Абылай және оның заманы туралы



І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Абылай хан (1711 — 1781) өмірі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2. Абылай ханның билік басына келуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
3. Абылай Қытаймен сауда қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
4. Дана да Қайсар Абылай ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
ІV. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
Абылай (Әбілмансұр) – Қазақ ордасын бір тудың астына топтастырып, байтақ жерімізді жоңғар шапқыншылығынан азат еткен, алып мемлекеттер – Қытай, Ресей патшалығымен мәмлеге келіп, ел тәуелсіздігін сақтаған, айбынды да ардақты хан, кемеңгер көсем.
Абылай хан 1711 жылы туып, 1781 жылы қайтыс болған. Сүйегі Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне қойылған.

Тарихымызға "Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама" болып енген ұзақ жылғы қазақ-жонғар шапқыншылығының шындығын терең ашатын Қожаберген жыраудың әйгілі "Елім-ай" толғауындағы:

Қор болды бірлігі жоқ біздің қазақ, Басынып ата жауым етті мазақ.. Көршілес екі жұрттан дәу мылтық ап, Көрсетті шапқыншылар елге азап,

- деп күйзеліп те, күйініп те жырлағанындай, Абылай ел билігіне келерге дейінгі кезең қазақ үшін "сорлы, торлы заман", "қан майдан", "маңдайынан бағы тайған", "қазақтан сасық қалмақ озған", олардың көршілес екі елден мылтық, яғни, зеңбірек алып (Ресей мен Қытай) "есірген", "әулиедей болған" заман болған.
Халықтың үштен екісі қырылып, "Еділ, Жайық, Арқаға қазақ ауып, Шу, Талас, Сыр, Қаратау жауда қалды" деп жырау айтқандай, еліміздің тоз-тозы шығып, берекесі кетіп, іргесі сөгілген, қысталаң, қиын, сұрапыл заман тарих тілімен айтқанда, "шапқыншы қалмақ пен ұлт-азаттық қозғалысының шешуші кезеңін тудырды".
Төле би толғауындағы "көкірек қаққан хандардың лауазымға таласып, елді быт-шыт қылғаны, ағайынның алауыздығынан көлденең көк аттының елді жаулап алғаны, аз дұшпаннан жеңіліп қабырғасын қайыстырған кезеңде "ыдырап жатқан қазақтың басын қосып, береке-бітім іздеген" ел билеушісін уақыт талап етті .
Халық басына төнген қасірет ел тағдырын таразыға салды. Шашырап, сансырап тозған, бірлігі бүлініп, тағдыры қыл тұзақ ұшына ілініп тұрған кезеңде үш жүздің басын қосып, Қазақ ордасын нығайтып, жоңғарларға қарсы жойқын ұрыстарда қол бастап, байтақ жерді азат еткен, даңқты қолбасшы, көреген саясатшы айбынды ханымыз Абылай еді. "... Сол аласапыран дәуірде қалың елдің қайрақтай жан қала ма" деген "Қазығұрттай үміті" жалғыз ғана Абылай басында қалған болатын. Ескі қазақ елдігін, ескі жұрттың тілегін ту көтеріп, бір араға жиған Абылай болатын... Қазақтың жат елге бағынбай өз елдігін сақтап қалып, іргесін бөлек салуы - Абылай заманынан бері қарай XIX ғасырдьң ортасынан ауғанға дейін жаңа саяси бет алды" деген (117. 305-6.) М. Әуезов сөзі сол заманның азап, сорынан, халқьш кұрып кету қаупінен құтқарып қалған даланың дана көсемі, ел тірегі Абылай болғанын паш етеді.
1. Әбуев Қ., Қазақстан тарихының “Ақтандақ” беттерінен, Алматы: Қазақстан, 1994.
2. Кенесарыұлы А., Кенесары және Сыздық сұлтандары, Алматы: Жалын, 1992.
3. Қозыбаев М., Абылай хан мен Кенесары, Алматы: Ғылым, 1993.
4. Мағауин М., Қазақ тарихының әліппесі, Алматы: Ер-Дәулет, 1994.
5. Салғараұлы Қ., Хандар кестесі, Алматы: Жалын, 1992.
6. Казахско- русские отношения в ХVI – XVIII веках. А. – А., 1961г.;
7. Валиханов Ч., “Абылай”, Собр. Соч. Т.4, А-А., 1985г.;
8. Сулейменов Р.Б., Моисеев В.А., “Из истории Казахстана XVIII в.”, А-А., 1988г.;
9. Абылай хан. Тарихи жырлар. 1-т.,А., 1993ж.;
10. Нығмет Мыңжани “Қазақтың қысқаша тарихы”, А., 1994 ж.;
11. Левшин А.И., “Описание киргиз-кайсацких или киргиз – казачьих орд и степей”, А., 1996 г.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Абылай және оның заманы.

ЖОСПАР:

І.
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .3
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Абылай хан (1711 —
1781) өмірі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2. Абылай ханның билік басына
келуі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..9
3. Абылай Қытаймен сауда
қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
4. Дана да Қайсар
Абылай ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 4

ІІІ.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
19
ІV. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

КІРІСПЕ

Абылай (Әбілмансұр) – Қазақ ордасын бір тудың астына топтастырып, байтақ
жерімізді жоңғар шапқыншылығынан азат еткен, алып мемлекеттер – Қытай,
Ресей патшалығымен мәмлеге келіп, ел тәуелсіздігін сақтаған, айбынды да
ардақты хан, кемеңгер көсем.
Абылай хан 1711 жылы туып, 1781 жылы қайтыс болған. Сүйегі
Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне қойылған.

Тарихымызға "Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама" болып енген ұзақ жылғы
қазақ-жонғар шапқыншылығының шындығын терең ашатын Қожаберген жыраудың
әйгілі "Елім-ай" толғауындағы:

Қор болды бірлігі жоқ біздің қазақ,

Басынып ата жауым етті мазақ..

Көршілес екі жұрттан дәу мылтық ап,

Көрсетті шапқыншылар елге азап,

- деп күйзеліп те, күйініп те жырлағанындай, Абылай ел билігіне келерге
дейінгі кезең қазақ үшін "сорлы, торлы заман", "қан майдан", "маңдайынан
бағы тайған", "қазақтан сасық қалмақ озған", олардың көршілес екі елден
мылтық, яғни, зеңбірек алып (Ресей мен Қытай) "есірген", "әулиедей болған"
заман болған.
Халықтың үштен екісі қырылып, "Еділ, Жайық, Арқаға қазақ ауып, Шу,
Талас, Сыр, Қаратау жауда қалды" деп жырау айтқандай, еліміздің тоз-тозы
шығып, берекесі кетіп, іргесі сөгілген, қысталаң, қиын, сұрапыл заман тарих
тілімен айтқанда, "шапқыншы қалмақ пен ұлт-азаттық қозғалысының шешуші
кезеңін тудырды".
Төле би толғауындағы "көкірек қаққан хандардың лауазымға таласып, елді
быт-шыт қылғаны, ағайынның алауыздығынан көлденең көк аттының елді жаулап
алғаны, аз дұшпаннан жеңіліп қабырғасын қайыстырған кезеңде "ыдырап жатқан
қазақтың басын қосып, береке-бітім іздеген" ел билеушісін уақыт талап етті
.
Халық басына төнген қасірет ел тағдырын таразыға салды. Шашырап,
сансырап тозған, бірлігі бүлініп, тағдыры қыл тұзақ ұшына ілініп тұрған
кезеңде үш жүздің басын қосып, Қазақ ордасын нығайтып, жоңғарларға қарсы
жойқын ұрыстарда қол бастап, байтақ жерді азат еткен, даңқты қолбасшы,
көреген саясатшы айбынды ханымыз Абылай еді. "... Сол аласапыран дәуірде
қалың елдің қайрақтай жан қала ма" деген "Қазығұрттай үміті" жалғыз ғана
Абылай басында қалған болатын. Ескі қазақ елдігін, ескі жұрттың тілегін ту
көтеріп, бір араға жиған Абылай болатын... Қазақтың жат елге бағынбай өз
елдігін сақтап қалып, іргесін бөлек салуы - Абылай заманынан бері қарай XIX
ғасырдьң ортасынан ауғанға дейін жаңа саяси бет алды" деген (117. 305-6.)
М. Әуезов сөзі сол заманның азап, сорынан, халқьш кұрып кету қаупінен
құтқарып қалған даланың дана көсемі, ел тірегі Абылай болғанын паш етеді.
Ш. Уәлиханов өз зерттеуінде: "Әсіресе, 1723 жыл сұмдық сипатымен
қазақтардың есінде өшпестей болып қалды. Қайда барса да қанқұйлы жоңғарлар
қыр соңынан қалмаған казақтар үріккен киік үйіріндей дүркіреп, жол-жөнекей
дүние-мүлкін, бала-шағасын, кемпір-шалын, арық-тұрық малын,үй мүлкәмәнін
шашып, түстікке барып қойып кетті... Міне, осындай екұдай, үрейлі, қанды,
қасапты кезеңде ел назары Абылай сұлтанға ауады. Өйткені ол жорықтардың
бәріне алғаш қатардағы жауынгер боп қатысты, соның өзінде қисапсыз ерлік
көрсетіп, айрықша амал-айласымен көзге түскен еді. Өнегелі ақыл-кеңесі,
сұңғыла зердесі арқасында да ол бірден-ақ көреген, кемеңгер деген атқа ие
болды" деп, Абылайды заманы шыңдаған, тағдырдың түрлі сынағынан өткен,
жеке басының ересен ерлігімен, қолбасшылық ерекше қабілеттілігімен,
алғырлығымен, көрегендігімен, парасаттылығымен ерте бастан ел назарына
іліккен түлға деп даралайды.
Ел аузынан жазып алынған "Абылай ханның сыны, Райым-бектің жауабы"
деген аңыз-жырда:

