Алгоритмдік тіл және программалау тілі



1.1.Алгоритм, программа ұғымдары
2.Алгоритмдердің орындаллуы
3.Алгоритм және оның қасиеттері
4.Алгоритмді жазу жолдары
5.Алгоритмдік тіл және программалау тілі ұғымы
6.Алгоритм командалары
7.Компьютерде есеп шығару кезеңдері
2.1.Паскаль—Программалау тілі
2.Паскаль тілінің негізгі элементтері
3.Программа құрылымы
3.1.Көмекші программалар
2.Ішкі функциялар мен процедуралар
3.Бейстандарт функциялар мен процедуралар

Қорытынды.
Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед
ибн Мұса әл-Хорезми (763-850жж .) есімінің латынша Algorithmi
(Алгоритми) болып жазылуынан шыққан. Ол санаудың ондық жүйесін-
де көпорынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орндауға қажетті тізбектен құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді.
Оған дейін де арифметикалық амалдарды орындаудың көптеген ережелері болған. Онда, негізінен, сандардың ерекшеліктеріне көп көңіл
бөлінген болатын. Ал әл-Хорезми көпорынды сандардың беріне ортақ және барлық сандарға жарамды ережеге ұсынған.
Қазіргі кезде «алгоритм» ұғымы тек математикалық есеп шешу
әдісімен ғана шектелмейді. Әрбір компьютер алдын ала берілген алгоритммен, яғни жоспарлы жұмыс істейді. Алгоритмді реттелген амалдар жиыны, кезекпен орындалатын операциялар тізімі деп ұғынған
жөн. Оның көптеген анықтамасы бар. Соның бірі:алгоритм–– берілген
есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру. Кез келген есепті қарапайым амалдарды тізбектей орындау арқылы шығаруға болады. Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.
Программа компьютерге түсінікті командалардан тұрады. Осы командалар тізбегін орындау соңында есептің нәтижесі шығады. Әрбір компьютер алдын ала жазылған программамен жұмыс істейді. Процессор программаның құрамындағы командаларды кезекпен орындап
отырады. Командалар тізбегін– программа деп қарастыруға болады. Команда бір ғана қарапайым амалды орындау үшін берілген бұйрық
ретінде қабылданады. Командалар: арифметикалық немесе логикалық
амал; ақпаратты тасыммалдау командасы; берілген сандарды салыстыру
командасы; нәтижені экранға, қағазға басып шығару командасы; келесі командаларға көшу тәртібін орындау; т.б. болып бөінеді.
Компьютердің жұмысы программалық принципке негізделген, яғни
ол өзінің жадындағы командалар тізбегін орындау арқылы есеп шығарады.
Кез келген компьютер жадында берілген мәліметтермен қоса, оны
қандай жолмен және қай нұсқауды орындау қажеттігін көрсететін программа сақталады. Компьюттер берілген тапсырманы орындайтын
техникалық құрылғы болғандықтан, әрбір тапсырманы түсінікті түрде қысқаша жаза білу қажет.
1. О. Камардинов "Информатика" , Алматы "Қарасай" баспасы 2006 жыл
2. В.В.Фаронов "Турбо Паскаль 7.0" , Москва "Нолидж" 2000 жыл
3. Б.Бөрібаев , Б.Нақысбеков , Г.Мадиярова "Есептеуіш техника негіздері" , Алматы "Мектеп" баспасы 2005 жыл
4. Е.М.Бурин "Турбо Паскаль" , Алматы ,АГУ, 2000 жыл
5. С.А . Абрамов , "Начало информатики" , Москва "Наука" , 1989 жыл

Мазмұны:
1.1.Алгоритм, программа ұғымдары
2.Алгоритмдердің орындаллуы
3.Алгоритм және оның қасиеттері
4.Алгоритмді жазу жолдары
5.Алгоритмдік тіл және программалау тілі ұғымы
6.Алгоритм командалары
7.Компьютерде есеп шығару кезеңдері
2.1.Паскаль—Программалау тілі
2.Паскаль тілінің негізгі элементтері
3.Программа құрылымы
3.1.Көмекші программалар
2.Ішкі функциялар мен процедуралар
3.Бейстандарт функциялар мен процедуралар

Қорытынды.

Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед
ибн Мұса әл-Хорезми (763-850жж .) есімінің латынша Algorithmi
(Алгоритми) болып жазылуынан шыққан. Ол санаудың ондық жүйесін-
де көпорынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін
ұсынған. Бұл ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған
амалдарды орндауға қажетті тізбектен құрылған. Сол ереже осы
күнге дейін қолданылып келеді.
Оған дейін де арифметикалық амалдарды орындаудың көптеген
ережелері болған. Онда, негізінен, сандардың ерекшеліктеріне көп көңіл

бөлінген болатын. Ал әл-Хорезми көпорынды сандардың беріне ортақ және
барлық сандарға жарамды ережеге ұсынған.
Қазіргі кезде алгоритм ұғымы тек математикалық есеп
шешу
әдісімен ғана шектелмейді. Әрбір компьютер алдын ала берілген
алгоритммен, яғни жоспарлы жұмыс істейді. Алгоритмді реттелген
амалдар жиыны, кезекпен орындалатын операциялар тізімі деп
ұғынған
жөн. Оның көптеген анықтамасы бар. Соның бірі:алгоритм–– берілген
есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру. Кез
келген есепті қарапайым амалдарды тізбектей орындау арқылы
шығаруға болады. Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны
программа түрінде жазып шығу керек.
Программа компьютерге түсінікті командалардан тұрады. Осы
командалар тізбегін орындау соңында есептің нәтижесі шығады. Әрбір
компьютер алдын ала жазылған программамен жұмыс істейді.
Процессор программаның құрамындағы командаларды кезекпен орындап
отырады. Командалар тізбегін– программа деп қарастыруға болады.
Команда бір ғана қарапайым амалды орындау үшін берілген бұйрық
ретінде қабылданады. Командалар: арифметикалық немесе логикалық
амал; ақпаратты тасыммалдау командасы; берілген сандарды салыстыру
командасы; нәтижені экранға, қағазға басып шығару командасы; келесі
командаларға көшу тәртібін орындау; т.б. болып бөінеді.
Компьютердің жұмысы программалық принципке негізделген, яғни
ол өзінің жадындағы командалар тізбегін орындау арқылы есеп
шығарады.
Кез келген компьютер жадында берілген мәліметтермен қоса,
оны
қандай жолмен және қай нұсқауды орындау қажеттігін көрсететін
программа сақталады. Компьюттер берілген тапсырманы орындайтын
техникалық құрылғы болғандықтан, әрбір тапсырманы түсінікті түрде
қысқаша жаза білу қажет.

Алгоритмдердің орындалуы
Алгоритмді орындаушының рөлін, негізінен, адам немесе
автоматтандырылған құрылғы, яғни компьютер, робот т.б. атқарады.
Мысалы,Y=(AX+B)(CX-D) функциясын есептеу төмендегі қарапайым іс-
әрекеттерден тұрады:
1) A-ны X-ке көбейту , оны R1 деп белгілеу;
2) оған B-ны қосу , нәтижесін R2 деп белгілеу;
3) C-ны X-ке көбейту, оны R3 деп белгілеу;
4) одан D-ны азайту, оны R4 деп белгілеу;
5) R2-ны R4-ке көбейту, оны Y деп белгілеу;
Алгоритмді енгізу үшін оны белгілі бір заңдылықпен мәтін
түрінде жазу қажет. Ал алгоритмнің компьютерде орындалуын жүзеге
асыру үшін қолданылатын бірыңғай және дәл жазуға арналған
ережелер жүйесі программа болып табылады.
Алгоритм мен программаға байланысты компьютердің мынадай
жұмыс ерекшеліктері болады:
1. есеп шығару жолы алгоритм түрінде өрнектелуі қажет;
2. алгоритм программа түрінде жазылуы тиіс;
3. программа компьютер жадына негізіліп, ретімен орындалуы
керек;
Күнделікті тұрмыстан алгоритмге бір мысал келтірсек.
Студент болу үшін алгоритмнің мынандай қадамдарын орындау қажет
1. Мектепті тамамдау .
2. Бірыңғай ұлттық тестілеуден өту.
3. Керекті құжаттарды , аттестаттың түпнұсқасын емтихан
қорытындысымен бірге белгілі бір мамандықты көрсетіп,
конкурсқа тапсыру.
4. Конкурстан өту .
5. Таңдаған мамандығы бойынша оқитын жоғары оқу орнын анықтау.

Бұл көрсетілген пункттердің орнын ауыстыруға болмайды. Олар
көрсетілген ретпен кезегімен орындалуы тиіс. Сонда ғана көздеген
нәтижеге қолымыз жетеді.
Алгоритм— информатика мен есептеу техникасының іргелі
ұғымдарының бірі. Квадрат теңдеудің түбірін табу ережесі ,
үшбұрыштың ауданын есептеу жолдары алгоритмдердің мысалдары болып
табылады. Сонымен алгоритм — есеп шығару тәсілі, яғни белгілі бір
нәтижеге жету үшін қолданылатын амалдардың реттелген жиыны.

Сонымен алгоритм атқарушы— көрсетілген іс-әрекеттер тізбегін
бұлжытпай орындай отырып, керекті нәтиже алуды жүзеге асыратын
машина, құрылғы немесе адам бола алады.
Техникалық құрылғыларды дұрыс пайдалану үшін есеп шешу
жолы , яғни орындалатын әрекеттердің тізбегі әрі түсінікті , әрі дәл
болуы қажет . Есеп шешу жолы дәл және түсінікті болса, оны орындау
атқарушыға жеңіл болады.
Берілген мәселенің шешу жолының түсініктілігін оның
алгоритмінің түсініктілігі деп қарастырылады. Алгоритмде алдыңғы
әрекеттің нәтижесі келесі әрекетте пайдаланылады.
Алға қойған мақсатқа жету немесе берілген есепті шешу
бағытында атқарушыға қандай әрекеттер жасау қажеттігін әрі
түсінікті, әрі дәл етіп көрсететін нұсқаулар ретін алгоритм деп
атайды.

Алгоритм және оның қасиеттері

Компьютерде орындалуға тиіс алгоритмдерге мынандай
талаптар қойылады:
1. Алгоритм анық әрі дәл өрнектелуі тиііс;
2. Оның модульдық ( бөлікке бөліну) қасиеті , яғни
алгоритмді кішкене бөліктерге бөлу мүмкіндігі болуы
қажет;
3. алгоритм шектеулі уақытта нәтиже беруі тиіс,яғни алгоритм
қадамдарының саны шексіз болмауы керек;
4. бір тектес есептерге жалпы бір ғана алгоритм қолданылуы
тиіс;

Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті.
Алгоритмде келтірілген барлық іс-әрекеттердің мағынасы айқын,
нақты анықталған болу керек. Онда қандай қадамдар көрсетілсе, тек
солар ғана орындалуы қажет. Есеп шығаруға керектің бәрі біржақты
анықталуы және орындаушыға түсіпікті әрі нақты болуы тиіс.
Атқарушы алгоритм командаларын орындау кезінде ешқандай ойланбауы
тиіс.
Алгоритмнің үзіктілік қасиеті .
Алгоритмнің үзік модульдерге бөлінуі , яғни үлкен алгоритмді
бірнеше кішкене алгоритмдерге жіктеу мүмкін болуы керек. Бұл қасиет
бойынша алгоритм аралық нәтиже беретіндей бірнеше ықшам бөліктерге,
ал олар одан да кіші қадамдарға бөлінеді , яғни мәселені шешу
процесінің тізбегі жеке-жеке әрекеттерге жіктеледі. Сондықтан
алгоритмді екі-үш бөлікке бөліп ,оларды жеке қабылдай алатын
дәрежеде жұмыс істелінуі қажет. Олардың әрқайсысы алдыңғы буынның
қорытындысын керекті мәлімет ретінде қолданылуы тиіс. Орындаушы
алғашқы әрекетті, қадамды аяқтамай, келесі әрекетке көше алмайды.
Олай болса,алгоритмдік процестің құрылымы үзікті(дискретті ), яғни бір-
бірінен бөлек командалар тобын құрайды. Атқарушы алғашқы
әрекетті––қадамды аяқтамай, келесі әрекетке көше алмайды және
алгоритмнің әрбір қадамын жеке нақты нұсқау ретінде орындайды.
Белгілі бір командалар негізінде, алгоритмнің тізбекті қадамдарға
бөлініп атқарылуын — оның үзіктілік қасиеті деп атайды.
Алгоритмнің нәтижелік қасиеті.
Кез келген алгоритмнің нәтижесі болуы керек.Әрекеттердің
шектеулі санынан кейін белгілі бір уақытта қорытынды нәтиже алуымыз
қажет. Әрбір алгоритм белгілі бір бастапқы мәліметтерді пайдаланады
және олар нәтиже алуға жеткізеді. Алгоритмде құрастырылған
нұсқаулардың шектеулі саны орындалғаннан кейін (алгоритм соңында ) ,
Егер есептің шешуі болса , оның шешуін, ал шешуі болмаса шешуі
жоқ деген нәтиже беруі қажет .Мысалы, сандарды қосу ааалгоритмі
үшін бастапқы мәліметтерге қосылғыштар мәні жатады, ал нәтиже
қосынды болады. Кейде алгоритмнің бірнеше қадамы қайталанып, ешбір
нәтиже бермейді. Ондай есеп алгоритмін циклден шықпайтын, нәтижесіз
деп қайта құрады.
Алгоритмнің жалпылық немесе ортақтық қасиеті.
Алгоритм құрғанда белгілі бір жеке проблемаға ғана (есепке)
арналмай, осы тәріздес мәселелер шешуін толық қамтуға мүмкіндік
беретіндей етіп құрылуы қажет. Бұл қасиетті алгоритмнің жалпылық
немесе жалпыға бірдейлік қасиеті дейді. Бұл қасиет алгоритмнің
пайдаланылу құндылығын арттырады. Алгоритмнің бұл қасиеті, бастапқы
мәліметтер мәнінің бір жиыны бір ңана нәтиже беретініне кепілдік
бере алады. Егер берілген мәліметтер өзгерсе, нәтиже де өзгереді.
Басқаша айтқанда,бір алгоритм бір типтес есептердің әр түрлі
алғашқы мәліметтері үшін әр түрлі нәтиже беруі тиіс. Мысалы,
квадрат теңдеуді шешу алгоритмі кез келген a, b, c мәндері үшін
оның түбірін дұрыс табуы керек. Егер a-ны өзгертсек, түбір де
өзгереді,яғни жалпы квадрат теңдеулер тек бір алгоритммен
шығарылып , дұрыс нәтиже береді. Ал берілген бұрыштың синусын табу
алгоритмі кез келген алғашқы бұрыш аргументі арқылы оның ( sin)
нақты мәнін тауып бере алады.
Алгоритмнің формальді орындалуы .
Алгоритмді орындағанда орындаушы оның әр командасының
командасының мағынасын түсінуі де, түсінбеуі де мүмкін. Бірақ
алгоритмнің әр командасы орындаушының нақты бір әрекетті орындауын
талап етеді. Орындаушы алгоритм командаларында көрсетілген әрекеттеді
дұрыс орындауы үшін командалар орындаушының білім деңгейіне
сәйкес болуы қажет.
Сөйтіп, орындаушы өзі атқарып отырған әрекеттердің
мағынасын түсінбесе де, алгоритм командаларын орындай отырып,
белгілі бір нәтиже алады, яғни орындаушы формалды әрекет етеді.
Алгоритмнің бұл маңызды ерекшелігін оның формальды орындалуы деп
те атайды.Бұл қасиет алгоритмнің орындалуын машинаға жүктеуге
мүмкіндік береді.

Алгоритмді жазу жолдары
Алгоритмдерді компьютерде орындау үшін оларды алдын ала
жазып алу керек , яғни ол белгілі бір заңдылықпен өңделуі тиіс.
Жалпы жағдайда, алгоритм жазудың келесі түрлері қабылданған:
1. табиғи тілде жазылуы;
2. белгілі бір түйінді сөздер — терминдер (псевдокадтар —
жалған кодтар) арқылы қысқаша тізбекті түрде жазу, мұны
қарапайым алгоритмдік тіл деп те атайды;
3. графиктік жолмен (блок-схема арқылы) жазу;
4. программалау тілдерінде жазылуы.
Бірақ табиғи тілде жазылған алгоритм компьютерде
орындалмайды, өйткені бұл жағдайда дәлдік, нақтылық сақталмайды.Ал
алгоритмді екінші көрсетілген жолмен жазу, қарапайым алгоритмдік тіл
деп аталып, кеңінен қолданылып жүр.
Алгоритмдерді графиктік жолмен жазу, кейіннен оны
программалау тіліндегі программаға айналдыру жұмысы мемлекеттік
стандартпен бекітіліп, ақпарат өңдеу жұмысында кеңінен қолданылады.

Алгоритмдік тіл және программалау тілі
ұғымы
Алгоритмдік тіл деп — орындалатын әрекеттерді, амалдарды
бірыңғай және дәл жазуға арналған, өз тіліміздің кейбір сөздерін
пайдаланатын белгілер мен ережелер жүйесін айтады. Алгоритмдік тіл
бір жағынан табиғи тілге жақын, сондықтан оны қарапайым мәтін
түрінде жазады және оқиды. Алгоритмдік тіл — математикалық
белгілер:сандар, шамалар мен функция атаулары, арифметикалық амал
белгілері, жақша және басқа да символдармен қатар белгілі бір
қызмет атқаратын терминдерді қамтиды.
Кез келген тілдің алфабиті болатын тәрізді алгортимдік
тілдің де өзінің атқаратын қызметіне сәйкес алфабиті
болады.Алгоритмдік тілде мәтін құруға пайдаланылатын қарапайым
белгілер — тілдің символдары деп , ал ондай символдар жиынын — оның
алфабиті деп атайды.
Алгоритмдерді және алгоритмдік тілде құрылған амалдар
тізбегін компьютерге түсінікті командалар мәтіні түрінде жазуға
арналған жасанды тілдерді программалау тілдері деп атайды. Паскаль,
Си,Дельфи, Пролог тәрізді программалау тілдері — ағылшын тіліндегі
кейбір сөздерді алгоритм құруда кеңінен пайдаланады. Ол сөздердің
саны онша көп емес, оларды түйінді (қызметші) сөздер деп атайды. Ал
алгоритмдерді өрнектейтін қарапайым алгоритмдік тілдерде сол түйінді
сөздердің қазақшасы(орысшасы) қолданылады.Алгоритм алғашқыда қарапайым
алгортимдік тілде құрылып, содан кейін ол программалау тілінде қайта
жазылып, ең соңында машина тіліне түрлендіріліп барып орындалады. Әр
компьютердің өзінің машиналық тілі болады, ол командалар тілі
немесе кодтар тілі деп аталады. Кез келген компьютер тек өз тілінде
ғана амал орындайды, сондықтан алгоритмді компьютерде орындау үшін
амал тізбегі машина тіліне түрлендірілуі тиіс және ол бірнеше
кезеңнен тұрады. Бірақ машина тілінде программа құру кодтар арқылы
жүргізіліп,өте көп еңбектенуді талап етеді, сонымен қатар , бір
сериядағы машинаға арналып жасалған программалық код екінші
сериядағы машиналар үшін пайдалануға жарамайды.
Осы айтылғандарға байланысты қазіргі кезде барлық
компьютерде орындалатын іс-әрекеттер өз тіліміздегі түйінді сөздер
пайдаланылатын қарапайым алгоритмдік тілде немесе блок-схема арқылы
графиктік түрде құрастылып, содан соң ағылшын тіліне негізделген
программалау тілінде жазылады. Алгоритмдік және программалау тілінде
программа жазу — ыңғайлы болып табылады. Оларды белгілі бір машинада
(компьютерде) орындау үшін сол программалау тілін машина тіліне
автоматты түрде аударатын түрлендіргіш (аудармашы) программалар ьолуы
керек, оларды трансляторлар деп атайды. Трансляторлар үш түрге
бөлінеді, олар: интерпретатор, компилятор және ассемблер.
Интерпретатор —берілген программаның әрбір жолын (командасын)
жеке-жеке аударып отырып орындайтын транслятор түрі.
Компилятор — бірден барлық программа мәтінін толық аударып
машина тіліндегі бір модуль түріне келтіреді де, сонан соң сол
модульді компьютер жадына қайта жазып алып, оны кейін тек біздің
қалауымыз бойынша орындайды.
Ассемблер — тек автокод түрінде, яғни ассемблер тілінде
жазылған программаларды ғана машина тіліне аударады.
Қазіргі кездегі кең таралған программалау тілдері : Бейсик,Си,
Дельфи , Паскаль т.б. болып табылады. Негізінде компьютердегі
программаның орындалу жолы кестеде көрсетілген.
Программаны орындау кезеңдері

Программалау тіліндегі алгоритм

Транлятор (аудармашы)

Машина тіліне аударылған программа

Алгоритмді орындау

Қазіргі кезде дүние жүзінде үш жүзге жуық алгоритмдік
программалау тілі таралған. Олардың әрқайсысы белгілі бір мақсатта
қолданылады. Мысалы ,Фортран — ғылыми-техникалық (инженерлік) есеп
шығаруда, Паскаль —— өндірісте , оқу-ағарту саласында , Бейсик —
алғашқы үйренушілер үшін дербес компьютерде диалогтік режімде жұмыс
атқаруға арналған. Бұлай бөлу тек шартты түрде олардың бейімделуіне
сәйкес жүргізілген, негізінде тілдерді дұрыс пайдалана білсе,
олардың әрқайсысы кез келген есепті шығаруға қолданыла береді.

Алгоритм командалары
Алгоритм командалары есеп шартына байланысыты жай және құрама
(күрделі) командалардан тұрады.
Жай команда. Кез келген алгоритмнің қарапайым бір қадамы
(құрылымы) ақпаратты өңдеудің немесе өрнектеудің бір қарапайым
операциясын орындайтын жай командадан тұрады. Жай командаларға
меншіктеу, мәлімет енгізу және нәтиже алу (мәлімет шығару)
командалары жатады. Меншіктеу командасында айнымалыға жаңа мән беру
арқылы орындалады. Сол сияқты алгоритмді атқару барысында айнымалы
шамаға жаңа мән және басқа команда меншіктеуге де болады.
Мысалы: (x,y) енгізу командасы есеп шығару үшін сыртқы
ақпарат көзінен – пернетақтадан x, y айнымалыларына берілетін
(меншіктелетін) екі мән алатындығын білдіреді. Дәл осыған ұқсас (x,
y) шығару командасы да x, y шамаларының мәні компьютер экранына
немесе принтерге шығарылатынын білдіреді.
Жай команда алгоритмнің блок-схемасында есептеу, енгізу және
нәтиже алу блоктары түрінде кескінделеді. Олардың бір енгізу және
бір шығару сызығы болады.
Құрама командалар. Жай командалардан құрылымы күрделі құрама
командалар құралады. Құрама командалар құрылымына байланысты
тізбекті, тармақталу және циклдік топтардан немесе бірыңғайланғпн
алгоритмдік құрылымдардан тұрады. Олардың жай командадан ерекшелігі –
бірнеше командадан құрылады және орындалуы берілген шарттарға
негізделеді. Берілген шартқа байлансыты командалардың орындалу реті
мен қайталану саны анықталады.

y:=5 x, y енгізу x, y
шығару x, y

а) ә)
б) в)

а)Меншіктеу; ә)Пернетақта; б)Экранға,басуға шығаруға; в)Қағазға басу
командаларын блоктармен бейнелеу;

Компьютерде есеп шығаруға кезеңдері
Компьютерде есеп шығару күрделі процесс және ол төмендегі
кезеңдерден тұрады:
1. Есептің берілуін ауызша сипаттау.
2. Есепті математикалық түрде өрнектеу , (есептің берілісін
жазу)
3. Есеп шығарудың компьютерде ыңғайлы сандық тәсілін анықтау.
4. Есеп шығарудың алгоритмін құру.
5. Есепті компьютерде шығарудың программасын құру және оның
қатесін түзету.
6. Есепке керекті мәліметтер дайындау.
7. Компьютерде есеп шығару және шыққан нәтижені іс жүзінде
қолдану.
Берілген есепті математикалық түрде өрнектеу дегеніміз — есептің
берілген мәндерін математикалық таңбаларды қолданынып жаза білу және
керекті математикалық формулаларды, өрнектерді анықтау болып
саналады.
Күрделі формулаларды, теңдеулерді арифметикалық амалдар
тізбегіне айналдыру есеп шығарудың сандық тәсілін табу не анықтау
болып табылады. Қазіргі кезде есеп шығарудың көптеген сандық
тәсілі белгілі.Соның ішінен өзімізге тиімдісін таңдап алуымыз
керек. Осы мақсатта есеп шығарудың дәлдігін, нәтижені жылдам табу
мүмкіндігін , мәлімет дайындау мен есеп шығару құнын салыстыра
отырып қарастыру қажет.
Есептің алгоритмін құрғанда, оның шығару жолы тізбектелген
іс-әрекеттердің схемасы түрінде кескінделеді.
Сонымен есеп шығаруда жоғарыда айтылған әрекеттер тізбегін
орындау ұсынылады. Есепті мәселе ретінде қойғаннан кейін, оны
ықшамдап, шығару алгоритмін құру керек. Ықшамдау кезінде белгілеу
таңбалары енгізіледі, яғни айнымалылар, тұрақтылар белгіленіп, есептеу
формулалары , теңдіктері айқындалады. Дұрыс ықшамдалған есептің дұрыс
шығарылу мүмкіндігі артады. Оларға қоса, енгізілген белгілеулердің
мағыналарына сәйкес бекітілген атаулары анықталмаса , кейіннен олар
ұмытылып кетеді де, қажет кезінде еске түспейді. Айқын әрі анық
жазу — алгоритм құруды оңайлатады. Алгоритм жазу кезеңінде де
ережені сақтау керек.
Программа құрғанда қазіргі кеңінен таралған программалау
тілінің бірінде алгоритм нақты түрде жазылады. Құрылған
программаның қатесін түзету компьютердің көмегімен шешіледі,
өйткені жіберілген жіберілген қате компьютерде тез көрінеді және
түзетуге мүмкіндік береді.

Есеп шығаруға керекті деректерді сұрыпталған күйінде алдын
ала қағазға , әйтпесе магниттік дискіге жазып ,компьютердің жадына
реттеп енгіземіз. Есеп нәтижесін алған соң соған сәйкес шешім
қабылдау және оны іс жүзінде қолдану — мамандардың жұмысы.

Паскаль — программалау тілі
Паскаль тілін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алгоритмдік тілдердің құрылымы
ОҚУШЫЛАРДЫҢ АЛГОРИТМДІК ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ОҚЫТУ МЕН ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ
Программалау тілдері
Алгоритмнің күрделілігі - осы алгоритмді есептеу процесінде қолданылған элементарлы қадамдар саны
Орта мектепте программалау негіздерін оқыту
Программалау жүйесі мен тілдері
Программалау тілдерімен танысу
Java кең таралған программалау тілі
Алгоритм және оның қасиеттері. Программаның көрінісі
Алгоритм жазу жолдары
Пәндер