Адам болмысы мен ойлауының жалпы формалары


КІРІСПЕ 3
БОЛМЫС ПЕН ОЙЛАУДЫҢ ЖАЛПЫ ФОРМАЛАРЫ 4
1. Іс.әрекет және тәсіл проблемасы. 4
2. Диалектика және метафизика 7
3. Категориялар туралы жалпы ұғым. 14
4. Болмыс туралы жалпы ұғым. Болмыс және ештеңе (ничто) 18
5. Субъект және объект. 22
6. Қалыптасу (становление) 24
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 28
Күрделі өзгерістер дәуірінде түптеп келгенде адамдардың өзін қоршаған дүниеге жөне сол арқылы өздеріне қатынасы өзгеретіні мәлім. Жалпы алғанда оны адамдардың өмір сүруінің негізгі жолы немесе тәсілі деуге болады. Қоғамымызды қайта құру тіпті кдйта жа-сау кезеңі де тап осындай шақ. Біз барлық орнығып қалған қатынас-тарға, нормаларға, жағдайларға соны көзбен қарауға үйренудеміз. Бұрынғы үйреншікті болып қалған киіміміз өзгеріп кеткен жаңа еңсемізге, деңгейімізге шақ болмай қалғаны сияқгы, қоғамдық қаты-настарды жаңарту да бәріне жаңа шама мен өлшемді табуға ойысты-рады.
Бұлардың барлығы: жаңа шама, өлшем, қатынас т. т. филосо-фия тілінде тәсіл деп аталады. Тәсіл мұндай жалпы түрғыда нақгы бір істі атқарудың жекелік қана мәні бар жодцары мен операциялары емес. Ол - осы дәуірдегі адамдардың барлық нәрселерге және бір-біріне қатынас жасауының жалпы ерекшелігін көрсетеді, сол арқылы жалпы танымның да тәсіліне айналады. Ондай жалпыға бірдей тәсіддің өз-әрекеттері мен өз ойлауында бар екендігін адамдардың көпшілігі күнделікті тіршілікте көбінесе байқамайды, сезінбейді.
Өз іс-әрекеттерінің жөне ойлауының қалай атқарылатыны олар-дың не нәрсе екендігі т. т. жақгарын зерттеу мәселесі ететін рухани қызметтің саласы ол - философия. Философияның екі мың жыддан астам тарихында оның өзекті мәселелерінің бірі осы ойлаудың тесілі бодды. Тарихтың әр кезеңі, бұрылыстары үнемі төсіл хақындағы ой-ларды алға тартып отырды.
Ойлаудың жалпы тәсілі адамдардың дүниеге жалпы қатынаста-рынан туатынын айттық. Соған орай, ол іс-әрекетгердің және ойла-удың логикалық құралы ғана емес. Дүниеге белгілі бір практикалық қатынас деген сөз - ол дүниенің өзі адамдарға басқаша түрінде көрінеді деген сөз. Дүниеге бүрынғыдан баскдша қатынас жасау - оны басқаша игеру, оны басқаша көру, сезіну. Яғни, ол - басқаша бір дүние ашқан-мен бірдей. Ол, бірақ, бүрынғы дүниені алаңсыз талақ ету емес, бүрынғыны жаңа, өлде қайда кең әрі өзгеше дүниенің шеңберінде көре білу.
Ол заңғар биік тауға өрлегенге іспеттес. Жаңа бір биіктің деңгейінде бүрынғы білетін, үйреншікті нерселердің одан әдде қайда ауқымды дүниедегі алатын орны енді басқаша, неғүрлым айқын көрінетіні белгілі. Дүниені рухани көру де солай.
Күнделікті тіршіліктің еңсе көтерпейтіндей ауырлығы өз өміріңнің мағыналы жағын көруге екінің бірінде мүмкіндік бере бер-мейді. Біздің қоғамның ерекшеліктерінің бірі де осында. Бірақ, алаңсыз ондай рухани мүқгаждықты жойып та жібере алмайды. Жоғарыда айтылған мәселелер сол өмірден соншалықгы алыс болып көрінуі мүмкін. Бірақ, шынында олай емес.

Пән: Философия
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Көлемі: 29 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 700 теңге




АДАМ БОЛМЫСЫ МЕН ОЙЛАУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ФОРМАЛАРЫ

ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ 3
БОЛМЫС ПЕН ОЙЛАУДЫҢ ЖАЛПЫ ФОРМАЛАРЫ 4
1. Іс-әрекет және тәсіл проблемасы. 4
2. Диалектика және метафизика 7
3. Категориялар туралы жалпы ұғым. 14
4. Болмыс туралы жалпы ұғым. Болмыс және ештеңе (ничто) 18
5. Субъект және объект. 22
6. Қалыптасу (становление) 24
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 28

КІРІСПЕ

БОЛ

МЫС ПЕН ОЙЛАУДЫҢ ЖАЛПЫ ФОРМАЛАРЫ

1. Іс-әрекет және тәсіл проблемасы.

Күрделі өзгерістер дәуірінде түптеп келгенде адамдардың өзін қоршаған
дүниеге жөне сол арқылы өздеріне қатынасы өзгеретіні мәлім. Жалпы алғанда
оны адамдардың өмір сүруінің негізгі жолы немесе тәсілі деуге болады.
Қоғамымызды қайта құру тіпті кдйта жа-сау кезеңі де тап осындай шақ. Біз
барлық орнығып қалған қатынас-тарға, нормаларға, жағдайларға соны көзбен
қарауға үйренудеміз. Бұрынғы үйреншікті болып қалған киіміміз өзгеріп
кеткен жаңа еңсемізге, деңгейімізге шақ болмай қалғаны сияқгы, қоғамдық
қаты-настарды жаңарту да бәріне жаңа шама мен өлшемді табуға ойысты-рады.
Бұлардың барлығы: жаңа шама, өлшем, қатынас т. т. филосо-фия тілінде
тәсіл деп аталады. Тәсіл мұндай жалпы түрғыда нақгы бір істі атқарудың
жекелік қана мәні бар жодцары мен операциялары емес. Ол - осы дәуірдегі
адамдардың барлық нәрселерге және бір-біріне қатынас жасауының жалпы
ерекшелігін көрсетеді, сол арқылы жалпы танымның да тәсіліне айналады.
Ондай жалпыға бірдей тәсіддің өз-әрекеттері мен өз ойлауында бар екендігін
адамдардың көпшілігі күнделікті тіршілікте көбінесе байқамайды, сезінбейді.
Өз іс-әрекеттерінің жөне ойлауының қалай атқарылатыны олар-дың не
нәрсе екендігі т. т. жақгарын зерттеу мәселесі ететін рухани қызметтің
саласы ол - философия. Философияның екі мың жыддан астам тарихында оның
өзекті мәселелерінің бірі осы ойлаудың тесілі бодды. Тарихтың әр кезеңі,
бұрылыстары үнемі төсіл хақындағы ой-ларды алға тартып отырды.
Ойлаудың жалпы тәсілі адамдардың дүниеге жалпы қатынаста-рынан
туатынын айттық. Соған орай, ол іс-әрекетгердің және ойла-удың логикалық
құралы ғана емес. Дүниеге белгілі бір практикалық қатынас деген сөз - ол
дүниенің өзі адамдарға басқаша түрінде көрінеді деген сөз. Дүниеге
бүрынғыдан баскдша қатынас жасау - оны басқаша игеру, оны басқаша көру,
сезіну. Яғни, ол - басқаша бір дүние ашқан-мен бірдей. Ол, бірақ, бүрынғы
дүниені алаңсыз талақ ету емес, бүрынғыны жаңа, өлде қайда кең әрі өзгеше
дүниенің шеңберінде көре білу.
Ол заңғар биік тауға өрлегенге іспеттес. Жаңа бір биіктің деңгейінде
бүрынғы білетін, үйреншікті нерселердің одан әдде қайда ауқымды дүниедегі
алатын орны енді басқаша, неғүрлым айқын көрінетіні белгілі. Дүниені рухани
көру де солай.
Күнделікті тіршіліктің еңсе көтерпейтіндей ауырлығы өз өміріңнің
мағыналы жағын көруге екінің бірінде мүмкіндік бере бер-мейді. Біздің
қоғамның ерекшеліктерінің бірі де осында. Бірақ, алаңсыз ондай рухани
мүқгаждықты жойып та жібере алмайды. Жоғарыда айтылған мәселелер сол
өмірден соншалықгы алыс болып көрінуі мүмкін. Бірақ, шынында олай емес.
Керісінше, өмірді танудың жолы мен тәсілі, оны өзгертудің, жасаудың жолы,
яғни өмірдің нәр беретін өзектері туралы сөз ететін мәселелер.
Ондай нәрселерді білуге қүштарлықгың өзі - сол адамның өз рухани
деңгейін көрсетеді. Адам туывдысының оның өзіне жаттану-ының тарихи
себептеріне бүрын тоқтадық. Жаттанудың ерекше бір формасы - осы заттану,
адамдық күштің заттың күшіне айналуы. Соның нәтижесінде адамды қоршаған,
оның өзі жасаған заттарды соншалықгы әсіре бағалау, оларға табыну.
Адамдар болмысының осы дәуірдегі ерекшелігі сол замандағы (яғни күні
бүгінге дейінгі) адамдардың ойлау жүйесіне түбегейлі түрде айрықша бір
сипат берді. Оны біз жаттану логикасы деп атаймыз. Жаттану логикасы жаңа
дәуірдегі философиялық және ғьшыми ой-лаудың негізінде жатыр. Ол - жаңа
заманда пайда болған рациона-лизмнің өзгеше типі.
Қарапайым адамның күнделікті іс-әрекетінде заттың алатын орны жоғарыда
айтылғандай бәрің де өзіне бағывдыратын, бәрін де өзі тудыратын бір
қүдіретті күш болып керінетіндіктен, оның ойында да заттар дүниесі бір де
бір болмыс. Қоғамда да, табиғатта да. Реаль-дық нәрсе тек қана зат. Заттан
өзгеше реальдық қүбылыс болуы мүмкін емес. Бір нәрсені реальдық деп танитын
болсақ, оны тек зат деп
111тануымыз тиіс. Қандай да болмасын қозғалыс, өзгеріс, іс-әрекет,
процестер белгілі бір заттың ерекше табиғатынан туады. Затты оны туғызған
қозғалыстың ерекшелігінен емес, қозғалысты оны туғызған заттың
ерекшелігімен ғана түсіндіруге, түсінуге болады.
XVII-XVIII ғасырлардағы натуралистік бағыттағы ойшылдардың және XIX
ғасырдағы Л.Фейербахтың дүниені түсіндіру принципін затты осьшай түсінуге
негізделтен объект логикасы немесе объектілік ойлау деп айтуға болады.
Объектілік ойлау ойлаудың табиғатын, оны құрайтын ұғымдар-дың
мазмүнын, олардың калыптасуын түсіндіруде танымның бірден-бір міндеті ол
мазмұнды субъектінің кандайда болмасын әсерінен тазарту. Ғьшыми таным
процесі танылатын объект женіндегі ұғымда субъектінің кандай да болмасын
табы, не ізі сақгалмауы керек, субъ-ектінің объектіге катынасынан толық
азат болуға, оны алаңсыз ес-кермеуге тырысуы кажет. Тек сонда ғана заттың,
объектінің адамға тәуелсіз мазмүны туралы ұғым қалыптастыра аламыз. Кейінгі
фило-софия мен ғылымның дамуы көрсеткеңдей танымға қойылатын бүл талап
белгілі бір шекке дейін ғана өзін ақгай алады, яғни ақиқатқа жетудің
абсолюттік бірден-бір жолы бола алмайтындығы анықгалды.
Олай болса, заттарды тану, ой жүзінде меңгерудің өзі сол мұқгаж-дықган
туған. Сондықган, әр замандағы танымдық катынас, ойдың ақиқатқа жетуінің
жолдары мен әдістері, оның методы адамның дүни-еге қатынасының тарихи
белгілі бір типін бейнелейді, соны идеал-дық формада дамытады. Адам іс
жүзінде, іс-әрекетінде дүниеге кан-дай қатынаста тұрса, ойлау жалпы алғанда
сондай катынастың ішкі өзегі.
Заттың, объектінің адамға тәуелсіз өзіндік болмысын айқындау, сөз жоқ,
айрықша маңызды мұқтаждық. Затты меңгеру үшін оның өзіндік, заттық өз
табиғатының зандылығын, оның пайда болу тәсілін анықтау керек. Демек,
табиғаттың, ондағы заттардың өзіндік болмы-сы, оның адамға төуелсіз
объективтік мазмұны адамның дүниеге қаты-насының шеңберінде ғана ашылады
екен. Процестің объективтік жөне субъективтік жақтарының өзі еңбек
процесінің ішкі жіктелуінің бір түрі.
Сонымен философиядағы зерттелетін ойлаудың төсілі - ол адам-дардың
өмірге жалпы қатынасының өзегі болса, біз қазір осы қаты-насымызды
өзгертудеміз. Бүрынғы қалыптаскдн догматтарды, тіпті калыптаскан іс-
әрекетіміздің формаларын кайта сын көзімен карау-дамыз. Болмыстың әрбір
нақты формаларын сынауда, оған баға бе-рудегі қойылатын бірінші талап: ол
адамдардың дамуына қаншалықгы өріс ашады, олардың дербес, еркін
творчестволық қызметіне тұсау ма, жоқ, керісінше, солай дамуының бірден-бір
жолы ма?

2. Диалектика және метафизика

Осыған дейін біз ойлаудың төсілін танымның тәсілі деп кара-дық. Яғни
ойлау мен танымды бір нәрсе, ол екеуі егіз деп түсінуді көрсетгік. Бүл
бірақ, бұрын да айтқандай, батыс ойлау үрдісінің, оның дүниеге қатынасының
үлгісі. Философияны ғылым, оның тәсілін де ғылыми тәсіл деп білу. Шығыстың
дүниеге қатынасының өзгешелігін де айтісднбыз. Олардың барлығының негізінде
адамдардьщ әртүрлі құндылықтары жатыр дедік.
Диалектика мен метафизика осындай тәсіддер.
Дүниені толассыз өзгерту, оны бүкіл түбінен қайта қүру, өз
мүқгаждығына сай қайта жасап отыру, яғни дүниеден, әлемнен тек бір пайданы
ғана көру, оны түтынудың ғана көзімен аңдау, сезіну, бүл - белгілі бір
қүңдылық. Бүл батыста да, шығыста да бар, бірақ батыстың дүниеге
қатынасында ол басым. Бүл түрғыдан таным ай-рықша мәнгё ие болады. Соның
нәтижесінде адам дүниеге үстем, ол өлемнің жалғыз иесі, кіндігі, бар дүние
сол үшін жасалғандай, сол үшін болатындай ойлауға бейім етіп түрады.
Диалектиканың негізівде дүниеге осындай қатынастың табы бар. Онда дүниеге
танымның негізіңце, дүниені өзгерту процесінде ешбір тарихи шекті білмейтін
толассыз өзгеріске адамдық үмтьшыс жатыр. Бүл үмтылыс диалекти-каның
белгілі бір өзегі, бірақ бірден бір мазмүны емес. Бүл қатынас бүтін
табиғатынан теріс нәрсе емес, тек өзінің шектен шыкқан үмты-лысында, басқа
қатынастардың бәрін ығыстырып, алға шыкқан да ғана оның адамдық мәнді
бүзатын бағыты анық көріне бастайды.
Диалектика термині ежелгі Грецияда (dialektike) шыққан. Алғашқы кезде
диалектиканы өртүрлі пікірлес адамдардың өзара сүхба-ты, пікір таласы
арқылы ақиқатқа жетудің жолы (dialego) деп түсінген. Аристотельдің айтуынша
диалектиканы алғаш ойлап тапқан -Зенон. Аристотель өз философиясында
диалектиканы ықтималдық пікірлер жөніндегі ілім деп, оны дөлелдеулер туралы
ілімнен - аналитикадан -ажыратып қарайды.
Әрине, диалектика өмірдегі, табиғаттағы бар нәрсеге зейін қоя-ды. Ол -
табиғаттағы, қоғамдағы толассыз қозғалыс, өзгеріс. Диалек-тика үшін жалпы
болмыстың өзі - процесс. Онда мәңгі тұрақты еш нәрсе жоқ. Өмір жалпы -
ағым. Болмыста барлық құбылыстар өзара тікелей не дәнекерлі байланыста.
Ежелгі Грецияда мәселені осы мағынада алғаш қойған Гераклит (б. д. д. VI
ғ.). Элей қаласынан шықкдн Зенон әрбір нөрсенің ішкі қайшылықта екенін
алғаш ашты деуге болады. Ол қозғалыстың не екеңдігіне түңғыш логикалық тал-
дау жасап, қозғалыс шын мәнінде жоқ деген түжырымға келген. Біздің
сезімдеріміз куәлігіне қарасақ бар сияқты, бірақ ақылдың дөлелдері
қозғалыстық тыныштық қалыптардың жиынтығы екенін көрсетеді деген. Бұған біз
қозғалыс туралы тақырыпта кеңірек тоқталамыз.