Айналайын, қазағым,
Қалмак. шауып, бақ ауып,
Судан аққан қан көрді,
Аққан қанды тыймаққа,
Алаштын басын жимаққа,
Абылайдай хан берді" (12)

десе, М. Жұмабаев "Батыр Баян" дастанында:

Алыстан орыс, кытай - ауыр салмақ,
Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ.
Артында - ор, алдында - көр, жан-жағы жау,
Дағдарған алаш енді қайда бармақ?
Сол кезде елге қорған болған Абылай,
Көп жаудың бірін шауып, бірін арбап..,

- деп қасіретті тарихи кезеңде Абылайдың ел бағына келгендігін, халқының
тірегі, жүрегі болғанын аңғартады.

 
1. Абылай хан (1711 — 1781) өмірі

            Қазақ тарихында ерекше орны бар, 18-ғасырда өмір сүрген атақты
Абылай ханның азан шақырып қойған аты — Әбілмансұр. 
            Ол 1711 жылы Түркістан билеушісі "қанішер" Абылайдың баласы
"көркем" Уәлидің шаңырағында дүниеге келген. Оның атасы Абылай жаудан беті
қайтпаған қайсар батыр екен. Жек-пе-жек ұрыстардың бәрінде де қарсыластарын
шақ келтірмейтін әрі күшті, әрі айлалы батыр болыпты. Сол үшін "қанішер
Абылай" атаныпты. 
            Әбілмансұрдың әкесі Түркістанды билеп түрғанда 1723 жылғы
жоңғар шапқыншылығы болады. Осы шайқаста Уәли қаза болады. Дұшпандар оның
үй-ішін, туған-туыстарын түгел қырып жібереді. Осы тұста хан үйінің бір
сенімді құлы 12 жасар баланың киімін ауыстырып, жаудың қолына түсірмей,
сыртқа аманесен шығарып жібереді. Барған жерінде Әбілмансұр бала аты-жөнін,
ата-тегін жасырады. 
            Себебі, о заманда шапқыншылар, хан тұқымынан біреуді өлтіретін
болса, артында кек алатын ешкім қалмасын деп, бесіктегі баласына дейін
құртып отырған. Бала елді жағалап жүріп бір күні Шымкент пен Ташкент
аралығындағы Қазығүрт тауын мекендеген атақты Төле бидің ауылына жетеді. 
            Төле биге келіп 12—13 жасар бала сәлем береді. Қараса, шашы
өскен, киімі алба-жұлба. Би жөн сұраса:— Биеке, бір бейшарамын, аты-жөнімді
білмеймін, атымды Сіз қойсаңыз қарсы емеспін,— дейді. Төле баланың тегін
емес екенін байқайды. Үстібасына қарап, "Сабалақ" деп ат қояды. 
            Арада 6—7 жыл өтіп те кетті. Сабалақ жиырмаға келді. Төле биге
Бөгенбай батырдың келгенін пайдаланып, Сабалақ биден рұқсат алып,
жоңғарлармен болған шайқасқа қатысады. 
            Бұл шайқас 1731 жылы болады. Екі жағы бірнеше күн шайқасып,
едәуір әлсірейді. Енді кезек жекпе-жекке беріледі. Жоңғар жағынан жеке
шайқасқа жау жағының ханы Қалдан-Сереннің баласы Шарын шығады. Ол жоңғардың
белді батырларының бірі еді. Осы шайқастың өзінде бүгінге дейін қазақтың
бірнеше батырын мерт қылған. 
            Ә дегенде онымен шайқасуға ешкім беттемейді. Қолбастаушы
Бөгенбай да қысылады.— Егер ешкім шықпаса, өзім шығамын,— деп, басқолбасшы
Орта жүз ханы Әбілмәмбет хабар береді. Хан мен Бөгенбайдан рұқсат сұрап,
әрі баталарын алып, жекпе-жекке Сабалақ шығады. Шайқастың аяғы Сабалақтың
жау батырының басын шауып түсірумен аяқталады. Жауға қарай ұмтылғанда ол:
"Абылай!", "Абылай!" деп шабады. Соғыстың аяғы қазақтардың жеңуімен,
жоңғарлардың жеңілісімен аяқталады. Әбілмәмбет хан шайқастан кейін
Сабалақпен сөйлеседі, оның жауға неліктен "Абылайлап!" шапқанын сұрайды.
Хан мұның Абылай сұлтанның немересі, өзінің аұасының баласы екенін
білгесін, онымен "ой, бауырым" деп жылап, көрісіп табысады. 
            Ендігі жерде Абылай сұлтан исі қазақты біріктіруге, оны сыртқы
шапқыншылықтан қорғап қалуға барынша күш салды. Не бір қырғын шайқастарда
өзінің ерлігімен, тапқырлығымен жеңіс туын желбіретеді. Талай рет жекпе-
жекке өзі сұранып түсіп, дұшпан батырларын мерт қылады. Қалдан-Сереннің
баласы Шарын батырды жекпе-жекте өлтіргеннен кейін, он жыл шамасында Абылай
кездейсоқ жағдайда жау қолына түсіп қалады. Сонда Қалдан-Серен Абылайдан:
"Менің баламды өлтірген сен бе?"— деп сұрайды. Сонда ол еш тайсалмай:
"Сенің балаңды өлтірген мен емес, халық, мен тек халықтың талабын
орындадым"— деп жауап беріпті. 
            Абылай қазақ халқының тәуелсіздігін сақтап қалу жолдарын көп
ойланады. Оның бір ғана жолы бар деп түйеді. Ол — ел бірлігі және
әлдекімдерді басына ойнатпайтындай қарулы күштің болуы. Осы мақсатқа жету
үшін әрбір жүздегі елдің құрметіне бөленген ақылгөй азаматтарына арқа
сүйеп, қол бастайтын жау-жүрек батырларды жинау қажет болды. Бұл бағытта
бірқатар жұмыстар да жасады. Үйсін Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Бұқар
жырау оның ақылшыларына айналды. Оның төңірегіне жиналған батырлар:
Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек, Шапырашты
Наурызбай, Уақ Сары, Баян, Тарақты Байғозы, Шанышқылы Бердіқожа батыр,
Олжабай батыр, Балтакерей Тұрсынбай батыр, т. б. 
            Бүған дейін қазақтың ұлы хандары ұлы жүзде тұрып, оны тікелей
билейді екен. Абылай хан болғанда Орта жүздің басшылары: жоңғарлардың
шапқыншылығы Орта жүзге ерекше қауіп төндіріп отыр. Оған қарсы күреске
тікелей қолбасшылық жасайтын ұлы ханның орта жүзде тұрып, тікелей басқаруы
керек деп талап етеді. Осыған орай ұлы жүз Төле биге жол-жоралғы, тар-ту-
сыйлық беріп, Абылайдың хан ордасын Орта жүзге қондырады. 
            Абылай Орта жүзді тікелей билейді. Сондықтан ол әрі Орта
жүздің, әрі барлық қазақтың ханы саналады.
            Абылай хан болғаннан кейін бүкіл үш жүздің басын қосып,
біріккен күшті Қазақ хандығын құруды мақсат етті Ұлытау мен Көкшетауда,
Сайрам мен Түркістанда — қазақ даласының қасиетті жерлерінде
бүкілқазақстандық құрылтайлар шақырылды. Оларда соғыс пен бітім, қоныс пен
жайлым, даудамай, басқа елдермен сауда және мәмілелік қатынас жасау
мәселелері шешіліп жатты. Үш жүз халық болып қауышып, ынтымақтыққа,
бірлікке ұмтылды. 
            Абылай қазақ халқын тоз-тоз болып жойылып кетуден сақтады. Оның
тұсында патшалы Ресей, Қытай, Жоңғар, Бұхар және Хиуа хандықтары қазақ елін
еріксіз мойындады, онымен байланысты жақсартты. Орынбор, Троицк, Қызылжар
сияқты елді мекендерде жәрмеңкелер пайда болды. Ресей мен Қытай Абылайдың
өсіп бара жатқан абыройымен есептесуге мәжбүр болды. Олармен елшілік қарым-
қатынас жақсарды. Сондықтан бірі қазақтың ханы деп арнайы құжат жіберсе,
екіншісі Қытай богдаханы атынан кінәз атағын берді. 
            Абылайдың тағы бір ерекшелігі, көшпелі елдің өмірінде басты
орны алатын — өнерге айрықша мән беруі. Өнер — көшпелілердің өмір салты
еді. Абылай тұсында ол одан әрі дами түсті. Бұқардың, Үмбетейдің,
Тәтіқараның жалынды жырларын, Төленің, Қазыбектің, Әйтекенің ақылды
шешендік-билік шешімдерін үнемі ескеріп отырды. Өйткені олар сол кездегі
өмір салтындағы жағдайларға байланысты туып, қазақ елінің күнделікті
өміріндегі түрлі қатынастарды реттеуге пайдалы еді. 
            Осы күні қазақ арасында танылған өнердің жыр, терме, толғау,
шешендік сөз, ән, күй, жоқтау сияқты салаларының одан әрі дамуына Абылай
заманында кең мүмкіндік болды. Өзі жеке басы ұлттың тағдырына қатысты
жауапты істерді шешу үшін алдымен ақындардың, жыраулардың, шешендердің,
билердің, күйшілердің ақыл-кеңесін тыңдады. Ал сол шешімдерді жүзеге асыру
үшін ер жүрек батырларға арқа сүйеді. 
            18-ғасырдың орта кезінде Абылай шығыспен де, батыспен де сауда
қатынасын жасауды қолға алды. Соның нәтижесінде айырбас сауда жасайтын
орындар көбейді. Мұндай сауда бұрын тек Орынборда ғана жасалса, енді Семей,
Қызылжар, т. б. қалаларда да айырбас саудасы жолға қойылды. Қазіргі Семей
облысының Абай ауданының батысынан басталып, Ертіс өзенінің сол жағалауын
бойлап, Қытайға карай сауда жолы салынды. Халық оны хан жолы, яғни "Абылай
жолы" деп атады. 
            Қазақ хандығы мен Қытай арасында тұңғыш сауда келісімі жасалды.
Осының бәрі қазақ елінің басқа елдермен қатынасын жақсартты. 
            1770 жылдары Абылайдың хан билігінің күшейген уақыты. Ол бар
билікті өз қолына алады. Сөйтіп, хандық билікті орталықтандырады. Оның
беделінен қауіптенген орыс патша үкіметі Абылайды шақырып, орыс патшасына
қарауды талап етеді. Бірақ ол бұл талапты қабылдамайды. 
            Жалпы Абылай хан қазақ халқының, елінің, жерінің дербестігі
үшін күрескен қайраткер. Сондықтан да Қазақстанның Ресей қоластына өтуіне
қарсы болды. Бірақ та Ресей патшасының отарлаушы күшімен шайқасуға шамасы
келмеді. Өйткені, қазақ жеріне басқалар тарапынан да қауіп зор еді.
Сондықтан да оған өзінен күшті мемлекеттермен соғыспай, бейбітшілік
жолымен, олармен мәмілеге келе отырып, өз халқын мүмкін болғанынша аман
сақтау керек болды. 
            Ресей патшалырының Шығыс Қазақстан өңіріне жыпырлатып
бекіністер салғанынан, кеніштер қазып, зауыттар салғанынан келетін қауіпті
ол алдын ала сезді Осыған іле-шала сол жерлерге орыс-казактар қаптап келе
бастады. Бұл әрекеттердің бәріне Абылай хан дер кезінде наразылық білдірді,
шекарадағы бекініс коменданттарына арнайы хаттар жазды. 
            Абылай хан өз халқының, елінің мүддесі үшін сырт елдермен
тамаша мәмілегерлік саясат жүргізген қайраткер. 
            18-ғасырдың орта кезінен бастап Абылай қазақ елінің ерікті,
іргелі, біртұтас ел болуына ұмтылды. Ол Ресеймен соғыспады. Тіл табысуға
күш салып, мәмілегерлік өнер көрсетті. Орыс-казактардың қыспағына түскен
қалың елдің ауыртпалығын жеңілдету, Есіл, Ертіс шекаралық бекіністер
маңындағы жайылымдардан айырылып қалмау жолдарын қарастырды. Орыс
шаруаларынан егіншілікті үйрену жолдарын қарастырды. "Қытайға түссең — қыл
бұрау, орысқа түссең — кең тұсау" деген мәтел осы тұста шықты.
 Қазақ халқының мүддесі үшін Абылай хан өз елін қоршаған мемлекеттер
арасындағы, әсіресе олардың өз ішіндегі алауыздықты қалт жібермей
пайдаланды. Жауларының өз ішіндегі қырқысуларын одан әрі күшейтуге ықпал
етті. Мұның өзі барлық қазақтың сыртқы қауіпсіздігін нығайту үшін, ежелгі
жауының күшін әлсірету үшін аса қажет болды. 
            18-ғасырдың 40-жылдарында Жоңғар шонжарлары арасында алауыздық
туады. Осыдан елі әлсірейді, халқы күйзеледі. Абылай оны жақсы пайдаланады.
Жоңғардың ішкі ісіне араласып, үкімет билігіне таласқан шонжарлардың біресе
ол жағын, біресе бұл жағын қолдап, таластартысты ұшықтырады, сөйтіп оларды
әлсіретеді. Осының нәтижесінде бұрын жоңғарлар басып алған қазақ жерлерін
қайтарып алады. Ертістің жағалауындағы құнарлы жерлерді алуға әзірлік
жасайды. 1745—1755 жылдар аралығында жоңғар шонжарлары хан тағы үшін өзара
соғысып, әбден әлсірейді. Бұған Абылай да үлес қосады. Осыдан былай
жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы тоқтатылады. 
            Сөйтіп, Абылай хан — қайратты қаһарман, батыл қолбасшы, шебер
ұйымдастырушы, дарынды мәмілегер — дипломат, ақылды да айлалы, өз елін,
туған халқын жан-тәнімен сүйген, өте қабілетті мемлекеттік дәрежедегі ірі
қайраткер болған.
            Сондықтан да оның халыққа сіңірген еңбегі жайлы қанша
әңгімелер, дастандар айтылды, жазылды. Мұны әсіресе өзімен қатар өмір
сүрген Бұқар, Үмбетей сияқты атақты жыраулардың жыры дәлелдейді.
2. Абылай ханның билік басына келуі

Абылайдың билік басына келуі кездейсоқ жағдай емес. Күрделі де
күрмеулі, қиын түйінді, шиеленісті тарихи жағдай оның хандық тізгінді
ұстауына ықпал етті. Елдің үміті, асыл арманы, тәңірден тілеген тілегі -
басқа түскен зұлмат соғыстан құтылу, бейбіт, баянды тірлікке қол жеткізу
болатын. "Тағдырдың тәлкегімен әлеуметтік таптың төменгі сатысына іліккен
Абылай хан болғанда тек Шыңғыс әулетінің өкілі болғандықтан ғана емес,
майдан алаңына дабыл салып шапқан қас батыр, ерен қолбасшы, ел бастар көсем
санатында хан болып сайланды".
Үш жүздің келешегін ойлайтын, соңынан ер азаматы түгел еретін,
дұшпанның бақытын байлайтын, көрші елмен татуласып, тіл табысатын, өзі
шешен, сардар, данышпан көсем көптен сайлануы тиіс болатын . Абылайдың ел
билігіне келуі заман талабы, уақыт қажеттігінен туды.
Абылай заманында шырматылып, түйінделген елдік мәселелер аз емес еді.
Ел тағдырына төнген қасірет - жоңғарлардың басқыншылық соғысын тойтару ғана
емес, көрші ірі мемлекеттер -Ресей мен Қытайдың отарлап, бодандыққа мойын
ұсындыру саясатынан амалдап, айла-ақылмен құтылып, дербес ел ретінде тарих
сахнасында Қазақ ордасының күш-қуатын таныту еді. Абылайдың 1730-1731
жылдары алғаш ұрыстарға араласып, қалмақтың азулы да айбынды батыры Шарыш
сияқты қолбасыларын жекпе-жекте жеңіп, жойқын ұрыстың тізгінін қолына батыл
алып, ел ішіндегі берекелі бірлік орнатып, мықты әскери дайындық, ақылды да
айлалы саясатқа сүйенуі өз жемісін бергені мәлім.
1718 жылы Тәуке хан өлгеннен кейін билікке таласып, ыдырап, тұтастығы
бұзылған Қазақ ордасының қуатын қайта қалпына келтіру міндетін қолына алған
Абылай әрбір жағдайды байыппен, сабырмен, ақылмен асықпай шешті.
"Кенесарының атасы Абылай хан ерекше даңқы шыққан адам болды... Шиеленіскен
халықаралық жағдайда Абылай бытыраңқы қазақ жерлерін өз қоластына
біріктіруге тырысты. Қазақстанды басып алуға тырысқан көршілері Россия,
Қытай, Жоңғар мүдделерінің қарама-қайшылығын дұрыс пайдалана отырып, Абылай
іс жүзінде елдің тәуелсіздігін сақтап қала алды" .
Әсіресе жоңғарлармен ұзақ жылғы азаттық күресі - халықтың ерлігі мен
жігерін, төзімі мен табандылығын шыңдады. Хиуа, Бұқар қол ұшын бермей,
ұйғыр, шүршіт, қоқан, түрікпен, сарт, башқұрттардың сырт айналғанында,
қуатты да мықты Жоңғар хандығымен қазақ халқы ғана қырғын соғысқа қарсы
тұрғаны мәлім .
Шын мәнінде жоңғарлардың жойқын күшін тоқтатып, оларды әбден
титықтатып, ақыр соңында тас-талқан етіп тізе бүктіруге дейін табанды
күрес жүргізген Абылай бас-таған қазақ қолының жеңісі - оның шебер де
шешімді дұрыс тактикасы ішкі-сыртқы саясатта ұстанған ұтымды
стратегиясымен байланысты. "Мемлекеттің тәуелсіздігін сақтайтын,
басқыншылардың қол сұғуынан қорғайтын қуатты күш ... -әскер... Абылайдың
кемеңгер қолбасылық қасиеті - жауынгерлік қабілеті бар әскери күш жинап,
оларды басқаратын тапқыр әскер басшыларын өз төңірегіне жинауы". .
Заманында Абылайдың даңқының дүрілдеп шығуы да оның аса қабілетті, қайтпас
қайсар, ержүрек батырларды төңірегіне топтастыруынан. Ел сенімі де, тірегі
де қолбасылар, батырлар болды. Яғни, "Қарадан шыққан әскери элита, елге
билік айтқан шешендер мен көсемдер хан тірегіне айналды. Хандық билік пен
ақыл-күштің тетігі - батырлар мен билер билігіне ұласты" .
Батыры ханға сай болды,
Елге лайық ер болды.
Өзге жұрт аңсар жай болды,
- деп мұны Үмбетей жырау айрықша атап көрсеткен .
. Абылайдың "Шанды шабуыл", "Жайлау жорық", "Қап қағылған соғыс" атты
әдістері болған.
Әрине, Абылайдың көрегендігі ұрыс стратегиясын алдын-ала жоспарлауында
ғана емес, көрші мемлекеттермен арадағы шиеленісті жағдайларды өз мүддесіне
шебер пайдалануында. Абылай заманында ең ұзақ соғыс қалмақтармен болғандығы
белгілі. Тарихшы Қ. Халидүлы "Абылай ханның соғыстары қалмақпен болды да,
Абылай қалмақ елін Қызылжар, Қарқаралы маңынан, Аякөз өзенінен өткізе қуып,
қазақтың жерін кеңейткен кісі... Шығыстан жүңгә әскері келіп жоңғар
хандығын аяқтатқан соң, қалмақ елінің күші азайып, көпшілігі Жүңганың
қорғауына өткен еді, шетте қалған азырағы қазақтармен қарсыласуға әлсіз
болды. Мұндай жағдайда Абылайдың бағы үстем және Ресейден бейғам болып,
Орта жүз бен қалған екі жүздің шет бөліктеріне үкімін жүргізіп, бүкіл
қазақтан қол жиып, Шыңғыстаудың батыс жағында, шығысында неше рет қалмақты
шапты" деп нақтылы дәлелдеп кетеді .
1745 жылдары Қалдан Серен қаза тауып, Ойрат ханының тағына басталған
таласты Қалдан Сереннің үлы Цеван Доржидан кейін хан тағына отырған Лама
Доржы мен жоңғар хандығының негізін қалаушылардың ұрпағы Батыр хунтайшы
Давацимен (орыс деректерінде Девачи, Ловачи, қазақтар Лабашы деп атап
кеткен) арадағы қиян-кескі шайқасты Абылай өз мақсатына ұтымды пайдаланды.
"1751 жылы күзде жеңіліске ұшыраған ол (Даваци - Ә. Т.) өзін қолдаушы хан
мүрагерлерінің бірі — Әмірсанамен бірге Орта жүзге қашып барады..
Үш жүздің ақсақалдарының бас қосқан жиынында Давацидің алдағы уақытта
тигізер пайдасын ойлап, "қалмақ жұртын билеп, қаһарына мінер күн туса, ол
басқа жаудан гөрі біз үшін қатерлірек болар" деген Абылай сөзі көп ұзамай
шындыққа ұласады. 1753 жылдың 12 қаңтарында қалмақ ханы Лама Доржидің
ордасын күйретіп, өзін өлтірген Даваци мен Әмірсана арасында хандықтың
жартысын бөлісіп алу жөнінде талас басталып, Даваци қазақтармен одақ болу
мақсатымен көмек сұрағанда, Абылай әліптің артын бағады. Бұл кезде Әмірсана
Цин патшалығынан көмек сұрап, Жоңғария хандығына қол жеткізбек болғанда
айлалы Қытай патшалығы оны тұтқындауды ойлайды. 1755 жылы көтеріліс
шығарып, қытай әскерлерін талқандап, көрші елдерден, ең бастысы Абылайдан
көмек сұраған кезде, ол одақтас ретінде қолдайды. Сөйтіп, Лама Доржының
1752 жылы Төле биді кеңесуге шақыруы , бірақ дана бидің оның ұрпақтарымен
келіспей, бұл жағдайды Абылайға баяндауы, яғни Абылайдың Жоңғар
хандықтарының мақсат-мүддесі неге бағытталғанын аңғарып, батыл әрекетке
келуі де, осылайша соғыспен бітім, басқа халықтармен сауда және
дипломатиялық қарым-қатынас мәселелері көп талқысынан өтіп шешіліп жатқан,
яғни дала демократиясы "дүрілдеген" кезең болғандығын айқындайды.
Жоңғарияны тарихта теңдесі жоқ жылдамдықпен оп-оңай жаулап алған император
Цянь-Лунның жеңімпаз армиясының жоңғар жеріне келуі Абылайдың саясатына
үлкен ықпал еткен . "Абылай хан қалмақпен соғысып жатқан кезде Шығыстан
Жүңгө әскерлері келіп, жоңғар хандығын тындым қылып, Құлжа қаласын алып,
жоңғарды түгел бойсындырады. Осы қырғындауларды көрген қалмақ, торғауыт елі
Жүңгөнің қорғауына кірмей батысқа қарай қашты. Жол бойы қазақтан шабынды
көріп, жем болумен бірге Абылайдың атағы көтерілуіне себеп болды", - дейді
Қ. Халидүлы ұзақ жылдарға созылған жоңғар шапқыншылығының ақтық кезеңі
жайлы Жоңғарлармен соғыстың өз пайдасына шешілуін көздеген Абылай оларды
бір-бірімен жауластырып, әлсіретіп, титықтатып барып, тас-талқанын шығару
мақсатында табанды да айлалы, астарлы саясат жүргізіп қоймады, небір жойқын
ұрыстарда соғыс ісін жетік меңгерген, бес қаруы бойына сай батырларын
бастап, шайқастың алдында жүрді, қолбасшылық қарым-қабілетін таныта білді.
Тарихи деректер зеңбіректері мен басқа қару түрлерінен басым әрі саны мол
жоңғарлармен соғыстарда үнемі ұрыс тактикасын өзгертіп, қуатты қорғаныс,
ұтымды шабуылдар ұйымдастыра білгенін жеткізеді.
Абылай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абылай және оның заманы
ХVІІІ ҒАСЫРДАҒЫ АҚЫН – ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ АБЫЛАЙ ХАН БЕЙНЕСІ
Айбынды қазақ ханы - Абылай
Айбынды қазақ ханы - Абылай жайлы
Айбынды қазақ ханы Абылай, ұлы ханның өмірі
Айбынды қазақ ханы – Абылай туралы ақпарат
М.Ж. Көпеев және қазақ тарихы
Қазақ түбі үлгілеріндегі Отан тарихы туралы деректер
XIX ғасыр өлең жырларындағы абылайхан
ХІХ ғасырдағы тарихи жағдай және қазақ әдебиеті
Пәндер