Mіcrosoft Excel 97



Excel программасын іске қосу
Excel меню командаларының
көмегімен жұмыс істеу
Электрондық кестенің негізгі түсініктері
Кітап парақтарының құрамы
(қатар, бағана, ұяшық)
Мәтін енгізу
Сандарды енгізу
Уақытты және күн.ай мерзімін енгізу
Формулалар енгізу
Ұяшықтардағы мәліметтерді өңдеу
Қатар, бағана, блоктармен жұмыс істеу
Торларды мәліметтермен толтыру
Автотолтыру
Ұяшықтарды, бетті, кітапты өзгертуден қорғау
Бетке, кітапқа қорғаныс қою (қорғанысты алып тастау)
Функциялармен жұмыс істеу
Excel.97 кестесіндегі сандардың форматтары
Диаграммалар шеберінің жұмысы
Диаграмманың типін таңдау
Мәліметтер аралығын енгізу
Диаграмманың қосымша элементтерін енгізу
Диаграммаларды орналастыру
Дөңгелек диаграмманың секторларын белгілеу
Түстермен безендіру
Мәліметтер базасының негізгі түсініктері
Мәліметтерді сұрыптау
Mіcrosoft Excel 97 – кесте ішінде есеп жұмыстарын атқара отырып, оларды көрнекі түрде бейнелейтін диаграммаларды тұрғызу, мәліметтер базасын құру, сан түрінде берілген мәліметтер арқылы эксперименттер жүргізу т.б. мүмкіндіктер беретін, Wіndows ортасында жұмыс істеуге арналған арнайы программалық кесте.

Excel программасын іске қосу

1.Тапсырмалар тақтасындағы Іске қосу (Пуск) батырмасында тышқанды шертеміз де, Программалар қатарын таңдаймыз.
Mіcrosoft Excel қатарында тышқанды шертеміз.
Excel электрондық кестесі іске қосылғаннан кейін автоматты түрде 1-кітап (Книга 1) деген атпен жаңа құжат ашылады. Бұл кітаптың атын файлды сақтау кезінде өзгертуге болады.
Бұдан басқа жаңа кітап жасау үшін Құру (Создать) батырмасын шертеміз немесе [Ctrl+N] қоспернесін басамыз. Жаңадан құрылған кітаптың аты 2-кітап, 3-кітап (Книга 2, Книга 3) т.с.с. болады.
- Excel терезесінің жоғарғы жағында терезені басқару батырмалары бар Тақырып қатары орналасқан.
- Excel терезесінің екінші жолы –Меню қатары.
- Үшінші және төртінші жолдар Стандартты және Форматтау саймандар тақтасының аспаптары.
Стандартты саймандар тақтасы. Бұл тақтада орналасқан батырмалар жиі орындалатын командалардың әрекеттерін қайталайды. Олар файлды сақтау, оқу, қағазға басу, көшіру, енгізу, сандар қосындысын табу, мәліметтерді реттеу т.б. әрекеттерді жылдам орындау мүмкіндігін береді.
Форматтау саймандар тақтасы. Бұл саймандар тақтасындағы батырмалар қаріп (шрифт) форматын таңдау мүмкіндігін береді: мәтінді жартылай қарайтылған, курсивті, асты сызылған етіп жазу, мәтінді туралау, сандарды форматтау, жақтау мен түстерді қолдана отырып, кестені безендіру әрекеттерін жылдам орындау істерін атқарады.
Стандартты саймандар тақтасындағы батырмаларда тышқан курсорын жайлап жылжыта отырып, ондағы аспаптардың орындайтын әрекеттерін анықтаңыз.
- Бесінші жол – Формулалар қатары. Мұнда ұяшықтың - әрбір тордың мазмұнын көріп, формулаларды өңдеуге болады.
- Бесінші жол мен кестенің соңына дейінгі аралықты электрондық кестенің жұмыс аймағы алып тұрады. Кестенің жолдары (қатарлары) санмен, ал бағаналары әріптермен таңбаланады.
- Төменгі қатар – Қалып қатары, оған үстіміздегі уақыттағы компьютердің жұмысы немесе Excel кестесі жөнінде ақпарат шығып тұрады.

Mіcrosoft Excel 97 – кесте ішінде есеп жұмыстарын атқара отырып, оларды
көрнекі түрде бейнелейтін диаграммаларды тұрғызу, мәліметтер базасын құру,
сан түрінде берілген мәліметтер арқылы эксперименттер жүргізу т.б.
мүмкіндіктер беретін, Wіndows ортасында жұмыс істеуге арналған арнайы
программалық кесте.

Excel программасын іске қосу

1.Тапсырмалар тақтасындағы Іске қосу (Пуск) батырмасында тышқанды
шертеміз де, Программалар қатарын таңдаймыз.
Mіcrosoft Excel қатарында тышқанды шертеміз.
Excel электрондық кестесі іске қосылғаннан кейін автоматты түрде 1-
кітап (Книга 1) деген атпен жаңа құжат ашылады. Бұл кітаптың атын файлды
сақтау кезінде өзгертуге болады.
Бұдан басқа жаңа кітап жасау үшін Құру (Создать) батырмасын шертеміз
немесе [Ctrl+N] қоспернесін басамыз. Жаңадан құрылған кітаптың аты 2-кітап,
3-кітап (Книга 2, Книга 3) т.с.с. болады.
- Excel терезесінің жоғарғы жағында терезені басқару батырмалары бар
Тақырып қатары орналасқан.
- Excel терезесінің екінші жолы –Меню қатары.
- Үшінші және төртінші жолдар Стандартты және Форматтау саймандар
тақтасының аспаптары.
Стандартты саймандар тақтасы. Бұл тақтада орналасқан батырмалар жиі
орындалатын командалардың әрекеттерін қайталайды. Олар файлды сақтау, оқу,
қағазға басу, көшіру, енгізу, сандар қосындысын табу, мәліметтерді реттеу
т.б. әрекеттерді жылдам орындау мүмкіндігін береді.
Форматтау саймандар тақтасы. Бұл саймандар тақтасындағы батырмалар
қаріп (шрифт) форматын таңдау мүмкіндігін береді: мәтінді жартылай
қарайтылған, курсивті, асты сызылған етіп жазу, мәтінді туралау, сандарды
форматтау, жақтау мен түстерді қолдана отырып, кестені безендіру
әрекеттерін жылдам орындау істерін атқарады.
Стандартты саймандар тақтасындағы батырмаларда тышқан курсорын жайлап
жылжыта отырып, ондағы аспаптардың орындайтын әрекеттерін анықтаңыз.
- Бесінші жол – Формулалар қатары. Мұнда ұяшықтың - әрбір тордың
мазмұнын көріп, формулаларды өңдеуге болады.
- Бесінші жол мен кестенің соңына дейінгі аралықты электрондық кестенің
жұмыс аймағы алып тұрады. Кестенің жолдары (қатарлары) санмен, ал
бағаналары әріптермен таңбаланады.
- Төменгі қатар – Қалып қатары, оған үстіміздегі уақыттағы компьютердің
жұмысы немесе Excel кестесі жөнінде ақпарат шығып тұрады.
Төменгі қатардың сол жақ шетінде Excel кестесі жұмыс режимінің
индикаторы тұр. Мысалы, Excel кестесі мәліметтердің енгізілуін күтіп тұрған
жағдайда дайын режимінде тұрады да, индикатор Дайын (Готов) деген сөзді
көрсетіп тұрады.

Excel меню командаларының
көмегімен жұмыс істеу

Пернелер тақтасының көмегімен меню қатарына шығу үшін ALT немесе F10
пернесін басу керек. Бұл пернелер басылғаннан кейін меню командаларының
бірі басқа түспен (,( көмегімен қажетті меню командасының біріне
жеткіземіз. ENTER пернесін басқаннан кейін суырылып ішкі меню (подменю)
ашылады. Ішкі меню командасын ( немесе ( пернелерінің бірі арқылы
таңдауға болады. Команданы орындау үшін ENTER пернесін басамыз. Меню
қатарынан жұмыс алабына ESC пернесін басу арқылы оралуға болады.
Excel кестесінің меню командаларын тышқанмен орындаған өте жеңіл, әрі
қолайлы. Қажетті меню командасына тышқан курсорын орналастырамыз да,
төменгі сатылы меню командаларында тышқанды жылжыта отырып, тиісті
командада тышқанның сол жақ батырмасын шертеміз.
Тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы қанат белгілерді көрсету
немесе алып тастау, сұхбат терезелерін және ішкі беттерді ашу әрекеттері
орындалады. Егер тышқанды меню сыртында шертсек, меню қатарынан шығып, ішкі
меню жабылады.
Сілтемелер стилі (Стиль ссылок) R1C1 ауыстырғышының қосылмай
тұрғанына көзіңізді жеткізіңіз. Егер бұл ауыстырғыш қосылып тұрса,
Қатар1Бағана1 (Row1Column1) сілтемелер стилі іске қосылып, қатарлармен
бірге бағаналар да санмен нөмірленетін болады.

Электрондық кестенің негізгі түсініктері

Кітап парақтарының құрамы
(қатар, бағана, ұяшық)

Excel электрондық кестесі жазылған әрбір файл, бірнеше беттерден
тұратын байланысқан кестелерді бір орынға сақтап қойып, қажетті ақпаратты
жылдам іздеп табу мүмкіндігін беретін кітап болып саналады. Беттердің
немесе парақтардың жарлықтары экранның төменгі сол жақ шетінде көрініп
тұрады. Әдетте электрондық кесте іске қосылған мезетте 1-бет (лист1)
екпінді болады, келесі немесе басқа бетке өту қажет болса, сәйкес парақтың
жарлығында тышқанды шертеміз. Ал қажетті беттің жарлығы экранда көрінбей
тұрса, жарлықтардың сол жағындағы бағыттауышта ((,() тышқанды шерте отырып,
жылжытамыз.
Әрбір бетте қатарлар мен бағаналардан тұратын екі өлшемді жиым
(массив) болып келген бір электрондық кесте сақталады. Excel-97 электрондық
кестесінде бағаналар саны –256, ал қатарлар саны – 65536-ға тең. Әрбір
бағана мен қатардың қиылысқан жерінде ұяшық немесе тор деп аталатын
тіктөртбұрыш орналасқан. Оған мәліметтерді (мәтін, сан, немесе формулалар)
енгізуге болады. Парақтағы ұяшықтардың жалпы саны – 16 777 216-ға тең.
Әрбір ұяшыққа 32 мың символ енгізу мүмкіндігі бар.
Электрондық кестеде ағымдағы немесе екпінді ұяшықты көрсететін ерекше
тіктөртбұрышты кестелік курсор деп атаймыз. Кестелік курсор орналасқан
ұяшық Екпінді ұяшық деп аталады.
Бағаналар A –Z, одан кейін реті бойынша AA –AZ, BA –BZ,..., ІV латын
әріптерімен белгіленеді.
Қатарлар 1 – 65536-ға дейінгі сандармен нөмірленеді.
Әрбір ұяшықтың бағана әрпімен қатар нөмірінің қиылысуына сәйкес адресі
бар. Мысалы, A1 – бірінші ұяшықтың, ал ІV65536 соңғы ұяшықтың адресі
болады. Ұяшықтың адресін ұяшыққа сілтеме деп те айтуға болады.

Мәтін енгізу

Ұяшыққа кез келген символдарды енгізгенде ол мәтін ретінде
қабылданады, егер мәтіннің бірінші сөзі сан болса, міндетті
түрде‘(апостроф) белгісімен бастап жазу керек. Егер мәтін енгізіліп отырған
ұяшыққа симай қалса, оның оң жағындағы көрші ұяшық бос болған жағдайда, сол
ұяшыққа жалғасып жазылады. Көршілес ұяшыққа басқа мәлімет енгізу кезінде,
алдыңғы енгізілген мәтіннің ұяшыққа сыйып тұрған бөлігі ғана көрініп
тұрады. Ал сыймай қалған бөлігін де көру үшін, мәлімет сол ұяшыққа
сыятындай етіп, бағананың өлшемін кеңейту, үлкейту қажет.
Қате кеткен жағдайда соңғы орындалған іс-әрекетті болдырмау батырмасын
шерту немесе Түзету, Болдырмау (Правка, Отменить) командасын орындау арқылы
алып тастауға болады.

Сандарды енгізу

Сандарды ұяшыққа =, + таңбаларынан бастап немесе санның өзін цифрдан
бастап енгізуге болады. Егер енгізілген сан ұяшыққа сыймай қалатын болса,
Excel 97 программасы оны экспоненциалды түрге келтіреді. Әйтсе де сан
тұтасымен сол ұяшықта сақталып тұрады. Санды тұтас көру үшін бағананың енін
үлкейту керек. Ұяшыққа енгізілген сан үлкен болса да, кіші болса да
экспоненциалды түр қолданылады. Мысалы 903000000 саны 9,03*108
болғандықтан, 9,03E+08 түріне келтіріледі, ал 0,000000006 саны 6*10-9
болғандықтан 6E–9 түріне келтіріледі.
Электрондық кестеде үнсіз келісім бойынша санның бүтін бөлігі бөлшектен
үтір арқылы ажыратылып жазылады. Excel 97 программасы санның алдында
немесе ортасында кез келген басқа символ жазылса, ол санды мәтін ретінде
қабылдайды. Мысалы, егер 4.35 деп терсек, бұл сан мәтін ретінде қабылданады
да, мәтін сияқты ұяшықтың сол жақ бұрышына қарай орналасып, есептеу
амалдары орындалғанда ескерілмейді. Ал, дәл осы санды үтір арқылы яғни 4,35
деп жазсақ ол сан ретінде қабылданып, ұяшықтың оң жақ шетіне қарай
орналасады. Сандарды бөлшекке келтіріп жазуға немесе үтір орнына нүктемен
жазылатындай етіп параметрлер тағайындау арқылы өзгертуге де болады.
Excel электрондық кестесінде сан ретінде қабылданған мәлімет ұяшықтың
оң жағына ығысып орналасады.

Уақытты және күн-ай мерзімін енгізу

Электрондық кестеге уақыт және күн-ай мерзімі енгізілгенде Excel 97
программасы оларды арнайы сандар ретінде қабылдайды, яғни олар ұяшықтың оң
жағына қарай ығыстырылады. Уақыт мерзімдері сан ретінде қабылданатындықтан
оларға сандық мәндерге қолданылатын барлық амалдарды орындау мүмкіндігі
бар. Күн мен ай және жыл мезгілдері шамалары бір бірінен нүкте арқылы
ажыратылып жазылады.
Бұл форматтарды Формат-Ұяшықтар (Формат-Ячейки) командасын орындағанда
ашылған сұхбат терезенің Сан (Число) ішкі бетіндегі тізімнен Дата жолын
таңдау арқылы көріп, өзгерте аламыз. Ұяшыққа енгізілетін уақыт шамасының
форматтарын осы ішкі беттегі Уақыт (Время) жолын таңдау арқылы көріп,
өзгертуге болады.

Формулалар енгізу

Excel электрондық кестесі арифметикалық амалдарды, функциялармен
біріктірілген сандар тізбегін немесе ұяшықтар адрестерінен тұратын
арифметикалық өрнектерді формулалар ретінде қабылдайды.
Формулаларды міндетті түрде “=’’ теңдік немесе “+” қосу белгісінен
бастап жазу керек. Мысалы, 2*3 теңдігін есептеу үшін =2*3 немесе +2*3
формуласын жазу керек. Ал, С1 және Ғ5 ұяшықтарындағы сандардың қосындысын
есептеу үшін, нәтиже орналасатын ұяшыққа кестелік курсорды орналастырып,
=С1+F5 немесе + С1+F5 формуласын теріп жазамыз. Есептеу нәтижесі формула
енгізілгеннен кейін, кестелік курсор тұрған ұяшыққа жазылады.
Формулалардағы амалдардың орындалу реті операторлардың көмегімен
жазылады. Операторлар дегеніміз – іс әрекеттің орындалу ретін анықтайтын
шартты белгілеулер. Көбейту, бөлу, азайту, қосу операторлары, яғни әртүрлі
амалдарды орындау шартты белгілеулер түрінде өте қысқа болып жазылады.
Excel электрондық кестесінде мұндай операторлардың бірнеше түрлері
бар. = (тең), (үлкен), (кіші), = (үлкен немесе тең), = (кіші немесе
тең) және # (тең емес) салыстыру операторларының нәтижелері Ақиқат немесе
Жалған деген логикалық мәндер болуы тиіс.

Ұяшықтардағы мәліметтерді өңдеу

Ұяшықтағы мәліметтерді енгізу кезінде және олар енгізілгеннен кейін де
өңдеуге болады.
Егер ұяшыққа мәліметтерді енгізіп отырып түзету қажеттігі туса, оларды
солға [BackSpacе] немесе оңға [Delete] қарай өшіру пернелерінің тиістісін
қолданамыз.
Ұяшықтағы бұрын енгізіліп қойылған мәліметтерді өзгерту қажет болса,
өңдеу режимін іске қосу үшін кестелік курсорды қажетті ұяшыққа
орналастырған соң, [F2] пернесін басамыз. Тиісті түзетулерді жасаған соң,
[Enter] немесе курсорды басқару пернелерінің бірін басамыз.

Қатар, бағана, блоктармен жұмыс істеу

Ұяшықтағы мәліметтерді көшіруге, өшіруге, жылжытуға, блоктарды
мәліметтерден тазартуға болады. Осы әрекеттерді орындау үшін қажетті
бөлікті белгілеп алған соң:
- Стандартты саймандар тақтасының батырмалар тобының көмегімен (Қиып
алу, Көшіру, Кірістіру);
- Түзету (Правка) менюінің Қиып алу (Вырезать), Көшіру (Копировать),
Кірістіру (Вставить), Өшіру (Удалить), Тазалау (Очистить), Толтыру
(Заполнить) командаларының көмегімен;
- тышқанның көмегімен;
- контексті жанама менюдің командаларының көмегімен орындауға болады.
Жылжыту немесе Орын ауыстыру үшін нені, қайда жылжыту керек екенін
көрсету керек. Тышқанның көмегімен белгіленген бөлікті (ұяшық немесе блок)
жылжыту үшін, тышқан курсорын сол белгіленген аймақтың ішіне
орналастырамыз. Одан кейін тышқан батырмасын басулы күйінде ұстап тұрып
қажетті орынға жеткіземіз.

Торларды мәліметтермен толтыру

Торларды мәліметтермен толтыру кезінде ұяшықтағы немесе блоктағы
мәліметтер бір іс-әрекет нәтижесінде бірнеше рет қайталанып көшіріледі.
Толтыру әрекеті тек оңға және төмен қарай ғана орындалады.
Тышқанның көмегімен толтыру белгіленген аймақтың оң жақ төменгі шетіне
тышқан курсорын орналастырғанда пайда болған қара түсті қосу таңбасын
жылжыту арқылы жүзеге асады. Егер бұл толтыру таңбасы жоқ болса, мынадай іс-
әрекеттерді орындау қажет: Меню қатарындағы Сервис, Параметрлер, Түзету
командаларын орындап ашылған ішкі бетте Ұяшықтарды тасымалдау
(Перетаскивание ячеек) ( қанат белгісін көрсетіп қою керек.

Автотолтыру

Электрондық кестеде торларды мәліметпен автоматты түрде толтыру
мүмкіндігі бар. Ұяшықтарға ай аттарын, сандарды т.б. автоматты түрде
енгізуге болады. Мысалы, ұяшыққа кез келген ай атын теріп жазған соң,
кестелік курсорды сол ұяшыққа орналастырып, тышқанның көмегімен толтыру
әрекетін орындасақ, келесі ұяшықтарға реті бойынша ай аттары енгізіледі.
Дәл осы әрекетті орындай отырып, ұяшықтарды белгілі бір заңдалықпен
реттелген санмен де толтыруға болады. Ұяшықтарды санмен толтыру үшін,
міндетті түрде екі сан енгізілуі керек. Excel программасы сандар енгізілген
мезетте сандардың айырмасын есептеу арқылы, қадамды анықтайды да, толтыру
әрекеті орындалған кезде келесі ұяшыққа сол қадамды ескере отырып, сан
мәндерін есептеп енгізеді. Ұяшықтарға сандарды, белгілі қадаммен кему
немесе арту реті бойынша автоматты түрде жазу үшін, екі сан енгізілген
ұяшықты бірге белгілеп алып, толтыру әрекетін орындау қажет.

Ұяшықтарды, бетті, кітапты өзгертуден қорғау

Кестені құрып, форматтап қойғаннан кейін осы жұмысыңызды біреу
абайсызда бүлдірмеу үшін оны өзгертуден қорғау мүмкіндігі бар.
Excel–97 кестелерінде жұмыс кітабын тұтас күйінде, жұмыс парағын немесе
бірнеше ұяшықтарды өзгертуден қорғауға болады. Қорғаныс әрбір ұяшыққа әсер
етеді де, қорғаныс алып тасталғанша сол ұяшықтағы мәліметтерді өзгерту
мүмкіндігі шектеледі. Әдетте, қорғаныс есептеу формулалары, кестенің
тақырыптары т.с.с мәліметтерге қойылады.
Кейбір жағдайларда қорғаныс қойылатын аймақта мәліметтер енгізу
мақсатында ұяшықты немесе блокты қорғаныссыз қалдыру қажеттілігі туады.
Мұндай блоктарды қалдыру үшін, алдымен қорғаныс қойылмайтын ұяшықтарды
көрсету қажет. Ол үшін осы ұяшықты немесе блокты белгілеп алған соң,
Формат–Ұяшықтар командасын орындап, пайда болған сұхбат терезеде Қорғаныс
(Защита) астарлы бетін ашамыз. Үнсіз келісім бойынша белгіленген әрбір
ұяшыққа қорғаныс қою параметрі тағайындалып тұрады. Ауыстырып қосқыштағы
қанат белгіні алып тастасақ, парақты немесе кітапты өзгертуден қорғау
кезінде осы белгіленген ұяшықтарға қорғаныс қойылмайды.
Қосалқы кестедегі бағаналар тақырыбынан басқа блоктың қорғаныс қою
параметрін алып тастап, бетке қорғаныс қою әрекетін орындау қажет.

Бетке, кітапқа қорғаныс қою (қорғанысты алып тастау)

Бетті өзгертуден қорғау үшін Сервис, Қорғаныс, Бетті қорғау (Сервис,
Защита, Защитить лист) командасын орындаймыз. Осы мезетте бетті қорғаудың
бірнеше варианттарының бірін таңдау мүмкіндігін беретін сұхбат терезе
ашылады.
- Мазмұны (содержимое) ауыстырып қосқышын қосатын болсақ: ұяшықтардағы
ақпараттардың мазмұнын өзгерту, өшіру мүмкіндігі шектеледі.
- Объектілер ауыстырып қосқышы қосылса, беттегі диаграмма немесе
басқада графикалық объектілерді өзгертуге тыйым салынады.
- Сценарии ауыстырып қосқышы қосылған жағдайда осы беттегі құрылған
сценарииді өзгертуге шек қойылады.
Пароль өрісіне бетті өзгертуден қорғау үшін пароль енгізуге де
болады. Егер пароль енгізілсе, келесі жолы оны дұрыс көрсетпейінше
қорғаныс алынбайды. Пароль енгізген соң оны есте сақтау керек. Қажетті
ауыстырып қосқыштарды қосқаннан кейін Ok батырмасын шертеміз.
Ал тұтас кітапқа қорғаныс қою үшін, Сервис, Қорғаныс, Кітапты қорғау
командасын орындаймыз. Осы мезетте Кітапты қорғау сұхбат терезесі ашылады.
Кітапты қорғау сұхбат терезесінде құрылымын (структуру) ауыстырып қосқышы
іске қосылса, кітаптың құрылымы өзгертуден қорғалады, яғни өшіру, жылжыту,
жасыру, өшіру, атын өзгерту және жаңа бетті енгізу мүмкіндіктері шектеледі.
Қойылған қорғанысты алып тастау үшін Сервис, Қорғаныс, Беттің
(Кітаптың) қорғанысын алып тастау командаларын орындау қажет.
Сервис, Қорғаныс, Кітапты қорғау командасын орындау нәтижесінде Кітапты
қорғау сұхбат терезесі ашылады.
- Құрылымын ауыстырып қосқышы қосылса, кітаптың құрылымы өзгертуден
қорғалады, яғни өшіру, жылжыту, жасыру, атын өзгерту және жаңа бетті енгізу
мүмкіндіктері шектеледі.
- Терезені ауыстырып қосқышын қоссақ, кітаптың терезесі өзгертуден
қорғалады.
Кітап терезесін көрсету, жабу, көлемін өзгерту, жылжыту әрекеттері
орындалмайды. Пароль енгізілгеннен кейін ол кітаптың қорғанысын алып тастау
үшін сол парольды ұмытпау керек. Парольге 255-ке дейінгі символдарды
енгізуге болады. Қажетті параметрлерді енгізгеннен кейін Ok батырмасын
шертеміз.

Функциялармен жұмыс істеу

Excel97 программасына математикалық, финанстық, статистикалық және
логикалық функциялардың ауқымды жиыны ендірілген. Егер кестеге бірнеше
сандар енгізілетін болса, Excel 97 программасы оларды қарапайым
арифметикалық ортасын табудан бастап, күрделі тригонометриялық есептеулерді
жасауға дейін 300-ден аса тәсілмен өңдей алады. Excel 97 функциялары -
программа жадында сақталып тұрған арнайы формулалар болып табылады. Әрбір
функция функцияның аты (мысалы, СУММ т.с.с) мен оның аргументі арқылы
өрнектеледі. Аргументтер дегеніміз- нәтиже алу үшін қолданылатын
мәліметтер. Функцияның аргументі сілтемелер немесе атау, мәтін немесе сан,
уақыт немесе мерзім бола алады. Аргументтер функция атының оң жағында жай
жақшаның ішінде жазылады.
Функциялар есептеулерді ықшамды күйде жазу үшін қолданылады және
мынадай түрде жазылады:
Y=f(x), мұндағы y– функцияны есептеудегі нәтиже, х– аргумент, f –
функция.
Мысалы:
=А5 + sіn(С7), мұндағы А5 – ұяшықтың адресі; sіn – функцияның аты, жай
жақшаның ішінде аргументі көрсетіледі; С7 – аргумент (сан, мәтін, және
т.б.), сан тұрған ұяшыққа сілтеме болып тұр.
Бірқатар функциялар:
макс(тізім)- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Microsoft Excel бағдарламасына енгізілген финанстық функциялар
КЕСТЕЛІК ПРОЦЕССОРЛАР
Microsoft Office туралы түсінік және түрлері
MS WORD. Жалпы түсінік
MS EXCEL менюімен жұмыс атқару
Delphi-дегі сервер компоненттері
Microsoft Excel
Информатика пәні бойынша дәрістер
MS EXCEL
MS Excel бағдарламасын іске қосу
Пәндер