Диалектикалық ойлау тарихта үш кезенді бастап кешіруде.
Антика дәуірінің диалектикасы. Оны тұтастықтың немесе бутіндіктің
(целостность) диалектикасы деуге болады. Бүтіндіктің диалектикасында әлі
даму идеясы жоқ. Антика дәуірінде философи-яның көптеген бағыттары болды,
олардың барлығына дерлік диалек-тикалық ойлау тән. Толассыз қозғалысты
элеаттардан17 баскалары-ның бәрі де мойындайды, бірақ өзгеріс, әсіресе даму
олардың ұғымына жат. Осы ерекшелік әсіресе Платонда айқын. Платонның бұрын
айткдн мәңгілік түпкі идеялары ешқандай езгермек емес. Аспан денелері,
мысалы, осындай мөңгі өзгермейтін нәрселер, себебі олардың та-биғаты рухани
нөрсе, материалдық емес. Аспан денелері қатаң анықгалған бір жолымен
(орбитасымен) мөңгі қозғалыста. Қозғалыс бар, өзгеру жоқ. Табиғаты неғұрлым
жетілген, яғни ешбір кемдігі жоқ, түтастық өзгеруге тиіс емес. Тұрақтылық
жетілгендіктің (совер-шенство) белгісі. Тірі жәндіктер, әсіресе адамдар
қатаң бір жолмен жүрмейді, олардың қозғалыс жолы бүралаңқы. Бұл олардың
рухани табиғатының жетілмегендігін көрсетеді. Олар кемдігі жоқ түгастықты
әлі таппаған. Сондықган да олардың өмірі түрақсыз, өзгере береді. Платонның
қоғамның мемлекеттік құрьшыс туралы ілімі осындай жетілген, барлық қажетті
бөліктері түгел жүйені үсыну. Қоғамдық құрылыс мөңгі өзгермейтін болуға
тиіс. Барлық нәрсе өзінің түпкі ұғымына сай қүрылса, ол өзгермейді.
Ең негізгі құндылық тұрақтьиықга. Өзгермелілік - шексіз бақыт-сыздық.
Жетілген бүтіндік, яғни қажет бөліктерінің бәрі де бар бүтіндік, мысалы
қоғамдық құрылыс, адамдар үшін де, қүдайлар үшін де ең негізгі игілік.
Бүтіндік, ол - бөліктердің жәй жиынтығы емес. Бүтіндік бөліктерді
анықгайды. Бөліктің мәні сол бүтіндіктің күрамындағы орнына байланысты, ал
оны бүтіндік анықгайды, яғни сол бүтіндіктің идеясы. Бүтіндік, өрине,
барлық уақытта қозғалыста, бірақ ол қозғалыс соның өзін үнемі қайта түзеп,
калпына келтіріп отыру керек.
Антика дәуіріндегі диалектикалық ой бүтіндіктің ішкі қайшы-лыққа
қүрылғанын, соған байланысты іштей терістеушілікке, қара-ма-қарсылықгардың
бірі екіншісіне ауысып отыратынын да айтқан. Бүл әсіресе Гераклитке тән
көзкарас. Антикалық диалектикалық иде-яда бар нөрсені бейнелеу болуға
тиісті қүндылықпен терең астасып жатыр. Оларда өмірдің өзінің кдндай екенін
ғана емес, болуға тиісті
' Ежелгі гректің Элей қаласынан шықкан ойшылдар талабын да суреттейді.
Мысалы, Платон үшін бүтіндіктің идеясы ең алдымен өзінің өмірлік мүратын
іске асырудың жолы.
Диалектикалық ойлау тәсілінің классикалық кезеңі - XVIII, XIX-XX
ғасырлар. Оның негізін салушылр - классикалық неміс филосо-фиясы, Маркстік
диалектикалық ой. Бүл кезендегі диалектикалық ойлау концепциялары да
әртүрлі принциптерге негізделген, бірақ оларды жақындастыратын негізгі
ерекшеліктер: даму идеясы, іс-әре-кет, белсенділік принципі.
Антикалық дөуірмен Жаңа дөуір философиясын жақындасты-ратын идея -
барлық болмысты, адамды қоса, бір түтас ететін оның субстанциялык негізі.
Ол субстанциялық негізді, өрине, бүрын да, жаңа дөуірде де әр ойшыл өртүрлі
нәрселерден көрді. Бірақ субстан-цияның барлығына күмәнданған жоқ. Бүл
түрғыдан даму идеясына сай қандай да болса түтастық, бүтіндік бір негізден
өрбиді. Барлығы да сол негіздің баскдша формалары. Түтастық туралы идея
жаңа дөуірде де сақгалады. Дүние жалпы түтастық. Жеке құбылыстар, нақты фор-
малар іштей*байланысқан, толық дара, басқалармен ешбір байланы-сы жоқ
қүбылыс болмайды, мүмкін емес. Тек олардың сабақгастықга-ры сан түрлі,
байланысудың табиғаттары да өзгеше.
Жаңа дәуір диалектикасының өзгешелігі сол - дүние түтасымен алғанда
да, жеке салаларын оқшау қарағанда да үздіксіз даму жолын-да. Қозғалыс,
өзгерістердің ішкі мәні - даму. Тек даму ғана өткен мен бүгінді, бүгін мен
келешекті түтастыратын нөрсе.
Жаңа дәуірде, яғни буржуазиялық қатынастар мен өнеркәсіптің айрықша
пөрменділікпен өрістеуі танымның, ғылымның қоғамдағы орнын барынша
зорайтып, рухани өмірдің негізгі пішінін анықтау-шы күшке айналдырды.
Ғылыми емес немесе оған қайшы келетін нәрселер түкке түрмайтын нөрседей
бағалана бастайды. Философия да өзін ғылым деп карап, өзін ғылыми нормалар
мен өлшемдер арқылы кайта қүруды мақсат етті.
Ғылыми ойлаудың негізгі объектісі болмыстағы заттар мен про-цестердің
арасындағы қатаң себеп-салдарлық байланыстар болған-дықтан ойлаудың
сезімділік формалары онда негізгі орынға ие бола алмайды да, алға
сезімдерден ада, таза болған логикалық формалар шығады. Ғылыми танымда ой
мен ойдың арасындағы қатаң бірінен екіншісі міндетті түрде туындайтың
кдтынастар жоғары бағаланады. Философиядағы ойдың еркін өрбуінің орнына
ғылымдағыдай бүлтарт-пайтын түжырымдар мен негіздеу алға шықгы. Спинозаның
этиканы геометриялық ережелердей қүруы, Декарттың философиясын дәлел-деуді
қажет етпейтін аксиомадан ("Мен ойлаймын, ендеше мен өмір сүремін")
бастағысы келуі т. т. бүл дөуірде үйреншікті нәрсе. Бірақ ойлаудың сезім
түгіл адамнан, тіпті табиғаттан ада болған абсолюттік формаларының бірінен
бірі үдемелі өрбу жолымен тұтас өлемдік си-стемаға айналуын іске асырған
Гегель болды. Ол өз жүйесін филосо-фияның ғылымға айналуының шегі деп
қарады. Тіпті негізгі еңбегін "Логика ғылымы" деп атады. Табиғат та, адам
да Абсолютік рухтың даму жолындағы нақты сыртқы формаға ие болған, іске
асқан фор-малары, оның өзін өзі тануының формалары, Абсолюттік идеяға, яғни
өзінің тазаланған формасына қайтып оралу жолындағы өткінші ке-зеңдер.
Гегельдің жүйесіндегі даму осы Абсолюттық рухтың Абсолюттік идеяға
дейінгі дамуы. Барлық логикалық формалар, категориялар рух-тың осы
сапарындағы бір сәт кана ие болатын келбеттері. Тынымсыз дамудың, өзгерудің
себебі сыртган келмейді, әр қүбылыстың ішкі кай-шылығынан. Әрбір бұтін
қүбылыс ішкі қайшылықта, онда қарама-қарсы жақтар, үмтылыстар, бағыттар
бар, олар бір-бірін теріске шығарады әрі бір-бірін толықгырады.
Құбылыстарда абсолюттік ішкі тепе-тендік жоқ, сондықтан да олар үнемі
қозғалыста. Гегель ішкі кайшылықгы алаңсыз теріс нөрсе деп ұғынудан аулақ.
Гегельге дейін көбінесе осьшай ойлаған. Керісінше, Гегель ішкі қайшылыққа
сон-шалықты зор мөн берген. Қайшылық, оның ойынша, өміршеңціктің көзі.
К.Маркс Гегельдің диалектикалық ойларын біршама жалғастыр-ды. Бірақ ол
диалектикалық сипат адамнан, өлемнен тыс Рухтың емес, табиғат пен адамның,
адам тарихының ішкі мәні деп ойлады. Диа-лектика ең алдымен адамның дүниені
өзгерту қызметіне тән, яғни адамзат тарихында неғұрлым айқын.
К.Маркс және әсіресе оның бағытын жақтауші Ф.Энгельс диа-лектиканы,
жалпы философияны ғылымға жатқызды. Олар өз фило-софиясын материализмге
санап, өзінің философиялық көзқараста-рын материалистік диалектика деп
атағаны белгілі. Материалистік диалектика - табиғаттың, қоғамның және
ойлаудың ең жалпы занда-рын зерттейтін ғьшым. Маркстің түсінуінде қоғамдық
сананы қоғам-дық болмыс анықгайды, ол қоғамдық болмыс - адамдардың өз
өмірін жасаудың (оның өз сөзімен айтқанда - өндірудің) жөне қайта жасау-дың
жолы немесе тәсілі. Бұл ұғымға қоғамдасқан адамдардың өзара қатынастары,
яғни қоғамдық қатынастары да жатады. Өйткені адам-дар өзара қандай
кдтынастарда тұрса, олардың баска дұниеге де қаты-настары жалпы алғанда
сондай. Адамдардың дүниені өзгерту қызметі мен олардың өзара қатынастарын
өзгерту қызметтері шын мағына-сында бір процестің екі жағы. Осындай екі
ұдайлық ойлауға да тән жөне алғашқының бейнесі.
К.Маркс Гегельдің даму жөніндегі идеяларын жалпы мағына-сында қолдады,
бірақ оларды қоғамдық тарихи процестің ішкі мәнінен, кайшылықтарынан
шығаруды дұрыс деп тапты. Адам табиғаттық ди-алектикасын сырттай әрекетсіз
андау жолымен емес, сол табиғатты игеру қызметінде оның диалектикасын
жаңғыртады, дамытады. Өйткені Маркстің түсінуінде тарихи процесс те
объективтік болмыс, болмыстың дамыған жоғарғы түрі. Гегельдің белгілі ойын
жалғасты-ра отырып, ол қандай құбылыс болмасын оның әлі жетілмеген фор-
маларына карағанда жетілген, толысқан формаларында оның табиғаты барынша
айқындалады. Сол қүбылыстың шын не екендігі оның ең жоғарғы кемелденген
сатысында көрінеді. Сондықган да ол диалек-тиканы қоғамдық процестерде
зерттеуді ең өнімді жол деп білді.
Жаңа дәуір батыстың қоғамдық ойында прогресс идеясымен ай-рықша елігу
кезеңі. Даму идеясы соның жалпы философиялық әрі логикалық сығымдалған
өнімі десе де болады. Осы прогреске де, даму сияқты, ішкі қайшылықтар
серпін беріп отырады. Бұл тағы да буржу-азиялық революциялар заманы. Осы
жалпы қоғамдық кеңіл күйге сай диалектика да революциялық теория деп
қаралды. Себебі оның түсінуінде ешбір мәңгілік нөрсе жоқ, бәрі де пайда
болу, қалыптасу, кемелдену-гүлдену және, ақырсында, күйреу сатьшарынан
өтеді.
Маркс та және оның жолын қуғандар да диалектика теориясын жасауды
міндет деп санап, оған бұлтартпайтын қатаң зандылық си-пат беруге тырысты.
Оның ойынша дамудың, соның ішінде қоғам-дықдамудың негізгі сатылары
қаншалықгы бүралаңқы болғанмен бөрі-бір іске асатын нөрселер. Ол заңдылық
адамдардың еркіне тәуелсіз. Мысалы, қоғамдық-экономикалықформациялар.
Сондықган да марк-систер де диалектика теориясын басқаша болуы мүмкін
еместей, бір-бірінен міндетті түрде туындайтын логикалық формалардың жүйесі
түрінде түсінді, солай етіл кұруға тырысты. Объективтік диалектика деп
табиғаттағы процестердің диалектикалық заңдары, ал адам істерінде,
ойлауында ол диалектика тек субъективтік деп есептеледі. Осылай түсіну Ф.
Энгельстен бастау алған еді. Ал бүл Маркстің ойы-нан әлдекайда алшақ. Кеңес
дөуірінде ресми қалыптасқан, марксизм деп есептелген философияның өзі де
әртүрлі бағытта болды. Олар-дың ішінде Маркске дейінгі натурфилософияға
жақындығы да бар еді. Маркстің іс-әрекетік принципнің өзі көп уақытқа дейін
алаңсыз мойындалмай келді. Философияда, әсіресе таным теориясында тым
түрпайы көзкарастар белең алды. Ал әлеуметтік фипософияда ресми орныққан
тарихи материализмде болса, оның негізгі қағидалары, Маркстің тарихтың
шешуші күші әрі бастамасы адам екендігі жайлы ойлары ысырылып тасталып,
адамды (соның санасын ғана емес) одан тыс қоғамдық болмыс, жағдайлар
анықгайды дейтін кезкдрас үстемдік етті.
Кеңестік тоталитарлық жүйенің өзі айрыкціа қатаң жаттануға
негізделгендігін бүрын да айтқанбыз. Осы жүйенің адамнан алыста-уы оның
еркін белсенділігіне, өзіндік дербестігіне жол ашпады. Қоғам-дық ойды,
әсіресе философияны догматизмге душар етті. Диалекти-ка да тоқыраудың
идеологиясына қайшы болып шықты. Кеңестік қоғамға төн қайшылықтар
жөніндегі, ондағы жаттанудың барлығы не жоқтығы т. т. көптеген мәселелерге
шын мәнінде тыйым салын-ДЫ.
Диалектика XX ғасырда Батыс философиясында күрделі өзгерістерге
үшыраған. Кеңес дөуірінде батыстың қазіргі заманғы философиямен жеткілікті
таныс болуға қарапайым оқырманды бы-лай қойғанда, философиямен
айналысатындардың өзіне мүмкіндік аз еді. Сондықтан ондағы болған
өзгерістерді, теқ жалпы сипаты жағынан ғана айтуға мүмкін болды. Тек соңғы
он жылда ғана осы рухани казынаға кең дәрежеде ден қойылды.
Батыстың, соның ішінде, әсіресе, батыс Европа ойшылдары-ның XX
ғасырдағы негізгі ерекшелігі - жекеліктің, даралықтың, жалқылықтың дербес
мәнділігіне ден қою.
Бірақ, мүндағы жекелік табиғаттағы, заттар дүниесіндегі жекелік емес,
тек адамның, әрбір адамның өзіндік оқшау өмірі, тағдыры. Бүл мөселелерге
айрықша зейін қою XX ғасырда болғанымен өткен XIX ғасырда да жеке ойшылдар
- Дания ойшылы С.Кьеркегор (1813-1855), белгілі дәрежеде неміс философтары
А.Шопенгауэр (1788-1860), Ф.Ницше (1849-1900), француз ойшылы А.Бергсон
(1859-1941) осы бағытты бастаған. Олар кезінде Гегель философиясының
үстемдігіне қарсы күрескен. Солардың ішінде С.Кьеркегордың өз заманындағы
қоғамдық ой-пікірді баурап алған Гегель философиясына, сол кез-дегі жалпы
ой-сананың үрдісіне қарсы қойған негізгі кағидасы - жеке адамның өзіндік
өмірі, оқшау тағдыры, дербес жан дүниесі рухтың, жалпы философияның біріне
бірі ауысып жататын әлемдік тасқынында іс-түзсіз жоқ болып кете алмайды.
Әрбір жекеліктің өзіндік дербес мәнділігі бар, олардың бөрін бір
жалпьшықтың түрғысынан түсінуге болмайды. Жеке тағдырлардың бөрін, олардың
өр қайсысының өзге-шеліктерін ескермей бір жалпьшықтың ағымында тоғыту -
өмірге жасалған зорлық. Осының негізінде Кьеркегор жекелікті толық мәнінде
тануға болмайды, ол мүмкін емес деген.
XX ғасырдағы Батыстың диалектикалық ойы осы үрдісті жаңғыртты, содан
нөр адды.
XX ғасырдағы диалектикалық ойды екі ағымға бөлуге болады. Оның бірі -
диалектиканы тек адам өмірінің, оның іс-әрекеттерінің, жеке тағдырдың,
өмірлік мәнінің, жан дүниесінің т. т. аясында карау, соның көрінісі деп
түсіну. Бүлардың алғашқы легі ғасырдың бас кезінде көрінген француз жаңа
гегельшілдері Жан Валь, Ж.Ипполит, А.Кожев, жаңа гегелыпіл неміс А.Либерт.
Бүлар Гегельді экзистенциализм бағытымен үштастыруға тырысқан.
Диалектикалық ойды осы бағытта дамытқан екінші лек XX ғасыр
философиясының үлкен ағымы экзистенциализм өкілдері - неміс фи-лософтары
К.Ясперс, М. Хайдеггер және Франкфурт мектебі өкілдері Т.Адорно, Г.Маркузе,
Ю.Хабермас т. б.; француз экзистенциализмінің өкілдері Ж.П.Сартр, М.Мерло-
Понти т. б. Аталмыш ойшылдардың көпшілігі - Ж.П.Сартр, Франкфурт мектебі
өкілдері жалпы табиғатта диалектика жоқ деп есептейді. Бүл түрғыда олар
Гегельдің белгілі идеясын қолдайды.
Неорационализм деп аталатын екінші ағымның өкілдері Г.Баш-ляр,
Н.Мулуд. Бүлар диалектикалық процестерді ғылымның, таным-дық қызметтің
дамуынан көреді. Диалектика жекеліктің дербестігінде емес, жалпьшау
қызметінің жалпы мәні бар нәтижелерінде, солар-дың тарихи қалыптасуында,
динамизмінде деп дөлелдеуге тырысады.
Диалйстиканың үзақ тарихында тарихи жағдайлардың да ықпа-лымен оның
тым жалпылықпен елігіп, онда жекелік пен жалқылықгың мәнін жоғалтып
жіберуге дейін жақындаған кезеңі де, жөне, керісінше, жалпы мәнін мансүқ
етіп, жекелікті сыңаржақты әсірелеу де бодды. Бірақ, диалектикалық
концепцияларда терең объективтік мән бар. Оның философия тарихында үнемі
басым көзқарас болуының сыры да осында. Оған дәлел: диалектиканы саналы
түрде кабылдамай-ақ, тіпті ол туралы ешнөрсе білмей-ақ көбінесе адамдар,
әсіресе үлкен ғалымдар, диалектикаша ойлайды.
Метафизика. Бүл терминді алғаш қодданған Аристотель. Арис-тотель өз
заманындағы қалыптасқан білімдерді толық жіктеп, жүйеге келтіргені мөлім.
Ол кезде өрбір ғалым, ойшьш ілімдердің барлық салаларын біліп, ой түзеуі
тиіс болдві. Ғылымдардың салаларын ба-яндауда ол физикадан кейін қазіргі
біз философияға жатқызатын ойлар жүйесін орналастырған. Бүл саланы
Аристотель алғашқы философия деп атаған. Алғашқы философия бойынша
сезімдермен тануға бол-майтын тек ақылмен ғана мөніне жете алатын түпкі
бастаулар туралы ғылым. Ғылым мен философия тарихында үзақ уақыт
білімдердің осы саласын метафизика деп атап кетті. Яғни, физикадан кейінгі
білімдер саласы дегенді білдіреді. Қазіргі Батыс философиясында көбіне осы
мағынада қолданылады.
Метафизиканы диалектикаға қарсы ойлау тәсілі мағынасында алғаш
қолданған Гегель. Ол мүны негізінде XVII-XVIII ғасырлардағы ғылымға,
әсіресе философияға қолданады. Метафизиканың бүл мағынасы танымдағы,
ойлаудағы сыңаржақтылығы, әр нәрсенің өзгерісін, тарихи калыптасуын
ескермейді, баскд нәрселермен бай-ланыссыз оқшау алып қарауды көрсетеді.
Метафизика жаңа дәуірдегікуатты серпінмен дамыған ғылымның, әсіресе
жаратылыстанудың эмпирикалық сипатына сай келеді. Бұл кезде ғылымның өр
саласын-да жеке деректер, материал жинақгау негізгі міндет еді. Табиғат
тура-лы жалпы андаудың, жалпы көзқарастардың орнына оны неғұрлым төптіштеп,
мүқият зерттеу келді. Әр заттың нақты белгі, қасиеттерін оқшау алып қарау
маңызды еді. Әр құбылысты түгас қабылдаудан оларды іштей жіктеп, бөлшектеу
заманы келді. Метафизика ғылым саласында осындай қатынастың көрінісі.
Метафизика Маркске дейінгі материалистерге, жалпы эмпирикалық бағытқа тән
ойлаудың үрдісі. Оның ең негізгі белгісі барлық нөрсені, әлемді өзгермейтін
бір қалыпта қарау. Ал бүған байланысты оның тағы бір ерекшелігі - ішкі
қайшы-лықты мойындамау. Қайшылық, айырмашылық, тепе-теңсіздіктер бүтін
нөрсенің ішінде емес, оны басқа бүтіндіктермен салыстырғанда ғана бар. Яғни
олардың бөрі сыртқы белгілер. Қозғалыс бар, бірақ ол өзгерістерге
апармайды. Бүл тұрғыдан өлем пайда болмайды және жоғалмайды, немесе оны
жасайтын сыртқы бір күш бар. Әрбір зат-тың қозғалысы сыртқы бір күштің
ықпалының нетижесі.
Бұл көзқарас негізінде ғылымда механикалық қозғалысты жақсы-рақ
білетін дәуірде орнықты. Бірақ ол, әрине, метафизикалық үрдіске
бейімділіктің жалғыз себебі емес. Философюшық үрдіс болғандықган
метафизиканы да диалектика сияқгы белгілі бір адамдық күндылықгар-мен
байланысты болуы тиіс. Белгілі бір құндылыққа айналған нор-малар мен
төртіптердің мөңгі орнығуын қалаудың ауқымында осын-дай ақыл-ой күйі,
сезімдер, басқа да дүниені осылай кдбылдауға, көруге бейімділік туғызуы
ықгимал.
Дүниені тек бейнелеу түрғысынан қарасаң, метафизикалық көзқарастың да,
диалектикалық көзқарастың да, тек болмыстың бір жағын ғана байқап, соны
әсіресе сыңаржақгы көрсететін екі түрлі ғылыми теория, не концепция сияқгы
көрінер еді. Ал олар дүниенің қандай екендігін ғана баяндамайды. Мүндай
баяндау оларда, өрине, бар. Бірақ олардың негізгі мөні - болмыстың, адамның
қандай болуы тиіс екендігін негіздеу, яғни белгілі бір қүндылықгы
орнықгыру, адам-дарға сондай қүндылықты үсыну. Өмірде, әрине, өзгермелік
те, түрақтылық та бар. Оларды терең әрі дөл, мүқият зерттеп, ой жүзінде
ешбір субъективтік қоспасыз бейнесін беру кджет. Екінші жағынан
өзгермелілік те, түрақгылық та адам үшін белгілі қүвдылықгар, адам-ның не
дөріптеп, қызығып, арман етіп үмтылатын, не керісінше дат-тап, жиреніп,
түңіліп, терістейтін нәрселері. Немесе екеуінің де жа-расымды үйлесуін, бір
түтастықга бірігуін қалауы да ықгимал. Фило-софиялық үрдістер ретінде
диалектика да, метафизика да емірге бей-тарап бола алмайды. Олардың
әрқайсысы адамға өзінше калай өмір сүру керектігін, өмірдің бір жобасын
(моделін) үсынады.
XX ғасырдағы француз ойшылдарының бірі Жан-Поль Сартр: өрбір адамның
өмірі - оның өзінің жобасы, оның бүкіл адамзатқа үсынатын өмірлік үлгісі
дейді.

3. Категориялар туралы жалпы ұғым.

Әрбір адамның, тіпті ғылым мен философиядан бейхабар адам-дардың да,
ойлау қызметінде материя, қозғалыс, кеңістік, уақыт, сан мен сапа, мән мен
қүбылыс, мазмүн мен форма, бүтін мён бөлік, қажеттілік пен кездейсоқтың,
себеп пен салдар т.б. туралы түсініктері мен пайымдаулары бар. Ондай
түсініктерсіз ешқандай ойлау мүмкін емес.
Әрине, өртүрлі тарихи дәуірлерде өмір сүрген адамдардың ой-лауында ол
түсініктердің мазмүны мен дәрежесі, жалпы сипаты әртүрлі. Алғашқы қауымдық
қоғамдағы адамдардың мифологиялық ойлауында да осындай түсініктердің бар
екендігін көреміз. Қоғамдық дамудың бір деңгейінде түрған әрбір адамдардың
ойлауында да меде-ни, өлеуметтік және білім дәрежесіне кдрай ол
түсініктердің мазмүны бірдей емес.
Адамдар ойлауының бүл формалары, өрине, олардан тыс, оларға тәуелсіз
өмірдің де ең жалпы, ең универсаддық жақгарын кврсетеді. Осындай сыртқы
және адамның өз болмысының ең жалпы жақгарын немесе айқындықгарын, қырларын
көрсететін адам ойлауының фор-малары категориялар деп аталады. Категориялар
ойлаудағы үғымдар емес. Олар ойлаудың ең жалпы формалары. Себебі ол
категориялар-дың мазмүны екінің бірінде үғымдық дөрежеге жете бермейді,
яғни оның мазмүны тіпті сезімдік дәрежеде болуы мүмкін. Бірақ сол дәре-
женің өзінде де олар сыртқы жөне ішкі дүние туралы тәжірибенің сүрыпталған
әрі жіктелген формалары. Соның арқасында олар адам-дардың дүниемен
қатынасында ненің негізгі, мәнді, қажетті және түрақты, ал ненің екінші
қатардағы, кездейсоқ жене түрақсыз т.т. екендігін ажыратып, оның ойлауына,
іс-әрекетіне бағыт беріп оты-ратын жалпы көрсеткіштер. Бүл көрсеткіштер аса
қарапайым ғана емес, тіпті жалған болуы да мүмкін және көп жағдайда солай
болады да. Олардың мазмүнының терендігі және ақиқаттығы тарихи өзгер-мелі
нөрсе.
Осындай ерекшеліктеріне орай ойлаудың категориялары ай-рықша белсенді
формалар, яғни болмыстың жіктелген формалары-ның селқос бейнесі емес,
тәжірибенің мазмүнын үйымдастырып оты-ратын жасампаздық формалар. Басқаша
айтқанда сырттан алған өсерлерді селқос қабылдайтын емес, олардың мазмұнын
белсенді жіктей алатын, негізгі мен болмашы нәрселерді ажыратуға ыңғайлай
алатын формалар.
Бірақ ең бастысы - ойлаудың бұл формалары адамдардың мұқгаж-дығына сай
негізгі нәрсені болмашы, ал болмашы нәрселерді негізгіге іс жүзінде
айналдырудың объективтік жоддарын да табуға бағыттай алады.
Категориялар адамдардың әлеуметтік практикалық іс-әрекет-терінің ұзақ
дамуының нәтижесі. Табиғаттағы кеңістік пен уақыт, себеп пен саддар, бүгін
мен бөлік т.т. өрбір жеке адамның табиғатка ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Адам мен адамзаттың әлеуметтік болмысы
Жасөспірім ойлауының дамуының теориялық мәні
Қызмет көрсету нарығының түсінігі мен болмысы
Адам генетикасына жалпы сипаттама
Алматы қаласының экологиялық болмысы
Адам скелетін жалпы шолу
Меншіктің маңызы мен формалары
Ақшаның формалары мен түрлері
Бюрократия: шығу тегі және болмысы
Болмысы бөлек Өзағаң
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь