Сақ тайпалық одағы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Сақ тайпалық одағы.

Орындаған: Хамитова А.

Тексерген: Смайлова Г. Қ.

Алматы 2007

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Сақ тайпалық одағы.

Орындаған: Оспанова А.

Тексерген: Смайлова Г. Қ.

Алматы 2007

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. НЕгізгі бөлім

  1. Сақтардың саяси қоғамдық құрылымы.
  2. Шаруашылығы мен қолөнері.
  3. Мәдениеті және діні.
  4. Ахеологиялық ескерткіштері.

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.


І. Кіріспе.

Біздің заманнан бұрыңғы бірінші маң жылдықтың басында мал шаруашылығы мен егіншіліктің едәуір дәрежеде қарқында дамуы, кен өндірістің жолға қойылуы сол қоғамдағы өндіргіш күштің дамуын басып озды. Темірді пайдалануды үйрену, одан әр түрлі еңбек құралдарын жасауда өндіргіш күштердің даму қарқынын күшейте түсті. Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар санының өсуін, өндірістің даму деңгейі арасында теңсіздік пайда болды. Мал санының өсуі дәстүрлі шаруашылыққа айналды.

Адамдардың негізгі тұрмыс тірішілігі мен әл-ауқаты мал өнімдеріне байланысты болғандықтан жаңа өндірістік қатынастар қажет болды. Бұл жағдайдан шығудың сол кезде екі түрлі жолы бар еді. Біріншісі, егіс, көлемін бірнеше есе көбейту және мал басын одан әрі көбейте отырып, малдың қыстық шөбін көбірек дайындау. Екіншісі, малды қысы-жазы далада жаятын интенсивті көшпелі мал шаруашылығы еді.

Қола дәуірінің соңғы кезеңінде басталған көшпелі мал шаруашылығына ауысу ежелгі Қазақстан тайпаларының тарихи дамуының жаңа кезеңімен байланыстырады.

Ерте темір дәуірінде тайпалық одақтар қалыптасты. Қазақстанның оңтүстік-шығыс және ортамыз аудандарын сақ тайпаларын мекендеді.

  1. Сақтардың саяси құрылысы.

Біздің заманнан бұрыңғы VIII-IV ғасырларда өмір сүрген сақ тайпалары археологиялық материалдар мен қатар жазба деректер де кездесті. Бұл тайпалар ежелгі иран және грек жазбаларында, Авеста діни ктібында және тағы басқаларында, сақтар, азиялық скифтер немесе «жүйрік атты турлар» және т. б. деп аталды.

Зерттеуші ғалымдардың пікірінше сақ тайпалары үш топқа бөлінеді. Олар:

1. Теңіздің арғы жағындағы сақтар ( Тарадарландар ) .

2. Шошақ бөрікті сақтар ( таригрохаудалар ) .

3. Хаома сусынын дайындайтын сақтар ( хаомаваралар ) . Сырдария бойы мен Арыс теңізі маңын мекендеген сақ тайпалары тарихи деректерде массагеттер деп аталады. Сонымен бірге жазба деректерде оңтүстік, дохтар (дайлар), батыста савраматтар, орталықта исседондар, солтүстік-шығыста аримаспылар мекендегені туралы айтылды.

Сақ қоғамының сипаты-әскери демократиялық 3 негізгі топқа бөлінген, әр топтың өзіндік дәстүрлі түстері болған. Жауынгерлер-қызыл, абыздар-ақ, қауым мүшелері-сары және көк түс. Сақ тайпалар одағының биелушісі-патша болды.

  1. Шаруашылығы.

Сақ тайпалары көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Олар лаулары мен суы мол жерлерде егін шаруашылығы да дамыды. Тебіндеп жайылуға қабілеті болмағандықтан ірі қара аз өсірілді.

Сақтар мал шаруашылығымен қатар өзен және сулы аймақтарда суармалы егіншілікпен айналысты, ерекше суару жүйесі бар егістік аймақтар-Сырдарияның оңтүстік аңғарындағы Шырың-Рабат, Бәбіш олда қоныстары. Сақтар қарабидай, бидай өсірген.

Сақ тайпаларында металл өндіріп, оны өңдеуге байланысты кәсіпшілік пен қолөнер жоғары жәрежеде дамыды.

Сақ заманында доңғалақты көлік те жақсы дамыды. Оларда соғым күймелері екі, төрт және алты доңғалақты арбалар болды. Арба үстінде орнатылған көшпелі киіз үйлер де пайдаланылды. Сақ тайпаларында тұрмыстық үй заттарын жасау, еңбек құралдары, қыш ыдыстар және тағы басқалар да жақсы дамыды. Олар кеше түрлі өрнектермен, суреттермен безіндіріліп жасалды.

  1. Мәдениеті.

Сақтар мемлекетінің саяси құрылысы әскери демократияға негізделді. Бүкіл елді тайпа мүшелері сыйлаған тайпа көсемі-патша басқарады. Ол әрі бас қолбасшы болды, тайпа атынан келіссөз жүргізді, тайпа мен рулар арасындағы жойылымдық өмірге белсенді араласты. Тіпті олардың кейбірі мысалы, Томирис, Зарина және т. б. тайпа көсемі болып сайланды. Сақ қоғамының әлеуметтік құрылымында адамдардың әлеуметтік құрылымында адамдардың үш тобы ерекшеленді.

Сақтар заманының қоғамдық құрылыс жүйесін мынадай схема түрінде беруге болады. 1) шығын туыс отбасылар тобы- патрономия, 2) көшпелі қауым, 3) тайпалар, 4) тайпалар одағы.

Сақтардың материалдық мәдениеті қазіргі халықтардың мәдениетінен де көрініс тауып жүр. Қазіргі ұзын балақты шалбарлар, қысқа жеңді көйлектер, әшекейлі киімдер осы сақтардан қалған.

Сақтар Алтай, Сібір, Шығыс және Еуропа халықтарымен сауда байлансын жасады. Еуразия далаларында дәстүрлі халықаралық жәрменке өткізіліп тұрған.

Ұлы Жібек жолының жеке бөліктерінің бағыты.

Лазурит жолы-Памир Иран мен Месопотамия.

Нефрит жолы-Қашқария-Қытай.

Дала жолы- Хуанхэ өзені-Алтай, Қазақстан-Қара теңіз жағалауындағы дала.

Ал шығыс Қазақстан мен Жетісу аралығында ішкі сауда қалыптасқан.

Біздің заманнан бұрын VII ғасырда Сібір, Қазақстан, Еділ бойы және еуропаның оңтүстігінде скифтік -сібірлік, «аңдық стиль» деп аталған өнер пайда болды. Басты тақырыбы- аңдар мен аңыздағы қиял-ғажайып бейнелерді суреттеу.

Сақтардың ғарыш туралы түсінігі Есік қорымынан табылған патшаның бас киімінде бейнелеген Бұлар-күн, қанатты 4 ат және 4 алтын жебе суреті. Бұл құдайдың үш әлемге билік жүргізуінің ерекше белгісі болып саналған. Сақ патшасы күн бейнелі құдай дәрежесінде көрсетілген.

Сақ қоғамында діни нағымдар мен ғұрыптардың негізгі бағыты-ата-баба аруағына сыйыну. Арнайы рулық зираттарға мәйітпен қоса, оның дүние-мүлкін бірге жерлеген. Өлген адамның аруағына сыйынып, о дүниеде қайта тіріледі деп санаған. Мәйітті сақтау үшін бальзамдау мен мумияның әдісін қолдана білген.

От пен Күннің символы-мәйіттерге қызыл бояу, ал қабір басына от жағу.

Сақтардың біздің заманнан бұрын VII ғасыры «от харамдарын» археологтар Жетісудан тапты.

Отырықшы сақтар жерді киелі деп есептеп, оған табынған. Ал көшпелі сақтар күнге, отқа және соғыс құдайына табынды.

Сақ заманында анимизм, полемизм және магия секілді ең ежелгі діни ұғымдар сақталған.

Сақтарда зергерлік өнер жоғары дәрежеде жетілдірілді. әсіресе ағаштан ойып жасалған бейнелер мен сәнділік бұйымдарды алтынмен аптау ісі кең тарады. Зергерлік өнердің тамаша туындылары есік және Шырык-Рабат қоныстарынан табылды.

Шырык-Рабат қаласы- апасиактардың (су жағасын мекендеген сақтар) астанасы. Бұл жағасын орны Қызылорда қаласынан оңтүстік батысқа қарай 300 шақырым жерде. Қызылқұм шөлінде жатыр. Шырык-Рабат қаласындағы цитаделде.

  1. Ғибадатхана.
  2. Атақты адамдар жерленетін орын болған.

Қабірден біздің заманнан бұрын V-IV ғасырларға тән пышақтар, латын қаптырма, жебе ұштары табылған. Қаланың оңтүстік- шығысында орналасқан кесенеден халцедоннан жасалған гемма (мөр), алтын доғалар, алтын сырғалар табылды. Бұл заттар біздің заманнан бұрын IV-II ғасырларға жатады.

Сақ тайпаларының Шырык-Рабат, Бабыш молда, Баланды ескертіштері туралы грек ғылымы Страбон айтқан. Сақтар мәдениетінің өркендеуіне Иран ахеменидтерінің мәдениетті ықпал етті.

Антропологтар сақтарды еуропалық нәсілге жатқызады. Дегенмен, моңғолоидтық белгілер Солтүстік және Шығыс Қазақстандағы мекендеген сақтарда көбірек байқалған.

Сақтардың тілі.

Сақтар тілі-Шығыс ирандық.

Сақ кезеңі мәдениеттің көрнекті өкілі-біздің заманнан бұрыңғы VI ғасырда өмір сүрген ойшыл Анахарсис (Анарыс) .

Көшпелі мал шаруашлығына көшу дала мен шөлді аймақтағы тайпалардың өмірінде экономикалық ірі прогномикалық және мәдени дамудың ең жоғарғы сатысына көтерілді.

Біздің заманнан бұрын IV-III ғасырларда Қазақстан территориясындағы сақ тайпалық одақтары ыдырап, осы аймаққа келген басқа күшті тайпалардың құрамына енді.

Сақ тайпаларында металл өндіріп, оны өңдеуге байланысты кәсіпшілік пен қолөнер жоғары дәрежеде дамыды. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда, Іле аңғары, Ыстықкөл маңында қазандар мен құрбандық заттары жиі ұшырасады.

Қазан «жоғалған үлгі» әдісімен саз қалыптарға құйылып жасалды. Осындай үлгімен жасалған «Жетісу микробы» деп аталатын құрбандық жозысы Алматы түбінен табылады.

«Аңдық стиль» өнері дәсстүрмен сақтар алдындағы Азия мен Иранға жасалған жорықтары кезінде танысқан. Осы жерден алғаш рет «өмір ағашы» атнған арыстан бейнесі тараған. Бұл өнердің негізгі-ежелгі аңыздарға сақталған адамның әртүрлі жаунарлардан шыққандығы туралы түсінік.

Археологиялық ескерткіштері.

Бұл ескерткіштер Ақтөбе облысы, Орал өзенінің орта аңғарында шорланған. Орал өңірінде Цеманның ескерткіші зерттеліп, 100-ден астам обалар табылды. Ерекшелігі: мәйіттің басын батысқа қаратып, мәйіттерді екі деңгейге жерлеу. Салыну мерзімі біздің заманна бұрын VIIғ.

Бесоба қорымында абыз әйелдер жерленген. Олардың бастары оңтүстік-батысқа қарата қатар қойылған.

Батыс Қазақстан облысының шығысында Шыңғырлау ауданында Лебедевка қорымында бай әйелінің қабірі табылды.

Соңғы кезеңінің Атырау облысы Жылылай ауданынан табылған Аралтөбе қорымынан үш оба қазылған. Үшінші зираттан қолбасылық пен абыздықты қатар атқарған ер адам мен оның әйелінің қаңқасы табылды.

Адамның киімі алтынмен әшекейленген. Табылған заттардың ішіндегі ең маңыздысы гректер жасаған қола құмыра және қыш амфора.

Жалпы обалар әр түрлі заттарға өте бай, әсіресе алтын, күміс бұйымдар көп кездеседі. Ерлердің және әйелдердің қабірлеріне қару-жарақ міндетті түрде қойылған. Археологтар грек құдайы Дионистің бенйелері салынған ыдыстарды көп тапқан.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әскери демократия және Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік құрылымдар
Қазақ халқының тарихы
Қазақстан территориясындағы тайпалар одақтары ( салыстырмалы кесте )
Қазақ халқының қалыптасуының негізгі кезеңдері туралы
Сақтар (скифтер), массагеттер, дактар (даилар), исседондар, аримаспылар
Қазақ мемлекетінің эволюциясы
Арғы түркі - Түркі - Қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік құрылымы
Сақтардың қоғамдық құрылысы
Қазақ халқы және хандығы
Саясаттану ғылымы әлеуметтік - гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz