Банктегі несиелік үрдістер
Кіріспе
1 БАНКТЕГІ НЕСИЕЛІК ҮРДІСТЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1. Несиелік үрдіс, оның негізгі кезеңдері мен мазмұны
1.2. Несие беру жөнінде шешім қабылдау және несиені беру және қайтару тәртібі
1.3 Банктегі несиелік үрдістерді ұйымдастыру, кезеңдері және жіктелімі
2 «ЦЕСНА БАНК» АҚ ҮЛГІСІНДЕГІ НЕСИЕЛІК ҮРДІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ТАЛДАУ:ШЕТЕЛДІК ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕ
2.1 «Цесна Банк» АҚ ісіне қызметіне жалпы сипаттама
2. 2 Заңды тұлғаларды несиелеу механизмі.
2.3 Шетел тәжірибесіндегі банктердің несиелеу үрдістерінін ерекшеліктері
3 БАНКТЕГІ НЕСИЕЛІК ҮРДІСТЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Несиелік үрдісті жетілдіру жолдары мен даму болашағы
3.2 Жеке тұлғаларды несиелеу үрдісін ұйымдастыруды жетілдіру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Диплом жұмысымның өзектілігі банктегі несиелік үрдістерді ұйымдастырудың теориялық негізі, кезеңдері, жетістіктері мен даму болашағы. Несиелік операциялар коммерциялық банктің активтік операцияларына жатады. Банктік бизнес құрылымында осы операция түрі оларға табыстың негізгі бөлігін алып келеді. Нақты банктің несиелік операцияларының құрылымы оның активтерінің мөлшеріне, орталық бөлімінің орналасуына, бөлімдерінің санына, клиенттер құрамына, банктің мамандануына және тағы басқаларына байланысты және де, үлкен ықпалды мемлекеттің экономикалық конъюктурасының жағдайы да көрсетеді. Мысалы, шет аймақтардағы қалаларда орналасқан кіші және орташа банктер клиенттердің шектелген көлемімен байланыста болады және жалпыұлттық, сонымен қатар әлемдік ақша нарығымен салыстырмалы түрде әлсіз байланыста болады. Сондықтан, олардың активтер құрылымында ссудалық операциялардың мөлшері қаржылық орталықтарда орналасқан ірі банктерге қарағанда аз болып келеді. Мынадай жалпы саяси және әлеуметтік-экономикалық үрдістер, яғни соғысқа, экономикалық кризистерге, инфляцияға және т.б. байланысты іскерлік белсенділіктің бұзылуы банктік активтердің құрамына ықпал етеді.
Несиелеу банктік операциялардың ең табыстыларының қатарына жатқызылғанымен, осы аумақ шеңберіндегі дұрыс саясат қазіргі таңда коммерциялық банктің дамуының кепілі болады. Осы фактіні есепке ала отырып, дипломдық жұмыстың осы тақырыбы нарықтық жағдайда өзекті болып табылады.
Менің диплом жұмысымның тақырыбы: “Банктегі несиелік үрдістерді ұйымдастыру: отандық және шетелдік тәжірибе”.
Жұмыстың негізгі мақсаты – банктегі несиелеу үрдісін ұйымдастыруды зерттеу болып табылады. Банктің несиелік саясатын қалыптастыру шеңберінде толығырақ зерттеуді жүргізу үшін біз келесі негізгі мақсаттарды ашып қарастыруымыз үшін алдыма мынадай міндеттерді қойдым:
1. Несиелеу үрдісін коммерциялық банктің ең табысты операциясы ретінде қарастыру. Бұл үшін біз несиелік саясаттың негізгі принциптерін анықтауымыз және көрсетуіміз қажет.
2. «Цесна Банк» АҚ-ның құрылу кезінен бастап, несиелік саясатын қалыптастырылуы және несиелеу үрдісі қалай жүргізілетінін зерттеу. Ол үшін «Цесна Банк» АҚ-ның құрылу кезінен зерттеуді жүргізуді бастап, зерттеліп отырылған банктегі несиелік саясаттың ерекшеліктерін және қалыптастырылуын қарастырамыз.
3. Шетел тәжірибесіндегі банктердің несиелеу ерекшеліктері мен банктердегі несиелік даму болашағы мен жетілдіру жолдарына арналған.
Осы жұмысты жазу барысында банктік қызметті реттейтін әртүрлі нормативтік актілер, оқу әдебиеттері, анықтама материалдар қолданылды.

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы және жеке бөлім).
2. «Салық және басқа да бюжетке төленетін міндетті төлемдер туралы»
№ 2235 2011 ж.
3. Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы Қазақстан Республикасының заңы 19 шілде, 2010 ж.
4. «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР-сы заңы № 281-1 10.06.98 ж. №415-2 13.05.2010ж.
5.«Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР-сының заңы. №276 24.12.2004ж. (толықтырулар мен өзгертулер)
6. «Ұлттық банк туралы» ҚР-сы Президентінің Заң күші бар Жарлығы, 1995 жыл 30 наурыздағы № 2155 (толықтырулар мен өзгертулер) 2012ж
7. «Банктер және банктік қызмет туралы» ҚР-сы Президентінің Заң күші бар Жарлығы, № 2444 01.12.2005ж. (толықтырулар мен өзгертулер) 2012ж
8. «Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы»№ 213 қаулысы 03.06.02ж. (толықтырулар мен өзгертулер) 2012ж
9. Правила предоставления займов физическим лицам в АО «Цесна Банк» №389 15.09.2005 г. 13.01.2013 г.
10. Положение об отделе – Центр Персонального Сервиса Алматинского Областного Филиала АО «Цесна Банк» (толықтырулар мен өзгертулер) 2013ж
11. Банковское дело/ подред. д.э.н., профессор Г.Г.Коробовой, Москва, "Экономист", 2009.
13. Банковсое дело / Колесникова В.И. – М.: Финансы и статистика, 2012.
14. Банковсое дело / Лаврушин О.И. – М.: Финансы и статистика, 2008.
15. Банковсое дело / Сейткасымова Г.С. – Алматы: Қаржы-Қаражат, 2012.
16.Давлетов М.Т. Кредитная деятельность банков в Казахстане //Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2001.
17. Калиев Г.Т. Кредитная деятельность банков в Казахстана. Алматы: Қаржы-Қаражат, 2000.
18. Көшенова Б.А. Ақша, Несие, Банктер, Валюталық қатынастар. – Алматы: Экономика, 2000.
19. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. – Алматы: ИздатМаркет, 2009.
20. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі «Экономика және қаржы» – Алматы, "Мектеп" 2009ж.
21. Большой экономический русско – казахский словарь. Қалдыбай Бектаев – Алтын Қазына: Сөздік Словарь, 2008ж.
22. Тоқсанбай С.Р. Толық экономикалық орысша-қазақша сөздік. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2004.
23. Банки Казахстана: Справочно – аналитическое издание – Алматы: EkonoMіx Data, 1999.
24. Дюсембаев Н.М. Перспективы развития ипотечного кредитования в Казахстане /Банки Казахстана: Справочно-аналитическое издание – Алматы: EkonoMіx Data, 2010. – № 1.
25. Рамазанов С. Скоринговое кредитование в Казахстане. // Банки Казахстана, № 5, 2010.
26. Елубаев Ж. Как защитить кредитные средства. – Алматы, 2010. – № 1.
27. Блинова К.В. Микрокредиотование и развитие микрокредитных организаций в Казахстане /Банки Казахстана: Справочно – аналитическое издание – Алматы: EkonoMіx Data, 2011 – № 1.
28. Кредитная политика АО «Цесна Банк»

Мазмұны
Кіріспе
1 Банктегі несиелік үрдістерді ұйымдастырудың теориялық негізі
1.1. Несиелік үрдіс, оның негізгі кезеңдері мен мазмұны
1.2. Несие беру жөнінде шешім қабылдау және несиені беру және қайтару
тәртібі
1.3 Банктегі несиелік үрдістерді ұйымдастыру, кезеңдері және жіктелімі
2 Цесна Банк АҚ үлгісіндегі несиелік үрдісТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН
ТАЛДАУ:ШЕтелдік және отандық тәжірибе
2.1 Цесна Банк АҚ ісіне қызметіне жалпы сипаттама
2. 2 Заңды тұлғаларды несиелеу механизмі.
2.3 Шетел тәжірибесіндегі банктердің несиелеу үрдістерінін ерекшеліктері
3 Банктегі несиелік үрдістерді ұйымдастырудың даму болашағы мен жетілдіру
жолдары
3.1 Несиелік үрдісті жетілдіру жолдары мен даму болашағы
3.2 Жеке тұлғаларды несиелеу үрдісін ұйымдастыруды жетілдіру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Кіріспе
Диплом жұмысымның өзектілігі банктегі несиелік үрдістерді
ұйымдастырудың теориялық негізі, кезеңдері, жетістіктері мен даму болашағы.
Несиелік операциялар коммерциялық банктің активтік операцияларына жатады.
Банктік бизнес құрылымында осы операция түрі оларға табыстың негізгі
бөлігін алып келеді. Нақты банктің несиелік операцияларының құрылымы оның
активтерінің мөлшеріне, орталық бөлімінің орналасуына, бөлімдерінің санына,
клиенттер құрамына, банктің мамандануына және тағы басқаларына байланысты
және де, үлкен ықпалды мемлекеттің экономикалық конъюктурасының жағдайы да
көрсетеді. Мысалы, шет аймақтардағы қалаларда орналасқан кіші және орташа
банктер клиенттердің шектелген көлемімен байланыста болады және
жалпыұлттық, сонымен қатар әлемдік ақша нарығымен салыстырмалы түрде әлсіз
байланыста болады. Сондықтан, олардың активтер құрылымында ссудалық
операциялардың мөлшері қаржылық орталықтарда орналасқан ірі банктерге
қарағанда аз болып келеді. Мынадай жалпы саяси және әлеуметтік-экономикалық
үрдістер, яғни соғысқа, экономикалық кризистерге, инфляцияға және т.б.
байланысты іскерлік белсенділіктің бұзылуы банктік активтердің құрамына
ықпал етеді.
Несиелеу банктік операциялардың ең табыстыларының қатарына
жатқызылғанымен, осы аумақ шеңберіндегі дұрыс саясат қазіргі таңда
коммерциялық банктің дамуының кепілі болады. Осы фактіні есепке ала отырып,
дипломдық жұмыстың осы тақырыбы нарықтық жағдайда өзекті болып табылады.
Менің диплом жұмысымның тақырыбы: “Банктегі несиелік үрдістерді
ұйымдастыру: отандық және шетелдік тәжірибе”.
Жұмыстың негізгі мақсаты – банктегі несиелеу үрдісін ұйымдастыруды
зерттеу болып табылады. Банктің несиелік саясатын қалыптастыру шеңберінде
толығырақ зерттеуді жүргізу үшін біз келесі негізгі мақсаттарды ашып
қарастыруымыз үшін алдыма мынадай міндеттерді қойдым:
1. Несиелеу үрдісін коммерциялық банктің ең табысты операциясы ретінде
қарастыру. Бұл үшін біз несиелік саясаттың негізгі принциптерін
анықтауымыз және көрсетуіміз қажет.
2. Цесна Банк АҚ-ның құрылу кезінен бастап, несиелік саясатын
қалыптастырылуы және несиелеу үрдісі қалай жүргізілетінін зерттеу. Ол
үшін Цесна Банк АҚ-ның құрылу кезінен зерттеуді жүргізуді бастап,
зерттеліп отырылған банктегі несиелік саясаттың ерекшеліктерін және
қалыптастырылуын қарастырамыз.
3. Шетел тәжірибесіндегі банктердің несиелеу ерекшеліктері мен
банктердегі несиелік даму болашағы мен жетілдіру жолдарына арналған.
Осы жұмысты жазу барысында банктік қызметті реттейтін әртүрлі
нормативтік актілер, оқу әдебиеттері, анықтама материалдар қолданылды.
Диплом жұмысының зерттеулер пәні ретінде қазіргі кезде коммерциялық
банктердің несиелік үрдістерді ұйымдастырудың жүргізу тәжірибелері
қарастырылады.
Диплом жұмысының зерттеу объектісі болып – Цесна Банк АҚ-ның
несиелік үрдістерді ұйымдастыру деректері бойынша есептік көрсеткіштер мен
практикалық тәжірибелер алынды.
Диплом жұмысының жаңалығы – Бүкіл әлемдік дағдарысқа байланысты
Қазақстан Республика үкіметінің екінші деңгейлі банктердегі несиелік
үрдісті ұйымдастыруға байланысты жаңа бағдарламаларды енгізуі.
Осы жұмыстың әдістемелік негізі – диплом жұмысты дайындау барысында
отандық және шетел ғалымдарының ғылыми еңбектері, ҚР ҰБ статистикалық
мәліметтері, ҚР статистика бойынша агенттігі, Цесна Банк АҚ-ның жылдық
есебі, мерзімді басылымдар, даму болашағы мен етістіктеріне байланысты
қазіргі жаңалықтар және т.б.
Жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады:
1 бөлімде – Банктегі несиелік үрдістерді ұйымдастырудың теориялық
негізі;
2 бөлімде – Цесна Банк” АҚ үлесіндегі несиелік үрдіс;
3 бөлімде – Банктегі несиелік үрдістерді ұйымдастырудағы даму
болашағы мен жетілдіру жолдары.

Несие нарықтық экономика жағдайында қарыз капиталының қозғалысының
теориясы, яғни қарызға берілетін ақша капиталы болып табылады. Несие ақша
капиталын қарыз капиталына айналдыруды қамтамасыз етеді де, қарыз беруші
мен қарыз алушының арасындағы қатынастарды көрсетеді.
Несие – құндық экономикалық категория, тауар-ақша қатынастарының
ажырамас элементі.
Іс жүзінде несие – ақшаны немесе тауарларды пайызбен қарызға беру.
Несиенің пайда болуы айырбас сферасымен тікелей байланысты, ол кезде тауар
иелері бір-бірімен экономикалық қарым-қатынасқа түсуге дайын. Несиенің
пайда болу мүмкіндігі және дамуы капитал айналымына байланысты. Негізгі
және айналым капиталының қозғалысы үрдісінде ресурстар босайды. Еңбек
құралдары өндіріс үрдісінде ұзақ уақыт қолданылып, құнын дайын өнімге
біртіндеп ауыстырады. Негізгі капиталдың құнының ақшалай формада біртіндеп
қалыптасуы босаған ақша қаражаттарының кәсіпорын шотында бос тұрып қалуына
әкелді. Сонымен қатар, бір жағынан тозған еңбек құралдарын айырбастау
қажеттілігі және бір мерзімдік ірі шығындар туындайды. Сипаты осыған ұқсас
үрдістер айналым капиталы қозғалысында да болады. Сонымен бірге,
айналымдағы тербелістер әркелкі көрініс алады. Өндірістің мерзімділігіне,
әр түрлі жабдықтауға және басқаларға байланысты өнімді жасау және айналдыру
уақыттарында сәйкессіздік туындайды. Бір субъектілерде уақытша қаражат
артықшылығы, енді біреулерінде оның жетіспеушілігі пайда болады. Бұл несие
қарым-қатынастарының туындауына мүмкіндік береді, яғни несие қаражаттардың
уақытша тұрып қалуы мен олардың шаруашылықта қолданылу қажеттілігі
арасындағы қарама-қайшылықтарды шешеді.[1,c.140]
Несиелік қарым-қатынастар экономикада белгілі-бір әдістемелік негізгі
сүйенеді, солардың бірі ссудалық капитал нарығындағы кез-келген операцияны
практикалық ұйымдастыруда қатаң сақталатын принциптер. Бұл принциптер
несиенінің дамуының алғашқы кезеңінде-ақ қалыптасып, кейіннен жалпы
мемлекеттік және халықаралық несие заңдылықтарында тікелей көрініс алды.
Несиенің қайтарымдылығы
Бұл принцип қарыз алушының кредитордан алған қаржы ресурстарын
қолданып болған соң, уақытында қайтару қажеттілігін көрсетеді. Ол
тәжірибеде нақты қарызды несие берген ұйымның шотына аудару арқылы
сөндіруді білдіреді. Бұл банктің несие ресурстарының қайта толықтырылып,
жарғылық қызметінің жалғасуын қамтамасыз етеді.
Отандық тәжірибеде орталықтандырылған жоспарлы экономикада
қайтарымсыз қарыз деген ресми емес түсінік болған. Несиелеудің бұл
формасы әсіресе аграрлық секторда кең тараған. Яғни, мемлекеттік несие
мекемесі қарыз алушының кризистік қаржылық жағдайына байланасты қайтарымсыз
несие беруі. Өзінің экономикалық мәні жағынан қайтарымсыз қарыз бюджеттік
субсидияның қосымша формасы болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында қайтарымсыз қарыз (ссуда) түсінігі
жоспарлы, зиянды жеке кәсіпорын түсінігі сияқты, сондықтан оған жол
берілмейді.
Несиенің мерзімділігі
Бұл принцип несиені несие шартында немесе оны ауыстыратын құжатта
белгіленген нақты бір уақытта қайтару қажеттілігін білдіреді. Осы
көрсетілген шартты бұзу несие берушінің қарыз алушыға алынатын пайызды
өсіру формасында экономикалық санкцияны қолдануына негіз болады, ал ары
қарай мерзімінен кешіктіру (біздің елімізде – 3 айдан жоғары) – сот
арқылы қаржылық талап қоюға мәжбүр етеді. Бұл ережеден тек несие шартында
уақыты анықталмайтын онкольдік ссудалары ауытқиды (Онкольдік несие –
кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелінетін қысқа мерзімді несие). Бұл
ссудалар 19 ғасырда және 20 ғасырдың басында (АҚШ аграрлық секторда) кең
тараған, қазіргі жағдайда қолданылмайды.
Сонымен бірге, онкольдық несие шартында нақты жабу мерзімі
анықталмағанмен, қарыз алушының қарыз алған сәттен бастап банктен алынған
қаражаттарды қайтару туралы ескерту келгенге дейінгі уақыты нақты
бекітіледі. Бұл қарастырылып отырған принциптің қандай бір дәрежеде
сақталуын қамтамасыз етеді.
Несиенің төлемділігі. Ссудалық пайыз
Бұл принцип қарыз алушының банктен алған несие ресурстарын тікелей
қайтарып қана қоймай, оларды қолдану құқығына ақы төлеуін көрсетеді.
Несиеге ақы төлеудің экономикалық мәні қарыз алушының несиеге қолданудан
алған қосымша пайдасын несие беруші мен бөлісуін білдіреді. Қарастырылып
отырған принцип банктік пайыз мөлшерін бекіту үрдісінде практикалық көрініс
алады.
Ол негізгі 3 функция атқарады:
- Заңды тұлғалар пайдасының бір бөлігін және жеке тұлғалардың табысын қайта
бөлу;
- Ссудалық капиталды салалық, сала аралық және халықаралық деңгейлерде
бөлу арқылы өндірісті және айналымды реттеу;
- Экономиканың дамуындағы тоқырау кезеңдерінде банк клиентерінің ақшалай
жинақтарын инфляциядан қорғау.
Ссудалық пайыз ставкасы (немесе нормасы) ссудалық капиталға алынған
жылдық табыс сомасының берілген несиеге қатынасы арқылы анықталып, несие
ресурстарының бағасы ретінде танылады.
Несиенің төлемділігі қарыз алушыны оны өндірісте өнім өндіруге
қолданылуға ынталандырады. Дәл осы ынталандырушы функция жоспарлы экономика
жағдайында толық қолданылмаған, онда несие ресурстарының көп бөлігін
мемлекеттік банк мекемелері минималды төлеммен (1,5-5% жылдық) немесе
пайыссыз берген. Басқа тауар түрлеріне баға бекітуде қоғамдық қажетті
еңбек шығындары анықтаушы элемент болып табылады, ал несиенің бағасы осы
дәстүрлі баға бекіту механизмінен ерекшеленеді. Ол ссудалық капитал
нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың жалпы қатынасын көрсетеді және бір қатар
конъюнктуралық сипаттағы факторларға байланысты:
- нарықтық экономиканың даму циклі (құлдырау кезеңінде ссудалық
пайыз өседі, жедел көтерілгенде – төмендейді);
- инфляциялық үрдіс темптері;
- орталық банктің коммерциялық банктерді несиелеу үрдісіндегі есеп
саясаты арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік несиенің реттік
тиімділігі;
- халықаралық несие нарығындағы жағдайлар (мысалы, АҚШ 80-жылдары
жүргізген несиені қымбаттау саясаты американдық банктерге
шетелдік капиталды тартуға әкелді, ол өз кезегінде сәйкес ұлттық
нарықтарға әсер етті);
- заңды және жеке тұлғалардың ақшалай жинақтарының динамикасы
(олардың қысқару бет алысында ссудалық пайыз жоғарылайды);
- потенциалды қарыз алушылардың сәйкес категориялардың несие
ресурстарына қажеттілігін анықтайтын өндіріс және айналым
динамикасы;
- өндірістің мерзімділігі (мысалы, Ресейде ссудалық пайыз ставкасы
әдетте тамыз – қыркүйек айларында жоғарылайды, ол аграрлық
несие беру қажеттілігіне байланысты);
- мемлекет беретін несие мөлшері мен оның қарызы арасындағы
қатынас (ішкі мемлекеттік қарыз өскен кезде ссудалық пайыз
тұрақты түрде жоғарылайды).
Несиенің қамтамасыз етілуі
Бұл принцип кредитордың мүліктік мүддесін қарыз алушы өзіне алған
міндеттемелерін бұзу мүмкіндігінен қорғауды қамтамасыз етуді көрсетеді.
Кепілдікке қарыз беру немесе қаржылық кепілдікке қарыз беру сияқты
несиелеу формалары арқылы тәжірибеде қолданылады. Әсіресе, жалпы
экономикалық тұрақсыздық кезінде өзекті болып табылады.
Несиенің мақсатты сипаты
Осы принцип несиелік операциялардың басым бөлігіне таратылады, несие
берушіден алынған қаражаттардың мақсатты қолданылу қажеттілігін көрсетеді.
Тәжірибеде несие шартының сәйкес бөлігінде беріліп отырған несиенің нақты
мақсаты бекітіледі және банк қарыз алушының осы шартты сақтауын
қадағалайды. Бұл міндеттемені бұзу несиені мерзімінен бұрын қайтаруды талап
етуге немесе айыппұлдық ссудалық пайыз енгізуге болады.
Несиенің дифференциациялдық сипаты
Бұл принцип несие ұйымдарының әр түрлі категориялы, потенциялды қарыз
алушыларға дифференциациялды тұрғыда қарауын анықтайды. Оның тәжірибеде
жүзеге асуы нақты банктің индивидуалды мүддесіне тәуелді және мемлекеттің
жекелеген салаларды немесе қызмет сфераларын қолдауға байланысты
орталықтандырылған саясатына тәуелді (мысалы, ұсақ бизнес және т.б.).
Қоғамның экономикалық жүйесіндегі несиенің рөлі, орны, олар атқаратын
жалпы және селективті сипаттағы функциялармен сұрыпталған сипаттағы
функциялармен анықталады:
Қайта бөлу функциясы
Нарықтық экономика жағдайында ссудалық капитал нарығы уақытша бос
қаржы ресурстарын шаруашылық қызметінің бір сферасынан екінші бір неғұрлым
жоғары пайдамен қамтамасыз ететін сферасына бағыттап отыратын насос
тәріздес. Әр түрлі салаларда немесе аймақтардағы оның дифференциялдық
деңгейіне бағыттала отырып, несие қосымша қаржы ресурстарын қажет ететін,
динамикалы дамитын объектілерді қанағаттандыруды қамтамасыз ететін
экономиканың макрореттеушісі болып табылады.
Бірақ кейбір жағдайларда бұл функцияның тәжірибеде жүзеге асуы нарық
құрылымындағы қарама-қайшылықтардың тереңдеуіне ықпал етеді, оған Ресейде
нарықтық экономикаға көшу кезеңіндегі капиталдың өндіріс сферасынан айналым
сферасына құйылуы қауіпті сипат алғанын мысал етуге болады. Сондықтан
несиелік жүйені мемлекеттік реттеудің аса маңызды міндеттерінің бірі –
экономикалық басымдылықтарды рационалды анықтап, несие ресурстарын ұлттық
мүдде тұрғысынан жедел дамуы қажет салаларға немесе аймақтарға тартуды
ынталандыру болып табылады.[2,c.52]
Айналым шығындарын үнемдеу
Бұл функцияның тәжірибеде жүзеге асуы тікелей несиенің экономикалық
мәнінен шығады. Шаруашылық субъектілерінің ақша қаражаттарының түсуі мен
шығындалуы арасындағы уақыт айырмасы қаржы ресурстарының артықшылығын ғана
емес, жетіспеушілігін де анықтайды. Міне, сондықтан қарыз алушылардың
барлық категориялары қолданатын меншікті айналым қаражаттарының уақытша
жетіспеушілігін де анықтайды. Міне, сондықтан қарыз алушылардың барлық
категориялары қолданатын меншікті айналым қаражаттарының уақытша
жетіспеушілігін толтыруға арналған ссудалар кең тараған. Олар капиталдың
айналымдылығын жеделдетуді қамтамасыз етіп, жалпы айналым шығындарын
үнемдейді.
Капиталдың шоғырлануын жеделдету
Капиталды шоғырландыру үрдісі экономиканың тұрақты дамуының аса қажет
шарты және кез келген шаруашылық субъектісінің басым мақсаты болып
табылады. Бұл міндетті шешуде өндіріс масштабтарын кеңейтіп (немесе басқа
шаруашылық операциясын), сол арқылы қосымша пайдамен қамтамасыз етуге
мүмкіндік беретін қарыз қаражаттар нақты көмек береді. Оның бір бөлігін
кредитормен есеп айырысуға бөлу қажеттігін ескерген күннің өзінде несие
ресурстарын тарту тек меншікті қаражаттарға ғана сүйенуге қарағанда тиімді.
Бірақ, айта кететін жайт, экономикалық құлдырау кезеңінде (әсіресе,
нарықтық экономикаға көшу жағдайында) бұл ресурстардың қымбаттылығы
шаруашылық қызметінің көптеген сфераларында оларды капиталды шоғырландыру
міндетін шешу үшін белсенді қолдануға мүмкіндік бермейді.
Тауар айналымына қызмет көрсету
Бұл функцияның жүзеге асуы үрдісінде несие тауар айналымымен қатар
ақша айналымында жеделдетеді. Ақша айналымына вексельдер, чектер, несие
карточкалары және басқа да құралдарды енгізе отырып, қолма-қол есеп
айырысуды қолма-қол ақшасыз операциялармен ауыстырып, ішкі және халықаралық
нарықтардағы экономикалық қарым-қатынастар механизмін жеделдетіп,
жеңілдетеді. Осы міндетті шешуде тауар айырбасының аса қажет элементі
ретінде коммерциялық несие белсенді рөль атқарады.
Ғылыми-техникаклық прогресті жеделдету
Соғыстан кейінгі жылдары ғылыми-техникалық прогресс шаруашылық
субъектісінің экономикалық дамуындағы анықтаушы фактор болып табылады.
Оны жеделдетудегі несиенің рөлін ғылыми-техникалық ұйымдар қызметін
қаржыландыру үрдісі мысалынан байқауға болады. Олардың қызметіндегі
ерекшелік, ондағы алғашқы қаражатты салу мен дайын өнімді өткізу арасындағы
уақыт айырмасы басқа салаларға қарағанда ұзақ болып келеді.
Сондықтан, көпшілік ғылыми орталықтардың қалыпты қызмет етуі несие
ресурстарын қолданусыз мүмкін емес (бюджеттік қаржыландырудағыларды
қоспағанда). Сонымен қатар, несие тікелей өндіріске ғылыми жаңалықтар мен
технологияларды енгізу формасындағы инновациялық үрдістерді жүзеге асыру
үшін қажет. Оның шығындарын кәсіпорын мақсатты орта және ұзақ мерзімді банк
ссудасы есебінен қаржыландырады. Сонымен, несие кредитор мен қарыз
алушының арасында уақытша қолданудан құнға байланысты туындайтын
экономикалық қарым-қатынастар.
Нарықтық экономика жағдайында несие келесі функцияларды атқарады:
- уақытша бос ақша қаражаттарын аккумуляциялау;
- ақша қаражаттарын қайтарымдылық шартында қайта бөлу;
- айналымның несиелік құралдарын жасау (банкнот және қазына
билеттері) және несие операцияларын жасау;
- жиынтық ақша айналымының көлемін реттеу.
Несиенің негізгі принциптері: ақылық, мерзімділік және қайтарымдылық.
Несиелеу әдісі – несиенің берілу және қайтарылу ерекшеліктерімен
байланысты болатын, банктік несиенің кәсіпорындардың қаражат айналымының
шеңберінде қатынасу тәсілдері. Реформалауға дейінгі кезеңдегі отандық
банктің тәжірибеде несиелеудің екі әдісін қолданған:
- қалдық бойынша несиелеу;
- айналым бойынша несиелеу.
Қалдық бойынша несиелеу барысында несие қозғалысы несиеленетін
құндылықтар қалдықтарымен тығыз байланысты болды. Ондай құндылықтарға: әр
түрлі тауарлы-материалды құндылықтар (шикізат, негізгі және қосымша
материалдар, қосалқы бөлшектер, тауарлар және т.б.), аяқталмаған өндіріс,
алдағы кезеңдегі шығыстар, дайын өнімдер және жөнелтілген тауарлар жатады.
Қорлардың нормативтен жоғары өсуі несиеге деген сұраныс тудырып, ал олардың
азаюы несиенің сол мөлшерде қайтарылуын талап етті. Мұндай несиелеу
әдісінде несие компенсациялық сипатта болады, өйткені, несие шаруашылық
органдардың құндылықтары мен шығындар қорларының нормативтен жоғары
бөлігінде жұмасалған меншікті қаражаттарының орнын жабуға бағытталды.
Компенсациялық несиелер жай несиелік шоттар бойынша беріледі. Сондай-ақ,
бұл несиенің қайтарылуы есеп айырысу шотынан шегеру жолымен жүзеге
асырылады.
Айналым бойынша несиелеу (тауар айналымы) әдісінің ерекшелігі ондағы
несие қозғалысы материалдық құндылық айналымымен, яғни олардың түсу және
жұмсалуына байланысты анықталады. Бұл несиелеу әдісінде жаңа несиенің
берілуі мен бұрын берілгені бойынша қарыздың қайтарылуы уақыт бойынша
ұштасып қалып отырады. Мұнда несие төлемдік сипатқа ие болды, себебі
несиенің берілуі тікелей төлемге қатысты және ең бастысы, заемдық
қаражаттарға деген қажеттілік туындаған кезде жүзеге асырылады. Сөйтіп,
айналым бойынша несиелеу әдісі төлемдік сипаттағы несиелердің көмегімен
жүргізіліп, арнайы несиелік шарттар бойынша беріліп отырған.
Бұл жерде несиенің қайтарылуы өнімді сатудан түскен ақшалай түсімдер
банктік несиелік шотқа түсу арқылы жүзеге асқан.
Демек, бірінші әдіс бір-ақ рет пайдалануға жараса, ал екіншісі банктік
несиелерді үнемі беріп отыру үшін қызмет етумен қатар, халық шаруашылығының
қорларының айналым шеңберін және төлем айналымын ұйымдастыруда оның рөлі
арта түсті.
Қалдық бойынша несиелеу әдісі нарықтық жағдайға өтумен байланысты
өзінің тәжірибелік маңызын жоғалтты, өйткені 80-ші жылдардағы банкті
реформалаудың бірінші кезеңінің жүрісінде саны көп ауқымды объектілерді
несиелеуден (қалдық бойынша, сол сияқты айналым бойынша да) бір тұтас
несиелеу механизмі бойынша ірі объектілерді тек айналым бойынша несиелеуге
өтудің ебъективті үрдісі аяқталды. Мұндай айналым бойынша несиелеу жиынтық
қорлар мен өндіріс шығындары бойынша несиелеу формасында қабылдады, сондай-
ақ мұндай формаға іс жүзінде шаруашылықтың барлық салалары өткізілді.
Қазіргі жағдайда мұндай тәртіпте өнеркәсіптік, көлік, құрылыс, ауыл
шаруашылық, сауда және жабдықтау сату ұйымдары несиеленеді.[3,c.111]
Сонымен, қазіргі банктік тәжірибеде несиелеу әдісінің үш түрі
қарастырылады:
- айналым бойынша несиелеу әдістері;
- қалдық бойынша несиелеу әдістері;
- айналым-қалдық бойынша несиелеу әдістері.
Айналым бойынша несиелеу барысында несие несиелеу объектісінің
айналымындағы қозғалысын жалғастырып отырады. Несие қарыз алушының
шығындарын оның ресурсы босағанға дейін аванстайды. Несиеге деген
объективтік ұлғайту шараларына байланысты несие мөлшері өсіп, бұл
қажеттілікті ұлғайту шараларына байланысты несие мөлшері өсіп, бұл
қажеттіліктің азаюна байланысты несие қайтарылады. Бұл әдіс негізінен
несиені қозғалысымен қажеттілікті төмендету немесе ұлғайту шараларына
байланысты болып табылады.
Қалдық бойынша несиелеу барысында несие несиеге деген қажеттілік
тауарлы-материалды құндылықтар және шығындар қалдықтарымен өзара
байланысты. Мысалы, кәсіпорын өзіне қажетті құндылықтарды өзінің қаржылай
көздері есебінен сатып алуы мүмкін және содан соң оларды қамтамасыз ете
отырып, несие компенсациялау тәжірибесінде беріледі, ал қажетті материалды
сатып алу шығындары авансылау үшін берілмейді.
Қалдық бойынша несиелеуде несиелеу объектісінің кішкене бөлігі
қамтылса, ал айналым бойынша несиелеуде несиелеу объектісі толық қамтылады.
Айналым және қалдық бойынша несиелеудің іс-жүзінде ұштасуының
нәтижесінде айналым – қалдықтық әдісі түзіледі. Мұндағы бірінші кезеңде,
несиеге деген қажеттіліктің туындауына байланысты несие берілсе, ал екінші
кезеңде, берілген несие қатаң түрде өтеледі. Бірінші кезеңде тауарлы-
материалды құндылықтарды кепілге алып, шығындар айналымының бастапқы
кезеңінде берілсе, ал екінші кезеңінде несие клиенттің банк алдындағы
мерзімді міндеттемелер негізінде өтеледі.
Шетелдік банктік тәжірибеде несиелеудің мынадай екі әдісі белгілі:
бірінші әдіс бойынша несиені беру туралы мәселе әр рет алған сайын
қарапайым тәртіппен шешіледі. Несие қаражатқа деген белгілі бір мақсатты
қажеттілікті қанағаттандыруға беріледі. Бұл әдіс несиелерді нақты бір
мерзімге, яғни мерзімді несие беру уақытында қолданады. Екінші әдіс
барысында несиелер қарыз алушы үшін банктің алдын ала белгіленген несиелеу
шегі көлемінде беріледі.[4,c.147]
Субъектілер бойынша несиелерді бөлу несиелеу жүйесінде тағы бір сыныптама
түсінігін тудырады – несие түрлері бойынша бөлу. Ол экономикалық және
ұйымдастырушылық қатынаста белгілі-бір нақты несие мәмілесіне тән жиынтық
белгілерін көрсетеді. Несиелік мәміленің экономикалық белгілері – бұл
несиенің өзінің белгілері, олар бірегей болады. Ұйымдастырушылық белгілер
әрбір жеке жағдайларда әр түрлі болуы мүмкін. Осы салалық бағытталушылыққа
қарай өнеркәсіптік, сауда, банкаралық несиелерді бөлуге болады. АҚШ-та
ссудаларды сыныптаған кезде ауыл шаруашылық несиелерді бөледі.
Заңды тұлғаларға берілетін несие түрлері мыналар: лизингтік, ломбардтық,
овердрафт, овернайт, контокорренттік, факторингтік, форфейтингтік,
онкольдық, бланктік және т.б. Әрқайсысына түсінік беретін болсақ, лизингтік
несие өндіріске керекті құралдарды сатып алушыларға берілетін несие.
Ломбардтық несие – құнды заттарды, бағалы қағаздарды кепілге ала отырып
берілетін несие.
Овердрафт – банктің қысқа мерзімді өтімділігін қамтамасыз етуге арналған
бір күндік несие.
Овернайт – бір түнге берілетін несие түрі.
Контокоррентік – несиелік желі арқылы активті-пассивті шот бойынша
берілетін несие.
Факторингтік – жабдықтаушының дебиторлық қарызын ала отырып берілетін
несие. Ол қысқа мерзімге, 180 күнге дейін беріледі.
Форфейтингтік – экспортерға импортердің төлеуге тисті төлем талабын сатып
алуын білдіреді. Бұл тек халықаралық қатынаста вексель және чекті
пайдаланып жүзеге асырылады.
Онкольдық – банктің 1-ші класты клиенттеріне талап етуге дейін берілетін
несие.
Бланктік немесе сенім несиесі – қамтамасыздандырусыз берілетін несие
түрі.
Несиелеу объектісіне келетін болсақ, бұл – несиенің пайдалану заты, яғни
несиенің іске асырылу аясы деп түсінуге болады.
Қазақстанның банктік тәжірибесінде қысқа мерзімді несиелеу объектісіне
Экономиканы қысқа мерзімді несиелеу Ережесіне сәйкес, банк несиесі
есебінен құралатын өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларының бір
бөлігі жатады. Несиелеу объектісі материалды құндылықтар, өндіріс және
айналыс шығындары түрінде, сол сияқты, егер несие материалдық жағынан
қамтамасыз етілмеген жағдайда, банк алдындағы шаруашылық ұйымның
міндеттемесі ретінде де болады. Материалды қамтамасыз етілген несиелеу
обьектісіне өндірістік шикізат қорлары, негізгі және көмекші материалдары,
жанармай, ыдыстар, сатып алынатын жартылай өнімдер, азықтар және басқа да
материалды құндылықтардың маусымдық жинағы және өнеркәсіптегі дайын
өнімдердің және сауда ұйымдарындағы тауарлардың маусымдық қорлары жатады.
Мұндай қорларды жасау өндіріспен және өнімдерді сату үрдісімен тығыз
байланысты.
Несиелеу объектісі, сондай-ақ, экспортты және импортты тауарлар мен
қызметтермен жабдықтау, экономикалық қызметке байланысты шығындар,
кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалардың сатып алатын
шикізаттары, материалдары, құралдары және басқа да мүліктері, ломбардтық
операциялар, шаруашылық субъектілердің кірістері мен шығыстары арасындағы
алшақтық жатады.[4,c.63]
Несиелік қатынастарды ұйымдастыру сұрақтары төмен рентабельділігі бар,
тұрақсыз қаржылық жағдайдағы қарыз алушылармен ерекше егжей-тегжейлі
қарастырылуы керек. Мұндай қарыз алушыларға ссуда беру тек қана оның
қайтарылуына гарант алған жағдайда жоғары тұрған буындардың немесе билік
органдарының негізделген ұсынысы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Ол белгілі
бір аймақтың әлеуметтік және экономикалық қажеттіліктерін
қанағаттандыру қажеттілігінен туындауы мүмкін.
Несиелеуді экономикалық-ұйымдастырушылық қатынастарының белгілі бір
қабаты, яғни несиелік қатынастардың жоғарғы буыны несиелік механизм болып
табылады. Мұндағы буын ретінде несиенің объективті сипатын және несиелік
қатынастарды ұйымдастыруға байланысты шаруашылық субъектілердің қызметінің
өзара іс-әрекеті түсіндіріледі.
Демек, несиелік механизмге несиенің мазмұны және өзіндік ерекшеліктерін
сипаттайтын қатынастар және олардың пайда болу әдістері, тәсілдері және
формалары жатады. Соңғылары несиелік қатынастардың мәніне жатпағанымен де,
олар несиелік тәжірибені сипаттайтын үрдіске жақын немесе оның үстінде
қалыптасады.
Несиелік механизм банктік қызметке байланысты заңдармен, банктердің
дербес несиелік саясаттарымен және экономиканың тиімділігін арттыру
міндеттерімен анықталады .
Жалпы алғанда, жоғарыда айтылып кеткен несиелеу элементтерін (субъект,
объект, қамтамасыздандыру) бір-бірінен ажыратуға болмайды. Егер субъект
ретіндегі фирманың жоғары беделі болып, қамтамасыздандырусыз несие сұраса
немесе бұрын банктен ссуда алмаған фирма жақсы кепіл бере отырып несие
сұраса банк екі жағдайда қандай шешімге келеді? Банк үшін бір элементтің
ғана бар болуы жеткілікті ме, сол элемент қана абсолютті мәнде болып,
қалғандары тек теориялық мәнде жүруі дұрыс па?
Осындай сұрақтардың шеңберінде несиелеу жүйесінің тағы бір элементі
туындайды – бұл сенім. Ол несие түсінігінің өзінен пайда болады: латын
тілінен аударғанда credo сенемін дегенді білдіреді. Несиелеуде екі жақ
– несие беруші мен қарыз алушы қатысатыны белгілі. Олардың арасында
ссудаланатын құн қозғалысы жүреді.
Қазіргі несиелеу жүйесінде шаруашылық ұйымдардың меншікті және зайымдық
қаражаттар арасындағы шекті қатынасты белгілеуде мемлекет тарапынан қандай-
да бір әмір жүргізу жоқ. Шаруашылық ұйымдардың қызметтерінің коммерциялық
негізі, экономикалық тұрғыда олардың меншікті қаражаттарын зайымдық
қаражаттар үшін толық материалдық жауапкершілікте болуын жүктейді. Мұнда
зайымдық қаражаттар ретінде тек қана банктік несие емес, сол сияқты ақшалай
және тауарлай формасындағы шаруашылықаралық несие қарастырылады.
Кәсіпорындарға кімнің қаражатын және қанша көлемде зайымға алу туралы
өздері анықтауға құқық берілген, ал оларды пайдалану шарты келісім-шартта
анықталады.
Шаруашылық айналысындағы меншікті қаражаттар мөлшері бүгінгі күні
берілуге жататын несие мөлшеріне, сондай-ақ несиелік қабілетін анықтау
барысындағы клиенттің кластық дәрежесін сипаттайтын көрсеткіштерге әсер
етеді.
Қазіргі несиелеу жүйесі банктің ресурсына негізделеді, ал несиелік
механизм коммерциялық сипатқа ие. Осыған байланысты сауда мотивтері,
үнемдеу мотивтері ерекше маңызды болып келеді. Мұндай жағдайда несиелеудің
тек кәсіпорынның қосымша қаражатқа деген қажеттілігін қанағаттандыру ғана
маңызды емес, сонымен қатар несиелік мекеменің рентабельділігін арттыру
үшін де несиелеудің маңызы зор. Дәл осы тұста коммерцияның арзанға сатып
алып, қымбатқа сату принципі орын алады. Бұл, әрине, клиенттердің
несиелері мен депозиттеріне, сол сияқты банкаралық несиеге де тиісті.
Қазіргі несиелеу жүйесінің басты ерекшелігі банктердің меншікті және
тартылған ресурстарына ғана байланысты емес, сол сияқты клиенттерді
несиелеуді жүзеге асыратын коммерциялық банктер үшін Орталық банк бекітетін
нормаларға және пруденциалдық нормативтерге байланысты келеді. Мысалға, ҚР
ҰБ орталық резервтерге міндетті төлемдер аудару нормасын белгілейді. Сол
сияқты, басқа да нормативтер, оның ішінде коммерциялық банкте құрылатын ең
төменгі ақшалай резервтер түрінде, ең ірі несиелер көлеміне шектеу, банк
балансының өтімділігінің параметрлері сияқты банктің міндеттемелерін өтімді
қаражаттар резервімен салыстыра өлшеу арқылы белгіленетін формалардағы
нормативтері де бар.
Қазіргі несиелеу жүйесінің маңызды бір белгісі оның келісім-шартқа
негізделуі болып табылады. Өткен несиелеу жүйесінде клиент пен банк
арасында қарыз алу барысында жасалатын келісім-шарттың экономикалық маңызы
төмен болғандықтан да, оны формалдық сипатта болды деп айтуға болады.
Кейіннен коммерциялық ынталандыру туындағаннан кейін ғана банк пен қарыз
алушы арасында несиелік шартқа отырып, ол шарт несие берушінің де, қарыз
алушының да жауапкершілігін нығайта түсті.
Қалыптасып отырған қазіргі несиелеу жүйесінің келесі маңызды ерекшелігі –
бұл несиелеудің объектіден субъектіні несиелеуге өтуі. Бұрынғы несиелеу
жүйесі объектіні несиелеуге ғана негізделгені бізге белгілі. Тауарлы-
материалдық құндылықтар қоры және өндірістік шығындардың болуы несиені
алуға құқық берді де, ссуданың қайтарылу барысына терең талдау
жүргізілмеді, клиент үшін жоспардың орындалуы ссуданың қайтарылуына
автоматты түрде кепіл болады.
Жаңа несиелеу жүйесі дәтүрлі және өзіндік ерекше принциптерге
негізделеді, оның ішінде мерзімділік және қамтамасыз етілу қағидалары, сол
сияқты несиенің ақылылық сипаты да ескеріледі. Сонымен қатар олардың
бірқатарының мазмұны түбірімен өзгерген. Бұдан бірнеше жылдар
бұрын жақсы және жаман жұмыс жасайтын кәсіпорындар категориялары өмір
сүріп, несиелеуде дифференциалданған режим қолданылған. Кәсіпорынды бағалау
негізіне олардың жоспарлы көрсеткіштерін орындау дәрежелері жатқызылды.
Бүгінгі таңдағы қалыптасқан жүйе несиенің уақытында қайтармау тәуекелін
төмендетіп, клиенттің несиелік қабілетін ескереді. Сондай-ақ, коммерциялық
банк қарыз алушыны төлем қабілетінсіз деп жариялай отырып, оны қайта
ұйымдастыру және тарату туралы сұрақты қоюға құқылы.
Несиенің қамтамасыз етілу принциптеріне де байланысты өзгерістер болды.
Тәжірибе көрсеткендей, ссудалардың тауарлы-материалдық құндылықтар
қалдығымен қамтамасыз етілуі олардың уақтылы қайтарылуына кепіл болмады.
Сондықтан да қамтамасыз етілмеген ссудаларды бұрынғы тәжірибеде
қалыптасуына байланысты түсіну банк тарапынан жіберілмеуге тиіс. Қайтару
тұрғысынан алғанда, толық кепілдігі жоқ ссудалар ғана біршама сенімді
несиелер болып табылады.
Қазіргі несиелеу жүйесінің келесі бір ерекшелігіне банк несиелерін жоғары
дәрежеде кепілдендіру формаларына өту жатады. Несиенің қайтарылуын
қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда әлемдік тәжірибедегідей біршама сенімді
формаларға сенім құқы, кепілдеме және кепіл-хат, жалпы алғанда сақтандыру
жүйелері жатады. Осындай формаларды қамтитын несиелік механизм банкке
өзінің тәуелсіздігін нығайту, сонымен қатар несиелік тәуекелді төмендету
мүмкіндігін береді.
Жалпы, кәсіпорындарды несиелеудің өзгерген жүйесі біршама дәрежеде
нарықтық қатынастарға сай келетін үлгі ретінде оларды бағалауға мүмкіндік
жасайды.
Бұл несиелеу шегі оларға белгілі бір мерзім аралығында төлем
құжаттарын банкке төлеуге көрсету жолымен қажеттілік шараларына байланысты
пайдаланылады.
Несие берудің мұндай формасын несиелік желі деп атайды. Несиелік желі
– келісілген лимит негізінде белгілі бір мерзім ішінде қарыз алушыға несие
беріп отыратындығы заңдастырылған, яғни банктің қарыз алушы алдындағы
міндеттемесі.
Ашылған несиелік желі арқылы несиенің есебінен банк пен қарыз
алушылардың арасында жасалған несиелік келісім шартқа сәйкес, кез келген
есеп айырысу құжаттарын төлеуге болады. Несиелік желі көбіне бір жылға ғана
ашылады, бірақ кейде одан да қысқа мерзімге ашылуы мүмкін. Клиент банктің
несиелік желі мерзімінің кез келген уақытында қосымша келіс сөздер
жүргізбей-ақ және ешқандай бланк толтырусыз несие ала алады. Бірақ банк
қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлағанын байқап қойса, бекітілген
шек көлемінде несие беруге келіспеу құқығы сақталады. Белгіленген тәртіп
бойынша, несиелік желі тұрақты қаржылық жағдайы және жақсы ресуртары бар
клиенттерге ашылады. Клиенттің өтініші бойынша несиелеу шегі қайта қаралуы
да мүмкін. Несие желінің жаңартылатын және жаңартылмайтын түрлері
болады.[5,c.120]
Жаңартылмайтын несиелік желі ашқан жағдайда несиені беріп және оны
өтегеннен кейін банк пен клиент арасындағы қарым-қатынас аяқталады.
Жаңартылатын несиелік желі барысында (револьверлік) несие автоматты түрде
қарыздың белгіленген лимит шегінде беріледі және өтеледі. Несиелік желі сол
сияқты, мақсатты да болуы мүмкін. Мұндай мақсатты несиелік желі клиенттің
бір келісім шарт төңірегінде белгілі бір тауарларды жабдықтауды төлеуі үшін
ашылады. Жаңартылған несиелік желі әдісінің сыртқы көрініс жағынан
отандық, яғни ірі объектінің айналымы бойынша несиелеу әдісіне көбірек
ұқсастығы болады. Бірақ та олардың арасында айырмашылықтар бар. Сөйтіп,
шетелдік банктер несиелік желіні тек бірінші кластық қарыз алушыларға бөліп
жатпайды. Сонымен қатар, несиелеу шегін анықтау тәсілдері де әр түрлі, сол
сияқты өлшенбейтін төлемдер көлеміне байланысты ажыратады. Бізде ол бір
шама маңызды. Мұндай кемшіліктер бар жаңа коммерциялық құрылымдарға
несиелік желі ашуға болмайды. Бірақ та, мұндай клиенттерді несиелеудің
басты әдісі – әр жекелеген несиелерді беру барысында қарапайым көз қараста
болу болып табылады.
Екінші деңгейдегі коммерциялық банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкінен банкті ашу туралы рұқсат пен банктік операцияларды жүгізуге
лицензия алған жағдайда ғана қызмет ете алады. Несиелеу келесідей заңдарға
негізделіп жүргізіледі: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы,
Қазақстан Республикасында бантер және банктік қызмет туралы.
Банктер, несиелеу үрдісі кезінде, нарықтық қатынастардың орнығуына,
қоғамдық өндіріс тиімділігінің артуына, еліміздің экономикасы мен
қаржысының тұрақталуына, айналымдағы ақша массасының артылып кетуіне жол
бермеуге, инфляциялық үрдісті тежеуге сонымен қатар, ұлттық валютаның
тұрақталуына үлес қосулары керек.
Банктік қарыздар өндіріс тиімділігін яғни оның ғылыми-техникалық деңгейін
арттыруға, өнімнің жаңа жоғарғы сапалы түрлерін шығаруға, халыққа түрлі
қызметтерді көрсетуге, халыққа және экспортқа қажетті тауарлы-материалдық
құндылықтарды шығаруға байланысты қызметтерді несиелеу үшін берулері қажет.
Осыған қоса, банктер нарықтық инфрақұрылымның орнатылуын, сауда қарым-
қатынастарының кеңеюін қолдап отыруы керек. Қарызды жоспарлауға, алуға,
өтеуге байланысты сұрақтарға жауапты қарыз алушы өзі қызмет етіліп жатқан
банктен таба алады. Яғни несиені бермес бұрын банк қарыз алушымен
келісімшарт жасасады. Бұл келісімшартта несие үрдісі жайлы ақпарат толық
әрі түсінікті берілуі қажет. Несиенің мерзімі, пайызы, сомасы сияқты
мәліметтер келтіріледі.
Несиелеу мерзімділік, қайтарымдылық, төлемділік және қарыздың мақсатты
жұмсалу шарттары негізінде беріледі. Банктер қарызды өздерінде бар
ресурстар шегінде ұсынулары қажет.
Қысқа мерзімді несиелеудің қызмет етіп жатқан механизмі келесі
элементтерді қарастырады:
- несиелеу объектілері;
- несиенің жоспарланған көлемі және оның мақсатты бағыттылығы;
- қарызды беру және өтеу шарттары, олардың қарыз алушы қызметінің
жақсаруына үлесі;
- қарыз бойынша пайыздық мөлшерлемелер, олардың төмендеуі немесе ұлғаюы;
- қарыз алушының несие өтелмей қалған жағдайда ұсынатын кепілдігі
(кепіл, кепіл зат, өкілділік және т.б.);[5,c.85]
- несиелеуге қажетті есептері мен мәліметтер тізімі, оларды қарыз
алушыға ұсыну мерзімі және басқа да шарттары;
- несиелік келісімшартта берілген шарттардың ең болмаса біреуі бұзылған
жағдайда қолданылатын жазалау шаралары.
Жалпы несие ұзақ, орта, қысқа мерзімді болуы мүмкін. Қысқа мерзімді
несиелеу қарыз алушының ағымдағы қызметін ұлғайту үшін беріледі.
Несиелеу үрдісі мынандай кезеңдерді қамтиды:
• несиеге деген өтінішті қарау;
• несиелік қабілетін талдау;
• несиелік келісімшарт жасасу;
• несие беру;
• несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау.

Кез келген банктерде сияқты, Цесна Банкі АҚ-да да клиентке қарызды
беру несиенің мақсаты бағытына байланысты дербес шоттар арқылы жүзеге
асырылады. Өнімді өткізуден түскен түсім және басқа да ақшалай қаражаттар
қарыз алушының есеп-айырысу шотына келіп түседі. Несие несиелік
келісімшартта көрсетілгендей қарыз алушының тауарлы-материалдық құндылықтар
мен қызметтер бойынша есепті – қаржылық құжаттардың төлемін жүргізуге,
аккредитивтерді ашу және қарыз алушының басқа да қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін есеп-айырысу шотында қаражаттар таусылған жағдайда
беріледі. Ал кейбір жағдайларда, есеп-айырысу шотында қаражаттар болса да,
банк басшысының рұқсатымен несие тауарлы-материалды құндылықтар мен
көрсетілген қызметтер үшін шоттар бойынша төлем жүргізілуі мүмкін. Несиені
ұсыну үрдісі несиелік келісімшартта көрсетілгендей бір жолғы, күн сайын
және басқа мерзімде жүргізілуі мүмкін. Бір жолғы несиелер бір жолғы
контракт пен келісімшарт үшін шоттар бойынша төлем жүргізуге беріледі.
Толық қамтамасыздандырылмаған несиелерді толық алмау мақсатында ай
сайын несиені қамтамасыздандыруды тексеріп отыру қажет. Егер ссудалық
қарыздан қамсыздандыру қалдығы асып түссе, яғни қарыз алушының өтініші
(ходатайство) бойынша қамсыздандырудың артықшылығы байқалса, онда банк
қарызды ең алдымен кешіктірілген несиені жабу үшін беріледі, ал қалған
қаражат есеп-айырусу шотына түседі.
Несиелік келісімшартта көрсетілген несиені беру және өтеу ережелері мен
шарттарына сәйкес, банктің несиелік бөлімшесі несие беру туралы өкім
дайындайды. Егер клиент шаруашылық субъект атынан бірінші рет келіп тұрса,
ол кәсіпорын атынан жұмыс істеуге рұқсат қағазын тексеру керек. Несие
әдетте қолма-қолсыз түрде беріледі. Алайда банк басшылығының шешімі бойынша
кейбір жағдайларда, мысалы жеке тұлғаларды несиелендіру кезінде, сонымен
қатар тұтыну несиесін ұсынған жағдайда қарыз қолма-қол түрде берілуі
мүмкін.
Қазіргі кездегі несиелендіру тәжірибесінде банктік несиені арнайы
ссудалық шоттар арқылы беруде. Бұл жағдайда түсім арнайы ссудалық шотқа
келіп түседі, өткізілген тауар мен өнім бойынша шаруашылық органдардың есеп-
айырысу шоттарына бөлінеді. Бұл тәртіппен сауда, дайындау, жадбықтау
ұйымдары несиелендіріледі, өйткені мұндай ұйымдарда тауарлы-материалдық
құндылықтар айналымы тез жүріп отырады.
Несиелеу үрдісі кезінде банк қарызды қамтамасыздандыруды, қорлар мен
шығындардың нақты жағдайын, дебиторлық және кредиторлық берешектерді
қадағалап отыру қажет. Егер банк қарыз алушының қорлар немесе шығындар
бойынша қалдықтардың төмендегенін байқаса, онда ол қоймалық немесе
бухгалтерлік есепті тексереді.
1 кезең. Банкке келіп түскен несиеге деген өтінішті қарау
Кез келген несиелік операциялар осыдан басталады. Мұндай құжаттарда
қарыз алушы мен сұралатын несие туралы негізгі мәліметтер: мақсаты,
мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі.
Банктің қоятын талаптарына байланысты өтінішке қосымша, яғни несиелік
операциялар сипатына байланысты құжаттар беріледі. Клиенттердің әр түрлі
топтары үшін әр түрлі құжаттар пакеті әзірленуі мүмкін. Мысал ретіндегі
құжаттар пакетінің құрамына кіретіндер:
1) құрылтайшылық құжаттардың, жарғының, жалға алу шартының, тіркелген
куәліктерінің немесе патенттерінің; нотариалды түрде
куәландырылған жерді пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар;
азаматтардың төл құжаттары және клиенттің несие алуға құқығын
растайтын басқа да құжаттардың көшірмесі;
2) соңғы екі жылдық қарыз алушының балансы және оған қосымша беттер;
3) несиеленетін шаралардың ретабельділік деңгейін және оның қайтарылу
мерзімін сипаттайтын техникалық-экономикалық есебі;
4) несиеленетін мәмілелерді растайтын келісімшарттар көшірмелері
(материалдық құндылықтарды жабдықтауға және сатуға арналған
шарттар, тауарлы-материалдық құндылықтар шотының көшірмелері және
т.с.с.);
5) басқа банктерден алған несиелер туралы мәліметтер (шоттар бойынша
көшірме);
6) қамтамасыз ету мақсатында кепілге берілген мүлікке қарыз алушының
меншік құқығын растайтын құжаттар;
7) несиені қайтаруға байланысты міндеттемені куәландыратын құжат;
8) қызметін жаңадан бастаған, яғни қаржылық есептер және басқа да
құжаттары жоқ кәсіпорынның бизнес жоспары.
Қажет жағдайларда банк қарыз алушыдан несиені қайтаруын қамтамасыз
ететін басқа да құжаттар мен мәліметтерді талап ете алады. Сонымен қатар,
банкпен тұрақты несиелік қатынаста болатын қарыз алушылар үшін кейбір
құжаттар тізімі қысқаруы мүмкін. Қарыз алушы банкке несие алуға өтініш
жасаған уақытта, банк несиелеудегі оның мүмкіндігін алдын ала бағалау үшін
есеп карточкасын толтыруы мүмкін. Онда: фирманың жетекшісі мен қарыз
алушының аты-жөні; қызметі және меншік түрі; клиенттің заңды мекен-жайы;
ағымдық және валюталық шот ашқан банктің аты және реквизиттері; негізгі
құрылтайшылары: ол сұрайтын несиенің мақсаты, сомасы және мерзімі; соңғы
есептік күнге берілетін баланс құрылымы және басқа да көрсеткіштер.
Тапсырылған құжаттарды оқып үйрену барысында банк қарыз алушының алған
несиесін қайтару қабілетін бағалаудың шешім қабылдау үшін аса маңызы бар.
Бағалау техникалық-экономикалық есеп негізінде жасалады.
2 кезең. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау кезеңі
Қарыз алушының несиелік қабілеті – қарыз алушының алған несиесі бойынша
қарызды уақытылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалаумен
сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен
болуы мүмкін, сондықтан да банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан
бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банктің өтімділігіне
ықпал етеді.
Қарыз алушының несиелік қабілетіне талдау жасау барысында мынандай
факторлар есепке алынады:
1) несиеге қатысты қабілеттілігі. Қарыз алушыға несиені бере отырып,
қарыз алушының атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын
Жарғысы және нұсқаумен танысуға тиісті;
2) қарыз алушының іскерлік беделі. Несиелік мәмілеге тиісті беделі
деп қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана түсінбейді,
сонымен қатар, келісімшартқа байланысты барлық міндеттемелерді
орындауы түсіндіріледі;
3) табыс алу қабілеті. Банк қарыз алушының несиені қайтаруға
жеткілікті қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет.
Қарыз алушының табыс алу қабілетін анықтау барысында сату көлеміне,
баға шығындарына, шығыстарға әсер ететін факторлар есепке алынады. Бұл
факторларға: қарыз алушы кәсіпорынның орналасқан жері, оның тауарлары мен
қызметтерінің сапасы, шикізат құны, қызметкерлерінің біліктілігі жатады.
Несиелеудегі шетелдік тәжірибеде бұл факторларға қоса жарнамалау
тиімділігі, бәсеке сияқты факторлар ескеріледі.
3 кезең. Несиелік және кепіл туралы келісімшарт жасасу
Қазіргі несиелеудің басты ерекшеліктері бойынша банк қарыз алушының
несиелік қабілетін тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасасу үшін
несиелеу субъектісімен қатынасқа түседі. Несиелеуге байланысты барлық
сұрақтарда банк пен қарыз алушы келісімшарт шешеді.
Несиелік келісімшарт екі жақтың өзара міндеттемелерін және
жауапкершіліктерін анықтайды. Онда мыналар көрсетіледі:
- несиелеу мақсаты және объектісі;
- несиенің мөлшері;
- несиені беру мерзімі және қайтару шарттары;
- несиені қамтамасыз ету формасы;
- несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі;
- несиенің қозғалысын және клиенттің қаржылық жағдайын бақылау үшін
қарыз алушының беретін құжаттарының тізімі;
- несиелеу үрдісіндегі банктің бақылау қызметі.
Несиелік келісімшарттың мазмұнын келісуші жақтардың өздері анықтайды.
Несиелік қатынастарды ұйымдастыру тәжірибесінде кепіл туралы
келісімшарттың орны ерекше. Кепіл туралы шарт кепіл затына байланысты
ажыратылады.
Кепіл затына: заттар, бағалы қағаздар, басқа да мүліктер және мүліктік
құқықтар жатады.
Материалдық-заттық мазмұнына қарай кепіл заттары мынандай топтарға
бөлінеді:
1.Клиенттің мүліктерінің кепілі:
1.1. тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі:
1.1.1. шикізаттар, материалдар, жартылай өнімдер кепілі;
1.1.2. тауарлар және дайын өнімдер кепілі;
1.1.3. валюталық бағалылар (нақты валбталар), алтыннан жасалған
бұйымдар кепілі;
1.1.4. басқа да тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі;
1.2. бағалы қағаздар кепілі;
1.3. сол банктегі депозиттер кепілі;
1.4. жылжымайтын мүлік кепілі.
2. Мүліктік құқықтар кепілі:
2.1. жалгерлік құқық кепілі;
2.2. авторлық құық кепілі;
2.3. жерге құқық кепілі.
Кепіл туралы келісімшартта мынандай мәселелер қарастырылады:
- келісімшарт жасасушы тараптар туралы мәліметтер;
- келісімшарт заты;
- кепіл берушінің құқықтары мен міндеттері;
- кепіл ұстаушының құқықтары мен міндеттері;
- талап ету құқықтары;
- кепілге қойған мүлікті қайта рәсімдеу, басқа мүлік есебінен;
- кепілге қойған мүліктің бұзылуына байланысты тәуекел жағдайлары мен кепіл
затын ауыстыру;
- тараптардың жауапкершіліктері;
- ерекше шарттар;
- дауларды шешу;
- басқа шарттар;[5,c.100]
- кепіл туралы келісімшарт жасасудың заңды мекен-жайы мен өзге де
мәліметтер.
4 кезең. Несие беру кезеңі
Бұл кезең ағымдық шот ашу, несиені беруді құжаттау тәртібін (қосымша
құжаттар толтырылуы мүмкін), несиені беру тәсілін анықтайтын несиелеуді
ұйымдастыру және техникалық шарттарын қамтиды.
Несиенің көлеміне байланысты әр түрлі берілу тәсілдері болады.
Біріншісі – несие клиенттің шотына толығымен аударылып, қажет болған
жағдайларда жұмсалынады. Екіншісі – несие алу құқығы қосымша қаражаттарға
деген қажеттіліктің туындауына байланысты біртіндеп іске асады. Үшінші –
белгілі бір соманы алуға клиенттің құқығы бола отырып, ол оны алудан бас
тартады (мысалы, артық сыйақы төлегісі келмейді).
Несиенің мөлшері оны беру барысында несиелеу ережелеріне сәйкес
анықталады.
5 кезең. Несиені қайтару және оған сыйақы төлеуіне бақылау жасау –
несиелік операцияның маңызды кезеңі
Несиелер бойынша қарызды қайтару тәсілі банк қаражаттарының пайдалану
ұзақтығына және олардың төлем айналымын құраудағы рөліне байланысты.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz