Араб – мұсылман білімі және қазақ қоғамы


ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1 АРАБ - МҰСЫЛМАН ФАКТОРЫНЫҢ ОРТА АЗИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАНҒА ЫҚПАЛЫ (VII - XVIIғғ. ) 10
I. 1. Исламдану үрдісінің кезеңдері және оның ерекшеліктері. 10
I. 2. Ислам дінінің таралуындағы «қожалардың» рөлі. 19
2 ОРТАҒАСЫРЛАРДАҒЫ ПІРЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ТАРИХИ БАСТАУЛАРЫ МЕН ЭВОЛЮЦИЯСЫ 30
II. 1. Пірлер институтының пайда болуы және эволюциясы. 30
II. 2. Пірлер институты қоғамдық қатынастар жүйесінде. 43
3 АРАБ - МҰСЫЛМАН БІЛІМІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ 53
III. 1. Сопылықтың - мистикалық ағымы. 53
III. 2. Ғылым және білімнің дамуы. 65
ҚОРЫТЫНДЫ 78
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 81
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысымыздың өзектілігі. Бүгінгі таңда егемендігін алып, ұлттық мемлекетінің іргетасын қалаған қазақ халқы үшін өзінің жүріп өткен жолының ғылыми шынайы тарихын жазу қажеттілігі күннен-күнге айқын сезілуде. Отандық тарих ғылымы еліміздің тәуелсіздігімен бірге келген терең түбегейлі өзгерістермен жаңаруларды басынан өткеруде. Ұлттық тарих жалаң күйінде емес, тұтас ұлттық таным, төл рухани құндылықтар контексінде қарастырыла бастады. Нәтижесінде бүгінгі таңда тарих ғылымы өзінің міндеттерін тікелей орындай бастады, қоғам дамуының қажеттіліктеріне толық жауап беруде деген ой тумаса керек.
Жалпы алғанда, тарих ғылымы - ұлттың, елдің тәуелсіздігінің тірегі. Өйткені, Отан тарихы - оның әлемдік қауымдастықтағы орнын айқындайтын негізгі фактор болып табылады. Тарихсыз қоғам, халық, мемлекет болмайтыны белгілі, бірақ сол тарихтың ғылымға негізделіп, шынайы, түбегейлі, жан-жақты зерттелмеуі тарихи сананың, ұлттық рухтың әлсіреуіне әкелетінін өткен ғасырдың ұрпақтарынан да көруге болады. Ендеше Отандық тарих ғылымының алдында тұрған аса өзекті мәселе - сол ғылымның теориялық және методологиялық ұстанымдарына сүйене отырып, іргелі зерттеулер жүргізу. Ұлттық тарихты зерттеу ешқашан тоқтап қалған емес, мәселе оның қандай бағытта, қандай мүддеде жазылғандығында. Осы реттен келсек, әсіресе, ортағасырлық Қазақстан тарихының беттерін парақтасақ, әлі де жасалуы қажет дүниелерді көзі қырақты оқырман бірден байқайды.
XX ғасырдың соңында республикамыз өз тәуелсіздігіне қол жеткізіп, дербес мемлекет ретінде дүние жүзіне танылды. Тәуелсіздік алғаннан бері уақыттан қазақ халқы этникалық ерекшелігімен, салт-дәстүрі, ділі мен мәдениеті қалыптасқан ұлт келбетінде әлемдік өркениеттен орын алып келеді. Сондықтан, қазақ халқы өзінің құндылықтары, өткен тарихы қандай деген сұрақтың жауабын білуге ұмтылысы күшейіп келеді. Болашағын қолға алған халықымыздың басты міндеті өткеннен тағлым алып, жергілікті халықтың тарихын жаңадан жан-жақты зерттеп, объективті түрде қайта жазу болды. Міне, осындай жағдайдың тууына байланысты, отан тарихымыздың мәселелеріне терең талдау жасаудың маңызы зор болды. Бұның өзі тақырыбымыздың өзектілігі мен маңыздылығын айқындай түседі.
Қазақ халқының тарихында араб - мұсылман ықпалының маңызы өте зор. Ортағасырлардағы «Мұсылмандық Ренессанс» деген атпен қалған мәдени өрлеу, атап айтқанда, араб - мұсылман факторының дүние жүзі халықтарының ортағасырларда мәдени дамуына әсерін тигізіп, серпін беріп, тарихта өз орнын қалдырған еді. Бұл үрдіс VII ғасырда Арабияда басталып, XVII ғасырда Батыс Еуропада аяқталған еді. Осы кезде ислам діні таралып, рухани мәдениет барынша гүлденді. Бұл үрдіс қазақ халқының тарихына да барынша өзгерістер әкеліп, қазақ халқының рухани-мәдени дамуында үлкен роль атқарды. Араб-мұсылман факторының Қазақстан тарихындағы орны мен ролі айтарлықтай үлкен. Орта Азия мен Қазақстан территориясына VII ғасырдан бастап таралған ислам діні түркі халықтарының рухани, мәдени, әлеуметтік, саяси өміріне араласа бастады. Көп ғасырларға созылған исламдану үрдісі нәтижесінде түркі халықтарының ішінде пірлер институты қалыптасты.
Қазақ халқының рухани даму процесстердің түркі халықтарының саяси өміріне ықпалы әлі күнге дейін арнайы зерттеу нысанасы болған емес. Тек соңғы жылдары ғана бұл мәселе зерттеушілер назарына ілеге бастады. Бірақ мұндай зерттеулер осы күнге дейін шындап қолға алынған жоқ.
Рухани және материалдық мәдениет үлгілері мен дәстүр-үрдісіне, өркениетті елдер қатарынан алатын орны мен үлесіне, тарихи тағдырына деген ерекше ықыласын туғызады. Қазақ қоғамындағы, оның ішінде VII-XVII ғасырлар аралығындағы қазақ қоғамындағы пірлер институты тәрізді әлеуметтік табиғаты, күрделі құбылыс мәселелердің қатарына жатады.
Қазақ халқының тарихында пірлер институтының маңызы өте зор. Мемлекеттің рухани, саяси және әлеуметтік құрылымының ғұрыптық құқық негізінде жүзеге асырылуын қамтамасыз етуші, әлеметтік құрылым ретінде пірлер институты қазақ қоғамыда - діни, мәдени-рухани, әлеуметтік, саяси функцияларды атқарды.
Қазақ халқының тарихында пірлер институтының маңызы зор болды. Себебі, мемлекеттің саяси және әлеуметтік құрылымның ғұрыптық құқық негізінде жүзеге асырылуын қамтамасыз етуші бірден-бір әлеуметтік құрылым ретінде пірлер институты Қазақ халқының тарихында пірлер институтының маңызы өте зор. Мемлекеттің саяси және әлеуметтік құрылымының ғұрыптық құқық негізінде жүзеге асырылуын қамтамасыз етуші, әлеуметтік құрылым ретінде пірлер институты қазақ қоғамында - діни, мәдени-рухани, әлеуметтік, саяси функцияларды атқарды.
Тарихи үрдіске араб - мұсылман факторының тигізген әсерінің бірі көшпелі халық арасындағы қожалар сияқты этникалық топтың шығу тарихына әкелді. Ал қазіргі таңда Қазақстан тарихындағы қожалар, төрелер сияқты этникалық топтардың шығу тарихын және шығу тарихының ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан зерделеу тарих ғылымы үшін маңызды мәселелердің бірі.
Қазақтар арасыда генеалогиялық қатынасқа түспейтін қожалардың шығу тарихын, саяси әлеуметтік құрылымы мен қожалар шежіресін Қазақстан тарихының дерек көзі ретінде пайдалану мәселелері осы уақытқы дейін тарихымызда шынайы зерттелмеген тың тақырыптың бірі. Қазақстан тарихында қожалардың шығу тарихы Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймағына Ислам дінінің енуіне байланысты руханижәне тарихи процестермен тікелей байланысты.
VII - XVII ғасырлардағы рухани - саяси, тарихи процестер Ислам дінін қабылдаған түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының да діни дүниетанымдық, философиялық көзқарастарының қалыптасуының алғышарттары еді. Ал осы Ислам дінін уағыздаушылар, әр түрлі халықтар арасында Ислам дінін таратып, мұсылманшылыққа шақырып, осының нәтижесінде рухани - саяси прцестерге араласып, мемлекеттердің дамуына белсенді рөл атқарған қожалар еді.
Қазақ халқы тарихында үлкен орын алатын араб - мұсылман факторы сопылық бағыттың дамуы болды. Исламдану үрдісі кезінде сопылық бағыттың қазақ халқының дүниетанымдық ойларына, ғылым мен білімнің дамуына тигізген әсері зор болды. Ортғасырларда сопылық бауырластықтардың таралған ілімі қазақ халқының Абай, Шәкәрім сияқты ұлы даналардың дүниетанымына тигізген әсері зор болды. Соның ішінде, қазақ даласында йассауийа бауырластығының ірі өкілі Ахмед Йассауийдің ілімі қазақ даласында үлкен әсер еткен.
Жұмыстың осы талаптардан туындайтын мақсаты тарих ғылымының алдына қойылған міндеттерді шешуге бағытталған. Республиканың ортағасырлық араб-мұсылман факторының Қазақстан тарихындағы алатын орны мен рөлін жүйелі түрде зерттеп, жаңа ізденістерге жол ашуды көздейді. Сонымен тақырыптың өзектілігі өзіндік құрнылығы, танымдық маңыздылығы және қазақ халқының рухани өрлеуінде аса зор рөл атқаруға тиісті тарих ғылымының алдында тұрған мақсат пен міндеттерге байланысты өлшемдермен анықталады.
Араб - мұсылман факторының Қазақстан тарихындағы орны менрөлін анықтап, жан - жақты зерттеу, тақырыпқа байланысты, бұрын белгілі себептермен қарастырылмаған тұстарын ашып, ғылыми арнаға қосу зерттеу жұмысымыздың өзектілігі деп білеміз.
Зерттеу жұмысымыздың зерттелу деңгейі. Жұмыстың өзіндік ерекшелігі мен көпқырлылығы оның зерттеу деңгейін бірнеше топқа бөліп қарастыруды қажет етеді. Қарастырылып отырған тақырыбымыз «ислам», «суфизм» мәселелерімен тығыз байланысты болғандықтан, ислам тарихының және сопылық бағыттың даму тарихының зерттелуіне басты назар аударуымыз қажет.
Зерттеу жұмысымыздың тақырыбы «Араб-мұсылман факторының Қазақстан тарихындағы орны мен ролі» деп аталғандықтан, басты зерттеу нысанымыз Ислам діні және оның тарихы болып табылады. Кеңестікке дейінгі және кеңестік тарих ғылымында ислам тарихы мәселесінің зерттелуінде көптеген «ақтандақтары» кездеседі. Көптеген еңбектердің тарихилық принципта жазылуы, бұл мәселенің жасырын түрде қалуына әкелді. Тек тәуелсіздігімізді жариялап, дербес мемлекет ретінде дүние жүзіне танылып, төл деректеріміз негізінде отан тарихымыздың объективті зерттеу мүмкіншілігі туып, біршама еңбектер жарық көрді. Олар Нуртазина Н. Д/1/, Нургалиева А. М. /2/, Жандарбек З. З. /3/, Қожаев М. /4/, Тұрантегі Д. /5/, Маңабай А. У. /6/, Айнабекұлы Т. /7/, Қартабаева Е. Т. /8/ және т. б. авторлардың еңбектерін жатқызуға болады.
Кеңестік уақытта бұл мәселе өз зерттелу деңгейін таба алмасады, кеңестік ғалымдарымыздың еңбектерін жоққа шығаруға болмайды, бірақ сын көзбен қарауды қажет етеді. Олар - Тәжіқова К., Басилов В., Большаков, Г. П. Снесарев және т. б.
Ислам мәселесі тек мұсылман елдерінде ғана зерттеліп қоймай басқа да өркениетті елдердің ғалымдары тарапынан зерттеліп, өз зерттеулерін жалғастыруда, Трименгем Дж. С. /9/, Мец А. /10/, Мюллер А. /11/, Босворт К. Э. /12/, Гольдциер И. /13/, Роузентал Ф. /14/ және т. б.
Орта Азия мен Қазақстан тарихының ортағасырлардағы түрлі мәсеселелерін зерттеген тарихшы ғалымдарымыз аз емес, олардың еңбектері Қазақстан тарихының ортағасырлардағы тарихы жайылы құнды мәліметтер береді. Олар: XX ғасырдың 70-80 жылдары жарық көрген К. А. Пищулина/15/, Т. И. Султанов/16/, В. П. Юдин/17/, С. Г. Кляшторныйдың/18/ және егемендікке қол жеткізген 90 жылдары бастау алатын Нығмет Мыңжан/19/, М. Абусеитова/20/, Б. Б. Кәрібаев/21/, К. Р. Амонжолов/22/, А. Ш. Қадырбаев/23/ және т. б. еңбектерін жатқызуға болады.
Ислам дінінің негізгі өзегі және үлкен мәселесінің бірі - сопылық бағыт болып табылады. Бұл мәселемен айналысқан және айналысып жүрген ғалымдарымыз аз емес. Олар фәлсафәшылар, дінтанушылар және тарихшылар болып табылыды: Н. Д. Нуртазина/24/, Дж. С. Тримингэм/9/, Фон-Грюнебаум Г. Э. /25/, Адам Мец/10/, А. Массэ/26/, О. Көбеева/27/, М. Үсенова/28/ және т. б.
Зерттеу жұмысымздағы қожалар мәселесіне байланысты жарық көрген еңбектердің авторлары: З. З. Жандарбек/3/, З. Ибаддулаева/29/, Н. Үсен/30/, М. Қожаев/31/, А. У. Маңабай/32/, Тұрантегі Дулат/5/, Т. Айнабекұлы/7/, Н. С. Лыкошин/30/.
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Бітіру жұмысты жазу барысында, алдымызға қойған мақсатымыз ғылыми құндылығы мен маңыздылығы әр түрлі дәрежедегі көптеген деректерді пайдалану. Зерттеу жұмысының деректік негізін Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы ортағасырлық мемлекеттер (Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Әбілхайыр хандығы және моғолстан), Қазақ хандығының құрылуы мен қазақ халқының қалыптасуы туралы жарық көрген еңбектер құрайды. Олар ортағасырлардығы сарай немесе тәуелсіз тарихшылардың әулеттік шығармалары (шайбанилық, шағатайлық, темірлік, аштарханилық және т. б. ), сонымен қатар XVIII ғасырдан бастау алатын отандық және шетелдік археологтар, этнографтар, тарихшылар, тіпті жазушылар мен филологтардың ғылыми мұралары.
Белгілі бір әулеттің мүддесін көздеген немесе тәуелсіз бағытта жазылған соңғы ортағасырлық тарихи шығармалар. Олар: «Зафар - наме»/31/, «Бабыр - наме»/32/, «Шыңғыс - наме»/33/ еңбектері. В. Юдиннің еңбегінің арқасында жарық көрген «Материалы по истории Казахских ханств XV - XVIII веков»/34/ атты жинақтың маңызы ерекше. Аталған кітапқа авторы белгісіз «Таварих-и гузида-йи нусрат-наме» және Осман Кихустани, Махмұд ибн Уәлидің және т. б. авторлардың шығармалары енгізіліп, олар Қазақстан аумағын мекендеген түркі, монғол халықтарының тарихын ашуда үлкен септігін тигізді.
Зерттеу жұмысын жазу барысында дерек көзі ретінде «Насаб-нама» нұсқалары алынды. Бұл шежіре қожалардың басты шежірелік дерегі болып табылады. Тақырыбымызға тікелей байланысты деректер: Идрис Шахтың «Суфизмі»/35/, «Насаб-намалар»/36/, Жүсіп Баласағұни/37/, Махмұд Қашқаридің/38/ тарихи ойлары жазылған еңбектері және т. б. Ең басты деректеріміз ол араб-мұсылман саяхатшыларының деректері болып табылады, еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін, жарияланған деректеріміз арнайы жинақ болып шыққан.
Ресейдің отарлық саясаты негізінде шовинистік иделогия басшылыққа алынғанда, қазақ халқының мүдделеріне сәйкес зерттелген А. Левшин/39/, Ш. Ш. Уәлиханов/40/, Ш. Құдайбердіұлы/41/ және т. б. еңбектері жарық көрген еді.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты, араб - мұсылман факторының Қазақстан тарихындағы орны мен рөлін анықтау үшін жан - жақты зерттеу. Ал мақсатымнан туындаған міндеттерім төмендегідей:
- араб-мұсылман факторының Орта Азия мен Қазақстанға ықпалындағы қожалардың ролін анықтау;
- Қазақстан тарихындағы исламдану үрдісі кезеңдерінің ерекшеліктерін қарастыру;
- түркі тайпалардың қоғамында пірлер институтының пайда болу алғышарттарын анықтап, эволюциясын қарастыру;
- пірлер институтының ішкі мазмұнын анықтау;
- көшпелі қоғамда пірлер институтының атқарған функцияларын анықтау;
- сопылық бағыттың мистикалық ағымының қазақ қоғамына, соның ішінде, дүниетанымдық ойларына тигізген әсерін қарастыру.
Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негізі ретінде тарих, мәдениеттану, әлеуметтік философия, психология ғылымдарының негізгі тұжырымдары басшылыққа алынды. Жұмысты жазу барысында тарих ғылымының дәстүрлі әдіс-тәсілдері талдау, тарихи-салыстырмалы әдістерді, тарихи тұжырымдарды қолданып, тарихилық принципті ұстандық. Сонымен қатар, деректану, тарихнама салаларындағы дәстүрлі әдіс - тәсілдер, жаңашыл конңепңиялар басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысымның ғылыми жаңалығы төмендегідей тұжырымдар арқылы тиянақталып отыр:
- исламдану үрдісінің кезеңдеріне тоқталып, жаңаша тұрғыдан олардың ерекшеліктері қарастырылды;
- қожалар шежіресі тарихи дерек көзі ретінде жан - жақты қарастыру мақсатында ғылыми ортаға беймәлім қолжазба мәтіндері пайдаланып, ғылыми арнаға енгізілді;
- көшпелі және жартылай көшпелі қоғамында пірлер институты тәрізді әлеуметтік құрылымның біртұтас қоғамдық құбылыс ретіндегі ерекшеліктері анықталды;
- қазақ қоғамында пірлер институты тәрізді әлеуметтік-діни институттың тарихи эволюциясына шолу жасалынып, оның діни, әлеуметтік, тәрбиелік, саяси және идеологиялық функциялары жіктелді;
- сопылықтың мистикалық бағытын психологиялық, мәдени, философиялық жағынан талдау арқылы, тарихи маңызы анықталды;
- араб - мұсылман білімі мен ғылымының түркі қоғамына тигізген әсерін қарастырып, оның қазақ қоғамының дүниетанымына тигізген әсерін қарастырдық.
Жұмыстың хронологиялық шеңбері. Диссертацияда ерте орта ғасырлардан бастап кейінгі орта ғасырларға дейінгі араб - мұсылман үрдісінің мәселелері көтеріледі. Магистрлік ізденістің уақыттық ауқымын VII ғасырдан XVII ғасыр дейінгі уақыт аралығы қамтиды. Тақырыбымыз ислам тарихымен өте тығыз байланыста болғандықтан, ислам дінінің негізі VII ғасырда қаланған, осы ғасырдан бастап оның қағидалары берік ұстанып, Қытай, Орта Азия және Қазақстан жерлеріне ене бастаған еді. VII - XVII ғасырлар аралығында исламдану үрдісі дамудың түрлі фазаларынан өтіп, Қазақстан тарихында алатын орны мен рөлі өте үлкен болды. Алайда, XVII ғасырдың соңында ислам үрдісінің, атап айтқанда жергілікті халықтар арасында ислам дінінің таралуы және оның қағидаларының сақталып, ұстануы үлкен дағдарыс жағдайында болды. Бұл жағдайға ұшырауына көптеген рухани, саяси, әлеуметтік жағдайлар септігін тигізді. Сондықтан, зерттеу жұмысымыздың хронологиялық шеңбері VII - XVII ғасырлар аралығы деп көрсетіп алдық.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысымыз кіріспеден, қортынды, екі бөлімшеден тұратын үш тараулардан, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен мәлімет берушілер тізімімен және қосымшалардан (шежірелер, схемалар, кестелер) тұрады.
1 АРАБ - МҰСЫЛМАН ФАКТОРЫНЫҢ ОРТА АЗИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАНҒА ЫҚПАЛЫ(VII - XVIIғғ. )
1. 1 Исламдану үрдісінің кезеңдері және оның ерекшеліктері
Ислам діні - VII ғасырда пайда болып, қазіргі таңда дүние жүзіне кең тараған діни сенімдердің бірі болып табылады. Ислам - әлемдегі күшті дамыған діндердің үшіншісі және соңғысы. Исламның орасан зор ролін түсініп, бағалау үшін оның алғашқы әрі негізгі жақтаушысы болған арабтардың ғана емес, оған ғибадат ететін барлық халықтардың тарихы мен мәдениетіндегі оның шариғаты мен дініндегі ерекшеліктерін, адамгершілік принциптерін, оның мұсылмандардың тұрмыс тіршілігіне әсер етуі, көшпенділердің далалық-мұсылман қағидаларын қабылдауы оңай болған жоқ. Ислам жас дін болғандықтан, өзінің алдындағы иудаизм, христиан, пұтқа табынушылық сияқты діндерден көптеген қағидалар мұра етіп алды, бұл исламның кеңінен тарауына үлкен септігін тигізді. Ең бастысы, исламды қабылдаудың жеңілділігі болды.
Орта Азия және Қазақстандағы исламдану үрдісінің тарихы бірнеше негізгі кезеңдерден өтті, әр кезең өз ерекшелігі және тарихта қалдырған орны болды. Ислам діні енуінің үрдісі - ұзақ және көп ғасырларға созылды, оған түрлі себептер кедергі келтірді, ол көшпенді қазақ дәстүрінің мұсылман отырықшы дәстүрімен сәйкес келмеуі, тұрғылықты жерлердің діни орталықтан алыс жерде орналасуы.
Бірінші кезең VII ғасырдың соңы мен VIII ғасырдың басы, Орталық Азияға араб жаулап алушыларының келуі, олардың Оңтүстік Қазақстан және Жетісу аймақтарына енуі, исламның жергілікті діндермен жақындасуы. Түркі тілдес тайпалардың арабтармен байланыстары, мұсылман дінінің жергілікті тайпалар арасында таралуы.
Арабтардың Азияны жаулап алуы 673-674жылдары басталып, сол жолы Амудария арқылы өтіп, Бұқараны басып алады. Мәуеренаһрды VIII ғасырдың басында біржола бағындырды.
VIII ғасырдың басында қарлұқтардың ислам дінін қабылдауы, яғни, мұсылман діні мен мәдениетінің ықпалы Орталық Азия аймақтарында қарлұқтар арасында тарай бастайды. Қарлұқтардың мұсылман дінін қабылдап, мұсылман өркениетін орта Азия жерінде таралуына қосқан үлесі үлкен болды. Мәселен, VIII ғасырда Орта Азияның саяси-тарихи аренасына шыққан Түркеш қағандығының сыртқы жағдайы осы кезде арабтармен байланысты болды. Түркеш қағаны Сұлу Орта Азия елдерімен бірлесе отырып, араб шапқыншыларына қарсы қажырлы күрес жүргізді. Араб әскерлеріне тойтарыс беру нәтижесінде, 737 жылы түркештер соғдылармен бірлесіп, амудария жағасында арабтармен соғысты. Бұл шайқаста арабтар жеңіп шықты. Келесі үлкен шайқас, арабтар мен қытай әскерлері арасындағы болған шайқастың Орта Азия халықтарының тарихындағы маңызы өте үлкен болды. Бұл шайқастың Орта Азия мен Қазақстанда қиыршығыстық және араб-мұсылман өркениетінің қайсысының ықпалына түседі деген мәселені шешіп берді. Шайқастың нәтижесінде Орта Азия халықтары арасында мұсылман өркениетінің таралуына жол ашып берді. Бұл үрдіс қазақ халқының болашақ тарихына үлкен септігін тигізді.
Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстанда ислам дінінің VIII ғасырда тарай бастауы, бұл аймақтардың Ұлы Жібек жолындағы маңызды пункт болғандығымен түсіндіруге болады. Бүкіл Евразия даласында көктей өткен Ұлы Жібек жолы көшпелілер мен егіншілер арасындағы экономикалық байланыстардың қаншалықты жемісті болғанын көрсетеді. Оның барысында мал, нан, жүн, былғары, қолөнер бұйымдары саудасы қыза түсті.
Исламның басты артықшылығы, әрине мұсылман әлемінің сол дәуірдегі өркениетті халықтар арасындағы мәдени (материалдық және рухани) біріншілігіне байланысты еді. Дала халықтары әр кез отырықшы елдердің өміріне, әсіресе тұрмыс-материалдық бұйымдарына зәру болды. Ол ең алдымен саудада айқын көріс тапты, сонымен қатар көшпенділермен сауда отырықшы халықтарға да тиімді болды. Орта Азиядағы түркілерге шекаралас жатқан мұсылман елдері үшін де өз кезегінде дала халықтарымен сауданың үлкен маңызы болды, Таяу Шығыс, Парсы елі және Орта Азиядан келген көпестер жай ғана көзден қоймай, сондай-ақ дін мен мәдениетін, соның ішінде дінін де қабылдауға асыққан. /8, 44/
Келесі кезең, IX-XII ғасырлардың соңы, ислам - қала тұрғындары мен ауылды аймақтардың діні болды, оған дәлел қалалық мұсылман мәдениетіне жататын археологиялық ескерткіштер. Ислам дінінің нығаюы Қараханидтердің тұсында іске асты, 960 жылы ислам діні ресми түрде мемлекеттік дін статусына ие болды. Қарахан мемлекетінде исламның мемлекеттік дін мәртебесін алуы бұл діннің Орталық Азия халықтарының жаппай дініне айналуы үшін қолайлы жағдайлар туғызды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz