3 Сот шығындарын бөлу
Қорытынды
Кіріспе
Сот билігін жүргізу барысында бюджеттік жұмысты орындау барысындағы сияқты материялдық шығын шығарылады. Осындай шығындардың бір бөлігі сот қарауын өтініш берген азаматтар мен заңды тұлғаларға жүктеледі. Бұл тараптар үшінші жақтар талап өндірісі бойынша немесе арызбен шағым берушілер талапсыз өндірістер бойынша шағымның мақсатына соттарға бюджеттен төленетін төлем арқылы қалыпқа келтіру және арыздар адам өздерінің міндетті еркімен орындауға бейімдеу.
Сот шығындары компенсациялық және превентивтік болып бөлінеді. Компенсациялыққа бюджеттен шығатын соманың орнын толтыру, алмастыру мақсаты көзделсе, превентивтік бұл азаматтар мен заңды тұлғалардың тектен-тек жөнсіз сотқа арыз шағым беруінен және сотта істі қарау барысында тараптар арасында белгіленген тәртіпті нығайту мақсатын көздейді.
Осы өзіндік жұмыстың алдыға қойған мақсаты болып сот шығындарының жалпы түсінігін ашу, оның түрлері мен қолданылу механизмдерін жете түсіну, сонымен қатар сот шығындары мен мемлекеттік баждың айырмашылығын ажырату және істі қару бойынша тараптардың арасында сот шығындарының бөлінуін қарап түсіну болып табылады.
Сот шығындарының түсінігі
Сот шығындары бұл - іске қатысушы тұлғалардың, сотта істі қарауы бойынша және шығарылған шешімді орындауы бойынша шығаратын шығындары болып табылады.
Сот шығындарын төлеу міндеттілігі сот шешімінің түпкі мақсаты қызықтыратын (дау пәні бойынша арыз берген тапаптар және үшінші тұлғалар) тұлғаларға жүктеледі. Бұл міндеттілік сот органдарын ұстап тұруы үшін заңмен белгіленген шекте төленуі көзделген. Сонымен қатар сотқа қатуысушы тұлғаларға сот шығындарын жүктеудің тағы бір негізі болып сотқа арызданып келген тұлғалардың негізсіз арыз беріу және де сот ісіне қатысушылардың тәртіпті сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.
Сот шығындары туралы мәселелер тек Азаматтық Іс жүргізу кодексімен ғана емес, сонымен қатар басқа да нормативтік құқықтық актілермен де реттеледі.
Олар:
- «Мемлекеттік баж туралы» 1996 жыл 31-желтоқсандағы Заңымен;
- «Адвокаттардың заң көмегін көрсеткені және мемлекеттің есебінен қорғану жүзеге асырылған үшін шығындарды өтеу тәртібі туралы» 1999 жыл 26-тамыздағы Үкімет қаулысы;
- «Мемлекеттік бажды төлеу мен аудару тәртібі туралы» Салық комитетінің 1997 жыл 4-наурыздағы ережесі;
1990 жылы 24-желтоқсан Жоғарғы Сот «Соттардың азаматтық және қылмыстық істерді қарау кезіндегі сот шығындары заңдарын арындауы туралы» қаулы қабылдады. Ол қаулыда соттардың азаматтық істер бойынша сот шығындары мәселесі бойынша жүзеге асырылмай қалған кемшіліктер туралы көрсетілді. Қаулыда соттардың сот шығындары бойынша баса назар аударылмайтындығы айтылды. Осы себепті азаматтық істерді қарау бойынша сот шығындарының орны толтырылмағаны баяндалды. Кейбір соттардың азаматтардан арыздарды касациялық шағымдарды қабылдағанда мемелкеттік бажды алмаған не мөлшерін дұрыс белгілемеген, куәлерді, эксперттерді, оқиға болған жерді қарау үшін тараптардан алдын ала төлемдерді алмағандығы көрсетілген.
Енді нақты сот шығындарының түрлеріне тоқтала кетсек.
Мемлекеттік баж
Мемлекеттік баж - сот шығындарының бір түрі. Мемлекеттік баждың түсінігі, төлеу тәртібі, мөлшері, одан босатылу тәртібі және басқа да мәселелер «Мемлекеттік баж туралы» Заңымен реттеледі.
Мемлекеттік баж - міндетті төлем, ол заң арқылы қамтамасыз етіледі, мәні заңдық мәні бар іс-әрекеттерді не сотпен құжаттарды берген де алынады. (Мемлекеттік баж туралы заңының 1-бабы) .
Мемлекеттік бажды төлеушілер болып сотқа жүгінген немесе сот орындаушысына заңдық мәні бар іс-әрекеттерді жасауы үшін не болмаса құжаттарды алу үшін жүгінген жеке және заңды тұлғалар болып табылады. Мемлекеттік баж туралы заңның 3-бабының 1-тармағында мемлекеттік бажды төлеушілер болып мыналар болып табылады:
- Сотқа берілетін талап арыз, ерекше өндіріс бойынша арыз;
- Сотқа касациялық арыз беру;
- Соттың құжаттардың көшірмесін бергені үшін;
Сонымен қатар Азаматтық Іс жүргізу кодексінің 335-бабының 1-армағының 8-тармақшасында сотқа аппеляциялық сатыда арыз беру кезінде мемлекеттік баж алынатындығы баяндалған.
Қарсы талап арыз, үшінші тұлғалардың өз еркімен іске қатысу кезіндегі арызы, жалпы негіздерде алынады. Бірінші талап арыз берген талапкер ауысқан жаңдайда екінші талапкерден мемлекеттік баж жалпы негіздерде алынады. Егер судья бірге берілген талап арыздарды бөліп алып жеке сот өндірісін өткізген жағдайда мемлекеттік баж қайтарылмайды, сол күйінде қалады және жаңадан алынбайды. Талап арыз бұрын қаралмай сотқа қайта жүгінген жағдайда мемлекеттік баж жалпы негіздерде қайта алынады. Егер сол кезде мемлекеттік баж соммасы қайтарылмаған жағдайда, төленгендігін растайтын құжат болса бір жыл мерзім ішінде мемлекеттік баж қайта алынбайды, яғни есепке жатқызылады. Талапкерлер бірнешеу болған жағдайда мелмекеттік олардың арасында талап арызына сәйкес пропорционалды түрде алынады. Талап арыздың жалпы сомасы негізінде мемлекеттік баж келесі жағдайларда алынады: Арызды бір талапкер бірнеше жауапкерге берген кезде; ұқсас талап арыз бойынша істі біріктіру кезінде;
Негізінде мемлекеттік баждың екі түрі қарастырылған:
- Тікелей мемлекеттік баж оның мөлшері заң арқылы проценттік мөлшерде анықталады Мысалы: Некені бұзу туралы арыздың 30%.
- Пропорционалды мемлекеттік баж бұл жерде баж мөлшері арыздың мөлшеріне байланысты проценттік мөлшерде белгіленеді. Яғни арыздың мөлшеріне байланысты баж сомасы анықталады.
Арыз мөлшері талапкердің өзімен анықталады. Егер арыздың бағасы алынатын мүліктің мөлшерінен асып түсетін болса, онда судья арыздың мөлшерін өзі анықтайды. (АІЖК- 102-бабының 2-тармағы) . Ал егер арыздың мөлшерін анықтау қиынға соққанда оның мөлшерін судья анықтайды, істі шешке соң жетіспеген бөлігін қайта қоса алады. Осы жетіспеген мөлшері қайта қосылған жағдайда оны талапкер төлейді (АІЖК-нің 103-бабы) .
Мемлекеттік баждың мөлшері «Мемлекеттік баж туралы» заңының 4-бабында анықталған. Сотқа берілетін талап арыз, ерекше өндіріс бойынша арыз, сотқа касациялық арыз беру, соттың құжаттардың көшірмесін бергені үшін мелмекттік баждың мөлшерлері:
- Мүліктік сипаттағы талап арыз; Жеке тұлғалар үшін талап арыздың 1%. Заңды тұлғалар үшін талап арыздың 3%.
- Мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың жеке тұлғалардың құқықтарын бұзатын заңсыз іс-әрекетеріне арыздан - 30%.
- Мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың заңды тұлғалардың құқықтарын бұзатын заңсыз заңсыз іс-әрекеттеріне - 500%.
- Некені бұзуға байланысты талап арыздан - 30%.
- Некені бұзғанда мүлікті бөлуге байланысты талап арыздан - 1%.
- Тұрғын үйді жалдау шартын өзгерту мен бұзу, мұраны алудың мерзімін анықтау, аресттен мүлікті босату және басқа да мүліктік сипаттағы емес талап арыздардан - 50%.
- Ерекше өндіріс байынша арыздан - 50%.
- Касациялық шағым берілген кезде арыздан - 50%.
- Атқарушылық парақшаның көшірмесін беру туралы жеке арыз - 500%.
- Екінші рет сот шешімінің көшірмесін берген үшін әр құжатқа - 10%.
- Заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы арыздан - 500%.
Егер талап арыз мүліктік және мүліктік емес сипатта берілсе, онда мемлекеттік баж мүліктік және мүліктік емес сипаттағы белгіленген мөлшерде алынады. Мысал ретінде Некені бұзу және мүлікті бөлу туралы арызды келтіруге болады.
Мемлекет кірісіне түсеттін сот шығындарын төлеуден мыналар босатылады:
- Талапкер жалақы өндіріп алу туралы талаптар бойынша және еңбек құқық қатнасынан туындайтын талап бойынша;
- Талапкер авторлық құқықтан сондай-ақ, жаңалық ашу, өнертабыс, рационизаторлық ұсыныс пен өнеркәсіптік үлгілер жөніндегі құқықтан туындайтын талап арыздан;
- Талапкердің алимент өндіріп алу туралы талабынан;
- Талапкер мертігуден не денсаулыққа басқа да зақым келуден сондай-ақ асыраушысының қазаға ұшырауынан келтірген зиянды өтеу туралы талаптар бойынша;
- Талапкер қылмыс жасау арқылы келтірген материялдық залалды өндіріп алу туралы талаптар бойынша;
- Азаматтар некені бұзу туралы аппеляциялық шағым беруден;
- Қаржы органдары ерекше өндірістегі істер бойынша сотқа арыз бергендер және басқа да заңдарда көрсетілген реттерде.
Сонымен қатар сот тараптардың мүліктік жағдайларын ескере отырып, мемлекттік бажды төлеуден толық немесе ішінара босатуы мүмкін. (АІЖК-нің 104-бабының 2-тармағы) . Сот баж төлемін уақытша кейінге қалдыруға, бөліп төлеуге, мөлшерін азайтуға мүмкіндік жасауы мүмкін (АІЖК-нің 105-бабы) .
Мемлекеттік баж төлемі ақшалай нысанда төленеді және ол арыз берілердің алдында, ал құжаттардың көшірмесі берілген кезде сол мезетте төленеді.
АІЖК-нің 85-бабында көрсетілгендей төленетін мемлекеттік баж мынадай реттерде ішінара немесе толық қайтарылуға жатады:
- Баж салығы қолданылып жүрген заң бойынша талап етілген мөлшерден артық төленген жағдайда;
- Арыз қабылданбаса;
- Заңдарда көрсетілген негіздер бойынша іс жүргізу қысқартылса;
- Заңдарда көрсетілген негіздер бойынша талапкерге талап арызы қайтарылып берілсе;
- Заңдарда көрсетілген негіздер бойынша арыз қаралмай тасталса;
Мемлекеттік бажды қайтару үшін төлеген тұлға арыз жазып оған баж төлегені туралы түбіртек құжатты қоса тіркеуі керек. Баж салық инспекторынан соттың берген анықтама қағазының негізінде қайтарып алынады.
Істі қарауға байланысты шығындар
Істі қарауға байланысты шығындар - сот шығындарының екінші бір түрі болып табылады. АІЖК-нің 107-бабына сәйкес оларға мыналарды жатқызамыз:
- Куәләр мен эксперттерге мамандарға жататын сомалар;
- Тұрған жерінде қарауға байланысты шығындар;
- Жауапкерді іздеу жөніндегі шығын;
- Сот шешімін орындауға байланысты шығын;
- Мемлекет есебінен берілген адвокатқа ақы төлеу жөніндегі шығын;
- Іс бойынша жарнама мен хабарландыру шығыны;
- Тараптарды шақыру мен хабарландыру шығыны;
- Тараптардың көшуі, тұрғын үй жалдауы, сотқа келуі бойынша шығындар;
- Сот шешімін орындауға байланысты шығындар;
Куәләр, мамандар, эксперттерге шығынды оны белгілі бір қызметтер жүзеге асыруға міндеттенген тарап төлейді егер іс бойынша ондай ұсынысты сот жүзеге асырса тараптар ортақтасып жауапты болады. Аудармашы тілмаштарға төлем мемлекеттік бюджет есебінен төленеді. Сонымен қатар сот өндірісі бойынша істі қарау бойынша шығындардан тараптар толық немесе ішінара босатылуы мүмкін. Бұл жағдайда сот шығындарының сомасы мемлекеттік бюджет есебінен алынуға жатады.
Төлем жүргізуді соттың бухгалтериясы жүзеге асырады. Төлем адвокаттың жұмыс істеген уақытына байланысты анықталады.
Сот шығындарын бөлу
Егер тарапқа соның пайдасына іс шешілсе оған сот шығындары өндіріліп алынады. Егер талапкердің талабының толық емес жартылай қанағаттандырылса баж талап сомасына пропорционалды түрде белгіленеді, ал жауапкерге талапкердің пайдасына шешілменен талабының бөлігі пропорционалды түрде жүктеледі (АІЖК-нің 110-бабы) .
Осы тәртіп істі аппеляциялық және касациялық сатыда қараған кезде де қолданылады. Егер жоғары тұрған сот алдыңғы шығарылған сот шешімін өзгертсе немесе жаңадан істі шешсе онда сол шешілген я болмаса қабылданған шешімге байланысты сот шығындары тараптарға қайта бөлінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz