Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беру туралы
Кіріспе
ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың музыкалық мұраларының ғылыми.педагогикалық негіздері
Абай Құнанбаев мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беру бойынша эксперимент жұмыстары
ДИССЕРТАЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
Диссертация мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды

Зерттеудің көкейкестілігі: Ұлттық тәрбиені жолға қоюда басты құрал ретінде пайдаланатын ауқымды материалдарды біз өткен дәуірден келіп жеткен ғұлама-ғалымдардың еңбектерінен іздеп тауып, қазіргі заман талаптарына сай пайдалану жолдарын қарастыруымыз – бүгінгі күн талабы. Осыған орай, қазіргі кезде ұстанып жүрген «Жоғары мектеп тұжырымдамасында»: «Әлемдік өркениет құндылықтарын қайта бағалау, сол негізде адамдарда мәдениетті тәрбиелеудің қажеттілігі кең ауқымды ойлайтын әлеуметтік прогреске араласатын, өзін өзгерте отырып ықпал ете алатын ұстаздар тәрбиелеу» – делінген. Жас мамандарды оқыту мен тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән беру туралы айта келіп Н.Назарбаев: «Жастар тәрбиесі басты мақсат екенін көрсетіп, алдағы отыз жыл ішінде мемлекетіміздің қандай бағытта даму керек екендігін белгілеп берді. Осы міндетті болашаққа іске асырушылар – жастарымыз» – деген еді. Бұдан басқа кейінгі кезде ұлттық құндылықтарды өмірге алып келу және оны халыққа тарату мақсатында қабылданған «Ұлттық мәдениет» туралы заңда: «Қазақстан Республикасы халықтарының мәдениетін өркендетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шараларды қабылдау керек» – делінген.
Осындай кесек құнды материалдардың бірі Абай (Ибраһим) Құананбаевтың музыкалық мұрасы екені үнемі айтылып келеді. Бұл ретте Абай мұрасының тарихи орнын дәріптеуде зерттеуші ғалымдардан алдымен Х.Досмухамедов, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймаутов, Ш.Құдайбердиев, С.Сейфуллин сынды халқымыздың біртуар азаматтарын айтуға болады. Әрине, Абайтанудың қайнар бұлағының көзін ашқан, оның қазақ халқы үшін маңызын дәріптеп, әлем әдебиетінен алатын орнын көрсетудегі М.О.Әуезовтың орны бөлек. Философия саласынан ақын мұрасының қоғамдық жеке тұлға үшін өмірлік мән мағынасына үңілген ғалымдар А.Машани, Ғ.Есім, М.Орынбеков, Б.Р.Қазыханова, Т.Қ.Айтқазин, Қ.Бейсенбиев, Т.Тәжібаев, әдебиеттанушы, тілтанушы-педагогтар Қ.Мұхаметханов, Х.Сүйіншәлиев, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, М.Сильченко, Б.Кенжебаев, А.Нұрқатов, З.Ахметов, Р.Сыздықов, Т.Әлімқұлов, Ә.Жиреншин, М.Бөжеев, т.б. және басқа саладағы ізденушілердің сіңірген еңбегі зор. Өйткені олардың зерттеу жұмыстарының нәтижелері ақын шығармаларын тәлім-тәрбие жұмыстарында пайдалануға іргетас бола алды.
Абай мұрасында педагогикалық ойлардың бар екенін алғашқылардан болып дәріптеген Ш.Әлжанов болды. Одан соң ақын шығармашылығын педагогикалық тұрғыда зерттеп келе жатқан белгілі педагог ғалымдар Қ.Б.Жарықбаев, С.Қалиев, А.Қ.Көбесов ондағы тәлім-тәрбиелік ойлар ауқымын нақтылап, тәрбиенің әр саласына, соның ішінде этнопедагогикамен байланысын ашып көрсетуге ұмтылды.

1 Эстетикалық тәрбие курсы //Қазақстан мектебі. – Алматы, №11-12, 2005. – Б. 30-32.
2 Эстетикалық тәрбие курсы //Тәрбие құралы. – Алматы, №5, 2005. – Б. 6-8.
3 Майдангер – композиторлар /Қазіргі тарихи зерттеулер: жаңа мүмкіндіктер бастауы. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Ақтөбе, 28-29 сәуір 2005. – Б. 245-248.
4 Абайдың музыкалық мұрасы /Абай әлемі: рухани мұра мәселелері және қазіргі кезең. Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Ақтөбе, 26-27 мамыр 2005. – Б. 279-283.
5 Музыкалық педагогикадағы тіл мәдениеті /Интелектілік меншік: теория және практика мәселелері. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Ақтөбе, 2005. – Б. 265-270.
6 Абайдың ән-күй туралы эстетикалық көзқарасы /Инновациялық педагогикалық технологиялар: қолдану және дамыту перспективалары. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Ақтөбе, 14 қазан 2005. – Б. 131-136.
7 Студенттерге Абай әндері арқылы эстетикалық тәрбие беру мәселелері /ХХІ ғасырдағы қазақ мектебі: даму болашағы. Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Алматы, 28-29 наурыз 2006. – Б. 115-123.
8 Абайдың музыкалық мұралары арқылы эстетикалық тәрбие беру //Білім берудегі менеджмент. – Алматы, №4, 2006. – Б. 103-109.
9 Абайдың музыкалық мұралары арқылы эстетикалық тәрбие беру //Бастауыш мектеп. – Алматы, №10, 2006. – Б. 20-22.
10 Жоғарғы оқу орындарында сабақтан тыс эстетикалық тәрбие беру жұмыстары /Әдістемелік құрал. – Ақтөбе, 2006. – 80 б.
11 Абай Құнанбаевтың музыкалық эстетикалық мұралары арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру //Арнайы курс бағдарламасы. – Алматы, 2006. – 33 б.

ӘОК 37.036:378.02:78.03 Қолжазба
құқығында
зейнуллина жангак ершековна
Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы
студенттерге эстетикалық тәрбие беру
13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Атырау, 2007
Жұмыс Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтында орындалған
Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Халитова І.Р.
Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Ұзақбаева С.А.
педагогика ғылымдарының кандидаты,
доцент Мұхамбетова С.К.
Жетекші ұйым: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университеті
Қорғау 2007 жылы ___ ____________ сағат _____ Х.Досмұхамедов атындағы
Атырау мемлекеттік университетінде педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми
дәрежесін беру жөніндегі ОК 14.61.02 біріккен диссертациялық кеңесінде
өтеді. Мекен-жайы: 060011, Атырау қаласы, Студенттер даңғылы, 212
Диссертациямен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік
университетінің кітапханасында танысуға болады.
Автореферат 2007 жылы ___ __________ таратылды.
Диссертациялық кеңестің
Ғалым хатшысы
Хасанова Ж.С.
жұмыстың жалпы сипаттамасы
Зерттеудің көкейкестілігі: Ұлттық тәрбиені жолға қоюда басты құрал
ретінде пайдаланатын ауқымды материалдарды біз өткен дәуірден келіп жеткен
ғұлама-ғалымдардың еңбектерінен іздеп тауып, қазіргі заман талаптарына сай
пайдалану жолдарын қарастыруымыз – бүгінгі күн талабы. Осыған орай, қазіргі
кезде ұстанып жүрген Жоғары мектеп тұжырымдамасында: Әлемдік өркениет
құндылықтарын қайта бағалау, сол негізде адамдарда мәдениетті тәрбиелеудің
қажеттілігі кең ауқымды ойлайтын әлеуметтік прогреске араласатын, өзін
өзгерте отырып ықпал ете алатын ұстаздар тәрбиелеу – делінген. Жас
мамандарды оқыту мен тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән беру туралы айта келіп
Н.Назарбаев: Жастар тәрбиесі басты мақсат екенін көрсетіп, алдағы отыз жыл
ішінде мемлекетіміздің қандай бағытта даму керек екендігін белгілеп берді.
Осы міндетті болашаққа іске асырушылар – жастарымыз – деген еді. Бұдан
басқа кейінгі кезде ұлттық құндылықтарды өмірге алып келу және оны халыққа
тарату мақсатында қабылданған Ұлттық мәдениет туралы заңда: Қазақстан
Республикасы халықтарының мәдениетін өркендетуге, сақтауға, дамытуға және
таратуға бағытталған шараларды қабылдау керек – делінген.
Осындай кесек құнды материалдардың бірі Абай (Ибраһим) Құананбаевтың
музыкалық мұрасы екені үнемі айтылып келеді. Бұл ретте Абай мұрасының
тарихи орнын дәріптеуде зерттеуші ғалымдардан алдымен Х.Досмухамедов,
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймаутов, Ш.Құдайбердиев,
С.Сейфуллин сынды халқымыздың біртуар азаматтарын айтуға болады. Әрине,
Абайтанудың қайнар бұлағының көзін ашқан, оның қазақ халқы үшін маңызын
дәріптеп, әлем әдебиетінен алатын орнын көрсетудегі М.О.Әуезовтың орны
бөлек. Философия саласынан ақын мұрасының қоғамдық жеке тұлға үшін өмірлік
мән мағынасына үңілген ғалымдар А.Машани, Ғ.Есім, М.Орынбеков,
Б.Р.Қазыханова, Т.Қ.Айтқазин, Қ.Бейсенбиев, Т.Тәжібаев, әдебиеттанушы,
тілтанушы-педагогтар Қ.Мұхаметханов, Х.Сүйіншәлиев, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев,
М.Сильченко, Б.Кенжебаев, А.Нұрқатов, З.Ахметов, Р.Сыздықов, Т.Әлімқұлов,
Ә.Жиреншин, М.Бөжеев, т.б. және басқа саладағы ізденушілердің сіңірген
еңбегі зор. Өйткені олардың зерттеу жұмыстарының нәтижелері ақын
шығармаларын тәлім-тәрбие жұмыстарында пайдалануға іргетас бола алды.
Абай мұрасында педагогикалық ойлардың бар екенін алғашқылардан болып
дәріптеген Ш.Әлжанов болды. Одан соң ақын шығармашылығын педагогикалық
тұрғыда зерттеп келе жатқан белгілі педагог ғалымдар Қ.Б.Жарықбаев,
С.Қалиев, А.Қ.Көбесов ондағы тәлім-тәрбиелік ойлар ауқымын нақтылап,
тәрбиенің әр саласына, соның ішінде этнопедагогикамен байланысын ашып
көрсетуге ұмтылды.
Эстетикалық тәрбие беру мәселелеріне қатысты Т.Тәжібаев, М.Х.Балтабаев,
С.А.Ұзақбаева, М.М.Нагимова, Қ.Б.Сейталиев, С.К.
Мұхамбетова, Б.Т.Махметова, ақын шығармалары арқылы оқу-тәрбие жұмыстарын
ұйымдастыру мәселелеріне А.Көбесов, І.Р.Халитова,
К.Шәймерденова, Г.І.Төретаева, К.Құнантаева, Ұ.Қансеитова, Қ.Ақбергенов
және т.б. іргелі еңбектері мен жекелеген мақалаларын айтуға болады.
Ақын шығармалары арқылы эстетикалық тәрбие беру мәселесін айқындап
зерттеуде әдебиеттанушы ғалымдар Қ.Жұмалиев, Х.Сүйіншәлиев, А.Нұрқатов,
Қ.Мұхаметханов, Т.Әлімқұлов, Қ.Ақбергенов, С.Таңқаев және т.б. жекелеген
еңбектерінде ақын эстетикасын әдеби-көркемдік тұрғыда талдаған.
Аталған ғалымдардың еңбегі аса маңызды екенінде дау жоқ. Десек те
ақынның ән өнерін эстетикалық тәрбие мақсатында эстетика санаттарымен
қабыстыра отырып, ақынның музыкалық мұраларын пайдалану мәселесі көлемді
ғылыми-зерттеу ретінде әлі көтерілмеген екен. Әрине, осыған орай жекелеген
мақалалар мен өнертану бағытындағы кейбір еңбектерді айтуға болады.
Тарихи деректерге сүйенсек, Абай әндерін ең алғаш жинай бастаған
А.Э.Бимбоэс, одан соң оларды жинаған А.В.Затаевич болды. Қазіргі кезде
ақынның өзі шығарған 20 әні, 2 күй, ақын өлеңдеріне жазылған әндер - 60,
ақын шығармашылығына арналған әр түрлі жанрдағы музыкалық шығармалар 15-ке
жеткен, бұл әлі толыға береді. Осының өзі ғұлама ақынның музыкалық
шығармашылығын эстетикалық тәрбие мақсатында пайдалануға мүмкіндік береді.
Абайтанушылардың осы уақытқа дейін оның ән өнері, әуен, біздіңше
айтқанда, музыкаға қатысты ойларын, көзқарасын музыкатану ілімі тұрғысынан
және философия ғылымының эстетика саласы тұрғысынан зерттелмей келе
жатқаны белгілі. Рас бұл ретте В.П.Дернованың Музыкальное творчество Абая
деген өнертануға байланысты кандидаттық диссертацияны айтуға болады. Бірақ,
онда эстетиканың санаттары терең және тәлім-тәрбиелік тұрғыда ақынның ән
өнерінің эстетикалық тәрбиелік ықпалы тұрғысынан қарастырылмаған. Осыған
орай, Ә.Шерубаев ...абайтану ғылымын зерттеушілер әлі күнге Абайдың осы
өлеңдеріне арнайы тоқталып тұжырымды пікір айтқан жоқ. Рас бірді-екілі
ғылыми еңбектерде ұлы ақынның музыкаға, ән өнеріне көзқарасы туралы жол-
жөнекей сөз болғанымен, олар осындай үлкен тақырыпты егжей-тегжейлі ашып
бере алмайды. Сондықтан Абайдың ән жайында айтқандары арнайы зерттеуді
қажет ететін принципті мәселе сияқты деген еді. Ж.Тұяқов, Қ.Исабаев және
басқалар ақын әндерінің Ресей, Еуропа, Қытай, Германия (Тюрингияда),
Түркия, Қырғыз, Өзбекстан т.б. елдерге таралуын зерттеген.
Музыкатанушы В.П.Дернованың Ән – қазақ халқының ұлы ақынының
ағартушылық идеяларының жетекшісі болды деуінің өзі тегін емес екеніне
ақын әндерінің эстетикалық сипатын қарастыра келе көз жеткіздік. Музыка
сезім әлеміне тікелей ықпал ететін және одан қалған әсердің көпке, тіпті
кейде өмір бойы сақталатынын ескерсек, тақырыбымыздың мәні ашыла түседі.
Осыған орай ақынның ән өнеріне қойған талаптарын жалпы музыкаға да қатысты
деуге болады. Өйткені теле, радио арналарда қазіргі ән, күйлердің сапасы
жайлы айта келіп, кейбір әндердің адамды жалықтыратыны, қайталауларының
орынсыз екені айтылып келеді, мысалы, бір әнде бір “ойлай берме” деген сөз
5 минутта 17 рет, тағы бір әнде осындай бір сөздің 3 минутта 15 рет
қайталанғанын өзіміз де естіп, көріп жүрміз. Бұл шетелдік бір музыканттың
тұжырымы бойынша “жаңаны үйрену” екен. Оның айтуы бойынша осындай көп рет
қайталау арқылы сол әуенді адамның есінде сақтап қалуына мүмкіндік пайда
болады екен. Әрине, көп рет қайталау – педагогикада, психологияда оқыту
мен үйретудің немесе оқу мен үйренудің басты тәсілдерінің бірі.
Психологияда бұндай қайталаулар емдеу кезінде илану (внушение) тәсілін
қолдануға байланысты адам санасына бір пікірді орнықтыру (установка)
мақсатында, не болмаса назарын басқа нәрсеге аудару мақсатында, релаксация,
медитация және басқа да мақсатта қолданылады. Мұнда адам бір сөзді ести
беріп, бас миының ойлауын тежеу не тоқтату арқылы санасын демалдыру үшін
пайдаланады. Ал көңіл көтеру, демалыс не болмаса танып-білу мақсатында
музыка тыңдау кезінде, мұндай орынсыз қайталанулар жалықтырады, сондықтан
бұны “жұқпа әуен” деп те атайды.
Эстетикалық тәрбиенің басты мәселесі жастарды сырттан, шетелдерден
келген сұрықсыз сурет (фото-суреттер), құлақты кесетін музыка (егер ол
музыкаға ұқсаса), эстетиканың ұсқынсыз, сайқымазақ санаттарына жататын
адамды шошыту; қорқытып, зәре-құтын қашыру, өлтірудің неше түрлі әдістерін
насихаттайтын кино, еркек пен әйел арасындағы махаббаттың көркем сипаты
емес оның ең бір сұрықсызы, тұрпайы жыныстық қарым-қатынастың хайуандық
ұсқынсыз түрлері, қыздар мен ұлдар арасындағы тәртіпсіз, әдеп пен
эстетикадан жұрдай мәмілелер т.б. жастардың эстетикалық талғамдарының
қалыптасуына теріс әсерін тигізуде. Жастар сұрықсыз, ұсқынсыз, сиықсыз
нәрселерді көркемдік санатына жатқызуға дайын. Бозбала мен бойжеткендер
арасындағы әдеп пен әсемдік қағидаларына негізделген қарым-қатынастарды
кейбір жастар “ескілік белгілері”, “қазақпайшылық”, “мамбет жорықтары”
(мамбетские выходки) деп кіналауға дейін барады. Осы және басқа да жастар
арасындағы келеңсіздіктерді жойып, олардың санасына эстетика мен әдеп
қағидаларына негізделген, адамдар арасындағы қарым-қатынастың көркем
сипатын орнықтыру эстетикалық тәрбиенің тиімді ұйымдастырылуына байланысты.
Міне, осылар және басқа да, Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың музыкалық
мұрасын эстетикалық тәрбие мақсатында қолдануға байланысты материалдарды
зерттей келе мынадай қайшылықтар белгілі болды: ақын музыкалық мұрасында
эстетикалық тәрбие идеяларының болуы мен олардың ғылыми-педагогикалық
негізделмеуі арасында; оның шығармаларында музыкатану пікірлерінің болуы
мен олардың студент жастарға эстетикалық тәрбие беру практикасына
ендірілмеуі арасында. Педагогикалық үрдісте Абайдың музыкалық мұралары
арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық және
әдістемелік жолдарын қарастыру басты мәселе ретінде танылып, зерттеу
жұмысымыздың тақырыбын Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың музыкалық мұралары
арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беру деп анықтауға мүмкіндік берді.
Зерттеу мақсаты: Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың музыкалық-педагогикалық
мұралары арқылы студент жастарға эстетикалық тәрбие берудің мазмұнын
анықтап, оны жүзеге асыруды ғылыми-педагогикалық, әдістемелік жақтан
қамтамасыз ету.
Зерттеу нысаны: жоғары оқу орындарындағы эстетикалық тәрбие беру
үрдісі.
Зерттеу пәні: Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың музыкалық-педагогикалық
мұраларындағы эстетикалық тәрбие беру идеялары.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың музыкалық-
педагогикалық идеялары арқылы сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда
студенттерге эстетикалық тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық негіздері
қарастырылып, ақын шығармалары арқылы эсетикалық тәрбие берудің мазмұны
айқындалып, әдістемесі жасалса, ақын шығармаларының құндылығын ерекше
сезіммен түсінуге және практикада шығармашылықпен қолдануға бағытталса,
онда бұл студенттердің эстетикалық сана, эстетикалық сезімі, эстетикалық
іс-әрекетіне ұрымтал ықпал етеді.
Зерттеудің жетекші пікірі: студенттерге Абай музыкасы арқылы
эстетикалық тәрбие берудің құрылымдық моделі, оны жүзеге асыру жүйесі,
олардың іс-әрекеті, сезімі мен талғамы, қажеттенуі мен мұратының бірлігі
нәтижесінде және тың мазмұнды дәрістер мен сабақтан тыс жұмыстар арқылы
заман талабына сай тәрбие беруге мүмкіндік туғызады.
Зерттеу міндеттері:
- сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда студенттерге Абай (Ибраһим)
Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы эстетикалық тәрбие
берудің ғылыми-педагогикалық негіздерін нақтылау;
- ақын мұрасындағы музыкалық-педагогикалық ойларға сипаттама беру
арқылы эстетикалық тәрбиедегі маңызын айқындау;
- студентерге ақынның музыкалық-педагогикалық мұралары арқылы
эстетикалық тәрбие берудің моделін жасап, мазмұнын анықтап,
әдістемелік жүйесін белгілеу;
- студенттерге эстетикалық тәрбие беруді ақынның музыкалық-
педагогикалық мұралары арқылы жүзеге асырудың әдістері мен
мазмұнын тәжірибелік-эксперимент арқылы тексеру және ғылыми-
әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар беру.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: философияның
диалектика және гносеология саласына, эстетика туралы ілімге және тәрбиелеу
теориясына негізделеді. Педагогикалық, психологиялық, жалпы адамзаттық және
ұлттық құндылықтардың ақын шығармасындағы сипаты; білім және тәрбие туралы
мемлекеттік саясат пен жалпы адамзаттық тұжырымдар; олар музыканы қоғамдық-
табиғи құбылыс ретінде танып-білу және түсіндірмелеу оның тәлім-тәрбие
практикасындағы мүмкіндіктерін белсенді пайдалануға жол ашады. Абайдың
музакалық мұрасын қазіргі эстетикалық тәрбиеге ықпалы тұрғысынан талдау
оның адамдардың сана, сезіміне, және іс-әрекетіне әсерін жан-жақты
қарастыруға шарт түзеді.
Зерттеу көздері: педагог, психолог, философ ғалымдардың ақын
шығармаларына арналған еңбектері; Қазақстан Республикасының Ата заңы,
“Білім туралы” Заң, Білім және ғылым министрлігінің жоғары мектеп және
тәрбиелеу тұжырымдамасы; өнертанушы, этнографтардың ғылыми еңбектері мен
практик педагогтардың пайымдаулары, нормативті құжаттар.
Зерттеу әдістері: философия, педагогика, психология, өнертану,
абайтану, мәдениеттану, ғылыми-әдістемелік әдебиеттердің негізгі
ұстанымдарына талдау беру; олардағы эстетика және эстетикалық тәрбие
пікірлерін жүйелеу; бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тестілеу жүргізу; тәлім-
тәрбие жұмыстарына талдау, салыстыру, қорыту, жинақтау және сабақтан тыс
жұмыстардың нәтижелерін негізге алу; эксперимент жұмысының нәтижесіне баға
беру, оларды өңдеу.
Зерттеудің негізгі кезеңдері мен барысы
Алғашқы кезеңде (2001-2004 ж.ж.) зерттеудің пәні нақтыланып, жоғары оқу
орындары жүйесінде студенттерге эстетикалық тәрбие беру мәселесінің
теориялық қағидалары зерделенді. Бұл кезеңде тақырып бойынша жиналған
материалдарды жүйелеу, талдау, теориялық ұстанымдар мен қағидаларды
айқындау, эксперимент жұмысының әдістемесін нақтылау, Абайдың музыкалық-
педагогикалық ойлары арқылы эстетикалық тәрбие берудің мазмұны, осыған орай
сабақтардың әдістемесі жасалды.
Негізгі кезеңде (2002-2005 ж.ж.) анықтау және тексеру, студенттерге
эстетикалық тәрбие беру экспериментін ұйымдастыру, олардың білім, білігін
зерттеу, эксперименттік курстың мазмұны тексеріліп, оларды жүзеге асырудың
әдістері мен тәсілдері сынақтан өткізілді.
Соңғы кезеңде (2005-2007 ж.ж.) зерттеу жұмысының нәтижелерін
салыстыру, талдау, жіктеу, топтастыру, жалпылау, алынған нәтижелерді
математикалық өңдеу, қорытындылардың нақтылап ұсыныстар мен нұсқаулар
әзірлеу, диссертацияны рәсімдеу жұмыстары жүргізілді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
– эстетикалық тәрбие беруді Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың музыкалық-
педагогикалық мұрасы арқылы жүзеге асырудың ғылыми-педагогикалық негіздері
нақтыланды;
– Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың музыкалық-педагогикалық ойлары
айқындалып, эстетикалық тәрбиедегі алатын орны анықталды;
– Студенттерге эстетикалық тәрбие беруді ақынның музыкалық-
педагогикалық мұрасы негізінде жүзеге асырудың моделі және әдістері,
тәсілдеріне сипаттаулар берілді;
– Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың музыкалық-педагогикалық ойлары арқылы
эстетикалық тәрбие беру тәжірибелік-эксперимент түрінде тексеріліп, оның
нәтижелеріне негіздей отырып, ұсыныстар мен нұсқаулар берілді.
Зерттеу нәтижелерінің практикалық мәнділігі:
– студенттерге эстетикалық тәрбие беру жұмыстарына арналған Абай
(Ибраһим) Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық
тәрбие беру тақырыбындағы арнайы курс бағдарламасы түзіліп, мазмұны
белгіленді;
– арнайы курсты ендірудің әдістері мен тәсілдері қарастырылып, оқу-
тәрбие үрдісіне ендіру мүмкіндігі көрсетілді;
– зерттеу жұмысының нәтижелерін Педагогика курсының эстетикалық
тәрбие беру бөлімінде, Музыканың тарихы, Музыкалық этнография пәндерін
оқытуда пайдалануға болады;
– зерттеу материалдарын педагогикалық және педагогикалық емес жоғары
оқу орындарының, педагогикалық және педагогикалық емес колледждердің, жалпы
білім беретін мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде, мұғалімдердің білім
жетілдіру институттарында, оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлеуде
пайдалануға болады.
Қорғауға мына қағидалар ұсынылады:
– Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың музыкалық-педагогикалық көзқарасының
қалыптасуына ықпал еткен әлеуметтік-тарихи жағдайлардың сипаттамасы;
– Ақынның музыкалық мұралары арқылы эстетиканың санаттарына қатысы;
– Ақын мұрасындағы музыкалық-эстетикалық ойлар және олардың эстетикалық
тәрбиедегі маңызы және оны жүзеге асыру жүйесі;
– Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың музыкалық-педагогикалық ойларын
эстетикалық тәрбиеде пайдалануға арналған Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың
музыкалық мұралары арқылы эстетикалық тәрбие беру арнайы курсының мазмұны.
Зерттеу нәтижелерінің дәлділігі: диссертациялық зерттеу жұмысының
нәтижелері мен қорытындылары философиялық- әдіснамалық, педагогикалық-
теориялық, психологиялық тұрғыда негізділігімен, тәрбиелеу теориясына
сәйкестігімен, белгіленген болжамды жүзеге асыруда пайдаланған әдістер мен
тәсілдердің дұрыстығы және мақсат-міндеттерге сәйкестігімен, талдаулардың
тереңдігімен қамтамасыз етілді.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және іс-тәжірибеге ендіру:
диссертациялық зерттеу жұмысының негізгі тұжырымдары Студенттерге
арналған эстетикалық тәрбие курсы (Алматы, 2005), Эстетикалық тәрбиенің
бүгінгі мәселелері (Алматы, 2005), Абайдың музыкалық мұрасы
тақырыптарында Абайдың 160 жылдығына арналған Абай әлемі: Рухани мұра
мәселелері және қазіргі кезең. Республикалық ғылыми-практикалық
конференцияда (Ақтөбе, 2005), Музыка педагогикасындағы тіл мәдениеті –
Интеллектілік меншік: теория және практика мәселелері тақырыбындағы
Халықаралық конференцияда (Ақтөбе 2005), Студенттерге Абай әндері арқылы
эстетикалық тәрбие беру мәселелері Республикалық ғылыми-практикалық
конференция: ХХІ ғасырдағы қазақ мектебі: даму болашағы (Алматы, 2006),
Абайдың ән-күй туралы эстетикалық көзқарасы Халықаралық ғылыми-
практикалық конференция: Инновациялық педагогикалық технологиялар: қолдау
және дамыту перспективалары (Алматы, 2005) секілді ғылыми-теориялық,
ғылыми-практикалық конференциялар мен ғылыми-педагогикалық журналдарда
жарияланды. Сонымен қатар зерттеу нәтижелеріне негізделген Жоғары оқу
орындарында эстетикалық тәрбие беру, Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары
арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру тақырыбындағы оқу-әдістемелік
құрал баспадан шығып, тәрбие практикасына ендірілді.
Диссертацияның құрылымы: диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, кестелер
мен үлгілер, суреттерден, қорытындылар, ұсыныстар, нұсқаулар, пайдаланған
әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің өзектілігі, нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері,
әдіснамалық негізі, жетекші пікірі, зерттеу әдістері мен кезеңдері, ғылыми
жаңалығы, практикалық және теориялық мәні анықталып, зерттеу нәтижелерінің
сынақтан өтуі көрсетілді.
Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың музыкалық мұраларының ғылыми-
педагогикалық негіздері деп аталатын бірінші бөлімінде Абай Құнанбаевтың
композиторлық дарынының қалыптасуына ықпал еткен әлеуметтік орта, осыған
орай жазылған ғылыми-теориялық еңбектер зерделенді. Мұнда сондай-ақ ақын
мұралары арқылы өскелең ұрпаққа эстетикалық тәрбие беруге арналған бірқатар
әр түрлі сипаттағы жұмыстар да талданып, осы жұмысты ұйымдастырудың
педагогикалық-теориялық тұстары қарастырылды. Абай Құнанбаев мұраларындағы
музыкалық-педагогикалық ойлар жүйеленіп, оның эстетика санаттарына қатысы
айқындалды, Абайдың музыкалық мұрасы арқылы эстетикалық тәрбие беруді
ұйымдастыру жүйесі жасалып, моделі мен эстетикалық қабылдау және
эстетикалық тәрбиеліліктің өлшемдері мен көрсеткіштері белгіленді. Осы
тарауда Абай мұралары арқылы эстетикалық тәрбие беру арнайы курсы
түзілді.
Абай Құнанбаев мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беру
бойынша эксперимент жұмыстары деген тақырыптағы екінші бөлімінде Абайдың
музыкалық мұралары арқылы эстетикалық тәрбие беруге арналған эксперимент
жұмысының мақсаты, міндеттері мен жүзеге асыру әдістері, тәсілдері,
кезеңдері белгіленді. Осыған орай, алдымен студенттердің эстетикалық
тәрбиесіне ақын мұраларының ықпалы, білім, білігі анықталып, соның
қорытындыларына негіздей отырып, тәжірибелік жұмыстың екінші кезеңінің
мазмұны Абай Құнанбаев мұралары арқылы эстетикалық тәрбие беру әдістері
мен тәсілдерінің сипаты берілді. Сондай зерттеу жұмысының осы тарауында
эксперимент жұмыстарының нәтижелері және оған педагогикалық түсініктер
берілді.
Зерттеу жұмысының соңында теориялық пайымдаулар мен практикалық
жұмыстардың нәтижелеріне негіздей отырып, қорытынды жасалып, ұсыныстар
берілді.
Диссертацияның негізгі мазмұны
Тәрбие сонау алғашқы қауымдық құрылыстан бастап, осы күнге дейін келе
жатқан бір сәтте тоқтамаған үнемі даму үстінде болса да, әр заманда ол
туралы қандай бір келелі пікірлер айтылса да, небір шаралар істелсе де,
түйіні мен түйткілі көп үрдістердің бірі. Әр заман, әр дәуір өз проблемасын
алып келіп, оның бұрыннан шешілмей келе жатқан мәселелері үсті-үстіне
жамалып көбеймесе азайып отырған жоқ. Осындай түйткілді мәселелердің бірі –
жастарға эстетикалық тәрбие беру. Болашақ педагог маман, бүгінгі
студенттерге эстетикалық тәрбие беру мәселесі кейінгі кезде бәсеңдеп қалған
жайы бар. Бұны қайтадан жандандырудың көп жолдарының бірі, халқымыздың
көркемдік тәрбиеге байланысты ертеден келе жатқан ой-пікірлеріне сүйене
отырып, солардың ішінен қазіргі заманғы эстетикалық тәрбие мәселелерін
шешуге іргетас болатын ұрымтал ой-пікірлерді бүгінгі күн талаптарына сай
пайдалану.
Ал эстетикалық ойлар болса, ерте заманнан бері қарай адамдардың
санасында орын алғанын сол кезден бері қарай бізге жеткен туындылардан
табамыз. Атап айтсақ, Күлтегін, Оғызнама жазба ескерткіштерінде бұл
Отанға, халқына болған сүйіспеншілікпен күнделікті тұрмыс заттарындағы
әшекей бұйымдар, әдемі бейнеленген суреттер, адамдардың кескін келбетінде,
сөйлеген сөзіндегі тіл көркемдігінде көрініс тапқан. Одан кейінгі түркі
дәуіріндегі ғұламалардың жазбаларынан эстетикалық мұратқа байланысты көркем
идеялардан бастап, адамдар арасындағы қарым-қатынас көркемдігі, ақыл-ой мен
тағы да сол тіл көркемдігі, өнер, музыка, поэзия, тұрмыстық зат-
бұйымдардағы талғамынан, өмір көркемдігіне болған мәлімелесінен байқаймыз.
Әр ұлттың интонациялық, ырғақтық ерекшеліктері, дыбыстық тәжірибесі
және басқа да көптеген факторларға байланысты ұлттық музыка өзіндік
айырмашылыққа ие. Бұны халық музыкасын тыңдаған кезде анық байқаймыз. Осы
күнгідей музыканың ұлттық ерекшеліктерін білдіретін қырлары жойылып,
барлығы ұқсас болып бара жатқан кезде әр ұлттың мәдени, рухани-сезімдік
өзгешелігін байқататын және сол негізде адамның жан-дүниесін тәрбиелейтін
арнайы жұмыстар қажет-ақ. Бұны Абай сынды басқа да композитор, ғұлама,
ғалым ар мен ақын, әнші, жыршылар шығармашылығы негізінде музыкалық-
эстетикалық тәрбие арқылы жүзеге асыруға болады.
Ақын сусындаған мол байлық көзінің ең бастысы – шығыстың көркем
әдебиеті және ежелден келе жатқан халықтың ауыз әдебиеті мұрасы, қазақ
хандығы тұсындағы ақын-жыраулар мұралары және орыс мәдениеті арқылы
таралған Еуропа әдеби мұралары екені айтылып келеді.
Ән өнерінің өзі болмысынан эстетикалық жүк кетеретіні белгілі. Себебі
ол алдымен кұлақтан кіріп бойды алып адамның сезім әлеміне арналады және
оған әсерін тигізеді. Осыған орай ақынның композиторлық дарынының дамып,
қалыптасуына ықпал еткен факторларды М.О.Әуезов, Б.Г.Ерзакович, А.Жұбанов,
С.Ақылбайұлы, Б.Елеуғожин, А.Агибаева, В.Дернова, П.Зарубин т.б.
зерттеулеріне негіздей отырып, анықтауға күш салды. Сөйтіп оны- әжесінің
әлдиі мен атасының бесік жыры, медреседе әндетіп оқитын Құран сүрелерінің
әуені, бала кезінен тыңдап өскен жыр-дастандардың әуені мен бозбала кезінде
еліктеген халық композиторларының әндері, домбыра тартуға әуестігі және ән-
күйге болған құштарлығы, ақынның өзінің "құйма құлақ дарыны – деп
топшыладық. Алайда ақын әндерінің өзіндік жаңа сипатта туындауына себеп
болған басты факторлар туралы айтқанда Д.Мельников, Қ.Байжанов,
М.Мұхаметжанова, А.Махамбетова, М.Төлебаев, Л.Хамиди ұлттық сарын мен орыс,
украин жалпы Еуропа музыкасының да әсері болғанын Е.П.Михаэлис,
Н.И.Долгополов, заңгер А.А.Леонтьев (психолог емес), суретші
П.Д.Лобановский, әнші Әлмағамбет, скрипкашы Мұха, әнші жары Әйгерім,
музыкаға құштар балалары Әбдірахман, Ақылбай және басқалардың әсерінің мол
болғанын атап көрсетеді. Осы және басқа да зерттеулерге сүйене отырып ақын
әндерінің ерекшеліктерін: созылмалы әннің дауыс толқынының өзгеріс-
козғалысына негізделетіні; музыкалық дыбыстардың бірінен бірі жоғарылы-
төмен сатылап, әр түрлі үнмен айтылуы; осындай өзгеше бітім-құрылысына
сәйкес әсем әуезділігі; адамның сезім күйін терең ашып бере алатын
мәнділігі-деп көрсетуге болады.Тарихи деректерге қарағанда ғұлама, ақын,
колмпозитор Абайдың бірнеше күйлері болған, солардан бізге жеткені
Торжорға, Май түні.
Зерттеуші ғалымдар А.Сейдімбеков, З.Ахметов, Е.Шомбалова, Б.Ғизатов,
М.Алиасқарұлы, Т.Әлімқұлов, А.Ахметжанов, Т.Базарбаев, У.Бекенов,
А.Ділманов, І.Жақанов т.б. Абай поэзиясының танымдық, тәрбиелік мәнін терең
түсініп, оны адам мінезін, заманды түзетудің күшті құралы деп қарастырады.
Ғұлама, композитор Абайдың музыкатану бағытындағы және ақын поэзисының
эстетикаға қатысы мен музыкадағы сипаты жайлы Б.Елеуғожин, Ә.Шерубаев,
К.Ашимова, А.Қалмырзаев, А.Есенжанов, Ғ.Жүнісов, М.Нұрқатова, С.Күзембаева
т.б. еңбектерін зерделей келе ақын шығармаларының мәніне, эстетика
санаттары мен байланысы және эстетикалық тәрбиедегі мағынасын анықтауға
ұмтылдық. Бұл ретте композитор Абайдың ән немесе музыка эстетикасына
қатысты пікірлерін мына өлең шумақтарынан байқауға болады: құр айқай
бақырған, кұлақка ән бе екен, домбраға қол соқпа, құлақтан кіріп бойды
алар, жақсы ән мен тәтті күй, ...әуелесін қалқысын, от жалын боп
шалқысын, ...салған ән көлеңкесі сол көңілдің ... шырқап, калқып,
сорғалап, тамылжиды, жүрек тербеп оятар баста миды ... ұйықтап жатқан
жүректі ән оятар ... кейі зауык, кейі мұң, дертін қозғап ... әннің де
естісі бар, есері бар, тыңдаушының құлағыңды кесері бар...ақылдының
сөзіндей ойлы күйді тыңдағанда, көңілдің өсері бар... – деп келтіреді ол.
Бұларда ән өнерінің түпкі мәнінде белгілі бір ой-пікір жататыны айтылып,
ән, әуен, музыканың эстетикалық санаттарға қатысы көрсетілген. Сондықтан
эстетикалық тәрбие туралы сөз қозғағанда оның философияда қабылданған
санаттары – көркем (прекрасное), қайғылы (трагедия), сайқымазақ (комедия),
асқақ (возвышенное), ұсқынсыз (низменное) – дегендерді талдамай тұрып,
ақынның әр сөзіне осы санаттар тұрғысынан жуықтамай тұрып оны пайымдап,
жүзеге асыру мүмкін емес.
Музыка өнері оның ішінде Абай Құнанбаевтың әндері арқылы жастарды
эстетикаға тәрбиелеудің маңызы – өлең сөздің мазмұнын музыка немесе ән
арқылы байытумен ерекшеленеді. Ән – сөздің сезімге әсер ету қуатын
арттырады. Абайдың композиторлық дарынының басты мәні музыкалық
шығармаларының осы заңдылыққа сәйкестігі.
Эстетикалық тәрбиеге қатысты педагог-ғалымдардың ойларын жинақтай келе
және Абайдың музыкалық мұралары арқылы эстетикалык тәрбие берудің мазмұны,
әдістері, тәсілдері т.б. ескере келіп біз ақын музыкалық туындылары арқылы
эстетикалық тәрбие берудің үлгісін, Абайдың музыкалық мұралары арқылы
студенттерге эстетикалық тәрбие берудің теориялық моделін жасадық (Кесте-1,
Сурет-1).
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты, міндеттері, кұралдары мен әдістері,
эстетиканың санаттары және оның ақын шығармаларына қатысына байланысты
педагог, психолог, философ, әдебеттанушы, абайтанушы және басқа да
ғалымдардың жоғарыда біз келтірген ой-пікірлеріне және Абайдың өзінің ән,
күйге байланысты пікірлеріне сүйене отырып болашақ музыка-педагогика
мамандарына ақын музыкалық мұрасы арқылы эстетикалық тәрбие берудің ұстыны-
эстетикалық тәрбиенің аса маңызды кұрамдас бөлігі – өмірдегі, табиғаттағы,
адамзат ой-пікірі мен іс-әрекетіндегі көркемдікті қабылдау арқылы сезіну,
көре білу, оны түсіну және соның төңірегінде ой жүргізу екеніне көз
жеткіздік. Сол үшін эстетикалық тәрбие беруде көркем өнердің барлығына тән
– қабылдау, эмоционалды әсерлену, қиялдануын, өзіндік танып-білуін дамыту,
оларды жарату жолдары, тәсілдері т.б. меңгерту, олар туралы алғашқы білім,
біліктер туралы түсінік беру қажет деген пікірдеміз. Осы мәселелерді шешуде
мынадай жалпы педагогикалық талаптарды орындау қажет:
– жалпы көркем шығармашылықтың негізі өмір шындығын бейнелеу
болғандықтан студенттерді қоршаған ортаның көркемдігін көре білуі, оны
сезіну, түсінуге үйрету-осыған орай Абай шығармаларынан
тиістілерін пайдалану мүмкіндігін кең қолдану;
– эстетикалық тәрбие үнемі, тұрақты, бірізділікпен
көркемөнер
туындыларын көріп, оқып, талдап, ой жүргізуді талап етеді, сол себепті
студенттерді ақын әндерін талдауға, ой жүргізуге үйрету, бұны
ақын шығармалары негізінде ұйымдастыру;
– студент жастарды шынайы көркемөнер туындыларымен таныстыруға
шарт түзу- ақынның ән шығармашылығы және оның өлеңдеріне жазылған
шығармаларды пайдалану, өлеңдеріне ерекше көңіл қою;
– эстетикалық тәрбие талаптарын орындау үшін ой жүргізу, қиялдану,
талдау, сараптау, тағы басқа ақыл-ой қызметіне жүгіну- ақын шығармаларын
ойланбай тұрып түсіну мүмкін емес, оның болмысы адамды ойға жетелейді, міне
осыны толық пайдалануға мүмкіндік туғызу;
Кесте 1 – Эстетикалық тәрбиені Абайдың музыкалық-педагогикалық мұралары
арқылы жүзеге асыру жүйесі
Эстетикалық Мазмұны
тәрбие беру
жүйесі
1. Абайдың Абайдың музыкалық мұралары және оның өлеңдеріне
музыка-лық жазылған, музыкалық шығармалар арқылы студенттердің
мұралары арқылы эстетикалық қабылдауын қалыптастыру.
эстетикалық
тәрбие беру
мақ-саты
2. Абайдың 1) Эстетикалық қабылдауын ұйымдастыру арқылы тұлғаның
музыка-лық білім, білігі және қабілеттеріне ықпал етудің
мұралары арқылы біртұтастығын қамтамасыз ету;
эстетикалық 2) Эстетикалық қабылдаудың эмоционалды-зерделік
тәрбие беру тұстарының үйлесімділігіне шарт түзу;
міндет-тері 3) Эмоционалды сезімдік қабылдаудың тереңдігіне жағдай
туғызу;
4) Студенттердің эстетикалық қабылдау белсенділігін
арттыру немесе іс-әрекетіне қозғау салу.
3. Ақын Абайдың музыкалық мұраларына қатысты мақалалар; олардың
шығарма-лары музыкалық жазбалары; ақын өлеңдеріне жазылған музыкалық
арқылы шығармалары; ақын күйлері; грампластинка, электронды
эстетикалық жазу құралдары; өлеңдері және эстетикалық санттарға
тәрбие-ні жүзеге қатыста материалдар; көркемсурет, әдебиет туындылары.
асыру құралдары
4. Абайдың Абайдың музыкалық мұраларындағы көркем-эстетикалық
музыка-лық идеялар: адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқы,
мұралары арқылы қарым-қатынасы, ақынның ән, күйге байланысты
эстетикалық ой-пікірлері; өмір және табиғат құбылыстары, сөз өнері
тәрбие беру және өлең жайлы ой-толғаулары; музыкалық шығармаларын
маз-мұны эстетикалық қабылдауы: эстетиканың көркем, ұсқынсыз,
асқақ, қасірет, әжуа санаттарының ән шығармашылығындағы
сипаты.
5. Абайдың а) басқа өнер түрлері және музыка өнерінің өзге
музыка-лық салаларымен байланысы; ә) қарапайымнан күрделіге,
мұралары арқылы белгіліден белгісізге қарай дамыту және
эстетикалық ғылыми-педагогикалық негізділігі; б) музыканың басқа
тәрбие беру пәндерінмен сабақтастығы; в) дамыту, тәрбиелеу, білім
ұстанымдары беру мақсаттарының ұштасуы; г) эстетиканың санттары
және ақын мұрасындағы сипаттарының байланысын негізге
алу.
6. Абайдың Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарының топтық, жеке,
музыка-лық көпшілікті қамту формалары; дәрістер, семинар сабақтары
мұралары арқылы мен практикалық сабақтар, студенттердің өзіндік жұмысы,
эстетикалық ұстаздың студентпен сабақтан тыс жұмыстары;
тәрбие беру факультативтер (арнайы курс).
формалары
7. Абайдың Абайдың; музыкалық мұраларындағы эстетикалық
музыка-лық санаттардың сипатын іздеп табу, оларды талдау,
мұралары арқылы топтастыру, жіктеу, сараптау, іріктеу, т.б. әдістері;
эстетикалық ақын шығармаларын эстетикалық қабылдауға үйрету
тәрбие беру тәсілдері, эстетикалық сезімін дамыту әдістері,
әдістері эстетикалық іс-әрекетке жұмылдыру әдістері мен
тәсілдері; сабақтан тыс жұмыстар ұйымдастыру әдістері;
студент белсенділігін арттыру әдістері.
– өздігінен көркем туындылар жаратуға құлшынысын ояту, соған шарт түзу-
ақын тұлғасы, ол өмір сүрген орта, оның композиторлық және ақындық,
ойшылдық болмысына ықпал еткен факторларға қатысты, ақын музыкалық мұрасын
үйрену, насихаттау секілді шығармашылық-ізденіс жұмыстарын ұйымдастыруы.
Біз өз зерттеуімізде эстетикалық қабылдаудың тұлғаның білім, білігі
және қабілеттеріне байланысты тұстарын қарастыру керек деген ойға келдік.
Сөйтіп теориялық және тәжірибелік зерттеулеріміздің нәтижесінде эстетикалық
қабылдаудың көрсеткіштері, қабылдаудың біртұтастығы, эмоционалды-зерделік
тұстарының үйлесімділігі және эмоционалды сезімдік қабылдаудың тереңдігі;
қабылдау белсенділігі болуы керек деп ұйғардық. Келтірілген эстетикалық
тәрбие беруді ұйымдастыру үлгісі және қабылдау мен эстетикалық тәрбиенің
байланысына қатысты педагог, психолог ғалымдардың пікірлеріне сүйене
отырып, эстетикалық қабылдау өлшемдерін келтірдік (Сурет-1).
Осыларға негіздей отырып, біз Абай музыка мұрасы арқылы эстетикалық
тәрбие берудің өзгешелігін пайымдауға ұмтылдық. Олар мыналар:
– қайғылы кұбылыстарды суреттеген өнер туындысының өзі
адамның бойында жағымды сезім іздерін қалдырады;
– олар терең эстетикалық қанағаттану туындатады;
– сол арқылы ішкі жан дүниесіне ықпал етеді;
– белгілі бір іс-әрекеттерге жетелейді.
Эстетикалық сезім мазмұны жағынан сан алуан болуы мүмкін, мысалы,
шаттану, қуаныш, сүйініш сезімдері; масаттану, мақтаныш сезімі; таңдану,
таңырқау сезімі; қайғы, қасірет, торығу, күйзеліс сезімдері; Бірақ олардың
барлығын біріктіретін сол тыңдап, көріп отырған нысананың, құбылыстың
формасы, мазмұны, түр-түсі, үйлесімділігі, сыртқы сипаты мен сапасы, ішкі
маңызы, ритмі мен ырғағы және басқалары эстетикалық қуаныш, эстетикалық
рахаттану, ләззат алу сезімдері болып табылады. (Кесте – 2).
Эксперимент жұмысының мақсаты, белгіленген болжамды жүзеге асыру
нақтылап айтсақ, Абай Құнанбаевтың музыкалық мұраларын студенттерге
эстетикалық тәрбие беруде пайдалану арқылы олардың осы жұмысты мектеп
қабырғасында ұйымдастыруына мүмкіндік туғызу. Осыған орай, эксперименттік
жұмыстың міндеттері жалпы зерттеу жұмысының міндеттерімен астарласуы тиіс.
Олар мыналар:
– ақынның музыкалық мұраларына және ол арқьлы эстетикалық тәрбие
беруге катысты студенттердің білім, білігін тексеру;
– ақынның музыкалық мұраларын студенттердің жан-жақты танып
білуіне шарт түзу:
– Абайдың музыкалық шығармаларын эстетикалық тәрбие беру
мақсатында қолданудың мазмұны, әдіс, тәсілдері, формаларымен
қамтамасыз ету.
Сурет 1 – Абайдың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие
берудің теориялық моделі
Кесте 2 - Студенттердің эстетикалық тәрбиелілік деңгейлері
Құрамы Белгілері Деңгейлері Көрсеткіштері
1 2 3 4
ЭстетикалықАқын шығармаларын Көтеріңкі Абай шағырмаларынан оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестерін бір
іс-әрекеті насихаттау, практикада ғана мәтін мазмұны жағынан емес, әуендік, музыкалық қабылдау
қолдануға байланысты мүмкіндіктеріне қарай таңдап алуы; олардың мәтіндік мазмұнын
нақты іс-әрекеті педагогикалық пайымдап, тәрбиелік мүмкіндіктерін ашып көрсетуі;
шығарманың әуенін аспапта орындап, әнін айтып бере аулы; оны
оқушыларға жеткізумен қоса үйрету тәсілдерін білуі.
Ақын шығармаларын Аралық Абай шағырмаларынан оқушылардың жас ерекшеліктеріне әсйкестерін бір
насихаттау, практикада ғана мәтін мазмұны жағынан емес, әуендік, музыкалық қабылдау
қолдануға байланысты мүмкіндіктеріне қарай таңдап алады; бірақ олардың мазмұнын
нақты іс-әрекетінің педагогикалық пайымдап, тәрбиелік мүмкіндіктерін ашып көрсете
жеткіліксіз болуы алмайды; шығарманың әуенін аспапта орындап, әнін айтып бере алуы;
оны оқушыларға жеткізумен қоса үйрету тәсілдерін меңгеруі, жеткізе
алады, бірақ оқушылардың қызығушылықтарын ояту тәсілдері
жеткіліксіз.
Ақын шығармаларын Базалық Абай шағырмаларынан оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестерін бір

қолдануға ынтасының мүмкіндіктеріне қарай таңдап алады, бірақ олардың мәтіндік мазмұнын
толық болмауы педагогикалық пайымдап, тәрбиелік мүмкіндіктерін ашып көрсетуі
жеткіліксіз; шығарманың әуенін аспапта орындап, әнін айтып бере
алуы; оны оқушыларға жеткізумен қоса үйрету тәсілдерін толық
меңгермеген.
ЭстетикалықАқын шығармалары арқылыКөтеріңкі Шығарманың мазмұнына музыкалық формасы мен оның сәйкестігі, әуені
талғамы басқа да музыкалық мен мәтін арасындағы байланысы және олардың сезімдік сипаты, оны
шығармаларды дұрыс эстетикалық тұрғыдан бағалауының негізділігі, коғамдық және жеке
қабылдау мүмкіндігі эстетикалық мұратына сәйкестігін бағалауы.
Ақын шығармалары арқылыАралық Көркем музыкалық шығарманың мазмұны мен әуені тұрғыснан бағалауы
басқа да музыкалық сыңаржақты, өз пікірін шығарманың мазмұнындағы адамгершілік,
шығармаларды дұрыс тұрғыснан “жақсы, жаман” деп қана бағалайды; шығарманың көркемдік
қабылдау мүмкіндігінің –эстетикалық құндылығы, эстетикалық мұрат туралы пікір көмескі;
жеткіліксіздеу болуы
Ақын шығармалары арқылыБазалық Көбінесе “жағымды, жағымсыз” деген сөздермен ғана шектеліп,
басқада музыкалық бағалауы айқын емес, өзпікірін негіздеуі жеткіліксіз.
шығармаларды дұрыс
қабылдауға ынтасының
толық болмауы
мүмкіндігі
2-кестенің жалғасы
1 2 3 4
ЭстетикалықӨз алдына ақын Көтеріңкі Ақын шығармашылығы негізінде тәрбиелік сағат жоспарын түзе білуі;
қызығуы шығармаларын оны жүзеге асыру жолдарын көрсете алуы; ақын шығрамлараын эстетика
танып-білуге ынталануы, санаттары тұрғыснан талдап, тәрбиелік мәнін талдай білуі; осыған
эстетикалық орай білім ауқымын меңгеруі; өзіндік шығармашылық жұмыстарға ынтасы;
шығармашылық эстетикалық тәрбиенің ғылыми-теориялық және практикалық тұстарын
іс-әрекеті, меңгергендігі.
Білімі ауқымын меңгеруіАралық Тәрбиелік сағат жоспарын түзуде қателіктер жібереді; ақын
жеткілікті болғанымен шығармаларын эстетика санаттары тұрғысанан талдай алады, тәрбиелік
оны іс жүзінде мәнін ашып көрсете алады.
пайдалану жолдарын
жеткілікті көрсете
алмайды.
Өз алдына ақын Базалық Абай шығармаларын меңгеруге ынталы; оқушылармен эсетиткалық тәрбие
шығармаларын жұмыстарын жүргізу қажеттігін біледі, бірақ жүзеге асыруға
танып-білуге ынталануы, білім-білігі жеткіліксіз; эстетикалық тәрбиенің ғылым-теориялық және
эстетикалық практикалық маңызын толық меңгермеген.
шығармашылық
іс-әрекетінің
жеткіліксіздігі.
ЭстетикалықАбай шағырмаларын Көтеріңкі Ақын шығармаларына қатысты берілген коғамдық және оқу-танымдық
қажеттенуі танып-білуге болған тапсырмаларды орындауы; көркем өнер оның ішінде ақынның ән өнерін
мен жүйелі түрдегі тыңдау, оны үйрену, өз білгенін басқаларға көрсетуге болған
мұраты ұмтылысы, олардың қүұштарлығы; өзінің танымдық ізденістерін басқара білуі; ақынның
көркемдік музыкалық мұраларын танып-білуді басқа да өнер түрлерімен
ерекшеліктерін байланыстыру, мысалы, әдебиет, суретпен; ақын шағырмаларын болашақ
эстетиканың санаттары музыка мұғалімі ретінде пайдалануға даяр болу.
тұрғысынан талдап көре
білуі.
Эстетикалық мұраты Аралық Ақын шығармаларының эстетикалық санаттарға қатысын сипаттап көрсетуі
қалыптасқан, көркемдік жеткіліксіз; Абай шығармаларына қатысты берілген тапсырмаларды
және ұсқынсыз орындауға құлшынысы жеткілікті болғанымен, оларды практикада
құбылыстарды эстетика пайдалану мүмкіндіктерін ашып көрсетуі жеткіліксіз; ақынның
санаттары тұрғысынан музыкалық мұраларын танып-білуді басқа да өнер түрлерімен
ажырата алады, бірақ байланыстыру, мысалы, әдебиет, суретпен; ақын шағырмаларын болашақ
олардың мүмкінлдіктерін музыка мұғалімі ретінде пайдалануға даяр болу.
көрсетуі жеткіліксіз.
Абай шағырмаларын Базалық Ақын шығармаларына қатысты берілген коғамдық және оқу-танымдық
танып-білуге болған тапсырмаларды орындауға болған құлшынысы төмен; көркем өнер оның
ұмтылысы жоғары ішінде ақынның ән өнерін тыңдау, оны үйрену, өз білгенін басқаларға
болғанымен, олардың көрсетуге болған құштарлығы бар; өзінің танымдық ізденістерін
көркемдік басқара білуі жеткіліксіз; ақынның музыкалық мұраларын танып-білуді
ерекшеліктерін басқа да өнер түрлерімен байланыстыру, мысалы, әдебиет, суретпен;
эстетиканың санаттары ақын шағырмаларын болашақ музыка мұғалімі ретінде пайдалануға даяр
тұрғысынан талдауы болу.
жеткіліксіз;
Алғашқы тексеру экспериментін зерттеу жұмысында барлығы институттың
күндізгі және сырттай оқу бөлімінен 1- курстан 4-курсқа дейін оқып жүрген
220 студент қатысты. Зерттеу жұмысының нәтижелігі мен болжамының
орындалуына шарт түзетін тағы бір жағы-студенттердің теориялық білімі,
музыкалық танымы мен ақынның музыкалық мұрасына болған көзқарасы, оны
эстетикалық тәрбие практикасында пайдалану мүмкіндігі болып табылады.
Осыларды тексеру барысында студенттердің білім ауқымын, тереңдігін,
талдау, эстетикалық тәрбиеде қолдану мүмкіндіктерін анықтау мақсатында
сауалнама, жазба жұмыс сұхбат, әңгіме, қысқа сұрақ-жауап, музыкалық
тестілеу жүргіздік.
Тексеру экспериментінің нәтижесін қорыта келе мыналарды анықтадық:
1. Студенттер жалпы эстетикалық тәрбие беру деген ұғымның бар екенін,
оның мектепте тәрбиелік шаралар арқылы жүзеге асатынын біледі. Бірақ
әртүрлі сипатта өтететін тәрбиелік іс-шаралардың формаларының сан-алуан
болатыны туралы білімдері мен біліктері жеткіліксіз екені белгілі болды.
2. Студенттердің осындай тәрбиелік іс-шаралардың жоспарын жазуда онда
мақсатының анықталуы керек екенін біледі, бірақ оларды тақырыпқа сай
анықтай алмайды және тәрбиелік іс-шаралардың міндеттерін де нақты көрсете
алмайтыны белгілі болды.
З. Олар түзіп келген жоспарларды талдау барысында жалпы эстетикалық
тәрбие туралы білімдерінің жеткіліксізідігі, оларды ұйымдастыру
мүмкіндіктерінің әлі қалыптаспағаны, сонымен қатар музыкалық материалдардың
(жабдықтардың) жеткіліксіздігі нақтыланды;
4. Абай шығармалары арқылы эстетикалық тәрбие беруде алдымен олардың
эстетика санаттарына қатысын нақтылап алып, окушыларға қай тұсын ашып
көрсету керек екенін белгілеу керек. Студенттермен жүргізілген сауалнама,
сұхбат, әңгімелесу нәтижесінде олардың эстетика және оның санаттары жайлы
білімдерінің жеткіліксіздігі, сонымен қатар ақын шығармаларының эстетикаға
қатысы жайлы ой жүргізулеріне білім жеткіліксіздігінің кедергі болып
отырғаны анықталды;
5. Студенттермен жүргізілген осы тексеру эксперименті нәтижесінде
олардың Абай әндері, олардың өңделуі мен орындалуы, сол әндер негізінде
композиторлар тарапынан жазылған әр түрлі шығармалар жайлы білімінің
жеткіліксіздігі белгілі болды.
6. Студенттер арасында өткізілген анықтау эксперименті материалдарын
талдау барысында олардың жалпы тіл байлығы, сөз арқылы өз пікірін білдіруі,
әр түрлі музыкалық шығармаларды талдап, мазмұнынын ашып беру секілді
дағдыларын қалыптастыру қажет екені, жалпы ақын шығармаларының мәтінін
талдауға олардың мүмкіндігі, өресінің жетпейтіні анықталды.
Енді осы кемшіліктерді жою, студенттерге Абай Құнанбаевтың музыкалық
шығармалары арқылы эстетикалық тәрбие беру, сол арқылы білімдерін жетілдіру
немесе педагогиканың "тәрбиелей отырып білім беру" -ұстанымын негізге ала
отырып, сабақта және сабақтан тыс жұмыстар арқылы осы іс-шараны жүзеге
асыруды көздедік. Бүл зерттеу жұмысымыздың болжамын орындау болып табылады.
Осы орайда білім стандартында көрсетілген: "Таңдаулы пән" немесе
студенттердің өз калауынша таңдап алатын пәні негізінде арнайы курс түзіп,
соны жүзеге асыруды ұйымдастырдық. Арнайы курс тақырыбы Абай Құнанбаевтың
музыкалық мұралары арқылы эстетикалық тәрбие беру деп белгіленді. Төменде
оның бағдарламасы, жоспары, мазмұны жайлы мәліметтер келтіреміз (Кесте 3
және Кесте 4).
Кесте –3 Арнайы курс бойынша мәлімет
Курс Семестр Пән Дәріс
1.Тақырып: мектеп Бастауыш, Дәріс мәтіні, Тапсырмада
оқушыларына ортаңғы, тарату көрсетілген
эстетикалық жоғары сынып материалдары мен әдбиеттерді
тәрбие беруде жас оқушыларының жаскөрнекіліктер, конспектілеу;
ерекшеліктерін ерекшеліктері оқу-әдістемелік мектептегі
ескеру мәселесі және эстетикалыққұралдар, эсте-тикалық
тәрбие беру тапсырмалар тәрбие
әзірлеу жұмыстарын
талдау.
2. Абайдың музыкалықАбай әндері мен Дәріс мәтіні Ақын ән шығарған,
мұрасындағы ән жазылған бойынша тарату Композитор ән
эстетикалық өлеңдегі материалдары, шығарған
тәрбие беру эстетикалық тапсырмалар, өлеңдерін
пікірлері тәрбие көрнекті құралдарталдап жазу
Идеяларын даярлау.
талдау.
3. Табиғат бейнесі Табиғат Әндерді тыңдауға Сол әндер туралы
арқылы құбылыстарына даярлау, олар жазылған
көркемдік-эстетикалыарналған туралы мәліметтермақалаларды
қ тәрбие беру өлеңдерін беру талдау
эстетикалық
тұрғыда ашып
көрсету
4. Ақын музыкалық Қарым-қатынас Өлеңдерін Өлеңдерінің
мұрасындағы қарым- эстетикасына талдау, тарату, мазмұнын
қатынас эстетикасы псих.-педагогикаматериалдар талдап, пікір
арқылы тәрбиелеу лық сипаттаулар,әзірлеу, сайысқа
өлеңдерінен тыңдауға ноталар әзірлену.
мысал-дар, даярлау
көрінекіліктер
5. Ақын музыкалық Шығармадағы Өлең мәтіні мен Өлеңі мен әніне
мұрасындағы әжуа менәжуа, оның нотасын тарату, рецензия жазу,
сайқымазақ және түрлері туралы материалдар әр өлеңге
эстетикалық тәрбие. түсінік, жасау, ауызша талдау
эстетикалық мақалаларды беру
тәрбиенің талдау
маңызын
ашып көрсету
6. Ақын музыкалық Шығарманың асқақӨлең мәтіні мен Жазылған
мұрасындағы асқақ сезімдері, оның нотасын тарату, мақала-ларға
сезімдердің түрлері туралы материалдар пікірлер жазу,
эстетикалық түсінік, жасау, ауызша талдау.
тәрбиедегі маңызы эстетикалық мақалаларды
тәрбиенің талдау
маңызын
ашып көрсету
7. Ақын музыкалық Шығармадағы Өлең мәтіні мен Жазылған
мұрасындағы қасірет қасірет нотасын тарату, мақала-ларға
бейнесі және сезімдер, оның матераилдарын пікірлер жазу,
эстетикалық түрлері туралы жасау, ауызша талдау.
тәрбие. түсінік, мақалаларды
эстетикалық талдау
тәрбиенің
маңызын
ашып көрсету
8. Ақынның музыкалықШығармадағы Өлең мәтіні мен Жазылған
мұрасында әсемдік әсемдік нотасын тарату, мақала-ларға
арқылы эстетикалық сезімдер, оның матераилдарын пікірлер жазу,
тәрбие беру түрлері туралы жасау, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz